Аса қауіпті ауру қоздырғыштарын


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
:
:
:
:
:
:
:

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универстеті

Биология және биотехнология факультеті

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Аса қауіпті ауру қоздырғыштарының таралуы кезіндегі халықтың іс-әрекеті. (Аса қауіпті ауру қоздырғыштарының түрлері, ерекшеліктері. Санитарлық тазалау, дезативация, дегазация, дезинсекция, дезинфекция, дератизация, карантин, обсервация, профилактикалық егу іс-шараларының жүргізілуі.

Орындаған: БШ12-01

Барбол Бекжан

Тексерген: Болатова Дидар

Жоспар:

  1. Жұқпалы ауру қоздырғыштар және оның түрлері
  2. Санитарлық тазалау
  3. Дезактивация
  4. Дегазация
  5. Дезинфекция
  6. Дезинсекция
  7. Карантин
  8. Қорытынды
  9. Пайдаланған әдебиет

Жұқпалы ауру қоздырғыштар және оның түрлері

Жұқпалы ауру қоздырғыштары - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар) . Бұл аурулар ерекше «миазма» - ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет) .

Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін.

Ауру туғызатын микробтар, өдетте, сыртқы ортада тез өледі. Олардың өмір сүріп, көбейетін жері - адам немесе мал ағзасы, сондыктан адам жұқпалы көзі болып табылады. Зооноздардың көпшілігі табиғи-ошактық аурулар туғызады, яғни белгілі бір климаттык географиялык жағдайларда кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары жабайы аңдар мен қоздырғыштардың ерекше тасымалдаушылары - жөндіктер мен кенелер өмір сүреді.

Жүқпалы аурулардың қоздырғыштары паразиттік емір кешеді, белгілі бір уақытка дейін қажетті нөрсемен камтамасыз етіледі, осы уақыт біткеннен кейін қожайынды ауыстыру қажеттілігі туады. Бұл берілудің тиісті механизмі көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жүйелі пайда болып отыратын жөне өзара байланысты жұқпалы (инфекциялы) жағдайдың үздіксіз тізбегі, ол

клиникалық айқын немесе жасырын формада көрініп отырады, бұл эпидемиялық процесс деп аталады. Эпидемиялық ошақ дегеніміз-инфекция көзінің өзін қоршаған аумақ шегінде нақты жағдайда жұкпалы бастауды беруге қабілетті орны.

Эпидемиялык процестін пайда болуы үшін фактордың өзара қимылы кажет: жұқпа қоздырғышының көзі, жұкпаның берілу механизмі жөне қабылдағыш ағза. Жоғарыда айтқандай, ауру адам немесе жұқпалы (залалданған) жануар жүқпа көзі болса, тағы бір жұкпа кезі - тасушы (бацилло - «таратушы») . Кейбір аурулар кезінде (тырысқак, іш сүзегі) ауру адамның айығуы ағзаның қоздырғыштан босауымен кабаттаса жүреді, яғни клиникалық тұрғыдан сау адам коздырғыштар бөлуі мүмкін, бұл «тасушы» деп аталады.

Қоздырғыштың залалданған ағзадан сау ағзаға өтуі эволюциялық қалыптасқан әдіспен өтеді. Бұл - жұқпа қоздыргыштарыньщ берілу механизмі деп аталады. Ағзада коздырғыштың орналасуы мен жұкпаның берілу механизміне байланысты бар жүқпалы аурулар 4 топқа бөлінеді: ішек жұкпасы, тыныс алу жолдарының жұкпасы, қан жұкпасы жөне сыртқы кабат жұқпасы.

Ішек жүқпасына қоздырғыштардың ішекте орнығуы мен соған сөйкес олардың сыртқы ортаға, негізінен, нәжіспен бөлінуі тән. Бұл аурулардың қоздырғыштары сау адамдарға ауыз аркылы азық-түлікпен, ауыз сумен немесе лас қолдармен ағзаға түсуі нәтижесінде жұғады. Оларға - дифтерия, іш сүзек, тырысқақ, ішек уыты жұқпалары жатады.

Тыныс алу жолдарының жұқпасына тыныс алу жолдарының шырышты кабықшаларда өсіп-енетін және сыртқы ортаға жөтелу, түшкіру, қатты сөйлеу, шулы тыныс алу кезіндегі шырышты ұсақ бөліктерімен, кақырықпен бөлінетін қоздырғыштары бар аурулар жатады. Сау адамға, сондай-ақ шырыштың жұкпаға ұшыраған белігінің жоғары тыныс алу жолдарына түсуі нөтижесінде жұғады. Бұл ауруларға - тұмау, табиғи шешек, дифтерия жатады.

Қан жұқпа тобына қоздырғыштары кан ағысына қансорғыш буынаяқтылардың (бүрге, маса) шағуы кезінде түсетін, сөйтіп, негізінен, қанда орнығатын қоздырғыштары бар аурулар жатады. Бұл ауруларға - бөртпе сүзек, безгек, оба жатады.

Сырткы қабат (жамылғыш) жұкпалары-сау адамның шырышты қабыкшасы немесе керісінше ауру тудыратын қоздырғыштардың түсуі нөтижесінде жұғады. Қоздыр-ғыштардың берілу факторлары төсек жайма заттары, киім, ыдыс-аяқ, су, шырышпен, ірумен немесе кабыкпен ластану. Жара жұқпа жарақат нөтижесінде сыртқы жамылғыш қабат тұтастығының бұзылуы төн. Сыртқы жамылғыш қабат жұкпасына - түйнеме, туляремия, саңырауқұлақтық аурулар жатады.

Өте ауыр өтетін, өлім жағдайы көп кездесетін жөне жүғудың жоғары деңгейімен, яғни адамдар арасында тез тарау кабілеттілігімен (жоғары контагиозды) сипатталатын ауру аса қауіпті жұқпа деп аталады. Бұған: оба, тырысқақ, шешек жатады.

Осы бетте тұмау, А, В, С, Е, Д, G вирусты гепатиттері, кене энцефалитеті жұқпалы аурулары туралы мәліметтер ұсынылған.

Санитарлық тазалау ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР АЙМАҒЫНДАҒЫ АУМАҚТЫ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ -ТЖ туындауы салдарынан қалыптасқан, шығу тегі органикалық және органикалық емес, қауіп төндіретін өнімдерді және заттарды іздестіру мен жинау жөніндегі ТЖ-ны жою құралдары мен арнайы күштері бөлімшелерінің әрекеттері, бұған аталған өнімдер мен заттарды арнайы бөлінген орынға көму, сонымен қатар олардың жатқан жерлерін залалсыздандыру да кіреді. АЙМАҚТАҒЫ САНИТАРЛЫҚ КҮЗЕТ -ел аймағына шет елден карантинді және басқа да жұқпалы ауруларды алып кірудің алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ -жеке құрамның, ТЖ жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау мақсатымен ТЖ (аудан) аймағында өткізілетін іс-шаралар кешені, олар төмендегідей жолдармен іске асырады: олардың денсаулық жағдайына медициналық бақылау жасау; тамақпен, сумен қамтамасыз етудің, аумақтың санитарлық жағдайын, таза емес заттарды жоюдың, өлген адамдар мен жануарларды көму орындарының жағдайларын санитарлық қадағалау (тұрақты мекенжайдан тыс жерлер), ТЖ аймағының (аудан) жағдайын санитарлық-гигиеналық тұрғыдан бағалау; ТЖ жоюға қатысушылар жеке құрам мен тұрғындар денсаулығына жағымсыз факторлардың әсеріне болжам жасау және осы әсерлерді жақсарту жөніндегі ұсыныстар әзірлеу; гигиеналық тәрбие жүргізу іс-шараларының кешені. Ж АЙМАҒЫНДАҒЫ САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ЖАҒДАЙ -тұрғындардың еңбекке жарамдылығы мен ауруға шалдығу деңгейі, оларды тіршілікпен қамтамасыз ету құралдары, аймақтың және гигиеналық тұрғыдан маңызды мәнді объектілердің санитарлық жағдайы, санитарлық-гигиеналық іс-шараларды өткізу жағдайларының кешенді сипаттамасы. Санитарлық-гигиеналық жағдай қанағаттандырарлық (жағымды), тұрақсыз, қанағаттандырарлықсыз (зиянды) және төтенше болуы мүмкін. Жағымды ахуал: өлген адамдар мен жануарлардың көмілмеген мәйіттері, гигиеналық тұрғыдан маңызды объектінің жаппай қирауының болмауы; аймақтың, сумен қамтамасыз ету объектілерінің санитарлық қанағаттандырарлық жағдайы; коммуналдық тұрмысқа жайлылық, барлық санитарлық-гигиеналық кешенді іс-шараларды сапалы өткізу; жаппай жұқпалы емес аурулар мен уланудың болмауы. Тұрақсыз ахуал: ауру деңгейінің орташа өсуі немесе жекеленген аурулар (уланулар) түрінің пайда болуы, жануарлардың жаппай қырылуы: өлген адамдар мен жануарлардың көмілмеген мәйіттері; тамақтану және сумен қамтамасыз ету, экономика объектілерінің, аймақтың санитарлық қанағаттандырарлықсыз жағдайы; ТЖ ауданының радиобелсенді ластанған немесе биологиялық, химиялық зақымданған аймақтардың немесе көздердің тікелей жанында орналасуы. Жағымсыз ахуал: тұрғындар арасында жаппай зақымдану немесе уланудың білінуі немесе зиянсыз қорытынды мен ауыр клиникалық ауыр жағдайларға апаратын жұқпалы емес аурулардың түрлері; радиобелсенді ластану немесе химиялық, биологиялық зақымданудың білінуі; өлген адамдар мен жануардың көмілмеген мәйіттерінің айтарлықтай көптігі; аймақтың, өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық объектілерінің қанағаттандырарлықсыз санитарлық жағдайы. Төтенше ахуал: зардап шеккен тұрғындар арасында олардың өмірі үшін қауіпті аурулардың (уланудың) өте қысқа мерзімде бірден артуы; ТЖ аймағында күшті уландырғыш, радиобелсенді немесе биологиялық қауіпті заттардың бірден шығуы (шығарындысы) ; көмілмеген адамдар мен жануарлар мәйіттерінің өте көп кездесуі; аймақтың қанағаттандырарлықсыз санитарлық жағдайы (сумен қамтамасыз ету мен кәріз жүйесінің бұзылу) . САНИТАРЛЫҚ-ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ (ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ) ІС-ШАРАЛАРЫ -жаппай таралған жұқпалы емес ауруларды (улануды) жоюға және жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуын болдырмауға, мекен ету ортасы факторының адамға беретін қауіпті әсерін жоюға немесе азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, әкімшілік, инженерлік-техникалық, медициналық-санитарлық, малдәрігерлік және басқа да іс-шаралар. ТЖ САНИТАРЛЫҚ-ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ (ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ) ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ -жұқпалы аурулардың пайда болуының алдын алу мен жоюға, сонымен қатар ТЖ аймағында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың бірден төмендеуі кезінде санитарлық ереже мен норманы сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, құқықтық, медициналық және індетке қарсы іс-шаралардың кешені. Оған төмендегілер кіреді: ТЖ аймағына жұқпалы ауруларды енгізудің алдын алу жөніндегі іс-шаралар; жұқпалы аурумен зақымданған адамдарды белсенді түрде анықтау, оқшаулау және оларды жұқпалы аурулар ауруханасына көшіру; жұқпалы аурудың созылмалы түрімен ауыратын адамдарды және бактерия тасымалдаушыларды анықтау; медициналық көшіру кезеңдерінде індетке қарсы тәртіпті сақтау; зақымдану қаупі бар адамды табу және оларға бақылау ұйымдастыру, оқшаулау, шектеу қою іс-шаралары: дезинфекция, дезинсекция, дератизация; ерекше және жедел алдын алу іс-шаралары; санитарлық-ағартушылық жұмыстар.

Дезактивация

Дезактивация - әскерлерді радиоактивтік заттардың әсерінен (зақымынан) сактау максатымен каружарақтан, киім-кешектен, азық-түліктен, судан, корғаныс бекіністерінен және т. б. уланған объектілерден радиоактивті заттарды кетіріп, кауіпсіздік дәрежеге жеткізу. Дезактивация механикалық және химиялық тәсілмен жүргізіледі. Механикалық тәсілмен дезактивациялау уланған аудандарда немесе одан жаңа ғана тыққан бөлімдердің өзінде жүргізіледі. Бұл жағдайда уланған объектілердегі әскерлер болатын жерлердегі радиоактивтік заттар жойылады, ал кару-жарақ түгелдей дезактивацияланады. Механикалық тәсіл мынадай жоддармен жүргізіледі: уланған қару-жарак пен әскери техниканы жуу немесе сүрту, уланған бөлшектерді дезактивациялаушы затқа малынған шүберектермен, кендірмен сүрту, уланған киім-кешекті қағу, щеткамен тазалау, уланған жердің, қардын, азык-түліктің бет жағын алып тастау және т. б. Химиялық тәсіл толық дезактивация жүргізгенде колданылады. Бұл тәсіл закымданған жерлердегі радиоактивті заттардын қауіптілігін жояды. Дезактивациялауға СФ-2 немесе СФ-24 ұнтақтарының судагы ерітінділері қолданылады. Толық дезактивация тек қана уланбаған аудандарда бөлімшелердің өзінде немесе арнаулы пункттерде лауазымы үлкен командирдің үйғаруымен ұрыс аякталған соң немесе ұрыс толастаған кезде жүргізіледі. Дезактивациялаушы заттар материалдар мен техникалық құралдар болып екі топка бөлінеді. Материалдарға: су, топырақ, құм, дезактивациялаушы ерітінділер, құрамында жугыш касиеті бар заттар, ерітінділер және т. б. жатады. Дезактивациялаушы техникалық құралдарға автодегазадия машиналары, автоматты су құйғыш станциялар, грейдерлер, бульдозерлер, қар тазалағыш, өрт сөндіргіш машиналар, ауыл шаруашылығындағы соқалар, тырмалар және т. б. жатады. [1]

Толық дезактивация (Полная дезактивация) - зақымданған қаружарақты, ұрыс техникасы мен езге де объектілерді радиоактивтік заттардан тазарту. Қару-жарак, ұрыс техникасы мен кәлік құралдарын толық дезактивацияды оңайлату және дезактивация ерітінділерін үнемдеу үшін алдымен балшықтан, кәю жаққыштардан тазарту керек. Толық дезактивация әскерлер ұрыс міндеттерін орындап болғаннан кейін арнайы тазалау орындарында немесе тікелей бөлімшелерде табельдік және қол астындағы құралдарды пайдалана отырып жүргізіледі.

Дегазация

Дегазация - газдан тазарту, зақымдалған объектілердегі улағыш заттарды жою. Тұрақты улағыш заттармен уланған жерлерді, қорғаныс бекіністерін, соғыс техникасын, азық-түлікті, ауыз суды, т. б. зиянсыздандыру. Дегазацияны жүргізу тәсілдерінін ең тиімдісі - химиялық тәсіл: дегазациялық заттармен окшауландыру (зиянды қасиеттерін жою), дегазациялаушы ерітінділер бүрку, тұрақты улағыш заттарды ерітінділермен жуу, суға кайнату, уланған жер қабаттарын зиянсыздандыру, уланған заттарды кыздыру (балқыту), уланған жерге жанғыш материалдарды жағу. Қару-жарақтар мен әскери техника толық дегазацияланады. Әскери бөлімдерде Дегазациялық жүмыстарға Дегазациялық су сепкіш машиналар, гидропульттер, аспаптар және әр түрлі дегазациялаушы заттар қолданылады. Ерітінділер ретінде және қару-жарак пен әскери техникадағы улагыш заттарды жууға бензин, керосин, спирт, т. б. сұйық заттар қолданылады. Дегазациялық заттар белгілі бір жерді, әскери техниканы, көлік құралдарын дегазациялауға немесе техникалық тәсілмен жердің, қардыд уланған қабаттарын ысыруға пайдаланылады. Бұл жүмыстарға автотараткыш станциялар, аспалы дегазациялық аспаптар және жол машиналары (грейдерлер, бульдозерлер, қар тазалағыштар, су себетін машиналар, скреперлер т. б. ) колданылады.

Көлемі аз дегазациялық жүмыстарды жаяу әскерлер көбінесе механикалық тәсілмен жүргізеді. Дегазациялаушы заттарға хлорлы әк, кальций гипохлоритінің тұздары, сілті, т. б. жатады. Дегазациялық заттарды дайындауға керекті Жфел дегазациялық еріткіш - 1 пайыздық дихлорамин ерітіндісі немесе 5 пайыздық гексахлормеламиннің дихлорэтанды ерітіндісі. Бұл еріткіштер ипритті, азотты ипритгі, люзшті зиянсыздандыруға және кару-жарақ пен әскери техникалардағы бактерияларды дегазациялау мен дезинфекциялауға колданылады. Н2 дегазациялық еріткіштер нерв жүйесін салдықка ұшырататын улағыш заттарды зиянсыздандырады. Қарсыластың химиялық және бактериологиялық шабуылынан кейінгі зардапты жәю үшін сол жерді дегазациялайды және дезинфекциялайды. Дегазациялық жүмыстарды жүргізуге бөлімдер мен бөлімшелердің адам құрамы пайдаланылады. [1]

Дезинфекция

Дезинфекция (залалсыздандыру) - бұл жұқпалы аурулар мен бактериалдық қоздырғыштардың, вирустық этиологиялардың (тұрғын жайдың үстінен, инвентарларды, қондырғыларды немесе микробтарды, вирустарды, күнделікті қолданатын заттарды препарат ерітіндісімен жуу арқылы жоюдың) алдын-алу шаралар кешені.

Дезинфекция кешеніне алдын-алу, жойғыштық өңдеу және қорытындылау дезинфекциялары жатады:

алдын-алу дезинфекциясы жұқпалы ауру көздері болмай тұрған кезде жасалады

жойғыш дезинфекциялық өңдеу кез келген заттың үстінен жүргізіледі, шикізаттың, азық-түліктің, және басқа да микроорганизмдермен зақымдалған, сол сияқты эпидкөрсеткіштері бар болса

қорытынды дезинфекция микроорганизмдерді жою, өңдеу жүргізілген жердегі токсикалық және аллергиялық өнімдердің жарамдылығын байқау мақсатында жүргізіледі

Дезинфекцияның тиімділігіне әртүрлі факторлар әсер етеді, олардың әрқайсысы залалсыздандыру процесінің тиімділігін төмендетеді.

Атап айтқанда, дезинфекцияның тиімділігіне әсер етеді:

дезинфекция құралдарының әртүрлігі микрорганизмдердің биологиялық орнықтылығына

дезинфектанттың физика-химиялық қасиетіне

өңдеу материалдарының сипатына

обьектідегі микробтың жаппай таралуына

әсер ету уақытына (экспозициясына)

Дезинфекциялауға механикалық, физикалық, химиялық және араласқан әдістер қолданылады. Обьектілерді өңдеу әртүрлі тәсілдермен жүзеге асады: ысқылаумен, жуумен, камераларда дезинфекциялайтын агенттер әсерімен және тағы да басқа әдістермен, сол сияқты дезинфекция жасайтын арнайы препараттар таңдау, лабораториялық зерттеулердің алдыңғы деректерімен байланысты болып, ол соңғы нәтижеге тікелей әсер етеді.

Дератизация - алдын-алу және жойғыш шаралар жүйесі, кеміргіштердің санын азайту мен эпидемиологиялық жағдайда өте қауіпті және экономикалық шығындар әкелуін жоюға бағытталған.

Синантроптық кеміргіштермен күресудің аса тиімді әдісінің негізгі ерекшелігі зиянкестермен күресу құралдары болып табылады.

Дератизациялық жұмыс екі кезеңмен жүргізіледі:

Зерттеулік

Мақсаты - кеміргіштердің орындарын, сандарын мен түрлерінің құрамын анықтау. Жұмыс жоспары мен материалдық құралдар шығыны. Арнайы әдістер мен нысаналы бақылау құралдары.

Жойғыштық

Мақсаты - обьектідегі кеміргіштердің көп санын жою, обьектінің барлық аумағында жойғыш шараларын жүргізу, қолданылған әдістер мен түрлерінің технологиялары мен тиімділігін сақтай отырып, толық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жойғыштықтың арнайы әдістерін пайдалану керек:алдамшы, алдамшы емес және механикалық. Жойғыштық құралдарды егеуқұйрықтың көп жиналған жерлеріне, үй тышқандарының тығылған жерлеріне пайдалану керек. Жойғыштық технологияның кезеңдері кеміршігтерге қарсы жаңа родентициялық құралдардың өткір және созылмалы әсерін пайдалану керектігімен қарастырылған.

Жүргізілген жұмыстың тиімділік есебінің кезеңі

Жүргізілген жұмыстың тиімділік есебінің кезеңі өтініш берушінің жауапты тұлғасының қатысуымен және бақылаумен жүзеге асырылады.

Жойғыш дератизацияны кеміргіштердің көктем кезіндегі жасылдың жаппай көп шығуы салдарына байланысты және күзде жасыл таралып жайылуы есебімен байланысты өте көп тараған кезінде жүргізуге кеңес беріледі.

ДЕЗИНСЕКЦИЯ

ДЕЗИНСЕКЦИЯ (дез . . . және лат. інсецта - жәндік) - ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді жою үшін мал фермаларында, құс фабрикаларында, ет комбинаттарында, қоймаларда, т. б. қолданылатын малдәрігерлік-санитарлық шаралардың бірі. Дезинсекцияның мақсаты - ауру қоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне жол бермеу. Дезинсекцияның физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық әдістері бар. Физикалық әдісті қолдану кезінде ыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеу, жоғары тербелісті ультраток, иондаушы сәулелердің әсерін пайдалану арқылы ұсақ жәндіктерді жояды. Механикалық әдісті қолдану кезінде есік-терезе торланып, қоражай көң-қоқыстан тазартылады. Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жою үшін улы препараттар (ДДТ, гексахлоран, хлорофос, нафталин, анабазин, күкіртті газ, т. б. ) қолданылады. Биологиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жоюға құс, балық, микроорганизмдер пайдаланылады. Дезинсекция арнайы мекемелер мамандарының бекітуімен белгіленген ережеге сай жүргізіледі. Әдетте Дезинсекциялық шаралар дератизациямен қатар орындалады.

Дератизация

Дератизация (де . . . және лат. рат - егеуқұйрық) - індет ауруларын тарататын кеміргіштерге (егеуқұйрық, тышқан, т. б. ) қарсы күрес. Дератизация кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың (оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т. б. ) қоздырғыштарын дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі. Сақтандыру үшін тұрғын үйлер мен ғимараттардың астындағы жертөлелерді, қоймаларды, мал мен құс қораларын таза ұстап, азықты тышқан кіре алмайтын қоймаларда сақтайды. Тышқан інін бітейді. Су кемелері тоқтайтын порттарда басқа шет елдерден ауру жұқтыру қаупі бар кеміргіштер тарап кетпеуі үшін халықар. тазалық ережелері мұқият сақталуы керек. Дератизация жүргізгенде механикалық (тор, тұзақ, қақпан қою, т. б. ) ; биологиялық (ит, мысықпен ұстау, оларды қыратын микробтарды пайдалану) ; химиялық (улы зат, газдар пайдалану) әдістері қолданылады. Әдетте улы, еліктіргіш заттар ретінде крысид, цинкфосфид, зоокумарин, дифторан, стрихнин, фторацетамид, күкіртті ангидрид, т. б. пайдаланылады. Дератизация жұмыстарын қалалар мен жергілікті жерлерде Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттіктің қызметкерлері, арнайы мед. мекемелер (СЭС, дезостанса), өсімдік қорғау мамандары мен агрономдар атқарады. Дератизация жасалған жерде темекі тартуға, тамақ ішуге болмайды.

Дератизация - егеуқұйрықтар мен тышқандарға, атжалмандар мен суырларға, сондай-ақ саршұнақтарға және т. б. зиянды кеміргіштерге қарсы қолданылатын алдын алу шараларының жүйесі. Алдын алу (профилактикалық) шаралары санитарлық-гигиеналық және санитарлық-техникалық болып бөлінеді. Санитарлық-гигиеналық шараларға: тұрғын үйлерді, қоймалар мен сауда саттық орындарын, мал қораларын және құрылыс маңындағы жер телімдерін таза ұстау, сондай-ақ тамақ өнімдерін кеміргіш зиянкестер тимейтін жерде сақтау, тағамның қалдықтары мен қоқыстарын мұқият жинап, тазарту (тағамның қалдықтары мен қоқыстарды беті жабық ыдысқа салу), тұрғын үйлер мен оның подвалдарын қоқырсытпау жатады. Ал санитарлық-техникалық шаралардың мақсаты - тұрғын үйлерде, қоймалар мен сауда орындарында, мал қораларында кеміргіштердің пайда болуына жол бермеу. Ол үшін подвалды үйлердің есіктері қиюына келтіріліп, тығыз жабылуы тиіс; сондай-ақ терезелер әйнектеліп, құбырлар енетін саңылаулары цементпен бітеліп, желдеткіштердің тесіктері де 5 мм-лік ұяшығы бар торлармен жабылуы қажет. Кеміргіштерді жою шаралары механикалық, химиялық және биологиялық тәсілдермен жүргізіледі. Механикалық шараларға әр түрлі қақпандар мен ұстағыштар жатады. Қақпандардың серіппелі үлкен (егеуқұйрықтарға арналған) және кішкене (тышқан қақпан) түрі коп қолданылады. Химиялық тәсілге уланған жемді пайдалану жатады; у ретінде көбіне зоокумарин қолданылады. Ал биологиялық тәсілмен кеміргіштерге қарсы күрес жүргізгенде олардың табиғи жаулары мысықтар мен егеуқұйрық ұстайтын иттерді пайдалана Карантин - ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі.

Карантин

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұқпалы аурулардың негізгі топтары мен бактериологиялық зақым ошағына сипаттама. Карантин және обсервация туралы түсінік
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы
Жұқпалы аурулар
Жалпақ жапырақтылардың жапырақ зиянкестері
Биологиялық ластану
Төтенше жағдайлар (топтасуы және жалпы ұғымдар)
Медицина жетістіктеріндегі, дәрігердің тәжірибесінде медициналық микробиологияның қосқан үлесі
Оба ауруының таралу жолдары
Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдай. Биологиялық қару, эпидемия, жұқпалы аурулар
Биологиялық ластану және халық денсаулығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz