Банк жүйесі туралы ақпарат


Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Банк жүйесі кез-келген қазіргі заманғы мемлекет экономикасының маңызды элементтерінің бірі болып саналады, ол кез-келген қоғамның өмір сүруіне зор ықпал етеді. Ол тек еркін ақша-қаражаттарын шоғырландыруды және оны ресми айналымға салуды қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен бірге ақша капиталын салалар арасында аймақаралық қайта бөлінуінің тұтқасы, сондай-ақ елдің шаруашылық жүйесінің есеп айырысу және төлем тұтқаларының маңызды элементі болып табылады.
Мемлекеттің банк жүйесінің жағдайына ұлттық валютаның қорғалуы мен тұрақтылығы, оның ішінде оның сатып алыну қабілеттігі мен шетелдік валюталарға қатысты бағамы тәуелді, мұның өзі мемлекеттің егемендігі үшін бірінші кезектегі маңызға ие болады. Кез-келген егеменді мемлекет үшін ұлттық банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, «мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі» ұғымының бөлігі ретінде, стратегиялық мәнге ие болады.
Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының банк жүйесі макроэкономикалық тұрақтандыруға, инвестицияларды тартуға қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.
Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы, соның ішінде ақша-несие және қаржы шаруашылығы құрылымдық өзгерістердің қиындығын бастан өткізуде. Атап айтқанда, ақша-несие жүйесі реформалануда; ауыр инфляция жағдайында ақша-несие қарым-қатынасының; мүлде жаңа, бізге бейтаныс түрі пайда болды; қаржы-несие институттарының, екі буыны банк жүйесінің, нарықтық экономикаға барабар және әр-алуан меншіктің жаңа түрлерінің пайда болуы; мемлекеттің банк құрылымының әкімшіл-әміршіл және жоғары монополияландырылған түрінің пайда болуы коммерциялдық табысқа бағытталған несие мекемесінің жүйесінде жеке және ұжым меншігіне негізделген икемді, динамикалық түрге көшуі жүріп жатыр. Мұндай жағдайда олқылықтың орнын толтыру үшін озық тәжірибені қолдану мақсатында отандық және шетелдік банк тәжірибелерін салыстырудың принциптік тұрғыдан мәні зор.
Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырамас құрылымы. Банктер басқарудың барлық деңгейіндегі халық шаруашылығымен күн сайын тікелей байланысты. Банктер арқылы ұдайы өндіріс процесіне қатысушылардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылып отырады.
Банктiк жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған: мемлекеттiк шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары, т. б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсендi қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргiзедi, ақша айналымын реттейдi және сол арқылы ұдайы өндiрiстiк үрдiске әсер етедi. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуiмен банктердiң алдында жаңа мүмкiндiктер ашылуда. Меншiктi жекешелендiру мен мемлекетсiздендiру нәтижесiнде жеке меншiк, меншiктiң ұжымдық және акционерлiк түрлерi, кооперативтiк қозғалыс кең етек алуда, меншiктiң аралас түрi негiзiнде кәсiпорындар құрылуда. Қоғамда белгiлi-бiр класқа ие комерсанттар, кәсiпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердiң рөлi күшеюде. Олардың жұмысында әмiршiл - әкiмшiл әдiстердiң орнын - экономикалық әдiстер алмастырды. Сөйтiп экономикаға банктiк ықпал етудiң құндық құрылымдарының мағынасы арта түстi.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша - несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат жатады.
Экономиканы ақша-несиелi реттеудi қаржы саласының басты секторы банк жүйесі iске асырады. Банк жүйесi қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi болып келедi, яғни мемлекеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық банк (бiздiң елде Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi банктер.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттiң алтын резервтерiн сақтайды, коммерциялық бактердiң мiндеттi резервтерi банктер арасындағы шот айыру ретiнде пайдаланылады. Орталық банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады.
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк жүйенiң рөлi ерекше. Банктiк жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады.
Осылайша банктiк жүйе елiмiзде қалыптасып, экономиканың тиiмдi қызмет етуiне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлi саясаттары арқылы экономиканы өтпелi кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық.
Аталмыш мәселелердің барлығы осы тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігін көрсетеді.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті. Банктiк жүйенiң мақсаты мен мiндеттерi негiзiнен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және мiндеттерiмен бiрдей, әйтсе де банктер басқарудың кiшiгiрiм жүйелерi ретiнде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетудi қамтамасыз ететiн, өзiне тән жеке мiндеттерiн орындайды. Экономиканы басқару органы ретiндегi негiзiнен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетедi, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретiнде көрiнiс алады, ал экономикалық мүдде өндiрiстiң мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдiстемелердi пайдаланады. Мүдденi осылай деп түсiнуден келесi туындайды, яғни оларға қажеттiлiктердi қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты.
Банктер өз қызметтерiн орындау кезiнде функционалдық (экономикалық), салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергiлiктi орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс iстейдi.
Бұл тақырыпты орындаудағы алдыма қойған негізгі мақсатым және міндеттерім:
- банк жүйесін несие жүйесінің маңызды буыны ретінде қарастыру;
- банктік жүйенің дамуы мен қалыптасу ерекшеліктерін, банктік жүйенің даму тарихының кезеңдерін ашып өту болып табылады;
- Елімізде банктік қызметті мемлекет қаншалықты деңгейде реттейтінін анықтау.
- Қазақстанда банк жүйесін жетілдірудің маңыздылығын айқындау.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасы банк жүйесіндегі экономикалық-құқықтық қатынастар қарастырылады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі: Банктер әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде көптеген отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу пәніне айналды. Банк секторының дамуы анализіне шетел зерттеушілері: Стенли Фишер, Рудегер Дорнбуш, Ричерд Шмалензи, Питер Роуз, Жуков Е. Ф., Коробкова Г. Г., Сенчагова В. К., Хабаров В. И., Вешкин Ю. Г., Авяган Л. Г., Борисов С., Грязно А. Г., Федотова М. А., Новиков В. М., Екушов А., Линдер Н., Кукушкина Е., Наконечный А., Волошин И.
ҚР банктері активтерін басқарудың теориялық және методологиялық мәселелерін зерттеуде елеулі үлес қосқан отандық ғалымдар мен экономистер: Баймуратов У., Абдильманова Ш., Есентугелов А., Кучукова Н., Арыстанбаева С., Интыкбаева С., Мамыров Н., Мельников В., Мыржакыпова С., Макыш С., Сатубалдин С., Хамитов Н., Арыстанов А., Искаков У.
Диплом жұмысына елiмiздегi және шетел мамандарының еңбектерi, Қазақстан Республикасының статистикалық көрсеткiштерi, интернеттен алынған мәлiметтер пайдаланылған.
Зерттеудің теоретикалық және әдістемелік негізіне заң шығару органдарының шешімдері, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Үкімет каулылары, отандық және шетелдік әдебиеттер алынды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы оның экономикалық пәндерді оқыту үдерісінде қолдануға мүмкіндігі мен анықталады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Бірінші тарауда - «Банк жүйесінің теориялық негізі», банк жүйесінің мәні және қалыптасуы, банк жүйесінің нарықтық экономикадағы рөлі қарастырылады. Екінші тарауда - «Қазақстанда банк жүйесін жетілдіру және оның болашағы», Қазақстан банк жүйесінің даму деңгейі және оның экономикалық бәсекелесіне ықпалы, Қазақстан Республикасындағы банк қызметін мемлекеттік реттеу, Қазақстандағы банк жүйесін жетілдіру мен оның перспективалары талданады, Үшінші тарауда - «Оқу әдістемелік кешен» колледж студенттеріне «Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеудің қазіргі механизмі» атты факультативті арнайы семинар үшін оқу бағдарламасы құрастырылған.
- Банк жүйесінің теориялық негізі
1. 1 Банк жүйесінің мәні және қалыптасуы
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) XIV-XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI-XVII ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады.
Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде - феодализм тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
«Банк» сөзi «banco» деген ағылшын тiлiмен аударғанда “айырбас орны” дегендi бiлдiредi. Бұл “айырбас орыны” тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкiлдерi саудагерлердiң ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлi елдiң ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерiнiң ақша қаражаттарын саудаға берiп, пайыз алу үшiн пайдалана бастайды. Сөйтiп, айырбастаушылар бiртiндеп банкирлерге айналады. Менiң түсiнiгiмше, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарымен сипатталады. Өйткенi, алғашқы банктердiң Италияда пайда болу себебi, оның сол уақыттарда дүниежүзiлiк сауда орталығы болғандығын ескерiп, әр елдiң ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердiң сауда операцияларына тiкелей қатысуына байланысты түсiндiрiледі.
Банк қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісімшарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк - Ағылшын банкі 1694 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады. Қазiргi түсiнiкте «банк»-бұл ерекше өнiм шығарумен айналысатын кәсiпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеудi жүзеге асыратын ақша- несие институты болып табылады [1, 8б] .
«Қазақстан Республикасының банктер және банктiк қызмет туралы» заңның бiрiншi бабында былай жазылған: «банк- бұл осы жарғыға сай банктiк қызметтi жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға».
Банк - банк жүйесiнiң элементi болып табылады. Бұл дегенiмiз ол келесi реттегi мiндеттердi атқарады:
1) жалпының бiр бөлiгi болуға, ойынның жалпы тәртiптерi бойынша қызмет етуге мүмкiндiк беретiн қасиеттерiн иемдену;
2) жалпы және арнайы заңдар, қауымның заңды нормалары шегiнде қызмет ету;
3) өзiн-өзi реттеуге, дамуға және жақсартуға икемдi болу;
4) банк жүйесiнiң басқа да элементтерiмен қатынасу.
Банктік қызмет - бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
- депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
- банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі жатады, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі;
- кассалық операциялар: банктердің және Ұлттық почта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруі;
- аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемі мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау. Аударым операциясын жүзеге асыруға лицензия банктерге және осы баптың 6-1-тармағында аталған заңды тұлғаларға беріледі;
- есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт) ;
- банктік заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беру;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
- банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;
- төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
- аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
- банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;
- банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі жатады.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:
- брокерлік - мемлекеттің бағалы кағаздарымен;
- дилерлік - мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;
- кастодиандық- клирингтік.
Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып келеді. Қазақстанның шаруашылығы бір жағынан, Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысына, екінші жағынан, темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра отырып, темір жолдарды жүргізу арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары (ет, тері, жүн т. б. ) сыртқа шығарылып отырған.
Банк капиталының Қазақстанға енгізілу мерзімі XIX ғасырдың аяқ кезін қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп укладты экономикасында несиенің әр түрлі формалары дамыған. Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен Ресей империясының несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде: Мемлекеттік банк бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан, өзара несие беру қоғамдарынан, қалалық қоғамдық банктерінен, ипотекалық несие банктері немесе ұсақ несие мекемелерінен және жинақ кассаларынан тұрды.
Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 жылы өз қызметін бастап, барлық несие жүйесіндегі - Орталық банк болып саналады және оның айналысқа қағаз ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі барлық акционерлік, коммерциялық банктердің есеп-ссудалық операцияларының үштен бір бөлігіне жуығын, салымдар мен ағымдық шоттардың жартысынан көбін тартып отырған. Басқа мемлекеттердің Орталық эмиссиялық банктерінен Ресей мемлекеттік банкінің айырмашылығы, ол тек банктерді несиелеп қана қоймай, сол сияқты өнеркәсіп, сауда және дайындау ұйымдарын да қатар несиелеумен айналысқан [1, 24б] .
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ең басты Қазақстандағы банктер - бұл мемлекеттік банктер болды және олар төмендегідей операцияларды жүзеге асырды:
- вексельдерді есепке алу;
- тауарларды кепілге ала отырып, ссуда беру;
- тауар құжаттарын кепілге ала отырып, ссуда беру;
- ауыл шаруашылыққа ссуда беру;
- бағалы қағаздарды кепілдікке алып, ссуда беру;
- қайта есепке алу операцияларын жүргізу;
- вексельдер үшін арнайы шоттар ашу;
- бағалы қағаздарға арнайы шоттар ашу;
- ұсақ несие мекемелеріне ссуда беру;
- барлық есеп-ссудалық операцияларымен айналысу;
- меншікті бағалы қағаздар шығару;
- салымдық және ағымдағы шоттар ашу.
1917 жылы Қазан революциясынан кейін, банк ісінде мемлекеттік монополиялық ұйымдастыру қағидалары жүзеге асты. Бастапқыда мемлекеттік банк құрылып, жеке, коммерциялық және басқа банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде мемлекетке тиесілі салалық және аумақтық банктер етіп қайта құрылды. Банктік жүйенің тағы бір басты буындары ретінде мемлекеттік еңбек жинақ кассалары қызмет етті. Мемлекеттік банктермен бірқатар Кеңес үкіметінің бастапқы жылдарында мемлекеттік емес несиелік мекемелер: кооперативтік және жеке меншікке негізделген, оның ішінде шетел капиталының қатысуымен құрылған мемлекеттік-капиталистік банктер қатары жұмыс істеді.
1922 жылы несиелік және ссуда-жинақ серіктестіктері және олардың одақтары ұйымдасып, ауылды қалпына келтіру мақсатында қызмет көрсетті.
1924 жылы ауыл шаруашылық кооперацияларына несиелік операцияларды жүзеге асыру барысында салымдар қабылдау, ссуда беру және есептеу барысында делдалдық қызмет атқаруына рұқсат беріледі.
1924 жылдан бастап, жеке сауда өнеркәсіпті несиелеуге арналған өзара несие беру қоғамдары, сол сияқты мемлекеттік капиталистік акционерлік оңтүстік-шығыс банкі және шетелдік капиталдың қатынасуымен Ресейдің коммерциялық банкі құрылды.
Экономикалық социалистік секторларының кеңінен етек алуы барысында кооперативтік және жеке несиелік ұйымдар өз мәнін жоғалтып, қызметін тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп, ауыл шаруашылығын толығымен ұйымдастыру бағдарламасы несиелік кооперацияларды қажетсіз деп санағандықтан да, олар 1931 жылы жойылды. Сауда аймағынан және өнеркәсіптен жеке сектордың қудалануы нәтижесінде өзара несие беру қоғамдары қызметтерін тоқтатты. Басқа несие ұйымдарының қызметтері 1922-1925 жылдары құрылған мемлекеттік салалық банктерге: Өнеркәсіп банкісіне, Цекомбанкке, Всекомбанкке және Орталық ауыл шаруашылық банктеріне өтті.
1930-1932 жылдары КСРО-ғы жүргізілген несиелік реформа нәтижесінде жаңа қағидаға негізделген салалық банктер қатары ұйымдастырылды. Сонымен, күрделі капитал жұмсалымдарын қаржыландыру мақсатында төрт мамандырылған банктер құрылды.
Өнеркәсіп және электр шаруашылығындағы күрделі құрылысты қаржыландыру банкі 1959 жылы «Құрылыс банкі» болып құрылды.
Көптеген несиелік серіктестіктермен республикалық ауыл шаруашылық банктері негізінде құрылған «Ауыл шаруашылық банкі» 1959 жылы қысқарып, оның қызметі Мемлекеттік және Құрылыс банктері арасында бөлініп беріледі.
Кооперациядағы күрделі құрылысты қаржыландырудың банкі (Всекобанк) 1936 жылы жойылып, оның активі мен пассиві 1959 жылы қысқарған Сауда банкісіне жүктеледі.
Коммуналдық және тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959 жылы қысқарып, оның қызметі де Құрылыс банкі мен Мемлекеттік банк арасында бөлінді.
Бұл құрылған салалық банктер қызметтерінің басты бағыттары салаларды қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелеуді көздеді [1, 39б] .
Қазақстан Республикасындағы банктік жүйенің қалыптасуы мен дамуы төмендегідей үш банктік реформаға тікелей байланысты:
1) 1987-88 жылдардағы банктік реформалар;
- 1995 жылғы банктік реформа;
3) 1996-1998 жылдардағы банктік реформалар.
Қазақстандағы несие жүйесінің қайта құру тұсындағы дамуы, КСРО-да соңғы рет жүргізілген банктік реформа (1987-1988 жылдардағы) сәйкес келеді. Банктік реформа нәтижесінде: КСРО-ның Мемлекеттік банкі және Құрылыс банктерінің мекемелері негізінде - КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркәсіп банкі және КСРО Тұрғын үй-әлеуметтік банкі құрылды. Сол сияқты, кезінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде - КСРО Жинақ банкі, Сыртқы сауда банкі негізінде - КСРО Сыртқы экономикалық банк құрылды. Сол уақыттан бастап, Мемлекеттік банк кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты. Сөйтіп, КСРО-ның Орталық банкісіне айналды.
1987 жылғы банк жүйесін қайта ұйымдастырудың оң жағынан теріс жақтары басымырақ болды, атап айтсақ:
- Банктер бұрынғы меншік нысанында, яғни мемлекеттік болып қала берді;
- Олардың монополизмі толық сақталып, монополистердің саны өсті;
- Реформа жаңа экономикалық тетіктердің жоқтығына қарамай-ақ жүргізілді;
- Кәсіпорындар белгілі бір банктерге бекітілгендіктен, олардың несие алу барысында банктерді таңдау мүмкіндігі болмады;
- Клиенттер арасында несиелік ресурстарды бөлу тігінен жалғаса берді;
- Ақша нарығы және несиелік ресурстар, саудаға түсетін орындар құрылмады;
- Банк аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар артып кетті;
- Ағымдық және ссудалық шоттарды бөлу барысында «банктік соғыс» шыға бастады;
- Қайта ұйымдастыруда несиені қайтарудың басты көздері ретіндегі сақтандыру мекемелерінің қызметтері жайлы қозғалыс болмады.
Бұл реформаның оң жақтары ретінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды тәртіпке келтіруімен қатар, банк қызметінің мамандыруын қысқартты десе болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz