Тобыл алабы өзендерінің соңғы онжылдықтардағы су ресурсын бағалау


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

Географияжәне табиғатты пайдалану факультеті

Метеорология және гидрология кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ТОБЫЛ АЛАБЫ ӨЗЕНДЕРІНІҢ СОҢҒЫ ОНЖЫЛДЫҚТАРДАҒЫ СУ РЕСУРСЫН БАҒАЛАУ

Орындаушы:

4 курс студенті Е. Қ. Тастанов

Ғылыми жетекші:

г. ғ. к., доцент Л. К Махмудова

Норма бақылаушы:

оқытушы Ж. А. Жанабаева

Қорғауға жіберілді

“___”2012 ж.

Кафедра меңгерушісі:

г. ғ. к., доцент Жүсіпбеков Д. Қ.

Алматы 2012

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыстың тақырыбы Тобыл алабы өзендерінің соңғы онжылдықтардағы су ресурстарын бағалау.

Дипломдық жұмыс 62 беттен, 13 кестеден, 29 формуладан, 5 суреттен тұрады.

Негізгі қолданылатын сөздер: су өтімі, су деңгейі, ағынды, ағынды модулі, ағынды қабаты, ағынды көлемі, экстраполяциялау, су жинау алабы, тұстама, су айрық сызығы, сабалық кезең, өзен арнасы, бекет, қамтамасыздық қисығы, өзен аңғары, вариация коэффициенті, асимметрия коэффициенті, корреляция, регрессия, репрезентативтік кезең, орташа квадраттық ауытқу, ұқсас-өзен, ағынды үлестірімі.

Зерттеу нысаны - Тобыл, Аят, Тоғызақ, Сынтасты, Түнтүгір, Ұбаған өзендері.

МАЗМҰНЫ
б.
:
: КIPIСПЕ . . .
б.: 4
: 1
: ТОБЫЛ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ . . .
б.: 5
: 1. 1
: Жер бедері . . .
б.: 5
: 1. 2
: Геологиялық құрылымы . . .
б.: 6
: 1. 3
: Топырақ жамылғысы . . .
б.: 7
: 1. 4
: Өсімдік жамылғысы . . .
б.: 8
: 1. 5
: Климаты . . .
б.: 8
: 1. 5. 1
: Ауа температурасы . . .
б.: 9
: 1. 5. 2
: Жел . . .
б.: 10
: 1. 5. 3
: Жауын-шашын . . .
б.: 10
: 1. 5. 4
: Қар жамылғысы . . .
б.: 10
: 1. 6
: Гидрографиясы . . .
б.: 12
: 1. 6. 1
: Бекеттердің сипаттамалары . . .
б.: 16
: 2
: БЕТТІК АҒЫНДЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨЗЕНДЕРДІҢ УАҚЫТША СУАҒАРЛАРДЫҢ, КӨЛДЕРДІҢ СУ РЕЖИМІ . . .
б.: 18
: 2. 1
: Ағындының қалыптасу жағдайы . . .
б.: 18
: 2. 2
: Өзендер мен уақытша суағарлардың режимі . . .
б.: 20
: 2. 3
: Көлдердің деңгейлік режимі . . .
б.: 23
: 3
: ТОБЫЛ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ БЕТТІК СУЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛГЕНДІГІ . . .
б.: 25
: 3. 1
: Тәжірибелік гидрологиялық зерттеулер . . .
б.: 25
: 3. 2
: МГИ гидрологиялық зерттеулер . . .
б.: 26
: 3. 3
: Өзендер ағындысы мәліметтерін бағалау . . .
б.: 30
: 4
: ТОБЫЛ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ҚАЛЫПТЫ АҒЫНДЫСЫН БАҒАЛАУ . . .
б.: 31
: 4. 1
: Қалыпты жылдық ағынды гидрологиялық бақылау қатары жеткіліксіз болған жағдайда анықтау . . .
б.: 32
: 4. 2
: Есептік кезеңді таңдау . . .
б.: 45
: 4. 3
: Ықтималдық үлестірім қисығының параметрлері . . .
б.: 49
:

5

5. 1

:

ТОБЫЛ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ЖИЫНТЫҚ СУ РЕСУРСЫ . . .

Жиынтық су ресурсын бағалаудың жалпы қағидалары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

б.:

59

59

61

:
: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
б.: 62

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Тобыл алабы өзендерінің соңғы онжылдықтардағы су ресурсын бағалау.

Дипломдық жұмыста Тобыл өзені - Қостанай қаласы және ұқсас-өзендер: Тобыл өзені - Гришенка селосы, Тоғызақ өзені - Тоғызақ бекеті, Сынтасты өзені - Маринское селосы, Аят өзені - Варваринка селосы, Үй өзені - Степное бекеті, Обаған өзені - Ақсуат ауылы, Түнтүгір - 376 км Қарағанды тж/в бойынша жылдық су өтімдері мәліметтері арқылы ұқсас-өзендер мен негізгі өзеннің арасындағы байланысты тауып, бақылау деректері жоқ жылдардағы ағындыны қалпына келтіріп, жылдық қалыпты ағындыны және вариация, ассиметрия коэффициенттерін анықтау керек. Сонымен қатар, үлестірім қисығы тұрғызылып, оның параметрлері және дәлдіктері анықталды.

Тобыл өзені Кар теңіз алабының батыс бөлігіне жатады. Өзен Қазақстанның солтүстігінде орналасқан. Климаты шұғыл континентті. Қарастырылып отырған аймақтың геологиялық құрылымы өте күрделі. Солтүстік пен оңтүстікте табиғи биік кедергілердің болмауы салдарынан оның территориясы Қазақстан мен Орта Азияның шөлдерінен жылы құрғақ субтропикалық ауа массалары мен суық, ылғалы аз, меридиандық бағытта қозғалатын арктикалық ауа массаларының орын ауыстыруына қолайлы. Қарастырылып отырған аумаққа ыстық, құрғақ жаз бен суық, қары аз қыс тән.

1 ТОБЫЛ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

  1. Жер бедері

Қостанай облысының территориясын жарым-жартылай кең Батыс Сібір жазығы, ал қалған бөлігін Тұран ойпаты алып жатыр.

Жер бетінің құрылысына байланысты қарастырылып отырған территорияны 4 сипатты ауданға бөлуге болады: 1) Орал үстіртінің бөлігі, 2) Қостанай жазығы, 3) Торғай жазығы, 4) Қазақтың ұсақ шоқысының батыс аумағы.

Орал үстірті облыс шегінде салыстырмалы аз орынды алып, облыстың батыс бөлігінде меридиандық бағытта созылып жатыр. Үстірт дерлік жазық, кей жерлері адырлы, Тобыл өзенінің аңғарына қарай аздап көлбеген. Үстірттің ең биік бөлігі облыс шекарасында 425-230 м абс. шамасына ие. Ендік бойы бағытында үстірт бірнеше өзен аңғарларымен (Үй, Тоғызақ, Аят, Сынтасты және тағы басқа) бөлінген. Шұңқырлық төмендеуде үстірт бетінде әртүрлі форма мен мөлшердегі көптеген көлдер орналасқан, көлдердің көп бөлігі тұщы. Ең үлкен көлдер (су айдынының ауданы 5-10 км 2 дейін) негізінен үстірттің солтүстік бөлігінде (Тоғызақ және Үй өзендері алаптарында) және Тобыл өзенінің жоғарғы бөлігінде орналасқан.

Қостанай жазығы облыстың солтүстік бөлігін алып жатыр және Батыс Сібір жазығының үлкен емес бөлігі болып табылады. Батысында ол Орал үстірті құламасымен, шығысында Көкшетау қыраты жоталарымен шектелген. Жазықтың беті жазық немесе кішкене толқынды. Биік жерінің абс. шамасы 170-200 м. Бұл жазықтың жер бедерінде ойпат жерлер көп орналасқан. Осы ойпаттарда көптеген кішігірім тұзды және тұщы су қоймалар бар. Бұл жерде өзен желісі жақсы дамыған: үлкен суағарлардан жазықты оңтүстіктен солтүстікке қарай тек Тобыл мен Ұбаған өзендері ғана кесіп өтеді.

Торғай жазығы облыстың орталығы мен оңтүстік бөлігін алып жатыр және оңтүстікте Тұран ойпатының шөлдерінен солтүстікте Батыс Сібір жазығына дейін ауыспалы аудан болып табылады. Батысында бұл аудан Мұғалжар таулар тізбегімен және Оңтүстік орал тауларымен, шығысында Қазақ қатпарлы аймағының бөліктерімен шектелген. Торғай жазығының солтүстік бөлігі Батыс Сібір ойпатына қарай еңістелген, ал оңтүстік бөлігі Тұран ойпатына қарай еңістелген. Торғай ойпатының өзііне тән ерекшелігі оның ежелгі Торғай-Ұбаған жырасының меридиональдық бөлінгіштігі. Оның түбінің солтүстік бөлігінде Ұбаған өзені, оңтүстік бөлігінде Торғай өзені ағып өтеді. Жыраның ең төменгі бөліктерінің биіктігі 80-100 м. Жыраның орта бөлігінде оның ені 30-40 км-ге жетеді, тереңдігі 50-100 м. Ұбаған және Торғай өзендерінің жазық төмен (абс. биіктігі 125 м-ден аспайтын) су айрықтарында бірнеше ағынсыз көлдер орналасқан, олардың ең үлкендері - Ақсуат пен Сарымойын. Торғай ойпатының жер бедері әртүрлі. Ауданның солтүстік бөлігінде ең биік қыраттар орналасқан: Қарағанытау (305 м), Жыландытау (262 м), Текетау (207 м), Қызбелтау (232 м), өздерінің етектерінен 50-80 м көтеріледі. Ойпаттың беті Қабырға, Теректі, Сары-Өзен (Сары-Торғай), Торғай және тағы басқа өзендердің аңғарларымен, сонымен қатар көптеген үлкен-кішігірім тұщы және тұзды суқоймалар шұңқырларымен тілімденген. Ең үлкен көлдер негізінен Торғай-Ұбаған жырасында орналасқан.

Қостанай облысының оңтүстік-шығыс бөлігін Қазақтың ұсақ шоқысы алып жатыр. Жекелеген қыраттар 100-500 м жетеді, ал ең биік шыңы - Ұлытау 135 м биіктікте орналасқан. Ұлытау тауының беткейлерінде және оның солтүстік сілемдерінен Торғай (Қара Торғай) мен оның көптеген салалары бастауын алады.

Бұл аймақта көлдер аз орналасқан, негізінен кіші мөлшерлі және тұщы болып келеді. Оның солтүстік аймағында бірнеше үлкен көлдер орналасқан: Сарыкөл, Алабота, Бошыкөл, Түнтігүр, Жаншұра, олардың ішіндегі ең үлкені - Қайбағар көлі (су айданының ауданы 112 км 2 ) .

1. 2 Геологиялық құрылымы

Қостанай облысы территориясында палеоген мен неоген дәуірлерінің шөгінділері ең кең таралған.

Орал үстірті терең емес орналасқан палеогендік шөгінділер (құмдақ, конгломерат, саз) мен кей жерлерде өзен аңғары баурайларында кездесетін кристалды жыныстардан тұрады.

Бұл жерде топырақ түзуші жыныстар - төрттік құмдақ-сазды, ұсақ тасты шөгінділер болып табылады.

Қостанай жазығы үштік және төрттік кезеңдегі шөгінділермен жамылған. Үштік кезеңдегі шөгінділер саз бен құм, ал кейінгі төрттік кезеңнің шіөгінділері көлдік аллювиалдық саздан, құмнан, галечниктен тұрады.

Торғай жазығы көлдеңінен немесе солтүстікке кішкене еңістікпен орналасқан, палеогеннің сазды және құмдақ тығыздалған теңіздік тұздалған шөгінділерден құралған. Бұл қабаттың төменгі қабаттары сазды, ал жоғарғы қабаттары құмдақ, галькалар мен конгломераттардан тұрады. Кей жерлерде палеоген қабаты кейінгі төрттік кезеңнің шөгінділерімен жабылған.

Бұл жерде топырақты түзуші жыныстар тұзды палеогенді шөгінділер, сонымен қатар олардың бетінде орналасқан кейінгі тұщыланған шөгінділер.

Қазақтың ұсақ шоқысының бай бөлігі жоғарыда аталған орографиялық аудандармен салыстырғанда геологиялық құрылымы өте күрделі. Ол палеозой кезеңіндегі құмдақ, тақта тастармен сипатталады. Бұл территорияның төмен бөліктері үштік және төрттік кезеңінің шөгінділерімен жамылған, соңғысына құмдасын қыртыс, саз бен құмнан тұратын тау жынысы, сонымен қатар элювиалды және делювиалды құмдақ-сазды және жарықшақталған тастар жатады.

Торғай ойпатының құмдақ-сазды шөгінділер қабатының астында соңғы жылдардың зерттеулер қорытындысы бойынша көптеген пайдалы қазбалар орналасқан.

Торғай ойпатының кен жолағының ені бірнеше км-ге жетеді және меридиандық бағыт бойынша 450-500 км-ге созылып жатыр. Осы жолақтың шекарасында Қостанай қаласының қасында магнетит кенінің үлкен кен орны табылған.

Аят өзені алабында қоңыр темір кені орналасқан (Аят және Лисаковск кен орындары) .

Облыс территориясында, сонымен қатар көмірдің бай кен орындары бар (Ұбаған, Жыланшық алабтары) . Ұбаған қоңыр көмір алабының қоры бірнеше ондаған миллиард тоннаға жетеді және сапасы бойынша бұл көмір Челябинск алабынан кем түспейді.

Амангелді ауданы боксит кен орнына бай. Боксит сонымен қатар Жоғарғы Тобылда және Құсмұрын көлі аумағында да бар. Бұдан басқа облыста кендік емес метал шикізаттары, құрылыс материалдары - асбест, отқа төзімді және кірпіш саздары, әк, құрылыс және шыны құмдары, құрылыс тастары бар.

1. 3 Топырақ жамылғысы

Қостанай облысының топырақ жамылғысы топырақ түрі және механикалық құрамының әртүрлілігімен сипатталады.

Қарастырылып отырған территорияның солтүстік бөлігінде орман мен орманды-дала зонасында қара топырақ көп кездеседі, ол барлық ауданның шамамен 30 % алып жатыр. Облыстың ең солтүстік бөлігінде орта гумусты және шалғын қара топырағы көп таралған, оңтүстікке қарай олар аз гумусты қара топырақпен ауысады.

Құрғақ дала және шөлейт аудандарда (53 c. e. -тен оңтүстікке қарай) каштанды топырақ басым болады, ол облыс территориясының шамамен 40 % алып жатыр.

Қара каштанды топырақ солтүстікке қарай орналасқан, ал ашық каштанды топырақ оңтүстікке қарай орналасқан. Ашық каштанды топырақ рельеф сипатына байланысты тұздылық дәрежесі әртүрлі.

Облыстың оңтүстік бөлігіне сұр топырақ пен қоңыр топырақ тән.

Облыс территориясында сор кездеседі. Ол Торғай-Ұбаған жырасында - Ақсуат, Сарықопа көлдері аумағында, Сары-Өзен, Торғай өзендері аңғарында көп таралған.

Өзен аңғарлары мен көл қазан шұңқырларының ылғалды бөліктеріне өзен жайылмаларының (Тобыл, Ұлу-Жыланшық, Торғай өзенінің төменгі бөлігі және тағы басқа өзендер) топырағы тән. Облыстың оңтүстік бөлігінің өзендерінің жайылмаларында шалғынды тұзды топырақ және сор кең таралған.

Топырақты оның механикалық құрамы бойынша қарастырсақ, облыс территориясының басым бөлігінде сазды топырақ кең таралған. Жетікөл аймағында және оңтүстік бөлігінде құмайт топырақ таралған.

Облыстың жеке бөліктерінде құм массивтері орын алады. Олардың ең үлкендері Владимировка, Семиозерное, Ақсуат аймақтарында орналасқан.

1. 4 Өсімдік жамылғысы

Облыстың ең ылғалды, қара гумусты солтүстік бөлігінде орманды-дала әртүрлі шөптесін шалғындар мен ауылшаруашылық алқаптары орналасқан. Салыстырмалы үлкен емес учаске түріндегі ормандар негізінде Үй, Тоғызақ, өзендерінің аңғарларында, қиыр солтүстік-шығыста кездеседі.

Ылғалдылығы аз каштанды топырақ кең таралған облыстың орталық бөлігінде бетеге-ақ селеу зонасы мен ауылшаруашылық егіс даласы орналасқан.

Ең аз ылғалданған облыс бөлігінде жусан көп өседі. Құм бархандарында сексеуіл кездеседі. Орал ойпаты мен Қазақтың ұсақ шоқысында өсімдік аз кездеседі, негізінен қынаның түрлері кездеседі.

Өзен аңғарларында әртүрлі өсімдіктер өседі: құмдақ грунтты учаскілерде дәнді өсімдіктер өседі.

Ағаш (негізінен қайың мен қарағай), бұтақ және шалғындық өсімдіктер үлкен өзендердің аңғарларына (Тобыл, Торғай және олардың салалары) ұштастырылған. Шоқ қайың төмендетілген жерлерде орналасқан. Солтүстік бөліктерінде шоқ қайыңдар жиі, ал оңтүстікте аз кездеседі.

Облыста аралды далалы қылқанды ормандар бар: олардың ең үлкендері Ара-Қарағай, Аман-Қарағай, Наурызым-Қарағай.

Ара-Қарағай қылқанды орман құмдақ топырақта орналасқан және Қостанай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан.

Аман-қарағай қылқынды орман биік жерде Құсмұрын көлінен оңтүстік-батысқа қарай орналасқан.

Наурызым-Қарағай Қазақстан жазығындағы ең оңтүстікте орналасқан далалы қылқанды орман. Оның мөлшері 210 км 2 . Ол Ақсуат көлінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан, ағаштардан - қарағай, ақ қайын, терек, көк терек өседі. Орман бұл жерде сирек және аралдардан тұрады, аралдар алқаптармен ауысып тұрады.

Бұталар негізінен өзеннің көптеген көлдер мен жасанды суқоймалардың жағалауларында, жыраларында орналасқан.

Табиғи өсімдік жамылғысы облыс шекарасында адамның шаруашылық іс-әрекетінің әсерінен өзгеріске ұшырап жатыр. Облыстың солтүстік және орталық бөлігінің 5 млн га көп жері ауылшаруашылық алқаптары ретінде пайдаланылып жатыр. Бұл алқаптарда негізінен дәнді өсімдіктер: бидай, сұлы, арпа, тары, сонымен қатар мал азықтық шөптер: жоңышқа, бидайық тағы басқа түрлері өсіріледі.

Қостанай облысының Жангелді және Амангелді аудандары мал шаруашылығымен айналысады. Мұнда жер негізінен мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

1. 5 Климат

Қостанай облысы материктің ішінде үлкен су көздерінен (мұхит, теңіз) алыс орналасқан. Солтүстік пен оңтүстікте табиғи биік кедергілердің болмауы салдарынан оның территориясы Қазақстан мен Орта Азияның шөлдерінен жылы құрғақ субтропикалық ауа массалары мен суық, ылғалы аз, меридиандық бағытта қозғалатын арктикалық ауа массаларының орын ауыстыруына қолайлы.

Ылғалды Атлант ауа массаларын Орал тауларының жоталары, ал Тынық мұхиты ауа массаларын Алтай тау жүйелері мен Орталық-Сібір қыраты өткізбейді.

Климаты шұғыл континентиалды: ыстық, құрғақ жаз суық, қары аз қыспен ауысып тұрады. Ауа температурасының жылдық амплитудасы орта есеппен 75 °С, жеке жылдарда 98 °С-ге жетеді. Шілдеде температура 40 °С дейін көтеріледі, қыста минус 40, минус 46 0 С дейін түседі. Жауын-шашын жыл ішінде аз түседі, солтүстікте 300-350 мм-ден оңтүстікте 175 мм-ге дейін, олардың жылдық мөлшерінің 70-80 % жылы кезеңге түседі.

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жазда түскі уақыттарда облыстың орталық бөлігінде 30-40 %, оңтүстігінде 20-30 % төмендейді. Облыста аңызақ, қарлы боран жиі болып тұрады.

Төменде климаттың жеке элементтері қарастырылады.

1. 5. 1 Ауа температурасы

Орташа жылдық ауа температурасының мәні облыс ішінде солтүстікте 1, 2 0 С-тан оңтүстікте 4, 4 0 С-қа дейін ауытқиды.

Қыс тұрақты, аязды ауа райымен сипатталады. Ең суық қаңтар мен ақпан айларының орташа температурасы “минус” 16, минус 18 0 С құрайды.

Қатты аязды күндері ауа температурасы солтүстікте минус 40 0 С, кейде минус 46 0 С-ге (ақпан 1951ж) төмендейді, оңтүстікте ең төмен температура минус 40 0 С (қаңтар 1907, 1940, 1943 ж. ж), қарашадан наурызға дейін ауаның минимум температурасы бүкіл облыс бойыншша минус 30 0 С төмен.

Қыстың күні кейде ауа температурасының көтерілуі байқалады, бұл оңтүстіктен жылы ауа ағындарының облыс территориясына енуімен түсіндіріледі.

Жазда күн ыстық болады. Шілде айының орташа температурасы солтүстік бөлігінде 19-20 0 С, ал оңтүстікте 24 0 С. Шілде айының ең жоғарғы ауа температурасы 42 0 С. Мамыр айынан маусым айына дейінгі кезеңде ауаның максимум температурасы 30 0 С-тан жоғары болады.

Көктем мен күз 20-30 күн ғана болады. Көктемгі уақытта орташа тәуліктік ауа температурасы 0 0 С-ден өткеннен кейін 8-12 күн ішінде 20 0 С-қа көтеріледі.

Орташа тәуліктік ауа температурасының 0 °С-тан өтетін уақыты: көктемде оңтүстік бөлігінде 4-8 сәуір, солтүстік бөлігінде 11-15 сәуір, күзде сәйкесінше 28-ші қыркуектен 1-ші қараша және 21-25 қазан аралықтары. Орташа тәуліктік ауа температурасы 0 °С-тан жоғары күндердің саны 200-дей. Аязды емес кезеңнің ұзақтығы орташа алғанда солтүстікте 115-120, оңтүстікте 155-160 күн.

1. 5. 2 Жел

Қысқы уақытта облыста 50 с. е. паралелі бойынша жоғары атмосфералық қысым жолағы - сібір антициклонның сілемі қалыптасады, одан солтүстікке қарай солтүстік пен солтүстік-шығыста борандар мен желдер жиі болып тұрады. Қостанай қаласы аумағындағы жел соғатын күндердің саны - 30, Торғай қаласы аумағында - 17. Борандар негізінен қаңтар-наурыз айларында болады, кей жылдары олардың саны бір айда 10-ға жетеді.

Қарастырылып отырған территориядағы желдің жылдамдығы солтүстіктен оңтүстікке аз жоғарылайды.

Желдің күші көктемде күшейеді, әсіресе наурыз айында қысқы суық артикалық ауа субтропиктік жылы ауа ағынымен ауысқан кезде. Күші ең аз желдер жазда (шілде-тамыз) болады. Ең үлкен орташа желдің жылдамдығы наурызда 11 м/сек, тамызда 5, 4 м/сек құрайды.

1. 5. 3 Жауын-шашын

Қостанай облысының жылдық жауын-шашынның нормасы солтүстік бөлігінде 300-350 мм, оңтүстігінде 175 мм құрайды.

Облыстың батысы мен оңтүстік шығысында биік аймақтар аумағында жауын-шашын таралуының ендік заңдылығы бұзылады. Мысалы: Оңтүстік Оралдың тау етегінде орташа жылдық жауын-шашынның мөлшерінің суммасы 280-350 мм-ді құраса, дәл осы ендікте жазық бөлігінде 200-225 мм-ге дейін азаяды.

Жылдық жауын-шашынның суммасының көпжылдық перспективада өзгергіштігі салыстырмалы көп емес: көптеген метеорологиялық станциялардың мәліметтері бойынша ол 0, 2-0, 3 варияция коэффициентімен сипатталады. Байқалған жауын-шашынның жылдық мөлшері көпжылдық бойынша облыстың оңтүстігінде 70-200 мм, орталық бөлігі үшін 130-дан 330 мм-ге дейін тербеледі.

Жауын-шашын көп бөлігі жылдық суммасының 70-80 % жылы кезеңде - сәуірден қазанға дейін түседі. Жауын-шашынның ең көп бөлігі көбінесе маусым-мамыр, ал ең аз бөлігі - ақпан мен наурыз айларында түседі.

Жаңбыр жаумайтын кезең Қостанай облысының оңтүстік бөлігінің құрғақ және шөлейт зонасында 70 күнге, ал солтүстік ылғалдығы көп аудандарда 30-35 күнге жетеді.

1. 5. 4 Қар жамылғысы

Қостанай облысы территориясындағы қар жамылғысының таралуы негізінен зоналық сипатқа ие.

Бірінші қар облыстың солтүстік-шығыс бөлігінде орташа есеппен қазан айының соңғы декадасында, ал территориясының басқа бөлігінде қарашаның бірінші декадасында түседі. Ерте қыс түскен жылдары бірінші қар солтүстік-шығыста қазанның бірінші декадасында территорияның қалған бөлігінде осы айдың екінші декадасында байқалады; қыс кеш түскенде алғашқы қар жамылғысының байқалуының уақыты солтүстік-шығыста қарашаның ортасынан, оңтүстікте желтоқсанның басына дейін ауытқиды.

Барлық қыстың 50-70 %-де бірінші қар жылымықтың әсерінен тез еріп кетеді, тек 10-15 күннен кейін орташа алғанда облыстың солтүстік аумағында 10 қараша, ал солтүстік аумағында 20 қараша кезінде тұрақты қар жамылғысы қалыптасады. Бұл уақытта орташа тәуліктік ауа температурасы минус 5 °С-ге дейін төмендейді. Қыс ерте түскен жылдарда тұрақты қар жамылғысы қазанның соңында, ал қыс кеш түскен жылдарда желтоқсанның ортасына дейін, кейде қаңтардың басына дейін созылуы мүмкін.

Қар жамылғысындағы максималды су қоры орта есеппен солтүстік бөлікте наурыздың ортасында, ал оңтүстігінде 5-10 наурыз аралығында жинақталады.

Қар жамылғысының максималды биіктігі көктемгі қар ерудің басында әдетте көп емес, орташа есеппен солтүстік бөлікте 30-35 см-ден оңтүстікте 18-20 см болады. Қары аз жылдары ол облыстың барлық территориясында 10-15 см, ал қар көп түскен жылдарда 40-50 см-ге көбейеді, облыстың оңтүстік бөлігін есептемегенде мұнда бұл жылдары қардың максималды биіктігі 30 см-ден аспайды. Қар жамылғысының тығыздығы көктемгі қар ерудің басына қарай 0, 30 г/см 3 , ал жеке жылдары жылымықтар мен қатты желдердің санына байланысты 0, 22-0, 25 г/см 3 -ден 0, 35-0, 40 г/см 3 шамасында ауытқиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трансшекаралық өзендер
Тобыл және Есіл алаптары өзендерінің жылдық ағындысы
Тұщы судың қоры, өзендер
ҚАЗАҚСТАН ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тобыл өзенінің көпжылдық ағынды тербелісін бағалау
Оңтүстік – Шығыс Қазақстан өзендерінің ең мол ағындысының параметрлерін климаттың өзгерісін және антропогендік факторларды есепке ала отырып бағалау
Қазақстан өзендері. Өзен және олардың маңызы
Су тапшылығы мәселесін шешу
Қазақстанның өзен алаптары
Торғай өзені алабының гидрографиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz