Экономиканың инновациялық дамуы жайлы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ЭКОНОМИКАНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Инновация теориясының қалыптасуы және оның қазiргi кездегi концепциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Аймақтардың инновациялық әлеуеті: мәні, мазмұны және факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.3. Аймақтық инновациялық саясат: мәні, мақсаты және міндеттері ... ... ... .19

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ДИНАМИКАСЫ МЕН СТРАТЕГИЯЛАРЫН ТАЛДАУ (БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА) ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.1. Қазақстандағы инновациялық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің динамикасын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.2. Батыс Қазақстан облысы экономикалық дамуының ағымдағы жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.3. Батыс Қазақстан облысы аймақтық инновациялық дамуының басымдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50

3. ҚР АЙМАҚТАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕК ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
3.1 Аймақтардың инновациялық даму стратегиясындағы кластерлердің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76
Әлем дамуының негізгі басымдылығы қазіргі таңда ғылым және экономиканың тиімді ұштасуы мен жаңа технологияларды қажет ететін инновациялық даму болып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері көрсетілген [1]. Сын-қатерлердің алдын алуда балама жолдарды қолдану арқылы инновациялық технологияларды жаңғыртудың мәні зор.
Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр [2].
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы жетiстiктерге жетуi жер қойнауындағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де шикiзаттық негiзде дамып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп, индустриялды-инновациялық дамуға бет алған. Ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады. Елбасы атап өткендей, елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн бүгiнде инновациялық саясатты тиiмдi жүргiзiп, әлемдегi дамыған елдердiң қатарына қосылуымыз керек, реформалар жүргiзiп және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды. “Бiздiң елiмiздiң болашағы – оның интеллектуалдық қоры, ғылым және инновация жетiстiктерiнде”- деген болатын елбасымыз халыққа арналған “Қазақстан – 2050” Жолдауында [1].
Әлемдегi озық дамыған елдер тәжiрибесi тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көрсетті. Елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе қалыптасуда. Осы үрдісте Қазақстан аймақтарының инновациялық стратегияны тиімді жүзеге асыруы ұлттық экономиканың инновациялық дамуына үлкен серпін береді.
Сондықтан диплом жұмысы «Ұлттық экономиканың аймақтық-инновациялық даму стратегиясы» тақырыбында орындалды.
Бұл тақырып бойынша көптеген шетелдік танымал ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізген, олардың ішінде нновациялық теорияның негізін қалаушы атақты австриялық ғалым Й.Шумпетер, және Г.Менш, П.Друкер, Р.Фостер, Б.Санто, М.Портер, Б.Твисс, т.б.
1. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауы //Егемен Қазақстан, Астана 12 желтоқсан 2012 ж.
2. Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру бойынша ақпарат - www.mint.gov.kz
3. Касымбаев М.М. Проблемы ииновационного развития АПК Казахстана Автореферат на соискание ученой степени к.э.н. Алматы 2010
4. Қазақстан Республикасында Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын мониторингілеу бойынша есеп - www.mint.gov.kz
5. Вранчан Н.А. Региональная инновационная политика России // Российское предпринимательство. — 2011. — № 5 Вып. 1 (183). — c. 40-44. — http://www.creativeconomy.ru/articles/11674
6. Jean-Eric Aubert. PROMOTING INNOVATION IN DEVELOPING COUNTRIES: A CONCEPTUAL FRAMEWORK World Bank Policy Research Working Paper 3554, April 2005
7. Қазақстан Республикасының Индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015жылдарға арналған стратегиясы. ҚР Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы №1096 Жарлығымен бекітілген, Астана.
8. «Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан
9. Республикасының 2006 жылғы 23 нарыздағы Заңы.
10. «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 қаулысы.
11. «Мемлекеттің қатысуымен 2007-2009 жылдары қалыптастырылатын индустриялық аймақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1331 қаулысы.
12. Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013 2017 жылдарға арналған болжамы 2012 жылғы «11»қазандағы №191 облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген
13. 2011-2015 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы. Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 29-1 шешімімен бекітілген (енгізілген өзгерістермен)
14. Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы қаулысымен БЕКІТІЛГЕН
15. Батыс Қазақстан облысының 2006-2008 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Аймақтық бағдарламасы БҚО мәслихатының 2007 жылдың 5 шілдесінде № 40-9 шешімімен бекітілген
16. Қазақстан Республикасы Президентінің «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан 06.03.2009 жыл.
17. М.Б.Кенжеғазин, В.Ю. Додонов. С.А.Шебелев. Тұрақты экономикалық өсудің Қазақстандық үлгісін қалыптастыру және жүзеге асыру (тұжырымдамалық көзқарастар). –Алматы, ИЭ МОН РК, 2001._
18. Тургинбаева А.Н. Особенности регионального развития в Казахстане. Москва, материалы международ. Конф., 2012 г.
19. Тургинбаева А.Н. Проблемы и перспективы государственного регулирования инновационной деятельности в Казахстане. Алматы: «ИП Волкова», 2010.- 165 стр.
20. Скурихина Е. В. Инвестиционно-инновационный потенциал региона: сущность, содержание, факторы состояния и развития [Текст] / Е. В. Скурихина // Молодой ученый. — 2012. — №3. — С. 192-195.
21. Жиц Г.И. Способности и возможности: рассуждения о некоторых аспектах методологии оценки влияния инновационного потенциала на развитие социально-экономических систем различного уровня сложности // Инновации. 2008. №11.
22. Исабек б. т. Инновациялық дамуды аймақтық тұрғыдан зерттеу http://www.g-global.kz
23. Индустриалды-инновациялық саясат – экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің құралы http://www.g-global.kz
24. Болысбек А.Қ.Садықова П.А. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – инновациялық технологияларды іске қосуда экономикалық қайта жаңғырудың басты парадигмасы http://www.g-global.kz
25. Баудиярова Э.Н., Бахтиярова А.Ж. Индустриялды-инновациялық саясат http://www.g-global.kz

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ЭКОНОМИКАНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Инновация теориясының қалыптасуы және оның қазiргi кездегi концепциялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Аймақтардың инновациялық әлеуеті: мәні, мазмұны және факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3. Аймақтық инновациялық саясат: мәні, мақсаты және міндеттері ... ... ... .19

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ДИНАМИКАСЫ МЕН СТРАТЕГИЯЛАРЫН ТАЛДАУ (БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА) ... ... ... ... ... ... . ... ...28
2.1. Қазақстандағы инновациялық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің динамикасын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.2. Батыс Қазақстан облысы экономикалық дамуының ағымдағы жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.3. Батыс Қазақстан облысы аймақтық инновациялық дамуының басымдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50

3. ҚР АЙМАҚТАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ өзекті МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕК ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... .62
3.1 Аймақтардың инновациялық даму стратегиясындағы кластерлердің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76

КIРIСПЕ

Әлем дамуының негізгі басымдылығы қазіргі таңда ғылым және экономиканың тиімді ұштасуы мен жаңа технологияларды қажет ететін инновациялық даму болып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері көрсетілген [1]. Сын-қатерлердің алдын алуда балама жолдарды қолдану арқылы инновациялық технологияларды жаңғыртудың мәні зор.
Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Елбасымыз атап көрсеткенiндей "мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек" деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр [2].
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы жетiстiктерге жетуi жер қойнауындағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де шикiзаттық негiзде дамып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп, индустриялды-инновациялық дамуға бет алған. Ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады. Елбасы атап өткендей, елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн бүгiнде инновациялық саясатты тиiмдi жүргiзiп, әлемдегi дамыған елдердiң қатарына қосылуымыз керек, реформалар жүргiзiп және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды. "Бiздiң елiмiздiң болашағы - оның интеллектуалдық қоры, ғылым және инновация жетiстiктерiнде"- деген болатын елбасымыз халыққа арналған "Қазақстан - 2050" Жолдауында [1].
Әлемдегi озық дамыған елдер тәжiрибесi тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көрсетті. Елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе қалыптасуда. Осы үрдісте Қазақстан аймақтарының инновациялық стратегияны тиімді жүзеге асыруы ұлттық экономиканың инновациялық дамуына үлкен серпін береді.
Сондықтан диплом жұмысы Ұлттық экономиканың аймақтық-инновациялық даму стратегиясы тақырыбында орындалды.
Бұл тақырып бойынша көптеген шетелдік танымал ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізген, олардың ішінде нновациялық теорияның негізін қалаушы атақты австриялық ғалым Й.Шумпетер, және Г.Менш, П.Друкер, Р.Фостер, Б.Санто, М.Портер, Б.Твисс, т.б.
Сондай ақ Ресейлік экономистердің де инновациялық даму мәселелерін зерттеуге қосқан үлестері көп, оларды атап кетсек: Н.Кондратьев, П.Завлин, С.Глазьев, В.Иванченко, Е.Киселева, В.Логинов, И.Рудакова, К.Таксир, Ю.Яковец, Е.Иванова, И.Егоров, И.Булкин, А.Фонотов және т.б.
Отандық ғалымдар да бұл мәселені зерттеуге белсене қатысып жүр, олар А.А.Алимбаева, А.Т.Ашимбаева, У.Б.Баймуратов, Ф.М.Днишев, Е.Б.Жатқанбаев, К.Е. Кубаев, А.К.Канатчинова, А.К.Қошанов, М.Б.Кенжегузин, К.А.Сагадиев, С.К. Джумамбаев, С.Т. Купешова, А.Н. Тургинбаева және т.б. Диплом жұмысы осы зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне негізделген, дегенмен де, аймақтардың инновациялық дамуы, инновациялық саясаты, инновациялық әлеуеті енді қолға алынып жүрген, терең зерделеуді қажет ететін, өзекті тақырыптардың бірі. Сондықтан біз диплом жұмысында ұлттық экономиканың аймақтық-инновациялық дамуын Батыс Қазақстан облысының мысалында қарастырдық.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Диплом жұмысының мақсаты - ұлттық экономиканың аймақтық-инновациялық дамуының теориялық негіздерін зерделей келе және шет ел тәжірбиесі мен Қазақстан Республикасының инновациялық көрсеткіштер динамикасы мен стратегияларын талдау негізінде оны жетілдіру жолдарын ұсыну.
Диплом жұмысының мақсатына сәйкес мынадай негізгі міндеттер айқындалды:
* инновациялық дамудың теориялық аспектілерін зерделеу;
* аймақтардың инновациялық әлеуеті түсінігінің мән - мазмұнын нақтылау;
* аймақтық инновациялық саясаттың экономикалық маңыздылығын негіздеу;
* Қазақстан Республикасының инновациялық көрсеткіштер динамикасы мен стратегияларын республикалық және аймақтық деңгейде талдау;
* ҚР аймақтардың инновациялық дамуындағы өзекті мәселелерін айқындап, олардың келешек даму бағыттарын белгілеу
Зерттеу объектісін Қазақстан Республикасының аймақтарының инновациялық даму тәжірибесі және мемлекет тарапынан қолдау шаралары жатады. Диплом жұмысы 3-бөлімнен, кіріспеден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысында: 16-кесте, 10-сурет бейнеленген. Барлығы 78 бет

1. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1. Инновация теориясының қалыптасуы және оның қазiргi кездегi концепциялары

Жалпы "Инновация" терминi XV ғ. 1-шi жартысында пайда бола бастады. Бұл ағылшын сөзi "innovation" яғни "жандану" немесе "заттар өндiрудегi жаңа технологиялар" деген мағынаны бiлдiредi.
Австрия ғалымы Й. Шумпетер XX ғ. 30-жылдары экономика ғылымына инновация ұғымын енгiздi. Оның түсiнiгiнше инновация тұтынушылар тауарларының жаңа түрлерiн қолдану , жаңа өнеркәсәптiк және рынок пен өнеркәсiптiң жаңа ұйымдарының пайда болуымен түсiндiредi. Шумпетер бойынша инновация - тек жаңашылдық емес, ол жаңа өндiрiстiк функция болып табылады.
Атақты экономист Джеймес Брайен Куинн инновацияллардың көптеген қасиеттерін біріктіріп, оларды бір жүйеге келтіпріп, келесідей етіп топтастырды :
:: Инновациялар тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған;
:: Олар ықтималдық қасиетке ие;
:: Аса күрделіліктерімен ерекшелінеді;
:: Көп уақыт керек етеді;
:: Күтпеген жерде өзгерістерге, қарсылықтарға, тәуекелге тап болады;
:: Әдетте идеяның фанаттары немесе нағыз ғалымдардың бастамасынан дамиды.
Қазіргі кезде инновациялық қызметті реттейтін дүниежүзілік ұйым бар. Ол ұйым Италияның Фраскати қаласында 1993 жылы құрылып, Инновациялық қызметті реттейтін Фраскати құжаттары атты құжат қабылданған. Қазіргі күні бүкіл мемлекеттер инновациялық қызмет саласын осы Фраскати құжаттары негізінде реттеп отырады. Осы құжат бойынша инновация дегеніміз - тәжірбие жүзінде немесе әлеуметтік салада пайдаланылатын жақсартылған немесе тіпті жаңа өнім мен техногия түріндегі инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.
Ағылшын-орыс сөздігі бойынша "инновация" бұл жаңалық енгізу, жаңашылдық, өзгеріс деген ағыныны білдіреді. Инновация терминіне түсінік қысқаша жалпы редакциясы В.А.Макоренконың "қазіргі кездегі түсініктер мен терминдер" сөздігінде: "инновация" (ағылшын "innovation" -жаңалық енгізу, "жаңалық", латын тілінде "innovation" - "жаңарту", "жаңғырту") бұл:
1. Техника мен технологияның алмастыруды қамтамасыз ету үшін экономикаға жұмсалынатын қаражат.
2. Ғылыми-техникалық прогрестің жетістігі болатын жаңа техника мен техноголия нәтижесі.
3. Дайын өнім, жаңа ойларды синтездеу, өндіру. Жаңа технологиялар, моделдер құру, оларды өмірге енгзуді қамтамасыз ететін саяси бағдарламалар, т.б.
4. Тіл білімінде - жаңа білімнің пайда болуы, морфологиядағы жаңа түсініктердің пайда болуы.
Қазақстан Республикасының Инновациялық қызметтер туралы заңына сәйкес инновация дегеніміз ғылыми техникалық зеріттеулер мен интеллектуалды еңбектің нәтижесінде пайда болған жаңа немесе жақсартылған өнім және жаңа немесе жақсартылған технология.
Егер жаңалықтың экономикалық және әлеуметтік құны болмаса, онда ол инновация емес, себебі инновация деп өндіріске енгізілген белгілі бір пайдалы әсерді қамтамасыз ететін инновациялық үрдістердің нәтижесін айтамыз. Қазіргі заманғы экономикалық әдебиеттерде инновациялық өнімнің міндетті түрде белгілі бір тиімділікке негізделуі дәлелденген. Инновациялық пайдалы эффекттің мынадай түрлері болады :
* экономикалық тиімділік, инновациялық өнім немесе технология міндетті түрде пайда немесе шығындарды үнемдеуге бағытталады;
* экологиялық тиімділік - инновациялық өнім экономикалық тиімділікке ие болмауы мүмкін, бірақ ол экологиялық оң тиімділікке ие ;
* ғылыми - техникалық тиімділік дегеніміз, өндіріске енгізілген инновациялық өнім немесе технология ешқандай ақшалай пайда әкелмеуі мүмкін, бірақ ол ғылым мен техникаға теориялық жаңалық әкеледі;
* әлеуметтік тиімділік - халықты әлеуметтік қорғау саласына арналған инновациялық өнімдер жасау.
Инновация категориясының экономикалық талдауда басты төрт аспектiсiн көрсетуге болады:
1. инновация - ол интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы бәсекелестiкке төтеп бередi;
2. инновация - бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады, бірақ басқа да инновацияларға жол ашады;
3. жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тигiзедi;
4. инновация - экономикалық өсу факторы ретiнде.
Осындағы төртiншi аспектi бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылады.
XX ғ. 50 жылдары американ ғалымы Роберт Солоу экономикалық өсудiң басты факторы ғылыми техникалық прогрес екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнецте қолдады. Оның пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн айтты.
Инноватика теориясының қалыптасуы - Й. Шумпетер теориясынан басталады. 1920 жылдары австриялық ғалым И.Шумпетер өзінің Экономикалық өсу теориясы еңбегінде экономикалық теория ғылымдырында алғаш рет инновация түсінігіне көңіл аударды. Оның айтуынша экономикалық тұрақтылықты жаңашыл кәсіпкерлер бұзады. Бұл кәсіпкерлер рынокқа жаңа өнім әкеліп, басқа кәсіпкерлерді бәсекеге шақырады. Әр кәсіпкер бәсекеден қалып қоймау үшін, өз тарапынан басқа да жаңа өнімдер ойлап табуға мәжбүр болады. Әр кәсіпорынның ішкі факторларын жаңадан біріктіру, яғни факторлар комбинациясы арқасында да жаңалық алуға болады деді.
И. Шумпетер жаңа комбинациялардың бес түрін көрсетті:
* жаңа өнімді қалыптастыру;
* жаңа технология пайдалану;
* өндіріс процессін ұйымдастырудың жаңа түрлерін пайдалану;
* сатудың жаңа рыноктарына шығу;
* ресурстардың жаңа түрлерін немесе жаңа қайнаркөзерін пайдалану.
Й. Шумпетер бойынша инновация - тек жаңалық енгізу емес, сонымен қатар өндірістегі жаңа қызмет болып табылады, кәсіпкерлік бұл кәсіп емес, ол тәуекел, бизнес арқылы инновация нарығына жылжу қабілеті. Кәсіпкерлік технологиялық дамумен, инновациямен және экономикалық өсуімен тығыз байланысты.
И. Шумпетер өз теориясын Н.Д.Кондратьев толқындарымен байланыстырды. И.Шумпетерден кейін инновациялар теориясын циклдер теориясымен байланыстыра отырып Г.Менш, К.Фримен т.б ғалымдар жалғастырды.
Ал американдық кеңес беруші "МакКинзи" компаниясының менеджері Р.Фостердiң технологиялық айырылымдар теориясы И.Шумпетер теориясынан ерекше болды. Р.Фостердің айтуынша кез келген технологияның S - сияқты белгілі бір өмірлік циклі болады. Әр кәсіпкер өз технологисының өмір циклін жақсы білуі керек, технология құлдырау фазасына жақындаған уақытта ол технологияны жаңартуға немесе ауыстыруға даяр болуы керек.

пайда Технологиялық айырылым

уақыт
1- сурет. Технологиялық айырылым

Дәл осы уақытта бір технология өзінің шегіне жеткенде келесі жаңа технология пайда болады да, бұл жаңа технология туғызады. Технологиялық айырылымның нәтижесінде жаңа өнім, жаңа үрдіс, яғни инновацияға алып келеді.
Р.Фостердің теориясында инновация - бұл "технологиялық айырылымның" жаңа технологияның пайда болуы, өндірістің және басқарудың жаңа әдісінің пайда болуының нәтижесі. Нақты өмірде өнім-инновация және үрдіс-инновация бір-бірімен байланысты үрдістер. Жаңа өнім, жаңа өндіріс әдістерін, сонымен қатар жаңа технологияларды талап етеді.
Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар техника - экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:
* экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;
* экономикалық дамуда бiлiм мен интелект басты рольде болуы керек;
* интелектуалдық қызметтi институционализациялау оның құрылымы мен негiзi болып табылады.
Инновация теориясы экономикалық өсу теориясында да қарастырылады. Көптеген ғалымдар мен кәсіпкерлердің пікірі бойынша экономикалық өсудің жетекші факторы: білім, интеллект, инновация болып табылады.
ХХ ғ. 50 жылдарында американдық ғалым Роберт Солоу экономикалық өсудің жетекші факторы ҒТП болатынына назар аударды. Ұзақ болжамдарды басқа да экономистер: Джон Кендрик, Эдвард Денисон берген. Экономикалық өсуде технологиялық прогрестің ерекше ролін Сайман Кузнец көрсетті. Оның ойынша, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұлттық өнімнің үнемі өсуі, технологиялық прогрестің арқасында жетеді. Кейіннен Э.Денисон экономикалық өсу факторларының сипаттамасын жасады. 23 фактордың: 4-і капиталға, 1-жер, қалған 14-і ҒТП-ң жемісі.
Инновация - ғылыми-техникалық зерттеу, өндіріс, маркетинг және менеджмент сияқты әртүрлі салаларда жүзеге асырады. Ғылыми әдебиетте инновациялар әртүрлі өлшемдер бойынша жіктелінеді. Нәтиженің бағыттылығына байланысты инновациялар жалпы үш түрге жіктеледі:
1. Инновация -өнім (өнімдік инновация), инновациялық қызмет нәтижесінде модернизацияланған немсе тіпті жаңа өнім рынокқа шығарылады, әрине ол өнім өндірушіге көп пацда әкеледі, өйткені оның жаңалығы көп (жаңа функциялары бар, ыңғайлы, экологиялық таза, имидж)
2. инновация - процесс (технологиялық инновация), шығарылатын өнім өзгермейді, бірақ бұрын белгілі өнім жаңа, ресурсты үнемдей алатын технологиямен жасалынады.
3. ұйымдастырушы - басқару саласындағы инновация, бұл инновациялар компанияның ұйымдық құрылымын өзгертуге немесе ұйымның жаңа түрлерін ойлап табуға жатады.
Өнім-инновациясы ең көп таралған және барлық кәсіпорындарда қолданылады. Біреулерде - бұл өнім ассортиментінің кеңею, ал басқалар үшін өнімнің тұтынушы сапасын көтеру ретінде көрсетіледі.
Технологиялық инновацияның мақсаты өнім сапасын жоғарылату үшін, өзіндік құнды төмендету және шығарылатын өнім ассортименті мен наменклатурасын кеңейту мақсатында жасалатын инновациялар болып табылады.
Ұйымдастырушылық инновациялар фирманың барлық деңгейлерінде қызметкерлер мен бөлімшелерді, жаңа бөлімдерді ұйымдастырумен сипатталады.
Атақты экономист П.Друкер инновацияларды идеялардың пайда болу көздеріне сәйкестіріп мынадай түрлерге жіктейді:
* күтпеген жағдай, күтпеген сәттілік, күтпеген сәтсіздік негізінде пайда болған инновациялар;
* өндіріс үрдістерін қажет етуге негізделген инновациялар;
* сана құрылымы мен нарықтық өзгерістердің нәтижесіндегі инновациялар;
* жаңа білімдерге негізделген инновациялар.
Ұзын толқын теориясында дискуссия ашқан Г.Менше инновацияларды келесі түрлерге бөледі:
* Адам өмірінде жаңа өндіріс саласы мен жаңа кәсіп түрін қалыптастыратын базалық инновациялар, мысалы автомобильдің, телефон және интернеттің пайда болуы.
* Саладағы бар технологияларды жетілдіру, модификациялау негізінде пайда болған инновациялар, мысалы түрлі түсті теледидардың шығуы.
* Псевдоинновациялар, олар базалық инновациялардың түрленуі негізінде пайда болған өнімдер, мысалы ең алғашқы ұялы телефон - базалық инновация болса, одан кейінгі тек функциялары түрлендірілген ұялы телефондар псевдоинновациялар болып табылады.
Инновация инновациялық үрдіс түсінігімен тығыз байланысты. Инновациялық идеяның пайда болғанынан бастап оның өндіріске енгізілгенге дейінгі кезеңі инновациялық үрдіс деп аталады. Инновациялық үрдісті келесідей буындардан тұратын құрылым ретінде қарастыруға болады: инновацияны өндіруші сала, инновацияны таратудың ұйымдастырушылық экономикалық механизмі, инновациялық өнімді тұтынушылар. Бұл үрдісті мемлекет реттейді және үйлестіреді (2-сурет).
Бүкіл инновациялық үрдіс барысында атқарылатын қызметтер инновациялық қызмет деп аталады. Инновациялық қызметтерді үш түрлі деңгейде орналасқан ұйымдар жүзеге асырылады:
1. мемлекеттік деңгейде, ол түрлі ғылыми зеріттеу институттары, технопарктік құрылымдар, ғылыми орталықтар
2. ірі кәсіпкерліктегі қомақты компаниялар
3. шағын инновациялық компаниялар.
Инновациялық кызметті атқарушы тұлғалар мыналар
1. инновацияны жасаушы және iске асырушы жеке және заңды тұлғалар;
2. технополистер, технологиялық парктер, технологиялық инкубаторлар, инновациялық қорлар, инновациялық орталықтар және инновациялық қызмет инфрақұрылымының өзге де ұйымдары;
3. инновациялық қызметтi реттеуге қатысатын мемлекеттiк органдар;
4. инновацияларды жасаушылар мен тұтынушылардың мүдделерiн бiлдiретiн және қорғайтын қоғамдық бiрлестiктер

Инновацияны өндіруші
сала
инновацияны таратудың ұйымдастырушылық экономика
лық механизмі
инновациялық өнімді тұтынушылар

кәсіпкерлер
іргелі зерттеулер

мемлекет
Коммерциялық емес ұйымдар
Қолданбалы зерттеулер

Үй шаруашылықтары
Тәжірибелік конструкторлық жұмыстар

Басбқару ұйымдары

2-сурет. Инновациялық үрдістің құрылымы 3

Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлерi жатады:
1) қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми бiлiмдердi енгiзу;
2) экономикалық айналымда iске асырылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процестi жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу, жобалау, iзденiс, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау мен оларға қызмет көрсету;
3) инновациялық тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу рыногын ұйымдастыру;
4) өндiрiстi технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жүзеге асыру;
5) жаңа технологиялық процестердi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткiзу;
6) бастапқы кезеңде инновациялық жоба өтемдiлiгiнiң нормативтiк мерзiмiне жеткенге дейiн жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) өндiру және (немесе) жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияны қолдану;
7) инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту;
8) инновациялық қызмет нәтижелерiн насихаттау және тарату;
9) игеру және iске асыру мақсатында интеллектуалдық меншiк объектiлерiне (оның iшiнде ашылмаған ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық ақпаратқа) құқықтарды қорғау, беру және иемдену;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялар жасауға бағытталған өзге де қызмет түрлерi жатады.
Бұл бөлімді қорытып айтсақ, инновациялық қызметтерді реттеу мәселесі өте өзекті, өйткені экономиканың бәрі адам өмірін жақсартуға арналған, ал адам өмірін тек экологиялық таза өнім жасаумен, өмір сүру ортасын түрлі техникамен жақсарту арқасында сапалы түрде жоғарылатуға болады. Инновациялар сонымен қатар мемлекеттің жалпы экономикалық дамуын жоғырылатады, өйткені жаңа технология арқасында, ғылым мен білім арқасында экономикалық мәселелерді шешудің жаңа жолдарын табуға болады.
Сонымен инновация дегеніміз интеллектуалды еңбек нәтижесі ретінде рынокқа тіпті жаңа немесе жаңартылған өнім және жаңа немесе жаңартылған технология түрінде шығарылатын жаңалықты айтамыз. Бірақ ол өнімнің тек жаңалық қасиетіне иелігі инновация болуына жеткіліксіз. Ол нағыз инновация деп аталуы үшін белгілі бір пайдалылық эффектісіне ие болу шарт. Мәселен ол жаңалықтар экономикалық, экологиялық, ғылыми техникалық немесе әлеуметтік тиімділіктер әкелуі тиіс. Ал инновациялар осындай тиімділіктер мен пайдалылықтар әкелуі үшін инновациялық қызметті дұрыс ұйымдастырып, реттеп отыру қажет.
Инновациялық үрдіс жүзеге асуы үшін инновациялық әлеуетті бағалау маңызды. Инновациялық әлеует дегеніміз тұтастай мемлекеттің немесе компанияның, жеке тұлғаның белгілі бір инновациялық қызметті жүзеге асыру мүмкіншілігінің деңгейі, яғни барлық ресурс түрлерінің, атап айтқанда материалды өндірістік, қаржылық, интеллектуалды, ғылыми техникалық, ақпараттық технологиялық, адами, басқа да ресурстардың жиынтығы. Инновациялық әлеует ұлттық байлыққа жатады. Сонымен қатар аймақтың (саланың) инновациялық әлеуеті түсінігі де қолданылады, яғни аймақтың (саланың) тиімді инновациялық қызметті жүзеге асыруға қабілеті және дайындығы. Қазіргі уақытта инновациялық әлеует экономикалық әлеуеттің жетекші факторы болып табылады. Бұл мәселелер жұмыстың келесі бөлімінде қарастырылады.

1.2 Аймақтардың инновациялық әлеуеті: мәні, мазмұны және факторлары

Аймақтардың инновациялық әлуетін талдау үшін Қазақстанда шаруашылық жүргізудің объективті шарттарымен, ресурстық-өндірістік әлеуетімен, мамандануымен және шешілетін мәселелер сипатымен ерекшеленетін аймақтарды төрт топқа бөлінуі негізінде, ҚР Экономика институтымен ұсынылған үлгіні алуға болады.
І топ - жоғарғы технологияны талап ететін, өндіріс үшін қолайлы экономикалық шарттары және жоғары ғылыми-техникалық әлуеті бар облыстар. Бұл аймақтар технико-технологиялық озып кетуінде басты сүйеніш болатын, яғни қоғамдық-экономикалық даму үшін жоғары бастапқы деңгейі бар Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары жатады.
ІІ топ - стратегиялық сипаттағы табиғи минералды ресурс қорлары бар және ғылыми-өндірістік әлеуеттің дамуында жоғарғы деңгейдегі облыстар. Бұл аймақтар тобында халық шаруашылығының салалық құрылымы рационалды емес, минералды шикізаттың қазу және өңдеу бойынша салалар абсолютті үстем, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары жатады.
ІІІ топ - еліміздегі сауда әлуетінде басты орын алатын индустриалды Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Көкшетау, Оңтүстік Қазақстан, Талдықорған, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары жатады.
IV топ - рационалды емес салалық құрылымды, экономикалық бейімсіз мүмкіншіліктері шектелген экстремалды технико-технологиялық шарттарымен сипатталатын облыстар және дағдарыс аудандары жатады.
Сонымен, аймақтардың ғылыми-техникалық дамуы үшін бастапқы шарттары әр түрлі, бірақ бұл жағдайлар қоғамдық-экономикалық даму стратегиясының таңдау жолдарын дифференциаланған ізденістермен шартталады.
Жоғарғы ғылыми-өндірістік әлуетті аймақтарға - Солтүстік және Орталық Қазақстан, орташа - Батыс және Шығыс Қазақстан және ең төмен - Оңтүстік Қазақстан аймақтары жатады. Сондықтан, Солтүстік және Орталық Қазақстан кәсіпорындарын инновациялық даму үлгісін өңдеу үшін полигон ретінде таңдау толық мүмкін. Бұл жерлерде индустриалды кешеннің басты салалары, қалыпты ғылыми-өндірістік потенциал, біліктілігі жоғары инженерлік-техникалық әлеует шоғырланған.
Жалпы, аймақтардың экономикалық дамуы және нарықтық трансформация үрдістері құрылымдық-инвестициялық үрдістер деформациясымен, сонымен қатар аймақтардың өзін-өзі қаржыландыру мүмкіншіліктер негізінде қалыптасады.
Жаңа енгізулерде және өндіріс қарқынында кластерге кіретін фирмалар сатып алушылар қажеттіліктеріне сәйкес және тезірек жауап беруге икемдірек келеді (3 сурет).
Ал кластер құрамындағы фирма мен сатып алушылардың ағымдағы қажеттіліктеріне келетін болсақ, онда олар сатып алушылардың қажеттіліктерін білетін және олармен тұрақты қарым-қатынаста болатын компаниялар шоғырынан, ұқсас салалардағы фирмалардан, ақпарат жинаудың мамандандырылған құрылымдар шоғырынан пайда алады. Бұл фирмалар тұтынушылық сұраныс тенденцияларын өздеріне бәсекелес фирмаларға қарағанда тезірек анықтайды. Мысалы, Силикон алқабында компьютерлік компаниялар тапсырыс берушілердің қажеттіліктері мен талғамын тез және тиімді анықтайды, олармен бұл қатынаста ешкім жарыса алмайды.
Кластерге қатысу жаңа технологияларға қол жеткізуге, жұмыс әдістеріне және тауарды жеткізуді жүргізу мүмкіншіліктеріне артықшылық береді. Кластерге кіретін фирмалар технология прогресі туралы, жаңа компонеттер мен жабдықтарға қол жеткізу туралы, маркетинг пен қызмет көрсетудің жаңа тұжырымдамалары туралы ақпараттарымен жабдықталады. Өйткені бұл міндеттер кластердің басқа мүшелерінің қатынасымен жеңілдетіледі. Бұған қарама-қарсы жағдай, жекелеген фирманың ақпаратқа жолы болмағандықтан, ол көбірек шығынданады және ол өзінің құрылымы шеңберінде жаңа ақпаратқа жету үшін қосымша қаражат шығарады. Инновацияның мүмкіндіктері үшін кластердің артықшылығы өте зор.Себебі ол нақты қажеттілікте тез жауап тауып алып қимылдауға мүмкіндік береді.
Өндірістік кәсіпорындар
Ғылыми
ұйымдар
Технологиялық
кластер
Инновациялық
инфрақұрылым
Жоғарғы және орта оқу орындары
Инновациялық
даму аймағы

Сурет 3- Аймақтағы технологиялық кластердің құрылу формасы (4)
Бірінші топ облыстарының ерекше рөлі елдің индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын іске асыруда ролі өте зор. Мұнда ең маңыздыларына жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өнімдер мен өндірістерді ұйымдастыруды жатқызуға болады. Бұл қағиданы көрсету үшін мысалдар келтірейік. Мысалы, Қарағанды облысы республиканың индустриалды дамыған аймағы. Университеттер, оқу, ғылыми-зерттеушілік және жобалық-конструкторлық ұйымдар қызмет етуде. Оның территориясында Сары-Шаған телекоммуникациясы және космос байланыс орталығы жұмысын жалғастыруда.Түрлі түсті және қара металдардың, көмірдің және т.б. пайдалы қазбалардың қорлары анықталды. Облыс мемлекетімізге көмірді өндіруден алдыңғы орында. Өзінің шешілуін талап ететін ғылыми-техникалық мәселелердің қатарына көмірді терең өндірудің технологиясын шығару және оны қолдану, жерде өте сирек кездесетін металдар мен сұйық жанармайдың өндірістік жолмен алынуы, шахтадан метанды алу және оны өндірісте қолдану жатады. Қарағанды көмірлерінің басқа көмірлерден айырмашылығы, оны көмірлік-химиялық цикл бойында қайта өндіру мүмкіншілігі. Әр түрлі бағалы химиялық өнімдерді алумен, аймақта көмірлі-химиялық саланы жүзеге асыруды қарастыруға болады.
Сақталған ғылыми-техникалық болашақ, өндірістік база және көмір саласының қажеттілігі жоспардың бірінші қатарына технологиялық парктің құрылуын, тау-кен өндірістік техниканы өндіретін және жөндейтін, тау-кен техникалық машина жасау саласында технологиялық парктің құрастырылуын жатқызуға болады. Ж.Әбішев атындағы химиялық-металлургия институтының ғалымдары өздерінің зерттеу нәтижелеріне негізінде өндіріс саласындағы өте қажетті болып табылатын арнайы кокс өндірісін кеңейтуге өздерінің үлкен септігін тигізді.
Қара металлургияда шығарылатын металл өнімдерінің қатарын кеңейту және сапасын жоғарылату, болаттың тоқтаусыз құйылуын қарастыруды үйрену, сорттық прокатты, арнайы болаттарды және мұнай трубаларын әр түрлі сортаментпен шығарылуы керек. Ферро-ерітінділі өндірісінің үлкен даму болашағы бар. Түрлі түсті металлургияда техникалық алдын-ала қарулануды және өндірістік үрдістердің, экспортталатын өнімнің қосымша құнын жоғарылату және Лондондағы металдар биржасында тіркелуі мақсатында дамыту мүмкіншіліктері қарастырлып отыр. Мыс катанкасы өндірісінің көлемін ұлғайту және эмаль-сым, үлкен диаметрлі мыс трубалардың өндірісін игеру, сонымен қатар Балқаш қаласындағы ААҚ Қазақмыс корпорациясындағы мыс зауытының қуатын игеру бүгінгі таңның мақсатына сай. Қолда бар ресурстар базасында резиналық және пластмасса бұйымдарын шығару және оларды экспортқа жеткізу үшін химиялық сала кәсіпорындарын қалпына келтіру мүмкіншілігі қарастырылуы қажет.
Павлодар облысының индустрия кешенінің құрылуының негізі болып минералды-шикізат ресурстарының, сонымен қатар қуатты қайта өңдеу комплексінің, мұнайдың, бокситтердің, хромиттердің және т.б. рудалардың бай қоры табылды.
Инновациялық аймақтардың өзекті міндеттеріне:
oo өнімнің сапасы мен бәсекеқабілеттілігін арттырылуы;
oo Ақсу ферроқорыту заводтында іске қосылған электрометаллургиялық комплексті қаоыптастыруы және дамуы;
oo аяқталған технологиялық циклдағы алюминий прокатын, шығаратын алюминий өндірісін кеңейту болып табылады.
Электр өнімдерін, дәрілік заттарын, қиын тұрмыстық техника және басқа жоғары технологиялық өнім өндірісі бойынша қуатты арттыру көзделеді.
Шығыс Қазақстан облысының миссиясы минералды ресурстарды терең қайта өңдеу, машина жасау және металл өңдеу өнімдерімен қамтамасыз ету арқылы елдің экспорттық әлеуетін әртараптандыру негізінде оң нәтежилерге қол жеткізу болып табылады. Облыс экономикасының негізі түсті металлургия болып табылатын ИСО - 9000 халықаралық стандартына сәйкес, цинктің, қорғасынның және мыстық концентраттарын, титанның губкасын, атомдық реакторлар үшін отынның, бериллийдің, необийдің, танталдың, сирек жерлік элементтердің экспорттық өнімдерін мүмкіншілігін арттыру болып табылады. Облыста орналасқан 10 ірі және орташа машина жасау кәсіпорындарында жоғары қосымша құн өнімінің үлесін арттыру мақсатында модернизациялау және техникалық қайта қаруландыру үрдістерін жүргізу қажет. Сонымен қатар экспорттық металдар гаммасын шығаратын ғылыми сиымды салаларды құру мәселелері қарастырылуы қажет.
Мұнайдың болжаулық қорлары бойынша бесінші орын алатын, хромит рудасының, тас тұздардың, кобальт, никельдің және т.б. ірі қорлары бар Батыс Қазақстанның республиканың индустриалды-инновациялық дамуында рөлі жоғары. Сондықтан ,басымдық негіздегі міндеттер төмендегідей:
- мұнай мен газды өндіру;
- комплекстік қайта өңдеудің жаңа технологияларын енгізу;
- мұнай-химия саласын дамыту;
- аймақтық индустриалды-инновациялық қызметті қалыптастыру және дамыту;
- инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жоғары дамыған
инфрақұрылымды құру;
oo көмір-сутегі шикізатын тасымалдау және өндірудің интенсивті артуымен байланысты қоршаған ортаны қорғау;
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып Батыс Қазақстан - бұл елдің болашағы үлкен экономикалық даму аймағы деп санауға әбден болады.
Аймақтардың нақты мүмкіндікшіліктерін есепке алып, ғылыми-техникалық мен экономикалық дауына негізгі көңілді бөлу керек.
Үлкен аймақтарда табиғи ресурстардың тең бөлінбеуі, кейбір аймақтардың әлеуетінің әлсіздігі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында белгілі бір мәселелер туғызады. Қорытындысында, республикалық және аймақтық билік, жаңа индустриялық саясатты қолдана отырып, аймақаралық шаруашылықты және ғылыми-техникалық байланыс пен құрылымдықтың қалыптасуы негізінде экономикалық элеуетті дамытуға үлкен мумкіншіліктер бар.
Пайда болған даму институттары, инвестициялық және инновациялық қорлар аймақтың әлеуетін әрі қарай толық пайдалануына және дамуына, қаржылық ресурстар көздерінің, отын-энергетикалық ресурстар экспортының табысынан, жоғары технологиялық өнім өндірісінен түскен табысқа біртіндеп орналасуына көмектеседі.
Қазіргі заманғы технологияның негізінде аймақтардың экономикасын қайта қалыптастыру, біріншіден, экономикалық дамудағы басымдық бағыттарды анықтайды, ал ол жоғарыда көрсетілген әлеуметтік-экономикалық жүйе территориясының сапа көрсеткіштерін дамытады. Талдау негізінде өндірістік инфрақұрылымды территориялық ұйымдастыру деңгейі экономиканың сыртқы нарыққа шығу үрдісінде бірінші топ облыстарына кері әсерін тигізетіні анықталды.
Аймақтардың өмір сүруін ұзартудың әлеуметтік мәселесіне назар аударсақ, бұнда қаланы құрайтын ең негізгі жалғыз субъекті - ол минералды-шикізат базасы немесе кешен болып табылады. Эксперттердің баға беруі бойынша, аймақтарда жұмыс істейтін кәсіпорындардың шикізат базасы 10-15 жылға жетеді. Дәл осындай жағдайда өмір сүруді ұзартатын ғалымдардың көмегі қажет.Сонда кәсіпорындардың шикізатты өндіріп қана қоймай терең, кешенді өндірісті қолдануды және ғылымды қажет ететін, техногенді шикізатпен жұмыс істейтін өндірістерді ұйымдастырыу қажет. Бұл мәселелер өте маңызды, олар әрбір аймақта, әрбір қаланы қалыптастыратын индустрияларда жүйелі түрде шешілуі керек.
Индустриалды-инновациялық қызмет территориялық басқаруға сай келеді. Шет елдерде инновациялық кіші фирмалардың саны 20 % айналысында. Индустриалды-инновациялық қызметтің кіші фирмалар арқылы таралуы тиімді болып табылып отыр. Олардың түрлері жеке фирманың спецификасына тән. Сондықтан, кіші бизнесті ынталандыру аймақтық саясаттың тетіктеріне жатады.
Нарықтың жоғары дамыған инфраструктурасын құру мақсатында салынатын ірі инвестициялар болмаса, онда көптеген облыстардың халықаралық нарыққа шығуы сәтті болмайды. Индустриалды-инновациялық қызмет негізінде ғана инвестицияны тарту мүмкіншіліктері қарастырылуы қажет,себебі моралді және техника-технологиялық ескірген құрал-жабдықтарды қайтадан өндіріп шығару тиімді емес. Ал индустриалды-инновациялық қызмет белгілі деңгейде оң нәтижеге жетуі үшін міндетті түрде капитал салымы болуы қажет. Сонымен қатар қазіргі өндірістік және әлеуметтік инфраструктураны толығымен ауыстыру қажет. Құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру негізінде кәсіпкерлерге қалыптасып,дамуы үшін экономикалық еркіндік берілуі қажет. Сөз жоқ, стратегияны іске асырғанда, әлеуметтік-экономикалық дамудың теңсіздігін және диспропорцияны минимумға түсіру мүмкіншілігі пайда болады. Сондықтан, әрбір аймақ өзінің ерекшеліктеріне байланысты жаңа ғылыми-техникалық стратегияны қалыптастыруы керек. Ал ол өз уақытында, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жүйенің жоғары дәрежеде орындалуы төмендегі іс-әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіншіліктерді береді:
аймақтың ғылыми-техникалық сферасының жағдайын анықтау;
индустриалды-инновациялық қызметтің басымдылықтарын анықтау;
аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму моделінің бір бөлігі ретінде ғылыми-техникалық сфераны құру;
Индустриалды-инновациялық қызметтің ресурстарын бағалау;
ғылыми- инновациялық сфераны реттеудің тетіктерін анықтау;
жүргізілген шаралардың әлеуметтік-экономикалық нәтижесін бағалау.
Қазақстанда білікті-эксперименталдық және ақпарат - аналитикалық құрылымдар, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары құрылымдық құрамы келесі түрде жіктеледі:
Қарағанды қаласы - 34, Оңтүстік Қазақстан облысы - 28, Павлодар облысы - 23, Ақтөбе облысы - 20 және т.с.с. Аймақтар шегінде ғылыми зерттеулер жағдайын талдаудың негізінде (1 кесте), зерттеулер жүргізудегі неғұрлым белсенді ғылыми ұйымдар мен кәсіпорындар Алматы қаласында орналасқан және ол жалпы жұмыс көлеміндегі үлес салмағы 35 % құрайды: Ал облыстар бойынша: Шығыс Қазақстанда - 33,1%; Маңғыстауда - 9,6%; Атырауда - 7,7%; Қарағандыда - 5,6% -дық көрсеткіштерін құрайды.Сонымен қатар, осы аймақтарды инновациялық дамыту және кластер құру үшін үлкен ғылыми-техникалық әлеуеттер бар.
Аймақтардың индустриалды-инновациялық қызметтің даму бағдарламасы екі қажетті блоктан құрылуы керек:
аймақтардың индустриалды-инновациялық қызметтін даму стратегиясы негізінде;
индустриалды-инновациялық жобалар тізімін құрау негізінде.
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық қызметтің дамуы стратегиялық негізге ие бола отырып, құрамдық бөлігі ретінде, әрбір облыс пен қалаға алдымен жергілікті ғылыми-техникалық әлуетті кең көлемде қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың аймақтық бағдарламасын құруы қажет. Аймақтар қуатты болса, Қазақстан экономикасы да қуатты болады.

Кесте 1 - Ғылыми зерттеулердің Қазақстан аймақтарындағы үлес салмағы

Облыстар
Зерттеулер мен жобаларға жиынтық шығындар, мың теңге
Аймақтардың үлес салмағы, %
ҚР ( барлығы)
8902509,9
100
Ақмола
183610,0
2,2
Алматы
128692,4
1,4
Атырау
690365,5
7,7
Шығыс Қазақстан
2943950,0
33,1
Батыс Қазақстан
9342,5
1,0
Қарағанды
504372,8
5,6
Маңғыстау
856564,2
9,6
Оңтүстік Қазақстан
44480,2
0,49
Астана қаласы
60530,7
0,67
Алматы қаласы
3141610,1
35,3
ҚР Статистика Агенттігінің деректері бойынша, Алматы 2003ж.

Мысал ретінде, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау бойынша, аймақтық индустриалды-инновациялық қызметтің стратегиясын Павлодар облысында 2002 жылы жаңа жоспарлау жүйесінің элементтерін жүзеге асыру бойынша жұмыстар басталды. Бірінші кезеңде Павлодар облысының 2002-2005 ж.ж. әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары құрастырылып, бекітілді. Екінші кезеңде, Импорт алмастырушы өндірістерді дамыту сызбасы құрастырылды. Үшіншіде - 2003-2010 жалдарға арналған Павлодар облысы әкімінің индустриалды стратегиясы құрылды.
Аймақтық стратегияның мақсаты қолда бар факторлар мен ресурстар әлеуетін тиімді қолдану жолымен аймақтың материалды өндіріс құрылымын жетілдіру болып табылады. Ол Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын жузеге асырушы мемлекеттік баскару органдарының шаралар кешенін мысал түрінде айтуға болады. Аймақтық стратегия белгілі бір дәрежеде индустриалық өндіріспен байланысты барлық бағдарламаларын ескереді. Жалпы аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін индустрианы жаңа, неғұрлым жоғары даму деңгейіне ауыстыру қажет. Оны келесі құрылымдық міндеттерді шешу жолымен жүзеге асыруға болады:
инвестицияларды ынталандыру негізінде индустриалық дамуды әртараптандыру;
мемлекеттік реттеуді ынталандыру және нарық инфрақұрылымын дамыту;
индустриалды-инновациялық қызметті ынталандыру, қазіргі заманғы технологияларды құрастыру және енгізу.
Индустриалды-инновациялық стратегия шегінде шешімдерді қабылдаудың маңызды принципі:
- мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестік қатынастар;
мемлекеттік шараларды құрастыру кезіндегі шаруашылық субъектілердің жоспарларын ескеру болып табылады.
Серіктестік қатынастар бизнес үшін өнімнің бәсекеқабілеттілігін және өндірістің әртараптандырылуын жоғарылату мақсатында белсенділігін ынталандыратын іс-әрекеттермен қамтамасыз ету арқылы шешіледіді.
Сонымен, өңірлердің аймақтық стратегиясы, өндірістік басымдықтар дамуы негізінде инвестициялық жобалар бизнес жоспарлар портфеліне жинақталған. Инвестициялық жобалар бизнес жоспарының портфелін құрастыру кезі индустриалды-инновациялық қызметтің ең күрделі бөлігі болып табылады. Өйткені оларды іске асыру үшін ресурстардағы қажеттіліктерді анықтап, әлеуметтік және экономикалық салаларын бағалау қажет. 2010 жылға кезеңге дейін 900 млн. АҚШ долларын құрайтын 39 инвестициялық жобаларының бизнес жоспарларын іске асыру көзделген.
Қорытындылай келе, Қазақстан аймақтарының ғылыми-технологиялық және инновациялық қызмет секторлары үлкен әлеуетке ие деуге болады. Әлемдік тәжірибеде сыннан өткен инновациялық даму тәсілдерін талдау негізінде аталған қолда бар әлеует елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына барынша тиімді жұмсалуы қажет. Осы ретте аймақтардың инновациялық саясаты маңызды және бұл мәселе жұмыстың келесі бөлімінде қарастырылады.

1.3 Аймақтық инновациялық саясат: мәні, мақсаты және міндеттері

Ұлттық экономиканың инновациялық дамуына аймақтар үлкен серпін беруі тиіс. Бүкіл әлемде аймақтар инновациялық қызметтің және тұтас елдің дамуындағы негізгі қозғалтқыш ретінде қарастырылады. Басқаша айтқанда, аймақтар қуатты болса, ұлттық экономика да қуатты болады
Шетелдерде аймақтық инновациялық саясатты көп жағдайда жаңа экономикалық география (new economic geography) деп атайды, яғни оның тұтас алғанда елдің инновациялық даму үрдісіндегі маңыздылығы көрінеді. Оның себептерін бірқатар факторлар құрайды:
- біріншіден, кез келген елдің экономикалық тұрақтылығы және тәуелсіздігі аймақтардың сыртқы және ішкі орта өзгерістеріне жедел бейімделу қабілеттілігіне тәуелді;
- екіншіден, ірі ауқымдағы стандартты өндіріс дәуірінің орынан қазіргі уақытта ғылым сыйымдылығы жоғары өнімдер дәуірі келуде, ол инновациялық технологияларды енгізу есебінен өнім және қызметтердің үздіксіз жаңартылуымен сипатталады. Бұл міндеттерді тұтас ел экономикасына қарағанда жекелеген аймақтар неғұрлым тиімдірек шеше алады;
- үшіншіден, жекелеген субъектілер деңгейіндегі инновациялық қызметтің шегінде инновациялардың коммерциализациялану ықттималдылығы жоғары [5].
Аймақтық инновациялық саясат аймақтың ғылыми-инновациялық қызметінің бекітілген мақсаттары және даму басымдықтарының, оларға қол жеткізу құралдары мен жолдарының жиынтығы болып табылады.
Аймақтық инновациялық саясаттың қалыптасуы, зерттеушілердің пікірінше, жаңашылдықтар үшін қолайлы орта жасау теориясына негізделеді. Оның орталық мәселесі аймақтың өндірістік құрылымының серпінді тиімділігі болса, негізгі құралы - жергілікті деңгейде инновациялар мен технологиялардың таралуы (технологиялардың трансфері).
Аймақтық инновациялық саясаттың мәні аймақтың бәселекелестік артықшыларын қолдану негізінде, ең алдымен оның инвестициялық және инновациялық әлеуетін арттыру арқылы аймақтың инновациялық-ұдайы өндірістік даму механизмдерін қамтамасыз етуден көрінеді.
Аймақтық инновациялық саясат тұтас ұлттық экономиканың және оның құрамдас бөлігі ретінде аймақ экономикасының ғылыми-инновациялық қызмет саласын дамытуға, аймақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін оның инновациялық әлеуетін тиімді қолдану есебінен арттыруға бағытталады.
Қазақстан Республикасында аймақтардың инновациялық саясаты ҚР индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы, Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 нарыздағы Заңы, Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы және ҚР Президент жарлығымен бекітілген үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. 2007 жылы мемлекеттің қатысуымен 2007-2009 жылдары қалыптастырылатын индустриялық аймақтардың тізбесін бекітілді. Инновациялық саясатты реттеуші нормативті құжаттар ҚР өңірлерінің ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы қызметінің заңды түрде күшеюіне жағдайларды қалыптастырды.
Аймақтық инновациялық саясат мақсаттарының жүйесі мен құрылымы мынадай қағидаларға негізделуі қажет:
- аймақтық мақсаттар мемлекеттің индустриалды-инновациялық даму тұжырымдамасына сәйкес болуы және мемлекеттің стратегиялық жоспарларына қайшы келмеуі қажет;
- аймақтық мақсаттарды қалыптастыруда аймақ ерекшеліктері және қажеттіліктері ескерілуі қажет;
- мақсаттар құрылымын және тұтас алғанда мақсатты бағдарламаларды жасау заманауи әдіснама деңгейінде тәуелсіз сарапшылар мен сараптамалық бағалу жүйесін кеңінен қолдану арқылы жүзеге асырылуы қажет;
- халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық;
- мемлекеттік ғылыми-техникалық даму бағдарламалары;
- аймақтың өзіндік ғылыми-техникалық әлеуетінің даму саясаты.
Аймақтық инновациялық саясат мемлекеттің инновациялық саясатының тармағы ретінде аймақтың инновациялық даму үлгісінде басқарушылық буын қызметін атқарады, яғни аймақтық инновациялық саланың модернизациялану бағыттары мен сипатын анықтайды.
Аймақтық инновациялық стратегиясын жүзеге асырудың нәтижелері ресурс үнемдеудіңсапалық жаңа деңгейі, еңбек өнімділігінің артуы, өнімнің материал сыйымдылығының, капитал сыйымдылығының, энергия сыйымдылығының төмендеуі, өнімнің жоғары бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу және осы арқылы территориялық шаруашылық құрылымның өңдеуші сала сипатын арттыру болып табылады.
Аймақтық деңгейде инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау келесідей нысандарда жүргізіледі:
* ҒЗТКЖ бюджеттік және бюджеттен тыс қаржы ресурстарын әртүрлі ғылыми зерттеушілік және жасалынымдар арасында бекітілген ғылыми басымдықтарға сәйкес бөлу арқылы тікелей мемлекеттік ынталандыру;
* Экономиканың мемлекеттік және жеке секторларында ғылымды және оның жетістіктерінің игерілуін салықтық, амортизациялық, патент, кеден саясаты, сондай-ақ шағын инновациялық кәсіпорындарды қолдау арқылы жанама ынталандыру;
* Инновациялық үрдіс субъектілеріне әртүрлі жеңілдіктерді ұсыну (тікелей инновациялықпен қызметпен айналысатын кәсіпкерлермен қатар осы қызметке қолдау көрсететін инфрақұрылым элементтеріне);
* Аймақ экономикасында қолайлы инновациялық климатты және зерттеулер мен жасалынымдарды қамтамасыз ететін инфрақұрылымды қалыптастыру (ғылыми-техникалық ақпарат қызметі, патенттеу және лицензиялау, стандартизациялау, сертификациялау, статистика және т.б.).
Аймақтық инновациялық саясат негіздерін талдауда осы саладағы шетелдік тәжірибені қарастырған жөн. Шет мемлекеттердің тәжірибесі инновациялық үрдісте мемлекеттің қатысу ауқымы үдемелі екендігін байқатады. Мысалы, АҚШ-да арнайы жартылай мемлекеттік (semipublic) экономика түсінігі қалыптасты, ол жеке компаниялар мен мемлекеттік билік органдары арасындағы байланыстың нығаю тенденциясын бейнелейді. Бұл тенденциясының пайда болу себебі - ұлттық бәсекелестік артықшылықтардың қалыптасуы бүгінде тек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнеске қолғабыс ету инфрақұрылымы
Қазақстандағы индустриалды - инновацияны жетілдіру
Қазақстандағы инновациялық қызмет
ҚР индустриялды- инновациялық саясатының басымдықтары жайлы
Инновациялық қызметті қаржыландыру алгоритмі
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен мазмұнын сипаттау арқылы тиімді мемлекеттік реттеу механизмдерін ұсыну
Қазақстан экономикасын диверсификациялау бағыттары
Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттары
Экономика пәнінен дәрістер
Инновациялық қызметті реттеу
Пәндер