Құқық шығармашылық қызметінің теориялық негіздері


ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ
1. Құқық шығармашылық қызметінің теориялық негіздері
1. 1 Құқық шығармашылығының түсінігі мен мазмұны
1. 2. Нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты, кеңістігі және адамдарды қамтуы
1. 3. Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі
2 Құқық шығармашылық және заңдық техника
2. 1 Құқық нормалары және заң шығару процессі
2. 2 Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі және олардың түрлері
2. 3 Нормативтік құқықтық актілер және олардың түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
1. Құқық шығармашылық қызметінің теориялық негіздері
1. 1 Құқық шығармашылығының түсінігі мен мазмұны
Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтік актілерді өмірге әкеліп, ескіргенін жаңартып, кемшіліктері болса толықтырып отырады. Бұл процесте заңға көп күрделі талаптар қойылады. Заң неғұрлым мазмұны жағынан өмір талаптарына сәйкес, халықтың ойы мен негізгі мүдделерін терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетілсе соғұрлым ол тәуелсіз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның беделі артады. Сол себепті заң жобасын жасауға оны жан-жақты талқылауға көпшілік халықтың, қоғам ұйымдарының белсене қатысуы біздің жалпы халықтық мемлекетімізде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың талқылауына түседі. Заң қабылдайтын орган - Парламент көпшіліктің ұсыныстарына жіті көңіл бөледі, оның тұрақты комиссияларында мұқият тексеріліп, Парламентке арналған ұсыныстар алынады. Демократияның қағидалары осылайша заң қабылдау саласында іс жүзіне асады. Заң жобасы туралы пікір айтуда азаматтарға, олардың қоғамдық ұйымдарына шек қойылмайды. Мұндай ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарда жан-жақты қаралады. Заң жобасын ұсынудың ерекше түрі бар, оны депутаттар тобы мен мемлекеттің Үкіметі ғана жасай алады. Олардың ұсынған заң жобалары Парламенттің талқылауына түседі. Заңға тәуелді нормативтік актілер де осылай жан-жақты талқылаудан өтіп барып қабылданады.
Құқық шығармашылық процесінің сапасын жақсартуға екінші зор үлес қосатын еліміздегі сан алуан нормативтік актілерді топтастырып, жүйе-жүйеге, сала-салаға бөліп реттеп, отыру. Қоғамның диалектикалық даму барысында мемлекеттік органдардың құқықтық нормаларын жасақтау міндеті де күшейе түседі. Бұрын қабылданған кейбір заңдар күшін жояды немесе оларды жаңа жағдайға бейімдеп толықтыру талабы қойылады. Осыған байланысты мезгіл-мезгіл сол құқықтық нормаларды қайта қарау, реттеу, бір жүйеге келтіру кажет. Нормативтік актілерді реттеудің негізгі екі жолы бар. Олар - инкорпорация және кодификация деп атайды. Инкорпорация - қолданып келген құқықтық нормаларды мазмұны жағынан өзгертпей, сыртқы белгілері мен пиғыл, пікір бізде казір толығымен жойылды. Мемлекет және құқық халық үшін жұмыс атқарып, солардың мүдде-мақсаттарын іске асыратын болды. Бұл міндеттерін мемлекет пен құқық қалың бұқарасыз дұрыс уақытында орындай алмайды.
Сондықтан мемлекет нормативтік актілердің сапасын жақсартып, сол арқылы халықты, қоғамды басқаруға молырақ қатыстыруға тырысады. Халықты, қоғамды басқаруға қатыстыру түрлері:
- қоғамның барлық саласындағы қатынастарға қалың бұқара тікелей қатысады;
- мемлекеттің басқару органдарына халық депутаттар сайлайды, сол арқылы мемлекеттің жұмысымен танысып, оның жақсаруына ықпал жасап отырады;
- күрделі мәселелер бойынша заңның жобасын талқылауға радио, телеэкран, газет-журнал арқылы қатысып отырады;
- мемлекеттік референдумға халық қатысып, норма шығармашылық жұмыстарға қатысады;
- қоғамдық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар кәсіпкерлер одағы, саяси партиялар арқылы қалың бұқара мемлекет пен құқықтың жұмыстарының дамуына, жақсаруына, нығаюына ықпал етіп отырады.
1. 2. Нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты, кеңістігі және адамдарды қамтуы
Қоғамдағы құқықтың ең күрделі негізін құрайтын нормативті-құқықтық актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың басқа негіздері (әдет-ғұрып, мораль, діни т. б. нормалар) жалпы мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге қосымша күш ретінде жұмыс атқарады.
Нормативтік актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде-мақсатын іске асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық, халықаралық қатынастарды реттеп, басқарады.
Дүние жүзінің заң ғылымы құқықтың негіздерін құқықтық нормалардың мазмұнымен тығыз байланыста реттеп, дамытады. Адам қоғамының тарихи диалектикалық процесінде нормативтік актілер бірте-бірте, эволюциялық жолмен құқықтың ең күрделі, ең шешуші негізіне айналады. Көне дәуірде нормативтік актілер тек мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқарып отырды. Қоғамның басқа салаларындағы қатынастарды әлеуметтік нормалардың басқа түрлері (мораль, әдет-ғұрып, дәстүр, діни т. б. ) реттеп, басқарып отырды. Кейін нормативтік актілер сол салалардағы қатынастарды бірте-бірте өзі реттеп, басқаруға көшті. Қазіргі кезде әлемдегі барлық мемлекеттерде құқықтық нормалар қатынастарды реттеп, басқарудың басым түріне айналып отыр.
Өйткені қоғамда мемлекеттік билікті іске асыруда, демократияны дамытуда, құқықтық мемлекетті қалыптастыруда нормативтік актілер ең шешуші рөл атқарады.
Нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнының сипаттамасы:
1) Бұл актілерді мемлекеттің билік өкілеттігі бар органдары қабылдайды. Қабылдаудың заңды тәртібі болады. Оны орындау міндетті.
2) Бұл процесте мемлекеттің егемендігі іске асып отырады. Оның маңыздылығы қабылданған нормативтік актілерден көруге болады.
3) Нормативтік актілердің мазмұны құқықтық нормалармен сәйкес, дәлме-дәл болуға тиісті. Өйткені мемлекеттік органдар «акті» - деген атпен әртүрлі мағынада құжаттар шығарып жатады.
4) Нормативтік актілер заңды бөлу үшін міндетті түрде тиісті нысанында шығарылады. Онда барлық реквизиттері көрсетілуі қажет.
Нормативтік актілердің өмірге келуі, дамуы, өзгеруі, жаңаруы объективтік процесс. Оның негізгі себептері: қоғамның экономикалық, базисының өзгеруі, соған сәйкес қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, таптық мүдде-мақсаттарының өзгеруі.
Бұл объективтік өзгерістер өмірге субъективтік өзгерістерді қалыптастырады:
- мемлекеттік билік дамып, жаңарады;
- мемлекет пен құқықтың функциялары өзгеріп, нормативтік актілерді дамытады;
- құқықтық қатынастар прогрестік өзгерісте болады;
- рухани сана-сезім, білім дамиды.
Қоғамдағы осы объективтік және субъективтік өзгерістерді реттеп, басқару үшін нормативтік актілер үнемі үзіліссіз даму процесінде болады. Бұл процестің сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін:
- құқықтық шығармашылықтың сапасын жақсарту;
- лауазымды тұлғалардың кәсіпқойлығын, білімін, тәжірибесін көтеру;
- мемлекеттік органдардың қызметінің сапасын жақсарту.
Сонымен, нормативтік-құқықтық актілер - ресми заңды нормативті мемлекетгік күші бар нормалар.
Нормативтік актілер мемлекеттік билікті, саясатты орындайтын, қоғамның халықтық мүдде-мақсатын іс жүзіне асыратын ең сенімді, шешуші құрал. Оның құқықтың басқа негіздерінен ерекшелік белгі-нышандары:
- нормативтік актілер мемлекеттің өкілетті органдарының бекіткен немесе жалпы халықгық референдумда қабылданған нормалар;
- нормативтік актілердің мемлекеттік күші бар құжаттары ерікті орындалмаса, оны еріксіз орындату мемлекеттік органның міндеті;
- нормативтік актілер ресми түрде: заң, қаулы, жарлық, ереже т. б. болып шығады, олардың заңды нысандары болады;
- нормативтік актілер жалпы қоғамдық, күрделі қатынастарды реттеп, басқарады.
Нормативтік актілердің түрлері:
- заңды күшіне қарай нормативтік актілер екі топқа бөлінеді: заңдар және заңға тәуелді нормалар. Мемлекеттің дәрежесі жоғарылаған сайын нормативтік актілердің де заңды күші жоғарылай береді.
- нормативтік актілердің мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді: өндірістік, шаруашылық, әлеуметтік, мәдени т. б. қоғамның салаларына сәйкес;
- нормативтік актілердің іс-әрекетінің шеңберіне қарай үш түрі болады: қоғамдық іс-әрекеттер, шектеулі іс-әрекеттер, төтенше іс-әрекеттер;
- субъектілеріне қарай (нормаларды қабылдаған мемлекеттік органдар) нормативтік актілер үш топқа бөлінеді: заңды шығарушы органдардың актісі; заңды орындайтын органдардың актілері, сот жүйесінің актілері.
Заң - қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік актісі. Ол қоғамдағы ең күрделі, маңызды мәселелерді, қатынастарды қамтиды. Заң қоғамдағы барлық нормалардың «Атасы» - деуге болады. Заңның белгі-нышандары:
- заң парламентте немесе жалпы халықтық референдумда қабылданады;
- заң күрделі, маңызды мәселелер бойынша қабылданады;
- заң арнаулы процедура арқылы қабылданады (ол төрт-бес кезеңнен өтуге тиісті) ;
- заңды ешқандай орган тексере, өзгерте алмайды;
- заң қоғамдағы нормалардың кіндігі, атасы.
Заңның үстемдігі арқылы қоғамдағы заңдылық, төртіп қамтамасыз етіледі. Заң арқылы қоғамның мүдде-мақсаты, мемлекеттік билік, саясат іс жүзіне асады. Заң арқылы адамдардың бостандығы мен құқықтары, демократияның басқа да талаптары қалыптасады.
Қазақстан мемлекетінің Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы (49-6. 1-т. ) . Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды шығаруға хақылы.
Заңға тәуелді нормативтік актілер - бұл актілер төрт түрге бөлінеді: жалпы қоғамдық, жергілікті, ведомствалық және мекемелік актілер. Жалпы қоғамдық актілер - мемлекеттік әкімшілік-территориясына толық заңды күші бар актілер (Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары) . Жергілікті басқару органының актілері - маслихаттың шешімдері, әкімдердің бұйрықтары. Ведомстволық актілер министрліктердің бұйрықтары, шешімдері, инструкциялары. Мекемелердің өз аппаратының ішкі тәртібін реттейтін актілер.
Сот билігінің актілері - Конституцияның 75-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Сот билігі Республикамыздың нормативтік актілерінің және халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады. Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Соттың шешімдері, үкімдері, өзге қаулылары сондай-ақ олардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары мен басқа өтініштері Республиканың бүкіл аумағында барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндеті болып табылады.
Сот төрелігінің қағидалары:
- адамдардың кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
- бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
- айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
- адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыптаушының пайдасына қарастырылады.
- Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды.
- қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді (Конституцияның 77-бабы) .
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты - жалпы юрисдикция соттарының қарауына жататын азаматтық, қылмыстық және басқа істер жөніндегі мемлекеттегі сот билігінің жоғарғы органы. Занда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот тәжірибесінің мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады (прецеденттік түсінік береді) .
Конституциялық бақылау Қазақстан Республикасында Конституциялық Кеңестің құзыретінде. Ол маңызды демократиялық институттың бірі болып саналады, Конституцияның үстінен қарауды және оның тікелей ықпалын қамтамасыз етуді, азаматтардың жоғарғы деңгейдегі құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, биліктің бөлісу қағидаларын орындауды т. б. жауапты қызметтерді атқарады.
Қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес нормативтік актілер сан жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір-біріне қайшы келуі де, қайталануы да, кемшіліктері де молаяды. Осы сан алуан нормативтік актілерден өздеріне керектерін тауып алып, пайдалану жеке және заңды тұлғаларға өте қиын мәселе. Сондықтан мемлекет қабылдаған нормативтік актілер жіктеліп, топтастырып отырылады, оның әр түрлі әдіс-тәсілдері болады:
1) Ең күрделі түрі: инкорпорация, кодификация, консолидация: Инкорпорация - нормалардың мазмұнын өзгертпей сала-салаға бөліп, алфавит бойынша, норманың шыққан уақытына сәйкес жүйеге келтіру. Сол арқылы нормативтік актілердің жинақтарын шығару. Инкорпорацияның түрлері:
- ресми инкорпорация - мемлекеттік органның жасаған жинағы. Бұл жинаққа сілтеме жасауға болады;
- бейресми инкорпорация - жеке және заңды тұлғалардың жасаған жинақтары, оған сілтеме жасауға болмайды;
- хронологиялық инкорпорация - норманың қабылданған уақыттарына сәйкес жүйеге келтіру;
- жүйелік инкорпорация - құқықтың жүйесіне немесе қатынастардың жүйесіне сәйкес нормаларды жинақтау; бұл маңызды жинақ деуге болады. Оның ішіндегі ең күрделісі - заңдардың жинағы (свод законов) . Басқа жинақтардан заң жинағының ерекшеліктері:
1) Жинақ заң шығарушы органның нұсқауымен жасалып, парламентте бекітіледі.
2) Жинақтың жасалу процесінде ескірген нормалар алынып, кемшіліктері болса толықгырылып, жетіспейтін жерлері болса жаңа нормалар қабылданып, қоғамдағы құқық толығымен жаңарып шығады.
3) Жинаққа қоғамдағы ескірмеген, заңды күші бар нормативтік актілердің барлығы кіргізіліп, мемлекеттің ең негізгі заңды жинағына айналады.
Мұндай тәжірибе - заңдар жинағын жасау мемлекеттердің көпшілігінде кездеседі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы хронологиялық және жүйелік жинақтар жасау үшін барлық нормативтік актілерді сала-салаға топтастырып, реттеп, тізім жасап жатыр.
Инкорпорация арқылы нормативтік актілер тек сырттай реквизиттеріне сәйкес жинақталады. Олардың ішкі мазмұнына инкорпорация тиіспейді, кемшіліктерін жоя алмайды.
Нормативтік актілердің ішкі құрылысындағы кемшіліктерді, олқылықтарды, қайталауды жою жолы оларды біріктіріп, бір күрделі нормативтік актіге айналдыру қажет. Бұл жолды консолидация деп атайды. Консолидация өзінің құрамына кірген барлық нормалардың орнындағы біріккен бір акті болып саналады. Оның өзінің жаңа ресми реквизиттері болады: актінің аты, шығарған мекеменің аты, уақыты нөмірі, орны. Бұл нормативтік акт құқық шығармашылықтың бір түрі деуге болады.
Консолидация процесінде нормативтік актілердің қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқару мазмұнына тиіспейді, тек нормалардағы қайталауды, олқылықты, кемшілікті түзетіп жүйеге келтіру. Консолидацияның өзіне тән ерекшеліктері:
1) . Консолидация процесін жүргізетін заң билігінің органдары. Сондықтан консолидация заң шығармашылықгың бір түрі.
2) . Консолидацияда біріктірілген нормативтік актілердің заңды күштері жойылады. Оның орнына біріккен нормативтік актінің заңды күші келеді.
Қазіргі заманда нормативтік актілерді консолидация арқылы жүйелеу процесі мемлекеттердің көпшілігінде өте кең пайдаланады. Біздің Қазақстан мемлекетімізде де осы бағытта нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.
Кодификация - нормалардың мазмұнының ұқсастығына қарай жіктеп, ғылыми тұрғыдан салаға, тарауға, тақырыпқа, баптарға бөліп, құқықтық нормалардың қолдануын жеңілдету. Бұл процесте нормативтік актілер өте күрделі жаңа заң шығармашылық көзқарастан өтіп парламентте бекітіледі.
Нормативтік актілерді кодификациялау процесінде олардың мазмұны өзгеріп, ескірген нормалар алынып, кайталануы жойылып, олқылықтары толықтырылып, жаңа мүдде-мақсатка сәйкес жаңарып, бір салада біртұтас кодекс болып шығады. Кодекстің ішкі құрылымы өте күрделі: тараулар, бөлімдер, баптар. Бірақ олардың арақатынасы тұрақты, ықшамды, ғылыми байланысты, қолдануға пайдалануға ыңғайлы. Құқықтық нормаларды іске асыруда, дұрыс, уақытында орындауда маңызы өте зор.
Сонымен кодификацияның өзіне тән ерекшеліктері:
1) . Нормативтік актілердің жүйелеу процесінде мазмұнының өзгеруі, барлық кемшіліктерінің жойылуы, жаңарып, құқықтың салаларына сәйкес біртұтас кодекс болып шығуы.
2) . Кодекстерді жаңарту, өзгерту тек парламенттің құзыретіндегі - өкілеттігіндегі мәселе.
3) . Қоғамдағы құқықтың сапасын жақсартудың ең маңызды, негізгі жолы.
Кодификацияның түрлері: Конституция, Кодекс, ережелер, жарнама, әскери заң, зейнеткерлер заңы, теміржол заңы т. б.
Қазіргі заманда мемлекеттердің басым көпшілігінде кодификация кеңінен қолданылады. Біздің мемлекетімізде де кодификация жақсы дамып келеді.
Қоғамдағы нормативтік актілерді жүйеге келтірудің екінші әдісі - барлық нормативтік актілерді жинақтау, сақтау, бақылау және оларды пайдалану, қолдану жұмыстарын жеңілдету тәсілі.
Нормативтік актілерді жинақтау, сақтау, бақылау мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, кәсіби одақтың міндеттері. Олар 10-15 жылдар өздерінде сақтап, мемлекеттік архивке тапсыруға тиісті. Мемлекеттік архив ол материалдардың бағалы, керекті құжаттарын, естеліктерді, ғылыми-техникалық, мәдени, білім жетістіктерін мәңгі сақтауға міндетті. Біразын 50-100 жыл өткеннен кейін актілеп жоюға болады.
Қоғамдағы барлық нормаларды білу, олар туралы жедел түрде түсінік беру әр мемлекеттің кезек күттірмейтін міндеті. Бұл істі мемлекет бақылауға алып, қатаң тәртіп орнатып, құқықтық нормаларға жедел турде түсінік беруді қамтамасыз етіп отырады. Ол үшін мемлекет барлық заңды күші бар нормаларды толық есепке алып, жинақтап отырады.
Мемлекеттік есепке алудың әдіс-тәсілдері:
- кітапшылық есепке алу: алфавит, хронологиялық, сала, жүйелік бойынша;
- картотекалық есепке алу: норманың, мекеменің аты-жөні, шығарған жері, уақыты, нөмірі;
- автоматикалық-механикалық есепке алу: ЭВМ т. б. ;
- компьютерлік есепке алу: ең күрделі, ең шапшаң және көпке шыдап, сақталатын жүйе.
Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы.
Құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма - құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастарының жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Адамдардың бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырады: бірінші - адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау - жоспарлауы (ішкі бостандық) ; екінші - өз мүдде-мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің жүзеге асыруы (сыртқы бостандық) .
Қоғамдағы барлық процесс, барлық қарым-қатынастар құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп, қоғамның дұрыс, жағымды дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.
Құқықтық норманың негізгі сипаттары:
1. Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әділеттікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени т. б. даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Конституцияда және заңдарда көрсетілген.
2. Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс-тәсілдерін алдын ала анықтап, көрсетіп отырады. Болашақ қатынастың, оны реттеудің, орындалуының «үлгісін» жасайды. Міне осы «үлгілерді» зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.
3. Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты әлеуметтік тұрақты процесті типизация деп атайды. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.
4. Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың дұрыс орындалуына үлес қосады.
Құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның мазмұнын, маңызын, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруын толық түсінуге болады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады. Өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің өз еркінде, тек заңға нышан келтірмеулері керек.
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы.
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.
Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар, мағыналы, сапалы қарым-қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі, екіншісінде - оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде - қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе бір толық норма болып шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егерде толық болмаса, жетіспейтін элементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.
Сонымен, кұқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Салық туралы» заңында норманың элементтері 1-бабында көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz