Ұлытау. Жезқазған. Қараганды облысы. Балқаш көлі және қаласы


Ұлытау
Ұлытау - қазақ халқының тарихи орталығы. Далалық өркениет көне мәдениетінің нақ кіндігі. Ұлытау ауданының аумаы 122, 9 мың шаршы км. Халық саны - 15, 5 мың адам.
Аудан жерінің 7, 6 мың гектарын орман алқаптары алып жатыр. Ұлытау тауларының биктігі 1181 м. Сонымен қоса ауданда балық шаруашылығының су қоймалары бар: Кеңгір суқоймасы (3500 га), Жезді суқоймасы (1750 га), Кинембай су қоймасы (500 га), Жаңғылдыөзек су қоймасы (60 га) және т. б.
Ұлытау ауданы Шығыс пен Еуразия халықтарының тарихымен, мәдениетімен және географиясының орналасу болмысымен танысқылары келетін шетелдік туристер үшін Меккеге айналды деуге болады.
Ұлытауда палеолит пен неолит дәуірлеріне жататын ескерткіштер табылған. Қаракеңгір өзенінің жағасында палеолит дәуірінің Қазақстандағы ең ірі шеберханасы табылған. Ұлытауда Жошы хан мен түркі тілдес тайпалардың негізін қалаушылардың бірі Алаша ханға кесенелер көтерілген. Есімдері Алтай, Орал, Қырым, Солтүстік Кавказ және Өзбекстанның халық ауыз шығармашылығында мәңгілік сақталған Алтын Орданың ханы Тоқтамыс, Ордалық ұлы қолбасшы, әмір Едігеде осында жер қойнауына берілген. Алтыншоқы тауында 1391 жылы Ақсақ Темір тас тақтаға болғаны турасында жазба қалдырған.
Ұлытау арқылы Орта Азиядан Сібірге Ұлы Жібек Жолының Сарыарқадағы ең ірі тармағы «Сарысу» немесе мыс жолы өткен.
Ұлытауды «Таулар, көлдер, бұлақтардың аймағы» деп атайды. Ұлытаудағы бұлақ суының емдік қасиеті татар-моңғолдардың «астанасы» Қарақорымға бет алған орыс және еуропалық емшілерге де мәлім болған.
Жезқазған - 1761 шаршы метрде орналасқан, халқының саны 95, 7 мың адам, өнеркәсіп инфрақұрылымдарына, көптеген мәдени-білім беретін ошақтарға және спорт мекемелеріне өте бай Орталық Қазақстандағы қала.
Жезқазған аймағының аумағында 1500-ден астам тарихи және мәдени ескерткіштер белгілі болған. Әсіресе Сарысу, Сары-Кеңгір, Қара-Кеңгір өзендерінің жағалауында көп кездеседі. Біріңғай тарихи-мәдени кешенге
Жезқазған қалалық тарихи-архелогиялық мұрайжайы, кен және балқыту ісінің тарихи мұражайы, Қазақстан Ғылым академиясының алғашқы президенті Жезқазғанның кен байлығын ашқан Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың мемориалдық мұражай үйі кіреді. Ұлы ғалым металлург, кенші және геолог академик қазақ Қ. И. Сәтпаевты Жезқазған кен металлургия комбинатының кіндік әкесі деп айтуға болады, өйткені ол Жезқазғанда университеттің ашылуын армандаған еді. Оның ұшқыр арманы жүзеге асты.
О. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Жезқазған музыка және медициналық колледжі жаңа дамыған технологияларды меңгерген жоғары білікті мамандарды даярлайды. Жезқазғанда «Қазақмыс» корпорациясының қаражатына православиялық Әулие Андреев шіркеуі салынды және де жаңа мұсылман мешіті салынуда. Металлургтер қаласында С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драм театрының, «Қазақмыс» корпорациясының жас көрермендер театрының қойылымдары кеңінен танымал. Жасөспірімдер театрының бас режиссеры Анатолий Крючков таяуда «Лесная песня» мюзиклын қойды, оның премьерасы отандық және шетел теарт сыншыларының арасында жоғары бағаға ие болды.
Қараганды облысы
Қарағанды облысы Еуразияның дәл орталығында орналасқан және 428 мың шаршы километрді алып жатыр. Ол 1932 жылғы наурызда құрылған. Оны Сары-Арқа деп атайды, себебі көктемде дала алтын сары түске оранады.
Қарағандыда 100-ден астам ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр.
Сары-Арқа төсінде арқарлар, жайран киіктер, ақбөкендер, қыран бүркіт, сұңқарлар, қасқырлар мен түлкілер тәрізді ғажап аң-құстар өмір сүреді.
Облыста 200-ден астам ірілі-уақты өзендер, олардың ең ірісі Сарысу мен Нұра болып табылады.
Өзен мен көлдерде, шортан, алабұға, сазан, көксерке, тыран және т. б. балықтар ойнақтап жүреді. Балқаш көлінің өзінде балықтың 20 түрі бар болса, оның алтауы Қазақстандағы тек үлкен көлдерге ғана тән - Іле және Балқаш көкбас балығы, Балқаш алабұғасы, ала және біртүсті салпы ерін балық пен сида балық мекен етеді.
Орталық Азиядан Ұлытауды басып өтетін Ұлы Жібек жолының бөлігін «Сарысулық» немесе «мыс» жолы деп атаған. Оның белгісі ретінде сақталып қалған керуен-сарайларын, қоршаумен бекітілген қоныстар, феодалдық қамалдар мен қарауыл мұнараларын әлі кездестіреміз. Осы керуен жолының басып өтуіне байланысты өркениет, қолөнер және сауда етек жайды. Ғалым археологтардың қазбалары осыны дәлелдеп келеді.
Облысымыз ХХ ғасырдың 30-40-шы жылдары Сталин репрессиясына ұшыраған халықтардың жер аударылған орны болды. Қиыр Шығыстан кәріс этносы жер аударса, Повольжьядан немістер, батыстан украиндар мен беларустар, поляктар, литвалықтар, шешендер, ингуштар елдерінен қуылып келген. Осында өкінішке орай, әйгілі Қарлаг орналасқан. Бұнда Сталиннің қолшоқпарлары жанқинарлық жұмыстарға салып, ғалымдарды, дін қызметкерлерін, жұмыскер шаруаларды, қазақтар мен Құдайға сенетіндерді «түзету» тезіне аяушылықсыз салып бақты.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Спасск елді мекенінде, герман, жапон, итальян және румындардың соғыс тұтқындарына арналған концлагер орналастырылды. Қазір Спасскіде сталиндік озбырлықтың құрбандарының Рухына арналған мемориал ашылды.
Қарағанды облысының географиялық орналасуының өзі оның Қазақстанның индустриалдық орталыққа айналуына мүмкіндік туғызып отыр. Қарағанды теміржол байланысы Балқаш пен Жезқазғанға, сол сияқты Ресей Федерациясының, Украина, Қырғызстан және Өзбекстан қалаларымен қатынасуына жағдай жасап отыр. «Сарыарқа» халықаралық әуежайы Ресейге, Германияға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірлігіне және басқа елдерге тікелей сапарды іске асырады. Қарағанды облысы арқылы Алматыны Қазақстанның астанасы - Астанамен жалғайтын автомобиль жолы өтеді. ҚХР, Германия, Қырғызстанға, Польшаға, ресей қалалары - Москва, Омбы, Новосибирск, Екатеринбург, Сочи және басқаларға халықаралық автобус маршруттары жүреді.
Мәдени демалысты, экскурсияны ұйымдастыру қызметі облыстың 70-тен астам туристік фирмаларын ұсынады. Қарқаралы ауданындағы «Шахтер», «Сосновый бор», «Тасбұлақ» демалыс үйлерінде, Балқаш көліндегі «Жартас», «Жосалы» санаторилерінде, «Тұлпар» спорт кешенінде кез-келген қонақтың мүмкіндігіне шамаланған демалу, емделу ұсынылады. Облыста 3 тау шаңғылық кешен бар: Қарқаралы тау орманды оазисінде, Теміртауда - Жауыртау тауының баурайында, Қарағандының Оңтүстік Шығысында - Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің спорт-сауықтыру кешенінің инфрақұрылымында.
Сарыарқа алыс және жақын шетелдердің туристеріне нағыз қазақстандық қонақжайлылық көрсетуге әрдайым дайын.
Балқаш көлі және қаласы
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz