Ресурстар және олардың түрлері


Әл - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Аралық бақылау

Ресурстар және олардың түрлері

Орындаған: Баймолданова Е. Қ.

Тексерген: Төлебаев Т. Ә.

Алматы 2012 жыл

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім:

А) Ресурс туралы түсінік

Б) Ресурстың түрлері

  1. Қорытынды

Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері. Сонымен қатар ресурстар дегеніміз тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыратын қор болып табылады. Олардың түрлері өте көп:

* ақпараттық ресурстар - әлеуметтік мәні бар және қоғамдық іс-тәжірибеде пайдаланылатын ақпараттық материалдардың (ақпараттық құжаттардың, ақпараттың), сондай-ақ ғылыми-техникалық ақпараттың жиынтығы;

* банк ресурстары - банктердің меншікті және сырттан тартылған қаражатының жиынтығы, оны банктер несиелендіру және актив операцияларын жүргізу үшін пайдаланады;

* бюджет ресурстары -барлық деңгейдегі бюджеттерге кіріс ретінде түсетін ақшалай қаражат;

* еңбек ресурстары - халықтың еңбекке жарамды бөлігі;

* қаржы ресурстары - мемлекеттің, кәсіпорынның, ұйымның қарамағындағы ақшалай қаражат қорларының жиынтығы;

* материалдық ресурстар - еңбек заттары мен құралдары: машиналар мен жабдық, шикізат, негізгі және қосалқы материалдар, жартылай фабрикаттар, отын, аяқталмаған өндіріс және өндіріс қалдықтары, машиналар мен жабдықтарды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер, ыдыс;

* табиғат ресурстары - жер, су, әуе байлықтары, пайдалы қазбалар, орман, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі түріндегі табиғи, экономикалық, өндірістік ресурстар;

* экономикалық ресурстар - фирманың, кәсіпорынның меншігіндегі және пайда алу үшін пайдаланылатын негізгі құрал-жабдықтың, бейматериалдық активтердің, басқа да құндылықтардың, ақшалай қаражаттың жиынтығы, өндірісті қамтамасыз ету көздері деген мағынаны білдіретін іргелі экономикалық теория ұғымы;

* экспорттық ресурстар - сыртқы рыноктарда өткізуге арналған өнім, көрсетілетін қызметтер, жекелеген жұмыс түрлері, қаржы-қаражат;

* энергетикалық ресурстар - отынның барлық түрлерінің қорлары.

Интернет ресурстар

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жөніндегі заң жобасына қол қойылды. Заңға сәйкес, Қазақстандағы интернет-ресурстары, атап айтқанда, портал, форум, блог, чат, WAP-портал, интернет-телевидениесі дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына теңестірілді

Бизнес ресурстар

КСАНГО-ның дистрибьюторларының кәсіпкерлік әрекетке қатысты керемет таңдау жасау еркіндігі бар. Олар толықтай тәуелсіз бинесмендер болып табылады, олар туралы «өзін өзі жасады» деген тіркес айтылады. Бірақ бұл біз дистрибьюторларымызды тағдыр тәлкегіне жалғыз тастап кеттік дегенді білдірмейді. Корпоративтік және дистрибьюторлық сфера көп жағдайда қиылысады және бір-бірін белсенді қолдайды.

КСАНГО-ның жұмыс тобы өнімнің барлық ассортиментін сатуға байланысты әрекет ететін инструменттер мен жүйелерді жасап шығаруға аз күш жұмсап отырған жоқ. Бұл орайда оларға КСАНГО-ның дистрибьюторларының «ақылдары мен дарындарына» жүгінуден басқа амал жоқ. Жобалаушылар мен дистрибьюторлардың өзара бірлестігі КСАНГО-ның жұмыс сипатына тән болып келетін жаңа техникалық құралдарды жүмысқа енгізудің негізі болды.

КСАНГО өзінің жұмыс тәжірибесіндегі жетістіктерді мұқият түрде зерделейді, жеткен межеде тоқтап қалмай, әрі қарай дами түседі, жаңа білімнен шабыт алып, толықтай әрі үздіксіз жетіледі, бұлардың нәтижесі ретінде біздің бизнес-ресурстарды айтуға болады.

Табиғат ресурстары

Табиғи ресустардың қоғам өміріндегі рөлі. Адамзаттың әлеуметтік- эканомикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын - табиғи ( немесе жаратылыстық) ресустарды пайдалануымен барынша тығыз байланысты. Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы - оттегінсіз адам бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді. Табиғи ресустарды игеруге жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресурстарды игеру көп күрделі қаржыны керек етеді: әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады.

Өз кезегінде қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары эканомикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға еңбек сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер болып шығады. Қазіргі заманғы әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат қолданады. Оның құны ( отын мен электр энергиясының құнын қосқанда) өнеркәсіп өнімін өндіруге жұмсалған жинақтама шығында шамамен 75% болады. Осындай жағдай шикізаттың негізгі түрлерімен қамтамасыз ету мәселесінде көп елдердің алдына өте шұғыл проблемалар қояды. Көптеген табиғи ресустар (ең алдымен мұнай, газ, көмір) біртіндеп азайып келеді. Бұл, әрине, көңіл көншітпейді. Алайда, біріншіден, олар әлі толық сарқылмағаны былай тұрсын, әлі толық ашылған деуге де әсте келмейді. Екіншіден, өндіріліп жатқан табиғи ресустар толық пайдаланылмауда. Үшіншіден, таяудағы он жыл ішінде ресустар саласында болатын ашылыстарды болжап айту қиын. өйткені «алдынғы күні» біз электр туралы ештеңе білмейтінбіз, «күні кеше» атом ядросында орасан зор энергия қорын өндіруге болатынын білмейтін едік. әлі анық түсінбейтін күштердің «қоршауында» тұрғанымыз күмәнсыз. Бар керегі - адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы, өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс.

«Табиғи ресустар» деген терминмен қатар «табиғи жағдайлар» деген неғұрлым кең ұғым жиі қолданылатын болды. Бір ұғымды екіншісінен саралайтын шек кейде өте шартты болып шығады. Мысалы, желді табиғаттың компоненты деп қарауға болады, бірақ осымен бірге ол маңызды ресурс та, ең алдымен энергия алынатын ресурс.

Табиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи ортаның бүкіл сан алуан бейнесін көрсетеді және адамзаттың тарихымен, оның қоныстануымен тығыз байланысты. Олар адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға әсер етті. Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете алмайды және осы мағынада табиғатқа тәуелді. Бірақ осымен қатар адам табиғатқа белсенді ықпал ете алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының мәнісі осы.

Ресустардың орналасуы және әр түрлі елдердің олармен қамтамасыз етілуі. Географияның мұның алдындағы курстарынан сендер табиғи ресустардың минерал, жер, су, өсімдік ресустары түрінде болатынын білесіндер. Мұның өзі оларды табиғат құбылыстарының қай тобына жататынына қарай топтастырудың бір түрі. Бұған қоса табиғи ресустарды жаңадан толығып отыратын және толықпайтын ресустар деп те саралайды, экономиканың белгілі бір саласына арналу белгісі бойынша, сапасы бойынша (яғни оларда пайдалы компоненттердің болуына қарай), түзілу сипатына қарай (минералдық, органикалық) және басқадай топтастырулар қолданылады.

Табиғи ресустардың планета бойынша орналасуы біркелкі емес. Мұның өзі Жер шарындағы климаттық және тектоникалық процестердің айырмашылықтарына, өткен геологиялық дәуірлерде пайдалы қазбалар түзілу жағдайының әр түрлі болғанына байланысты. Табиғи ресустардың жекелеген түрлерінің қорлары да біркелкі деуге әсте болмайды. Осының нәтижесінде елдердің арасында ғана емес, қазіргі дүниенің ірі-ірі аймақтарының арасында да олардың табиғи ресустармен қамтамасыз етілуінің деңгейі мен сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Мысалы, Таяу Шығыс елдерінде мұнай мен газдың мол ресустары бар. Анд елдері мыс және полиметалл рудаларына бай, тропиктік ормандары көп мемлекеттерде бағалы ағаш сүрегі ресурстары мол.

Дүние жүзінде табиғи ресурстардың бізге белгілі түрлерінің бәріне ие бірнеше мемлекет бар. Бұлар Ресей, АҚШ және ҚХР, Үндістан, Бразилия, Австралия. Кейбір елдер табиғи байлықтардың «ассортименті» жағынан олардан кейінгі орынды иеленгенімен, басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда ілгері. Көптеген елдер бір немесе бірнеше ресурстын дүниежүзілік маңызы бар мол қорларына ие. Мысалы, Габонда марганец, Кувейтте мұнай, Мароккода фосфорит қорлары мол. әрбір ел үшін өздерінде бар табиғи ресурстардың көп түрлілігінің зор маңызы бар. Мысалы, жеке бір елде қара металлургияны ұйымдастыру үшін тек темір рудасының ғана емес, сонымен қатар марганецтін, хромиттің, кокстелетін көмірдің болуы өте маңызды. Ал егер бұл ресурстар мұның үстіне бір-біріне біршама жақын орналасқан болса, онда бұл ел үшін тиімділігі де жоғары болмақ.

Дүние жүзінде белгілі бір табиғи ресурссыз ел жоқ. Олар аз болған, ал кейбір елдерде мүлдем болмаған жағдайда бұл мемлекет кедейлікке душар болады деуге келмейді. Өйткені қай елдің болсын ұлттық байлығы оның материалдық игілікктері мен табиғи ресурстары қорларының жиынтығымен ғана өлшенбейді, бұған қоса әр елдің адамдары, олардың тәжірибесі мен еңбекқорлығы, білімдері мен шеберліктерінің пайдаланылу дәрежесі де ұлттық байлықты құрайды.

Мысалы, экономикада үздік жетістіктерге жеткен Жапонияның ассортимент жағынан болсын, мөлшер жағынан болсын минералдық ресурстары өте-мөте шектеулі. Онда күкірт пен пириттердің ғана мол қорлары бар, ал мұнай, табиғи газ, темір рудасы, сирек металдар рудалары, фосфориттер, калий тұздары және т. б. өте-мөте жетіспейді. Жапонияға қарағанда минерал шикізат ресурстары орасан мол болғанымен, әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктері мардымсыз көптеген мысалға келтіруге болады.

Табиғи байлықтардың планета бойынша әркелкі орналасуы, бір жағынан, халықаралық еңбек бөлінісі процесі мен халықаралық экономикалық байланыстардың дамуына себепші болса, екінші жағынан, кейбір табиғи ресурстары жоқ елдерді белгілі бір экономикалық қиыншылықтарға ұшыратады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рекреациялық ресурстар
Экономикалық ресурстардың мәні мен түрлері
Кәсіпорынның экономикалық ресурстары
Ақпараттық ресурс түсінігі
Табиғат қорларының экономикалық бағалануы
Өндіріс функциясы
Жобаның басқару кезеңдері
Шикізат, материалдық және отын - энергетикалық ресурстары
Экономикалық ресурстар мен экономикалық факторлар
Қаржылық ресурстар жайлы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz