Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғаудың жалпы сипаттамасы


Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1-бөлім Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғаудың жалпы сипаттамасы

1. 1Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел мүліктік емес өзіндік құқықтың объектісі ретінде

1. 2 Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғаудың түсінігі

2-бөлім Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді азаматтық құқықтық қорғаудың ерекшелігі

2. 1 Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді азаматтық құқықтық қорғаудың субъектісі

2. 2 Кір келтіретін мәліметтерді теріске шығару тәсілдері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

1-бөлім Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғаудың жалпы сипаттамасы

1. 1 Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел мүліктік емес өзіндік құқықтың объектісі ретінде

Азаматтық құқық пәнінің элементтерінің бірі мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар болып табылады (АК-тің 1-бабы) . Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені, заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-бабының 2-тармағы) .

Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматқа тиесілі мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтардың үлгі тізбегі келтірілген, оған жататындар: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абыройы, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, шығармаға қолсұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар. Азаматтық құқық объектілерінің бұл тобының ерекшелігі мынада:

  1. бұл құқық өзіндік, яғни тиесілі тұлғадан ажырамайды;
  2. мүліктік емес сипаты бар, яғни материалдық (мүліктік) мазмұны болмайды;
  3. абсолютті құқықтың сипатына жатады, яғни бұл құқықтарды ешкім де бұза алмайды;
  4. бұл құқықтар ешкімге тапсырылмайтын, әрі өзгеге берілмейтін құқық.

Аталған белгілерге қарап, мүліктік қатынастар тұлғаның өзінің ыңғайына қарай қалыптасып, ал мүліктік емес өзіндік игіліктер жеке тұлғадан ажырамайтындығын көреміз.

Азаматтық кодекс мүліктік емес өзіндік игіліктерді азамат туған сәтінен бастап алатын (жеке мүліктік емес өзіндік игіліктердің бірінші деңгейі) және азаматқа заң арқылы берілетін (жеке мүліктік емес өзіндік игіліктердің екінші деңгейі) деп бөлінеді.

Мүліктік емес өзіндік құқықтардың мүліктік құқықтарды иеленушілерімен байланыс дәрежесіне қарап, мүлікке қатысы жоқ мүліктік емес өзіндік құқық және мүлікпен байланысы бар мүліктік емес өзіндік құқықтар деп ажыратамыз.

Мүліктік емес өзіндік құқықты көздеген мақсатына қарай мынадай түрлерге бөлуге болады:

  1. азаматтың өмір сүруін қамтамасыз ететін мүліктік емес өзіндік құқықтар (мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулық сақтау құқығы және т. б. ) ;
  2. ааазаматтың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ететін мүліктік емес өзіндік құқықтар (мысалы, есім алу құқығы, жеке өміріне құқығы және т. б. ) .

2. Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғаудың түсінігі

АК-тің 143-бабына сәйкес ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді азаматтық-құқықтық қорғау былайша жүзеге асады, яғни азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай келетіндігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы.

АК-тің 143-бабында «теріске шығару» ұғымы ашып көрсетілмеген, тек ар-намыс, қадір-қасиетке немесе іскерлік беделге кір келтіретін мағлұматтар деп қана жанама түрде айтылған.

Ар-намыс дегеніміз тұлғаның (азамат немесе заңды тұлға) рухани және әлеуметтік болмысына берілетін қоғам бағасы. Ал, қадір-қасиет дегеніміз тұлғаның өзін-өзі бағалауы, оның жеке сапаларын сезінуі, қабілет қарымын көре білуі, дүниетанымын, қоғамдағы орны мен борышының маңызын іштей түсінуі, өзін-өзі бағалау тұлғаның моральдық және басқа сапаларын бағалаудағы әлеуметтік маңызды түйіндерге негізделеді.

Іскерлік бедел тұлғаның кәсіби іскерлік (өндірістік, мамандық) қабілеті жөнінде қалыптасқан қоғамдық пікір.

Азаматтық кодекстің 143-бабына сәйкес сот арқылы мынадай мағлұматтар, атап айтқанда:

  1. ар-намыс пен қадір-қасиетке кір келтіретін;
  2. жауапкер арқылы таратылған;
  3. шындыққа сәйкес келмейтін мағлұматтар теріске шығарылады.

Аталған талаптардың жиынтығы ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлікке қатысты құқық қатынастарын қорғаудың жалпы негізін құрайды.

Қазіргі кезде сот тәжірибесі мен ғылыми пікірге сүйенсек, баспасөзде, радио және теледидар хабарларында, кино бағдарламаларында және басқа бұқаралық ақпарат құралдарында кір келтіретін мағлұматтардың жарияланатындығын көреміз. Сондай-ақ қызмет мінездемесінде, жария түрде сөйлеген сөздерде, лауазымды тұлғаға байланысты жасалған мәлімделемелерде немесе бір немесе бірнеше тұлғаның атына бағытталған ауызекі әңгімелерде ондай кір келтірмеушілік кездесетіні белгілі болып отыр.

Заңда әлгіндей мағлұматтарды таратудың нысандарына қатысты арнайы талаптар қаралмаған. Дейтұрғанмен ондай кір келтіретін фактілердің кез келген сипатта көрінуі оны теріске шығаруға жеткілікті негіз болады.

Кір келтіретін мағлұматтар деп азаматтың (ұйымның) қолданып жүрген заң мен моральдық принциптерді бұзуы туралы (әділетсіздікке бару, ұжымда, тұрмыста теріс қылықтар жасау, өндірістік шаруашылық және қоғамдық қызметтерді, беделді қаралау және т. б. туралы) олардың абыройы мен ар-намысына негізсіз нұқсан келтіруді айтады.

Демек, азамат немесе ұйым туралы кез келген кір келтіретін мағлұматты шындыққа жанаспайды дей алмаймыз. Ал құқықтық немесе моральдық жағдайы байыбына теріс бағалаған хабарлар жөнсіз кінәлауды білдіреді. Егер мағлұмат ар-намысқа, қадір-қасиетке тимесе, онда ол бейтарап сипатқа ие болады, яғни, оны АК-тің 143-бабына сәйкес теріске шығаруға негіз болмайды.

Азамааттың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар қатарына баспасөзде жарияланған теріс мағлұматтар, радио және теледидар арқылы және басқа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілген хабарлар, қызмет, мінездемесіне және басқа мінездемелерде, жария сөз сөйлеуде, түрлі ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға бағытталған, оның ішінде ауызекі түрде айтылған хабарлар жатады. Ауызекі нысандағы мағлұмат бір немесе бірнеше тұлғаға қатысты болуы мүмкін.

АК-тің 143-бабында кір келтіретін мағлұматтардың теріске шығарылуының арнайы тәртібі бекітілген. Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарында азаматқа және заңды тұлғаға қатысты кір келтірушілік мағлұмат жарияланса, онда олар өз кезегінде бұзылған құқығы мен заңды мүддесін қорғау үшін сол аталған бұқаралық ақпарат құралында дәлелді жауабын тегін жариялауға құқылы.

Егер аталған мағлұматтар ұйымнан шыққан құжат болса, бұл құжаттағы мағлұматтардың шындыққа сай келмейтіндігі туралы тиісті адамға міндетті түрде хабарлана отырып, мұндай құжат алмастырылуға немесе кері сұратып алынуға тиіс. Өзге реттерде теріске шығару тәртібін сот белгілейді. (АК-тің 142-бабының 2-тармағы) .

Мағлұматтарды теріске шығару жөнінде берілген талап арызда көрсетілген жауапкер осы мағлұматты таратқан адам не тұлға болып табылады. егер мағлұматты теріске шығару жөніндегі талап қою бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты болса, онда тиісті бұқаралық ақпарат құралының редакциясы мен кінәлі автор жауапкер болады. Жарияланымдарда және басқалай таратылған әлгіндей мағлұматтарға байланысты автор көрсетілмесе (мәселен, редакциялық мақала), онда іс бойынша сол бұқаралық ақпарат құралы жауапкер болады.

Қызмет мінездемелерінде жол берілген кір келтірушілік мағлұматтарына мінездемені берген және оған қол қойған адам немесе заңды тұлға жауапкер болып табылады.

Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен бірге олардың таратылуымен өздеріне келтірілген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды таратушыны анықтау мүмкін болмаса, өзі жөнінде осындай мағлұматтар тараған адам таратылған мағлұматтарды шындыққа сай келмейді деп тануы туралы сотқа шағымдануға құқылы.

Егер жауапкер соттың шешімін орындамаса, сот оған тәртіп бұзғаны үшін бюджеттің кірісіне өндіріліп алынатын айыппұл салуға құқылы. Айыппұл азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген тәртіп пен мөлшерде салынады. Айыппұл төлеу тәртіп бұзушыны сот шешімінде көзделген әрекетті орындау міндетінен босатпайды.

Адамның құқықтарымен қадір-қасиетін қорғау БҰҰ Жарғысында баянды етілген. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Комиссиясы өзінің алғашқы бастамаларының бірі ретінде «Адам құқықтары туралы халықаралық билль» жасауды қолға алды. Осыдан кейін, 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және адам құқықтары жөніндегі кейінгі халықаралық фактілер қорғалатын құқықтар мен бостандықтардың ауқымын айтарлықтай ұлғайтты.

Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары Конституцияға сәйкес танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолюттік деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.

Құқықтық мемлекет құру азаматтың мемлекет алдындағы жауапкершілігін ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің азамат алдындағы жауапкершілігін де күшейтуді көздейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында адам мен азаматтың айыруға болмайтын құқықтарына арналған арнайы ІІ бөлім бар. ҚР Конституциясы азаматтардың барынша маңызды өзіндік құқықтары мен бостандықтарын атап көрсетеді, олардың жүзеге асырылуына және құқық бұзушылықтан тиімді қорғалуына кепілдік береді. Бұл - өмір сүру құқығы; денсаулықты сақтау құқығы; жеке өміріне қол сұқпаушылық құқығы; өзіндік және отбасы құпиясын, өзінің ар-намысы мен қадір қасиетін қорғау құқығы; тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқығы; ар-ождан бостандығы, еңбек бостандығы құқығы және т. с. с.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңмен ғана шектелуі мүмкін және оның өзінде де ол конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен ізгілігін қорғау мақсаттарына қажет болатын щамада шектелуі мүмкін.

Азаматтардың мүліктік емес өзіндік құқықтарын Конституцияда баянды ете отырып, мемлекетосы арқылы оларды құқықтық реттеуді, яғни құқықтың түрлі салаларының көмегімен реттеуді қамтамасыз етеді. Мәселен, азаматтардың мүліктік емес өзіндік құқықтарын қорғау функциясын азаматтық құқықпен қатар, құқықтың қылмыстық, әкімшілік, отбасылық, еңбек құқығы секілді салалары атқарады.

Азаматтық заңдар мүліктік емес өзіндік қатынастардың екі тобын реттейді және қорғайды: мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мұліктік емес өзіндік қатынастар.

Мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық құқық нормалары реттеп отырады, өйткені мүліктік емес өзіндік қатынастардың өмір сүруінің өзі субъект үшін мүліктік қатынастар пайда болуының мүмкіндігі мен керектігін көздейді.

Мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық заңдар реттеп отырады, өйткені бұл заң актілерінде өзгеше көзделмеген не материалдық емес өзіндік қатынастардың мәнінен туындамайды.

Мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар дегеніміз - бұл рухани немесе материалдық емес игіліктерге қатысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар.

Сонымен, егер мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар отбасылық, еңбек, әкімшілік және басқа құқық салаларының нормаларымен реттелген болса, онда олар азаматтық құқықтың нысанасына кірмейді. Қалған жағдайлардың барлығында оларды азаматтық құқық нормалары реттейді.

Мүліктік емес өзіндік құқықтарды реттеуде азаматтық құқықтың мүмкіндіктері шексіз емес. Сондықтан АК-да мүліктік емес өзіндщік құқықтарды құқықтық реттеудің біртұтас жүйесі жоқ. АК мүліктік емес өзіндік құқықтардың ірге қалаушы актісі бола отырып, АК мүліктік емес өзіндік құқықтардың бүкіл алуан түрлілігін көрсете алмайды.

АК-ның 115-бабына сәйкес, азаматтық құқықтар объектілеріне мүліктік игіліктермен және құқықтармен қатар, мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар жатқызылған; жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпау құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.

Бұл арада мүліктік емес өзіндік құқықтардың есім алу құқығы, еркін жүріп тұру және тұрғылықты жерді таңдау құқығы секілді түрлері АК-ның 15 және 16-баптарымен реттеледі.

Мүліктік емес өзіндік құқықтардың негізгі сипатты белгілері мыналар:

  1. олар, абсолютті, яғни белгілі бір уәкілетті тұлғаға оның мүліктік емес өзіндік құқықтарын да болсын құқық бұзушылықтан қалыс қалуға міндетті тұлғалардың белгісіз тобы қарсы тұрады;
  2. олар бөлінбейді, яғни заң бойынша қарастырыцлатын құқықтардың азаматтық құқықтық қатынастардың бір субъектілерінен екіншісіне ауысуына жол берілмейді. Мәселен, АК-ның 116-бабының 4-тармағы былай деп көрсетеді: «Мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар заң актілерінде белгіленген реттерді қоспағанда, өзге әдіспен берілмейді және ауыспайды». Заңда көзделген жағдайларда және тәртіпте басқа заңды тұлғаға берілуі мүмкін фирмалық атау, тауар белгісі және т. с. с. заңды тұлғаға тиесілі игіліктер ғана бұл қағидаға жатпайды;
  3. олар, мүліктік мазмұнынан айрылған, яғни өзіндік, мүліктік емес сипатта болады. Олардың экономикалық немесе құндық мазмұны жоқ;
  4. олар азаматтың немесе заңды тұлғаның жеке басымен тығыз байланысты. Бұл игіліктердің кейбіреуі азамат туылған кезден бастап пайда болып, ол өлген соң тоқтатылады;
  5. олар осы игіліктердің иелерінен ажырағысыз, яғни нақты жеке немесе заңды тұлғаға нақты мүліктік емес өзіндік құқықтар тиесілі (өз есіміне, өзінің ар-намысына және қадір-қасиетіне, өз атауына тәне т. с. с. құқық) ;
  6. бұл игіліктер қандай да болсын азаматтық-құқықтық мәмілелердің нысанасы бола алмайды, өйткені өркениетті адамзат қоғамының өмір сүруі және дамуы жағдайларында жеке адамның өмірі, денсаулығы, есімі, ар-намысы, қадір-қасиеті тауар бола алмайды.

Сонымен, мүліктік емес өзіндік құқықтар дегеніміз - бұл мүліктік емес сипаттағы игілікке құқық. Мұнда экономикалық мазмұны жоқ және иесінің жеке басынан ажырағысыз, қолданыстағы заңдар таныған, реттейтін және қорғайтын игіліктер мен бостандықтарды мүліктік емес өзіндік құқықтар ретінде түсінеді.

Мүліктік емес сипаттағы игіліктерге мүліктік емес өзіндік құқықтар пайда болады және тиісінше, олар, негізінен алғанда, жәбірленушінің бұзылған мүліктік жағдайын қалпына келтіруді мақсат етпейтін әдістермен қорғанады. АК-ның 9-бабына сәйкес мұндай әдістерге мыналар жатады: құқықтарды мойындау, құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайды қалпына келтіру, құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын әдістерге тыйым салу. Бірақ мүліктік емес өзіндік құқықтарды бұзылған адамның, осы шаралардан басқа, АК-ның 141-бабының 1-тармағына сәйкес, моральдық зардаптарын өтеуге құқығы бар, бұл бұрын қолданылған Қазақ КСР Азаматтық кодексінде көзделмеген болатын.

Бұл шара көптеген шетелдерде бұрыннан қолданылатын, бірақ ТМД елдерінде ол тек 1991 жылдан бастап, яғни Азаматтық заңдардың негіздері қабылданған кезден бастап енгізілді. Мәселен, Негіздердің 131-бабында тұңғыш рет моральдық зиян ұғымына анықтама беру, сондай-ақ оны өтеу жағдайлары мен әдістерін бекіту әрекеті жасалды. АК-ның қабылдауымен моральдық зиян санаты толығымен заңдастырылды.

Соңғы жылдары заң әдебиеттерінде моральдық зиян ұғымына және моральдық зиянның өтемі проблемаларына біршама көңіл бөлінуде.

Кең мағынада алғанда, жеке адамға оның құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер арқылы тән азабын немесе жан азабын келтіруді моральдық зиян деп түсінеді.

ҚР Жоғарғы Соты «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңдарды қолдануы туралы» 2001 жыл 21 шілдедегі №3 Нормативтік қаулысында біздіңше, моральдық зиян ұғымына барынша толық әрі дұрыс анықтама және түсінік берген. Мәселен, қаулының 3-тармағында былай деп айтылған: «азаматтың тиесілі мүліктік емес өзіндік құқықтары мен игіліктерін құқыққа қайшы жолмен бұзу, кемсіту немесе олардан айыру нәтижесінде оның шегетін жан азабын немесе тән азабын моральдық зиян деп түсіну керек». Жәбірленуші өзіне қарсы жасалған құқық бұзушылықтар нәтижесінде бастан кешетін қорлану, ашулану, қысымшылық көру, ашу-ыза, ұят, түңілу, залал шегу, жайсыздық сезімдерін адамның сезімдік-ерік толғаныстары ретіндегі жан азабы деп түсінген жөн. Азаматтың өзіне қарсы құқыққа қайшы жолмен күш қолдану немесе денсаулығына нұқсан келтіру арқылы жасалған әрекеттен қиналуын тән азабы деп түсіну керек.

Моральдық зиянды өтеу материалдық емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау құралдарының бірі болып табылады. моральдық зиян тек ақшалай түрде өтеледі, ал өтемнің мөлшерін сот анықтайды. Сондықтан әрбір нақты жағдайда моральдық зиян өтемінің мөлшерін анықтау жәбірленуші үшін үлкен рөл атқарады. Алайда, құқық қорғаудың мұндай құралын қолдану іс жүзінде белгілі бір қиындықтар тудырады. ҚР Жоғарғы Сотының №3 Нормативтік қаулысында былай деп тікелей анықталған: моральдық зиян өтемінің ақшалай мөлшерін анықтауда судьялар жәбірленушіге келтірілген жан азабының немесе тән азабының ауырлығында берілетін субъективтік бағаны, сондай-ақ объективтік мағлұматтарды да, атап айтқанда: біріншіден, мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктердің өмірлік маңыздылығын (адамның өмірі, денсаулығы, ар-намысы және қадір-қасиеті, жеке бостандығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық) ; екіншіден, жәбірленушінің бастан кешкен азабының дәрежесін (кісі өлтіру немесе денеге зақым келтіру, бас бостандығынан немесе жұмыстан айыру, жақын туыстарынан айырылу және т. с. с. ) ; үшіншіден, моральдық зиянды өтеу үшін оның болуы қажетті жағдайларда зиян келтірушінің кінәсінің нысанының (қасақана істеу немесе абайсыздық) да назарға алуы тиіс.

Егер моральдық зиянды өтеу мөлшерін сот азаматтың мүліктік емес өзіндік құқықтарының бұзылуына байланысты нақты мән-жайлардың барлығын ескерген болса, соральдық зиянды ақшалай өтеу мөлшерін, әділ әрі жеткілікті деп есептеу керек.

АК-ның 143-бабының 6-тармағына сәйкес, азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен бірге, олардың таратылуы арқылы өздеріне келтірілген залалдың немесе моральдың зиянның орнына толтыруды талап етуге құқылы.

Сот моральдық зиянды өтеу жөніндегі талапты жеке, сондай-ақ мүліктік залалды өтеу туралы талаппен бірге қарауы мүмкін, өйткені қолданыстағы заңдарға сәйкес келтірілген моральдық зиян үшін жауапкершілік мүліктік залалдың орнын алуына тікелей байланыста болады, сондықтран мүліктік жауапкершілікпен қатар немесе дербес қолданылуы мүмкін.

Моральдық зиян өтелуге тиісті зияннан тәуелсіз өтеледі.

Мүліктік емес өзіндік құқықтар бір мезгілде бұзылған жағдайда мүліктік емес өзіндік құқықтардың бұзылғаны үшін жәбірленушіге тиесілі өтем ескеріле отырып, м. ліктік зиянның орнын толтыру мөлшері ұлғаяды (АК 142-бабы) .

Сонымен қатар, олардың қандай мән-жайларда немесе қандай әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілгенін; зиян келтіруші кінәсінің дәрежесін, оның денсмаулық жағдайын, отбасылық, тұрмыстық, материалдық және назар аударуға тұрарлық басқа да жағдайларды анықтау қажет.

АК-ның 187-бабының 1-тармағына сәйкес, моральдық зиянды өтеу жөніндегі талаптарға талап қою мерзімі таралмайды, өйткені олар мүліктік емес өзіндік құқықтардың бұзылуынан туындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі мазмұны және түрлері
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау
Адамдардың бас бостандығымен қадір-қасиетіне қарсы қылмыстар
Азаматтық құқықтағы құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері
Азаматтардың мүліктік емес құқықтары оны қорғау тәсілдері
Мүліктік емес құқықтар ұғымын ашу, оның қалыптасу негіздерін анықтау, азаматтық құқықтағы қалыптасқан нормаларын талдау
Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді Азаматтық-құқықтық қорғау
Моральдық шығынды өндіру ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді сот арқылы қорғау
Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz