Сөз түрленуіндегі ерекшеліктер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Бұрын зерттелген батыс сөйленістеріне тән морфологиялық ерекшеліктердің бірқатарын біз Еділ бойындағы қазақтардың тілінде жиі ұшырастырамыз. Мұның негізгі себептері - біріншіден, олардың Қазақстан батысындағы облыстармен шегаралас болуы, екіншіден этникалық құрамының сәйкестігі. Көрші не аралас отырған түркі халықтары да Қазақстандағы түркі халықтарымен тектес болып келеді. Кейде жекелеген грамматикалық ерекшеліктердің бұрынғы зерттелген батыс сөйленістерінен ерекшеленетіндері де бар. Сол сияқты қазақ тіліндегі басқа сөйленістердің ерекшеліктерімен ұштасып, жалғасып та жатады. Олай болуының мәнісі кейде ертеректе белгілі бір аймақты мекендеген адамдар түрлі тарихи жағдайлардың әсерімен бөлініп кетіп, басқа аймақтағы тұрғындармен көршілес болды.
Бұл жағдай белгілі бір сөйленістің ұлттық тіл көлеміндегі сөйленістермен кейбір грамматикалық формаларда ұштастығын, ұқсастығын тудырып отырса, екінші жағынан ерекшелігі мен өзгешелігін көрсетеді. Аталған облыстардағы қазақтарға тән деп танылатын грамматикалық ерекшеліктерге мына төмендегілерді жатқызуға болады
-сыңыз//-сіңіз етістікке жалғанатын 2 жақ жіктік жалғауының сыпайы түрі. Мысалы, Асықпаңыз, сосын бара сыңыз! Біз күтіп отырамыз, кеште келер сіңіз . Көріп отырмыз жергілікті тіл ерекшеліктеріндегі бұл тұлға есімше, етістіктердің соңынан келіп, әдеби тілдегі екінші жақтың сыпайы (сыз//-сіз) түрін білдіреді. Олар әдеби тіліндегідей баяндауыштық қызмет атқарып тұрған есім сөздерге де жалғана береді. Бұл қосымша тіліміздегі үндестік заңы бойынша сөздердің соңғы буынының әсерімен бірде жуан, бірде жіңішке болып айтылуына сәйкес сөйленістерде екі түрлі фонетикалық үлгіге ұшырайды.
-Улы//-улі қосымшасы сөйленісте етістіктің түбіріне жалғанады және ол түбір сөздің соңғы буынының жуан, жіңішкелігіне қарай бірде - улы болып жуандап, бірде -улі болып жіңішкеріп келеді. Қосымша өзі жалғанып отырған етістіктің қимыл-әрекетін, заттық және уақыттың сипатын білдіреді де, көбінесе -ған есімшесінің орнына жүреді. Мысалы: Ертеде Мақаш деген кісі тұр улы . Әкем Астраханда істе улі .
-Улы//улі жұрнақты етістіктер сөйленістегі ең актив қолданылатын тұлғалар қатарына жатады. Бұл жинақ зерттеліп отырған сөйленістерден тыс Қазақстанның батыс облыстарындағы (Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау) қазақтар тілінде де жиі ұшырайды. Бұл форма әдеби тілде де бар. Бірақ ол әдеби тілде сын есім жасайтын жұрнақ болып есептеледі де, заттың белгілі қалпын, көрінісін білдіреді, бұл форма сөйленістерде ашық райдың өткен шағы мағынасында айтылып, баяндауыш қызметін атқарады; 3 жақта өте тұрақты әрі жиі қолданылады да, ал 1, 2 жақта келуі тіпті сирек.
-Улы//улі жұрнағы қыпшақ тобына жататын бірқатар түркі тілдерінде ұшырасады. Бірақ ол тілдерде де бұл жұрнақтың грамматикалық мағынасы қазақтың әдеби тіліндегі мағыналары сәйкес.
Құрылысы жағынан -улы//улі жұрнағы күрделі жұрнақ. Оларды -у-лы//-у-лі түрінде ажыратуға болады. Алғашқы элемент бір қарағанда тұйық етістіктің -у жұрнағы, ал екінші элемент -лы иелік мағынасын білдіретін қосымша сияқты болып көрінгенімен, тарихи тұрғыдан біріншісі-етістіктен зат есім тудыратын -уғ//уг, -ығ//іг, -ағ//іг жұрнағы (біліг-білім), екіншісі сын есім тудыратын -лық//лік . Қазақ тілінің ерекшелігіне сәйкес соңғы дауыссыз -қ//к түсіп қалған.
-Жақ//жек жұрнағы етістіктің -жақ//жек тұлғасы Еділ бойын мекендеуші қазақтардың тіліне тән, көзге айқын көрінетін диалектілік ерекшеліктердің ең бастысы болып саналады. Бұл форма етістік түбіріне тікелей жалғанбай, өзінің алдында көсемшенің -а, -е жұрнағының тұруын талап етеді. -Жақ формасы жалғанған етістік есімнің алдында да, артында да келе береді. Біз зерттеп отырған қазақтар тілінде -жақ үлгісіне қарағанда -жек үлгісі кейде сирек қолданылады. -Жақ//жек жұрнағы жалғанған етістіктер негізінен келер шақ мағынасын береді. Мысалы; Өзі хабар етер жақ.
Бұл форма қазақтармен араласа отырған түркі тілдес халықтардың тілінде келешекте болатын іс-әрекеттің міндетті түрде болатындығын білдіреді.
-Жақ формасы барлық жақта да, жекеше, көпше түрде де қолданыла береді. Өзі жалғанған сөздің жуан, жіңішкелігін де талғамайды. Мысалы: Олар сонда бара жақ. Бұл форманың қазір субстантивтеніп есім мағынасында қолданылып жүрген үлгісін де сөйленістерден кездестіруге болады. Мысалы: Көп болсын бережақтан алажағың.
-Жақ формасы зерттеліп отырған объектіден басқа Батыс Қазақстан тұрғындарының тілінде де кездесіп отыратындығын бұрынғы зерттеулерден д білеміз. Бұл форманың сөйленіслегі мағыналық айырмашылығын жақтық көрсеткіш екенін айқындап береді.
-Тоғын формасы. Еділ бойы тұрғындарының татар, ноғай, қарағаш т. б. сияқты халықтармен ұзақ жылдар бойы көршілес отыруының өзі сол тілдердің әсерін тигізбей тұра алмады. Сөз болып отырған фономорфологиялық тұлғаны да осындай әсердің салдары деп қарауға болатын тәрізді. Мысалы; Біз де баратоғын болдық сол тойға. Тоғын тұлғасы тұғын түрінде қазақ тілінде ертеден бар жұрнақтардың бірі. Ол туралы ертеректе Ильминский де ескертіп кеткен болатын. Бұл тұлғаның қазіргі әдеби тілімізде -тын//тін формасы қолданылатындығы мәлім. Тарихи жағынан алып қарағанда, бұл - тұр+ған формасының қысқарып ықшамдалған түрі: тұр+ған - тұ+ғын -тын//тін.
-Лық//лік қосымшасы. Мұндағы қазақтардың тіліндегі -лық//лік формасы тек етістіктің көсемше түріне жалғанады да, мағына және тұлға жағынан әдеби тіліміздегі барайық, келейік формасының фономорфрлогиялық үлгісі деп есептелінеді. Мысалы: Жол бір ғой, бірге баралық.
-Лық//лік қосымшасының зат есімге жалғанып кейде мезгілдік, мекендік мағынаны да білдіретінін көреміз. Бірақ бұл жердегі -лық//лік формасының табиғаты басқа. Мысалы: Намаз оқушы едім, осы жаңалықтан бері қойып жүрмін.
-Лық//лік формалы етістіктер әр түрлі талап-тілекті, айтушының өтінішін білдіру мағынасында Маңғыстау сөйленісінде, Атырауда және сол сияқты республиканың оңтүстік аудандары мен Алматы облысының Жамбыл ауданы тұрғындары тілінде де қолданылады. Алайда, бұл форма көбінесе батыс өңіріне тән екенін айтпасқа болмайды. Мысалы: Кел, балалар, оқылық . . .
Мелиоранскийдің грамматикасында бұл форма етістіктің қалау рай тұлғасы ретінде қарастырылады. Ол әдеби тілімізде норма ретінде қалыптаспағанымен, жалпы түркі тілдеріне тән синонимдес қосымшаның, фономорфологиялық үлгілерінің бірі болып саналады. Әдеби тілде: барайық, оқиық; ұйғыр тілінде- барайли, оқайли т. б.
Күні бгінге дейін зерттелген қазақ тілі сөйленістерінің бірде-бірінде байқалмаған, бірақ Еділ бойындағы қазақтар тілінен кездесетін етістік формаларының бірі -ып+тыр.
Бұл әдеби тілде ежелгі өткен шақ формасы болып есептеледі де, етістіктің көсемше түріне жіктік жалғауының қосылуы арқылы жасалады. Ал Еділ бойындағы қазақтардың тілінде бұл форма міндетті түрде көсемшелерденкейін үшінші жақты білдіретін -ты//ті жіктік жалғауының көне түрі -тыр жалғануы арқылы жасалады. Мысалы; 1815 жылы өліптыр ғой Жәңгір хан.
-Тыр қосымшасының жасалу, даму жолдарын кейбір түркі тілдері фактісімен салыстырсақ, мысалы, тува тілінде өткен шақтың бір түрі дәл осындай форма арқылы жасалатындығын көреміз. Тува т. б. түркі тілдерінде де - тыр- тұр+ыр формасына барып саяды және бұл тілдерде оның дыбыстық түрлері бар. Осыған қарағанда - Тыр формасының -тұр+ыр формасынан қысқарып жасалуы өте ертеде пайда болған деп шамалауға болады. Бірақ оның қазақ әдеби тілінде сақталмай, жергелікті тіл ерекшеліктерінде көрінуі біз үшін әзірше жұмбақ.
-Ай//-ей көсемше формасын да жергілікті қазақтар тіліндегі ерекшеліктерге жатқызуға болады. Мысалы: Заман кейін тыншайды ғой, әйткуір. Жел кешке қарай тыншаяды. Әдеби тілде бұл сөйлемдердегі баяндауыш тұлғасы тыншалады қалпында қолданылар еді. Бұл форманың өзі тарихи жағынан алып қарағанда екі элементтен (а+й) (е+й) тұрады және келер шақ мағынасын береді. Ал, сөйленістегі қолданылуы мүлдем басқаша. т Оны мына төменднгі мысалдардан айқынырақ көруге болады; Ең әуелі бидайын шашайды да үстінен тырнайды. Осы сөйлемдегі баяндауыштар әдеби тілде шашада, тырмалайды формасын талап еткен болар еді.
-Ай//ей көсемше формасының жергілікті қазақтар тілінде дәл осылайша қолданылуын басқа көрші отырған түркі тілдерінің әсері деп қарауға болады. Мысалы, татар тілінде «ауырады» мағынасы авырый формасы арқылы беріледі
Мұндай ерекшелікті осы кезге дейін зерттелген қазақ тілі ерекшеліктерінің ішінде тек Түркіменстан қазақтары тілінде ғана кездестіреміз. Ондағы қазақтар тілінде бұл тәрізді тіркестер «білден» басқа да көмекші етістіктер арқылы жиі жасалатынын көреміз. Зерттеуші Нұрмағамбетов Түркіменстандағы қазақтар тіліндегі бұл ерекшелікті түркімен тілінің әсері деп қарайды. Еділ бойында отырған қазақтар тілінде пайда болған ерекшеліктің бұл түрін де көрші отырған түркі тілдерінің әсері деп қарауға болатын тәрізді. Мысалы, қазіргі башқұрт тілінде күрделі етістік тіркестері -а//е//й-ге қарағанда көсемшенің п//ып//іп формасы арқылы әлдеқайда көбірек жасалатынын профессор Дмитриев те ерекше атап өткен. Еділ бойындағы қазақтар тіліндегі осы бір ерекшелік те башқұрт, татар тілдері мен жалпы сәйкестікті көрсететінауыс-түйістер тәрізді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz