Смиттің зерттеу әдісі және пәні


Смиттің зерттеу әдісі және пәні
Тарихи қалыптасқан дәстүр бойынша, экономикалық теорияны ғылыми пән ретінде қалыптасуын барлық жерде А. Смиттің атымен және оның зерттеулерімен байланыстырады.
А Смит (1723-1790) 18 ғасырдың соңындағы ағылшын елінің ұлы ғұлама-экономист маманы. Табиғаттану пәнін игеру үшін оның даму тарихын білу аса қажет емес, ал экономика ғылымында, қалыптасу-даму тарихын игермей, оны түсінудің өзі қиынға соғады, тіпті мүмкін емес. (Пол Самуэльсон) .
Ал А. Смиттің экономикалық теорияның қалыптасып дамуындағы орны ерекше. М. Блаугтің пкікрінше, А. Смит - Экономика ғылымының, жалпы негізін және жүйесін бірінші болып жасаған экономист.
А. Смит Шотландияда Кирколд қаласында кеден қызметкерлерінің отбасында 1723 жылы дүниеге келген. Бала кезінен зерек, ол 14 жасында Глазго университетіне түсіп, оны үш жылда бітіріп шығады. Озық студентке арнайы стипендия тағайындап, Оксфорд университетіне оқуды жалғастыруға жолдама беріледі. Бұл университетте А. Смит тағы 6 жыл оқиды. Оксфордтан А. Смит Эдинбург қаласына оралып, ағылшын әдебиеті мен саяси экономия пәнінен қала тұрғындарына лекция оқуға кіріседі. Сол кездің өзінде, оның лекцияларына қарағанда, ол либералдық экономика көзқарасында болғаны айқын көрінеді. 1751 жылы А. Смит Глазго университетінде логика пәні бойынша профессор болып тағайындалады, ал сол жылдың соңында, ол философия кафедрасына ауысып, 1764 жылға дейін дәріс оқиды. 1759 жылы А. Смит «Әдет-ғұрып сезімдер теориясы» деп аталған өзінің ғылыми-философиялық жұмысын жариялайды. Бұл еңбек оны көпшілікке кең танымал етті. Бірақ кейіннен оның назары экономика ғылымына ауысты. Ол сол заманның атақты фиософы және экономисі болған Давид Юммен танысады. 1764 жылы А. Смит кафедраны тастап белгілі қызметке орналасады. Келісім бойынша герцог А. Смитке айына 800 фунт көлемінде тұрақты стипендия тағайындады. Бұл сома оның профессорлық гонорарынан әлдеқайда жоғары еді. Сөйтіп А. Смит 1764-1766 жылдары, екі жыл бойы герцог Баклюмен бірге жүріп, Еуропамен танысады. А. Смит бір жылдан аса Тулуз қаласында тұрады, екі айға жуық Женевада болып, онда Вольтермен кездеседі, тоғыз ай Парижде тұрады. Содан А. Смит өзінің туған жеріне Шотландияға оралып, шешесінің жанында тұрып, Тулузда жаза бастаған ғылыми еңбегін аяқтауға оқшауланып кіріседі.
А. Смиттің ілімін талдап-сипаттау ерекше жауапкершілік қажет етеді. А. Смиттің зерттеулері, мамандардың пікірінше, классикалық саяси экономияның жүз жылдық даму жолын анықтаған, ал Кейнстің пікірінше, А. Смиттің либералды экономикалық принциптері 150 жыл бойы батыс елдерінде экономикалық саясаттың негізі болған. Сондықтан, оның экономикалық ілімін түсіндіру мақсатында, біріншіден , салыстырмалы талдау әдісін қолданамыз, екіншіден , оның қолдаған әдістемелік жүйесін мүмкін болғанша, анықтауға ұмтылу қажет болады, үшіншіден , А. Смиттің осы күнге дейін адамзаттың экономикалық ой-санасын анықтайтын құдыретін түсіндіруді қажет етеді, төртіншіден, А. Смит жеке экономикалық ой-пікірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталамыз. Алдымен, А. Смит экономикалық теорияның пәнін, яғни негізгі зерттеу мәселесін қалай қойған осыны анықтап көрелік. Әрине, А. Смит экономикалық теорияның оқулығын жазбаған, ол зерттеу жүргізген. Оқу пәні мен зерттеу пәні бірдей емес. Бірақ, түптен келгенде, ғылыми пән оқу пәнін анықтайды, оны толықтырады және дамытады. Зерттеу пәнін қалай түсінген жөн ? ол зерттеудің жалпы мазмұнын, ауқымын және бағытын анықтайтын мақсаттық проблема болып келеді. Сондықтан, заңды түрде, кез-келген экономикалық зерттеу жұмысында, оның негізгі де түпкілікті проблема бірден қойылады және зерттеудің атын анықтайды. Яғни, ғылыми еңбектің, әсіресе экономикада, оның күрделі және жүйелі болуына байланысты, атынан бірден зерттеудің пәнін, негізгі де мақсатты проблемасын бірден білуге болады. А. Смиттің еңбегі «Халықтар байлығының табиғаты және себептері туралы зерттеу» деп аталған.
А. Смит еңбегінің «атына заты сай» келетініне күмән жоқ. Сондықтан, осы еңбектің қалай анықталғанынан да оның мән-мазмұндық ауқымын болжап сезуге болады. Экономикалық теорияда және экономикалық өмірде «байлық» деген ұғымның мағынасы өте кең. Біріншіден , байлық барлық әлеуметтік формациялар, натуралды және тауарлы шаруашылықтар үшін жалпы ұғым. Сонда бұл жағдайдан қандай қорытынды жасауға болады ? Яғни А. Смит еңбегінде зерттеу обьектісі ретінде натуралды және тауарлы шаруашылық жүйелерін өзара байланыстырып екіншісінің заңды негізі ретінде алған деуге болады. А. Смиттің осы методологиялық зерттеу әдістемесі біздің заманымызда, әсіресе дамушы елдер үшін де маңызды деуге болады. А. Смиттен кейінгі экономикалық теорияның даму кезеңдерінде қалыптасқан концепциялар бір шаруашылық жүйесін немесе әлеуметтік формацияны басқаларына қарама-қайшы қою әдістемелік көзқарас тұрғысында жасалғанын байқауға болады. Осындай әдістемелік негізде қалыптасқан теориялық концепциялар бірін-бірі толықтырудың орнына өзара қайшылықта болып келген. Бұл жағдайдың обьективті тарихи заңдылығы да бар.
Ал енді Кейнстін кейінгі экономикалық теорияның дамуы басқаша қалыптасып отыр: бір тарихи кезенде көптеген экономикалық ілімдер түрлері мен бағыттары қалыптасып, өзара айтыс-тартыс жағдайларында дами келе, белгілі даму сатысында олар бір-біріне толықтыру процесіне ауысып, жаңа теорияның бағытын қалыптастыру заңдылығы байқалады. Ежелгі Греция философтары Платон мен Аристотель монистік бір қалыпты көзқарастық зерттеу әдістемесі принципін ғылыми көзқарас, ал көптұрғылы негізінде құрылған зерттеулерді-эклектикалық-таяз үстіртін, ғылыми маңызы жоқ көзқарас деп білген.
Осы философиялық негізде экономикалық ілімдер жүйесі пайда болған. Тек Кейнс, бірінші болып бұл дәстүрден шығып, өзінің әйгілі экономикалық ілімдеріндегі, өзіне дейінгі, барлық ғылыми жетістіктерін бір жүйеге келтіріп, Маршалл 19 ғасырдың соңында либералды шаруашылықтың абсолютты және толық абстракцияланған формальді экономика-математикалық үлгісін жасап шығарды. А. Маршаллдың бұл зерттеу әдістемесі, бір жағынан, Кейнстің теориясының қалыптасуына себеп болды, екіншіден, экономикалық теорияны ең терең формальді математикалық зерттеу құралымен қамтамасыз етіп, оның 20 ғасырдың қарқында дамуына себеп болды. 20 ғасырда саяси экономия енді «экономикс», «экономика» деп аталып, микро-макроэкономика түрінде дамыды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz