ТұранӘлемБанкі АҚ
Кіріспе
I . бөлім. « ТұранӘлемБанкі » АҚ . на жалпы сипаттама
1.1. « ТұранӘлемБанкі » АҚ . ның тарихына қысқаша шолу
II . бөлім. « ТұранӘлемБанкі » АҚ . ның функционалдық құрылымы
2.1. Операциондық бөлім
2.1.1. Кассалық бөлім
2.1.2. Бухгалтерлік баланс
2.2. Депозиттік бөлім
2.3. Несиелік бөлім
III . бөлім. « ТұранӘлемБанкі » АҚ . ның даму стратегиясы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Оқу процесінің міндетті құрылымды бөлімі болып өндірістік тәжірибе табылады. Өндірістік тәжірибе студенттің теориялық білімін тәжірибеде қолданып, дамытуға мүмкіндік береді.
Менің өндірістік тәжірибеден өтудегі мақсатым – алған теориялық білімімді өндірісте қолдану, тәжірибе жүзінде бекіту және банктік қызметтегі аналитикалық және басқару жұмыстарын игеру, сонымен қатар өзімнің тәжірибелік мүмкіндіктерімді тек кәсіби сферада емес, сондай – ақ ұжымда бейімделу сферасында да дамыту.
Өндірістік тәжірибенің жалпы мақсаты болып келесілер табылады:
- болашақ кәсіби жұмысын тәжірибелік амалдарды зерттеу және оларды
теориялық салыстыру негізінде тереңірек меңгеру;
- банктің құрылымын, сонымен қатар басқару құрылымын, ағымдағы
басқару процестерінің сипатын үйрену;
- банктің әр түрлі бөлімшелерінде өндірістің тиімділігін жоғарлатудың
жолдарын, дамуының перспективті және ағымды жоспарларын құру,
меңгеру;
- кейбір жұмыс түрлерін өз бетінше орындау;
- өткізілген тәжірибе туралы есеп беруді орындау үшін қажет деректерді
жинау;
- өндірістік тәжірибе бойынша есеп берулер жазу.
Өзім өндірістік тәжірибені 3 – ықшам ауданы, Ш. Ізбасов көшесі, 62 адресі бойынша орналасқан «ТұранӘлемБанкі» АҚ – ның Құлсары филиалында өттім.

1. «Банк және банктік қызмет туралы» ҚР – ң Заңы. Алматы.
2. «ҚР – ң Ұлттық Банкі туралы» ҚР – ң Заңы.
3. Сейткасимова Г. С. «Ақша, Несие, Банк» - Алматы: 1999 ж.
4. Кураков Л.П. «Қазіргі банктік жүйе» - Москва: 2000 ж.
5. Ширинская Е. Б. «Коммерциялық банктердің операциялары» - Москва:
1995 ж.
6. «БанкТуранАлем» АҚ - // Финансовые продукты Казначейство
(Казначейство. Центр клиентских операций.)
7. С. Мамешұлы, Е. Татішев, О. Рахматуллин, Д. Қуатжанов
«ТұранӘлемБанкі» АҚ - на - 80 жыл – Алматы: 2005 ж.

Жоспар
Кіріспе
I - бөлім. ТұранӘлемБанкі АҚ - на жалпы сипаттама
0.1. ТұранӘлемБанкі АҚ - ның тарихына қысқаша шолу
II - бөлім. ТұранӘлемБанкі АҚ - ның функционалдық құрылымы
2.1. Операциондық бөлім
2.1.1. Кассалық бөлім
0.1.2. Бухгалтерлік баланс
2.2. Депозиттік бөлім
2.3. Несиелік бөлім
III - бөлім. ТұранӘлемБанкі АҚ - ның даму стратегиясы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Оқу процесінің міндетті құрылымды бөлімі болып өндірістік тәжірибе табылады. Өндірістік тәжірибе студенттің теориялық білімін тәжірибеде қолданып, дамытуға мүмкіндік береді.
Менің өндірістік тәжірибеден өтудегі мақсатым - алған теориялық білімімді өндірісте қолдану, тәжірибе жүзінде бекіту және банктік қызметтегі аналитикалық және басқару жұмыстарын игеру, сонымен қатар өзімнің тәжірибелік мүмкіндіктерімді тек кәсіби сферада емес, сондай - ақ ұжымда бейімделу сферасында да дамыту.
Өндірістік тәжірибенің жалпы мақсаты болып келесілер табылады:
- болашақ кәсіби жұмысын тәжірибелік амалдарды зерттеу және оларды
теориялық салыстыру негізінде тереңірек меңгеру;
- банктің құрылымын, сонымен қатар басқару құрылымын, ағымдағы
басқару процестерінің сипатын үйрену;
- банктің әр түрлі бөлімшелерінде өндірістің тиімділігін жоғарлатудың
жолдарын, дамуының перспективті және ағымды жоспарларын құру,
меңгеру;
- кейбір жұмыс түрлерін өз бетінше орындау;
- өткізілген тәжірибе туралы есеп беруді орындау үшін қажет деректерді
жинау;
- өндірістік тәжірибе бойынша есеп берулер жазу.
Өзім өндірістік тәжірибені 3 - ықшам ауданы, Ш. Ізбасов көшесі, 62 адресі бойынша орналасқан ТұранӘлемБанкі АҚ - ның Құлсары филиалында өттім.
ТұранӘлемБанкі АҚ - Қазақстанда клиенттерге кешенді қызмет көрсету және кең таралған филиалдық жүйелері бойынша ірі коммерциялық банк болып табылады.
Ең біріншіден, бұл клиенттердің өсуімен және аймақтық өндірістік құрылымға ең жоғарғы деңгейлі банктік сервис ұсыну қажеттілігімен байланысты. Банктің коммерциялық қызметі келесілерді қамтиды:
корпоративті банк ісі;
саудалық және жобалық қаржыландыру;
жеке тұлғаларға қызмет көрсету;
дебеттік және кредиттік карточкалар бойынша қызмет көрсету, сонымен қатар шетел валюталарымен саудалық операциялар жүргізу.
Негізгі бағыттарының бірі болып келесілер табылады:
депозиттер қабылдау;
ссудалар ұсыну;
теңге мен шетел валюталарында несиелік қаражаттар беру.
Сонымен қатар, Банк Қазақстандағы валюталық биржа мен бағалы қағаздар нарығының негізгі ойыншыларының бірі болып табылады.
Банк стратегиясы - Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарына банктік қызмет көрсету және басқа да қаржылық өнімдерді ұсынуында лидерлік позицияны иемденуге бағытталған. ТұранӘлемБанкі АҚ сыртқы және ішкі сауданы қаржыландырудағы лидерлік жағдайын ұстана отырып, ең жақсы перспективті бойы бар өндірістік салалармен жұмыс істеуге тырысады, мысалға мұнай және газ инфрақұрылымы және т.б.
Сонымен қатар, банк қаржылық жағдайы өте жоғары клиенттеріне (VIP клиенттерге ) ерекше мән беріп, жеке қызмет көрсету сферасын, депозиттік базасының диверсификациясын және заңды тұлғаларға қызмет көрсету сферасын дамытуда. Сонымен қатар, жалақы жобасы мен мекемелердің қорларын басқару бойынша қызметтердің негізгі ұсынушысы болып табылады. Бұл қызметтер банк клиенттерінің жеке базасын кеңейтудің негізгі құралы болып табылады.
Бұл өндірістік тәжірибе туралы есепті осы ТұранӘлемБанкі АҚ - на негізделе отырып жаздым. Бұл жұмыс кіріспеден, негізгі 3 бөлімнен, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады. Жұмыстың негізгі үш бөлімі келесідей:
Бірінші бөлімде - ТұранӘлемБанкі АҚ - на жалпы сипаттама, яғни құрылу тарихына, басқармасының құрамына және ұйымдық құрылымына сипаттама беріледі.
Екінші - негізгі бөлімде - банктің функционалдық құрылымы бөлшектеліп сипатталған. Яғни банктің негізгі бөлімдері, олардың әрқайсысында атқарылатын жұмыстар, қызметкерлерінің міндеттері, қолданылатын құжаттардың нысандары, оларды қолдану, толтыру тәртіптері және т.б. баяндалған.
Үшінші бөлімде - банктің болашаққа қойған жоспарлары, сондай - ақ, банк қызметінің кейбір кемшіліктері ескеріле отырып, оларды жақсарту жолдары ұсынылған.
Өндірістік тәжірибе туралы есеп беруде Қазақстан Республикасының заң актілері, банкте қолданылатын кейбір құжаттардың нысандары (қосымшалар ретінде) қолданылды.
1-бөлім. ТұранӘлемБанкі АҚ - на жалпы сипаттама.
1.1. ТұранӘлемБанкі АҚ - ның тарихына шолу.
2005 жылы ТұранӘлемБанкіне 80 жыл толды.
Қазақстандағы ТұранӘлемБанкінің тарихы - бұл Қазақстан территориясындағы жинақтаушы жүйенің қалыптасу және даму тарихы.
ТұранӘлемБанкі - Қазақстанның жүйе түзетін банктерінің бірі. ТМД елдерінде көпшілік таныған көсбасшы болып табылады.
1925 жылы Қазақстанда тұңғыш өнеркәсіп банкі - КСРО өнеркәсіп банкі ретінде құрылған (1993 жылдан бастап - Тұран банк), 1997 жылы Әлем банкпен (Сыртқы экономикалық банк, 1991 жылы құрылған) біліктіріліп, аукцион арқылы жекешелендірілген.
ТұранӘлемБанкі - өзінің активтері, несиелік қоржыны мен депозиттері бойынша Қазақстанның аса ірі банкі болып табылады, негізгі бағыттары бойынша нарықтық үлесі орташа алғанда 25% - ды құрайды.
ТұранӘлемБанкі кең ауқымды қаржы қызметтерін көрсетеді, соның ішінде корпоративтік және бөлшек несиелендіру, саудалық қаржыландыру, шетел валютасымен операциялар жасау, төлем карталары, лизинг, ипотекалық несие беру, сақтандыру және тағы басқа қызметтер.
ТұранӘлемБанкі - бұл 35 000 - нан астам клиент, 800 000 - нан астам депозиттік шот, пластик карталар нарығының 20% - ы және саудалық қаржыландыру нарығының 38% - ға жуығы.
ТМД елдеріндегі кеңейтудің нәтижесінде ТұранӘлемБанкінің тобынан 7 коммерциялық банк - стратегиялық серіктес Ресейде, Беларусьте, Армения мен Грузияда өкілдік етеді. Аталған үлестерді сатып алу ТұранӘлемБанкі тобына ТМД елдерінде дамыған банк желісін қалыптастыруға мүмкүндік берді және сауданы қаржыландырудағы позицияларын күшейте түсті. ТМД мен ҚХР - да 10 өкілдігі бар.
Қаржылық көрсеткіштердің серпінді өсуі ТұранӘлемБанкінің қаржы нарығында тұрақты әрі сенімді орнығуын қамтамасыз етеді.
ТұранӘлемБанкі АҚ ТМД елдерінің аса ірі банктерінің бірі.
Банктің активтері 5,7 млрд. АҚШ долларынан асады (Жалпы ішкі өнімге қатысты - 13,5%). Меншікті капиталы 600 млн. АҚШ долларынан асады. Банктің ТМД банктерінің арасында төмендегідей ұзақ мерзімді несиелік рейтинглері бар:
oo Moody``s (Ba1) еурооблигациялар (Baa2); болжам - "оң мәнді"
oo S&P (BB-), еурооблигациялар (BB-); болжам - "оң мәнді"
oo Fitch (BB), болжам - "тұрақты"
ТұранӘлемБанкі халықаралық еуробондтар мен бірлестірілген қарыздар нарығының танымал қатысушысы, нарықтың барлық сегменттерінен орын алған жетекші қаржы тобы. Олар "ТұранӘлем Orix", "ТұранӘлем Секьюритис", "ТұранӘлем ҚаржыBV","ТұранӘлем ҚұрметҚазақстан ХЖЗҚ" зейнет ақы қоры, "ТұранӘлем Ипотека", "ТұранӘлем Финанс" (Ресей), "ТұранӘлем Капитал" (Ресей), сондай - ақ "ТұранӘлем Сақтандыру", "ТұранӘлем Қамқорлық", ТМД елдеріндегі 7 банк - стратегиялық серіктестер және ТМД мен Қытайдағы 10 өкілдік.
ТұранӘлемБанкінің қазіргі тарихы - бұл тек оның жекешелендіруі және құрылымдық қайта құрылу процесі емес. Бұл жаңа банктік технологияларды енгізу, банкинг спектірн кеңейту, жаңа жағдайларда жинақтаушы салымдардың жүйесін толық сақтау және дамытуға бағытталған глобалды стратегия, дамыған филиалды құрылымы бар тікелей интеграцияланған банктік құрылым құру.
Банк, сондай - ақ Қазақстандағы валюталық биржадағы және бағалы қағаздар нарығындағы жүргізуші ойыншылардың бірі болып табылады және Қазақстан Республикасындағы және ТМД елдеріндегі инвестициялау бойынша кеңес беру және эксперттік қызметтер көрсетеді. Банктің жекешелендіру кезеңінен бастап қаржылық көрсеткіштердің маңызды өсімі болды, нарықтық позициялар сақталды және жақсарды.
ТұранӘлемБанкі - активтер және меншікті капиталдың көлемі, несиелеу пайда көлемі бойынша Қазақстан Республикасының ірі банктердің бірі болып табылады.
2 - бөлім. ТұранӘлемБанкі АҚ - ның функционалдық құрылымы.
2.1. Операциондық бөлім.
БанкТұранӘлем АҚ Құлсары филиалы 3 бөлімнен құралады.Олар:
1. Тенгиз бөлімшесі (жеке тұлғалармен жұмыс жасайды);
1. № 47 - 01 бөлімшесі (Жаңақаратон поселкесінде орналасқан және де жеке тұлғалармен жұмыс жасайды);
2. PLATINUM бөлімшесі.
Басты филиалының өзі бірнеше бөлімдерге бөлінеді:
1. Операциондық бөлім - АҚ - ның кіріс және шығыс құрылымы қарастырылады;
2. Депозиттік бөлім;
3. Несиелік бөлім - жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді;
4. Маркетингтік бөлім;
5. Заң бөлімі.
Бөлім қызметінің негізгі мақсаты - заңды тұлғаларға банктік қызметтердің кең спектрін көрсетуге, қажеттіліктерді максималды қанағаттандыруға бағытталған.
Бөлім қызметінің негізгі міндеттері болып келесілер табылады:
oo Бөлімнің есеп айырысу - кассалық қызмет көрсету қызметінен, ұлттық валютада және шетел валютасында аударым операцияларынан, қолма - қолсыз шетел валютасын сату - сатып алу бойынша операциялардан, жабылған гарантиялар мен аккредитивтер шығару бойынша табыстар жоспарын орындауды қамтамасыз ету;
oo заңды тұлғалардан салымдар тарту бойынша жоспарды орындауды қамтамасыз ету;
oo барлық меншік нысанындағы заңды тұлғаларды есеп айырысу - кассалық қызмет көрсетуарқылы тарту;
oo халықаралық операциялар бойынша сапалы қызметтердің тұрақты көлемін қамтамасыз ету;
oo сыртқы экономикалық қызмет аясында банктің клиенттермен қатынастарының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.
Бөлім келесі қызметтерді атқарады:
oo Клиенттерді есеп айырысу - кассалық қызмет көрсетуге тарту;
oo клиенттердің ағымды және жинақтаушы шоттарына карточкалар ашу;
oo банк арқылы модемдік құралдар бойынша клиенттердің тапсырыстары бойынша есеп айырысулар жүргізу;
oo клиенттерге - заңды тұлғаларға, заңды тұлға болып құрылмаған кәсіпкерлік қызмет атқаратын жеке тұлғаларға, бюджеттік ұйымдарға есеп айырылысулар жүргізу;
oo теңгеде және шетел валютасындағы төлемдер бойынша кейінгі бақылауды жүзеге асыру;
oo есеп айырысу - кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
oo экспорттық - импорттық бақылау;
oo тауарлардың импорты экспорты бойынша мәмілелер паспортын ресімдеу;
oo құжаттық операциялар.
Банктік шот келісім - шарты бойынша ағымды немесе корреспонденттік шот ашуда банк клиенттің пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, клиенттің сәйкес ақша сомаларын клиентке немесе үшінші тұлғаларға аудару (беру) туралы өкімдерін орындауға, және де банктік шотта қарастырылған басқа да қызметтер көрсетуге міндетті.
Банктік шот келісім - шартында келесілер болуы керек:
1) келісім - шарт пәні;
2) клиент - салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
3) банкте орналасқан ақшалармен пайдалану тәртібі;
4) банкпен қызметтер көрсету шарттары және оларды төлеу тәртібі
Банктік шот ашу үшін клиент келесілерді тапсыруы керек:
1) Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды тұлғалар және олардың бөлімшелері (филиалдары мен өкілдері) үшін:
oo қолтаңба үлгілері және мөрі бар құжат;
oo салық қызметі органымен берілген клиенттің салық есебінде тұрғанын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
oo статистикалық карточканың көшірмесі;
oo өкілетті органмен берілген мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткенін дәлелдейтін құжат нысанының көшірмесі;
oo филиалдар мен өкілдіктер үшін - Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғасымен филиалдың немесе өкілдіктің басқарушысына берілген сенімхатының көшірмесі;
oo мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігінің рұқсаты;
2) Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке тұлғалар үшін:
oo қолтаңба үлгісі бар құжат;
oo салық қызметі органымен берілген клиенттің салық есебіне тұрғанын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
oo заңды тұлға болып құрылмаған кәсіпкерлік қызмет атқаратын жеке тұлғалар үшін - өкілетті органмен берілген мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткенін дәлелдейтін құжат нысанының көшірмесі;
oo жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының резиденттері еместер - заңды тұлғалар және олардың бөлімшелері (филиалдары мен өкілдері) үшін:
oo қолтаңба үлгілері және мөрі бар құжат,
oo салық қызметі органымен берілген клиенттің Қазақстан Республикасында, заңды тұлғалар - резиденттері еместер үшін Қазақстан Республикасында олардың тіркелу орны бойынша салық есебіне тұрғанын дәлелдейтін құжаттын көшірмесі;
oo заңды тұлғалар - резиденттері еместердің филиалдары мен өкілдіктері үшін өкілетті органмен берілген мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткенін дәлелдейтін құжат нысанының көшірмесі, сондай - ақ мемлекеттік немесе орыс тілінде орындалған және нотариалды сендірілген сәйкес филиал немесе өкілдік туралы жағдайдың көшірмесі;
oo сауда ресстрінен выписка;
oo төлемдік құжаттарға қол қоюға өкілетті тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар;
4) Қазақстан Республикасының резиденттері емес - жеке тұлғалар үшін:
oo қолтаңба үлгісі бар құжат;
oo заңды тұлға болып құрылмаған кәсіпкерлік қызмет атқаратын жекетұлғалар үшін - өкілетті органмен берілген мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткенін дәлелдейтін құжат нысанының көшірмесі;
5) Ауыл шаруашылықтары үшін:

және т.б.
Заңды тұлғалар және олардың бөлімшелері (филиалдары мен өкілдері) банкке қолтаңба үлгілері және мөр таңбасы бар құжаттарды тапсырады. Заңды тұлға болып құрылмаған кәсіпкерлік қызмет атқаратын жеке тұлғалар қолтаңба үлгісі бар құжатқа сәйкес тапсырады.
Банктік шотты жабу клиенттің өтініші бойынша кез - келген уақытта жүргізіледі. Клиент ісінде шотты жабудың негізі көрсетілуі тиіс.
Төлем құжаттарының түрлері:
1) Төлем тапсырмасы;
2) Чек;
3) Вексель;
4) Төлем талап - тапсырмасы;
5) Инкассолық өкім, салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассолық өкімдері;
6) Ұлттық Банктің нормативті құқықтық актілермен бекітілген басқа да төлем құжаттары.
Төлем құжаттарында келесілер болу керек:
1) Төлем құжатының атауы;
2) Төлем құжатының нөмірі, оның шығарылу күні, айы, жылы;
3) Ақша жіберуші заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты - жөні, оның жеке идентификациялық коды (ИИК);
4) Ақша жіберуші банкінің толық атауы, оның банктік идентификациялық коды (БИК);
5) Бегнефициардың толық атауы, оның банктік идентификациялық коды (ИИК);
6) Бенефициар банкінің толық атауы, оның банктік идентификациялық коды (БИК);
7) Төлем бағыты, оның кодтық белгісі;
8) Санмен және жазумен белгіленген төлем сомасы;
9) Төлем немесе аударым инициаторының өкілетті тұлғаларының тегі, аты - жөні, болса мөрі;
10) Бенефициар және ақша жіберушінің - салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
Төлем тапсырмасы. Ақша жіберуші қызмет көрсетуші банк - алушыға бекітілген нысандағы бланктерде төлем тапсырмасын береді.Төлемдерді және Қазақстан Республикасы шекарасынан тыс жерлерге ақша аударымдарын ұлттық валютада да, шетел валютасында да жүзеге асырған кезде бекітілген нысандағы бланктерде ақша аударымына өтініш қолданылады.
Төлем талап - тапсырмасы. Бенефициар банкке төлем - талап тапсырмаларын бекітілген нысандағы бланкте төлем - талап тапсырмалар реестрі қосылады.
Инкассолық өкім. Ақша жіберушінің банктік шоттарынан оның келісімінсіз заңдармен қарастырылған жағдайда алу үшін қолданылатын бұл құжат бекітілген нысандағы бланкте беріледі, сондай - ақ салық қызметі органдарынан және кеден органдарынан инкассолық өкімдер беріледі.
2.1.1. Касса.
Кіріс кассаларында операциялар жүргізу тәртібі.
Банктің кассасына клиенттерден кейін олардың ағымды және корреспонденттік шоттарына есепке алу үшін қолма - қол ақша қабылдау келесілер бойынша жүргізіледі:
1) қолма - қол ақшаны салуға хабарландырулар;
2) кіріс кассалық ордерлер;
Кассаға басқа құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлермен ресімделеді. Кассаға қолма - қол ақша тапсыру үшін клиент кіріс кассалық ордерді толтырады және касалық құжаттарға қол қоюға өкілетті операциондық қызметкерге тапсырады. Кассир кіріс кассалық құжаттарды тексергеннен кейін клиентті шақырады және одан банкноталарды парақтап, ал монеталарды кружоктар бойынша қабылдайды. Қолма - қол ақшаны қабылдағаннан кейін кассир кіріс кассалық құжатта көрсетілген соманы нақты сомасымен салыстырады. Сомалар сәйкес келген жағдайда кіріс кассалық құжатқа қол қояды, түбіртекке немесе кіріс ордерінің көшірмесіне мөр қояды да, ақша салған тұлғаға береді. Күмәнді ақша белгілеріне кассир ақша белгілерін экспертизаға алу туралы акт - тізімдеме жасайды.
Жұмыс күнінің соңында кассир кіріс кассалық құжаттардың негізінде, күн бойынша кассалық айналым және құндылықтардың қалдықтары туралы есептік анықтама жасайды.
Күні бойғы қабылданған ақшаларды кассир қалыптастырады, орайды және де қабылданған және берілген ақшаларды есепке алу кітабына жаза отырып тапсырады.
Нақты құндылықтар мен есептік құжаттар арасында сәйкессіздік табылса, акт жасалады.
Шығыс кассаларында операциялар жүргізу тәртібі
Банк клиенттерінің ағымды және корреспонденттік шоттарынан қолма - қол ақшалар беру келесілер бойынша жүргізіледі:
1) ақша чектері
2) шығыс кассалық ордерлер
Операциялық кассада қалған қолма - қол ақша сомасының операциялық кассаның қолма - қол ақшалары және басқа да ұлттық валютадағы құндылықтарды есепке алу кітабындағы мәліметтерге сәйкестігі тексеріледі.
Клиент ақша алуға кассалық құжатты операциондық қызметкерден тексерістен өткеннен кейін ғана кассадан ақша алуға бара алады.Шығыс операциялары касса меңгерушісімен жүргізілетін банктерде күні бойғы кассалық айналым және құндылықтар қалдықтары туралы есептік анықтама жасалмайды, шығыс бойынша барлық айналым күні бойғы кассалық айналым туралы жиынтық анықтамаға енгізіледі.
2.1.2. Бухгалтерлік баланс.
ТұранӘлемБанк АҚ - ның
2006 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
бухгалтерлік балансы
Баптар атауы есепті өткен
кезеңнің жылдың
соңына ұқсас
уақытында
(мың тг.)
Активтер
Қолма - қол ақша 12 393 063 13 221514
Аффинирленген қымбат металдар 358 135 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкіндегі корреспонденттік
шоттар мен салымдар 48 966 316 35 229 519
Басқа банктердегі корреспонденттік
шоттар мен салымдар (мүмкін болатын
шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда) 46 456 670 5 541 351
Сауда - саттыққа арналған бағалы қағаздар
(мүмкін болатын шығындардың резервтерін
шегеріп тастағанда) 212 042 418 132 106 021
Басқа банктерге берілген займдар мен
қаржылық жал (мүмкін болатын
шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда) 28 135 312 15 897 626
Клиенттерге берілген займдар мен қаржылық
жал (мүмкін болатын шығындардың
резервтерін шегеріп тастағанда) 750 528 914 489 513 906
Клиентерге басқа талаптар (мүмкін
болатын шығындардың резервтерін
шегеріп тастағанда) 3 766 550 1 658 204
Мерзімі ұзартылған салық талаптары 0 0
Басқа бағалы қағаздар (мүмкін болатын
шығындардың резервтерін шегеріп
тастағанда) 13 722 405 24 254 578
Капиталға инвестиция және
субординацияланған берешек 7 591 132 6 089 577
Гудвилл 0 0
Негізгі қаржылар (амортизациясын
шегеріп тастағанда) 1 332 201 945 499
Материалдық емес активтер
(амортизациясын шегеріп тастағанда) 128 167 128 565
Басқа активтер (мүмкін болатын
шығындардың резервтерін шегеріп
тастағанда) 20 506 506 11 971 529
Активтердің барлығы: 1 145 927 789 736 557 889
Міндеттемелер
Банктердің корреспонденттік
шоттары мен салымдары 8 609 619 7 468 052
Клиентердің банктік шоттары
мен салымдары 734 479 439 465 017 199
Шығарылған берешек бағалы
қағаздар 13 156 433 0
Банктер алдындағы берешек 174 920 476 157 844 827
Басқа тартылған қаржылар 1 394 827 2 283 611
Субординацияланған берешек 79 491 536 29 864 419
Мерзімі ұзартылған салық міндеттемелері 0 0
Салық міндеттемелері 579 781 250 774
Басқа мідеттемелер 10 422 563 6 060 995
Дивиденттер төлеу 427 914 408 500
Міндеттемелердің барлығы: 1 023 500 588 669 198 377
Меншік капитал
Жарғылық капитал 67 314 444 42 567 246
оның ішінде:
Жай акциялар 67 314 444 33 067 029
Артықшылықты акциялар 0 9 500 217
Қосымша төленген капитал 165 165
Алынып тасталған кпаитал 0 0
Резервтік капитал 2 634 384 2 634 384
Басқа резервтер 76 825 3 274
Бөлінбеген таза табыс (жабылмаған
шығын) 52 401 383 22 154 443
Капиталдың барлығы: 122 427 201 67 359 512
Азшылық үлесі
Міндеттемелер мен меншік
капиталдың барлығы: 1 145 927 789 736 557 889
ТұранӘлемБанк АҚ - ның
2006 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
табыстары мен шығыстары
Баптар атауы есепті өткен
кезеңнің жылдың
соңына ұқсас
уақытында
(мың тг.)
Пайыздық табыстар 50 053 623 34 064 213
Пайыздық шығыстар 30 865 707 19 490 127
Зайымдар бойынша шығындарға
резервтер қалыптастыруға дейінгі
таза пайыздық табыс 19 187 916 14 574 086
Мүмкін болатын шығындарға
резервтер (резервтерді қалыпқа
келтіру) 11 303 631 4 316 864
Таза пайыздық табыс 7 884 285 10 257 222
Дивидендтер түріндегі табыстар 0 0
Комиссиялық және жиындар
түріндегі табыстар 10 306 732 4 811 997
Комиссиялық және жиындар
төлеу бойынша шығыстар 1 854 917 643 566
Бағалы қағаздарды сатып алу
сатудан түскен табыстар (шығындар)
(нетто) -2 888 521 1 551 205
Бағалы қағаздарды қайта бағалаудан
түскен табыстар (шығындар) (нетто) 0 0
Шетелдік валютаны және алтынды
қайта бағалаудан түскен табыстар
(шығындар) (нетто) 21 518 209 -577 523
Басқа табыстар 1 519 894 501 796
Таза пайыздық емес табыс 28 601 397 5 643 909
Жалпы әкімшілік шығыстар 9 134 265 6 370 448
Амортизация және тозу 208 913 139 278
Басқа шығыстар 13 547 0
Басқа операциялар бойынша
резервтерді қалыптастырғанға
дейінгі пайда 27 128 957 9 391 405
Басқа операциялар бойынша
мүмкін болатын шығындарға
резервтер (резервтерді қалыпқа
келтіру) 466 549 30 118
Болжанбаған табыстар (шығындар): 0 0
Салық салу мен азшылық үлесіне
дейінгі пайда 26 662 408 9 361 287
Пайдаға салық бойынша шығыстар 751 446 0
Азшылық үлесін шегеріп тастағанға
дейінгі таза пайда 25 910 962 9 361 287
Азшылық үлесі 0 0
Таза пайданың барлығы (шығындар) 25 910 962 9 361 287
2006 жылғы I - жарты жылдықтың қорытындысы
ТұранӘлемБанк АҚ 1 145 млрд. теңгеден астам активтерімен және 122 млрд. теңгеден астам меншік капиталымен жүйе құратын банк болып табылады. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша банк 25,9 млрд. теңге мөлшерінде таза пайда алды, бұл өткен жылғы ұқсас көрсеткіштен 2,8 есе артық.
2006 жылғы бірінші жарты жылдықта ТұранӘлемБанк несие капиталы нарығында белсенді жұмысын жалғастырды. Үстіміздегі жылы $ 110 млн. сомада Азиялық синдикатталған заем және $ 200 млн. сомада еурооблигацияларды ойдағыдай орналастырды. Капиталдың халықаралық нарығынан басқа, ресурстардың маңызды көзі ішкі нарық болып табылады. Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында жеке тұлғалардың жедел депозиттерге орналастырған қаржысының көлемі $ 1 миллиардқа жетті, бұл біздің клиенттер тарапынан банкке сенім білдіруінің едәуір өскендігін растауы болып табылады.
2.2. Депозиттік бөлім.
Бұл бөлім мерзімді салымдар мен талап етілмелі салымдар қабылдауды жүзеге асырады. Ол Қазақстан Республикасының резиденттерінен, бейрезиденттерінен, сондай - ақ азаматтығы жоқ тұлғалардан және олардың пайдасына салымдар қабылдайды.
Операциялар жүргізу кезеңдері келесідей:
1. Кеңес беру және құжаттарды қабылдау. Бұл кезеңде бөлім қызметкері клиент келген кезде ол салымның қандай түрін, қандай мерзімге, қандай валютада, кімнің атына ресімдегісі келетінін анықтайды; банк қабылдайтын салымдардың шарттарын түсіндіреді және клиентті банктің талаптарымен және қажет құжаттар тізбесімен таныстырады.
2. Шотты ашу, шартты бекіту және салымды қабылдау. Бұл кезеңде бөлім қызметкері клиенттен алынған құжаттардың заңдылығын тексереді; клиенттің карточкасын ашуды жүргізеді, сонымен қатар салымшының мынадай деректері енгізіледі:
oo тегі, аты - жөні, туған күні;
oo тұратын мекен - жайы (қаласы, ауылы, көшесі, үй нөмірі мен пәтер нөмірі) және телефон нөмірі;
oo жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні және берген органы;
oo салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
oo мәртебесі (зейнеткер, Ұлы Отан соғысына қатысушы және т.б.)
3. Салымды қайтару және сыйақыны төлеу. Салымшы салымды немесе сыйақыны алуға келген кезде қызметкер қажетті құжаттарды сұрайды; оларды қабылдап, тексергеннен кейін шоттағы және жинақ кітапшасындағы салым қалдықтарын тексереді; салымшының алғысы келетін сомасын нақтылайды; шотты жабуға арналған өтінішті, салымшыдан алынған шартты, жинақ кітапшасын және сыйақы аударуға арналған мемориалдық ордері касса бөліміне тапсырады.
Салымдар тек белгілі бір адамның атына ғана қабылданады және олар ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де қабылданады. Салым бойынша сыйақы есептеу ақша шотқа түскен күннен кейінгі күннен бастап жүзеге асырылады. Сыйақы есептегенде бір ай 30 күнге, ал бір жыл 360 күнге тең деп саналады.
Әр салымшы бойынша барлық құжаттар тіркелетін бөлек құжаттама қалыптастырылады. Салымшының құжаттамасында мынадай құжаттар болуы тиіс:
1) жасалынған шарттың бір данасы;
2) салымшының салық есебіне қойылғанын және оған СТН берілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) салымшының қолтаңба үлгісі бар құжаттың бір данасы;
4) шот ашу туралы анықтама;
5) өзге құжаттар;
Шот ашу және салымды рәсімдеу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1) салымшының жәненемесе салушының жеке басын куәландыратын құжат;
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz