Нұрлы көш бағдарламасы


Нұрлы көш бағдарламасы
«
Нұрлы көш
» - Қазақстан мемлекеттік бағдарлама. Басты мақсаты - ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылышырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі.
Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795, 6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073, 7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ жүзеге асыру 2010 жылдан басталмақшы.
Алматы көші-қон комитетінің мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларына «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша қоныстандыру жүргізілмеуі де мүмкін. Өйткені тұрғын үй қымбат, бөлінетін жер телімі тапшы. Ал нарық бағасынан төмен қақпен, әкімдік тарапынан берілетін жалдамалы пәтерлердің мәселесі әзір шешілмейтін түрі бар.
Есесіне өзге облыстар бойынша қоныстандыру жүргізілмек. Әсіресе, облыс орталықтарында, жұмыс орыны жеткілікті қалаларда, шегкараға іргелес елді мекендерде, ауылдық елді мекендерге қоныстандыруға көңіл бөлінбек.
«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануға қаржы бөлінеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Бағдарламаның орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы ақпаратты жылына екі рет, жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы жиынтық ақпаратты жыл сайын жылдың қорытындылары бойынша 30 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө. Е. Шөкеевке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 2 желтоқсандағы N 1126 қаулысымен
бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасы Астана қ., 2008 жыл
Бағдарламаның атауы 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Әзірлеу үшін негіздеме Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы N 399 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасына;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді Әзірлеуші Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мақсаты Этникалық көшіп келушілерді; Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін
жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; еліміздің қолайсыз
аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу Міндеттері Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін
мынадай міндеттерді шешу көзделеді: Бағдарламаға қатысушыларды экономиканың
еңбек ресурстарына және серпінді жобаларды іске асыруға деген қажеттіліктеріне сәйкес қоныстандыруды ынталандыру; Бағдарламаға қатысушыларды әлеуметтік қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеу және іске асыру; тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй
сатып алуға кредит беру жолымен Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен
қамтамасыз ету; Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету; көші-қон процестерін реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру
Іске асыру мерзімі 2009-2011 жылдар Қаржыландыру көлемі Бағдарламаны қаржыландыру республикалық мен көздері және жергілікті бюджеттер қаражатының,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
көздердің есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады. 2009 - 2011 жылдары Бағдарламаны іске асыруға барлығы 197 795, 6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073, 7 млн. теңге: республикалық бюджеттен: 2009 жылы - 17 551, 5 млн. теңге; 2010 жылы - 85 267, 3 млн. теңге, оның ішінде қосымша 53 338, 1 млн. теңге; 2011 жылы - 76 737, 7 млн. теңге, оның ішінде қосымша 54 580, 1 млн. теңге; жергілікті бюджеттерден: 2009 жылы - 25, 8 млн. теңге; 2010 жылы - 5 208, 9 млн. теңге, оның ішінде қосымша 5 208, 9 млн. теңге;
2011 жылы - 4 946, 6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 4 946, 6 млн. теңге; басқа көздерден:
2009 жылы - 7 207, 2 млн. теңге; 2010 жылы - 850, 6 млн. теңге талап етіледі. Бағдарламаны 2010 - 2011 жылдары іске асыру шығыстары тиісті қаржылық кезеңдерге арналған республикалық бюджет туралы заңда нақтыланатын болады Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны іске асыру: этникалық, ішкі және сыртқы көші-қон процестерін реттеуге және оны өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мүддесіне бағындыруға; этникалық және ішкі көшіп-қонушылардың басым бөлігінің өмір сүру сапасын арттыруға; бұрын Қазақстаннан кеткен жоғары білікті мамандардың қайта оралуын ынталандыруға;
көшіп-қонушылардың бейімделу және кірігу қиындықтарымен, жұмыссыздықпен және
бытырап көшіп-қонумен байланысты әлеуметтік қатерлердің туындауының алдын
алуға; ұлттық шоғырлану процестерінің одан әрі дамуын, әлеуметтік тұрақтылық пен
келісімнің нығаюын, демографиялық ахуалдың жақсаруын қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді Қазақстан Республикасы да тәуелсіздік жылдары әлемдік көші-қон процестерінің белсенді қатысушысына айналды. 1991 жылдан бері Қазақстан Республикасы 706 мыңнан астам этникалық қазақты қабылдады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көші-қон процестерін реттеу мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне жатады. 2007 жылы Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды (Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы N 399 Жарлығы) . Бағдарламаның құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 2007 жылғы 28 тамыздағы N 399, "Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы" 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы) және "Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 10 шілдедегі N 1149 Жарлықтары құрайды. 3. Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерінің қазіргі жай-күйін талдау Қазіргі таңдағы көші-қон жағдайында мынадай үрдістер байқалады. ТМД елдері шеңберіндегі негізгі көші-қон ағыны Ресей, Украина және Орта Азия елдерімен; алыс шет елдердің арасында - Германиямен байланысты болып отыр. ТМД елдерімен (Ресей Федерациясын, Беларусь Республикасы мен Украинаны қоспағанда) оң көші-қон сальдосы сақталуда. Көші-қон шығыны да қысқарып келеді: ол Ресей Федерациясымен 1999 - 2007 жылдар арасында - 3 есеге; Белоруссиямен - 6 есеге, Украинамен - 7 есеге төмендеді. Алайда 2007 жылы: алдыңғы жылмен салыстырғанда, көші-қонның оң сальдосы үш еседен астам (11 мың адам) қысқарған;
көшіп кету көбейген - 42, 4 мың адам Қазақстаннан шетелге кеткен, бұл 2006 жылғыдан 20%-ға артық. Бұл ретте көшіп кетушілердің негізгі бөлігі (71%) - еңбек жасындағы адамдар; көшіп келу азайған - Қазақстанға 53, 4 мың адам келген, бұл алдыңғы жылғы деңгейден 20, 0%-ға төмен. Негізгі шығу елдері: Өзбекстан (көшіп-қонушылардың 47 %), Ресей (20 % астам) және Қытай (11%) . 1993 жылдан бастап этникалық көшіп-қонушылардың қоныс аударуы көшіп келу квотасын белгілеумен реттеледі. Соңғы жылдары (2005 -2008 жылдар) оралмандардың көшіп келу квотасы жыл сайын 15 мың отбасын құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2009 жылдан бастап оралмандардың көшіп келу квотасы жылына 20 мың отбасына дейін көбейетін болады.
Келген оралмандардың жартысынан астамы - еңбек жасындағы адамдар (54 %), 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі - 41% және шамамен 5% - зейнеткерлер. Білім деңгейі бойынша: 33, 1 мың адамның (9, 2 %) жоғары білімі, 5, 2 мыңнан астам адамның (1, 4 %) аяқталмаған жоғары білімі бар. Әрбір бесінші адамның - орта арнаулы, 233, 7 мың адамның (65 %) - жалпы орта білімі және шамамен 14 мың адамның (3, 9 %) білімі жоқ. Мемлекет оралмандарға қажетті әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіп келеді. Қазіргі уақытта біржолғы жәрдемақыны, тұрғын үй алуға берілетін қаражатты, жол ақысы және жүк тасымалдау шығыстарының өтеміне берілетін қаржыны ескергенде, орта есеппен 5 адамнан тұратын әрбір отбасына 833 мың теңге қаражат бөлінеді. Елімізде 14 оралмандарды уақытша орналастыру орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) жұмыс істейді. 2008 жылдан бастап Қарағанды, Шымкент қалаларында және Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылында оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары жұмыс істей бастады. Ақтау қаласында үлгі бейімдеу орталығының құрылысы басталды.
Орталықтарда іске асырылатын бейімдеу бағдарламалары құқықтық мәселелер бойынша консультация беруді, мемлекеттік тілді, оралманның қалауы бойынша - орыс тілін оқытуды, кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды көздейді.
Оралмандардың барлығының медициналық қызметке, білім алуына және әлеуметтік қамсыздандырылуына қол жетімділігі қамтамасыз етілген; олар жұмыспен қамтуда жәрдемдесу шаралары қолданылатын нысаналы топтардың біріне жатады. Еңбек жасындағы оралмандардың 66 % астамы өндірістің түрлі салаларында жұмыспен қамтылған; әрбір төртіншісі ауыл шаруашылығымен айналысады. Оралмандарға көмек көрсету үшін облыстық әкімдіктердің жанынан Оралмандар кеңесі құрылған, олар оралмандардың жаңа өмір жағдайындағы проблемаларын зерттеумен және шешумен айналысады. "Оралман" дерекқоры құрылып жетілдірілуде, ол кейіннен әлеуметтік саланың бірыңғай ақпараттық жүйесіне кіріктірілетін болады, бұл этникалық көшіп келушілерге әлеуметтік қызметтердің толық тізбесін жедел көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта республикада этникалық көшіп келушілердің тұрғын үй мәселесін шешу жөніндегі жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында Өзбекстан Республикасынан шамамен 2 мың этникалық көшіп келушілер отбасын көшіру жөніндегі жоба іске асырылуда. Қоныс аударушылардың өздерін құрылысқа тарту және жергілікті құрылыс материалдарын пайдаланудың негізінде, олардың бірыңғайласып тұруын ұйымдастыру үшін 2 мың коттедждің құрылысы жүріп жатыр. Алматы қаласында 185 үйді тұрғызу жөніндегі "Байбесік" жобасы іске асырылуда; Астана қаласының Сарыарқа ауданында "Нұрбесік" шағын ауданы құрылысының жобасы әзірленді. Жергілікті еңбек нарықтарындағы білікті кадрлардың тапшылығы жағдайында шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан экономикасы қажеттіліктерін қамтамасыз етудің қажетті шартына айналды. 2007 жылы қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдарда 104 елден 58, 8 мың шетелдік маманның еңбегі пайдаланылды. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін әкелуге арналған квотаны белгілейді және оның сақталуын бақылайды, шетелдік мамандарды кейіннен жергілікті кадрлармен ауыстыру саясатын жүргізеді. 2008 жылы республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға республиканың экономикалық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz