Сірке қышқылы микробиологиялық синтездеу жолмен алуда культивирлеу процесінің факторларын зерттеу



Мазмұны

Кіріспе 3

1 Аналитикалық шолу 4

1.1 Микроорганизм продуцентіне сипаттама 4
1.2 Этил спиртінің сірке қышқылына тотығуы 5
1.3 Сірке қышқылын алу 7
1.4 Сірке қышқылын алу өндірісі 8

2 Ғылыми . зерттеу бөлімі 11

2.1 Зерттеу әдістері 11
2.2 Ауа мен қоректік ортаның зарарсыздығын бақылау 12
2.3 Культивирлеу әдістемесі 18
2.4 Тәжірибенің нәтижелері және қортынды 20
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Қазахстан Республикасының президентінің жолдауын қолдап, отандық және әлемдік рынокта өнімнің бәсекелестікке қабілетілігін және сапасын жоғарылату , елімізде сапалы өнімін шығауды ұйымдастыру.
Сірке қышқылы. Микробиологиялық синтездеу жолымен әртүрлі органикалық қышқылдарды алуға болады – сірке, сүт, лимон, янтар, глюкон және т.б. қышқылдарды. Олар фармацивтикалық, химиялық, текстиль және т.б. өндіріс салаларында кеңінен қолданылады. Химиялық синтездеу жолмен емес микробиологиялық синтездеу жолымен алынған лимон, сірке, сүт қышқылдары толығымен өндірісіте кеңінен дәстүрлі қолданылады.
Микроорганизм продуценті болып бұл қышқылдардың бактерия, зең саңырауқұлақ, ашытқылар саналады. Сірке, лимон қышқылын продуцирлеуші микроорганизмдер аэробты болып келеді. Микроорганизмдер қышқылдарды бөгде микробтардан қорғаушы зат ретінде синтездейді. Сондай-ақ көміртегі көзі ретінде де.
Өндірістік биотехнологиялық синтез және биологиялық технология ертеректен белгілі маңызды мәселелердің бір аумағы болып саналады. Микрооранизмдерді немесе олардың өмір сүруіндегі бастапқы шикізат өнімі, адам баласына қажетті бағалы өнімдерді биотехнологиялық синтез технологиясымен алады. Адам баласы микроорганизмдерді әр түрін бұрыннан қолданып келе жатқан, шарап ашытуда, сыра қайнатуда, нан пісіруде, спирт алуда және сүт қышқылы өнімін алуда қолданған.
Микроорганизмдерді арзан, оңай табылатын (басқа өндіріс қалдықтарын) ауыл шаруашылық қалдықтарында өсіруге болады.
Өндірістің технологиясы ықшамдалып, экономикалық эффективтілігі байқалды.
Сірке қышқылды бактерияларды табиғатта жапырақ бетінен, гүлден, өсімдіктерден кездестіруге болады, сонымен қатар аралардан және пісіп жетілген балдан, жеміс бағындағы және жүзім бағындағы топырақтан, өсімдік сусынынан, шарап және сырадан, сүт және сүт өнімдерінен табуға болады. Кейбірі өздерін фитопотоген ретінде көрсетеді.
Жұмыстың мақсаты: «Сірке қышқылы » микробиологиялық синтездеу жолмен алуда культивирлеу процесін жаңарту. Сондықтан осы мақсатқа жету үшін келесі жұмыс жасалуы керек;
- Сірке қышқылын алу өндіріс процесінде жаңа технология облысында әдебиеттерге патентік ізденіс;
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
- Сірке қышқылын алу үшін сапасы жоғар микроорганизм штамдарын қолдану;
Жұмыстың іс жүзіндегі құндылығы
- «Сірке қышқылы» алу технологиясын жаңарту:
- Өндірістің экономикалық эффективтілігі;
Қолдыналған әдебиеттер

1. Беккер М.Е. и др. Биотехнология.-М.: Агропромиздат, 1990-420с.
2. Гапонов Г.П. Процесса и аппараты микробиологияческих производств-
М.: Легкая и пищевая промышленность, 1991-205с.
3. Елинов Н.П. Основы биотехнологии.-М.: Наука, 1995-600с.
4. Варфоломееф С.Л, Калюжный С.В.Биотехнологии.-М.: Высшая школа,
1990-487с.
5. Промышленная микробиологя. Уч. пособие для вузов / Под ред.
Н.С.Егоров –М.: Высшая школа, 1989-631с.
6. Бейни Д.Ж, Оллис Д. Основы биохимической инженерии.
ч.1.2.Пер.с.англ. –М.: Мир, 1997-692с.
7. Гачева И.М, Гаврилова Н.Н, Иванова А.А. Технология микробных
белковых препаратов, аминокисллот и жиров.-М.: Пищевая
промышленность, 1980-448с.
8. Биотехнология. /Под ред. А.А.Баева-М.: Наука, 1984-543с.
9. Виастур У.Э. и др. Культивирование микроорганизмов. –М.: Пищевая
промышленность, 1990.
10. Фертман Г. Н., Шойкет М. И. Ашыту өнімдерінің технологиясы.
11. Стабников В. Н., Лысянский В. М. Тамақ өнеркәсібінің процестері және аппараттары

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Сірке қышқылы микробиологиялық синтездеу жолмен алуда
культивирлеу процесінің факторларын зерттеу

Мазмұны

Кіріспе
3

1 Аналитикалық шолу
4

1.1 Микроорганизм продуцентіне сипаттама
4
1.2 Этил спиртінің сірке қышқылына тотығуы
5
1.3 Сірке қышқылын алу
7
1.4 Сірке қышқылын алу өндірісі
8

2 Ғылыми – зерттеу бөлімі
11

2.1 Зерттеу әдістері
11
2.2 Ауа мен қоректік ортаның зарарсыздығын бақылау
12
2.3 Культивирлеу әдістемесі
18
2.4 Тәжірибенің нәтижелері және қортынды
20
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Қазахстан Республикасының президентінің жолдауын
қолдап, отандық және әлемдік рынокта өнімнің бәсекелестікке қабілетілігін
және сапасын жоғарылату , елімізде сапалы өнімін шығауды ұйымдастыру.
Сірке қышқылы. Микробиологиялық синтездеу жолымен әртүрлі органикалық
қышқылдарды алуға болады – сірке, сүт, лимон, янтар, глюкон және т.б.
қышқылдарды. Олар фармацивтикалық, химиялық, текстиль және т.б. өндіріс
салаларында кеңінен қолданылады. Химиялық синтездеу жолмен емес
микробиологиялық синтездеу жолымен алынған лимон, сірке, сүт қышқылдары
толығымен өндірісіте кеңінен дәстүрлі қолданылады.
Микроорганизм продуценті болып бұл қышқылдардың бактерия, зең
саңырауқұлақ, ашытқылар саналады. Сірке, лимон қышқылын продуцирлеуші
микроорганизмдер аэробты болып келеді. Микроорганизмдер қышқылдарды бөгде
микробтардан қорғаушы зат ретінде синтездейді. Сондай-ақ көміртегі көзі
ретінде де.
Өндірістік биотехнологиялық синтез және биологиялық технология
ертеректен белгілі маңызды мәселелердің бір аумағы болып саналады.
Микрооранизмдерді немесе олардың өмір сүруіндегі бастапқы шикізат өнімі,
адам баласына қажетті бағалы өнімдерді биотехнологиялық синтез
технологиясымен алады. Адам баласы микроорганизмдерді әр түрін бұрыннан
қолданып келе жатқан, шарап ашытуда, сыра қайнатуда, нан пісіруде, спирт
алуда және сүт қышқылы өнімін алуда қолданған.
Микроорганизмдерді арзан, оңай табылатын (басқа өндіріс қалдықтарын)
ауыл шаруашылық қалдықтарында өсіруге болады.
Өндірістің технологиясы ықшамдалып, экономикалық эффективтілігі байқалды.
Сірке қышқылды бактерияларды табиғатта жапырақ бетінен, гүлден,
өсімдіктерден кездестіруге болады, сонымен қатар аралардан және пісіп
жетілген балдан, жеміс бағындағы және жүзім бағындағы топырақтан, өсімдік
сусынынан, шарап және сырадан, сүт және сүт өнімдерінен табуға болады.
Кейбірі өздерін фитопотоген ретінде көрсетеді.
Жұмыстың мақсаты: Сірке қышқылы микробиологиялық синтездеу жолмен алуда
культивирлеу процесін жаңарту. Сондықтан осы мақсатқа жету үшін келесі
жұмыс жасалуы керек;
- Сірке қышқылын алу өндіріс процесінде жаңа технология облысында
әдебиеттерге патентік ізденіс;
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
- Сірке қышқылын алу үшін сапасы жоғар микроорганизм штамдарын
қолдану;
Жұмыстың іс жүзіндегі құндылығы
- Сірке қышқылы алу технологиясын жаңарту:
- Өндірістің экономикалық эффективтілігі;

1 Аналитикалық шолу

1.1 Микроорганизм продуцентіне сипаттама

Сірке қышқылды бактерия екі класқа жатады. Gluconobacterium – полярлы
жгуткалары таяқша тәрізді сірке қышқылын тотықтыруға қабілетсіз және
Acetobacter – перитрихті сірке қышқылын көмір қышқыл газы мен суға дейін
тотықтырады. Бұл бактериялар жасуша бактериясымен спиртке төзімділігімен
ажыратылады. Ортада сірке қышқылының саны көп немесе аз санының жиналу
қабілеті және басқа ерекшелігімен байқалады. Мысалы, A.aceti ортада 6%
сірке қышқылы жиналады, A.aceti subsp. orleanensis – 9,5 дейін, ал A.aceti
subsp. xylihum – 45% дейін жиналады. A.aceti спирттің концентрациясында 9-
11% дейін тұрады, ал A.aceti subsp xylihum – бар жоғы 5-7% дейін болады.
Сірке қышқылы бактериясы үшін оптимальды өсу температурасы 30°С.
Кейбіреулері В1, В2, В12 витаминін синтездей алады, бірақ көбісі витаминді
қажет етеді және пантотен қышқылда да. Сірке қышқылы ұзын жіпше тәрізді
түрде жиі кездеседі және көбісі субстрат бетінде қабықша тәрізді пайда
болады.
Bacterium sihutrenbachii – сірке қышқылын қоздырғыш рН – 3,0-4,0, 25-
30ºС температурада ортада спирт концентрациясы 7-15%, қышқылдың соңғы
концентрациясы 8-14% болады, жақсы аэрацияланады. Таяқша тәрізді болып
келеді, грам оң, спора түзбейтін, тізбек тәрізді қосылған болады.
Bacterium curvum – сірке қышқылын қоздырғыш, рН 3,0, температурасы 7-
15%, қышқылдың соңғы концентрациясы 8-14%, жақсы аэрацияланады. Спора
түзетін таяқшалар, ұзындығы 0,5-0,8 мкм , грам теріс болады.
Bacterium acetigenum – сірке қышқылын қоздырғыш, рН – 3,5-4,5,
температурасы 30-35°С, ортадағы спирт концентрациясы 7-15%, қышқылдың соңғы
концентрациясы 8-14 %. Таяқша тәрізді бактериялар ұзындығы 0,4 - 0,6 мкм,
спора түзеді, грам теріс болады.
Bacterium xylinum – сіркеде дамиды, оның бетінде слизді тұнба пайда
болады. Әсіресе жүзімнің сортын сірке жиі бүлдіреді. рН 3,0 температурасы
25-30°С, ортадағы спирт концентрациясы 10-15% болады. Жақсы аэрацияланады.
Таяқша тәрізді бактерия болып келеді. Ұзындығы 0,6-0,8 мкм, грам теріс
болады.
Bacterium aceti – сіркеде дамиды, келіп түскен ауа мөлшеріне
байланысты, оның бетіне қабықша пайда болады. рН – 3,4-4,0 температурасы 28-
32°С, ортадағы спирттің концентрациясы 7-10%, қышқылдың соңғы
концентрациясы, 9-14% жақсы аэрацияланады.

1.2 Этил спиртінің сірке қышқылына тотығуы

Этил спиртінің бактериялар көмегімен сірке қышқы-лына айналуыи сірке
қышқылының ашу процесі деп атаймыз. Бұл процестің табиғатын 1862 жылы Л.
Пастер ашқан болатын. Сірке қышқылының ашу процесіне Аце-тобактер мен
Глуконобактер туысына жататын _ бакте-риялар қатысады. Бұлар Грам-оң, спора
түзбейтін, қоз-ғалғыш, таяқша тәрізді микроорганизмдер.
Сірке қышқылы бактериялары — аэробты микроор-ганизмдер. Сондықтан олар
қоректік ортаның бетінде жарғақша түзе өніп-еседі. Бұлар қышқыл ортаға өте
төзімді. Олар орта рН 4,5-ке тең болғанда өсе береді. Кебінесе өсімдіктерде
кездеседі (-сурет).
Этил спиртінің тотығуы екі сатыда жүреді. Алдымен сірке альдегиді
түзіледі де, соңынан ол сірке қышқылына дейін тотығады. Оны мына реакциядан
керуге болады:
2СН3СН2ОН + 02 - 2СН3СНО + 2Н20;
этил спирті сірке альдегиді
2СНзСНО + 02- 2 СН3СООН
сірке қышқылы

1-Сурет - Сірке қышқылы бактериялары

Ацетобактер ацети туысына жататын бактериялар зтил спиртін сірке қышқылына
дейін тотықтырып қоймайды, сонымен бірге оны кемір қышқыл газы мен суға
дейін тотықтыра алады.
Сірке қышқылы бактериялары тек этил спирті ғана емес басқа да заттарды,
мәселен сорбитті сорбозаға, маннитті фруктозаға, глюкозаны глюкон
қышқылына, ал глюкон қышқылын кетоглюкон қышқылына айналдыра алады.Бұл
тотығу процесіне негізінен Глуконобактер туысына жататын бактериялар
қатысады.
Қазір сірке суын түрлі жолдармен өндіреді. Шарап және сыра шикізат
ретіпде алынғанда олардың құра; мындағы спирт сірке қышқылы бактерияларының
әсерь нен тотығады. Ерте кезде Германияда сірке суын күшті шараптардан
дайындайтын болған. Ал Франция, Испа-ния және Греция оны жүзім шарабынан
ендірген.
Тұрмыста сірке суын ашыған жеміс шырындарынан алуға болады. Мұнда алдымен
спирт түзіледі де, соңы-нан одан сірке қышқылы алынады. Сірке суын алудың
екі әдісі бар. Жоғары сапалы сірке суын жүзім шарабынан француз әдісімен,
яғни Орлеон әдісімен алады. Бұл әдіспен сірке суын өндіргенде, алдымен 20
литрлік бөш-кенің үштен бір белігіне, құрамында таза сірке бакте-риялары
қосылған шарап құяды. Әрбір апта сайын беш-келерге үстеп шарап құйып
отырады. Бес-алты жұма өт-кен соң сірке су дайын болады. Сонда бөшкеден 10
— 15 литрдей сірке суын қүйып алып, орнына соншама жүзім шарабын құяды.
Осылай етіп дәмі, исі сүйкімді сірке су-ын үздіксіз өндіруге болады.
Сірке суын тек тағамды дәмдендіру емес, түрлі көк-өністерді, жемістерді
консервілеу мақсатында да кеңінен колданады.

1.3 Сірке қышқылын алу

Бұл сірке өндірісін тез алудың бір әдісі. Генератор герметикалық
биореактордан тұрады. Оның диаметрі 2,25м дейін, ал биіктігі 4,5м және
қосымша механикалық қондырғылармен қамтамасыз етілген. Аппарат ішіндегі ауа
циркуляциясы еркін айналуы үшін генератор бөрене тәрізді биотондар
орнатылады. Биореактордың ішінде үлкен емес ара қашықтықта түбінің жоғары
жағында ағаш тор бар. Ол жерге буковое үгінділер салған. Генераторды
үгінділермен толтырады, жоғары жағын 40см биіктікке дейін бос орын
қалдырады. Генератордың түбі мен ағаш тордың арасында камера бар, ол дайын
өнімді жинайды. Бұл камераның ең төменгі жағында дайын өнім сіркені бөлуге
арналған кран немесе шүмек бар. Генератордың түп жағында үлкен емес
арақашықтықта суытуға арналған жыланша бар. Үгінділер арқылы өткен
қышқылданған спирт ерітіндісі төменгі камераға келіп түседі. Бұдан құбырға
айдалынады. Ол тот баспайтын болаттан немесе
басқа да қышқылға төзімді материалдан жасалған. Мұнда ерітінді суытылады.
Ерітіндіні суытуға арналған болаттан жасалған құбыр, келесі мыстан жасалған
құбыр болып табылады.
Генератор арқылы өтетін оттегі реттегіш желдеткіш тартқышқа
байланысты. Ол генератордың ең жоғарғы жағында орналасқан, диаметрі 10см
дейін болады. Бұл саңылау ауаның шығуына арналған. Ауа генераторға бірнеше
арнайы клапан арқылы барады. Бұл клапандар ауаны фильтрациялауға арналған.
Ашу температурасын анықтау үшін, биореактордың әр бөлігінде термометр
орналасқан. Генератор екі есептегішпен жабдықталған, біріншісі насостың
жанында орналасқан. Ол сусла циркуляциясының жылдамдығын өлшеуге арналған.
Екіншісі тоңазытқыштағы судың жылдамдығын анықтауға арналған. Қажетті
сіркенің күштілік деңгейіне жеткенше бірнеше рет буковое үгінді арқылы
өткізіледі. Спирт пен қышқылды құрайтын қоректік ортаны тоңазытқыш арқылы
өтеді, ол қажетті температураға дейін суыту үшін , биоректор ішіндегі
температураны бақылайды. Суытылған қоспа желдеткішке түседі. Сусла
құрамындағы этил спирті ағаштың үгіндісі арқылы ағады да, жаймен сірке
қышқылына айналады. Содан соң жартылай ашытылған сусла қайтадан сутылады,
кейін биореактордың жоғарғы бөлігіне насос арқылы көтеріледі. Бұл операция
сұйықтықтағы сірке қышқылы 10,5% жеткенше қайталанады. Дайын өнімді құяды,
генераторда азғана мөлшерін(10%) қалдырады. Қалған сірке қышқылы
микробтарға азық ретінде қолданады, сонымен қатар насостың жұмыс жақсы
істеуі үшін қажет. Содан соң генераторға жаңа жасалған сусланы тез арада
әкеледі.

1.4 Сірке қышқылын алу өндірісі

Сірке қышқылы өткір иісі бар түссіз сүйықтық тауарлы формасы бойынша
тамақта қолданатын сірке қышқылы 5-9 % сулы ерітіндіде болады. Сірке
эссенсиясы (70-80%), сусыз немесе мұзды сірке қышқылы (98-99%) құрайды.
Сірке қышқылды бактерия Ацетобоктер туысы этил спиртін сірке қышқылына
дейін тотықтырып қоймайды, оны көмір қышқыл газы мен суға дейін тотықтыра
алады.
Этил спиртін тотықтыру реакциясында алкогольоксидаза ферменті
катализдейді. Реакцияның теңдеуін келесідей көрсетуге болады.
СН3 СН2 ОН + О2 СН СООН+Н2О+490кДж.
Өндірістік жағдайда сірке қышқылын микробиологияның синтезбен
үздіксіз әдіспен, сірке қашқылды бактериясын түптік культивирлеумен
ферментері тізбектеле қосылған бактериямен жүргізеді.
Сірке қышқыл өндірісінің технологиялық процесіне негізгі келесі
сатылар кіреді:
1. Егіс материалын алу;
2. Шикізатты дайындау;
3. Ферментация;
4. Түссіздендіру және дайын өнімді құю ,буып түю.
Өндірісте сірке қышқылының екі түрлі бактериалары продуцирлейді:
Шутзенбачи бактерум және Сурвум бактериумі.
Егіс материалын лабораториялық жағдайда алады. Сірке қышқыл бактериясы
сұйық қоректік ортада колбада шайқағышта өсіріледі, сосын сиымдылығын 30л
лабораториялық ферментерге өсіруге жібереді.
Шикізат ретінде сірке қышқылының этил спирті немесе ректификат немесе
сивуш майынан тазартылған ректификат қолданылады.
Сірке қышқылды бактерияның өмір сүретін ортасының қышқылдығына
байланысты, рН қолайлы мәні 3,0-3,2 аралықта бактерия дамиды. Қоректік
ортадағы этил спирті мен сірке қышқылының концентарциясы микроорганизмнің
өсуіне әсер етеді. Қышқылдың концентрациясы 10% болып саналады, спиртің
концентрациясы 6-7% Шутзенбачи бактериясы үшін, ал 9-14% Сурвум бактериясы
үшін қолайлы болып келеді. Ферментация процесі батареяда жүргізіледі.
Тізбектеле ораласқан бес ферментерден тұрады. Әр бір аппарат
араластырғышпен, барбатермен және жылу алмастырғыш жыланшамен жабдықталған.
Бірінші ферментерге егіс материалы салынады және оған үздіксіз қоректік
орта беріліп отырады, ол жердегі суммарлы концентарциясы этил спиртімен
сірке қышқылының 6,4-6,7% құрайды, сондай-ақ зарарсыздалған бу беріледі.
Бұл кезде сірке қышқылды бактериясының тез көбеюіне қолайлы жағдай
құрылады. Бірінші ферментер сірке қышқылының генераторы болып келесі барлық
аппарат үшін саналады: құрамындағы спирт, сірке қышқылы бактериясының
әсерінен тотығады. Спирттің қажет концентрациясын ұстау үшін екінші,
үшінші, төртінші аппаратына 40% этил спиртін қосады. Температурасы қарқынды
аэрациялау төмендейді: егер бірінші аппараттың температурасы 28о С болса,
ал аэрациялау 0,35-0,40 м3 (м3.мин) болады, ал соңғы аппарат 25оС
температурада және 0,1-0,15 м3 (м3.мин) болады. Сірке қышқылының
концентрациясы 9%төмен болмауы керек және 9,3% жоғары болмауы керек,
культуральды сұйықтық бес ферментерден шығарылады. 100 л сусыз этил
спиртінен 75-90 кг сірке қышқылы алынады. Сірке қышқылын түссіздендіру үшін
бентоит және азырақ мөлшерде лимон қышқылын қосады. Сірке қышқылының
түссізденген ерітіндісін араластырғаннан кейін фильтр-пресске береді. 9%
сірке қышқылды фильтрат (асқа қолданылатын сірке) жинағышқа, одан әрі дайын
өнімді ыдыстарға қоюға жібереді.

2- Сурет- Сіркі қышқылының технологиялық сызба нұсқасы.
2 Ғылыми – зерттеу бөлімі
2.1 Зерттеу әдістері

Микроорганизмге сыртқы ортаның, жағдайдың әсер етуіне негіздеген,
микробиологиялық практикада микроорганизмнің өлуіне әкелетін бір қатар
мысалдар жасалған. Мысалдың біреуі болып зарарсыздау саналады. Зарарсыздау
барысында қоректік ортадағы, ыдыстағы басқада лабораториялық құрал –
жабдықтағы микроорганизмді және оның спорасын толығымен жою. Ол үшін
көбінесе жоғарғы температура қолданылады.
Жанған жалында күйдіріп зарарсыздау
Кішірек шыны (таяқша, шпатель) және металдан жасалған заттар (ине, ілмешек,
қысқыш, пышақ). Жалынның үстінен бірнеше рет өткізеді. Ыдыстың мойнын
мақта тығынның жоғарғы бетін жалында күйдірумен зарарсыздалады.
Қайнатумен зарарсыздау
Металл құралдар және резина түтіктерді қайнатумен зарарсыздайды. Кейбір
бактерияның спорасы бірнеше сағат суда қайнатқанда өмір сүру қабілетін
сақтайды. Сондықтан 10 минут 2% натрий карбонатта қайнатып зарарсыздау
ұсынылады.
Құрғақ ыстықпен зарарсыздау
Құрғақ ыстықпен зарарсыздау шыны ыдысты негізінде құрғақ ыстықпен
зарарсыздайды. Бұл кезде пробирканы, колбаны алдын ала мақта тығынмен
жабады. Зарарсызданған заттар ауадан бүлінбес үшін зарарсыздар алдын ала
қағазбен орап жұмыс істер алдында ғана ашады. Пипетканы ені 2,5-3 см
қағазбен орайды. Алдын ала пипетканың соңына дейін қағазды 45° бұрышпен
спираль бойымен орайды.
Пастеризация
Пастеризация 100°С температурадан төмен сұйықтықта қыздыру негізінде
саналады. Мақсаты сұйықтықты қайнатқанда, қоректік сүті, сыраны, шарапты
және тағы басқаларды қасиеті спора түзбейтін бактерияны жою.
Пастеризация 60°С температурда 30 минут қыздырғанда немесе 75°С
температурда 15 минут немесе 80°С температурда 10 минут сұйықтықты
қыздырғанда іске асырылады.
Мұздай зарарсыздау
Қыздыруға жатпайтын шектеулі сұйықтықты зарарсыздауда майда саңылаулы
сүзгіден өткізу арқылы бактериядан босатылады.
Бұл сүзгілер микроорганизмді ұстайды, оны бактериялы сүзгі деп атайды.
Бактериялы сүзгінің әр түрлі номері болады. №1 сүзгі орташа саңылауы
диаметрі 0,3 мкм, олар сенімділеу болып келеді. №5 сүзгі ең үлкен
саңылаулы диаметрі 1,2 мкм. Мембраналы сүзгіні 2-3 рет қолданар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сірке қышқылын микробиологиялық синтездеу жолмен алуда культивирлеу процесінің факторлары
Тамақ биотехнологиясы
Спирт өндірісі
Лимон қышқылын микроорганизм продуценті көмегімен алу
Экобиотехнология пәнінен дәрістер жинағы
Лимон қышқылы
Тағамдық ақуыз алу технологиясы
Биотехнология дамуының негізгі бағыттары және анықтамасы жөнінде
Сірке қышқылы
Микробиология
Пәндер