Әйелдердің еңбегін қорғауды құқықтық реттеу
КІРІСПЕ
1.Тарау. Еңбек аясында әйелдердің әлеуметтік.құқықтық мәртебесі.
1.1. Әйелдер еңбегінің әлеуметтік.құқықтық дамуы.
1.2. Әйел . еңбек нарығындағы құқықтық қорғаудың ерекше субъектісі.
2.Тарау. Әйелдер еңбегін қорғаудың құқықтық жағдайы.
2.1. Еңбек және жұмыстылық саласында әйелдерді дискриминациялауға тыйым салу жолдары.
2.2. Әйелдер еңбегін қорғауды реттейтін, еңбек құқығы нормаларының бірлігі мен дифференциациясы.
2.3. Еңбек жағдайлары бойынша әйелдердің еңбегін ерекше қорғау.
3. Тарау. Еңбек және еңбекпен тікелей байланысты қатынастарда әйелдердің еңбегін құқықтық реттеу.
3.1. Ана болумен байланысты әйелдер еңбегін құқықтық реттеу және оны қамтамасыз етудің кепілдіктері.
3.2. Әйелдер еңбегін құқықтық қорғауды жүзеге асыру.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл диссертациялық зерттеу әйелдердің еңбегін құқықтық қорғауды реттеуде туындайтын жан-жақты мәселелерді шешуге арналған. Еңбек аясындағы әйелдердің әлеуметтік-құқықтық мәртебесі, әйелдер еңбегін қорғаудың қазіргі нарықтық қарым-қатынастардағы құқықтық жағдайы, еңбекпен тікелей байланысты қатынастарда әйелдердің еңбегін құқықтық реттеу қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамдық еңбектің бір бөлігі ретінде, әйелдердің еңбегі өзіндік ерекшелігі және маңыздылығы бар жүйені құрайды. Әйелдердің еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары өзіндік құрылымы мен мазмұны, тұрақты даму бағыттары және құқықтық реттелуі бар қатынастар болып табылады, сондықтан оларды ерекше әлеуметтік-құқықтық санат ретінде қарастыруға болады.Сонымен қатар, әйелдердің еңбегі ғасырлар бойы қоғамда орын алып, бірақ аяғына дейін шешілмеген «әйелдер мәселесінің» құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл тақырыптың ғылыми қызығушылығы – әйелдердің қоғамдағы шынайы жағдайын сипаттайтын байланыстар мен қатынастарынан туындайды.
Диссертациялық зерттеудің өзектілігі соңғы жылдардағы әйелдердің құқықтық жағдайының күрт өзгеруімен тығыз байланысты. Бұл мәселенің маңыздылығы – қазіргі уақытқа дейін сақталып келген әйелдердің әлеуметтік теңсіздігі мен оны жою жолдары ғана емес, сонымен қатар, қоғамда болып жатқан алуан түрлі өзгерістермен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасында әйелдер өткен кезеңдермен салыстырғанда өздерінің қабілеттіліктерін іске асыруға және дамытуға бағытталған көптеген құқықтар мен бостандықтарды иеленді. Ғасырлар бойы қарым-қатынастардың субъектісі ретінде мойындалмаған, адамзаттың екінші жартысын құрайтын әйелдер, қызметтің барлық салаларында ерлермен теңдей орын алу туралы құқықтарын батыл мәлімдеп келуде.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 152 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 152 бет
Таңдаулыға:
ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЕҢБЕГІН ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1.Тарау. Еңбек аясында әйелдердің әлеуметтік-құқықтық мәртебесі.
0.1. Әйелдер еңбегінің әлеуметтік-құқықтық дамуы.
0.2. Әйел - еңбек нарығындағы құқықтық қорғаудың ерекше субъектісі.
2.Тарау. Әйелдер еңбегін қорғаудың құқықтық жағдайы.
2.1. Еңбек және жұмыстылық саласында әйелдерді дискриминациялауға тыйым салу жолдары.
2.2. Әйелдер еңбегін қорғауды реттейтін, еңбек құқығы нормаларының бірлігі мен дифференциациясы.
2.3. Еңбек жағдайлары бойынша әйелдердің еңбегін ерекше қорғау.
3. Тарау. Еңбек және еңбекпен тікелей байланысты қатынастарда әйелдердің еңбегін құқықтық реттеу.
0.1. Ана болумен байланысты әйелдер еңбегін құқықтық реттеу және оны қамтамасыз етудің кепілдіктері.
0.2. Әйелдер еңбегін құқықтық қорғауды жүзеге асыру.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл диссертациялық зерттеу әйелдердің еңбегін құқықтық қорғауды реттеуде туындайтын жан-жақты мәселелерді шешуге арналған. Еңбек аясындағы әйелдердің әлеуметтік-құқықтық мәртебесі, әйелдер еңбегін қорғаудың қазіргі нарықтық қарым-қатынастардағы құқықтық жағдайы, еңбекпен тікелей байланысты қатынастарда әйелдердің еңбегін құқықтық реттеу қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамдық еңбектің бір бөлігі ретінде, әйелдердің еңбегі өзіндік ерекшелігі және маңыздылығы бар жүйені құрайды. Әйелдердің еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары өзіндік құрылымы мен мазмұны, тұрақты даму бағыттары және құқықтық реттелуі бар қатынастар болып табылады, сондықтан оларды ерекше әлеуметтік-құқықтық санат ретінде қарастыруға болады.Сонымен қатар, әйелдердің еңбегі ғасырлар бойы қоғамда орын алып, бірақ аяғына дейін шешілмеген әйелдер мәселесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл тақырыптың ғылыми қызығушылығы - әйелдердің қоғамдағы шынайы жағдайын сипаттайтын байланыстар мен қатынастарынан туындайды.
Диссертациялық зерттеудің өзектілігі соңғы жылдардағы әйелдердің құқықтық жағдайының күрт өзгеруімен тығыз байланысты. Бұл мәселенің маңыздылығы - қазіргі уақытқа дейін сақталып келген әйелдердің әлеуметтік теңсіздігі мен оны жою жолдары ғана емес, сонымен қатар, қоғамда болып жатқан алуан түрлі өзгерістермен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасында әйелдер өткен кезеңдермен салыстырғанда өздерінің қабілеттіліктерін іске асыруға және дамытуға бағытталған көптеген құқықтар мен бостандықтарды иеленді. Ғасырлар бойы қарым-қатынастардың субъектісі ретінде мойындалмаған, адамзаттың екінші жартысын құрайтын әйелдер, қызметтің барлық салаларында ерлермен теңдей орын алу туралы құқықтарын батыл мәлімдеп келуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 20 қарашадағы №1677 Жарлығымен 2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді. Стратегия мемлекеттің гендерлік саясатын жүзеге асыруға бағытталған маңызды құжат, оны іске асырудың, мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан мониторинг жасаудың құралы, демократияны дамытудың маңызды факторы болып табылады [1; 89 б.].
Астанада өткен 2009 жылы 5 наурызда Қазақтан әйелдерінің V форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда әйел азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуына және мемлекетті бақару істеріне қатысуына барлық жағдай жасалғанын атап көрсетті. Үкімет 2000 жылдан бастап кәсіпкер әйелдерді қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асырып келеді. Ондаған мың әйелдер жеңілдетілген несиелер алып, өздерінің бизнестерін ашты. Алты жылдың ішінде Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры қаржысының 2 млрд. теңгесі игерілді. 2008 жылы әйелдер басқаратын 61 шаруа қожалықтары ауылдық несиелік серіктестіктер желісі бойынша несиелер алды. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры әйелдерге сомасы 3 млрд. теңгеге жуық 10 мыңдай несие берді,- деді Н.Ә. Назарбаев [2]. Президент, сонымен қатар, Қазақстанда әйелдерге ерлермен бірге мемлекетті бақару істеріне қатысуға мүмкіндік беретін барлық жағдай жасалғанын айтып, әйелдердің саяси көшбасшылығын күшейту жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізілгенін жеткізді.
Қазіргі уақытта еңбек заңнамасының маңызды деңгейі жұмысқа отбасы міндеттері жүктелмеген қызметкерді алуға бағытталған. Қызмет бабы бойынша көтерілу, жоғары қарқынмен немесе қалыпты жұмыс уақытынан тыс жұмыс істеу қажеттілігімен байланысты болып келеді. Өз кезегінде кәсіби мансапқа барынша маңызды болып келетін уақыт бөлігі, отбасында жас балалардың және жиналып қалған үй жұмыстарының пайда болуына сәйкес келеді. Осындай жағдайларда бұл міндеттер бірінші кезекте жүктелетін әйелдер, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін және кәсиби дағдыларын жоғалтады.
Әрбір азамат өзінің әлеуметтік-еңбектік құқықтарын толық көлемде іске асыру үшін, қызметкерлердің (ерлер мен әйелдер) негізгі ауқымы, балалары мен отбасы үшін қоғам алдында және бірінің-бірі алдында жауапты отбасы міндеттері бар қызметкерлер екеніне бағытталған жаңа жолдарды қалыптастыру қажет [3].
Соңғы уақытта көптеген қоғамдық және саяси маңғаздардың көзқарасын білдіріп, мәні бойынша объективті болып табылатын аталмыш тұжырым, еңбек қатынастарын реттеудің нарықтық механизмдерінің қалыптасуы азаматтардың қоғамдық өндіріске қатысу мәселесін күшейтіп, өз кезегінде, біріншіден, әйелдерге кесірін тигізеді. Әйелдер, жұмыстылық және еңбек қатынастары аясында анағұрлым осал және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі барынша төмен, әлеуметтік-демографиялық санат болып табылады. Сонымен қатар, әйелдерді ерлермен теңсіздік жағдайына қоятын, заңмен бекітілген бірқатар еңбек жеңілдіктері, еңбек жұмыстылығы аясында оларға қатысты көлеңкі дискриминацияның пайда болуына алып келеді.
Қазіргі уақыттағы еңбек аясындағы әйелдердің жағдайын барынша қиындататын факторларға, автордың ойынша, келесілер жатады: кәсіби қызметі мен отбасылық міндеттерін қоса атқару үшін жағдайлардың нашарлауы; әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның бұзылуы; біртіндеп бала туудың төмендеуіне алып келетін, аналық және еңбек функциясын үйлестірудегі қиындықтар; әйелдер еңбегін қорғау бойынша арнайы нормалардың бұзылуы т.б.
Аталмыш мәселені жетілдіруде түрлі салалар ғалымдарының қосқан үлестерінің маңыздылығын мойындай отырып, дегенмен еңбек аясында әйелдердің құқықтық жағдайы мен олардың еңбегін құқықтық қорғауды реттеумен байланысты барлық мәселелер кешенін қамтитын, арнайы зерттеудің осы уақытқа дейін болмағанын ескеруіміз қажет.
Мәселенің ғылыми жетілдіру жағдайы. Әйелдер еңбегін қорғаудың теориялық және тәжірибелік мәселелерін уақытында және жан-жақты зерттеу, нарықтық қатынастар жағдайында әйелдерге ерлермен теңқұқықта еңбек етуге және осы санаттағы қызметкерлердің еңбегін құқықтық реттеудің тиімді құралдарын табуға мүмкіндік туғызады. Әйелдер мәселесінің әлеуметтік негіздерінің жекелеген аспектілері философтардың, әлеуметтанушылардың, экономистердің және т.б. ғылыми жұмыстарында қозғалған. Еңбек қатынастары аясында әйелдердің құқықтық жағдайын және олардың еңбегін қорғауды құқықтық реттеу мәселелері заң ғылымдары дамуының түрлі кезеңдеріндегі мына заңгер-ғалымдардың жұмыстарында көрініс тапқан: Абрамова А.А., Бекходжаев С., Данилова Е.З., Ермакова Е.В., Кожахметова Э.Г., Коршунова Е.Н., Коготкова Е., Михайлюк В.Б., Николаева Л.А., Попова Н.В., Поленина С.В. Севастьянов Г., Татаринова Н.И., Томский И.Е., Толкунова В.Н., Шишкан Н.М., Штифанов В., Шептулина Н.Н., және т.б.
Қазіргі уақытта қазақстандық еңбек құқығының ғалымдары зерттеген әйелдердің еңбек құқығын қорғауға арналған арнайы монографиялық еңбектер жоқ. Бұл мәселеге қатысты жекелеген сауалдар көбінесе әлеуметтанушылар мен саясаттанушылардың еңбектерінен көрініс тапқан. Оларға: Шеденова Н.У. Социальные проблемы женского труда в условиях рыночных отношений. (Алматы, Ғылым, 1998); Дуненкулова Г.А. Права женщин в Республике Казахстан Саясат - 2000. - №1; Қисабекова А.И. Кеңес өкіметінің әйел теңдігіне байланысты қабылдаған деректері мен шешімдері ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. - 2003. - №4; Нургазинова Б.Я. Правовое регулирование труда женщин на предприятиях пищевой промышленности Право и государство. - 2003. - №4; Дуненкулова Г.А. Женщины на рынке труда и просто на рынке Актуальные проблемы международного права в свете Послания Президента Республике Казахстан Н.А. Назарбаева Новый Казахстан в новом мире: Материалы международной конференции. Алматы, 2007; Кельмагамбет А. Обеспечение равных возможностей женщин на рынке труда Труд в Казахстане. - 2008. - №11.
Бұл мәселені зерттеу саласындағы жұмыстардың басымы қоғам дамуының кеңестік кезеңіндегі идеологиясына, фактографиялық мәліметтеріне және куәліктеріне негізделген, соңғы кезде жарық көргендер қазіргі уақыттың дамуын толық қамтымайды. Дегенмен, көрсетілген авторлардың монографиялары және жекелеген мақалалары, бұрынғыдан жиналған тәжірибеге негізделіп, диссертацияда қаралған мәселені жетілдірудің қаңқасын құрап, бағыт беретіні сөзсіз. Сонымен қатар, кейде кездесіп тұратын зерттеушілер ұстанымдарының қағидалық қайшылықтары, қолданыстағы ғылыми-зерттеушілік материалдардың нарық жағдайларға сәйкес келе бермейтіндігі, аталмыш бағытта зерттеуді жалғастырудың негізі болып табылады.
Зерттеу жұмысының объектісі. Әйелдер еңбегінің әлеуметтік-құқықтық дамуында өзгеріп отыратын, еңбектік және еңбекпен тікелей байланысты қатынастарда әйелдер еңбегін қорғауды құқықтық реттеуде пайда болатын қоғамдық қатынастар кешені зерттеудің объектісі болып табылады.
Зерттеудің пәнін еңбек аясындағы әйелдердің әлеуметтік-құқықтық мәртебесі; әйелдер еңбегін қорғаудың құқықтық жағдайы; еңбек және еңбекпен тікелей байланысты қатынастарда әйелдердің еңбегін реттейтін еңбектік құқықтық нормалар құрайды.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасында әйелдер еңбегін қорғау және оны ұйымдастыру аясында әрекет ететін, өзарабайланысқан арнайы құқықтық нормаларды біріктіретін, әйелдер еңбегін қорғау үрдісінде пайда болатын, теориялық және тәжірибелік мәселелерге талдау жасау.
Осы мақсатқа жету үшін автордың алдына қойған міндеттері:
1. Ретроспективті талдау негізінде әйелдер еңбегін қолдану аясында еңбек қатынастарының әлеуметтік-құқықтық даму жолдарын зерттеу және талдау.
2. Әртүрлі тұлғалардың және қызметкерлер санаттарының құқықтық мына мәртебелеріне салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу: жалпыға бірдей азаматтың құқықтық мәртебесі, азаматтардың жекелеген топтарының арнайы құқықтық мәртебесі және нақты бір тұлғалардың жекелеген мәртебесі.
3. Әйелдер еңбегін қорғау аясында еңбек қатынастарын құқықтық реттеуде бірлік, дифференциация, дискриминация қағидаларының арақатынасын анықтау.
4. Өндірісте әйелдердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған, құқықтық, экономикалық, медициналық, техникалық және өзге де салалардың кешенді жүйесін құрайтын, әйелдер еңбегін қорғаудың жалпы мәселелеріне логикалық-құқықтық талдау жүргізу.Тек қана әйелдерге қатысты қолданылатын, арнайы құқықтық нормалардан тұратын, әйелдер еңбегін ерекше қорғаудың мазмұнын ашу.
5. Отбасы міндеттерімен байланысты еңбегі бойынша жеңілдіктер мен әйелдер еңбегін қорғаудың құқықтық әдістерімен байланысты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне талдау жасау және оның олқылықтарын түзету жолдарын негіздеп, көрсету.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Бұл зерттеу Қазақстан Республикасында әйелдер еңбегін қорғауды құқықтық реттеуге арналған бірінші монографиялық зерттеу. Мұнда әйелдер еңбегінің әлеуметтік-құқықтық жағдайы, еңбек жағдайына байланысты әйелдердің еңбегін ерекше қорғауды құқықтық реттеу мәселелері Қазақстан Республикасының алғаш Еңбек кодексіндегі нормативтік-құқықтық актілермен байланыстырылып, тәжірибе жүзіндегі қайшылықтар мен олқылықтарды көрсете отырып, кешенді түрде зерттелді. Оның нәтижесінде күшінде тұрған заңдар сарапталып, оларды жетілдіру туралы жаңа ұсыныстар жасалды. Нақтылап айтқанда зерттеудің жаңалықтарын қорғауға шығарылған ұсыныстардан көруге болады:
1. Еңбектік және еңбекпен байланысты қатынастарда қорғаудың ерекше субъектісі ретінде, тек қана тікелей жұмыс істейтін қызметкер әйел емес, сонымен қатар, нақтылы түрде жұмыс істемейтін, бірақ еңбектік-құқықтық қатынастарда және еңбек құқығы нормаларымен реттелетін басқа да қоғамдық қатынастарға түскен әйел де танылады.
2. Әйелдердің әлеуметтік-әріптестіктің өкілді органдарына қатысуы заң тұрғысынан ешқандай реттелмеген, үйткені қызметкерлердің өкілдері және олардың мүдделерін қорғаушыларының басым көпшілігі ер адамдар, ал кейбір жағдайларда тек қана ерлер, әйелдер жоқтың қасы. Сондықтан қызметкерлердің өкілді органдарының қатарында әйелдердің қатысуын кәсіподақтарға, жұмысберушілерге міндеттеу қажет. Ол үшін органдарда әйел қызметкерлердің минималды үлесін, нақты жұмыс берушіде жұмыс істейтін тұлғалардың жалпы санына қарамастан, әйелдерді осы органдардың құрамына енгізуді ұжымдық шарттарда қарастыруды заңды түрде бекіту керек.
3. Әйелдер еңбегін қорғауды құқықтық реттеуге қатысты қорғаушылық заңнамадан өзгеше қағидалық антидискриминациялық заңнамаға өту үшін ҚР ЕК-нің 25-бабын келесідей тармақшамен толықтыру қажет: жүктілігі және емізулі баласының бар болуымен байланысты негіздер бойынша, әйелдерді жұмысқа қабылдаудан бас тартуға немесе олардың еңбекақысын төмендетуге тыйым салынады.
4. Әйелдер еңбегін кеңінен қолданылатын және мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын мекемелер мен ұйымдарда әйелдер еңбегін қорғауды құқықтық реттеу ерекшеліктерін қарастыру. Осыған байланысты, әйелдер еңбегі кеңінен қолданылатын жұмыстар шеңберінің тізімін уәкілетті органның келісімімен ҚР Үкіметі белгілеуі тиіс.
5. Барлық кәсіпорындарда әйелдердің жыл сайынғы медициналық тексерілуіне, денсаулық жағдайына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығына немесе жеті жасқа дейінгі баласының ауыруына байланысты жұмысқа шықпай қалған күндеріне орташа күнтізбелік еңбек ақысы, 7 күннен аспайтын мерзімде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленуі тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын ұйымдарда, мекемелерде жұмыс істейтін үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 35 сағаттан аспауы тиіс.
6. Жүкті әйелдер және жас баласы бар әйелдермен еңбек шартын бұзу кезіндегі кепілдіктерді жетілдіруге байланысты ҚР ЕК-не өзгерістер енгізу. Осыған байланысты, ҚР ЕК-нің 185-бабының 1-тармағын келесідей ережеде қарастыру қажет: жүкті әйелдермен және үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналармен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасымен бұзуға, ҚР ЕК-нің 54-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.
7. Ана болумен байланысты әйелдер еңбегін құқықтық реттеуде ҚР ЕК-нің нормаларын жетілдіруге байланысты жаңа баптар жобасын ұсыну. ҚР ЕК-нің 191-бапты келесідей басылымда өзгерту:
Басқа жұмысқа ауысуға құқылы әйелдер
1. Бір жарым жасқа дейінгі баласы бар әйелді, бұрынғы жұмысын орындау бала күтуге байланысты мүмкін болмайтын жағдайда, жұмыс беруші оның жазбаша өтініші негізінде, бұрынғы жұмыс орны бойынша, орташа жалақысын сақтай отырып, бала 1,5 жасқа толғанға дейін басқа жеңіл жұмысқа ауыстыруға міндетті.
2. Жұмыс беруші жүкті әйелге оның жұмыс істеу режиміне байланысты, өнім шығару нормаларын немесе қызмет көрсету нормаларын, не еңбек көлемін төмендетуге міндетті.
3. Медициналық қорытындыға сәйкес, жүкті әйелді жеңіл және жағымсыз өндірістік факторлардың әсері болмайтын басқа жұмысқа ауысу туралы мәселені шешкенге дейін, осының нәтижесінде бос өткізген күндері үшін, жұмыс берушінің қаражаты есебінен, бірақ, үш айдан аспайтын мерзімге, орташа жалақысы сақталына отырып, жұмыстан босатылуы тиіс.
Зерттеудің теоретикалық, нормативтік-құқықтық және тәжірибелік негізі. Зерттеудің теоретикалық негізін құқық, философия, экономика, әлеуметтану, физиология, психология салаларындағы отандық және шетел мамандарының еңбектері құрады. Құқық саласындағы келесідей ғалымдардың еңбектері осы зерттеу үшін маңызды қайнар көздер қызметін атқарды: Абайдельдинов Т.М., Ажинурина Д.А., Алдашев С.М., Бухарбаева С.А., Витрук Н.В., Гилева Н.В., Лившиц Р.З., Лушникова М.В., Лушников А.М., Маврин С.П., Межибовская И.В., Нурмагамбетов А.М., Нургалиева Е.Н., Нуртдинова А.Ф., Орловский Ю.П., Смирнова О.Г., Сыроватская Л.А., Хамзин А.Ш., Хамзина Ж.А., Хамзина Л.А., Хохлов Е.Б., Шайбеков К.А. және т.б.
Зерттеу жұмысының нормативтік-құқықтық негізін адам құқықтары бойынша халықаралық құжаттар, әйелдер және олардың еңбек қызметіне қатысты БҰҰ мен ХЕҰ-ның Конвенциялары қолданылды. Әйелдердің еңбегі аясындағы істердің құқықтық жағдайы және оның нормативтік құқықтық реттелуіне қатысты жекелеген сауалдарды зерттеу, ресми құжаттарда көрсетілген түрлі бөлімдер, тараулар және параграфтарды салыстыру және талдау деңгейінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және еңбектік-құқықтық қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің негізінде жүргізілді.
Зертеудің тәжірибелік негізін мерзімді басылымдарда жарияланған, әйелдердің еңбегіне қатысты жүргізілген тексерулердің статистикалық көрсеткіштері, кәсіпорындар, кәсіподақтар және сот тәжірибесі құрады.
Диссертациялық зерттеудің методологиялық негізін танымның жалпығылыми әдістері құрады: диалектикалық, тарихи, логикалық-теоретикалық, жүйелі-құрылымдық, сонымен қатар, арнайы әдістер: формальды-құқықтық, тарихи-құқықтық, салыстырмалы құқықтық.
Зерттеудің теоретикалық құндылығы. Зерттеуден алынған нәтижелер арқасында әйелдер еңбегін қорғауды құқықтық реттеудің мәні мен сипаты туралы ұғым терең және кең мағынада қарастырылды. Диссертацияның теоретикалық тұжырымдары еңбек құқығы ғылымының одан әрі дамуына ықпал етіп, әйелдер еңбегін құқықтық қорғау туралы заңнамаларын жетілдіруде қолданылуы мүмкін.
Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңыздылығы. Диссертациялық зерттеуде қамтылған фактографиялық материалдар және статистикалық көрсеткіштер, сонымен қатар, қорытынды ұсыныстар зерттеу тақырыбы бойынша келесі жұмыстарда қолданылуы мүмкін:
a. диссертацияның мазмұны оқу мақсаттарында: аталмыш тақырыптың бағдармалық дәріс курсының бір бөлігі (Еңбек құқығы, Еңбек заңнамасы және т.б.), Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының заң факультеттерінде арнайы курс ретінде қолданылуы мүмкін;
b. әйелдер еңбегіне, оны нормалау мен реттеуге және осы салада мәселерді шешуге қатысы бар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға, әйелдер қозғалысының өкілдеріне, кәсіподақ қызметкерлеріне, сонымен қатар, тақырыптық және пікірталастық шараларды ұйымдастырушыларға және өзге де маңғаздар үшін қызығушылық тудыруы мүмкін;
c. еңбек туралы заңнаманы жаңарту бойынша құқықшығармашылық органдар үшін пайдалы болуы мүмкін.
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы және жариялануы. Диссертациялық жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасында орындалды. Негізгі қағидалары, оның ішінде теоретикалық тұжырымдар мен еңбек заңнамасын жетілдіруге арналған ұсыныстар, аталған кафедра отырысында талқыланып, жүзеге асырылды және ізденуші қатысқан мына республикалық және халықаралық конференцияларда баяндалды:
1. Еңбек аясында әйелдердің құқықтық жағдайы 2006 жылы 7 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған Қазақстандық қоғамды демократияландырудың теориялық және тәжірибелік сұрақтары атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жинағы. Алматы, КазГЗУ, 2007;
2. Әйелдер еңбегін қорғаудың құқықтық аспектілері 2008 жылы 14 мамырда өткізілген Правовое государство: от идеи до ее материализации атты ғылыми-тәжірибелік конференцияның жинағы. Алматы, КазАТиСО, 2008;
3. Ана болумен және отбасындағы міндеттерді орындаумен байланысты әйелдерге берілетін кепілдіктер Материалы республиканского круглого стола Современное состояние и перспективы развития трудовых правоотношений в Республике Казахстан. Алматы, Вестник КазНУ, 2008. - №3 (47);
4. Әйел - еңбек нарығындағы құқықтық қорғаудың ерекше субектісі ретінде Материалы международной научно-практической конференции Актуальные проблемы применения и совершенствования аграрного, экологиеского и природоресурсного законодательства в условиях глобализации (Байсаловские чтения). Алматы, Вестник КазНУ, 2009. - №1 (49);
5. Еңбек жағдайлары бойынша әйелдердің еңбегін ерекше қорғаудың мәні Материалы международной научно-практической конференции Актуальные проблемы обеспечения прав личности в сфере уголовного процесса в свете реализации положений Концепции правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года. Алматы, 2010;
6. Әйелдер еңбегін қорғаудың құқықтық құралдары Ғ.С. Сапарғалиевтің 80-жылдығына арналған Қазақстандағы конституциализмнің даму мәселелері атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Алматы, 2010.
Диссертациялық зерттеудің құрылымы мен көлемі. Зерттеудің көлемі мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес келеді. Зерттеу жұмысы оның тақырыбына, сипатына, зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне негізделген. Диссертация кіріспе, үш тараудан, жеті бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі диссертация мен авторефератты жазудағы талаптардан тұратын нұсқауларға сай келеді.
1.Тарау. Еңбек аясында әйелдердің әлеуметтік - құқықтық мәртебесі.
6.1. Әйелдер еңбегінің әлеуметтік - құқықтық дамуы.
Өмірде кездесетін әлеуметтік және әлеуметтік-құқықтық проблемалардың ішінде әйелдер мәселесі ерекше мәнге ие, бұл мәселеге қызығушылық ІХ - ғасырдың бірінші жартысынан артып, қазіргі уақытта өзектіліктің жоғарғы деңгейіне жетті. Әйелдер мәселесіне беделді назар аударудың негізгі түрткі себебі, олардың қоғамдағы теңсіздігі болып табылады. Бұл қазіргі таңда шешілуін кідіртпейтін проблемалардың бірі.
Әйелдердің еңбегін зерттеудің объектісі ретінде көрсетіп, пәндік қарастыру кезінде оны жалпы еңбек ұғымына кіретін түсінік екенін ескеруіміз қажет. Қазіргі ғылыми және энциклопедиялық әдебиеттерде бұл ұғымның көптеген түсіндірмесі қалыптасқан, соларды біріктіру және талдау нәтижесінде еңбектін анықтамасы ретінде келесідей ұғымды негізге алдық: еңбек - физикалық немесе ақылдық күш салумен ілесетін, қандай да бір нәтижеге жету үшін бағытталған адам қызметінің көрінісі ретіндегі адам тұрмысының объективті қажеттілігі және табиғи формасы.
Теориялық көзқарас бойынша, әйелдердің еңбегі өзіне тән табиғаты, өзіндік ерекшеліктері және тарихи контексте даму тенденциясы мен анықталған траекториясы бар еңбектің бір түрі.
Әйелдер мен ерлердің еңбек үрдісін талдау барысында сырт жағынан олар бірдей болатыны анықталған. Ғалымдардың пікірлері бойынша, әйелдердің еңбегі ерлердің еңбегінен тек қана физикалық және физиологиялық қатынасы бойынша ажыратылады [1; 39 б; 2; 21 б.]. Яғни, әйелдердің еңбегі ретінде олардың өздерінің физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, шамасы келетін кез келген қоғамға қажетті еңбек танылады.
Әлеуметтік-құқықтық дамуы жағынан әйелдер еңбегі көптеген өзгеріске ұшыраған, бірақ өкінішке орай өзінің басты айырмашылығын - теңсіздікті сақтап қалды.
Бұдан шығатын қорытынды - әйелдер құқығының теңсіздігі тарихи категория. Әйелдердің теңсіздігі олардың ерлерге қарағанда саяси, экономикалық, еңбек және неке - отбасы қатынастарында құқықтарының шектелуі немесе мүлдем болмауын білдіреді [4; 10 б].
Әйелдердің еңбегі санатының мазмұны, нақты бір қоғамдық қатынастын субъектісі мен объектісі ретінде, жұмыс істеуші әйелдің әлеуметтік мәртебесімен анықталады.
Алғашқы қауымдық қоғам сипаты жағынан тең бірқалыпты қоғамдық қатынастардан тұрды және бұл кезеңде еңбек қоғамдық маңызды сипатта болды, жыныстық белгілері бойынша еңбек бөлінісі әр түрлі жынысты адамдар арасында ешқандай экономикалық және әлеуметтік теңсіздіктің пайда болуына алып келген жоқ.
Әйелдердің еңбегіне қатысты ақпараттар ежелгі қайнар көздерде мүлдем жоқ десек те болады. Дегенмен, осы шамалы ақпараттан әйелдердің еңбегі және олардың түрлері туралы қөзқарас қалыптастырып, олардың әлеуметтік-құқықтық жағдайы және еңбегін анықтауға болады. Сонымен бізге жеткен тарихи қайнар көздерге құлиеленушілік құрылыс кезеңінде:
* әйелдер мен ерлер еңбегінің бөлінуі;
* қоғамдағы құңдылықтар жүйесінде әйелдер еңбегі ерлермен салыстырғанда теңсіз болған;
* кәсіби шеңбері орындалуы бойынша ауыр және шектеулі болған;
* әйелдердің құқықтарын қоғайтын сот шешімдері сирек кездесеттін.
Барлық антикалық мемлекеттерге тән нәрсе, әлеуметтік сатының ең төменгі деңгейінде тұрып, әйелдер ерлермен бірдей ауыр жұмыстарды атқарған, бірақ сонда да ерлер жоғарыда тұрып қоғамды билеген.
Жалпы әйелдердің еңбегіне қатысты келетін болсақ, ежелгі Римнің заң құжаттарында бұл тақырыпқа ешқандай көңіл бөлінбеген.Ұлы Цицерон бәріне танымал Рим құқығы туралы: барлық азаматтық қатынастардан, оның барлық құрамдас бөліктерінен, барлық пайдалы нәрсе үшін, сонымен қатар басқа халықтардың заңдарынан жоғары тұратын ғылым - деп жазған. Шын мәнінде де Рим құқығы өмірдің барлық жақтарын реттеген: қоғамдық, аграрлық, мұралық және басқа да қатынастар, рим азаматтарының құқықтырының жиынтығынан тұрған, соттар мен судьялардың қызметін және жауаптылық жүйесін анықтаған, қоғамдағы моральдық-этикалық нормаларды бекіткен, бірақ та еңбек қатынастарын, не еңбек құқықтарын, не жалпы еңбекті қорғауды реттемеген. Әрине, жұмысшы - әйел туралы онда ештене айтылмаған [11, 210-247 б.б.].
Ерте феодализм дәуірі бұрынғы кезеннің мұрасы ретінде келесі ерекшеліктерден тұрды:
* Еңбектің моралдық және қоғамдық құндылығы болмаған - еңбек арқылы қоғамда ешқандай құрметке және жоғары беделге жетуге болмайтын, себебі оның бәрі иерархиялық әлеуметтік саты арқылы қалыптасқан сословие бойынша бөлінетін. Сол кезеңнің ерекшелігі ретінде ертефеодалдық жүйенің бәрі физикалық еңбекке, саудамен айналысатындарға және жалпы еңбегі үшін ақы алатындарға жек көрушілікпен қарайтын болған [5; 25 б.]. Мұндай пікір қоғамдағы билік етуші ақсүйектерде қалыптасқан болтын.
* Еңбек ерлердікі және әйелдердікі деп бөлінген.
* Әйелдердің құқықтық жағдайында және олардың еңбегіне қатысты теңсіздік сол бетінше қала берді. Оның көрінісін келісіден байқауға болады: еңбек аясын (мамандықтын түрін) таңдауға, еңбек ақыны (ол көбінесе тамақ түрінде болған) және жұмыс уақытын белгілейтін феодалдардың еркінен қорғалуға мүмкіндігі болмаған.
Әйелдер және олардың еңбегіне қатысты бірқатар кемшіліктерге қарамастан, ерте феодалдық дәуір бұрынғы кезеңмен салыстырғанда дамушы кезең ретінде қарастырылған. Қоғамдық және экономикалық қатынастар аясындағы сондай-ақ, еңбек аясындағы өзгерістер: жұмыс түрлерінің қарқынды өсуі, өңдірістің кеңеюуі және ерлердің жұмыс күшінің жетіспеуі әйелдердің жағдайын біршама жақсартуға алып келді. Бұл уақыттың ерекшелігі, қоғам өңдірісінде ерлер жұмыс күшінің жетіспеуі болды. Оның себебі ұзақ уақыт бойы жүргізілген соғыстар және соның нәтижесінде ерлер санының азаюуы. Ал жағымды әлеуметтік жаңалықтарға келесілерді жатқызуға болады:
* Бұл кезенің ерекшелігі ретінде еңбек бұл дәуірде тек отбасы ішіндегі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған. Шаруалар жеке шаруашылығын жүргізіп, қоғамда ешқандай мәртебеге жетпесе де, өзінің материалдық мұқтаждықтарын қамтамасыз ететін. Ал, әйел - жұмысшылар шаруа отбасының құрамына кіретін болғандықтан, олардың еңбек жағдайы осылайша дамыды.
* Қалыптасып қалған ерлер мен әйелдер еңбегінің бөлінуі, қалаларда кәсіп түрлерінің қарқынды өсуі әйелдер арасында кейбір кәсіп түрлерінің пайда болуына себеп болды. Ол өз кезегінде әйелдердің кәсіптік монополияларының пайда болуына және дамуына алып келді. Әйелдердің кәсіп түрлеріне жібек пен алтынды өңдеу жатқызылған, олар сол дәуірдегі ең бағалы және құнды материалдар болып табылды. Әйелдер еңбегінің маңыздылығы мен сенімділігі олардың сол саладағы маман ретінде өнімдердің сапасын бағалайтын болды. Сонымен қатар, тек қана әйелдер айналысатын кәсіп түрлерінің тізімі бөлініп көрсетілген.
* Мамандықтар түрлерінің шеңбері кенейіп, олармен айналысу мүмкіндігі ерлер мен әйелдер үшін теңдей болды. Мұндай жағдайдың қалыптасуына объективті қажеттілік әсер етті, себебі ерлердің көпшілігі соғыс майданында қайтыс болған соң, әйелдердің саны ерлерге қарағанда арта түскен.
* Ерте федализм дәуірінің тағы бір қалыпты ерекшелігі, әйелдердің білім алуға және өндірісте өсуіне мүмкіндігі жоғарлай түсті.
* Еңбек аясында ерлер мен әйелдердің еркін бәсекелеске түсу мүмкіндігі қалыптасты.
* Әйелдерді және олардын еңбегін құқықтық қамтамасыз етуде теңсіздік және барынша құқықтық тыйымдар сақталып келді. Еңбек аясында әйелдердің еңбек құралына меншік құқығы болмаған.
Дамыған федализм дәуірі әйелдердің еңбек аясына өзінің толықтыруларын енгізіп, осы саладағы барлық жағымды жетістіктерді кейін қайтарғандай болды.
Қайтаөрлеу дәуірі кезеңінде әйелдерге және оның еңбегіне қатысты қоғамда және еңбек саласында анықтаушы және ғасырлар бойы үстем болушы жаңа тенденциялар пайда болды. Бірте - бірте әйелдердің жағдайы нашарлай түсті.
Оны мынадан көруге болады:
* Әйелдердің еңбегі жеке кәсіби корпорациялардан ығыстырылып шығарылды. Мысалға, Страсбургте жүн маталармен айналысатын ер - тоқымашылар әйелдердің осы қызметке араласуына қарсы тұрған.
1324 жылы осының нәтижесінде тоқыма кәсібімен айналысатын, тіпті түссіз маталарды тоқитын әйелдер корпорацияға сол үшін жарна төлеуі тиіс болды [5; 26 б.].
* Әйелдерді бұрын айналысуы еркін болатын кәсіп түрлерінен шеттетіп жіберді.
* Оларды құнды шикі затпен айналысудың барлық мүмкіндіктерінен айырды.
* Әйелдердің еңбегі ерлердің бақылауына көшті.
Ең бастысы әйелдердің еңбегі үшін жалақы мөлшері төмендей түсті. Осындай жағдайда әйелдер жаңа Қайтаөрлеу дәуіріне ауысты. Адамзат тарихының бұл кезеңі философия негізінің, қоғам өмірінің көптеген жаңалықтарымен танымал.
Әлеуметтік-құқықтық қөзқарас бойынша, бұл кезеңге келесідей ерекшеліктер тән:
* Теңсіздіктің айқын көрінісі. Мысалға, әйел тоқымашы лауазымына ие бола алмайтын, ол тек қана оның көмекшісі ретінде ғана жұмыс істей алатын.
* Ерекше спецификаны қолдану (әйелдердің еңбегі тек қана ауыр, қара немесе бір қалыпты жұмыстарда қолданылған).
* Қожайындарына тәуелді болу (белгілі бір уақытқы алынған жұмысты бітірген соң, әйелдер арнайы куәлікті алмай өндіріс орнын қалдыра алмайтын болған).
* Заңсыздық (әйелдер еңбек жағдайының жақсартылуын, не жұмыстын қалыпты ұзақтығын, не лайықты жалақы алуды талап ете алмайтын).
Жоғарыда аталған көрсеткіштерге сәйкес, әйелдердің және олардың еңбектерінің айқын қаналуы көрініп тұр. Жағымды өзгерістерге ешқандай негіздемелер де болмаған, әйел адам қараңғы, білімсіз олар өздерінің еңбек құқықтары үшін күресе алмайтын. Сол кездегі қалыптасып қалған пікір бойыша өндіруші, сәйкесінше жоғары бағаланушы еңбек қоғамдық қызметпен теңдей болып, тек қана ерлердің үлесі болған, ал әйелдер соның көлеңкісінде жүріп күйеуінің жағдайын жасап, балаларын бағып отырған [5; 142 б.].
Онтоғызыншы ғасыр - капитал және еңбек ғасыры, әйелдер еңбегінің кезекті сынақ мерзімі. Ғасырдың басында және оның бірінші жартысында өндіріс саласында капитилистік қатынастардың қалыптасуымен сипатталады, бұл кезең әйелдерді және олардың еңбегін қатаң қанау, теңсіздік және құқықтық қорғаусыздық түрінде көрініс тапты. Бастапқы рольді мемлекеттердің бәріне тән, кең ауқымды тұрмыс өңдірісінің құлауы орын алды.
Капиталистік қанау капиталистік қатынастарға тән мамандықтар мен салалардың ерлердің және әйелдердің ерекшеліктерімен сипатталған.
Әртүрлі жынысты адамдардың экономикалық еңбектің түрлері олардың қоғамдық өндірістегі орны және қоғамдағы жағдайындағы теңдігін толық қамтамасыз етпейді. Жұмысшылардың білікті топтары В.Я. Ельмеев және Б.Р. Рященконың пікірі бойынша, өзара білім деңгейі және материалдық қамтамасыз етілуі, қоғамдық жұмыстарға қатысу сипаты, мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейімен және ерекше мүдделерімен ажыратылады. Материалдық өндірістін аясында жоғары мамандандырылған қызметкерлердің қатарында ер адамдар жиі кездескен, ал төмен мамандандырылған қызметкерлердің қатарында көбінесе әйелдер болған [15; 33 б.].
Жаңа дүниежүзілік өркенниеттің сапалы белгілерінің қатарына: адам мен демократияның артықшылығы, ҒТР және экологиялық таза технологиялар, ақпараттық сервис және еңбектің жаңа мәдениеті, дүниежүзілік шаруашылықтын қалыптасуы және халықтардың кеңінен өзара араласуы. Осы жолда еңбекті өзгерту заңын іске асыруға және ерлер мен әйелдердің еңбегі арасындағы әлеуметтік айырмашылықтарды бірте - бірте жоюуына және соның негізінде әйелдердің жағдайын шешуге мүмкіндіктер ашылды.
Қазіргі таңда да көптеген мемлекеттерде әйелдердің еңбек құқықтарын қорғау және қоғамда өзіне лайықты орнын табу өзекті проблемалардың қатарына жатады. Әйелдер ассоциацияларының пайда болуы мен ұйымдасуына Сен - Симон мен Фурье (1830ж.) басқарған демократиялық қозғалысы үлкен әсерін тигізді. Бұл ассоциациялардың мақсаты өзінің мүшелеріне (әйелдерге) қоғаммен және мемлекетпен ресми түрде мойындалатын нақты анықталған мәртебені жаулап алу. Олар әйелдерге еңбекке және оны қорғауға құқықты қамтамасыз етуге көмектесті [16; 7-14 б.б.]
Әйелдердің күресі екі сипатта жүргізілді: біріншісі, демократиялық және екіншісі, құқық қорғаушы. Демократиялық - әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлеріне қарсы, құқық қорғаушы - әйелдердің құқықтарын кемсітетін әрекет етуші заңдарға қарсы. Күрес екі бағыттан тұрды: біріншісі - білім алуға құқық үшін күрес, әсіресе арнайы кәсіби білім; екіншісі - еңбекке құқық, яғни еңбек жағдайын жақсарту, жұмысқа тұру мүмкіндіктерін кеңейту, сонымен қатар еңбегі үшін ерлермен тең мөлшерде жалақы алу. Бірінші бағыты объективті қажеттіліктен пайда болды, себебі әйелдердің арасында тараған білімсіздік оларға еңбек етуге, ең бастысы кәсіби мамандықпен айналысу мүмкіндігін шеттейтін болған. Бұл олардың қоғамдық еңбекке араласу мүмкіндігінен айырған.
ХХ ғасырдың басы ондаған миллион әйелдер өндірістің әр түрлерінде жұмыс жасауымен, ал еңбекші әйелдердің құқықтық жағдайлары әлі де болса толық шешілмеуімен сипатталады. Әйелдер еңбегінің дамуына екі дүниежүзілік соғыстар, әлемді екі жүйеге бөлген әлемдік экономикалық кризис және әлеуметтік революциялар үлкен әсерін тигізді. Сондай - ақ бұл кезеңдер қоғамдық өндірістегі әйелдердің әлеуметтік - құқықтық жағдайына да өзінің ізін қалдырды.
Сонымен, бірінші дүниежүзілік соғыс және соғыс уақытындағы жағдайлар әйелдердің еңбек аясында жағымды рольдің орнын атқарды. Бірішіден, бұл әйелдер еңбегінің әлеуметтік маңыздылығының өсуінен көрініс тапты. Оның себептеріне: өнеркәсіп аясына әйелдердің еркін және кеңауқымда араласуы, әйелдер айналысатын мамандықтар шеңберінің кеңеюуі, бұл байланыста олардың әлеуметтік тәуелсіздігі, сонымен қатар, қоғамдық өндіріс орындарында әйелдер жұмыс күшінің ұлғаюуы. Мұндай өзгерістер соғыс уақытының ерекшеліктеріне байланысты болған, яғни өндірістегі бұрынғы ерлердің жұмыс орындарының босауы, соғыстық әйелдер мамандықтар шеңберінің кеңеюуі, әйелдерді жалпылама мобилизациялау және оларды қоғамдық өндіріске тарту т.с. с. әсер етті.
Ал, соғыстан кейінгі кезең басқаша сипатқа ие - бұл кезең өнеркәсіп өндірісімен сипатталады, әйелдердің жұмыс күші бұрынғы қалпына түсті. Оған негіз болған: кейбір өндіріс түрлерінің қысқартылуы (соғыс жағдайларымен салыстырғанда), өздерінің жұмыс орындарына ерлердің қайтып келуі, әйелдердің өздерінің шынайы биімділігіне оралуына қайтып келу туралы пікірдің қалыптасуы және әйелдердің қоғам пікірімен келісіп өнеркәсіп орындарынан кетуі.
Әйелдер еңбек аясының мәнді және прогресивті белгісі, олардың бір қызмет түрінен екіншісіне ауысуы, нәтижесінде әйелдер кадрларын түбірімен қайта бөліну үрдісіне және әйелдердің арқасында қызмет көрсету аясын толықтыру. Бұл жерде әйел - қызметкерлер және ақыл - ой еңбегі өкілдер санының қарқынды өсуі, әйелдердің басынан өткен эволюциясының жарқын көрінісі екенің ескеруіміз қажет. Әйелдердің білім деңгейлері жоғары болған сайын олар өнеркәсіп орындарынан кетіп, конторлық жұмысқа ауысқан... [5; 77 б.]
Әйелдердің еңбек аясында жиналып қалған бірқатар проблемалық мәселелер Халықаралық Еңбек Ұйымын құруға бастама болды [17; 2 б.]. Оның мақсатына: әйелдердің еңбегі үшін теңдей еңбек ақы алуды қамтамасыз ету, кәсіби білім алуда теңдей кепілдіктер беру, еңбекті және аналарды қорғау, әйелдердің өмірлік деңгейін көтеру және т.б.
Енді әйелдер еңбегін толықтыру, ұйымдастыру және реттеуге қатысты нақты ұсыныстар мен белсенді зерттеулер жүргізіліп, оның нәтижесі әйелдердің еңбек аясындағы орнын және оның еңбекке қатынасын анықтайтын екі түрлі тәсілде көрініс тапты:
Бірінші тәсіл бойынша, әйелді өндірісте ерекше қамқорлықты және қорғауды қажет ететін ерекше жан ретінде сипаттайды. Мұнда әйел ағзасының ерекшелігін (ерлермен салыстырған әйелдердің физикалық әлсіздігі) ескеріліп, аналарды қорғаудың негізгі бағыттары қарастырылған.
Ал екіншісі керісінше, еңбек аясында кемсіту және теңсіздіктің барлық элементтерін жою мақсатында әйедер мен ерлердің арасындағы ешқандай айырмашылыққа жол берілмеді.
Бірінші және екінші концепцияның негізгі қағидаларын біріктіру әрекеті Халықаралық еңбек бюросымен іске асырылды, оның қызметін, әйелдер еңбегін халықаралық масштабта қамтамасыз етудің алғашқы қадамдарына жатқызуға болады. Аталған құрылым ХЕҰ - ның сессияларында қабыданған, арнайы конвенциялардың өңдеушісі болып табылды. Олардың алғашқысы өнеркәсіп мекемелерінде түнгі уақыттағы еңбегіне тыйым салуға, ал екіншісі аналарды қорғауға арналған. Көптеген мемлекеттер осы конвенцияны ратификациялап, онда бекітілген қағидаларды қолдады.
Әйелдер еңбегінің дамуы туралы толық көрініс алу үшін қазіргі кезеңдегі әйелдер еңбегін талдау және оны нормативтік-құқықтық реттелуін салыстыруымыз қажет.
Қазіргі таңда әйелдердің еңбек аясында, экономикадағы өзгерістердің көрінісі болып табылатын, маңызды проблемалар пайда болған. Олардың қатарына мекемелерді жекешелендіру, жеке меншіктің, жаңа әлеуметтік топтың кәсіпкерлердің пайда болуы әйелдердің жұмысқа алу және жұмыстан шығаруда, мерзімнен тыс және түнгі жұмыстарға, сонымен қатар, олардың еңбегін қолдануға тыйым салынған жұмыстарда еңбек құқықтарының бұзылуына алып келді.
Қазіргі кездегі еңбек аясындағы әйелдердің жағдайын нашарлататын факторлардың қатарына: отбасы және кәсіби міндеттерін біріктіру мүмкіндігінің нашарлауы; әлеуметтік-тұрмыстық инфраструктурасының бұзылуы; әйелдерге тән міндеттер ретінде отбасы міндеттерін жоғары бағалауы т.б. жатады [28; 13-14б.б.].
Бұл проблемалар әлемнің көпшілік мемлекеттеріне тән, сол сияқты олардың қатарына Қазақстан да кіреді. Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасында көптеген әйелдер зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеуде.
Әйелдердің еңбек құқықтарының сақталуы осындай жағдайда қала берсе, бұл бала туудың азаюуына алып келеді, себебі әйелдердің өзінің табиғи функциясын орындау, ана болу мен еңбек міндеттерін бірдей атқару мүмкіндігі барған сайын қиындыққа соқтырады. Әйелдердің еңбектік үлесі тек қана олардың қоғам өндірісіне қатысуы емес, сонымен қатар отбасы - тұрмыстық және тәрбиелік функцияларынан тұрады.
Бұл мәселелерді шешу осы бағыттағы мемлекеттің жоспарлы және мақсатты саясаты арқылы қол жеткізуге болады, яғни әйелдер үшін саяси, құқықтық және экономикалық кепілдіктердің пайда болуы, әйелдер мен ерлердің әлеуметтік жағдайын теңдестіру болып табылады.
Әйелдердің құқықтық жағдайын ғасырлар бойы шешілмеген сұрақтардың біріне жатқызуға болады. Бүгінгі таңда әлемдік бірлестік, бірқатар беделді халықаралық ұйымдар, біріккен топтар және көптеген мемлекеттік басқару аппараттары сонымен қатар, зерттеушілер (социологтар, психологтар, политологтар және экологтар), теоретик-құқықтанушылар және тәжирибелі-заңгерлер бірауыздан әйелдердің құқықтық жағдайы қазіргі заманда адамзаттың ғаламдық проблемасына айналды деген пікірге келген.
Еңбек аясында әйелдердің құқықтық жағдайына қатысты сөз қозғағанда, алдымен әйелдердің қоғамдағы фактілі жағдайын анықтап алуымыз қажет. Бұл өз кезегінде құқықтық мәртебе категориясы арқылы ашылады, себебі әйелдің құқықтық жүйедегі ролі мен орнын барынша толық сипаттайтын тұлғаның құқықтық мәртебесі болып табылады.
Құқықтық мәртебе - жасы, жынысы және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан әрбір жеке тұлғаның мүддесін көздейтін категория. Ол тұлға мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің, жеке адам мен оның ортасы арасындағы қарым-қатынастың көрінісі болып табылады. Құқықтық мәртебе қоғам өмірінің дамуымен тығыз байланысып, сонымен қатар әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардағы тарихи жағдайларға байланысты қалыптасады.
Құқықтық мәртебе, тұлғаның нақты бостандық шегін, құқықтары мен заңды мүдделерінің көлемін және басқа да құқықтық мүмкіндіктерін көрсетіп, қоғам әлеуметтік прогрессі мен өмірлік қызметінің түрлі салаларындағы жетістіктерінің өлшемі ретінде көрініс табады.
Ғылыми тұрғыдан құқықтық мәртебені жалпы және арнайы деп қарастыруға болады. Жалпы құқықтық мәртебеге барлық тұлғалар тиесілі құқықтар мен міндеттер және бостандықтар жатқызылса, ал арнайы мәртебеге нақты бір ғана тұлғаға қатысты арнайы құқықтар мен міндеттер жайлы айтылады.
Жалпы құқықтық мәртебенің белгілері тұрақты болып келеді, ал арнайы құқықтық мәртебеде тұрақсыз, ауысып отырады. Мұндай тұлғаларда арнайы кепілдіктер пайда болып, яғни ерекше мәртебеге ие болуы мүмкін. Бұған мысал ретінде, соғыс мүгедектері немесе еңбек мүгедектерін жатқызуға болады. Сонымен қатар, арнайы құқықтық мәртебеге жасы, жынысы, мамандығы тағы сол сияқты факторлар әсер етуі мүмкін.
Қоғамдық қатынастардың қатысушыларының құқықтық мәртебесі санатына отандық заң ғылымында қызығушылық көптеген жылдардан бері пайда болды. 1948 ж. Н.Г. Александров азаматтың әлеуметтік, саяси және мәдени мәртебесі туралы сөз қозғаған болатын [29; 199 б.]. 1980 ж.ж. ортасында құқық теоретигі Н.В. Витрук, әрине кеңестік кезеңге лайықты етіп, былай деп жазған құқықтық мәртебе - бұл тұлғаның социалистік мемлекетпен кепілдеген құқықтар, бостандықтар және міндеттердің жүйесі. Бұл тұлғаның тек индивид ретінде ғана емес, мемлекеттің азаматы ретінде әлеуметтік қажетті мүмкіндіктері. Олар бүкіл мемлекет күшімен кепілденген [30; 8 б.].
Құқықтық мәртебеге ұқсас анықтаманы В.Н. Толкунова берген болатын, оның ойынша, құқықтық мәртебені құқық қабілеттілік немесе құқық субъектілік анықтамаларына біріктіруге болмайды, себебі ол азаматтың заңдық мәртебесін төмендетіп, тұлғаның қоғамдағы шынайы құқықтық жағдайын ашып көрсетпейді.
Оның пікірінше, әрбір азаматтың құқықтық мәртебесіне келесі элементтер кіреді:
* Құқықтық әрекетқабілеттілік, яғни, адамның құқықты иелену және құқықты іске асыру қабілеті;
* Жалпы конституциялық және басқа да құқықтар мен міндеттер (мысалға, азаматтық туралы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz