Маңғыстау өңірі табиғат компоненттеріне физикалық-географиялық сипаттамасы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Маңғыстау өңірі табиғат компоненттеріне физикалық-географиялық сипаттамасы

1. 1 Маңғыстау өңірінің геологиясы мен тектоникалық құрылымы, жер бедері

1. 2 Маңғыстау облысының климаты мен сулары

1. 3 Маңғыстау өңірінің топырағы, өсімдігі мен жануарлары

2. Маңғыстау өңірінің ландшафтарының физикалық-географиялық ерекшелектері

2. 1 Маңғыстау өңірінің ладшафтарының дамуы

2. 2 Маңғыстау өңірінің ладшафтарына геоэкологиялық тұрғыдан сипаттама

2. 3 Маңғыстау өңірінің ладшафтарының шаруашылықта пайдалану жолдары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қоғам дамуда, онымен қатар шаруашылық та, өндіріс те дамуда. Қазіргі қоғамдағы адамның сұранысы өте жоғары. Осы сұраныстарды қанағаттандыру үшін ғылыми-техникалық прогресс те қарқынды сипатта, ал ҒТП-ң өнімдерін жүзеге асыру үшін жаңа өндірістер салынуда. Әрине, мұның бәрінің адамзат дамуында пайдасы зор екені сөзсіз, бірақ, артымызға қарайықшы. Біз өз ұрпағымызға, келешекке не қалдырамыз? Қарасақ, көретініміз тау-тау қалдықтар, ауаның көмірқышқыл газымен ластануы, теңіздерге мұнай және басқа да зиянды заттардың төгілуі, осы экологиялық мәселелердің нәтижесінде ондағы флора мен фаунаның зардап шегуі. Ал егер сол жердің флорасы мен фаунасы бүлінетін болса, онда көп кешікпей бұл жердің экосистемасының өзгеруіне әкеп соғады. Мәселен, дүниежүзілік мұхиттар қарапайым ғана өзендерді арқылы ластанады. Сонымен қатар мұнай өнімдері мұхитқа балласт суларын төккенде, кемелердің апаты кезінде, теңізде мұнай мен газ өндіргенде түседі. Мұнаймен ластанған теңіздер мен мұхиттардың биологиялық тепе-теңдігінің бұзылуына алып келеді. Мұнай судың бетін қабықшамен жауып, оттегінің өтуіне кедергі жасайды, суда оттегі мөлшері азаяды, соның нәтижесінде тірі организмдердің өміріне қауіп төнеді.

«Қайран елім - өз елім!. . » демекші алысқа бармай-ақ, өз туған жерімнің экологиялық проблемасына тоқталғым келіп отыр. Өкінішке орай, біздің елімізде де экологиялық проблемалар жеткілікті. Ол дүниежүзіліс сипат алған Арал теңізінің апаты, сондай-ақ Семей полигонының орнындағы радиоактивтілік мәселесі, Каспий теңізінің зауыт қалдықтары мен мұнай өнімдері әсерінен ластануы, Байқоңыр ғарыш станциясының проблемалары, азон қабатының тесілуі, қалаларда ауа ластануы, айта берсек қағаз жетпес. Соның ішінде өзіміздің туған жеріміз киелі өлке Маңғыстаудың кейбір экологиялық проблемаларына шолу жасағымыз келеді.

Маңғыстаудың бұл тұрғыдан жағдайы нашар. Оған біз Каспий теңізінің ластануын, кезінде уран өндірілген кен орнының жағдайын, Қошқар-ата көлінің проблемасын, Үстірттегі жарылыстар нәтижелерін және т. б. жатқызамыз. Енді осы мәселелерге толығырақ тоқталып кетсек.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Маңғыстау өңірінің ландшафтарының физикалық-географиялық ерекшеліктерін анықтау.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

-Маңғыстау өңірінің геологиясы мен тектоникалық құрылымы, жер бедерін анықтау

- Маңғыстау облысының климаты мен суларын қарастыру

- Маңғыстау өңірінің топырағы, өсімдігі мен жануарларын анықтау

-Маңғыстау өңірінің ладшафтарының дамуын анықтау

-Маңғыстау өңірінің ладшафтарына геоэкологиялық тұрғыдан сипаттамасын қарастыру

1. Маңғыстау өңірі табиғат компоненттеріне физикалық-географиялық сипаттамасы

1. 1 Маңғыстау өңірінің геологиясы мен тектоникалық құрылымы, жер бедері

Осындай жартасты таулы кең маңдайлы Маңғыстау бүгінгі таңда жерімізден, елімізден үлкен орын алуда. Ол экономикамызға таусылмас кенді қазбайлықтарымен, өшпес - өлмес мұрасымен үлес қосуда. Қара байлығымен табыс әкелсе, өшпес мұрасымен шетел азаматтарын тартуда - яғни турмизмді дамытушы фактор болып отыр. Сол себепті біз Маңғыстауды Қазақстанның «Батыс жүрегі» деп айтсақ қателеспеген едік.

Маңғыстау ерекше таулы мекен

Өзі бір таң қалдырар алып екен - деп оған шолу жасасақ:

Облысы республикамыздың оңтүстікбатыс бөлігінде орналасқан. 1973 жылы Маңғышылақ облысы болып жарияланған, 1999 жылдан бастап Маңғыстау облысы болып аталады.

Облыстың жер көлемі - 165, 5 мың км. шаршыға тең.

1-Сурет

Маңғыстау облысының картасы karta2[1]

Маңғыстау климаты континенталды және құрғақ. Қаңтарда орташа температура 4 - 9 ға дейін. Қысы қатты, желді және аз қарлы. Көктем тәртібі бойынша қысқа, құрғақ, желді болып келеді. Жазы ыстық, бұлтсыз, тамаша құбылыс, ал күз болса жалғастырушы және жылы.

Маңғышылақ түбегінің үш жағынан Каспий теңізі қоршап жатыр, ол тек шағын бөлігіне ғана әсер етеді Мұнда әлсіз ылғалдылық байқалады, жазғы ауа температурасы мен жылдық төменгі ауа тербеліп тұрады. Ал қалған аудандарда жылдық орташа температура 10, 5 - 11, 5, абсолютті жылдық минимум температура 26 - 34, ал максимум 43 - 45, ал топырақ беті 60 - 70 ке дейін ысиды. Ең ыстық шілде мен тамыз айлары. Күздік аяз қарашаның аяғында басталады. Атмосфералық жауын шашын өте анық емес. Солтүстік бөлігінде ортажылдық мөлшері 140 - 160 мм, ал оңтүстігінде 90 - 120 мм құрайды. Жауын - шашынның көп мөлшері таулы аймақтарға түседі. Аймақтын көп бөлігі бұталы өсімдіктермен қоса жусанды далалардан тұрады. Сонымен қатар шаршаған жолаушыға су мен демалыс беретін шөл даланың нағыз оазистері - жасыл аралдар да кездеседі. Түбектін табиғаты соншалықты әдемілігіне дүниедегі ешбір ғажайып ұқсамайды. Үш жағынан сумен қоршалған .

Жер бедері. Облыс көлемінің жер бедері әркелкі. Ол өзінің әр түрлі таулы жазықтарымен, қайталанбас табиғат құрлымымен ерекшеленеді. Сонау солтүстігін керемет Желтау (221 м), Мың - суалмас (148 м) және құм алқабы (Қарақұм, Сам т. б. ) көлемді сор (Өліқолтық, ­­Қайдақ, Қаратүлей, Қаракешу т. б. ) және Бозашы түбегі орналасқан Каспий жағалауы алып жатыр. Орталық бөлігін Маңғыстау (Ақтау, Қаратау 556 м) таулары, Маңғыстау үстірті және ТМД дағы ең терен ойпат (-132 м) Қарақия орналасқан Маңғыстау түбегі алып жатыр. Оңтүстік батысында Кендірлі - Қаясан үстірті орналасқан, оңтүстігінде - Қарынжарық ойпаты. Облыстың шығысын Үстірт шоқысымен қоршалған,

Үстірт қорығы Үстірт қорығы - Қазақстанның батыс өңіріндегі жалғыз

қорық. 1984 жылы ұйымдастырылған қорықтың негізгі мақсаты - шөлейт өңірдің табиғат дүниесін табиғи күйінде сақтап қалу. Үстірт қорығының басқа қорықтардан бір ерекшелігі, мұнда табиғи ландшафтың алуан түрі кездеседі. Үстірт жонының ең қиыр оңтүстігі тақтайдай тегіс қыр бірден бітіп, шың-құзға айналады. Құз етегі ұшы-қиырына көз жетпейтін, тіршілік белгісі жоқ Кендірлі сорына ұласады. Оңтүстіктен солтүстікке қарай созыла жайғасқан сордың батыс жиегін бойлай құмдар мен тақырлы-тегістіктер кезектесе орналасқан.

Шың басынан зер сала қараған адамға осы жал-жал құмдар мен көкшіл- сұр сор ішек-қарыны ақтарылып жатқан түйе малына ұқсайды. Табиғатпен етене араласып, қыр- сырын толық меңгерген аталарымыз да, бұл аймақты Қарынжарық ойы, Қарынжарық құмы деп атаған.

Қорық солтүстігінде Қараған Босаға тау аңғарларынан басталады. Үстірт жонына шығар басты асулардың бірі, Ұлы Жібек жолының ескі сүрлемі- Сенек- Қоңырат жолы, қорықтың табиғи шекарасы іспетті. Қараған Босаға тауына кіре берісте, ерекше жаралған домалақ төбе басында, Адайдың ХІХ ғасырдың орта тұсында ерлігімен көзге түскен батырлары Балуанияз бен Тұрмамбет жерленген.

Сенек - Қоңырат жолынан оңтүстікке қарай, солтүстік беткейі жатағандау, оңтүстік беткейі тік құлама шың болып келетін Мәмек таулары батыстан шығысқа созыла орналасқан. Мәмек таулары қарақұйрық пен арқардың негізгі жайылымы, мекені. Шың басына орналастырылған тарихи ескерткіштердің бір парасы-арандар, бұл маңайда аңшылық өнерінің дамығандығын көрсетеді. Арандар-дала тұрғындарының географиялық, геометриялық және биологиялық білімдерінің нәтижесі. Бұл өз алдына зерттеуді қажет ететін құпиясы мол, жеке тақырып.

Мәмек таулары шығысында оңтүстікке қарай иіле жалғасқан Көкесем шатқалдарына ұласады. Көкесем - қорық аумағындағы жер бедері, табиғаты жөнінен ерекше жаратылған аумақ. Қорық аумағындағы тауларда негізінен бор дәуірінің тау жыныстары басым болып келеді, ал Көкесем шатқалдарының негізгі тау жыныстары дәуірінің геологиялық құрылымынан түзілген. Топырақ жамылғысы қызғылт-жасыл түсті саз.

Көкесем - қорық аумағындағы бірден-бір тұщы сулы өңір. Тау үстіндегі құдық адам баласының нәпақасы болса, етектегі тамшы бұлақ - осы маңайдағы жан - жануарлардың тіршілік көзі.

Қорықтағы табиғи ескерткіштердің бірі - Қарамая тау жоталары. Болжамда жасы жетпіс миллион жылдан асатын, мұхит түбіндегі вулкандық қозғалыстардың жерінен пайда болған тау жоталарының көркемдігіне көз тойғысыз. Шығыстан батысқа созыла орналасқан тау-түсі мен тұрпатына байланысты Қарамая деп аталады. Шығыстан солтүстігіне орай батыс беткейіне дейін сазды, оңтүстігі Кендірлі сорымен шектесіп жатқан тау жоталары Үстірт арқарының негізгі тұрақ - мекені.

Көкесемнен оңтүстікке қарай, сордың шығыс бетін қоршай орналасқан биік кереге шыңдар- Кендірлі, Елшібек таулары деп аталады. Кендірлі тау алқабы - оазистік мекен. Мұндағы бұлақтардың ірілері Кендірлі бұлағы және кіші Кендірлі көзі. Мұнан басқа тау етегінде әр түрлі ызалар, жылымшылап ағатын су көздері кездеседі.

Елшібек шыңдарының тау аңғарлары арасында Сарыбұлақ бұлағы, Қансу су көзі- өз алдына зерттеуді қажет ететін нысандар.
Үстірт шыңдары оңтүстікке қарай аласарып барып, қорық аумағындағы ірі су көзі - Өнере бұлағына тіреледі.

Өсімдіктері. Жер бедері мен топырағының әртүрлі болуына байланысты, қорықтың өсімдіктер дүниесі де сан-алуан болып келген. Қорық аумағында 43 тұқымдас, 163 туыстан тұратын өсімдіктердің 263 түрі кездеседі. Олардың 5 түрі қызыл кітапқа енген (кәдімгі жұмсақ жеміс, майда қатыран, берік сүттіген, хиуа сораңы, бор рияңы) .

Қорықта өсетін өсімдіктердің ішінде - сәндік, дәрілік, тағамдық, бояу беретін, жемшөптер және улы шөптер кездеседі. Дәрілік өсімдіктерден: жантақ, қылша, ақтікен, ақ, қара жусандар, изен, мия, адыраспан, татар рауғашы, киікоты кездеседі. Киік оты өзінің әдемі иісімен және емдік қасиетімен өте құнды болып есептеледі. Қорық жерінде өсетін сәндік өсімдіктер- қызғалдақтар, сарғалдақтар және қойжелкектер гүлдеген кезде, қорық табиғаты жайнай түседі.

Жануарлары. Үстірт қорығы аумағында жануарлардан: сүт қоректілердің 29 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі, қосмекенділердің 1 түрі, омыртқасыздардың 300-ге жуық түрі және құстардың 110-ға жуық түрі кездеседі.

Қорық аумағында өте сирек кездесетін, саны азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлардың 8 түрі: арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, мәлін, шағыл мысығы, итаю, шұбар күзен, ақбауыр жарқанат, ал құстардың 10 түрі - бүркіт, үкі, ителгі, жұртшы, дала қыраны, жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, қарабай, жыланжегіш қыран, лашын, ал бауырымен жорғалаушылардың 1 түрі: төрт жолақты қара шұбар жылан бар.
Үстірт қорығының ұйымдастырылуына негізгі себепші болған, Оңтүстік-Батыс Үстірттің эндемигі - Үстірт арқарының Маңғыстауда жойылып кету қаупі бар еді. Бүгінгі күні Үстірт қорығының аумағында 2 мыңға жуық Үстірт арқары кездеседі.

Қызыл кітапқа енген, қорық аумағында мекендейтін қарақұйрықтар - 250 бас шамасында. Мысықтар тұқымдасы, жыртқыштар отрядына жататын қарақұлақ, сабаншы, шағыл мысығы қорықтың Қарынжарық құмында кездеседі. Сүтқоректілер класы, сусарлар тұқымдасына жататын итаю (31 бас), Қазақстанда тек қана Маңғыстау жерінде бар.

Табиғи-тарихи ескерткіштері. Қорық аумағында табиғи-тарихи ескерткіштер де кездеседі. Географиялық орналасуына, геологиялық құрылымына қарай ерекше жаратылған Қарамая тауы мен Көкесем шатқалдары - басқа еш жерде қайталанбайтын құбылыстар. Көкесем шатқалдары-қорық аумағындағы тұщы су көздері бар, табиғаты әсем, ерекше түзілімді мекен атауы. Үстірт жонының батысқа еңкіштей құлаған, қатты тілімденген шатқал сайлары - тау табиғатын ажарландырып тұр. Шың етегінде Көкесем тұщы сулы бұлағы және шың басында Көкесем құдығы бар. Суының дәмділігіне байланысты «Ойда Талақ, қырда Көкесем» деп айтылатын және осыған байланысты шыққан аңыз ауыз екі тілде ұмытылмай келеді.
Тарихи ескерткіштерден - Балуанияз, Көкесем қорымы және әлі зерттелмеген Табан Ата деп аталып жүрген ескі қорым тіркелген.
Балуанияз - ХІХғ. Маңғыстау адайлары мен түрікмен тайпалары, Хиуалықтар арасындағы соғыстарда ерекше көзге түскен, Балықшы руынан батыр атағын алған тұлға. Ескі атаулары Қалмақ үйген, Қараоба (Қалмақ үйген қараоба болуы да мүмкін) деп аталатын төбенің басына жерленген. Қазір бұл төбе батыр атымен аталады.

Қарамая. Үстірт қорығының солтүстігінде, сор мен шыңның арасында орналасқан, бөлек, ерек-ше жаратылған тау жоталары. Зерттеушілердің пікірінше, ежелгі мұхит түбіндегі вулкандық жарылыстардың әсерінен түзілген. Тау жыныстары мен топырақ жамылғысының айналасынан өзгешелігі - бұл пікірді растай түседі. Геологиялық жасы жетпіс миллион жылды қамтитын таудың топырақ түзілімі- қара қоңыр түсті, жұмсақ, сынғыш тастардан құралған. Бұлар өте ұқыпты, әдемі етіп жинақталып, текшеленіп орналаласқан. Жоталардың шығыс беткейінде көмір ұнтақтары кездеседі.
Өсімдік жамылғысы жұтаң, тырбық, шашырай орналасқан шөлдің шөптесін өсімдіктері. Тау жоталарының етегін жағалай ыза-бұлақтар ағып жатыр. Үстірт жабайы қойы - арқар, осы тауды негізгі мекен етіп, орныққан. Құстардан бүркіт, жұртшы және т. б. ұсақ торғайлар кездеседі. Тау жоталары алыстан мұнартып, сағымданып өте әдемі көрініс береді. Тау ішіне кірсең, небір ғажайып пішіндер мен құпиялардан басың айналады.
Өнере - Маңғыстаудың оңтүстік-шығысында, оңтүстіктен солтүстікке қарай ағып жатқан, ұзындығы 7, 5-8 шақырымдай бұлақ атауы. «Өнере» атауы түрікмен тілінде «өскен, көбейген» деген мағынаны береді. Өнере бұлағының негізгі қорегі - жер асты суы. Су арнасының кеңдігі 1-1, 5 м, тереңдігі 0, 8-1 м. Өзен алабының кеңдігі 8-10 м. Суы ащы, мөлдір. Суда балық немесе басқалай ірі тіршілік иелері байқалмаған. Ұсақ су жәндіктері көптеп кездеседі. Жағасында қамыс, қоға-ши, жыңғыл сарсазан, сораң түрлері, кермек өседі. Топырағы сазды-карбоналды, тастақ. Топырақ құрамындағы минерал-тұздар кристалданып, слюда қабыршақтарын құраған. Өсімдік жамылғысы сирек, шашыранды орналасқан. Бұйырғын, сораң шөптер қырға қарай біртіндеп сораңды - жусанды далаға айнала бастайды. Жануарлары - қарақұйрық, қасқыр, түлкі және осы маңайда «Қызыл кітапқа» тіркелген ерекше аң - итаю кездеседі.

Көгілдір бухта. Маңғышылақ аралы жүздеген км. тасты каспий жағалыуы, шексіз көлемді көлдер, сондай - ақ алтын құмды жағалаулар. Осындай маржанның бірі - Көгілдір бухта. Жылы құмда жатып теңіздің қалай ауысатындығын тамашалауға болады. Қазір ғана көк болса, 1-2 минуттан кейін жасыл, сосын сұр түске айналып, қайтадан көкке ауысады.

Өнере - Маңғыстаудың оңтүстік-шығысында, оңтүстіктен солтүстікке қарай ағып жатқан, ұзындығы 7, 5-8 шақырымдай бұлақ атауы. «Өнере» атауы түрікмен тілінде «өскен, көбейген» деген мағынаны береді. Өнере бұлағының негізгі қорегі - жер асты суы. Су арнасының кеңдігі 1-1, 5 м, тереңдігі 0, 8-1 м. Өзен алабының кеңдігі 8-10 м. Суы ащы, мөлдір. Суда балық немесе басқалай ірі тіршілік иелері байқалмаған. Ұсақ су жәндіктері көптеп кездеседі. Жағасында қамыс, қоға-ши, жыңғыл сарсазан, сораң түрлері, кермек өседі. Топырағы сазды-карбоналды, тастақ. Топырақ құрамындағы минерал-тұздар кристалданып, слюда қабыршақтарын құраған. Өсімдік жамылғысы сирек, шашыранды орналасқан. Бұйырғын, сораң шөптер қырға қарай біртіндеп сораңды - жусанды далаға айнала бастайды.

Жануарлары - қарақұйрық, қасқыр, түлкі және осы маңайда «Қызыл кітапқа» тіркелген ерекше .

Каспий теңізі - әлемдегі ең үлкен көл деп есептеліп теңіз атағына ие. Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Каспий аумағы - 371 000 km², ең терең орны - 1025 m. Теңіз кескіні S әрпіне тәріздес. Қазақстан жеріне оның солтүстігі мен солтүстік - шығысы кіреді. Каспий теңізінің деңгейі мұхит денгейінен 28 м төмен. Жеріміздегі теңіздің жағалауы 2340 км. Көлдегі су деңгейінің жоғары котерілу кезі сәуірден шілдеге дейін, төмендеуі қыста. Су бетінің орташа температурасы 24 - 26 дейін көтеріледі. Сондай - ақ балық кәсіпшілігінің 80% құрайды.

Каспий түбектері

  • Ағрахан
  • Абшерон - Каспийдің батыс жағында, Әзірбайжанда орналасқан.
  • Бозашы
  • Манғышлақ - Каспийдің шығысында, Қазақстанда орналасқан.

Сонымен қатар Каспий теңізі экономикамызға таусылмас қара алтынымен, бағалы сансыз балығымен, құнарлы қазылмас қазынасымен, майысқан маржан тастарымен үлкен үлес қосуда. Яғни, қазіргі танда қаржы кілті - туризм саласы бойынша Қазақстанның туристік потенциялына айналмақ.

Қорыта келгенде жоғарыда айтылған бойынша бағалап, жеткізетін болсам:

  • Экотурмзм
  • Мототуризм
  • Сутуризіміне оте қолайлы.

Экотуризм - бұл экожүйе тұтастығын бұзбай мақсатымен қаз қалпында сақталған табиғат орындарына саяхат жасау, осы аумақтағы табиғи және мәдени - этнографиялық ерекшеліктер туралы мағлұмат, түсініктер алу. Яғни сан алуан табиғат

ғажайыптарын сақтау, жоғалып бара жатқан жануарларын қорғау мақсатында, табиғаттың танқалдырар тан самалын сезіну мақсатында ұйымдастыруға болады.

Мототуризм - бұл өте ерекше түрі болып табылады. Өйткені мұны кез келген жерге ұйымдастыра беруге болмайды, оғанда өзіндік тәнділік бар. Яғни ең керек қажеттілік табиғаттың таусылмас сыйқырлылығы. Үшкірленген тау тастар, жалтырлаған топырақ әлемі, қызықтырар қыраттар негізі болып табылады.

Сутуризмі - көккінгек таза, мөлдір, асудан аққан ағындар, соққан толқынды тасулар, батпақты балшықтар мағызды ресурс қатарында.

Жоғарыда айтылғын ерекше құбылыстар Маңғыстаудың табиғат ғажайыптарының өнімі, өзегі десек болады. Өзгешілдігімен сан түрлі туризмнің дамуына, жоғары дәрежеде козге көрінер көрсеткіштің жемісінің айғағы.

80 астам ұлттан тұратын Маңғыстау халқының саны 373, 4 мың адамды құрайды немесе Қазақстаннің халқының 24 % құрайды. Облыстың экономикасының тұрақты түрде оң дамуы халық санының жыл сайынғы табиғи өсуіне жағыдай жасайды. Облыстағы қала халқының саны 283, 2 мың адамды, яғни барлық халықтың 75, 9 % құрайды. Облыстын этникалық құрамы әр түрлі және көп ұлтты. Мұнда шамамен 90 ұлт және ұлыстар мекендейді. Олар украиндар, татарлар, немістер және т. б. Облыстын жергілікті халқы қазақтар - 74 %, орыстар - 17 % құрайды. Облыстын демографиялық жағыдайына табиғи және кқші - қон факторлар әсер етеді. Көші - қонның негізгі себебі ұлттық мемлекет болып қалыптасу бойынша орналасуы болып отыр. Көбінесе ТМД елдерінен қазақтар көшіп келуде. Обылысқа көшіп келгендердің 84, 8 % - қазақтар, 9, 1% - орыстар, 1, 2% - әзірбайжандар. Бұл халықтардың өздеріне тән салт - дәстүрі, мәдениеті қалыптасқан. Сол сияақты Маңғыстау қазақтарының салт - дәстүрі:қыз ұзату, бесік той, үйлену, ит көйлек, шаш алу, сүндетке отырғызу т. б.

1. 2 Маңғыстау облысының климаты мен сулары

Батыс Қазақстанның мұнайлы-газды аудандары - Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарының географиялық координатасы 42-49 0 солтүстік ендік және 50-58 0 шығыс бойлықта орналасқан. Бұл территорияның геолого-географиялық жағдайына Маңғышлақтың денудациялық жазығы, Үстірт және Каспий маңы ойпатының өзен-көлдік жазығы жатады /1/. Каспий маңы ойпаты - Каспий теңізін солтүстігінен доға тәрізді ораған ойпат. Солтүстігінде Жалпы Сырт қыратымен, шығысында Үстірт және Маңғыстау тауларының етегімен, батысында Ергене қыратымен шектеледі. Каспий маңы ойпаты бұрын теңіз түбі болған. Төрттік дәуірдегі теңіз трансгрессиялары кезінде теңіз дүние жүзілік мұхит деңгейінен 50 м жоғары көтеріліп, солтүстігінде Жигули тауларына дейін жеткен. Каспий маңы ойпатының жер бедері теңізден қалған қалыңдығы 1 км-ге дейін жететін беткі қабаты құм, шөгінді саз жыныстары қабаттарынан қалыптасқан. Тегіс жазықтың үстінде жеке тұз күмбезді қыраттар кездеседі (Бесшоқы 60 м, Индер 56м, Үлкен Боғда 152м, т. б. ) . Ойпаттың теңіз жағалық бөлігінде батысында Кума өзенінің сағасынан, шығыста Жем өзеніне дейін бэр төбешіктері таралған/3/. Каспий маңы ойпаты абсолюттік биіктігі - 10-27м ағынсыз өзен-көлдік-аккумулятивтік жазықтықта орналасқан. Оның кристалдық ірге тасы солтүстік-батыста 6-7 км-ден 14-18 км-ге дейін, шығыста 7-8 км-ге дейін, оңтүстік-шығыста 10-12 км-ге дейін және орталығында 20-21 км-ге дейінгі тереңдікте жатыр. Ойпат мезокайнозойдың борпылдақ қалдығымен толтырылған, оның беті тұзданған төрттік шөгінділер, өзен-көлдік және аллювиалдық топырақ саздық жамылғымен жамылған. Бұл территория палеозой-мезазой жасындағы мұнай-газ қорлары мен құрылыс материалдары және әртүрлі химиялық шикізаттарға бай/1/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан табиғи ортасының экологиялық қасиеттері
Маңғыстау өңіріндегі экожүйелер компоненттерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануын экологиялық сараптау
Балқаш көлінің геоэкологиялық проблемалары
XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
Каспий жағалауындағы Ақтау қаласы
Орта Азия аймағына жүргізген орыс саяхатшыларының зерттеулері
Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы
Туризмді дамытуға барынша қолайлы аудандар шығыс аймақта
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz