Махамбет Өтемісұлы жайында



Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) - Исатай Тайманұлы бастаған
көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, халқының азаттығын
көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны.
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында туған. Бала
кезінен мұсылманша, орысша білім алды. Кіші жүздің Байұлы
бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы
Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған.
Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан. Халықтың
азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын.
Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жөнібек
ауданы) дүниеге келді.Махамбет ақын жастайынан ақындық өнерге
кұмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген.
Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел кұрметіне
бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен
адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында
болып жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне
арқау еткен.
Махамбеттің балалық, жастық шағы. Махамбет Өтемісұлы 1803
жылы осы күнгі Орал облысының Орда ауданында , Нарындағы
Бекетай құмында туған.Махамбет жас кезінде хан ордасында
болған. Арабша да, орысша да хат білген. Жасынан-ақ шешендігімен,
ақындығымен көзге түскен Махамбетті хан өзіне тартып, өзінің
сөзін сөйлеп, сойылын соғатын, ханды мадақтап, даңқын жайып,
беделін көтеретін сарай ақыны етуді ойлаған. Бірақ Махамбет
Жәңгірдің бұл ойынан шықпаған. Орда айналасындағы әр алуан
әділетсіздікті, жауыздықты өз көзімен көргеннен кейін ол жалпы ел
басындағы ауыр халді де ұғына бастайды. Халық намысының аяққа
басылғанына зығырданы қайнап жүрген өжет ақын бас кетер демей,
ханмен ат құйрығын кесісіп, онымен ашық күреске шығады.
Махамбет көтереліс кезінде. Еліне емірене қызмет етуді бүкіл
ғұмыр-тіршілігінің мазмұны деп білген, Махамбет «қолына
қоңыраулы найза алып», асқақ жырымен Исатай басшының соңынан
ерді. 1829 жылы ол түрмеге қамалады. Бұл оқиға намысты, өр
жанның ханға қарсылығын онан сайын өршіте түседі. Үлкен айқас
1836 жылы 14 сәуір күні Қиялымола деген жерде болады. Жәңгір мен
Исатай қолы осы жерде кездеседі. Хан жасағын Қарауылқожа
Бабажанұлы бастаған. Күші өктем жау ержүрек сарбаздарға өлім
үйіре ұмтылады, бірақ ерлер берілмейді, қас жауына қаһар шаша
қарсы тұрады. Саны көп қалың қолдың тегеурінінен Исатай жасағы
сирей бастайды, ығыса береді. 1837 жылы 2 қараша күні Исатай мен
Махамбет бастаған 3 мыңдай ордасына екінші рет аттанады.
1. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002
2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
3. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Махамбет Өтемісұлы
(1803-1846)

Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) - Исатай Тайманұлы бастаған
көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, халқының азаттығын
көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны.
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында туған. Бала
кезінен мұсылманша, орысша білім алды. Кіші жүздің Байұлы
бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы
Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған.
Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан. Халықтың
азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын.
Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жөнібек
ауданы) дүниеге келді.Махамбет ақын жастайынан ақындық өнерге
кұмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген.
Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел кұрметіне
бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен
адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында
болып жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне
арқау еткен.
Махамбеттің балалық, жастық шағы. Махамбет Өтемісұлы 1803
жылы осы күнгі Орал облысының Орда ауданында , Нарындағы
Бекетай құмында туған.Махамбет жас кезінде хан ордасында
болған. Арабша да, орысша да хат білген. Жасынан-ақ шешендігімен,
ақындығымен көзге түскен Махамбетті хан өзіне тартып, өзінің
сөзін сөйлеп, сойылын соғатын, ханды мадақтап, даңқын жайып,
беделін көтеретін сарай ақыны етуді ойлаған. Бірақ Махамбет
Жәңгірдің бұл ойынан шықпаған. Орда айналасындағы әр алуан
әділетсіздікті, жауыздықты өз көзімен көргеннен кейін ол жалпы ел
басындағы ауыр халді де ұғына бастайды. Халық намысының аяққа
басылғанына зығырданы қайнап жүрген өжет ақын бас кетер демей,
ханмен ат құйрығын кесісіп, онымен ашық күреске шығады.
Махамбет көтереліс кезінде. Еліне емірене қызмет етуді бүкіл
ғұмыр-тіршілігінің мазмұны деп білген, Махамбет қолына
қоңыраулы найза алып, асқақ жырымен Исатай басшының соңынан
ерді. 1829 жылы ол түрмеге қамалады. Бұл оқиға намысты, өр
жанның ханға қарсылығын онан сайын өршіте түседі. Үлкен айқас
1836 жылы 14 сәуір күні Қиялымола деген жерде болады. Жәңгір мен
Исатай қолы осы жерде кездеседі. Хан жасағын Қарауылқожа
Бабажанұлы бастаған. Күші өктем жау ержүрек сарбаздарға өлім
үйіре ұмтылады, бірақ ерлер берілмейді, қас жауына қаһар шаша
қарсы тұрады. Саны көп қалың қолдың тегеурінінен Исатай жасағы
сирей бастайды, ығыса береді. 1837 жылы 2 қараша күні Исатай мен
Махамбет бастаған 3 мыңдай ордасына екінші рет аттанады.
Исатай қазасынан және көтеріліс басылғаннан кейінгі кезеңде.
Исатай қазасынан кейін Махамбет түңілушілікке, жалғыздыққа сәл
бой алдырады. Жырларында мұңаю сарыны пайда болады. Қарулы
жасақтың көпшілігі тарап, қасында тек азғана топ қалады.
Бытырап кеткен қолдың енді басын қосу қиын. Ел де үрейлеген. Жау
бейбіт халыққа қысым-қиянатын бұрынғыдан да үдетіп,
Махамбеттің ізіне шам ала түседі. Ақын өлеңдерінің ерекшіліктері.
Махамбет - лирик ақын. Оның лирикаларының өзекті арқауы- елді
ерлік күреске үндеу. Махамбеттің ерлікке толы Ереуіл атқа ер
салмай , Беркініп садақ асынбай , Толарсақтан саз кешіп
сияқты өлеңдері - шынайы саяси лирика. Ақын ерлерді қимылға,
жаумен кескілескен ұрысқа, белдесе айқасуға шақырады. Махамбет
өлеңдерін ереуіл жырлары дейтініміз де сондықтан. Махамбеттің
біраз өлеңдерінде элегиялық сарын да байқалады. Көтеріліс жеңіліп,
алға қойған мақсат орындалмай қалған соң, ақын көңілі жабырқау
тартады, өзегін өрт шалады, ең аяулы достары, серіктері оққа
ұшады, халық басына қара бұлт бұрынғыдан да төне түседі. Аңырап
ел қалады, ер қуғынға ұшырайды. Елім деп өзегі талған, халқына
қабырғасы қайысқан ақын өлеңдерін мұңды саздар сезіледі.
Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. 1824-1828 жылдары Орынбор
қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды. 1829
жылы Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген
айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай
қамалды. 1831 жылы түрмеден қашып шықты, бірақ артынша
ақталды. 1834 жылы Исатай батырмен бірікті. Осы жылы
маусымның 9-ында Жәңгір хан Махамбетті өз жағына тарту
мақсатында старшын лауазымын ұсынды.
Жер мәселесі, жайылымның тарлығы, орыс империясының қазақ
хандығын жою мақсатындағы іс-қимылдары, сондай-ақ Жәңгір
ханның жерді туған-туыстарына бөліп беруі мен ел билігінде қайын
атасы Қарауылқожаға үстемдік берген астамшылық әрекеттері
көтерілістің тууына себепші болды. Махамбет - бұхара халықты
патша өкіметіне , оның жергілікті өкілдері хан сұлтандарға қарсы
ұйымдасқан түрде қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ
ақыны. Махамбет Жәңгірге, Баймағамбет сұлтанға деген
өлеңдерінде үстем тап өкілдерін аяусыз шенеп, бет-пердесін
жыртса, Мұнар күн жырында ел басына орнаған ауыртпалықты
ашына айтты. Махамбет шығармалары - өз дәуіріндегі еңбекші
бұхара өмірінің рухани - поэтикалық шежіресі, шаруалар
қозғалысының шындық бейнесі.
Қарауылқожа мен Исатай-Махамбет арасындағы тартыс өршіп,
наразылық үлкен қозғалысқа айналды. Исатай атынан жазылған
Әй, Махамбет, жолдасым! атты ақын толғауы, ондағы Хан
баласы жылады-ай, Жанымды қи деп сұрады-ай деген жолдар хан
ордасын қоршауға алған соғыс күндерінің шындығын сипаттайды.
Осы жылдың қараша айында көтерілісшілер Бекетай құмында
өздерінен күші әлдеқайда басым Гекке әскерімен соғысып, жеңіліс
тапты. Бұл оқиғалар ақынның Соғыс жырында бейнеленсе,
Жабығу, Ереулі атқа ер салмай туындыларында жеңілістің
күйзелісті күйі шертіледі.
1838 жылы шілденің 12-інде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай
қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа жақта 2 жылдай жасақ жинауға
әрекет жасады. Бұл ниетінен нәтиже шықпаған соң Бөкей ордасына
жасырын өтіп, ел ішін паналады. Ақын өміріндегі ауыр да сүргінді
жылдар жалғасып, 1841 жылы наурыздың 4-інде белгісіз біреулердің
көрсетуімен Тілеков деген қазақтың үйінде отырған жерінде қолға
түсті. Орал әскерінің 40 адамнан құралған жасағы үй иесі мен
Махамбетті тұтқындап, Калмыков бекетінде 2 апта түрмеде
ұстады, кейін Орынборға айдады. Орынбор генерал-губернаторы
Махамбет ісін әскери соттың қарауына тапсырды. Сот 1841 жылы
шілденің 7-інде бүліншілікке тағы араласса, қатаң жазаланасың
деген үкіммен тұтқыннан босатып, шекарадан өтпеуді қатаң
ескертті.

1841-1845 жылдар аралығындағы Махамбет өмірі туралы деректер
тым аз. 1845 жылы ол баласы Нұрсұлтанды оқуға орналастырмақ
ниетпен Орынборда болды. Шекарадан өтуіне байланысты генерал
губернатор істі қайта қозғаса, Кіші жүздің батыс бөлігінің әкімі
Б.Айшуақов та ақынды қудалауын қоймады. Ол ақынның басына 1000
сом тігіп, оны ұстау үшін арнайы адамдардан құралған қарулы жасақ
жіберді. Махамбет хорунжий Тұрымұлының қолынан қаза тапты.
Зираты Гурьев облысының Индер ауданындағы Қараой деген жерде.
Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық
шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық
поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт
азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды.
Мұнар күн жырында ел басына түскен ауыртпалықты ашына
айтты. Ұлы арман, Жайықтың бойы көк шалғын, Атадан
туған ардақты ер жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор
сеніммен қарады. Біртіндеп садақ асынбай, Арғымақтың
баласы, Қара нар керек біздің бұл іске, Еменнің түбі - сары бал,
Жалған дүние, Еріскедей ер болса, т.б. шығармаларында ұлт
азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі
шынайы суреттелген. Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында
дейді ол отты жырларында.
Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы - Исатай Тайманұлы. Исатай
деген ағам бар, Исатай сөзі, Арғымаққа оқ тиді, Тарланым,
т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік,
қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды.
Оның Жәңгірге, Баймағамбет сұлтанға арналған өлеңдері
патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы
жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды.
Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн,
жағынан байыта, жетілдіре түсті. Лирикалық өлеңдері көбіне
толғау, жыр, терме түрінде жазылды. Исатайға арналған
өлеңдерінде жоқтау сарыны басым. Оның шығармалары қазақ
поэзиясының сатира, элегия, монолог, арнау жанрларының
қалыптасуына, стилінің дараланып, поэтикалық тіл құралдарының
артуына, философиялық тереңдіктің орнығуына үлес қосты. Халық
нақылына құрылған философиялық толғаулары мен жігерге толы
ерлік жырлары, жауынгер рухты биік өлеңдері оның
шығармашылығын жоғары деңгейге көтерді. Махамбет жырлары
дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ,
асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті.
Ақын жырлары орыс, араб, парсы сөздерінің көп кездесіп, шағатай
тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Ол жыраулық поэзия дәстүрін
шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты.
Махамбет ақындығына қатар шебер күйші болды. Оның 11 күйі 1982
жылы Шашақты найза, шалқар күй деген атпен жарық көрді.
Ақын өлеңдерінің халық арасына тарауына Ш.Жарылғапұлы, Қуан
ақын, кішкене Қобыланды, Қубала, Лұқпан, Мұрат, Ығылмандар көп
еңбек сіңірді. Алғаш 1908 жылы Қазан қаласында жарық көрген
Мұрат ақынның Ғұмар қажы оғлина айтқаны атты жинақта
Махамбеттің 100 жолдан астам 2 толғауы басылды. Ғ.Мұштақ құрастырған Шайыр яки қазақ ақындарының басты шығармалары
жинағында Махамбет толғауынан үзінділер берілді. 1939 жылы
Қ.Жұмалиев ақын өлеңдерінің жинағын шығарды. 2003 жылы
Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО
шеңберінде кең түрде аталып өтіліп, 4 томдық жинағы жарыққа
шықты. Интернетте Махамбет сайты ашылды. Астана
қаласындағы оқушылар сарайына ақын есімі берілді. Ресейдің
Выборг кеме жасау зауыты ААҚ Қазақстанның тапсырысы
бойынша Махамбет атты мұнай құю танкерін жасап шығарып,
суға түсірді. Атырау облысында Махамбет атындағы аудан, ауыл,
көше бар. Ақын қайтыс болған Атырау облысының Индер ауылынан
40 шақырым жерде кесенесі тұрғызылды. Белгілі антрополог Ноэль
Шаяхметов Махамбеттің бет-бейнесін жасап шығарды.
Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер
арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің
Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған,
Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының
өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның
ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу,
білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген.
Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады
1836 -- 38 ж. И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды
жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі.
Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде
отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің
отарлық саясатын жұзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті
жырлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Қазақстандағы кітап және баспа ісі тарихы бойынша бұрынғы мәліметтер
Жерім деп, елім деп қорғаған ер еді !
Махамбет жырлары-ерлік пен елдіктің өшпес рухы
Махамбеттің әдеби дүниетанымы
Көтерілістен кейінгі Махамбеттің өмірі
Махамбет Өтемісұлы өлеңдеріндегі топонимикалық атаулар
Махамбет поэзиясының тарихи негіздері
Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған ішкі (бөкей) ордадағы ұлт-азаттық көтеріліс
МАХАМБЕТ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЗЕРТТЕЛЕ БЕРМЕК
Пәндер