«Metrocom Service» ЖШС
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.1 Кәсіпорынның қызметімен танысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау және аудит негізінің құрылым..5
II ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК, ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ
2.1 Ақша қаражаттарының есебі, талдауы және аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.2 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі, талдауы және аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.3 Қорлар есебі, талдауы және аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2. 4 Дебиторлық қарыздар есебі, талдауы және аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.5 Еңбекақы есебі, талдауы және аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.6 Міндеттемелер есебі, талдауы және аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.7 Табыстар мен шығындар есебі, талдауы, аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.8 Шаруашылық субъектісінің меншікті капитал есебі, талдауы және аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
2.9 Қаржылық есептілік: іс.тәжірибе және әдістемелік құрылымының талдауы мен аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

Өндірістік тәжірибенің мақсаты оқу барысында жинаған теориялық білімімізді жұмыс тәжірибесімен ұштастыру, және соның негізінде өз білімімізді әрі қарай жетілдіру болып табылады.
Өндірістік тәжірибе 2014 жылдың 31-қаңтарынан 26-ақпанына дейінгі аралықта «Әлеуметтік экономикалық зерттеу орталығында» өтті.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта кәсіпорын тәртібіне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.
Іс-тәжірибені өту бағдарламасына сәйкес келесі құжаттармен танысып, жұмыс жасалды:
1) Жарғы;
2) Есеп саясаты;
3) Салықтық есеп саясаты;
Cонымен қатар,
1) Баланс;
2) Ақша қаражаттары айналымы есебі;
3) Кіріс және шығыс есептері;
4) Меншікті капитал өзгерістері есебі;
5) Қаржылық есепке түсіндірме хат;
6) Еңбек бойынша есеп;
7) Шоттар талдауы;
8) Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі.
Тәжірибе есебінде кәсіпорын қызметіне де талдау жүргізіп, ішкі шаруашылық аудитіне қатысты анықтамалармен де танысу жұмысы орындалды. Негізгі құралдары бойынша есеп жасау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп отырды. Бұл жұмыстар бухгалтерлік есепті жүргізу, шаруашылық қызметін экономикалық талдау және қаржылық есеп аудиті, салық салуды ұйымдастыру мен техникасы жөнінде қажетті тәжірибе жинақтау мүмкіндігімен қатар теориялық сабақтарда алған білімдерді тереңдету және бекіту мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, тәжірибе барысында кәсіпорын еңбеккерлерінің еңбек жалақысын есептеуге және оны тарату, белгілі құжаттарға тіркеу жұмысына көңіл бөлінді. Сонымен бірге жұмыскерлер арасында міндеттемелердің бөлінуімен танысып, бухгалтерлік құжаттарды толтыру мен өңдеу, түгендеу және тексеру жүргізу жұмыстары да қарастырылды.
Берілген жұмыстың басты мақсаты кәсіпорынның жұмысы, оның жарғысы, өндірістік процесс пен технологиялары, басқару жүйесі және ішкі бөлім қызметтері, бәсекелестік стратегиясы туралы ақпаратты көрсету; қаржы көздері мен ақша ағымдары туралы есеп арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және де кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын, кәсіпорынның қызметтерінің артықшылықтарын бейнелеу.

1. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме туралы Заң» 2007 ж, (соңғы енгізілген толықтырулар мен өзгерістер 19.03.2010 ж.).
2. «ҚР-ның аудиторлық қызмет туралы Заңы», 20 қараша 1998 ж. № 304-1 (соңғы енгізілген толықтырулар мен өзгерістер 1 қаңтар 2005 ж).
3. Абдиманапов Д. Д., Юсупжанова А. К. Организация учета ТМЗ. Бухгалтерский учет и аудит. 2001 г. № 2,
4. Куранбаев К. С. Организация инвентаризации. Бухгалтерский учет и аудит. 2003 г. № 4.
5. Радостовец В.К., Радостовец В. В. , Шмидт О. И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы қ. Центраудит-Қазақстан. 2002 ж.
6. Салық Кодексі 2010 ж
7. Бюллетень бухгалтера
8. Самоучитель бухгалтера 2010 года
9. Дюсембаев К.Ш., Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебн. Пособие/ К.Ш. Дюсембаев, С.К. Егембердиева, З.К. Дюсембаева – Алматы: «Каржы-Каражат», 2003 – 512с.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі: Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ КАФЕДРАСЫ
050508 Есеп және аудит мамандығы бойынша студенттің
өндірістік іс-тәжірибеден өту туралы
Е С Е Б І
Студенттің аты-жөні,тегі:
Тәжірибе орны: METROCOM SERVICE ЖШС
Университет тарапынан тәжірибе жетекшісі:
Кәсіпорын тарапынан тәжірибе жетекшісі:
АСТАНА 2015 ж.
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.1 Кәсіпорынның қызметімен
танысу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау және аудит негізінің құрылым..5
II ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК, ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ
2.1 Ақша қаражаттарының есебі, талдауы және
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..7
2.2 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі, талдауы және
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.3 Қорлар есебі, талдауы және
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2. 4 Дебиторлық қарыздар есебі, талдауы және
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .19
2.5 Еңбекақы есебі, талдауы және
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.6 Міндеттемелер есебі, талдауы және
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .26
2.7 Табыстар мен шығындар есебі, талдауы,
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .28
2.8 Шаруашылық субъектісінің меншікті капитал есебі, талдауы және

... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..31
2.9 Қаржылық есептілік: іс-тәжірибе және әдістемелік құрылымының талдауы
мен

... ... ... ... ... ... .34
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .36
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...37
КІРІСПЕ
Өндірістік тәжірибенің мақсаты оқу барысында жинаған теориялық
білімімізді жұмыс тәжірибесімен ұштастыру, және соның негізінде өз
білімімізді әрі қарай жетілдіру болып табылады.
Өндірістік тәжірибе 2014 жылдың 31-қаңтарынан 26-ақпанына дейінгі
аралықта Әлеуметтік экономикалық зерттеу орталығында өтті.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға
тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта кәсіпорын тәртібіне сәйкес
талаптарды орындап отыруға мән берілді.
Іс-тәжірибені өту бағдарламасына сәйкес келесі құжаттармен танысып,
жұмыс жасалды:
1) Жарғы;
2) Есеп саясаты;
3) Салықтық есеп саясаты;
Cонымен қатар,
1) Баланс;
2) Ақша қаражаттары айналымы есебі;
3) Кіріс және шығыс есептері;
4) Меншікті капитал өзгерістері есебі;
5) Қаржылық есепке түсіндірме хат;
6) Еңбек бойынша есеп;
7) Шоттар талдауы;
8) Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі.
Тәжірибе есебінде кәсіпорын қызметіне де талдау жүргізіп, ішкі
шаруашылық аудитіне қатысты анықтамалармен де танысу жұмысы орындалды.
Негізгі құралдары бойынша есеп жасау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп
отырды. Бұл жұмыстар бухгалтерлік есепті жүргізу, шаруашылық қызметін
экономикалық талдау және қаржылық есеп аудиті, салық салуды ұйымдастыру мен
техникасы жөнінде қажетті тәжірибе жинақтау мүмкіндігімен қатар теориялық
сабақтарда алған білімдерді тереңдету және бекіту мақсатын жүзеге асыруды
қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, тәжірибе барысында кәсіпорын еңбеккерлерінің еңбек
жалақысын есептеуге және оны тарату, белгілі құжаттарға тіркеу жұмысына
көңіл бөлінді. Сонымен бірге жұмыскерлер арасында міндеттемелердің
бөлінуімен танысып, бухгалтерлік құжаттарды толтыру мен өңдеу, түгендеу
және тексеру жүргізу жұмыстары да қарастырылды.
Берілген жұмыстың басты мақсаты кәсіпорынның жұмысы, оның жарғысы,
өндірістік процесс пен технологиялары, басқару жүйесі және ішкі бөлім
қызметтері, бәсекелестік стратегиясы туралы ақпаратты көрсету; қаржы
көздері мен ақша ағымдары туралы есеп арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдау және де кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын, кәсіпорынның
қызметтерінің артықшылықтарын бейнелеу.
1.1 Кәсіпорынның қызметімен танысу
METROCOM SERVICE жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) 2004
жылдың 27 қаңтарында қатысушының қаражаттарын біріктіру арқылы олардын
мүдделері үшін олардын қуаттарын пайдаланудың тиімділігін көтеру үшін
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің, ҚР 22.04.98ж.
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестер
туралы Заңының, Қазақстан Республикасының 31.01.2006ж. №124-ІІІ Жеке
кәсіпкерлік туралы Заңының негізінде құрылған.
Бұл заңды тұлғада өзінің дербес балансы, өз атауы бар фирмалық
бланкілері, жазылған шеңбер мөрі, банктегі жеке шоттары және басқа да
реквизиттері бар. Кәсіпорынның қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының
және серіктестікке қатысушылардың мүдделері үшін шаруашылық, кәсіпкерлік
қызметтерді біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорын жарғылық капиталы құрылтайшы салымынан, алған кірістер мен
заңмен тиым салынбаған көздерден кірістер есебінен құрылады. жарғы
капиталына жарна болып ақша, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар, соның
ішінде жер иелену құқығы және интеллектуальдық қызмет нәтижесіндегі
құқықтар және басқа да мүліктер болады. Кәсіпорынның жарғылық капиталы жыл
аяғында 7 020 000 теңгені құрады.
Кәсіпорынның қатысушының ерекше құзіреті:
– кәсіпорынның жарғысын өзгерту, соның ішінде жарғы капиталының
мөлшерін, фирмалық атауы мен тұрған жерін өзгерту, немесе
серіктестіктің жарғысын жаңа редакцияда бекіту;
– кәсіпорынның атқарушы органдарын құру және оны құзырын уақытынан
бұрын тоқтату, сол сияқты оның мүлкін сенімді басқаруға беру туралы
шешім қабылдау;
– кәсіпорынның жылдық қаржылық есебін бекіту және таза пайдасын бөлу;
– кәсіпорынның ішкі қызметтерін реттейтін құжаттарды қабылдау және
оның процедураларын, ішкі ережені бекіту;
– кәсіпорынның басқа да шаруашылық серіктестіктеріне қатысуын, сондай-
ақ басқа ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдау;
– кәсіпорынның тарату мен қайта құрылуы туралы шешу;
– тарату комиссиясын тағайындау және тарату балансын бекіту.
Кәсіпорынның атқарушы органы болып қатысушы тағайындаған директор
болып табылады. Қатысушыға есеп береді және оның шешімдерінің орындалуын
ұйымдастырады, өзіне берілген қызметтері үшін міндеттемелерге ие болады;
Кәсіпорынның қызметі мен мақсаты тауарларды алып-сатумен және басқа да
Қазақстан Республикасының Заңнамаларына қайшы келмейтін Жарғыда көрсетілген
қызметтермен айналысу арқылы табыс табу болып табылады.
1.2 Бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау және аудит негізінің құрылымы
Бухгалтериядағы жұмыскерлердің міндеттері арнайы Қызметтік міндеттер
атты құжатпен жүзеге асырылады.
Бухгалтерлік есеп пен каржылык есептіліктің жүйесі төмендегі құжаттар
мен арнайы кодекстерге сәйкес жүргізіледі:
-Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік
туралы Заңы, № 234-III, 28 ақпан 2007 ж.;
-Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі), № 99-IV, 10 желтоқсан 2008ж.;
- Қазақстан Республикасының Заңы ҚР-ның Кодексін қолданысқа енгізу
туралы, Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі), № 100- IV, 10 желтоқсан 2008 ж.
-ҰҚЕС №2 (Ұлттық қаржылық есеп стандарты) ;
- Бухгалтерлік есептің типтік үлгілік шоттар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің бұйрығы, № 185, 23 мамыр 2007
ж.
Бухгалтерлік есепке қатысты мағлұматтар коммерциялық құпия ретінде
жасырын сақталады. Есептік-бухгалтерлік құжаттар Мемлекеттік комитеттер мен
министрліктер іс-әрекеті нәтижесінде пайда болатын типтік құжаттар тізіміне
сәйкес сақталып және жойылып отырады.
Жалпы есеп жүйесі мынадай есептілікке бөлінеді:
-қаржылық есептілік, ХҚЕС-та көрініс табатын Жұмыс шоттар жоспары
арқылы, кірістер мен шығыстарының қалыптасуы;
- қаржылық есептілік негізінде қалыптасатын статистикакалық есеп;
-салық заңдарына сәйкес қаржылық есептіліктің нәтижесінде
қалыптасатын салықтық есеп;
-ағымдағы және перспективалық жағдайлардың талдау және тиімді
баскарушылық шешім қаьбылдауға қажет болып табылатын қаржылық, өндірістік,
статистикалық және салық есебінің негізінде дайындалатын басқарушылық есеп,
жинақ мәліметтері.
Мүліктердің, міндеттемелердің, шаруашылық операциялардың бухгалтерлік
есебі 1С Предприятие атты компьютерлік бағдарламада теңге мен тиын арқылы
жүзеге асырылады.
Орындалған шаруашылық операциялардың ішкі бақылауы бастапқы есеп
құжаттарын есептілікке қабылдаған кезде бухгалтериямен жүзеге асырылады
және өзіне бақылау рәсімдерін қосатын келесідей бағыттары бар:
-бекітуін бақылау (әр шаруащылық операция тиісті нұсқамен орындалуы
тиіс);
-заңдылықты бақылау (әр шаруашылық операцияның әрекеттегі заңдылыққа
сәйкестігін тексеру);
- өкілдікті бақылау (шаруашылық операциялардың іске асырылуын және
есептілікте көрініс табуы үшін адекваттық есеп жұмыскерлерінің қызметтік
міндеттерінің бөлінуі, және де олардың орындалуын бақылау);
-деректердің өңделуінің бақылауы (басшылық тарапынан ескерілетін
құжаттау мен жүйелі жазулардың бақылауы);
-жүйенің сақталуын бақылау (активтерге рұқсаттардың шектелуін
қамсыздандыру);
-тәуелсіз бақылау (тексерушілер мен бақылаушылардың тексеріс жүріп
жатқан кәсіпорыннан тәуелсіздігі).
Кәсіпорынның есеп саясатының құжаттары барлық құжаттарына сәйкес
бекітілген бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары және құжат
айналымының графигі (ережелері).

есебі бухгалтерлік есеп шоттар жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Әр шоттың құрылымы талдап тексеру дәрежесінің артуына қарай келесідей
иерархиялық есепті қолданады
– шот;
– субшот.
Операциялардың және оқиғалардың аналитикалық есебін жүргізу
кәсіпорынның қажеттілігіне қарай жасалады. Қандай да бір сипаттаманың
дәлелдемесі негізінде аналитикалық белгілер шоттың бір деңгейіне қарай
топтасады, (мысалы, негізгі құралдар тобы, материалдар түрі, шығыстар
баптары, өнім түрлері, есеп түрлері, резерв түрлері және т.б.).
Кәсіпорында барлық шаруашылық операциялар бастапқы ақтау құжаттарының
негізінде жүргізіледі, және соның негізінде бухгалтерлік есеп жүзеге
асырылады.
Бухгалтерлік мұрағатта сақтау бүтіндігінің жауапкершілігі және
мұрағаттық кітапшаның жүргізілуі бас бухгалтерге жүктеледі.
Құжаттардың сақталу мерзімінің есептелуі іс-жүргізу жылының
аяқталуының келесі жылының 1 қаңтарынан басталады.

2.1 Ақша қаражаттарының есебі, талдауы және аудиті
Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта
өндірілген өнімің сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын
болса, екіншіден сол өнімді өндіріп шығару үшін қажет шикізаттар және
материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып
табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ
және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу
жолы арқылы жүргізіледі.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік ақша қаражаттарының
түсуі мен жұмсалуы келесі категорияларға жіктейді:
– Операциялық қызмет;
– Инвестициялық қызмет;
– Қаржыландыру бойынша қызмет;
Аталған қызметтердің құрамы төмендегі 1-суретте берілген.
Өндірілген өнімді сатуда, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі
құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және
бюджетке немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді
төлеуге байланысты барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде түрлі
операциялар пайда болады.
Ақша қаражаттарының түсу және жұмсалу ағынын жіктеу.
1. Операциялық қызмет – ұйымның табыс әкелуге бағытталған
негізгі қызметі. Осы категорияға ақша қаражаттарының түсу ағыны
ретінде жатады: тауарлар мен қызметтерді сатып алушылардан ақша
қаражаттарының түсуі, инвестициялар мен ссудалардан алынған
пайыздар мен дивидендтер, сондай-ақ нарықтық бағалы қағаздарды
сатудан алынған қаражаттар. Ақша қаражаттарының жұмсалу ағынына:
еңбекке ақы төлеу, тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер, проценттер
бойынша төлемдер, салықтық төлемдер және нарықтық құнды
қағаздарды сатып алу.
2. Инвестициялық қызмет – айналымнан тыс активтерді сатып алу
және сату, ақша эквиваленттеріне жатпайтын басқадай инвестицияларды
сатып алу, сату. Ақша қаражаттарының түсу ағыны ұзақ мерзімді активтерді
және нарықтық құнды қағаздарды сатудан алынған ақша
қаражаттарын қамтиды. Ақша қаражаттарының жұмсалу ағыны ұзақ
мерзімді активтер мен нарықтық құнды қағаздарды сатып алуға жұмсалған
ақша қаражаттарын қамтиды.
1. Қаржылық қызметін (қаржылық қызмет) – ұйымның меншікті
капиталының құрамындағы өзгерістерді тудырады. Басқаша айтқанда
қаржылық қызмет – ұйым иелерінің ресурстарды алу немесе иелеріне
ресурстарды қайтару. Олардың инвестицияларына табысты беру.
Ақша қаражаттарының түсу ағыны акцияларды, қысқа және ұзақ
мерзімді займдарды шығарудан түскен түсімдерді қамтиды. Ақша
қаражаттарының жұмсалу ағыны иелеріне ақшалай дивиденттерді төлеуді
қамтиды.
Түсуі
Жұмсалуы
Сурет 1 - Кәсіпорын қызметінің құрамы.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру үш
категорияға сәйкес үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде
операциялық қызметтен түскен ақша ағыны одан кейін
инвестициялық қызмет, ең соңғысы – қаржылық қызмет.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікті дайындау.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді дайындау кезінде
негізгі 4 кезеңді қамту керек:
1. Операциялық қызметтен түскен ақша ағынын анықтау.
2. Инвестициялық қызметтің ақша қаражаттарының ағынын анықтау.
3. Қаржылық қызметтің ақша қаражаттарының ағынын анықтау.
4. Алғашқы үш кезеңде алынған ақпаратты есептілікке түсіру.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді дайындаудағы
алғашқы қадам – операциялық қызметтің ақшалай қаражаттарының ағынын
анықтау. Пайда мен залал туралы есептілік ұйымның табысын немесе
залалын көрсеткенімен, ақша қаражаттарының түсуін немесе жұмсалуын
сипаттай алмайды. Оның себебі пайда мен залал туралы есеп беру
есептеу қағидасының негізінде жасалады. Табыс ақшаның алынған –
алынбағанына, шығыстар ақшаның төленген – төленбегеніне қарамастан
тіркеледі. Нәтижесінде операциялық қызметтің ақша қаражаттарының ағынын
анықтау үшін пайда мен залал туралы есептіліктегі сандарды
есептеу әдісінен кассалық әдіске алмастыру қажет. Ол үшін
алынған табыстарды сатудан түскен ақшаға шығыстарды төленген
ақшаға түзету керек.
Сурет 2 – Есептеу әдісі мен кассалық әдіс негізіндегі есептің
өзара байланысы.
1-кестеде көрсетілгендей, 2013 жылмен 2012 жылды салыстырғанда:
2013 жылы барлық келіп түскен ақша қаражаттарының сомасы 93420 мың
теңге, ал қызмет көрсету сомасы 11432 мың теңгеге тең. 2010 жылы тауарлар
мен қызметтен түскен жабдықтаушылар төлемі 19528 мың теңге болды, 2009
жылы 5330 мың теңгеге болса, тауарлар мен қызметтен түскен жабдықтаушылар
төлемі 14198 мың теңгеге артты. Еңбекақы төлемдерінің ауытқуы 2910 мың
тг. Басқа да төлемдер 2012 ж 10335 мың тг құрады, 2013 жылы 53040 мың тг
құрады.
Ақша қаражаты аудиті.
Бухгалтерлік есеп стандартының талабына сәйкес шаруашылық
субъектісінің қаржылық есебінің құрамына төртінші стандартқа сәйкес
жасалатын ақша қаржысының есебі кіреді. Бұл есепке кәсіпорын ақша
қаржысының кіріс – шығыс операциялары үш топқа бөлініп көрсетіледі:
операциялық, инвестициялық, қаржы кәсіпкерлігі.
Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша ақша қаржысы есебінің негізгі
мақсаты, ол әрбір заңды тұлғаның қаржылық жағдайын анықтау, ақша
қаржысының кіріс – шығыс әрекеттеріне толық мәлімет беру, оны өз кезегінде
іс-әрекеттік инвестициялық және қаржы кәсіпкерлік тобына бөліп көрсету.
Кесте 1. Ақша қаражаттарының талдауы
Көрсеткіштер Өлшем Нақты Ауытқу
бірлігі (+;-)
2013 ж 2012 ж
1. Ақша қаражатының мың тг
түсуі, мың тг
барлығы: мың тг 93 420 14 109 79 311
Тауарларды сату мың тг 19 528 5 330 14 198
Қызмет көрсету мың тг 11 432 282 11 150
Алынған аванс мың тг - - -
Дивиденттер мың тг - - -
Басқа да түсімдер 62 460 8 497 53 963
2. Ақша қаражатының
шығуы, барлығы: 92 283 13 680 78 603
Тауарлар мен мың тг
қызметтен түскен
жабдықтаушылар
төлемі, 23 375 2 110 21 265
Берілген аванс мың тг 2 355 - 2355
Еңбекақы төлемдері мың тг 2 910 - 2910
Бақа да бюджетке мың тг
төленетін төлемдер 10 603 1 235 9368
Басқа да төлемдер мың тг 53 040 10 335 42 705
Аудит барысында осы өндіріс шығынын есептеу бабының бухгалтерлік
есебін жүргізу ерекшеліктерін жан-жақты тексеруі қажет. Осы орайда аудитор
тексеру барысында сол шаруашылық субъектілерінің есеп саясатын басшылыққа
алады.
Жалпы және әкімшілік шығыны – 7210 есептегі тікелей өндіріс процесіне
қатысы жоқ, әкімшілік және жалпы шаруашылық шығыны есептелінеді. Аудит
барысында осы топқа жататын шығындар аналитикалық есебін тексеру арқылы
анықталады.
Тауарды сату шығыны – 7110 есептегі топталған тауарларды сату барысына
қатысты шығындар аналитикалық есебін тексеру арқылы анықталады.
Пайыз төлеу шығыны – 7310 есептегі әртүрлі несие алғаны үшін
төленетін “процент” шығыны және шығарылған құнды қағаз үшін аренда келісім
шарты бойынша төлемдер көрсетіледі.
Өндіріс өнімнің өзіндік құнын анықтауда көптеген қосалқы есеп
көрсеткіштерін дұрыс анықтау өте күрделі жұмыс. Мысалы, бітпеген өнім
табысы анықтау, өндірісте бүлінген өнім сомасын анықтау, жалпы өндірістік
шығындарды бөлу, тағы басқа көрсеткіштерді анықтау.
Шаруашылық субъектілерінің ақша – қаржысының есебі ақша
операцияларының негізіне сәйкес үш түрде жасалынады: нақты ақша қаржысының
әрекеттері. Касса кіріс – шығыс әрекеттері нақты құжаттар арқылы
тексеріліп анықталады. Аудит барысында есеп кестелері, касса есептері
тексеріледі. Кәсіпкершілік операциясы – касса есебінде алғашқы құжаттар
арқылы жеке-жеке негізгі құралдың сату табысы, материалдық емес активті
сату табысы, тағы басқа түрлі кірістер жеке-жеке көрсетіледі .
Касса арқылы жүргізілген инвестиция әрекеттерінде алғашқы құжат арқылы
жеке-жеке көрсетіледі. Мысалы, несие алу нәтижесінде түскен табыс тағы сол
сияқты кіріс әрекеттері. Шығыс болған табыстары несиені төлеу, құнды қағаз
сатып алу, тағы басқа осы топтағы төлемдер. Аудит барысында алғашқы құжат
есеп кестелері арқылы олардың заңдылығын, дұрыстығын анықтау жасалынады.
Ақша қаражаттарына кассадағы ақша қаражаттары (теңге мен басқа
валютада) банктегі шоттардағы ақша қаражаттары, банктегі депозит
шоттарындағы ақша қаражаттары, арнайы шоттардағы және жолдағы ақша
қаражаттары кіреді. Ақша қаражаттары баланста бастапқы құны негізінде
тұрады.
Кассирдың есебі күнделікті жасалады.
Есеп беруге қолда бар ақша мынадай жағдайларда беріледі:
– қызмет іссапарымен байланысты шығындар – іссапарға баратын
қызметшінің мақсатына тиесілі сома шегінде;
– операциялық, шаруашылық және өкілеттік шығындар – кәның басшылығының
жарлығымен негізінде, жұмысшының қызметтік жазбасында жазылған мезгіл мен
сома шегінде.
Мезгілдің аяқталынуына дейін 3 күн қалғанда қолданбаған есеп сомалары
кассаға міндетті түрде тапсырылуы қажет.
Есеп беру сомалары бұрынғы алынған есеп сомаларының есептемесі
толығымен тапсырылғаннан кейін ғана қайта беріледі.
Әлеуметтік экономикалық зерттеу орталығында есеп айырысу шоты,
валюталық шот және басқадай банктік шоттары бар. Жұмыс істеу мен рәсімдеу
тәртібін банктің ережесімен жүзеге асырылады.
Төмендегі көрсетілген шоттардың қалдығы баланстың қысқа мерзімді
активтер бөлімшесінде Ақша қаражаттарымен оның эквиваленті деген бапында
көрініс табады.
1010 Кассадағы ақша қаражаты
1020 Жолдағы ақша қаражаты
1030 Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаты
1040 Карт-шоттардағы ақша қаражаттары
1050 Жинақ шоттарындағы ақша қаражаттары
1060 Басқадай ақша қаражаттары

аудиті
Кәсіпорынның негізгі құралдарды пайдалану мақсатына және атқаратын
қызметтеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: жер, үйлер, ғимараттар,
машиналар мен құрал-жабдықтар, есептеу техникасы, лабораториялық
жабдықтар, көлік құралдары, құрал-сайман, шаруашылық мүлкі, басқа да
негізгі құралдар.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді,
ал ол еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек
құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде
атқаратын рөліне қарап анықталады.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
жер — субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге
меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай
актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып
саналады; Негізгі құрал-жабдықтардан; бастапқы, ағымды, баланстық, сату,
жою, тозу және қалдық құндары болады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп
түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық
рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың
материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды
пайдаланылуын бақыланады; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен
тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, және негізгі құралдардың қор
қайтарымын анықталып, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің
тиімділігі негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін
құрастырады. Негізгі құралдарды түгендеуді және қайта бағалауды мезгілінде
жасайды және олардың нәтижесін сонымен қатар негізгі құралдарды сату және
олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Негізгі құралдарды бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске
алу сәтін талдау. Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі
құралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның ішінде:
Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар (үйлер,
жеңіл автомобильдер бойынша ҚҚС және сатып алу шарты бойынша мемлекеттік
баж).
Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар.
Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін проценттер.
Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.
Жер учаскесінің бастапқы құнына мыналар кіреді:
1. Шотта көрсетілген сату бағасы;
2. Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттерге комиссиялы сыйақы;
Сатып алу-сату құжаттарын ресімдеу бойынша заңгердің көрсеткен қызметін
төлеу;
Салықтар мен алымдар;
Жерді мақсатты пайдалануға әзірлеу жөніндегі шығындар (үйлерді бұзу,
тазалау, тегістеу).
Сатып алынған жабдықтардың бастапқы құнына мыналар қосылады:
Сатып алу бағасы;
Тасымалдау шығындары (тасымалдау уақытындағы сақтандыру);
Монтаждау;
Жабдықтың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында сынақтан өткізу.
Үйлер мен ғимараттардың құрылысы кезінде бастапқы құнға құрылыс
жөніндегі мынадай шығындардың барлығы қосылады:
Материалдар.
Еңбекақы төлеу.
Үстеме шығындардың тиісті үлесі.
Сәулетшінің, заңгердің қызметін төлеу.
Құрылыс кезеңіндегі сақтандыру шығындары. Құрылыс кезеңіне берілген
кредиттер бойынша проценттер.
Келісім-шарт негізінде жалға алып отыр. Негізгі құралдардың
келесідей түрлері бар:
-машиналар мен жабдықтар;
-көлік құралдары;
-компьютерлер, перифериалық қондырғылар және деректерді өңдеу
жөніндегі жабдық;
-кеңсе жиһазы;
-өндірістік құрал-саймандар мен керек жарақтар.
Кесте 2. Негізгі құралдардың талдануы.
р\с Көрсеткіштер Өлшем Іс-жүзінде Ауытқу
бірлігі (+;-)
2013 ж 2012 ж
1. Қызмет көрсетуден мың тг 31322 252 31070
түскен табыс
Қызмет көрсетуден түскен табыс 2013 жылы 31322 мың тенге болса, 2012
жылы 252 мың тенге, яғни 31070 мың теңгеге көбейді.
Негізгі құралдар аудитінде қолданылатын ақпарат көздері кәсіпорын
қабылдаған есеп саясатына тәуелді болады. Бұл есеп формасын
таңдауда көрінеді: журнал-ордерлі, мемориалды – ордерлі, қарапайымды,
сонымен қатар қолданыстағы регистрлер тізімінде, олардың құрылуында,
кезектілігінде және оларда жазу жүргізу тәсілінде. Бірақ есептің кез
келген формасында негізгі құралдар бойынша операциялар алғашқы
есептік құжаттаудың бірыңғайлы ведомості аралық формалары мен
толтырылуы тиіс екендігін есте сақтау керек:
НҚ-1 формасы – негізгі құралдарды қабылдау - жіберу актісі;
НҚ-3 формасы – жөнделген, қайта құрылған және жетілдірілген
объектілердің қабылдау – тапсыру актісі;
НҚ-4 формасы – негізгі құралдарды жою актісі;
НҚ-5 формасы – автокөлік құралдарын жою актісі;
НҚ-6 формасы - негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасы;
НҚ-7 формасы – негізгі құралдар есебінің жалға беру карточкасы;
НҚ-8 формасы - негізгі құралдар есебінің инвентарлық есеп тізімі;
НҚ-9 формасы - қондырғыларды қабылдау туралы акті;
Негізгі құралдар есебінің аудитінің негізгі бағыттары
келесілерді қамтамасыз етеді:
Негізгі құралдардың тұтастығы мен бар болуын бақылау;
Жабдықтардың негізгі құралдарға жатқызылу дұрыстығы;
Негізгі құралдардың есепте бағалану дұрыстығы;
Негізгі құралдардың түсуі мен шығуы бойынша операциялардың
есепте көрінуі мен толтырылуы дұрыстығы;
Негізгі құралдардың тозуы мен жөнделуінің есепте көрінуі мен
есептелу дұрыстығы;
Бухгалтерлік есеп пен есеп беруде негізгі құралдардың бар
болуы мен қозғалысы туралы мәліметтердің көріну дұрыстығы.
38 Материалдық емес активтердің есебі ХБЕС сәйкес материалдық
емес активтер әкімшілік мақсаттарда, өндірісте, тауарларды өткізуде және
басқа субъектілерге жалға беру үшін ұзақ уақыт бойы пайдалануға арналған
заттай нысаны жоқ үлестірілетін ақшалай емес активтер. Материалдық емес
активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса,
айырбастаса, болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы
болса. Матералдық емес активтер (ұстап көруге болмайтын) – нақты табиғи
нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де,
материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін. Есептің кез-
келген формасында матералдық емес активтер бойынша операциялар алғашқы
есептік құжаттаудың бірыңғайлы ведомісті аралық формалары мен
толтырылуы тиіс екендігін есте сақтау керек.
Халықаралық қаржылық стандарттар жүйесіне тән материалды емес
активтерге мына төмендегілер:
- ғылыми жұмыстар, әдебиет, мәдениет, ЭЕМ бағдарламаларын жасаудағы
авторлық құқықтар;
- ноу- хоу және осыған ұқсас басқа да құқықтық меншіктер;
- орындалған өнертапқыштыққа берілген патенттер;
- тауар белгілерін пайдалану құқығы;
- лицензиялық келісімді пайдалану құқығы, өнеркәсіптік үлгілер,
пайдалы модельдер үлгісін тәжірибиде пайдалану құқығы;
- мал және егіншілік шаруашылықтарынындағы селекциялық нәтижені
пайдалану құқығы;
- өндірістік құпияны, оның ішінде құпия формулаларымен технологиялық
жобаларды, ақпараттық және коммерциялық (ноу-хау) процестерді пайдалану
құқығы;
- жер қойнаулары мен учаскелерін пайдалану құқығы;
- табиғат ресурстарын пайдалану құқығы;
- ғимараттар мен пәтерлерді пайдалану құқығы;
- жаңа технологиямен жаңа құрылған субъектілер қызметін ұйымдастыру
шығындары (тиісті үлес қосу және құрылтайшылық) құжаттарына сай;
- монополиялық құқық;
- фирманың бағаланған құны жатады.
Аудитор материалдық емес активтердің алғашқы бағалаудың әр түрлі
тәсілдерімен анықталатындығын ескерген жөн:
а) жарғы капиталына санаткерлік меншік салынған жағдайда тараптардың
келісімдері бойынша;
ә) бұл объектілерді иелікке алу мен дайын жағдайға келтіру бойынша
нақты шығындарға негізделе отырып;
б) басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан өтеусіз алу күйінде
сараптама жолымен.
Материалдық емес активтердің аудит бағдарламасында баланс
көрсеткіштері Бас кітабінің мәліметтеріне сәйкестігін 2730, 2740 шоттар
бойынша тексеру. Кәсіпорынның бұл объектіге меншіктілік құқығын растайтын
МЕА бар екендігі туралы алғашқы құжаттарды тексеру, олар мыналар: патент,
лицензия, авторлық куәлік, сызба, жоба, үлгі, лицензиялық келісім-шарттар,
кеміту туралы келісім-шарттар, ас рецептурасы, геологиялық карталар және
т.б. Түскен материалдық емес активтердің дұрыстығын келісім-шарттық
бағалардың хаттамалары, сату-сатып алу шарттары, аудиторлық қорытындымен
және т.б. тексеріледі. Материалдық емес активтерді кіріске алу есебінде
қабылдау-тапсыру актісі, 1,2,3,4,6,7,8 журнал-дерлері және бас кітап
тексеріледі.
Активтердің тиімді қызмет мерзімі КИТ оценка ЖШС-ның басшылығымен
шешіледі және техникалық шарттарға сәйкес болжамды тиімді қызмет мерзімі
КИТ оценка ЖШС-ның өндірісінің специфкасы және тәжірибесі негізінде
жүзеге асырылады.
Аммортизацияны есептеу біркелкілік (тура) тәсілмен келесідей
мерзімдерді қолдана отырып есептен шығарылады:
Аммортизациялық топ Тиімді қызмет көрсету Жылдық аммортизациялық
мерзімі (жыл) норма (%)
Ғимараттар 25 4,0
Құрылыс 20 5,0
Машиналар мен жабдықтар 10 10
Көлік құралдары 7 14,3
Компьютерлер 4 25
Перифериялық қондырғылар5 20
және деректерді өңдеу
жөніндегі жабдық
Кеңсе жиһазы 10 10
Әкімшілік ғимараттардың 10 10
құралдары
Басқадай құрал-жабдықтар10 10
Тиімді қызмет мерзімінің жөнділігі кәсіпорынның үнемі әрекеттегі
комиссиясының қорытындысымен (актімен) дәлелденеді.
Негізгі құралдардың объектілерінің аммортизациясының есептеу тәсілі
ның басшылығымен кайта қаралады, егер негізгі құралдардың объектілерінің
қолдануынан экономикалық пайданың күтімді тұтыну сипатында маңызды
өзгерістер байқалса.
Осындай сияқты өзгерістер аммортизацияны есептеу тәсілінде
перспективті шешілу керек.
2.3 Қорлар есебі, талдауы және аудиті
Тауарлы материалдық өнім өндіру барысында өзінің өзіндік құнын бірден
өндірілетін өнімге беретін немесе өзіндік құнын бірден жоятын кәсіпорынның
мүлкін –қорлар деп атаймыз.
Қорлар өзіне активтерді мына түрде ұсынады:
- шикізат және материалдар, отын, ыдыс және ыдыстық заттар, қосалқы
бөлшектер;
- дайын өнім;
- сатуға арналған тауарлар.
Қорлар мыналарға бөлінеді:
Негізгі – бұл дайындалатын өнімнің құрамына заттай кіретін және
материалдың негізін қалайтын материалдар.
Қосалқы – бұл өндірілетін өнімнің құрамына кіретін, бірақ негізгіден
айырмашылығы олар өндірістік өнімнің заттай негізін құрамайды.
Қорларды уақытында қолданғанда оның нақты құнына қорларды қолдануына
байланысты (сатып алу құны, тасымалдау құны, көлікті дайындауға кеткен
шығындар және т.б.) шығындар кіреді.
Кәсіпорындарда инвентарлық тексеру (инвентаризация) жылына бір рет
болып тұрады. Инвентарлық тексеру мына жағдайларда жүргізіледі:
- ұрланған фактілер болған жағдайда;
- төтенше жағдайларда (өрт, табиғат апаттары);
- материалды-жауапты тұлғаны ауыстырған жағдайда;
- кәсіпорынның құлауы немесе тарауы кезінде.
Сурет 3 – Қорлардың есебін ұйымдастыру тәртібі.
Жоспарлық, жылма-жылдық міндеттемелер мен мүлікті түгендеу келесідей
мерзімдерді бұлжытпай орындалады:
Қорлар (ТМҚ, дайын өнім) 1 қазан
Негізгі құралдар, күрделі құрылыс, 1 қараша
аяқталмаған өндіріс
Аяқталмаған күрделі жөндеу, 1 желтоқсан
материалдық емес активтер, келешек
кезең шығындары, дебиторлар мен
кредиторлардың есебі
Шоттағы ақша қаражаттары, жолдағы, 1 қаңтар
қаржылық қаржы бөлу, қаржылық
міндеттемелер бойынша есеп
Кассадағы ақша қаражаттары Ай сайынғы
Осы бөлім бойынша қорытынды жүргізе отырып, айта кету керек, мынандай
құжаттарды толтыруды үйрендім: шот-фактура, тауарлы көлік накладнойлары,
төлем тапсырмасы.
ҚЕҰС 2 тарауына сәйкес қорлар бұл:
- тұрақты қызмет барысында сатуға арналған;
- осындай сату үшін өндіріс барысында;
- өндірістік үрдісте немесе қызмет көрсету кезінде пайдалану үшін
арналған материалдар мен шикізаттар нысанындағы активтер.
Тауарлы-материалдық қорлардың аудитінің негізгі мақсаты: олардың
есебінің дұрыс құрылуы; сақтау орындарындағы тауарлы-материалдық қорлардың
нақты бары қозғалысы туралы нақты мәліметтердің болуы, тауарлы-материалдық
қорлардың сақталынуының қамтамасыздығы және өндірістік тұтыну
нормативтерінің сақталынуы.
Тауарлы-материалдық қорлардың аудиторлық тексеру бағдарламасы мына
сұрақтарға жауап беруі тиіс:
1. Тауарлы-материалдық қорлардың баланстағы көрсеткіштерінің дұрыстығын
тексеру.
2. Қоймадағы есеп пен кәсіпорын соңғы есепті кезеңге тауарлы- материалдық
қорлармен толық қамтамасыз етілгендігін тексеру.
3. Тауарлы-материалдық қорлардың нақты бары мен сақталуын тексеру.
4. Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы бойынша толтырылған алғашқы
құжаттардың дұрыстығын тексеру.
5. Құндылықтардың толық және уақытында келіп түскендігін және сол кезде
толтырылған бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын тексеру.
6. Өндіріске дайын өнім өндіру үшін жіберілген материалдардың
негізділігін тексеру және олардың бухгалтерлік есеп шоттарындағы
көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру.
7. Тауарлы-материалдық қорлардың бағалау әдістерін анықтау.
8. Материалдық құндылықтарды басқа кәсіпорындарға қайта өңдеуге
жіберілген кезде толтырылған құжаттардың дұрыстығын тексеру.
9. Өзге кәсіпорындарға өңдеу және қайта өңдеу үшін материалдық
құндылықтардың жіберілуіне байланысты операциялар бойынша бухгалтерлік
жазбалар мен құжаттардың дұрыс толтырылуын тексеру.
10. Тауарлы-материалдық құндылықтардың инвентаризациясын өз уақытында және
дұрыс жүргізілуін тексеру.
Тауарлы-материалдық қорлардың нақты қолда бары мен құжаттардағы
тізімінің сай келуін тексеруде біріншіден жылдық түгелдеудің берілгендеріне
сүйену, екіншіден қорлардың сақталу орындарының жаппай тексерілуі мен
бөлек немесе теріліп тексеру орындарын таңдау қажет.
Материалдық құндылықтардың қоймадағы сақталу тізімінің қадағалауына
және құндылықтардың бөлек түрлерінің сақталыну орындарына аса маңызды көңіл
бөлінеді.
Материалдар негізгі құралдарға қарағанда өндіріс процесінің бір
циклына қатысып, өзінің құнын өнім құнына толығымен беріп, оның негізін
құрайтын өндірістік қор болып табылады. Өндіріс процесінде барлық
материалдар атқаратын қызметіне және тағайындалуына қарай негізгі және
көмекші болып бөлінеді.
2.4 Дебиторлық қарыздар есебі, талдауы және аудиті
Белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың
шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің
оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің
субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен
материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын -дебиторлық берешек деп
айтады.
Кәсіпорында сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу
есебі бухгалтерлік есептің мынандай шоттарында жүргізіледі:
1200 Қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1210 Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық
берешегі
1250 Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1280 Басқа да қысқа мерзімді дебеторлық берешек шоты;
1290 Күмәнді талаптар бойынша резерв
Осы шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымдастырылуын қарас-тырайық.

берешегі шотында жөнелтілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және
көрсетілген қызметтер үшін төлеуге банк қабылдаған есептесу құжаттарын
есепке алады. Алынуға тиісті дебиторлық берешек ағымдағы (немесе қысқа
мерзімдегі) дебиторлық берешектер, яғни бір есептік кезеңнің ішіндегі болып
және ұзақ мерзімдік дебиторлық берешектер, яғни бірнеше есептік кезеңді
қамтитын болып екіге бөлінеді.
Дебиторлық берешек айналыстан қаражатты айыратындығын көрсететін
болғандықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілер бірінші кезекте олардың
айналымдылығын талдайды. Әдетте, дебиторлық берешектің айналымдылығы
отыздан тоқсан күнге дейін тең болады, егер де мерзімінен асып кетсе, онда
оның мерзімі өтіп кеткен деп санайды.
Дебиторлық берешекті талдау қарыздарды басқару әдісінің бірі
ретінде төлем қабілеттілік пен ұйымның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Бұл
көрсеткіштер баланс өтімділігі көрсеткіштерімен тығыз байланысты.
Барлығымызға белгілі ақша қаражаттар сомалары ұйымның төлем
қабілеттілік деңгейін көрсете алмайды және ол өтімділікті де бағаламайды,
өйткені қай ұйымның болмасын қаржылық жағдайы қысқа мерзімді және ұзақ
мерзімді жетістіктерін комплексті бағалайды.
Кәсіпорынның өз уақытысымен және толық қысқа мерзімдік
міндеттемелерін өтеу мүмкіншілігін қарастырайық. Олардың критерилерінің
өтімділікпен төлеу қабілеттілігі жатады. Өтімділік көрсеткіші серіктестік
құралдарының оның қысқа мерзімді міндеттемелерінен асып тұруымен
сиппатталады. Баланс өтімділігі төлем қабілеттілікпен тура байланысқан,
яғни өз уақытымен және толықтай міндеттемелеріне жауап беру.
Кейде дебиторлық берешек кредиторлық берешектен аспаса болды деген
көзқарас кездеседі, ал талдау жасағанда кредиторлық берешек айырмасына
көңіл бөлу керек, бұл көзқарас қате өйткені ұйым кредиторлық берешекті өз
қарыздарын алғанына қарамастан өтеуі керек.
Сондықтан дебиторлық берешекпен кредиторлық берешекті талдау
барысында оларды бөлек қарастыру керек, мысалы дебиторлық берешек ол
айналымнан уақытша алынып тасталған құрал, ал кредиторлық берешек уақытша
айналымға – қосылған қаражаттар.
Дебиторлық борыштар бойынша есеп айырысуды тексере отырып, аудитор
олардың баланста дұрыс көрсетілгендігін, жылдың басындағы және аяғындағы
қалдықтарының баланстың Ұзақ мерзімді активтер және Ағымдағы активтер
бөлімдеріне дұрыс топталып көрсетілгендігін тексереді. Ұзақ мерзімді
активтер бөлімінде есеп беретін күннен бастап 12 айдан кейін төлемі
күтілетін дебиторлық борыштарды көрсетсе, ол Ағымдағы активтер бөлімінде
– 12 айдың ішінде төлемі күтілетін дебиторлық борыштарды көрсетеді.
1. Ұзақ мерзімді активтер бөліміне тексеру жүргізген кезінде
аудитор талап ету мерзімі біткен борыштарға және уақтылы өндірілмеген
сомаларға назар аударуға тиіс.
Баланста Ұзақ мерзімді активтер жатқызылған дебиторлық борыштар
мынандай баптар бойынша көрсетіледі:
– алынуға тиісті шоттар;
– алынған вексельдер;
– негізгі серіктестіктер мен еншілес серіктестіктердің арасындағы ішкі
топтардың операциялары бойынша борыштары;
– акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларының борыштары;
– басқа да дебиторлық борыштар.
Ағымдағы активтерде аталған баптар сол күйінде қайталанып, оған тек
ғана Аванстық төлемдер бабы қосылады.
Аудитор баланстың сәйкес баптарындағы борыштардың қалдықтарының дұрыс
көрсетілгендігін анықтау үшін синтетикалық есеп регистрларындағы және есеп
айырысудың жүзеге асырылғандығын көрсететін шоттарындағы мәліметтері
бойынша, баланстың сәйкес баптарындағы қалдықтарымен тексеру кезеңінің
басындағы әрбір есеп айырысу бойынша қалдығын салыстырып, содан кейін есеп
айырысудың әрбір түрін тексереді.
Дебиторлық борыштардың жағдайын тексеруді дебиторлармен есеп
айырысуды түгендеудің материалдарын талдаудан бастау керек. Әдетте,
субектінің ішінде дебиторлармен есеп айырысуды түгендеудің сапасының
талапқа сай жүргізілмейтін, фактілерінің кездесетінін ескерсек, бұл жұмысты
аудитордың өзі ұйымдастырғаны тиімді. Сатып алушылармен есеп беруге тиісті
тұлғалармен, жұмыскерлерімен және басқа да дебиторлармен есеп айырысуларды
түгендеу, тиісті құжаттар бойынша шоттарында көрсетілген сомаларының
негізділігін мұқият тексеріп анықтауды талап етеді. Аудитор және түгендеу
комиссиясының мүшелері дебиторлық борыштардың пайда болу мерзімін, себебін
және оған кінәлі тұлғаларды, нақты алынатынын (яғни, дебиторлар өздерінің
борыштарын мойнына алған есеп ауысуларды актілерінің немесе хаттамаларының
бар екендігі); талап ету мерзімінің өтіп кетпегендігін (3жыл); қарыздарды
өндіру үшін қандай шаралар қолданылғандығын анықтайды. Қарама-қарсы тексеру
жүргізу мәселелерін шешіп, қарама-қарсы тексеру негізінен сауда және
жабдықтау ұйымдарына жүргізілетіндігі ескерілуі тиіс.
Есеп айырысуларды түгендеудің нәтижесінде акт толтырылады. Актыда
түгендеу жүргізілген шоттардың аттарын, дебиторлық борыштардың сомасын
талап ету мерзімі біткен дебиторлық борыштарын өндіру мүмкін емес, үмітін
үзген қарыздарын көрсетеді. Бұндай борыштарды түгендеу түрлері бойынша есеп
айырысуларды түгендеу актыларына дебиторлардың аталауы, мекен-жайы, қарыз
сомасы, не үшін қарыз болғандығы, қай уақыттан бері, қандай құжаттардың
негізінде көрсетіліп анықтама тіркелуге тиісті. Анықтамада талап ету
мерзімін өткізіп алған дебиторлық борыштары бойынша есеп айрысуларды
түгендеудің материалдарына талдау жасау немесе түгенлеуді аудитордың өзі
жүргізгенде анықталған ауытқуларды, сәйкессіздіктер, түсініксіздіктер,
түсініксіздіктер бойынша, аудиторға есеп айырысуларды өте мұқият тексеруге,
ойын жинақтап бағыттауға мүмкіндік береді.
2.5 Еңбекақы есебі, талдауы және аудиті
Еңбек және еңбекақы есебі – жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс
уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірістік шығын сияқты
мағлұматтар түгел қамтылады да, әрі оперативтік деректерде талап ететін аса
маңызды да бөлек күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Еңбек және оған ақы төлеу есебінің негізгі міндеттеріне жататындар:
- Еңбек ақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып жұмыс мөлшерінің
орындалуын еңбектің саны мен сапасын бақылау;
- Бастапқы құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеу, еңбек ақы қорынан
жалақыны ұстап қалу;
- Шаруашылық жүргізуші субъектінің әрбір жұмысшысына жалақыны уақтылы
және дұрыс есептеу;
- Белгіленген мерзімде еңбек ақы бойынша есеп айырысу;
- Жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына
дұрыс әрі уақытылы қосу керек.
Еңбек ақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды
жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал.
Еңбек және еңбек ақы деректер өндірістік процесті оперативті басқару
үшін қажет ҚР Еңбек туралы Кодексінің бесінші бабына сәйкес жұмыс беруші
мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті құқықтық
актілерімен, еңбек заңына сәйкес бекітілген ұжымдық келісім шартпен
реттеледі.
Кәсіпорын дербес болғанымен заңға сәйкес штат кестесі, формалары және
еңбекақы, сыйлықақы жүйесі белгіленеді.
Әрбір қызметкердің еңбекақылық табысы кәсіпорын қызметінің түпкілікті
қорытындысына байланысты оның еңбекке қосқан үлесі бойынша анықталады. Ол
салықпен реттеледі және ең жоғарғы көлеміне шектеу қойылмайды.
ҚР Еңбек туралы Кодексінің 45-бабына сәйкес қызметкер жеке еңбек
келісім-шартындағы еңбек міндеттерін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz