Қазақстан мен Түркия арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бергі уақыт ішінде оның әлемдік қауымдастыққа енуі іс жүзінде аяқталып, халықаралық геосаяси қатынастардағы орны мен рөлі айқындалды. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі өзінің тарихи дәнекерлік қызметін қайта жалғастырып, халықаралық аренада беделді де дәйекті бейбітшілік саясатын жүргізуде. Оған Қазақстанның халықаралық қауымдастық шеңберінде тең құқықты қарым-қатынастар орнатуымен бірге, баянды бейбітшілік саясатын қалыптастыру, мемлекетаралық шиеленістерді бәсеңдету, қазіргі Орталық Азия елдері арасындағы, әсіресе Ауғанстан мәселесіне байланысты қалыптасқан жағдайды оңдастыру, шетелдермен экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту жөніндегі ұсыныстары мен нақты қадамдары айқын дәлел.

Сонымен қатар отарлық және кеңестік кезеңдерде бұрмалауға ұшыраған халықтың тарихи санасын қалпына келтіру, өз мемлекеттігін сәйкестендіру аясында өтіп жатқан рухани және мәдени өрлеу барысында Қазақстан Республикасы көршілес елдермен, тарихи тамыры бір туысқан халықтармен ежелгі қарым-қатынастары мен байланыстарын жаңғыртуға да ерекше назар аударып келеді. Алыс және жақын көрші мемлекеттермен жасалатын ресми халықаралық қарым-қатынастармен қатар елдерді жақындастыратын мәдени байланыстардың да маңызы зор. Осы орайда Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени және рухани байланыстардың кеңінен дамуы кездейсоқ құбылыс емес.

Ежелден шығу тегі бір түркі халықтарының соңғы он жылдан астам уақыт ішінде өзара ынтымақтастығының нығаюы КСРО құрамынан бөлініп шыққан тәуелсіз жас мемлекеттердің әлемдік қауымдастықтағы өз орнын дәйектеуге септігін тигізуде. Қазақстанның отарлық дәуірінде, одан соң Кеңес мемлекеті құрамындағы кезеңде белгілі себептермен үзіліп қалған дәстүрлі мәдени және рухани туысқандық байланыстарының қайта жанданып, тұрақты сипат алуы бүгінгі тәуелсіз мемлекеттің дамуы үшін аса зәру мәселе. Түркия мемлекеті, шет елдердің ішінде, 1991 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған, дипломатиялық қарым-қатынас орнату ниетін білдірген ең тұңғыш мемлекет. Сондықтан 1990 жылдардың бас кезінде жекелеген мәдени, ғылыми байланыстардан бастау алған осы қарым-қатынастар тәуелсіздік жылдары кең өріс алып, тұрақты сипатқа ие болды.

Елбасы биылғы жылғы халыққа жолдауында: «Біз тұрақтылықты бағалай білетіндігіміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен дінін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз - Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз» [1] - деп атап көрсетті.

Бүгінде Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстардың қатарында жалпы мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, ақпарат құралдары мен баспасөз, дңни-рухани байланыстардың екшеліп, жалпы екі ел арасындағы ресми мемлекетаралық қатынастардың құрамдас бөлігі ретінде әрқайсысы өз саласында жеке бір ағымды құрайтынын айту қажет. Алғашқы кезде бұрын үзіліп немесе тоқырап қалған дәстүрлі туысқандық байланыстарды қалпына келтіру мақсатымен жалпы мәдени байланыстар көлемінде орнатылған осы қатынастар бүгінгі ғылыми-техникалық мүмкіндіктер, нарықтық қатынастар ықпалымен әр салада нақты нәтижелермен толыға түсуде. Оған Түркия мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстардың нәтижелерін мысал ретінде келтіруге болады. Ол көпшілікке мәлім. Бұл жеке зерттеуді талап ететін сала.

Тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт ішінде осындай сипат алған қазақ-түрік мәдени байланыстарының нәтижелері мен бағыттары, келешегі мен оған кедергі боларлық проблемалар ғылыми тұрғыда байыпты зерттеуді, сараптауды қажет етеді. Отандық тарих ғылымының бүгінгі өзекті міндеттерінің қатарында шетелдермен мәдени байланыстарының барысын зерттеу кезек күттірмейтін мәселелер қатарынан орын алып отыр. Ал Қазақстан мен Түркия арасындағы білім, ғылым және мәдениет салалары бойынша ынтымақтастығының маңызы өте зор.

Тақырыптың деректік негізі. Тақырыпқа қатысты деректерге келетін болсақ ең алдымен Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыстарға негіз болған мемлекетаралық ресми келісімшарттар мен құжаттар, екі мемлекет Елшіліктерінің ағымдағы есеп материалдары мен ақпарат қорларындағы деректер алынды. Сонымен қатар жекелеген ғылыми-зерттеу институттарының, оқу орындарының, мәдениет мекемелері мен ұжымдардың өзара келісімдері мен солар бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері туралы материалдар да кеңінен пайдаланылды.

Доплом жұмысында екі ел арасындағы мәдени байланыстардан ақпарат беретін Қазақстан мен Түркияда шыққан баспасөз материалдары да пайдаланылды. Қазақстан мен Түркияның мәдениет, ақпарат және білім саласындағы министрліктері мен ведомстволары блютендерінің материалдары да жұмысқа арқау болды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыстарын ресми қатынастар шеңберінде баяндайтын еңбектерді атауға болады. Жалпы қазақ-түрік дәстүрлі тарихи тамырластығы туралы, Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастар жөнінде мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, жеке ғалымдардың еңбектері бар. Бұл жөнінде ең алдымен Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халықаралық қатынастарға, еліміздің тарихи даму жолы мен келешек стратегиясына байланысты еңбектерін атауға болады.

Бұл еңбектерде Қазақстанның Түркия мемлекетімен ресми байланыстары, олардың ішінде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастармен бірге екі елдің мәдениет саласындағы ынтымақтастығы, туысқан халықтардың ортақ тарихының бүгінгі күнмен сабақтастығы да баяндалады. Әсіресе, Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» [2] және «Тарих толқынында» [3] атты еңбектерінің қазақ-түрік ынтымақтастығын нығайтуға, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға қосқан үлесі зор екенін атап айтқан жөн.

Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар шеңберінде екі ел ынтымақтастығының мәдениет саласында қалай өрбігенін, оның келешегін пайымдайтын еңбектер қатарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болған, сыртқы істер министрі болған Қ. К. Тоқаевтың [4], [5] еңбектері де зерттеушілер үшін өте құнды мәліметтер беретіні баршамызға белгілі. Ол кітаптарда Қазақстан мен Түркия арасындағы ресми дипломатиялық қарым-қатынастармен қатар Орталық Азия аумағындағы геосаяси мәселелер, екі ел арасындағы ресми және мәдени байланыстар да сөз болады.

Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің қызметі, екі ел арасындағы экономикалық және мәдени байланыстар барысы туралы кезінде Қазақстанның Түркиядағы Елшісі қызметін атқарған Қ. Саудабаевтың [6] мақаласында да Қазақстан мен Түркияның мәдени қатынастарының жалпы арнасы, оларды дамытудың маңызы мен бағыттары нақты мысалдар негізінде баяндалады.

Қазақстан мен Түркияның ресми дипломатиялық қарым-қатынастарының орнауына бес жыл толуына байланысты 1996 жылы Анкарада орыс тілінде басылып шыққан «Қазақстан мен Түркия: достық пен ынтымақтастыққа бес жыл» атты кітапта екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың нығаюы әр қырынан баяндалады. Онда Президент Н. Ә. Назарбаевтың қазақ-түрік қатынастары туралы айтқан сөздері, Қ. К. Тоқаев пен Қ. САудабаевтың мақалалары, сондай-ақ екі ел арасындағы түрлі салалардағы қарым-қатынасты сипаттайтын негізгі құжаттардың мәтіндері берілген [7] .

Сонымен бірге қазақ-түрік мәдени қатынастары жөнінде еңбек жазған авторлардың жұмыстарын да атап айтқан жөн. Бұлардың соңғылары негізінен мәдениет пен ғылым қайраткерлері және жазушы журналистер. Мысалы, А. Тажутов [8], М. Барманқұлов [9], С. Мұртазалиева [10] және басқаларының мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларында Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыстардың жеке түрлері туралы әңгіме болады. Бұл жарияланымдардың құндылығы қазақ-түрік мәдени байланыстарының нақты қай салада дамуынан, олардың қай бағытта кеңірек дамып, қандай салада әлі де болса кемшіл жатқандығын топшылап, сараптауға мүмкіндік беретіндігінде.

Қазақ халқы мен Түркия арасындағы тарихи-рухани тамырластық тұрғысында қазақ және Орта Азия республикалары халықтарының Ресей империясының отарлық саясатына қарсы қарсы ұлт-азаттық күресі ерекше орын алады. Кеңестік дәуірде бұл мәселені зерттеуге тиым салынғанымен, Түркияда осы проблемаға арналған зерттеулер, әр түрлі жарияланымдар басылып келді. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап мұнда да осы мәселеге байланысты іргелі зерттеулер жарық көрді. М. Қозыбаев [11], К. Нұрпейсов [12], М. Қойгелдиев [13] еңбектерінде Алаш қозғалысы мен Түркістан автономиясының тарихы, дала өркениетінің түрік халықтары мәдениетімен сабақтастығы қарастырылып, ол да бүгінгі қазақ-түрік ғылыми-мәдени байланыстарының өзекті желісіне айналды. Бұл зерттеулерден қазақ-түрік ресми және мәдени байланыстарының кеңестік кезеңде неліктен тоқырап, қалғандығына жауап табуға болады. Себебі, Алашорда, Түркістан автономиясының тағдыры, Мұстафа Шоқай сияқты ұлт-азаттық қозғалысының аса көрнекті қайраткерлерінің өмір жолы кеңестік дәуірдегі саясат бойынша Түркиямен де тығыз байланыста қарастырылды. Ал ол кезде бұл мәселелер көпшілік оқырмен үшін жабық болатын.

Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихы да қазақ-түрік мәдени байланыстарының аясында қарастырылып келеді. Соңғы жылдары бұл мәселе арнайы зерттеу нысанына айналып, Түркиядағы қазақ қауымы екі ел арасын байланыстырушы дәнекер рөлін атқаруда. Жалпы шетелдегі қазақ диаспорасының тарихын зерттеу шеңберінде тарихшы ғалым Г. М. Меңдіқұлованың «Шетелдегі қазақ диаспорасының тарихи тағдырлары: пайда болуы және дамуы» атты монографиясын ерекше атап өткен жөн. Онда басқа елдердегі қазақ диаспорасының қатарында Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихы мен бүгінгі жағдайы да автордың тікелей сонда жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде жазылған. Автор Түркиядағы қазақтардың мәдениетіне, білім алу, әлеуметтік жағдайларына да назар аударады [14] .

Қазақ диаспорасының тарихына байланысты Түркиядағы қазақтар туралы К. Л. Есмағамбетов [15] пен А. Тажутовтың кітапшаларында да құнды мәлімет бар. Қазақстанға байланысты шетелдік тарихнаманың білікті зерттеушісі К. Л. Есмағамбетовтың еңбектерінде біз зерттеп отырған мәселе бойынша жаңа деректер бар. Оның құндылығы шетелдік зерттеушілердің Қазақстан туралы жазған еңбектерін отандық тарихнамада тұңғыш рет ғылыми айналымға енгізілуінде деп тұжырымдауға болады.

Қазақстандық (отандық) тарихнаманың соңғы жылдары назар аударып келе жатқан проблемаларының бірі Қазақстандағы түрік диаспорасының тарихы мен өзіндік орны мәселесі. Кавказ түріктерінің Қазақстан мен Орта Азия республикаларына жер аударылуы, олардың бүгінгі жағдайы, көп ұлтты республика халықтары арасындағы тең құқықтық орыны Қ. С. Алдажұманов, Т. Курдаев және басқа авторлардың зерттеулеріне арқау болды [16], [17], [18] . Олардың авторлары Қазақстандағы түрік диаспорасын да, Түркиядағы қазақ қауымы сияқты екі ел достығын, мәдени қарым-қатынастарын дамытуға септігін тигізіп келе жатқан фактор ретінде қарастырады.

Қазақстан мен Түркия арасындағы нақты зерттеу Г. Ә. Байғаринованың «Қазақстан мен Түркияның ХХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы қарым-қатынасы» [19] атты кандидаттық диссертациясында қарастырылды. Орыс тілінде жазылған бұл диссертацияда негізінен екі мемлекеттің саяси қарым-қатынастары, сауда-экономикалық байланыстарының дамуы, инвестиция саласындағы өзара қызметі қарастырылған.

1991-2000 жылдар аралығындағы Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени және ғылыми қарым-қатынастарға арналған Н. Д. Имашованың [20] кандитаттық диссертациясы тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың даму тенденциялары, мәдениет, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтарға жан-жақтылы ғылыми тұрғыдан талдау жасаған.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан мен Түркия арасындағы білім, ғылым және мәдениет саласындағы қарым-қатынастардың маңызын ашып көрсету болып табылады. Осы мақсатты іске асыру үшін алдымызға мынадай міндеттерді қойдық.

- Қазақ-түрік байланыстарының тарихи сабақтастығына жан-жақтылы талдау жасау;

- Халықтық білім беру саласындағы ынтымақтастықтың негізгі түрлеріне және Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің құрылуының маңыздылығына ғылыми түрде тоқталу;

- Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми қарым-қатынастардың әлеуеті мен қызметін ашып көрсету;

- Қазақстан мен Түркияның Түрксой ұйымы аясындағы ынтымақтастығы қызметі айқындау;

- Екі ел арасындағы театр және музыка (саз) өнері саласындағы қарым-қатынастардың дамуына талдау жасау;

- Қазақстан мен Түркия арасындағы бейнелеу өнері және киномотография саласындағы байланыстардың дамуына тоқталу.

Зерттеу жұмысының хронологиялық және территориялық шеңбері. Диплом жұмысының хронологиялық шеңберіне келетін болсақ, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күнінен бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтиды. Нақтырақ айтқанда 1991 жылдан 2014 жылдар аралығын қамтиды. Террриториялық шеңбері негізінен Қазақстан Республикасы мен Түркия аумағы қамтылды.

Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақстан Түркия арасындағы білім, ғылым және мәдениет саласындағы қарым-қатынастарды жан-жақтылы ашып көрсету болып табылады.

Зерттеу жұмысының пәні. Диплом жұмысында халықаралық қатынастар жүйесінде Қазақстан Республикасы мен Түркия арасындағы қарым-қатынастың маңызын ашып көрсету. Соның ішінде екі ел арасындағы мәдениет, білім, ғылым саласындағы қарым-қатынастарға баса назар аударылды.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Диплом жұмысының методологиялық негізін ұлттық тәуелсіздік идеологиясына сүйенген тарихилық принциптері және жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан ақиқатты зерделеу, ұлттық өркениет мүдделерін пайымдау барысында екі елдің арасындағы мәдени, білім және ғылым саласындағы байланыстарының нәтижелерін сыни тұрғыдан талдау әдістері алынды. Сонымен қатар зерттеу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы ресми келісімшарттармен қатар қоғамдық ұйымдар, мәдениет мекемелері, ғылыми орталықтар мен оқу орындарының өзара келісімдері негізінде іске асырылған шаралардың пәрменділігі мен дәйектілігін жинақтау, салыстыру, кемшіл түстарын айқындау, жүйелендіру және ғылыми талдау принциптері мен әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысын жазу барысында соңғы жылдары жарық көрген, жаңаша көзқараста жазылған ғылыми әдебиеттер мен баспасөз материалдары арқылы Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдениет, білім мен ғылым, рухани саладағы ынтымақтастық барысы талданып оның маңыздылығы айқындалып, салыстыра кеңінен пайдаланылып, өзіндік қортынды жасалуының өзі ғылыми жаңалық болып табылады. Атап айтқанда, Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени, білім, ғылым саласындағы қарым-қатынастары, оның маңыздылығы нақты материалдармен дәлелденіп, обективті түрде баяндалады.

Диплом жүмысының құрылымы. Дипом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, әр тараулар үші тараушадан, қортынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

І ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДАҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

1. 1. Қазақ-түрік байланыстарының тарихи сабақтастығы

Қазақ-түрік байланыстары туралы Қазақстанның Ресей империясының қүрамында отарлық аймақ болған кезінде көп айтылған жоқ. Ежелгі заманда өмір сүрген тайпалар, Азияның шығыс, оңтүстік-шығыс бөлігін мекендеген ғұн тайпалары және олардың лек-легімен батысқа қарай жылжуы туралы кезінде орыс шығыстанушылары да, басқа елдің тарихшылары да зерттеп жазған болатын. Қазіргі Қазақстан территориясын мекендеген көне түркі тайпалары мен олар ұйымдастырған мемлекеттік құрылымдар туралы деректер де солардың еңбектерінен орын алды. Жалпы бүгінгі қазақ және түрік халықтарының шығу тегінің ортақ екендігі, екі халықты жақындастырудың, ынтымақтық жолында халықаралық аренада қатар қызмет еттірудің бір кепілі екендігі дау тудырмайды.

Көне заманның өзінде де осы екі халықтың этникалық және мәдени шекараларында алшақтық болмағанын зерттеушілер айқын дәлелдеп берген. Соған қарамастан Ресей империясының отарлық жағдайында сол кездегі билік жүйесі Түркияның орыс патшасы қармағындағы түркі тілдес мұсылман халықтарымен байланысына жол бермеді. Себебі халықаралық аренадағы тартыс, Қара теңіз бұғазы үшін талас, Балқан соғыстары сияқты оқиғалар мен геосаяси жағдай Ресей билігінің бұған жол бермеуіне себеп болды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы қарсаңында екі ел арасындағы тарихи тамырлардың ортақ екендігі, ежелгі қазақ-түрік бауырластығы туралы баспасөз бетінде, ақпарат құралдарында жиі айтыла бастады. Кеңес дәуірінде түркітану (түркология) ғылымы мен Қазақстан және Орта Азияның түркі тілдес халықтарының тілі мен тарихын зерттеуші ғалымдардың еңбектері көлемінде ғана айтылып келген бұл мәселе идеологиялық себептерге байланысты Кеңес мемлекеті мен КОКП (КПСС) саясатының нәтижесінде көпшілік бұқараға насихатталған жоқ.

Мұның басты себебі түп тарихы мен мәдениеті ортақ түркі тілдес халықтардың ынтымақтасуына жол бермеуден туындаған еді. Өйткені бұл халықтар өзара жақындасып, ортақ ұлттық идеология негізінде қарым-қатынас орнататын болса, Кеңес мемлекетінің біртұтастығына, оның геосаяси жағдайына қауіп төндіретіні белгілі еді.

Қазақ-түрік қарым-қатынасына байанысты шынайы тарихи кезеңдер мен ондағы оқиғаларға үңілер болсақ, шынында да, жоғарыда айтылғандай, қазақ пен түрік халықтарының этникалық шығу тегі ежелден екі халықтың бауырлас ынтымағына негіз болды. Көне дәуірдегі «Халықтардың ұлы қоныс аударуы», түрік қағандықтары, онан кейінгі Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар мен құрылымдар тарихытүркі тілдес халықтар үшін бүгінде ортақ мұра. Көне түркі тайпаларының Қазақстан территориясындағы тарихы, олардың қазақ халқының қалыптасуындағы орны мен рөлі жөнінде Қазақстан тарихының бұрынғы және кейінгі басылымдарында кеңінен баяндалған [21] . Көне түріктердің көне ескерткіштері, әсіресе Орхон-Енисей аймағындағы ескерткіштер мен балбал тастар кезінде әлем ғалымдарының назарын аударған болатын. Швед ғалымы Томсеннің Күлтегін ескерткіші және басқаларындағы жазбаларды зерттеп, оны оқудың кілтін табуы, онан кейінгі уақытта да түрколог ғалымдардың назарынан тыс қалған жоқ. Ал Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында бұл ескерткіштерге өзіне лайықты мән беріліп, Күлтегін тасына жазылған мәтіннің көшірмесінің Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия университетіне қойылуында зор символикалық мән бар. Себебі ол көне түріктерден бастау алатын біздің халқымыздың тарихын, еліміздің мемлекеттілігінің қайнар көздері ежелгі замандардан бастау алатындығын дәлелдейді.

Жоғарыда қазақ-түрік байланыстарының отарлық кезеңде мешеу қалғандығын, оған жол бермеуінің себептерін қысқаша айтып өттік. Алайда қандай да бір озбыр ортарлық саясат қазақ халқының өзінің төл тарихынан, түп тамырынан айырған жоқ. Себебі Түркістан аймағы, ортақ мұсылман діні, түркі тектес халықтардың қасиетті де киелі орталығы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі сияқты тарихи мұра әрқашан да ортақ мүддеден, ынтымақтастық ниетінен екі халықты тайдырған жоқ. Патша заманының өзінде кейбір қазақ зиялылары діни және рухани білім алу үшін Түркияда оқуға тырысты. Мысалы ХХ ғ. бас кезінде Бұқарадағы діни медресені бітірген бірнеше қазақ жастары оқуын Стамбулдағы мұсылман семинариясында жалғастырған. Сондай-ақ атақты «Медресе Ғалияда» оқыған қазақ жастарының ішінде де Түркияда осындай оқу бітіргендері бар. Солардың ішінде бүгінде есімдері белгілі кейбір адамдарды атап кетуге болады: олардың бірі қазіргі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданының 6-ауылының тұрғыны Мұқантай Сәметов Бұқарадан кейін Стамбулда діни семинарияда оқыған. Кейіннен күштеп ұжымдастыру кезінде 1930 ж. ақпанда ол әйгілі Ырғыз көтерілісін басқарып, құрбан болған. Белгілі қазақ зиялыларының ішінен 1915 ж. «Медресе Ғалияны» бітіріп, 1915-1917 жж. Түркиядағы Каир мұсылман рухани академиясы мен Стамбул университетінің мұғалімдік қысқа мерзімді курсын бітірген Семейлік Мәнан Тұрғанбаевты айтуға болады. М. Тұрғанбаев Алаш қозғалысына белсене қатысушы, көрнекті жазушы-публицист, журналист, қазақтың оқу-білім саласында ерекше еңбек еткен ағартушы. Ол 1937 ж. саяси қуғын-сүргін құрбаны болды [22] .

1917 ж. кейінгі қазақ-түрік рухани байланыстары туралы айтатын болсақ, оның әртүрлі жолдары болғанын байқауға болады. Мысалы аса көрнекті қазақ ақындары Шәкәрім Құдайбердиевтың, Мағжан Жұмабаевтың, Міржақып Дулатовтың және сол кездегі басқа да әдебиет қайраткерлерінің түріктер мен қазақтардың бауырластығы, шығу тегі бір екендігі туралы ойлары шығармаларынан көрініп тұрады. М. Жұмабаевтың «Түркістан - ер түріктің бесігі ғой, Түркістан - екі дүние есігі ғой» - деуі Түркістанның, жалпы қазақ елінің Еуропа мен Азия құрылықтарының есігі екені, ер түріктердің осы жақтан қоныс аударып, жаңа жерде Осман империясы сияқты ұлы мемлекет құрғанын білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық мәселелері
Түркия Республикасының тоғызыншы
Қазақстан - Түркия арасындағы ынтымақтастық
Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық байланыстар
Қазіргі Түркия мемлекетінің Қазақстандағы қарым қатынас деңгейін көтерудегі рөлін көрсету
ТҮРКИЯ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ
Қазақстан-Туркия елдері арасындағы мәдени байланыстардың орнатылуы
Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасысының қарым-қатынасы қазіргі заманғы өркениетті мемлекеттер байланысының үлгісі (М.К.Ататүріктен – Н.Ә.Назарбаевқа дейін)
Түрік-қазақ саяси және экономикалық байланыстары бүгінгі кезеңде
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ - түрік саяси байланыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz