Денсаулыққа қасақана қарсы қылмыстар



КІРІСПЕ

1 ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАСАҚАНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1.1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың сипаттамасы
1.2 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
1.3 Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру
1.4 Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру


ҚОРЫТЫНДЫ
Осы жұмыстың өзектілігі. Жеке азаматтың денсаулығына қарсы қылмыстардың маңыздылығын ашып көрсету және де оның қоғамдағы орны мен ерекшелігі туралы толық мәлімет беру.
Әрбір жеке адамның денсаулығы – ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. «Денсаулық дегеніміз – адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі» яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы – адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.
Осы жұмыстың ғылыми зерттелу деңгейі. Қылмыстық құқықтық ғылымда денсаулыққа орташа дәрежеде зиян келтіруге байланысты қылмыстардың түрлі аспектілеріне көп көңіл бөлінген. Осы мәселелерді шешуге үлес қосқандар: Рахметов С.М., Алауханов Е.О., Борчашвили И.Ш., Данилин И.Н., Ефимов М.А., Ағыбаев А.Н., Гаухман Л.Д., Абельцев С.Н., Абсатаров Х.Х., Абдрашит А.А., Иванов В.Д., Алексеев М.А., Авдеев Ю.И., Матышевский П.С., Горшенков Г.Н.
Осы мәселеге ғалымдардың ойларының көпжақтылығы және ғылымда жеткілікті дәрежеде жетілмегендіктен құқық қолдану тәжірибеде қиындық туғызады.
Осы жұмыстың мақсаты мен міндеттері – Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексі бойынша денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру қылмысын зерттеу және оның мазмұнын ашу, оған криминологиялық сипаттама беру.
Қылмыстық заң адам өмірі мен оның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға үлкен мән беріп отыр.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ

1 ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАСАҚАНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1.1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың сипаттамасы
1.2 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
1.3 Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру
1.4 Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру

ҚОРЫТЫНДЫ

Кіріспе

Осы жұмыстың өзектілігі. Жеке азаматтың денсаулығына қарсы қылмыстардың маңыздылығын ашып көрсету және де оның қоғамдағы орны мен ерекшелігі туралы толық мәлімет беру.
Әрбір жеке адамның денсаулығы - ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. Денсаулық дегеніміз - адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы - адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.
Осы жұмыстың ғылыми зерттелу деңгейі. Қылмыстық құқықтық ғылымда денсаулыққа орташа дәрежеде зиян келтіруге байланысты қылмыстардың түрлі аспектілеріне көп көңіл бөлінген. Осы мәселелерді шешуге үлес қосқандар: Рахметов С.М., Алауханов Е.О., Борчашвили И.Ш., Данилин И.Н., Ефимов М.А., Ағыбаев А.Н., Гаухман Л.Д., Абельцев С.Н., Абсатаров Х.Х., Абдрашит А.А., Иванов В.Д., Алексеев М.А., Авдеев Ю.И., Матышевский П.С., Горшенков Г.Н.
Осы мәселеге ғалымдардың ойларының көпжақтылығы және ғылымда жеткілікті дәрежеде жетілмегендіктен құқық қолдану тәжірибеде қиындық туғызады.
Осы жұмыстың мақсаты мен міндеттері - Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексі бойынша денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру қылмысын зерттеу және оның мазмұнын ашу, оған криминологиялық сипаттама беру.
Қылмыстық заң адам өмірі мен оның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға үлкен мән беріп отыр. Оны 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде 1959 жылғы ҚазКСР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміне қарағанда қарағанда жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың өзге қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстардың ішінде бірінші болып орналасуынан және жеке тұлғаға қарсы қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жазалардың өзге қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жазаларға қарағанда ауырлығынан көруге болады .

1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері

1.1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың сипаттамасы
Әрбip жеке адамның денсаулығы -- ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Ceбeбi адам ден - саулығы -- оның нeгiзгi байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселсі -- жалпы мемлекеттің, қоғамның, әpбip азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшeci денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі 6ip шаралар қолданып, қоғам үшін біршама ceптiгiн тигізуі керек. Қaзipгi кезде мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес денсаулықты сақ - тау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленген, осы бағдарлама бойынша ҚР Денсаулық сақтау ici жөніндегі агентігі жұмыс icтeп отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының Адам және Азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының ден - саулық сақтауға құқығы бар. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының азаматтары заңмен белгіленген тегін әpi кепілді медициналық көмектің барша түрін алуға құқылы. "Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі" делінген. Осыған орай азаматтардың денсаулығын нығайту, айналадағы қоршаған ортаны сақтау шараларын жүзеге асыру мақсатында, әcipece өciп келе жатқан жасөспірімдердің денсаулығын сақтау үшін мемлекеттік және жеке емдеу мекемелері заңға сәйкес ақылы түрде не тегін медициналық жәрдем көрсетуді жузеге асырып отыр[2, 120 б.]
Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. Ден - саулық дегеніміз -- адам организмінің дұрыс әpi қалыпты жұмыс icтeyi. Яғни, адам организмінің әpбip органы, әpбip мүшeci сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бip функцияларды атқаруы. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі -- бұл қылмыстарды жасаған кезде, бip адам екінші бip адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қayiптi іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктермен айырады. Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі -- оның міндетін әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіру мүмкін, сондай-ақ әскери немесе басқа да арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау -- тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де үлкен за - лал болып табылады. Яғни, жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан, оның жақын туысқандарына да белгілі бip көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы -- адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі бай - лығы болып табылады.
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы қылмысқа қандай қылмыстар жататыны нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар жатады:
1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); 2) денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру (104-бап); 3) денсаулыққа қасақана женіл зиян келтіру (105-бап); 4) ұрып - -соғу (106-бап); 5) азаптау (107-бап); 6) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап); 7) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап); 8) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап); 9) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап); 10) қорқыту (112-бап); 11) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын-тінін алуға мәжбүр ету (113-бап); 12) медицина қызметкерін кәciптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап); 13) соз ауруларын жұқтыру (115-бап); 14) адамның иммун тапшылығы вирусын жұктыру (116-бап); 15) заңсыз аборт жасау (117-баптын 4-тармағы); 16) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап); қayiптi жағдайда қалдыру (119-бап) [3].
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объектісін, объективтік жағын, субъектісін, субъективтік жағын жеке-жеке талдайық.
Дене жарақатының объектісі -- бөгде адамның қалыпты ден - саулығы болып табылады.
Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтік жағы -- басқа адамның денсаулығына, құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян келтірумен көpiнic табады. Көбінесе дене жарақаты әрекет арқылы жасалынады. Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтсақ., механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен, (токпен ұру), термикалық веер ету (организмге инфекциялы ауруларды жұктыру) арқылы, сонымен қатар психикалық әсер ету арқылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқылы дене жарақатын келтіреді. Әрекетсіздік арқы - лы да дене жарақаты келтірілуі мүмкін, егерде белгілі бip адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса.
Кейбір кездері дене жарақатын келтіру қылмыстық жауаптылықтан босатылуға негіз болып табылады, егер бұл жарақат мәжбүрлік қажеттілік жағдайында, яғни емдеу мақсатында болса. Мысалы, егер жәбірленуші өзінің организміне хирургиялық операциялар жургізуге келісімін берсе, онда хирургтар осы хи - рургиялық операциялардан туындайтын белгілі 6ip зардаптарға жауап бермейді, ceбeбi жәбірленуші хирургиялық операциялардан туатын салдарға қарсы болмады. Дене жарақатын келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алуы мумкін. Спорттың нақты түріне қатысты жалпы ережені сақтамау салдарынан туған дене жарақаты денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде сараланады. Мысалы, футбол кезінде футбол ережесін өрескел бұзған кінәлі бөгде адамға дене жарақатын келтірсе, онда онын әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде танылады.
Дене жарақатын келтірудін субьективтік жағы 2 нысаннан тұрады: 1) қасақана (тікелей және жанама), 2) абайсызда (менмендік және немқұрайылдық). "Тікелей қасақана дене жарақа - тын келтіру бip адамның екінші бip адамға дене жарақатын келтіpyдi тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінәлі сондай зардаптың болуын тилемейді, бipaқ оған саналы түрде жол береди. Абайсыздық нысанының өзінде сенімділік түрінде кінәлі өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туатын салдардын, яғни дене жарақатынын болуын көре алады, бipaқ ол салдар бола қоймас - ау деген өзше сенімділік ниетте болады, немқұрайдылық түрінде адам дене жарақатынын болатынын көре алмайды, бipaқ көруге тиісті болатын.
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың субьектілері туралы мәселеге тоқталайық.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінін 15 - бабының 2 - тармағында көрсетілген дене жарақатын салумен бай - ланысты мына қылмыстарды жасаған eci дұрыс субьектілер үшін 14 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); 2) ауырлататын мән - жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіру (104-баптың 2-тармағы).
Ал мына дене жарақаттарын салғаны үшін заң бойынша eci дұрыс субьектілер үшін 16 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап); 2) ұрып-соғу (100-бап); 3) азаптау (107-бап); 4) денсаулыққа жан күйзеліс жағдайында зиян келтіру (108-бап); 5) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап); 6) қылмыс жаса - ған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап); 7) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап); 8) қорқыту (112-бап); 9) соз ауруларын жұктыру (115-бап);10)адамның иммун тапшылығы 11)вирусын жұқтыру (116-бап);12)зансыз аборт жасау (117-бап); 13) қayiптi жағадайда қалдыру (119-бап).
Ал мына төмендегі дене жарақаттарын салумен байланысты қылмыстарды жасағанда дұрыс арнаулы субьектілер заң бойынша жауапкершілікке тартылады: 1) заңсыз аборт жасау (117-бап); 2) медицина кызметкерің, өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап); 3) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету (113-бап); 4) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап). Осы жоғарыдағылардан айқын болғандай кейбір дене жарақатын салған eci дұрыс субьектілер үшін 14 жас, ал кейбір субьектілер үшін 16 жас.
Сонымен қатар дене жарақаты қылмысын жасайтын арнау - лы субьектілер де бар[4,109-110б.].
Енді ауыр дене жарақатын салу түсінігі мен түрлеріне тоқталайық. Жалпы денеге жарақат түcipy деп бөгде адамның ден - саулығына қасақана заңсыз түрде немесе абайсыз денедегі ұлпалардың анатомиялық тұтастығын бүлдіру жолымен, әйтпесе басқа жолмен оның ағзаларының дұрыс жұмыс icтeyiн бұзу арқылы зиян келтіруді айтамыз.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ұғымына келетін болсақ, ол былай делінген: "Адамның өмipiнe қayiптi немесе көруден, тілден, естуден, қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет әлпетінің қалпына келместей бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана-ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмipгe қayiптi немесе еңбек қaбiлетінің кемінде үштен бipiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен, денсаулықтың бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру[5].

1.2 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
Осы 103-баптың 1-тармағын талдап, тоқталып өтейік : Денсаулыққа келтірілген зиянды сот-медициналық бағалау Ережесі 1998 жылы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің № 240 бұйрығымен бекітілген. Осы Ережеге сәйкес :
а) Адамның өміріне қауіпті зиынға - миға зақым келтірілместен бас сүйегіне келтірілген жарақат, бас сүйектерінің ашық немесе жабық сынуы ; ауыр дәрежедегі мидың зақымдануы ; өмірге қауіпті түрде миға қан құйылуы ; бел омыртқаны ауыр зақымдау , адамның іш құрылысын, ас қорыту, зәр шығару органдарын жарақаттау, ауыр дәрежеде күйдіру т.б. жарақаттар келтірулер жатады. Өмірге қауіпті жарақаттың тізбегі жоғарыда айтылған Ереженің 7-тармағында тұтастай көрсетілген.
б) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан көруден айрылу - бұл адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру салдарынан адам көре алмайтын жағдайға душар болады. Айтып кететін бір жәйт, адамның көре алмауы емделусіз болуы керек, уақытша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі және субъективтік жағы
Қасақана зиян келтірудің себептері
Қылмыстық құқықтық пәні, түсінігі
Ауыр және аса ауыр қылмыстар
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік белгілері
ӨМІРГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Әртүрлі дәрежедегі ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіретін қылмыстар
Адам өлтіру - материалдық құрамға жататын қылмыс
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Қылмыстың ұғымы мен белгілері
Пәндер