Экономикалық қауіпсіздік туралы


Мазмұны:
Кіріспе3
І-ТАРАУ. Экономикалық қауіпсіздіктің теориялық-методикалық негіздері4
1. 1 Экономикалық қауіпсіздіктегі кедендік органдардың орны мен ролікедендік бақылау органдары қызметтінің құқықтық негіздері
5
1. 2 Кеден тарифтері және ұлттық өнеркәсіпті қорғау7
1. 3 Экономикалық қауіпсіздік - мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізі10
ІІ-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік деңгейі12
2. 1 Қазақстан Рсепубликасындағы экономикалық қауіпсіздік мәселелері12
2. 2 Әлемдік шаруашылық байланыстарда дамуы жағдайындағы экономикалық қауіпсіздік19
ІІІ-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының кеден қызметіндегі экономикалық қауіпсіздігінің негізгі алғышартатары26
3. 1 Кедендік құқықты жетілдіру шаралары26
3. 2 Кеден органдары және оның қызметінің ұйымдық-құқықтық негіздерін жетілдіру. 32
Қорытынды35
Қолданылған әдебиеттер тізімі:37
Кіріспе
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар жүйесінде толық жарамды субъект ретінде қызмет жасауы, жаңа экономикалық кеңістік шеңберінде өзінің ұлттық мүдделерін айқын анықтауын талап етеді. Қазақстан Республикасының мүдделері, ең алдымен мынандай саяси және экономикалық факторлармен байланысты: соғыс объектілерінің және ядролық қару-жарақтың бар болуы, космостық база, ішкі саяси жағдайдың белгілі мөлшерде тұрақсыз болу қаупі, халық санының арту қарқынының биіктігі, аймақтың әлеуметтік-экономикалық артта қалуы, КСРО-ның тарауы салдарынан пайда болған республикалардың әлемдік аренадағы қызметін реттейтін халықаралық құқық механизмдерінің болмауы, республиканың "нативизацияға" бейімделуі.
Бұндай жағдайда Республиканың алдына шетелдермен және таяу шетелдермен қарым-қатынастардың ұтымды жағын табу және күштердің қазіргі кездегі балансына байланысты Азия мен Орта Шығыс кеңістігіндегі Қазақстанның ғаламдық рөлін белгілеу мәселесі қойылады. Ұлттық мүдделер мен басымдық таңдауды мемлекеттің саяси, әлеуметтік және қорғану салаларындағы қызметінен іздеу керек. Қазіргі кезде көрініс алып отырған Қазақстанның Ұлттық позицияларының белгілену тенденциясы, болашақта бұрынғы КСРО шеңберіндегі мемлекеттер арасындағы күш балансына әсер етуі мүмкін.
Қазақстанға әсер етуші күштер мыналармен анықталады: Ресей мемлекетінің қарым-қатынасы (Шығысқа әуестенуі) ; Қытайдың мақсаттары (өзінің экономикалық және саяси әсерін күшейтуде) ; Иран, Түркия, және тағы басқа мемлекеттердің өзіндік мүдделері. Осыған байланысты Қазақстанның мүддесіне ең бастысы мыналар жатады: Қазақстанның егемендігін және таңдаған даму моделін құрметтеу, шекара қауіпсіздігі, экономикада, мәдениетте өзара тиімді ынтымақтастық. Сонымен, республиканың мүдделері сыртқы факторлармен тығыз байланысты және ол ішкі саясаттың макро- және микро деңгейдегі бағыттарына әсер етеді.
Халықаралық экономикалық қатынастар халықаралық құқықтық қағидаларға және халықаралық кеден құқығына негізделеді. Атап айтар болсақ, ұлттық тәуелсіздікті және егемендікті құрметтеу, ішкі іске араласпау, күш көрсетпеу, толық тең құқылық, ұлттық мүдделер мен әр халықтың өз тағдырын өзі шешу, құрметтеу, өзара пайда құқығын шектемеу, т. б.
Қазақстанның егемендігі экономикалық егемендік, өзіндік ұлттық экономикасының нысаны мен жолын таңдауға бағытталған бостандық. Экономикалық қауіпсіздіктің бағыты төмендегі шаралармен байланысты:
- экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету және дүниежүзілік экономикалық жүйеден Қазақстан экономикасының оқшаулануына жол бермеу;
- еліміздің экономикасының ресурстық, энергетикалық негізін сақтау және нығайту;
- геосаяси ортаның әсерінен пайда болатын жағымсыз факторлардың мемлекет экономикасына зиян келтіруінің деңгейін азайту;
- отандық және халықаралық қаржы институттарымен өзара пайдалы ынтымақгастықты қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы несие ресурстары мен инвестициялық мүмкіндікдіктерді отандық экономиканың қалпына келтіру мен дамытуға жұмсау;
- мемлекеттік бюджеттің табыс көзін нығайту;
- сыртқы қарыздарды республикалық бюджет заңында көрсетілген шектен асырмай, Қазақстан аймағында әлеуметтік-экономикалық дамуының дисбалансын болдырмау;
- бәсекелестікті қолдай отырып, монополияны шектеп экономикалық өсуді қамтамасыз етіп, экономикада отандық тауар өндірушілердің үлесін арттыру. Ұлттық кауіпсіздікке, мемлекеттің тәуелсіздігіне қауіп төндіретін халықаралық келісім-шарттарды бекітуге жол берілмеуі керек.
І-ТАРАУ. Экономикалық қауіпсіздіктің теориялық-методикалық негіздері
1. 1 Экономикалық қауіпсіздіктегі кедендік органдардың орны мен ролі
Дүниежүзілік шаруашылық халықаралық еңбек бөлінісі және халықаралық байланыстар арқылы тек пайда табуды көздеген алыпсатарлардан тұрмайды. Саяси және экономикалық қайшылықтағы мемлекеттер бар, олардың көздеген ұлттық мүдделері бар, сол мүдделерді қорғап, жүзеге асыратын үкіметтері бар.
Ұлттық мүддені қорғаудың сенімді құралдарының бірі
- мемлекеттік протекционизм. Протекционизм дегеніміз - мемлекеттің ұлттық экономиканы қолдап, дамыту мақсатындағы экономикалық саясаты /6, 26/.
XX ғасырдың басында «еркін сауда» қағидасы көптеген Еуропалық елдердін қолдауы арқасында протекционизмнің алғашқы «көріністерімен» қатар өмір сүрді. Протекционизм нашар дамыған елдердің экономикалық саясатында тез көктеп, жедел жетіле бастады. Мұның себебі, бұл елдердің өз экономикасы үшін немесе экономикадағы белгілі бір салалары үшін ерекше қолайлы жағдайларды жасауға ұмтылыстарынан туған еді.
Қазіргі уақытта көптеген мемлекеттердің протекционистік саясатының бағыттары көп түрлі, көздеген мақсаттары бүркемелі.
Мемлекеттік протекционизмнің жалпыға белгілі және жиі кездесетін түрлерін атап өтейік:
- өсуі енді ғана басталған ұлттық өнеркәсіпті қолдау;
- нақты тауарды өндірудегі елдің салыстырмалы артықшылығын баянды ету;
- өндірістің қалыптасып келе жатқан жаңа салаларын қорғау;
- өндірістің құлдырауын болдырмау;
- жаңа жұмыс орындарын ашу және оларды қорғау;
- егемен экономиканың дамуын қамтамасыз ету;
- әскери-саяси тәуелсіздікті орнықтыру;
- ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- төлем балансының тепе-теңдігін реттеу, т. с. с. Протекционистік саясатты қолдану қажеттігін көрсету үшін мынадай екі тезисті дәлелдеу керек:
1) Халық шаруашылығы немесе нақты өнеркәсіп саласының дамуын жүзеге асыру үшін протекционистік саясаттың зиянынан пайдасы көп.
2) Көздеген мақсатқа жетудің ең тиімді құралы - протекционизм. Әрбір тезисті дәлелдеу үшін үқсас немесе альтернативтік әдістерді мүқият талдау қажету
Жоғарыда жазылғанның бәріне қатысты, шектеулерді жою пайдасына айтылатын негізгі бір аргумент бар, ол - елдің, халықтың әл-ауқаты сыртқы экономикалық байланыстарды шектеу арқылы емес, еркін сауда жағдайында едәуір өседі /8, 32/.
Мемлекет үшін экономикалық қауіпсіздік пен ұлттық мүдделерді қорғаудан биік, әрі маңызды мақсат жоқ,
Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігінің ең маңызды мәселелерін атап көрсетуге бола ма? Елдің экономикалық өсуін не тежейді, немесе тежеуі мүмкін?
Қазақстанның егемен ел ретіндегі бес жылдық тәжірибесі оның экономикалық қауіпсіздігіне қатерлі мына мәселелерді күн тәртібіне қояды.
1. ИНФЛЯЦИЯ. Инфляция халықтың жинақтаған ақшасын «жеп» қояды. Инвестицияларға кедергі келтіріп кәсіпкерлікті ынталандырмайды, экономикалық бағыт-бағдарды бұрмалайды. Инфляцияны қажеттен тыс ақша шығару күшейтеді. Сондықтан, ақша эмиссиясын (шығаруды) қолдаушылар экономикалық өсудің объективті қарсыластары.
2. ЖОҒАРЫ ПРОЦЕНТТІК СТАВКАЛАР. Бұл нақты өндіріс орындарының қарыз-несие қаражаттарының бағасы. Жоғары ставкалар жағдайында ең тиімді деген өндірістің өзі үшін ақша қол жетпейтін арманға айналады, мұның өзі экономика деңгейінің төмендеуін, оның дағдарысын жалғастыра береді.
3. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ (ДЕФИЦИТІ) . Турасын айтсақ, бюджет тапшылығы инфляцияның да, жоғары проценттік ставканың да заңды «әкесі». Үкіметтің несиеге деген сұранысы қосымша ақша басып шығаруға да, проценттік ставкаларды жоғарылатуға да мәжбүр етеді.
Бюджет тапшылығы экономикадан жеке меншік секторды ығыстырады, сөйтіп оның құлдырауын одан әрі жалғастырады. Бюджет тапшылығын мойындайтын және қолдайтын үкімет қандай бір дәлелдері болмасын экономикалық өсуге қарсы үкімет.
4. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ. Мемлекеттік қарыз дегеніміз - өткен жылдардағы бюджет тапшылығының жиынтығы. Жыл өткен сайын оны өтеуге қажет қаржының көлемі ұлғая береді. Нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің басым бөлігі әлеуметтік сфераны, ғылымды, мәдениетті, денсаулық сақтауды, білім беруді, тіпті қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздікті қаржыландыруға емес, қарыздар мен несиелер үшін проценттер төлеуге кетеді. Шетелге қарыздың проценттері елден біржола кете барады. Бұл процесс жалғаса берсе мемлекет проценттер емес, бастапқы қарыздардың өзін төлей алмайтын жағдайға душар болады,
Дәл осы кезде қарыз дағдарысы (кризисі) басталады да елдің экономикалық дамуын көп жылдарға шегіндіріп тастайды.
5. МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫНДАР. Бюджет тапшылығының ұлғайып, одан әрі өсуінің басты себебі орасан зор бюджет шығындары. Бұл шығындар ұлттық экономиканы тұрақты түрде құлдыратады. Мемлекеттік шығындарды кемітуге «бұдан әрі болмайды» деп қарсыласу мүдделі топтардың оны қайта бөлу механизмдерін сақтап қалуға тырысуынан пайда болады да, экономикалық өсуді қамтамасыз ету емес, оның өсуі жолдарын қарастырудың өзі шешуі қиын мәселеге айналады.
6. САЛЫҚТАР. Салық ауыртпалығы ұлғайған сайын жеке меншік бизнес (іскерлік) одан «жасырынуға» тырысады, немесе тіпті елден кетуге ұмтылады. Ел экономикасы көтере алмайтын салық ауыртпалығынан капитал ашық түрде де, жасырын түрде де шетелге қашуын көбейтеді. Мұның өзі елдегі экономикалық белсенділік деңгейін төмендетіп жібереді.
7. ЖАНАМА САЛЫҚТАР. Әр түрлі салықтарды қолданудың нәтижелері де әр қилы, Ең жарамсыз нәтижелер жанама салықты дұрыс қолданбаудан шыгады. Біз, ең әділетсіз салық - жанама салық дер едік. Себебі, бұл салықтар, ең алдымен халықтың кедей топтарының жанына батады. Жанама салықтар тауар бағасына қосылады да елдегі жалпы баға деңгейін көтереді. Баға деңгейінің көтерілуі халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі деген сөз емес пе?
Жанама салықтар ұлттық экономиканың тиімділігін де әлсіретеді, себебі кәсіпкерлікті дамыту үшін өндіріс факторларының (жұмысшы күші, шикізат, тауар т, б. ) бағасы күрт өсіп кетеді.
8. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРҒА ЖАНАМА САЛЫҚТАР . Бұлар жанама салықтардың ең зияндысы, Жанама салықтардың бұл түрі елдегі баға деңгейін көтеріп, халықтың сатып алу қабілетін төмендетеді, сонымен қатар ұлттық экономиканың тиімділігіне нүқсан келтіріп, мемлекетаралық ақпараттар айырбасына кедергі жасайды. )
Сауда дегеніміздің өзі не жаңа, не сапалы, не арзан, ең алдымен осылар жөніндегі ақпарат қой. Күнделікті қажет сыртқы экономикалық ақпараттың болмауы немесе оның шешім қабылдауға жеткіліксіздігі ел экономикасының дамуына зиянды әсер етеді,
Экономикалық ақпарат - қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы үшін стратегиялық маңызы бар қор /7, 63/.
Дүниежүзілік ақпараттар ағынын толық және тиімді пайдалана алған елдердің экономикасы да жедел дамитыны даусыз. Жалпы, ел байлығының дәрежесі, мемлекеттің шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығы сол елдің көлік, байланыс, ақпарат жүйелері көрсеткіштері арқылы анықталуы кездейсоқтық емес.
Қазақстанның инвестициялық саясатын жүзеге асыру барысында басым бағыттарды таңдап алу көп талдауды қажет ететінін есте үстаған жөн, себебі халықаралық рыноктың механизмі әрдайым Қазақстан мүддесіне сай келеді деп ойлау қателік болар еді. Шетелдік инвестицияларды келтіру үшін мемлекеттің ғылыми дәлелді, өлшемді және мейлінше белсенді саясаты болғаны абзал.
1. 2 Кеден тарифтері және ұлттық өнеркәсіпті қорғау
Кеден баждарының жинақталған тізімін (реестрін) кеден тарифтері деп атайды. Дүниежүзілік сауда қарым-қатынастары өрістеген сайын кеден тарифтерінің құрылымы да курделене түседі. Егер, ең алғашында импортталатын тауарларға салықтың бір ғана ставкасы белгіленіп, тариф бір бағанға ғана сыйған болса, кейінірек көп бағаналы тарифтер қолданыла бастады.
Бір бағаналы қарапайым тариф жағдайында тауардың қандай елде өндірілгеніне қарамастан салықтың мөлшері барлық жерде бірдей болған.
Қазір барлық елдерде де көп бағаналы тарифтер қолданылады. Оларда тауарлардың әрбір тобы үшін екі, одан да артық ставкалар көрсетілген. Мұндай күрделі тарифте ең көп қолданылатыны автономдық салықтың ставкалары.
Бұл салық өзара келісім-шарты жоқ елдерден импортталатын тауарларға салынады.
Кеден тарифтері тауарларды өндірістік белгілері бойынша бөледі, яғни өндірісі ұқсас тауарлар бір топқа біріктіріледі.
Өнеркәсібі дамыған елдерде тауардың өңдеу дәрежесі неғұрлым жоғары болса, кеден тарифтері де соғұрлым жоғарылайды.
Сыртқы сауданың өрістеуін реттейтін баж деңгейінің байқалып отырған төмендеу тенденциясы баждық-тарифтік реттеудің мүмкіндіктерін кемітеді. Қолданылып жүрген халықаралық құқықтық ережелер баждық-тарифтік ставкаларды бір жақты өзгертуге тыйым салады. Оларды өзгерту үшін халықаралық деңгейде кеңес шақырылып, онда ұлттық экономика жағдайы егжей-тегжейлі талқыланады. Талдау нәтижесінде сауда тепе-теңдігі бұзылуының себептері анықталып, оны сауықтыру шаралары белгіленеді.
Реттеудің құндық немесе бағалық әдістеріне тән жалпы кемшілік - олардың ұлттық экономикаға әсерінің жанама (косвенный) сипатында болып отыр. Бұл кемшіліктер импортты реттеудің альтернативтік әдістерін қарастырып, орнықтыруға әкелді. Альтернативтік шаралардың мәні импорт арқылы жеткізілетін тауарлардың сандық және құндық мөлшеріне тікелей әсер ету. Мұның негізінде елге жеткізілетін тауарлардың мөлшерін қатаң бақылауға алып, оларға сандық шектеулер қою шаралары жатыр/12, 24/.
Сандық шектеулер ұлттық өндірушілерді шетелдік жеткізушілердің баға бәсекесінен қауіптендірмей, өз тауарлары үшін рыноктың бір секторын сақтауына мүмкіндік береді.
Макродеңгейде сандық шектеулер импорттың көлемін қатаң қадағалап, валюта шығындарының мөлшерін болжауға мүмкіндік туғызады.
Импорттың көлемін сандық шектеуді квота (үлес) деп атайды. Импорттық квоталар тұтыну деңгейін төмендетіп, тауар бағасының жоғарылауына ықпал етеді. Импорттық квота мен кеден тарифінің айырмашылығын қарастырсақ, біріншісі рыноктық механизмді әкімшілік реттеумен алмастырады, ал екіншісі рыноктық механизмді тек қана түзетіп, дәлдеп отырады,
Жекелеген тауарлардың импортына қатысты сандық шектеулер жалпы квоталар деп аталады. Олар бір жылдың ішінде импортталатын тауарлардың нақты мөлшерін белгілейді, алайда экспорттаушы елдердің тауар позицияларын талдап көрсетпейді,
Импорттық квоталардың мақсаты сыртқы бәсеке қаупін жою болса, экспорттық квоталардың рөлі мүлдем басқаша.
Экспорттық квоталардың мақсаты: шикізатты жергілікті жерде өңдеуді ынталандыру үшін оны шетке шығаруды қысқарту, дүниежүзілік рыноктағы сұраныс деңгейінің төмендеуіне сәйкес экспортты азайту, ішкі рынокта нақты тауар бағасының өсуіне экспорттың әсерін қадағалау, әскери-саяси мақсаттарды қамтамасыз ету т. с. с.
Экспортты квоталау Қазақстанда да кеңінен қолданылады. Экспортына квота белгіленетін тауарлардың жалпы көлемі 90-жылдары республикада едәуір ұлғайды. Шикізат тауарларын квоталаудың мақсаты, оларды ішкі рынокта қолданудың деңгейін төмендетпеу, арзан шикізатты пайдаланатын өнеркәсіп салаларына көмектесу. Сандық шектеулердің басты кемшілігі экспорттаушылар пайдасының тауарды жеткізу жеделдігіне тәуелділігінде болып отыр. Тауарды ертерек жеткізгендер орта норма деңгейінен жоғары пайдаға ие болады. Кешіккендер зиян шегеді. Ірі экспорттаушылармен салыстырғанда ұтысқа шығады. Берілген квотаға "тезірек сыйып кету" үшін болатын қарбаластар бағалардың едәуір шайқалуына әкеліп соғуы мүмкін/21, 31/.
Квоталаудағы болжауы қиын ретсіздіктердің алдын алу мақсатында мемлекет импортқа лицензиялар береді. Лицензия деп - шетелден тауар және қызмет көрсетулер түрлерін келтіруге немесе шетелге тауар және қызмет көрсетулер түрлерін шығаруға мемлекет орындары беретін рұқсатты айтамыз. Реттеудің бұл формасы сандық шектеулерге (квоталарға) қарағанда аса көп байқалмайды, бірақ тиімділігі едәуір жоғары болуы мүмкін.
Лицензиялар жалпы, жеке және автоматты болып үш түрге бөлінеді.
Жалпы лицензия қандай тұлғаға болса да тауарды ешбір шектеусіз келтіруге немесе көрсетілген елден ұзақ уақыт бойы жеткізуге берілетін руқсат.
Жеке лицензия, әдетте нақты фирмаға әкелуге рүқсат етілген тауардың көлемі, жеткізілетін уақыты және аты көрсетіліп беріледі.
Автоматты лицензия берілген фирмалардың қандай және қанша тауар жеткізетіндігін, оның көлемін, сапасын мемлекет тұрақты түрде белгілеп, бақылап отырады.
Лицензиялардың тиімділігін анықтайтын әдістерге ашық конкурс, басым артықшылық беру және шығынды әдістер (затратный метод) жатады /11, 145/.
Аталған әдістердің ішіндегі ең тиімдісі лицензияларды ашық конкурс арқылы бөлу әдісі. Бұл әдіске сәйкес тауар жеткізу құқығы ол үшін барынша жоғары сома төлеуге мүмкіндігі бар фирмаға беріледі.
Дегенмен, соңғы жылдарда ашық конкурс өте сирек қолданылады. Қазіргі кездегі кең тараған әдіс - басым артықшылықтар беру әдісі. Бұл жағдайда лицензиялар мемлекет тарапынан ерекше жеңілдіктер алған фирмаларға беріледі. Мұндай фирмалардың қатарына тауардың нақты түрін көп уақыттан бері импорттайтын, соған маманданған фирмалар жатады.
Шығынды әдіске сәйкес лицензиялар өндірістік қуаттары мол, жұмысшы күші жеткілікті фирмаларға беріледі. Бұл тиімділігі төмен әдіс.
Сыртқы сауда қарым-қатынастарына мемлекеттік монополия, оның экспорт пен импортты реттеу саясатының құрамдас бөлігі. Мемлекеттік монополия, әдетте импорт пен экспорттың ара салмағын бақылауды жүзеге асыра отырып, төлем балансының тепе-теңдігін жіті қадағалайды. Сыртқы саудаға мемлекеттік монополия дамыған, дамушы елдерге, жалпы халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың субъектілерінің барлығына тән.
Сыртқы сауда қарым-қатынастарын мемлекеттік реттеу негізінен импорттық операцияларды қамтиды. Экспортталатын тауарлар, әдетте шектеулі. Олардың қатарына сыртқы сауда қарым-қатынастарында мемлекет үшін ерекше рөлі бар тауарлар немесе әскери техникалар жатады /24, 52/.
Өнеркәсібі дамыған елдердің импорты мемлекет монополиясындағы санаулы тауарлар тізімімен шектеледі. Мысалы, Жапонияда - күріш, бидай, арпа, сүт өнімдері, спирт, темекі, тұз; Швеция мен Финляндияда - алкоголь ішімдіктері; Австрияда - темекі, спирт, тұз, Еуропалық Одаққа мүше бірқатар елдерде мемлекеттік монополия мұнайға, тыңайтқыштарға, алкоголь ішімдіктеріне сақталған/22, 142/.
Сыртқы сауда қарым-қатынастарын мемлекеттік реттеу тек сыртқы сауда операцияларын бақылаумен шектелмейді. Мемлекет көбінесе сыртқы экономикалық байланыстарға қызмет көрсетуді де өзінің қарауына алады. Мысалы, импортты міндетті түрде қамсыздандыру үшін ұлттық компаниялар мемлекеттік фирмалардың қызметіне жүгінеді.
Сыртқы сауда қарым-қатынастарына мемлекеттік монополия, жалпы монополизм сияқты, экономиканы реттеудің ең тиімді жолы емес, Мемлекеттік монополия аясында коррупция (ұйымдасқан жемқорлық) патернализм (жалған қамқорсу) көктеп шығады.
1. 3 Экономикалық қауіпсіздік - мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізі
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты стратегия мен тактикалық тәсілдер арқылы сауда саясатын іске асыруда әлемдік кеңістікте интеграциялану жағдайына бейімделуге мәжбүр болды. Дегенмен, экономиканың өтпелі кезеңі тұрақтандырылған экономика сатысына көшу кезеңінде өзі соңында ескі "мұра" қалдырып отыр:
- Республика экспортының құрылысында өзгерістер туындаған жоқ ол бұрынғыдай шикізат шығару, яғни экспорттың жалпы көлемінің 80%-тен астамы шикізат, жартылай бұйымдар және азық-түлік өнімдерінен тұрады/17, 25/;
- Республиканың бірнеше жыл көлемінде төлемдік дағдарыс жағдайында болуы экспорттық өндірістерден тұрақты пайда алу мақсатымен, оның сыртқы нарыққа бейімделуіне қол жеткізді. Сонымен, екінші қатарға қосылған экономиканың ішкі сұранысы оны қанагаттандырудың қалдық принципін қамтамасыз етті. Көптеген өндірістерде шикізаттың болмауы себебінен ырғақты жұмыс жүргізілмеді;
- шикізат шығаруға бағытталған мемлекет болғандықтан, республика экономикасы әлемдік нарықтағы бағалардың өзгеруіне тәуелді және оның салдары ретінде валюталық шығындарға ұшырау, экспорттық өнімнің жалпы көлемінің азаюына алып келеді;
- ғылымды және капиталды көп қажет ететін өнімдермен қамтамасыз ететін елдерге, ұлттық экономиканың тәуелділігі, алдыңғы қатарға жатпайтын машиналардың, жабдықтардың импортталуына әкеліп соғады. Бұл өндіріс көлемін көбейтуге ықпал етеді, бірақ өндірістің жиедегідей дәрежеге келуін қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар, валюталық құралдардың үлкен бөлігі ағымдағы қажеттіліктерге жұмсалады, бұл қор жинауға және өндіріс ауқымын көбейтуге қажетті жағдай жасамайды;
- қайта орнына келмейтін шикізаттардан дайын өнім жасаудың болмағандығы, ал кейбір жағдайда оның алғашқы өңдеуден өтпеуі қосымша құнның өсуіне кері әсер етеді.
1994-1995 жылдары Қазақстан Републикасы тарифтік шектеулерді өзгерту және оларды жою жөніндегі қарқынды шаралар қолданды. Ең алдымен Қазақстан импорт-экспорттық лицензияларды жойды; 1995 жылы қабылданған қаулыға сәйкес тауарларды экспорттау және импорттау жөніндегі лицензияларға деген талаптар алып тасталынды. Көп мемлекеттердегідей қару-жарақ, құнды металдар, жабайы жануарлар т. б. он шақты тауарлар ерекшелік топтарға енді /25, 12/.
Лицензияланатын тауарлар категориясы ТМД және басқа да елдердің лицеңзияланатын тауарларына сәйкес болуы тиіс.
1995 жылы Қазақстан экспорттық инфрақұрылымға қатысты экспорттық квота және шектеу 1996 жылға қарағанда экспорттық тарифтер 5, 3%-тен 4, 1% -ке дейін жойылды; мұндай тариф салығы салынатын тауарлардың көлемі 733-тен 259-ға дейін төмендеді. Кедендік кеңес елдері арасында экспорттық тарифтердің барлығы 1996 жылдың орта шенінде жойылған еді /25, 14/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz