Ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 125 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 6

1 Ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері 11

1. 1 Жаһандық жағдайдағы ұлттық бәсекеге қабілеттілік 11

туралы ұғым және оның үлгілері

1. 2 Ұлттық өнімнің бәсеке қабілетіне әсер тигізуші негізгі 16

факторлар және олардың халықаралық деңгейде қарастыру

тұжырымдары

1. 3 Сыртқы саудаға өнімді шығарудағы бәсеке қабілеттіліктің 24

орны

2 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды 30

өшеудің әдіснамасы

2. 1Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтаудың 30

критерийлері: жетістіктері мен кемшіліктері

2. 2 ҚР өнімдерін әлемдік нарыққа шығуының ағымды жағдайын 42

талдау

2. 3 Қазақстанның ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтау 55

көрсеткіштері мен инновациялық факторлардың әсері

3 Қазақстана экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың

негізгі бағыттары 70

3. 1 Қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігі: теориялық және 70

практикалық мәселелер

3. 2 Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің 76

инновациялық-технологиялық құрауыштары

3. 3 Әлемдік тәжірибедегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру және оны 95

жүзеге асыру механизмдерінің аймақтық саясатын қалыптастыру

ҚОРЫТЫНДЫ 108

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ 113

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

Қазақстан Республикасының Конституциясы.
1995 ж. 30 тамыз.
Қазақстан Республикасының Конституциясы.: Қазақстан Республикасының бәсекелестікке қарсы Агенттігі заңнамалары
1995 ж. 30 тамыз.:
Қазақстан Республикасының Конституциясы.: Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы.
1995 ж. 30 тамыз.: 2007-2024
Қазақстан Республикасының Конституциясы.: Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнамалығы. Статистикалық жинақ.
1995 ж. 30 тамыз.: Әр жыл сайынғы жылнама

АНЫКТАМАЛАР

Анализ
Сараптама жұргізіп қорытынды шығару
Анализ: Аукцион
Сараптама жұргізіп қорытынды шығару: Сауда жасау түрі
Анализ: Бәсекеге қабілеттілік
Сараптама жұргізіп қорытынды шығару: Нарық жағдайына беәмделу шарты
Анализ: Климаттық ресурстар
Сараптама жұргізіп қорытынды шығару: Табиғаттың күшімен жинақталған тұтыну өлшемі
Анализ: Коррекциялық талдау
Сараптама жұргізіп қорытынды шығару: Берілген жағдайға жан жақты талқылама беру
Анализ: Инновациялық факторлар
Сараптама жұргізіп қорытынды шығару: Жаңашыл жағдайда техника мен технологиялық жаңғыру үрдісі
Анализ: Жетілмеген бісекелестік
Сараптама жұргізіп қорытынды шығару: Нарықтағы бірнеше бісекелестік түрі
Анализ: Монополисттік бәсекелестік
Сараптама жұргізіп қорытынды шығару: Нарықтағы бір ғана бәсекелестікке төтеп беретін шаруашылық түрі
Анализ: Инновациялық қызмет
Сараптама жұргізіп қорытынды шығару: Жаңашыл аруашылықты игеру формасы
Анализ: Экономикалық болжау
Сараптама жұргізіп қорытынды шығару: Берілген экономикалық жағдайға болжам жасау

ҚЫСҚАРТУЛАР

WEF
World Economic Forum
WEF: ЖІӨ
World Economic Forum: Жалпы Ішкі Өнім
WEF: БЭФ
World Economic Forum: Бүкіл Элемдік Форум
WEF: ЭК
World Economic Forum: Еуропалық Экономикалық Коимиссия
WEF: ҒЗЖ
World Economic Forum: Ғылыми Зерттеу Жұмыстары
WEF: ҒЗИ
World Economic Forum: Ғылыми Зерттеу Институттары
WEF: ТМД
World Economic Forum: Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы
WEF: САҚП
World Economic Forum: Сатып алу қабілеттілігі паритеті
WEF: ХВҚ
World Economic Forum: Халықаралық валюта қоры
WEF: ОТБ
World Economic Forum: Орталық тыңшылық басқарма
WEF: ДБ
World Economic Forum: Дүние жүзілік банк
WEF: ТШИ
World Economic Forum: Тікелей шетелдік инвестициялар
WEF: ОШЕ
World Economic Forum: Орталық және Шығыс Еуропа
WEF: БЭФ
World Economic Forum: Бүкіләлемдік Экономикалық Форум
WEF: БҚӨИ
World Economic Forum: Бәсекеге қабілетті өсу индексі
WEF: ЖБҚИ
World Economic Forum: Жаһандық бәсекеге қабілетті ндексі
WEF: Би
World Economic Forum: Бастапқы инноватор
WEF: ТИ
World Economic Forum: Технологиялар индексі
WEF: ТМД
World Economic Forum: Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
WEF: ТШИ
World Economic Forum: Тікелей шетелдік инвестициялар

КІРІСПЕ

Ғылыми зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан жаһандық экономиканың даңғыл жолының шетінен емес, өзінің әлеуетіне барабар болатын ортасынан ойып алғандай абыройлы орын іздеуді көздеп отыр. Республиканың экономикалық дамуының сандық өлшемдерінің динамикасы, сөз жоқ, көңілге сенім ұялатарлық. Дегенмен экономика ғылымның зерттеуіне алынуды жедел қажет етіп отырған бірқатар проблемалар да жоқ емес. Осындай проблемалардың бірі экономиканың бесекеге кдбілеттілігі болып табылады.

"Қазақстанның бәсекеге толык, қабілетті әлемдегі 50 мемлекеттің қатарына ену стратегиясы" елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылдың наурызындағы Қазақстан халқына жолдауында мүмкіндігінше толық түйінделіп көрсетілген болатын. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру - алдағы онжылдықтың маңызды міндеттерінің бірі. Салыстырмалы түрде алғанда өмір сүру деңгейінің төмендігі, бақылауға алынбайтын экономиканың болуы, сыртқы қарыз, коррупцияның жоғары деңгейден көрінуі және т. б. осы сияқты республикадағы экономикалық мәселелердің басым көбі, боямасыз айтатын болсақ, бәсекеге қабілеттіліктің төмендігінен туындап отырғаны рас.

Әлемдік экономикалық, әдебиетте бәсекеге қабілеттілік тақырыбы соңғы жиырма бес жылдың ішінде өзектілердің біріне айналып отыр. Бүл мөселе (нақты нарықтардағы бәсекеге қабілеттілік ретінде смес) кең көлемде алғанда АҚШ-та XX ғасырдың 80-жылдардың басында жапон экономикасы табыстылығының себептеріне, Америка экономикасын "бейиндустриалдау" қаупінің алдын алу жолдарына жауап іздеудің нәтижесінде пайда болып, Үлттық бәсекеге қабілеттілік бойынша Кеңестің сараптамалық басылымдарында көтеріліп отырды.

Көп жылдық пікірталастар мен басылымдардың санының көптігіне қарамастан, ұлттық көлемдегі бәсекеге қабілеттілікті түсіндіріп бере алатын сенімді теория әлі де жасалды деп айту қиын. Бәсекеге кабілетті компания деген ұғым дағдылы ері әбден түсінікті құбылыс болып кеткенмен, "бәсекеге қабілеттілік" ұғымының мемлекетке қатысты жалпыға бірдей түсінікті дефинициясы анықталған жоқ. Мәселен, бір көзқарас бойынша ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі валюта бағамы, пайыздық төлем, бюджет жетімсіздігі сияқты макроэкономикалық шамаларға байланысты анықталады. Бірақ әлемде едөуір бюджет жетімсіздігіне карамастан өмір сүру деңгейі өсіп отырған, сонымен бірге бұл көрсеткіші өте төмен елдермен салыстыруға да келмейтін дамыған елдер көн. Сондай-ақ жаңа қалыптасып келе жатқан нарықгарға жататын бірқатар елдерде бюджеттің едөуір жеткіліктілігіне қарамастан, өмір сүру деңгейі әлдеқайда төмен және баяу қарқынмендамыи отыр. Басқа бір көзқарас бойынша бәсекеге кабілетгілік арзан әрі жүмыс күшінің болуымен байланыстырылады. Бұл жағдайды да жоққа шығаратын мысалдар келтіруге болады. Мысалы, Еуропаның дамыған елдерінің көбінде (Германия, Швейцария және т. б. ) жоғары жалақы мен жұмыс күшінің жетімсіздігіне қарамастан, өркендеуге қол жеткізілген. Үшінші көзқарасты жақтаушылар бәсекеге қабілеттілікті бай табиғат ресурстармен байланыстырады. Алайда ешқандай табиғат байлығын иеленбей-ақ тұрғындарының өмір сүру деңгейі жағынан әлемдік көшбасшылыққа қол жеткізген елдердің бар екені де белгілі. Мұның жақсы мысалына Сингапур жатады. Елдің бәсекеге қабілеттілігін мемлекеттің саясатымен, басқару тәжірибесімен, сауда саясатымен, соның ішінде басым сыртқы сауда балансымен және т. б. байланыстыратын да көзқарастар бар. Әрине, мұндай түсініктерді қанағаттандырарлық деп тану мүмкін емес. Біздің ойымызша ұлттық бәсекеге кабілеттілікті тұжырымдамасы ресурстар, капитал меп ғылыми-техникалық ілгерілеуді қолдану арқылы қол жеткізлетін “еңбек өнімділігі" атты ұғымға негізделеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жаһандық, бәсекеге қабілеттгілікке қатысты ғылыми зерттеулер ішінде жылдық баяндамаларыретінде жарияланып тұратын Әлемдікэкономикалық форумның зсртгемслері (World Еconomic Forum WEF) ерекше орын алады. WEF-тің салыстырмалы бағыттағы зерттеулері әлемдік экономикалық жүйенің жаһандануының қарыштап дамыған XX ғасырдың 90-жылдары ерекше танымалдылыққа ие болды. Сондай-ақ Менеджмент және даму (IMD, World Competitiveness Yearbook, Лозанна, Щвейцария) да 1989 жылдан бастап әзірленіп, жарияланып отыратын елдердің әлемдік бәсекеге қабілеттілігі туралы жылдық басылым - кітаптары да ғылыми ортаға кеңінен танымал болып отыр, бүлинститут 1996 жылдан бастап жыл сайын еуропалық бәсекеге қабілеттілік (European Competitivness Report) туралы баяндамажариялап отырады. Бұл баяндамада елдің бөсекеге қабілеттілігі -мүмкін болатын ең төменгі шамадағы жұмыссыздықпен біргеалғандағы халықтың өмір сүру стандарттары өсуінің критерийлері арқылы қарастырылады. Бұған қоса жалпы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен инновациялардың жиынтықтаалғандағы өндіріс факторларының өнімділігін және экономикалық дамуды арттыруға косатын үлесін талдауға ерекше назар аударылады.

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік мәселелерін зерттеуде отандық ғалымдардың ішінде зерттеулерінің негізгі нәтижелерінде көрініс тауып отыр: ҚР ҰИА академигі э. ғд., профессор О. Сәбден, ҚР ҰҒА академигі, э. ғ. д., профессор А. Қ. Қошанов (ғылыми жетекшілер), э. ғ. к., доцент Б. Д. Құсаиынов (жауапты орындаушы), э. ғ. д. В. Ю. Додонов, э. ғ. д-, профессор Ф. М. Дінішев, э. ғ. к., доцент С. А. Аханов, э. ғ. к. Ф. К Әлжанова. Бұл ғалымдар еліміздің экономикасын бәсекеге қабілеттілігін дамыта алатын, болашағы бар салаларды кластерлеу алғышарттарын зерттеп, талдап, өз еңбектерінде мазмұндап өткен.

Бірінші тарауда ұлттык, экономикалардың салыстырмалы артықшылықтарын халықаралық еңбек бөлінісінде пайдалану теориясына негізделгеп ұлттык бәсекеге қабілеттіліктің негізгі тұжырымдамалары талданады. Бәсекелестіктің үш түрлі экономикалық моделі карастырылады. Басты назар елдердің бәсекелік басымдылығының детерминант жүйелеріне негізделген және негізгі топтарының санына карай" (бәсекелік ромб (немесе алмас) " деп аталып жүрген М. Портердің үлгілеріне аударылды. Бәсекелестіктің теориясы мен үлгілерінің мазмұндық талдауы нәтижесінде жаһандану және ақпараттану жағдайында портерлік үлгілердің өміршең еместігі туралы қорытынды жасалып отыр. Ешбір шын мәнінде тиімді болып табылатын стратегия үлгілердің қатаң түрде шектелген шеңберіне негізделмейді, әрбір стратегия ең алдымен барлық ішкі және сыртқы факторларға, сондай-ак, олардың болашақтағы даму жолдарына жүргізілген салиқалы әрі жан жақты талдауға негізделуі шарт. Аталмыш тарау сонымен бірге қазіргі жаһанданған әлемдік эконо-микадағы Қазақстанның рөліне де арналады. Оның ішінде әлемдік жалпы өнімдегі, әлемдік саудадағы, тікелей шетел инвестицияларының жаһандық ағымдарындағы республиканың үлестік көрсеткіштер өзгерісі динамикасының сандық бағасы беріледі. Мұнда әлемдік деңгейде макроэкономикалық шамаларының төмендігіне қарамастан, Қазақстан болашақтағы дамуы үшін орасан әлеует иесі екені алға тартылады: бұл - Қазақстанның аса бай табиғи ресурстары. Республика экономикасы дамуының Орталық және Шығыс Еуропа, сонымен катар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сияқты жаңа дамып отырған нарықтар ортасындағы дамуына салыстырмалы талдау жасалады. Екінші тарау әртүрлі халықаралық ұйымдар ұстанатын үлттық экономиканың бәсекеге кабілеттілігін бағалау критерийлерін кешенді зерттеуге арналады. Бұл критерийлердің жаңадан қалыптасып келе жатқан Қазақстан сияқты нарықтарда жүріп жатқан ақиқи экономикалық процестерге барабарлығы зерттелді. Ұлттық экономикалардың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін бағалау критерийлерінің артықшылықтары мен кемшіліктері анықталып, осының негізінде бұлардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстары әзірленді. Мәселен, ұлттық экономикалардың дамуын кешенді көрсететін және сараптау бағаларға тән болатын субъективтіліктен ада көрсеткіштер жиынтығы ұсынылып отыр.

Үшінші тарауда Қазақстан экономикасының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттары зерттеледі. Отандық қаржы жүйесі бәсекеге қабілеттілігінің теориялық және практикалық аспектілері жан-жақты карастырылып, экономиканың бұл бөлігінің эвалюциясы көрсетіледі, онын, дамуының басымдылықтары анықталады. Сондай-ақ республика экономикасының технологиялық және иновациялық салаларыныңн тереңдетілген талдаулары ұсынылады. Ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің осындай екі нәзік құрамдас бөліктері әлсіз дамып отырған экономикалық орта егжейтегжейлі қарастырылады. Әлемдік тәжірибені талдау негізінде иновациялық-технологиялық сала дамуының негізгі басымдылықтары, отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметтерін жүзеге асырудың ме-ханизмдері ұсынылады. Республикадағы экономиканың ғылымды молынан қажет ететін бөлігін калыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылған. Бұл аспектілермен тығыз байланыста ұлттық бәсекеге қабілетгілікті арттыруға септігін тигізетін тиімді аймақтық саясат қалыптастыру мәселелері де зерттеліп, оны жүзеге, асырудың механизмдері ұсынылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мен дамыту жолдарын жетілдірудің теориялық, әдістемелік негіздерін жасау және оларды енгізуге тәжірибелік ұсыныстар беру. Аталмыш ұйымдар мен зерттеу институттары жүргізген зерттеулердің нәтижесінде елдер, салалар, бәсекелес компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселесі мемлекеттік экономикалық саясаттың басым міндеттеріне алынды.

Осы мақсаттарға негізделіп, жұмыстың міндеттеріне келесідей мәселелер қойылады:

- мемлекет пен нарықтың инновациялық процестерге бірге қатысуы саясаттың мәні, мазмұны және рөлін анықтау; ;

  • ұлттық экономика бәсекелестіктің маңыздылығы мен сипаттамаларын және теориялық-әдіснамалық негіздерін жүйелеу;
  • бәсекелестік экономиканы дамытудағы шетелдік тәжірибесін талдап қорыту;
  • инновациялық белсенділікке мемлекеттік қолдау көрсетудің орталықтандырылмаған арналарын қолдануды айқындау;
  • жаңа инновациялық институттардың пайда болуына байланысты бұрынғы инновациялық институттардың да қатар жұмыс істеуін талдау;
  • жаңа институттардың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету шараларын қарастыру;
  • инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсетуді негіздеу;
  • кәсіпорын тораптарын қолдау шартын белгілеу.
  • Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті жағдайында индустриалды-инновациялық дамуды қамтамасыз етуге бағытталудың даму жолдары мен мәселелерін көрсету;

Зерттеу пәні - жаһандану жағдайындағы ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі бағыттарының айқындалуы.

Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасының ұлттық бәсекеге қабілеттілігінің инновациялық -технологиялық құрауыштары алынды.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізіретінде белгілі шетелдік және отандық ғалым-экономистердің кластерлік өндіріс кешендерін қалыптастыру, бәсекеге қабілетті өнім өндіру арқылы аймақтардың индустриалдық-инновациялық саясатын дамытуға арналған ғылыми еңбектер қолданылды.

Зерттеуде танымның диалектикалық тәсілі, жүйелі талдау, экономикалық-статистикалық талдау және абстрактілі-логикалықталдау тәсілдері пайдаланылды. Қазақстан Республикасы заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен жолдаулары, Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылға араналған Индустриалды-инновациялық даму стратегиясы, Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөнiндегi жоспарларды бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы N 633 Қаулысы, ҚР статистика мен талдау жөніндегі Агенттігінің мәліметтері зерттеудің ақпараттық базасы болып табылады.

Қорғауға шығарылатын магистерлік диссертацияның негізгі ұсынылымдары:

- қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігі: теориялық және практикалық мәселелерін одан әрі зерделеу;

- қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің инновациялық-технологиялық құрауыштарын айқындап, оларды қолдану;

- әлемдік тәжірибедегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру және оны жүзеге асыру механизмдерінің аймақтық саясатын қалыптастыру және дамыту.

Зерттеудің ғылыми жаналығы. Зерттеу барысында магистерлік диссертацияның ғылыми жаналығын көрсететін және қорғау пәні болып келетін мынадай нәтижелер алынды:

Ұлттық бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамалары жасалды:

  • Жаһандық экономика жүйесіндегі еліміздің бәсекеге қабілеттілік деңгейі анықталды;
  • Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтаудың жетістіктері мен кемшіліктері анықталды;
  • әлемдік тәжірибедегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру механизмдерінің аймақтық саясатын қалыптастыру және дамыту жолдары, бағыттары көрсетілді.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Магистерлік диссертацияны зерттеу барысында алынған нәтижелер кәсіпорындардың экономикалық қызметтерінде және практикалық қорытындылар мен ұсыныстар оқу процесінде қолдану мүмкіндігімен анықталды.

Зерттеу нәтижесінің апробациясы. Магистерлік диссертациялық зерттеудің негізгі мәліметтері ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары мен ғылыми еңбектер жинағында жарық көрді.

Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертация жұмысы: кіріспе, үш тараудан тұратын негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 17 кесте, 11 суреттен тұрады.

1 Ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері

1. 1 Жаһандық жағдайдағы ұлттық бәсекеге қабілеттілік туралы ұғым және оның үлгілері

Бәсекелестіктің жалпы ұғымы туралы бастап айтатын болсақ. Бәсекелестік дегеніміз не? Оған жарыстың қандай түрін жатқызады? М. Вебердің классикалық анықтамасы бойынша бәсекелестік - «басқалар үшін де қалаулы мүмкіншіліктер мен артықшылықтар үстінен бақылау орнатудың бейбіт тәсілдері». [1, 45б. ] Бәсекелестіктің туындауының бастапқы алғы шартына қандай да бір күш жұмсаудың нәтижесінде қол жеткізе алатын бірнеше агенттердің бір мезгілде қалауына ілінген шектеулі көлемдегі ресурстардың болуы жатады. Жоғарыда айтылған ресурстың шектеулілігі, оның тартымдылығы және бірнеше нарыққа қатысушылардың оған қол жетімділігі сияқты элементтердің болуы бсекелестіктің тууы үшін міндетті болып саналады. Егер ресурс шектеулі немесе тартымды болмаса бәсекелестік проблемасы туындамады. Себебі ол тараптар жағынан қиындықтарды жеңу, күш салу әрекеттерін талап етеді. Егер ресурсқа тек қана бір агент таласса, онда жарыс алаңы болмайды. Сондай ақ принципті түрде ресурс бірнеше жарысушылар үшін қол жетімсіз болса, мұнда да бәсекелестік туралы айтудың қажеті жоқ. Сонымен, бәсекелестік екі немесе көп агенттердің олардың тарапынан қандай да бір күш жұмсау арқылы қолжетімді болатын бір ғана шектеулі ресурсқа бағытталған әрекеттері.

Бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономикалардың салыстырмалы артықшылықтарын арзан жұмыс күші, бай табиғат ресурстары және т. б мұндай ерекшелігі жоқ елдерге өнім экспорты және импорттаушы елдің ұлттық экономикасымен салыстырғанда артықшылыққа ие болып отырған елдерден өнім импорты үшін пайдалану теориясына негізделген.

Бәскелестік индустриалды қоғамның динамикалы дамуының негізін құрайды, бастапқы кезде ашық нарықтардағы жеке өндірушілердің еркін бәсекесі формасында болып, оның жүзеге асуының бағалық механизмінде артықшылық ішкі және шетелдік нарықтарға беріледі. Бұған қоса бәсекелестік ұғымының өзі үш ғасыр бойы дамып, динамикалы түрде өзгеріп отырғанын ескеру керек.

Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім ІЖӨ өндірісі мен тұтынуының жоғары деңгейі дамыған елдерде әлемдік экономикалық кеңістіктегі еларалық және фирмааралық бәсекелестік үшін біршама сапалы жағдайлар тудыруға түрткі болады. Өндірістік даму барысында нарықтық ортада тауарды жасап, оны өндірушіден тұтынушыға жеткізуге дейінгі барлық кезендердегі ғылыми техникалық жетістіктер мен инновацияларға негізделген салыстырмалы ұлттық басымдылықтарды басымдықпен пайдаланудан бастап динамикалы түрде өзгеріп отыратын бәсекелік артықшылықтарды пайдалануға дейінгі бәсекелестіктің жалпы бағыттын өзгертіп отыратын жаңа жағдайлар туындайды.

Салыстырмалы артықшылықтар әр елге табиғатынан тән болады, олар тұрақты, мәңгі емес, қайталанбайды. Бәсекелік артықшылықтар динамикалы, иновациялар және адам капиталының, зияткерлігінің дамуымен байланысты, табиғаты жағынан шексіз. Сондықтан салыстырмалы және бәсекелік артықшылықтарды ажырату керек. Бір елдің ішіндегі салыстырмалы және бәсекелік артықшылықтардың интеграциясы оның жаһандық экономикалық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру. [1, 67б. ]

Бәсекеге қабілеттіліктің үш экономикалық үлгісі. Бәсекелестікті талдау тәсілдерінің әртүрлілігін нысанға алайық. Алайда бұл зерттеу бәсекелестіктің экономикалық теорияларың барлығына сараптау жасауды басшылыққа алмайтының, мұнда басты назар үш трек тәсілге аударылатын ескерте кетеміз. Зерттеуде жетілген бәсекелестік ұғымын сипаттайтын идеалды алғышарттар жиынтығы алға қойылды. Бұл алғышарттарды мейнстрим өкілдерінің бірі Дж. Стиглербылай сипаттайды:

1. Берілген өнімді шығаратын фирмалар саны ешбір фирма өнімінің бағасына айтарлықтай әсер ете алмайтындай едәуір көп;

2. Өндірілетін тауарлар біртекті, сондай ақ тұтынушылар қандай да бір белгілі фирманың тауарына артықшылық бермейді;

3. Фирмалар бір біріне тәуелсіз әрекет етіп, бірнеше дербес агенттерді құрайды;

4. Фирма өкілдер маңызды нарық факторлары жөнінде толық білімдер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай-газ саласындағы бәсеке қабілеттіліктің теориялық аспектілері
Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар
Ақсай нан НБК ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың бағыттары
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің критерийлері мен факторлары
КӘСІПКЕРЛІК АЯСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері
Қазақстан өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz