Инновациялық экономиканың теориялық негіздері жайлы



Қазіргі таңда әлемдік экономиканың көшбасшыларына айналып, жоғары технологиялар саласы мен инновациялық жүйені дамытудың озық үлгісін көрсете білген бірқатар елдер бар. Бұл елдер шикізатты алу мен оны алғашқы өңдеу үрдісін қамититын индустриалдануға дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық өңдей отырып, одан дайын өнім жасауға дейінгі үрдістерді қамтитын индустриалды кезеңдердің барлығынан өтіп, енді жоғары технологиялар мен инновацияларға негізделген постиндустриалды экономиканы жасақтаумен, оның басым бағыттарын жетілдірумен айналысуда. Басқаша айтқанда, олар қосылған құн тізбегін толық қалыптастырып, ғылыми сыйымды, әрі инновациялық сипаты бар өнімдер мен қызметтерді нарыққа ұсынып келеді.
Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасында аталған бағыттарда көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Атап көрсетер болсақ, 2003 жылы елдің инновациялық-индустриялық дамуын қалыптастыру және экономиканың нақты, түпкі өнім өндіру секторын өркендету әрі әртараптандыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы», 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы», ел экономикасының инновациялық белсенділігін көтеру мақсатында 2006 жылы ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы қабылданды. Осылардың негізінде 2003 жылдан бастап отандық инновациялық әзірлемелерді қолдау мен оны өндіріске ендіруге, сонымен бірге Қазақстан Республикасын болашағы зор шетелдік технологияларды трансферттеу алаңы ретінде дамытуға бағытталған инфрақұрылым жүйесін құру үрдісі басталып кетті.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың көшбасшыларына айналып, жоғары технологиялар саласы мен инновациялық жүйені дамытудың озық үлгісін көрсете білген бірқатар елдер бар. Бұл елдер шикізатты алу мен оны алғашқы өңдеу үрдісін қамититын индустриалдануға дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық өңдей отырып, одан дайын өнім жасауға дейінгі үрдістерді қамтитын индустриалды кезеңдердің барлығынан өтіп, енді жоғары технологиялар мен инновацияларға негізделген постиндустриалды экономиканы жасақтаумен, оның басым бағыттарын жетілдірумен айналысуда. Басқаша айтқанда, олар қосылған құн тізбегін толық қалыптастырып, ғылыми сыйымды, әрі инновациялық сипаты бар өнімдер мен қызметтерді нарыққа ұсынып келеді.
Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасында аталған бағыттарда көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Атап көрсетер болсақ, 2003 жылы елдің инновациялық-индустриялық дамуын қалыптастыру және экономиканың нақты, түпкі өнім өндіру секторын өркендету әрі әртараптандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы, 2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы, ел экономикасының инновациялық белсенділігін көтеру мақсатында 2006 жылы ҚР Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы Заңы қабылданды. Осылардың негізінде 2003 жылдан бастап отандық инновациялық әзірлемелерді қолдау мен оны өндіріске ендіруге, сонымен бірге Қазақстан Республикасын болашағы зор шетелдік технологияларды трансферттеу алаңы ретінде дамытуға бағытталған инфрақұрылым жүйесін құру үрдісі басталып кетті.
Индустриялық-инновациялық дамуды қалыптастыру аясында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан саясаттың алғашқы нәтижелері де көрініс бере бастады. Мәселен, еліміздің индустриялық-инновациялық стратегиясының алғашқы кезеңі аяқталып (2003-2007 ж.ж.), нәтижесінде даму институттары және инновациялық инфрақұрылым элементтері, яғни, инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті алғышарттар қалыптасты.
Міне мұның барлығы да отандық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың тиімді тетіктерін қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені, тек дамыған инновациялық инфрақұрылымы қалыптасқан ел ғана инновациялық ортаның толыққанды қатысушысы бола алады. Бұған қоса, инновациялық әлеуеті дамыған елдер болашақтың бағдарын елдегі табиғи ресурстарға қарап емес, адам капиталының, оның интеллектуалдық қуатының шамасына, инновациялық өнім, қызмет, сапалы жұмыс жасай алатын өнеркәсіптік, өндірістік инфрақұрылымның мүмкіндіктеріне, ғылыми-зерттеу, ғылыми-ізденушілік орталықтарының шамасына қарап айқындайды.

1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы

Инновация ұғымын экономикалық теорияға өткен ғасырдың 30 - жылдарында Й.Шумпетер енгізді. Қазіргі кезде көптеген əдебиеттерде инновацияға əртүрлі анықтамалар берілген:
инновация дегеніміз жаңа идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе рынокқа енгізілген жетілдірілген өнім;
инновация - практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс;
инновация - əлеуметтік қызметтерге жаңа тəсіл.
Жалпы алғанда инновация дегеніміз - əкелетін ғылыми - техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық жəне коммерциялық іс - шаралар кешенін болжайды.
Шет елдік зерттеушілер Э.Дж.Долан, Я.Корани, П.Хейне, П.Ф.Друкер, Н.Г.Менкью, Г.Хоскинг, Й.Шумпетер, В.Леонтьев жəне т.б. өндірістік сферадағы кəсіпкерліктің инновациялық сипатын бейнелейтін экономикалық қатынастардың қазіргі заманғы теориясын дамытты [22, 23-25, 43, 79].
Алайда бұл ғалымдардың еңбектерінің басым бөлігі жалпы ғылымдық сипатта жазылған немесе мəселенің жеке тұстарын ғана шешуге арналған. Қазіргі уақытта инновациялық өнімді тиімді жасап, ұтымды пайдалану қатынастарын сапалы түрде қарастырылмайынша елдегі аса маңызды əлеуметтік - экономикалық міндеттерді шешу мүмкін еместігін түсіну енді жеткілікті емес. Ал бұл өзіне тəн арнайы мамандырылған қызмет субъектілері, инфрақұрылым институтттары, өзіндік нарықтық қатынастары бар елдің барлық инновациялық потенциалының дамуын талап етеді.
Индустриалды - инновациялық қызметтердің өндірістің тиімділігі мен өнімнің бəсеке қабілеттілігін арттырудың пəрменді тəсіліне айналуы инновация сферасындағы меншік қатынастарын жүзеге асыру, инновациялық үрдістерді мемлекеттік реттеуде жетілдіру мəселелеріне дұрыс қарауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының индустриалды - инновациялық потенциалының орнын, рөлін, қызметін ғылыми - тəжірибелік тұрғыдан талдау инновациялық қызметттің сан қырлы мəселелерін зерттеудің танымдық маңызын арттырып қана қоймайды, сондай - ақ дəстүрлі салалық талдауды жалпы ұлттық жəне аймақтық тұрғыдан толықтыра түседі.
Шағын инновациялық бизнес мəселелері жақсы зерттелген шет елдерде оны қолдаудың бірқатар тиімді бағдарламалары бар. Алайда шетелдік тəжірибені қазақстандық болмысқа дəлме - дəл тікелей көшіру мүмкін емес жəне ол шет елдегідей тез жəне оң нəтиже бере алмайды. Осы мақсатта экономикалық құралдарды отандық жағдайға бейімдеу үшін өтпелі ғылыми - зерттеу жүйесінің қалыптасу кезеңінде шағын инновациялық кəсіпкерліктің айрықша секторын жан - жақты зерттеу қажет.
Экономикалық əдебиеттерде инновацияның көптеген түрлерінен технологиялық жəне технологиялық емес инновацияларға айрықша көңіл бөлінеді. Əлеуметтік жаңалықтар, басқару формалары мен əдістерінде болатын өзгерістер мен тағы басқаларды техникалық емес инновацияға жатқызамыз. Ал технологиялық инновация - жаңа немесе жақсартылған тауарлар мен техникалық үрдістерді əзірлеу мен енгізу болып табылады.
Инновацияны жаңалықтардан айыра білу тиіс, өйткені бұл екеуі мүлдем əртүрлі ұғым. Жаңалық - бұл тек идея немесе жаңа технологиялық үрдіс пен жаңа өнімнің жобасы. Алайда ол нарыққа жетпегенше инновация болмайды. Нарықтық экономикада ғылыми зерттеулердің тек 6 - 8% - ы жаңа тауарға немесе үрдіске айналады.
Ч.Фрименнің жіктеуінше, технологиялық инновациялар өнімдік жəне үрдістік инновацияларға айналуы мүмкін. Өнімдік инновация дегеніміз - жаңа материалдар мен жартылай фабрикаттарды пайдалана отырып, жаңа өнім алу немесе технологиялық жаңа жəне технологиялық жетілдірілген өнімдерді əзірлеу жəне енгізу болып табылады. Ал үрдістік инновацияға технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау əдістерін қоса технологиялық едəуір жетілдірілген өндірістік əдістерді əзірлеу жəне енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік үрдісті ұйымдастырудың жаңа əдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда, сондай - ақ зерттеулер мен əзірлемелер нəтижелерін пайдалануда негізделуі мүмкін. Əдетте мұндай инновациялар өндірістің тиімділігін арттыруға немесе кəсіпорындарда бар өнімдерді табыстауға бағытталған, бірақ сондай - ақ кəдімгі өндірістік тəсілдерді пайдалана отырып өндіруге немесе жеткізуге келмейтін технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруге немесе жеткізуге арналуы мүмкін. Өнеркəсіпте технологиялық инновацияға мынадай өзгерістер жатпайды: өнімдердегі (түсінде, сəнінде жəне т.б.) эстетикалық өзгерістер; оның конструкциялық орындалуын өзгеріссіз қалдыратын, осы немесе басқа өнімнің параметріне, құрамына, құнына жеткілікті елеулі əсер етпейтін елеусіз техникалық немесе өнімнің сыртқы өзгерісі, сондай - ақ оған енетін материалдар мен компоненттер.
Сонымен қатар инновациялар өнімнің маңыздылығы мен қызмет ету сфераларына байланысты: салааралық, салаішілік, кəсіпорын ішіндегі инновация деп бөлінеді.
Салааралық ішіндегі инновация - екі немесе одан да көп сала арасындағы байланыстың нəтижесінен пайда болған инновация. Салаішілік инновация - белгілі бір сала ішінде ашылған жаңалық. Кəсіпорын ішіндегі инновация - кəсіпорын ішіндегі инновациялық жаңалық, яғни кəсіпорын жұмысының сапасына тиімді əсер ететін фактор.
Атақты экономист Г.Менш инновациялардың 4 категориясын көрсетеді [79]:
1. Базистік инновациялар. Мұндай инновациялар көмегімен нарыққа бұрын болмаған жаңа тауарлар, қызметтер, машиналар, технологиялар келеді. Олар күрделі ғылыми зерттеулерді жəне аса ірі сомадағы капитал салымдарын қажет етеді.
2. Жақсартылған инновациялар. Мұндай инновациялар нарықта бір тауарлар мен қызметтердің белгілі бір қасиеттерін немесе параметрлерін жетілдіруге бағытталған.
3. Кешенді инновациялар. Мұндай инновациялар əлемдік тəжірибеден өткен жəне екі немесе одан да көп саланың жиынтығынан немесе бірлесуінен қалыптасатын өнімдер мен қызметтерден құралады.
4. Радикалды инновация. Мұндай инновациялар қоғамда жаңа салалардың немесе ғылыми бағыттардың қалыптасуына алып келеді [31].
Инновацияның дамуына қозғаушы күш нарықтық бəсекелестік болып табылады. Бұл жердегі инновациялық өнім дегеніміз-түрлі дəрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім. Ол мына бұйымдарды қамтиды:
жаңа (қайта енгізілген) - радикалдық өнімдік инновация;
жетілдірілген бұйымдар;
жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген əдістерінде құрылған бұйымдар - өзге де инновациялық өнімдер [3].
Инновацияны зерттеушілер жаңа өнімнің өмірге келу процесін 7 элементке жіктеп көрсетеді:
1. Инновациялық идеяның тууы.
2. Жаңа өнімді шығару.
3. Өнімді өткізу нарығын анықтау.
4. Сұранысты анықтау.
5. Өнімді жарнамалау.
6. Сату процесін ұйымдастыру.
7. Өнімді өткізу.
Сонымен қатар, инновациялық өнімді нарықтық жағдайда өткізу көлемін арттыру, оған деген сұранысты жоғарылату мақсатында тауарлардың бағасын төмендету, тұтынушыларға қосымша сыйлықтар ұсыну сияқты жанама тəсілдерді қолданылады. Белгілі бір мерзімді аяқтап, өзін - өзі өтеген инновациялық өнім ескіріп кетпеу үшін оны келесі нарыққа немесе аймаққа ауыстыру қажеттілігі туындайды.
Қазіргі кезеңде әлемдік экономикалық жүйенің қарқынды дамуы ғылымды қажетсінетін өнімдер мен оны өндіретін технологияларды тиімді құру және пайдалануға байланысты. Ол үшін негізделген ғылыми - зерттеулер жүргізу қажет және олардың нәтижелерін шұғыл түрде өндіріске енгізу үлкен жетістік. Сонымен, ғылымда жаңа технологиялық бағыттар пайда болады. Осылардың бәрін дұрыс бағытқа салу, тиімді пайдаланып нақтылы нәтижеге жету үшін арнайы инфрақұрылым қажет.
Әдетте инновациялық инфрақұрылымның мынадай жүйелік буындарын бөліп көрсетуге болады:
өндірісті - технологиялық: технопарктер, инновациялы - технологиялық орталықтар, бизнес - инкубаторлар және т.б.;
қаржылық: қорлардың әртүрлі типтері - бюджеттік, венчурлік, қамсыздандыру, инвестициялық;
ақпараттық: орталық - талдау, статистикалық, ақпараттық және т.б.;
кадрлық: дайындау, қайта дайындау, оқу мекемелері (әсіресе инновациялық менеджмент саласынан), технологиялық аудит, маркетинг және т.б.
Бәсекеге қабілеттілік мәселелерін шешу үшін Қазақстанда көп деңгейлі инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы қарастырылған. Оған мыналар жатады:
білім-инновациялық кешендер - жоғары оқу орындары, ғылыми - зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, оқытатын компаниялар. Бұлардың бәрі білікті кадрлар дайындау мен жаңа ой - пікірлер ұсынады;
бизнес-технологиялық кешендер - жаңа ғылыми пікірлерді өндіріске енгізу мен жаңа тауарларды әзірлеумен айналысады;
қолдаушы кешендер.
Инновациялық қызметті қолдау және қаржыландыру, маркетинг, көрме жұмыстары, интеллектуалды меншіктерді қорғау мәселелерімен шұғылданатын құрылымдар кіреді.
Инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін жоғарыда келтірілген жағдайлар міндетті түрде қажет. Олардың барлығының жиынтығы аймақтық инновация жүйесін құрайды.
Инновациялық үрдістерге мынадай ерекшеліктер тән:
әрдеңгейдегі қатысушылардың болуы;
қатысушылардың қызығушылықтарының жүйелілігі және келісімділігі;
шығындар мен нәтиже арасында уақыттық, кеңістік, құндылық бөлшек болуы;
болжамдық сипат;
экономикалық және әлеуметтік мән.
Инновациялық үрдістерде қатысушылар ретінде макро-, мезо- және микродеңгейлерде әртүрлі экономикалық субъектілер бар: мемлекет; корпоративтік құрылымдар; кәсіпорындар; академиялық; салалық; ғылыми зерттеу орындары.
Инновациялық инфрақұрылымның субъектілерінің жұмысы бас кезінде инновациялық кәсіпорындардың қызметіне тиісті жағдай жасау, жоғары технологиялар және оларды өндіріс аясында іс жүзінде пайдалану.
Қазақстан республикасының экономикасына байланысты технопарктердің үш үлгісін пайдалану орынды: ұлттық технопарктер; аймақтық инновациялық орталықтар; жоғары технологиялық аумақтар.
Ұлттық технопарктер республикалық бюджеттің қаржысына құрылады. Олардың ерекшіліктері болып мыналар саналады:
ғылыми - зерттеу мекеменің негізінде белгілі мамандандыруды құру;
нақтылы ғылыми бағыттарды дамыту;
отандық ғылыми жетістіктерді пайдалану;
жаңадан өндірілген өнімдердің күрделі дәрежелігі.

1.2 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктері

Қазіргі кезде əлемнің көптеген елдерінде мемлекет инновациялық қызметке құқықтық, ұйымдастырушылық жəне қаржылық жағынан көмек көрсетуде. Бұл елдердің ішінде Қазақстан да бар. Мемлекеттік инновациялық саясатты ҚР Үкіметі əзірлейді жəне жүзеге асырады.
Стратегияны icкe асыру оны өнеркәсіптік өндірісті инновациялык, даму талабына сай барабар әрекет ететін жоғарғы білікті кәсіби мамандармен қамтамасыз етуге тікелей тәуелді. Бұл ғылыми, инженерлік-техникалық, ғaлым-кoнcтpyктop мамандарға да, ұйымдастыру-басқару мамандарына (менеджерлерге) да бірдей қатысты болады.
Бұл міндетті шешу үшін өнеркәсіпті қарқынды дамыту және жоғарғы технологиялар жaғдaйындaғы жұмыска қажетті түрлі кәсіптердің мамандарын даярлаудың арнаулы стратегиясы әзірленеді.
Стратегияда тікелей қозғалатын баска да маңызды әлеуметік-экономикалық проблема жұмыспен қамтамасыз ету болып табылады. Қocылған құны жoғapы өңдеуші өнеркәсіп салала-рын жеделдете дамыту, бip жағынан жұмыспен қамтудың өсуіне және жұмыс күшінің салааралық қайта айналуына алып келеді, ал екінші жағынан инновациялық даму жекеленген салаларда, әcipece біліктілігі төмен жұмысшыларды жұмыспен қамтудың төмендеуіне әкеп соғады.
Cоңғы проблема жумыс күшінің салааралык, қайта айналуы мен өңіраралық ауысуы, оны жұмылдыруды арттыру есебінен жеңілдейтін болады. Бұл кадрларды, оның ішіндe жұмысшы мамандарын кәсіби даярлау және қайта даярлауды мемлекет арқылы да, өңірлердегі еңбек рыногы мен тұрғын үй, әлеуметтік-тұрмыстық блок, өндірістік инфрақұрылымды және т.б. дамытудың жекеше жүйесі арқылы да жүзеге асыруды талап етеді.
Бүгінде Қазақстанның еңбек және жұмыспен қамту рыногына Қазақстанда жұмыс iстейтін шетел компанияларындағы шетел мамандары мен жұмысшыларының ағылып келуі айтарлықтай салмақ түcipiп отыр.
Компанияларда мынадай таңдау мүмкіндіктері бар:
- Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген квота шеңберінде шетел мамандарын тарту немесе;
- сондай біліктілігі бар жергілікті кадрларды, біршама төмен деңгейдегі еңбекақыға тарту.
Стратегияны icкe асырудың eкiншi кезеңінде Казақстан Республикасының Үкіметі шетел жұмысшы күшін тартудың тетіктерін жетілдіру туралы мәселені қарайды.
Сапалы адам капиталының болуы индустриялық-инновациялық стратегияны oйдағай icке асырудың ажырамас шарты болып табылады.
Білім беру секторы барлық елдер экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басты отты нүктелердің бipi болып отыр.
Faлaмдaнy жaғдайында экономикасы дамыған елдер неғұрлым перспективалы ғaлымдap мен жoғapғы білікті мамандарды шоғырландыруды өзінің басты басым саясаты етіп алды.
Ақыл-ойдың сыртқа кетуі бұрынғы коммунистік елдердің экономикасын дамытуды баяулататын басты фактордың бipi болды. Бұл ахуалды тұрақтандырмай әрi елдегі білім берудің жалпы деңгейін кетермей, Қазақстан әлемде лайықты орын ала алмайды.
Қaзipri жaғдaйдa экономикалық өсу ғылыми-тexникaлық прогреспен, бірінші кезекте, еңбек ресурстарының кәсіби сапасымен теңестіріледі.
Қазақстандағы білім беру жүйесі ырғақты дамитын ғaлaмдaнy мен ақпараттанудың қарқынды әлемдік процестеріне барабар әрекет етуге қабілітті болуы тиіс. Білім бepyді реформалау және еңбек ресурстарын дайындау caлacындaғы нақты мемлекеттік саясат кәсіптік техникалық білім беру және инновациялық менеджмент бөлігінде де қажет.
Осы саладағы жұмысты жүйелеу дамыған елдердің тәжірибесін жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынас негізінде жүзеге асырылатын болады. Кейбір елдерде, мысалы Германияда бизнестің барлық субъектілері жұмыс күшіне сұранысқа сәйкес жұмысшы кадрларды даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз ететін ұйымдардың мүшелері бoлyғa міндетті. Мұндай ұйымдардың әр мүшесі өзінің жарнасын төлеуі тиіс әpi өзіне қажет жұмысшы кадрлардың кәсіптеріне өтінім бере алады.
Шетелдік тәжірибе керсеткендей, инновациялық қызмет аспирантура мен докторантурада толықтырылған барабар жоғары білімді талап етеді.
Білім беру процесін реформалау өтпелі және кәсіптік кадрларды даярлаудың барлық деңгейі мен бағытын қамтуы тиіс.
Білім беру мен кәсіби мамандарды даярлау саласындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік және үй экономикасы
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен мазмұнын сипаттау арқылы тиімді мемлекеттік реттеу механизмдерін ұсыну
ҚР өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту
Қазақстандағы индустриалды - инновацияны жетілдіру
Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістер
ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Денсаулық сақтау (фармация) саласын стратегиялық басқару
Қазақстан экономикасын диверсификациялау бағыттары
Кәсіпкерліктің дамуы, формалары және бағыттары
Кәсіпорындағы кәсіпкерліктің атқаратын қызметтерінің мәнін ашу
Пәндер