Коммерциялық банктер туралы ақпарат


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Казақстан Халқына жолдауында, 2013-шы жылдың, 29-шы қантар күнінде өзінің ойы бойынша, «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» халыққа ұсынды. Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Қазақстан 2013 жылды жаңа экономикалық жетістіктермен жаңарған саяси құрылымдармен қарсы алды. Өткен жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8, 5 пайызды құрайды. Жалпы алдағы ел экнономикасы 2001 жылдан бастап орта есеппне жылына 10 пайыз өсіп отырады. Бұл өте үлкен де жедел көрсеткіш болып табылады. Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарылқтай резерві қалыптастырылып, ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде шамамен 40 млрд. Ақш долларына жетті. Осындай елеулі жинақтаушыларымыздың болу еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге өзекті рөл атқарады. Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамтамасыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтамасызданып отыр. Бұл корсеткіш осыдан 5 жылғыға қарағанда 2 есе артық.

Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.

Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.

Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, элемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.

Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т. б. жүргізеді.

Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын

жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.

Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және бақылау жүйелері өзгеруде. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.

Жалпы қазіргі кезеңдегі қазақстандық банктік тәжірибеде орын алған өтімділік дағдарысы, өз кезегінде коммерциялық банктердегі есепті ұйымдастыру ерекшеліктерінің тиімсіздігін, соның ішінде өтімділікті қамтамасыз ететін активтер мен пассивтерді басқаруға қатысты теория мен тәжірибедегі әлсіз тұстарынының болуын нақты дәлелдейді.

Коммерциялық банктің есепті ұйымдастыру ерекшеліктеріне бағытталған ғылыми жұмыстарға жасалған талдаудан, банктің өтімділігі мен табыстарын қамтамасыз етуде ең бастысы банк балансының құрылымын үйлесімді немесе теңгерімді басқаруға қатысты орын алған мәселелердің болуы зерттеу тақырыбының өзектілігін сипаттайды. Өкінішке орай, коммерциялық банктің есепті ұйымдастырудың теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеулер белгілі ғалым-экономистердің еңбектерінде әр жақты көрініс тапқан. Сондықтан да, коммерциялық банктің есепті ұйымдастыру мен банктің активі және пассивін басқарудың теориялық және тұрғыдан жеткіліксіз мазмұны мен оның аз зерттелген әдістемелері, сондай-ақ оларды тиімді басқару тәжірибесіндегі орын алатын өзекті мәселелер бұл диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп, барлық тақырыпшаларға жеке - жеке тоқталып, ашатындай етіп, кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары - біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі.

Дипломдық жұмыстың басты мақсаты: ҚР-сының коммерциялық банктің функцияларын және операциларының дамуын талдап мәселесін ашу. Осы мақсатын ашу үшін мына міндеттемелерді орындау керек:

  • Коммерциялық банктің мәнін ашу;
  • Коммерциялық банктердің фукнцияларын талдау;
  • Банктің активті және пассивті операцияларын қарастыру;
  • Банктің фукнцияларынның және операцияларының дамуын талдау;
  • Коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарасытыру.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы

1. 1. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.

«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған сондықтан «коммерциялық банк» деген атауға ие болды. Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономикалық өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан, да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсету олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200 - ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездей-соқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.

Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялықбанктер қаржы делдары ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскелік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмай қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.

Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру. Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақша жасауы мен жоюында б. т. Бұл жерде ақша деп тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Коммерциялық банктер өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақаш қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.

Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, . кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес. Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс табады.
Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді (мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда) . Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады. Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтің қажеттілігіне (Үкіметтің укімі бойынша) беріліп, кейіннен
олар банктерге және олардың акционерлеріңе пайда әкелмек түгіл, уақытында қайтарылмай қалды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр. түрлі депозиттерді ұсыңады, бұл, бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін канағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын қаржылық қызметтердің формасы ретінде, ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру. Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп, тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс-тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.
Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды роль атқарады. Өздерінің депозитгік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және Коммерциялық банктер 279
несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.
Банктер өз қызметінде ақшаның бір бөлігін жоятыны да рас. Бұл біріншіден, клиенттің банктегі шоттан нақты ақша алған уақытында және екіншіден, несиені қарыз алушының шотының есебінен қайтару барысында мүмкін болады.
1985 жылы АҚШ-та 15 мыңнан астам коммерциялық банктер қызмет еткен. Олардың 5 мыңға жуығы ұлттық, яғни федералдық үкіметтен чартер (рұқсат) алған банктер, 10 мыңнан астамы штаттардың банктері (штаттардың үкіметінен чартер алғандар) . Ұлттық банктер мен штаттық банктерінің қызмет етуі банк жүйесінің қосарлы бағыныштылығың жасайды.
ФРЖ-ге қабылдауға өтініш жасайтын және оған мүше болуға жіберілген коммерциялық банк ФРЖ-нің мүше-банкі болып табылады. Заң бойынша барлық Ұлттық банктер ФРЖ-ге кіруге тиіс. Штат банктері өздерінің қалаулары бойынша және ФРЖ-нің мүше-банктерге қоятын талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана жүйеге кіре алады. Қазір штат банктердің 10%-ға жуығы ФРЖ-ге мүше-банктер болып саналады. ФРЖ-ге мүше-банктер жалпы коммерциялық банктер қатарының 40%-ын құрайды. Депозиттік мекемелерді реттеу және ақша айналысына бақылау, банктерді ФРЖ-нің банктік резервтерге қойылатын талаптарына бағындырды. Бүл ФРЖ-ге мүше-банктер мен мүше емес банктердің арасындағы басты айырмашылығын қалыпқа келтіреді. АҚШ-тағы ең көп тараған банктер типі -филиалсыз банктер. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ-та банктердің бөлімшелерін ашу кеңірек қанат жайып, олар штаттар шегінде, сондай-ақ одан тысқары және шетелдерде ашылған болатын. Көптеген ірі банктер банктік холдинг компаниялардың бір бөлігі болып табылады. Банк ісінің бұл ұйымдастыру формасы, тек қана банкі бөлімшелерінің ашылуына жол беріп қоймай, сондай-ақ жаңа қызмет аумағына енуді жеңілдетті. АҚШ-та холдинг-компаниялар 6 мыңға жуық, олар 8, 6 мың банктерді және 35, 6 мың олардың бөлімшелерін бақылайды. Банктердің бірігу процесін үкімет тарапынан реттеу, сондай-ақ банктік хопдинг-компаниялардың қызметін реттеу банк аумағында бәсекелестік жағдайды қолдап отыру мақсатын кездейді. Соңғы кездері бұл аумақтағы бәсекенің артуына чартер берудің қатаң саясатын жүргізу, банктердің бөлімшелерінің ашылуын кеңінен қолдау, электрондық терминалдардың пайда болуы және АҚШ-та халықаралық банктік операциялардың таралуы септігін тигізді. Сонымен қатар бәсеке, басқа да қаржы институттардың тез арада өсуіне байланысты күшейді (мысалға жинақ коммерциялық банктерге тән көптеген қызмет көрсететін мекемелер және ақша нарығының өзара қорлары.

Активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.

Қазақстан Респупликасының активтік банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:

  • Несиелік операциялар;
  • Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;
  • Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг) ;
  • Кассалық операциялар
  • Делдалдық-комиссиондық операциялар.

Банктің активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды.

Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетiн ссудалық капитал қозғалысы. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылығы бар. Несие - банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бiр формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.

http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/13/12547/12547_html_m19facd6b.gif

2-сурет - ЕДБ-дің меншікті капиталы мен активтер серпіні, млрд теңге

Қарыз берушi - қарызды беретiн несиелiк қатынастардың бiр жағы. Қарыз берушi - бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.

Қарыз алушы - бұл несиенi алушы және оны қайтаруға мiндеттi, несиелiк қатынастардың екiншi жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлi.

Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объектi де жатады. Беру объектiсi - бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құн.

Несие түрi - бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi қызметтерiнiң, яғни әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық сақталатын көрiнiсiн бiлдiредi. Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және ақшалай . Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн нсеиенi - коммерциялық , ал ақша түрiндегi несиенi банктiк деп атйды.

Банктiк несие - бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берiлетiн несиенi бiлдiредi. Банктiк несие - бұл экономикадағы кеңiнен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк несие бойынша несиелiк қатынастардың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк және арнайы қаржы мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде: кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты - пайыз түрiнде табыс алу.

1. 2. Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы

Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.

Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін - Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.

Банк филиалы - бұл бас банктің берген құқықтары шегіде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.

Банк өкілдігі - депозит тартудан басқа бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.

Еншілес банк - жарғылық қордың 50% - нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.

Қазақстан бұрынғы КСРО - ның монополиялық банктік жүйесін қабылдады. Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк, Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық аумағында өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық банктер де сондай өз филиалдарын құрды (мысалыға, Казкоммерцбанк, Центркредитбанк, Темірбанк және т. б. )

Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің артықшылығы - олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары
Коммерциялық банктің пассивті операциялары
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздарменен операциялары
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің дамуы мен проблемалары
Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру мен дамытудың теориялық аспектілері
Коммерциялық банктердің депозиттік ресурстары
Немесе клиенттің несиелік
Банк жүйесінің ұсынатын қызмет түрлерінің жағдайына және дамуына талдау жасай отырып, коммерциялық банктердің қаржы-несие саласындағы алар орны мен тиімділігі, негізгі бағыттары
Несиелік тәуекелді бағалау әдістері
«Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін бағалау және төмендету жолдары»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz