Мемлекеттік сатып алуларды басқарудың ақпараттық жүйесін жобалау және құру


әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КАФЕДРАСЫ

МАГИСТРЛІК диссертация

Мемлекеттік сатып алуларды басқарудың ақпараттық жүйесін жобалау және құру

Орындаушы Абдрахманова А. Т.

(қолы)

Ғылыми жетекші

т. ғ. д., академик Мұтанов Ғ. М. (қолы)

Норма бақылаушы Жуманов Ж. М.

(қолы)

Кафедра меңгерушісі м. а.

PhD докторы Бакибаев Т. И.

(қолы)

рұқсатымен қорғауға жіберілді

Алматы 2013


РЕФЕРАТ

Диссертациялық жұмыс кіріспеден, негізгі үш тараудан, қорытын­дыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 74 бет, 4 кесте, 23 сурет, қолданылған әдебиеттер саны 40.

Негізгі кілттік сөздер : АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫН АҚПАРАТТАНДЫРУ, АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ЖОБАЛАУ, МЕМЛЕ­КЕТТІК САТЫП АЛУЛАР, ЭЛЕКТРОНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР, «КЛИЕНТ-СЕРВЕР» ТЕХНОЛОГИЯСЫ, МОДЕЛДЕУ, МАТЕ­МА­ТИ­КАЛЫҚ МОДЕЛЬ, МАТЕРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚ­ТАУ, ТАПСЫРЫСТАРДЫ БАСҚАРУДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ.

Зерттеу объектісі мемлекеттік сатып алу жүйесі мен жоғары оқу орнының қаржылық-экономикалық бизнес шешімдері болып табылады.

Жұмыстың негізгі мақсаты - материалды-техникалық қорларды сатып алу жұмыстарын оңтайландыруға арналған тапсырыстарды басқаруды орталықтандыру мақсатында мемлекеттік сатып алуды басқарудың ақпараттық жүйесін жобалау және құру болып табылады. Сонымен қатар университеттің инвестициялық жұмысын тиімділеу үшін мемлекеттік сатып алуларды жоспарлау.

Зерттеу әдістері: ақпараттық жүйелерді жобалау және құру теориясы, программалау теориясы, әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқарудың экономика-математикалық әдістері мен үлгілері, сызықты программалау әдісі, web-программалау, мәліметтер қоры теориясы.

Тәжірибелік маңыздылығы - мемлекеттік сатып алуды басқарудың ақпараттық жүйесі қолданушы мен администратордың жұмысын жеңілдетеді және мемлекеттік сатып алудың жоспарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Диссертациялық жұмысты зерттеу барысында келесі маңызды нәтижелер алынды:

  • Материалдық-техникалық қорларды факультеттер арасында таратудың есебі шешілді, мұнда негізгі мақсат оқу-ғылыми жұмыстарын жабдықтармен қамтамасыз етуді оңтайландыру.
  • Мемлекеттік сатып алуды басқару ақпараттық жүйесінің функционалдық үлгісі жасалды.
  • Факультеттің табысын есепке ала отырып, тапсырыстарды басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жасалды.

РЕФЕРАТ

Диссертационная работа состоит из введения, основных трех глав, заключения, списка использованных источников и приложении. Общий объем работы 74 страниц, 4 таблиц, 23 рисунка и 40 использованных источников.

Ключевые слова : ИНФОРМАЦИОННАЯ СИСТЕМА, ИНФОРМАТИ­ЗАЦИЯ ВУЗА, ПРОЕКТИРОВАНИЕ ИНФОРМАЦИОННОЙ СИСТЕМЫ, ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ЗАКУПКИ, ЭЛЕКТРОННЫЕ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ЗАКУПКИ, ТЕХНОЛОГИЯ «КЛИЕНТ-СЕРВЕР», МОДЕЛИРОВАНИЕ, МАТЕМАТИЧЕСКАЯ МОДЕЛЬ, МАТЕРИАЛЬНО-ТЕХНИЧЕСКОЕ ОСНА­ЩЕНИЕ, АВТОМАТИЗАЦИЯ УПРАВЛЕНИЯ ЗАЯВКАМИ.

Объектом исследования является система государственных закупок и бизнес-процесс финансово-экономической деятельности вуза.

Целью работы является проектирование и разработка ИС управления государственными закупками, для централизованного администрирования заявок, с целью оптимизации системы учета и закупа материально-технических ресурсов, а также организации системы планирования государственных закупок университета, путем исследования методов математической оптимизации инвестиционной деятельности университета на систему закупа.

Методы исследования: теория проектирования и разработки ИС, теория программирования, экономико-математические методы и модели управления социально-экономическими системами, метод линейного программирования, web-программирование, теория баз данных.

Практическая значимость - информационная система управления государственными закупками может позволить оптимизировать план государственных закупок и упростить работу администратора системы и пользователя.

Результаты, полученные в ходе исследования диссертационной работы, заключаются в следующем:

  • Решена задача распределения материально-технических ресурсов на факультет, при котором целью является максимизация уровня удельного материально-технического оснащения для организации учебно-научного процесса.
  • Построена функциональная модель ИС управления государственными закупками
  • Разработана система автоматизированного управления заявками на материально-техническое оснащение, учитывающая доходность факультета.

ABSTRACT

The thesis consists of an introduction, three main chapters, conclusion, the list of sources used and the application. The total work is of 74 pages, 4 tables, 23 figures and 40, sources used.

Keywords: INFORMATION SYSTEMS, INFORMATISATION OF UNIVERSITY, DESIGNING OF INFORMATION SYSTEM, PUBLIC PROCUREMENT, E-PROCUREMENT, CLIENT-SERVER TECHNOLOGY, MODELING, MATHEMATICAL MODEL, MATERIAL AND TECHNICAL SUPPLY, AUTOMATION CONTROL OF APPLICATIONS.

The object of the research is the system of public procurement and business processes of financial and economic activities of the university.

The purpose is to design and development of IS management of government procurement for the central administration of applications, in order to optimize the system of accounting and procurement of material and technical resources, as well as the organization of the procurement planning of the University, through the studies of methods of mathematical optimization of the investment activities of the university in the procurement system.

Methods of investigation Theory: of design and development of IS, theory of programming, economic and mathematical methods and management model of socio-economic systems, the method of linear programming, web-programming, database theory.

The practical importance - the information system management of public procurement can afford to optimize public procurement plan and simplify the system administrator and user.

The results obtained in the study of the thesis are the following:

  • The solution to the problem of the distribution of material and technical resources for the faculty, in which the goal is to maximize the level of specific material and technical equipment for the organization of educational and scientific process.
  • A functional model of IS management of government procurement is built
  • Automated control system of applications for the material and technical equipment has been developed, taking into account profitability of the faculty.


Мазмұны

Кіріспе10

1 Университеттегі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру зерттеу объектісі ретінде12

1. 1 Мемлекетті ақпараттандыру стратегиясы13

1. 2 Мемлекеттік сатып алу жүйесі және оны автоматтандыру аспектісі16

1. 2. 1 Электронды мемлекеттік сатып алу20

1. 2. 2 Электронды сандық қолтаңба21

1. 3 Жоғары оқу орнын ақпараттандыру саясаты23

1. 4 Мемлекеттік сатып алуды басқару ақпараттық жүйесінің функционалдық моделі26

1 тарау бойынша тұжырымдама32

2 Жоғары оқу орнында мемлекеттік сатып алуды басқару процесі33

2. 1 Модель түсінігі және ақпараттық жүйеге қойылатын негізгі талаптарды талдау33

2. 2 Мемлекеттік сатып алу бөлімі мен оның жұмыс жасау әдістері33

2. 3 Факультеттерді материалды-техникалық қамтамасыз етудің математикалық моделі37

2. 4 Мемлекеттік сатып алудың ақпараттық ағыны38

2 тарау бойынша тұжырымдама40

3 Тапсырыстарды басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі42

3. 1 Ақпараттық жүйе құрылымы туралы жалпы түсінік42

3. 2 Жүйені құрудың негізгі талаптары мен мақсаттары46

3. 3 Мәліметтер қорының инфологиялық моделі47

3. 4 Мемлекеттік сатып алуды басқару жүйесінің архитектурасы50

3. 5 Жүйенің жұмыс жасау принципі54

3 тарау бойынша тұжырымдама58

Қорытынды60

Қолданылған әдебиеттер тізімі62

Қосымша А64

Қосымша Ә69

Қосымша Б72


Нормативтік сілтемелер

Осы диссертацияда келесі стандарттарға жасалған сілтемелер пайдаланылды:

  1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 217 Ақпараттандыру туралы Заңы.
  2. «Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасы.
  3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303-III Заңы (2013. 08. 01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) .
  4. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 Қаулысы (2010. 23. 04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) .
  5. ГОСТ 34. 003-90 «Информационная технология. Комплекс стандартов на автоматизированные системы. Автоматизированные системы. Термины и определения».
  6. ГОСТ 34. 601. «Информационная технология. Комплекс стандартов на автоматизированные системы. Автоматизированные системы. Стадии создания».
  7. ГОСТ 34. 602-89 «Информационная технология. Комплекс стандартов на автоматизированные системы. Техническое задание на создание автоматизированной системы».


Анықтамалар

Бұл магистрлік диссертацияда келесі терминдер мен сәйкес анықтамалар пайдаланылған:

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе - ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге және сұраным бойынша талап етушіге жеткізуге арналған программалық және техникалық құралдар кешені.

Авторландыру (ағылшын тілінен authorization -рұқсат беру) - белгілі бір тұлғаға немесе тұлғалар тобына жұмыс жасауға рұқсат беру мен тексеру процесі.

Ақпараттандыру - ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде электрондық ақпараттық қорларды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.

Ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оның ұрлануының, жоғалуының, рұқсатсыз жойылуының, өзгеруінің, мазмұнына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұзылуының алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені.

Ақпараттық жүйе архитектурасы - ақпараттық жүйе құрауыштарының моделін, құрылымын, атқаратын қызметтерін анықтайтын тұжырымдама.

Ақпараттық жүйелер дегеніміз компьютерлік техниканы қолдану арқылы ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге, талдауға және таратуға бағытталған қолданбалы бағдарламалық өнім. Ақпараттық жүйелер кіріс ақпараттарды өңдеп, шығыс ақпараттарды нәтиже ретінде береді.

Ақпараттық жүйені жобалау деп жобаланушы объект, жобалау әдістері осындай типтегі объектілерді жобалау тәжірибелері жайлы кіріс ақпаратты түрлендіру үрдісі.

Ақпараттық жүйенің құрылымы - бұл ақпараттық жүйенің элементтері мен ішкі жүйелерінің өзара байланыстарының ішкі кеңістіктегі уақытша тұрақты бір тәртіппен құрылуының арқасында, сол ішкі жүйелердің функционалдық міндетінің анықтала түсуі және олардың сыртқы ортамен байланысы.

Ақпараттық ресурстар деп құндылықтар және материалдық ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз. Ақпараттық ресурс - әр түрлі ақпарат түрлерінің, оларды сақтау орындарының, оны берушілердің ақпарат аймағында жұмыс істейтін мамандардың, ақпараттық техникалардың біріктірілген жиыны.

Клиент-сервер - желідегі байланысқан компьютерлердің әрекеттесу технологиясы. Мүнда бір компьютер басқа жердегі одан гөрі қуатты компьютерге белгілі бір әрекет орындау жөнінде сұраныс түсіреді. Мысалы, клиент компьютер мәліметтер базасынан керекті мағлұматтар іздеп оған сұраныс жібереді, ал сервер компьютер соған сәйкес әрекет атқарып, жауап береді, жауап клиент экранына немесе баспасына шығарылады.

Мәліметтер қоры дегеніміз электронды есептеуіш машинасының сыртқы жадында ақпаратты сақтауға және жинақтауға және үнемі пайдалануға арналған ұйымдасқан құрылым.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер қорын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын реакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені.

Мәліметтер қорының инфологиялық моделі - зерттеу барысында объектілерді, олардың анықтауыштарын, кіріс және шығыс мәліметтерін көрсетіп, арасындағы байланыстарды сипаттайтын модель түрі.

Мемлекеттiк сатып алу - бұл мемлекеттік мекемелердің өз қызметтерін атқаруы үшін республикалық бюджеттен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу үрдістері.

Модель (латынша modulus - өлшем) - белгілі бір зерттелетін нысанның ой түсінігі немесе материалдық түрде жасалған шартты үлгісі, бейнесі, сұлбасы және сипаттамасы.

Программалық қамтамасыз ету дегеніміз программаларды пайдалану кезінде қолданылатын ақпаратты өңдеу жүйесі мен программалық құжаттардың жиынтығы.

Университетті ақпараттандыру дегеніміз университеттің жүйе ретінде жалпы жұмыс жасауын жақсартуға арналған іс-шаралардың жиынтығы.

Электрондық мемлекеттiк сатып алу - ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу.

WampServer - Windows операциялық жүйесі үшін web құруларда пайдаланылатын PHP, phpMyAdmin скриптер интерпретаторынан және басқа қосымшалардан тұратын, құрамына Apache және MySQL кіретін веб-сервердің жиынтығы.

Белгілеулер мен қысқартулар

АБЖ − автоматтандырылған басқару жүйелері

АЖ - ақпараттық жүйе

АКТ - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

АҚ - ақпараттық қауіпсіздік

АТ − ақпараттық технология

ЖОО - жоғары оқу орны

КЖ - компьютерлік жүйе

ҚР - Қазақстан Республикасы

МҚ - мәліметтер қоры

МҚБЖ - мәліметтер қорын басқару жүйелері

МСА − мемлекеттік сатып алу

МТҚ - материалдық-техникалық қамтамасыз ету

ӨД - өндіріс департаменті

ПҚ - программалық қамтамасыз ету

ТЖҚ - тауар, жұмыс, қызмет

ЭБЖД - экономикалық және бизнесті жоспарлау департаменті

ЭСҚ - электронды сандық қолтаңба

ЭҮ - электронды үкімет


Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық-коммуникативтік технологиялар жоғары оқу орындарының көптеген салаларында пайдаланыла бастады. Яғни қазіргі таңда университет жұмысын тиімді басқару үшін толық ақпараттық- әлеуметтік қамтамасыз ету керек.

Жоғары оқу орнын ақпараттандыруды басқару оның әр түрлі саласында статистикалық және талдау есептемелерін жылдам алатын мықты ақпараттық-талдаушы аппарат алуға мүкіндік береді және солардың көмегімен тиімді шешімдер қабылданады. Жоғары оқу орнын ақпараттандыру бірлескен мәліметтер мен процестерді басқаруды жақсартады, ол университеттің бірлескен ақпараттық ортасының қалыптасуына негіз болады.

Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын басқару жоғары оқу орнын басқаруды автоматтандырудың бір аспектісі болып табылады. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алуларды басқарудың автоматтандырылған жүйелері көптеген мемлекеттік мекемелер мен оқу орындарында пайдаланылады.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, конкурс, баға ұсыныстарын сұрату және бір көзден алынатын сатып алуларжы ақпараттық жүйелер мен электронды құжат айналымы арқылы орындауға болады.

Материалды-техникалық құралдарды есепке алуда қаржылық қорларды жоспарлау мақсатымен мемлекеттік сатып алуларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі қолданылады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің негізгі мақсаты - қазіргі заманғы ақпараттық-байланыс технологияларын пайдалану арқылы мемлекеттік сатып алу қызметтерінің тиімділігін арттыру болып табылады. Аталған ақпараттық жүйелер материалды-техникалық жабдықтарға берілген тапсырыстарды беру есептерінің жүйелік шешімін ұсынады.

Зерттеу мақсаты мен мәселелері. Диссертациялық зерттеу жұмысының мақсаты - мемлекеттік сатып алуларды басқаратын ақпараттық жүйені құру және жобалау болып табылады. Аталған жүйе материалды-техникалық қорларды есепке алуды орталықтандырылған түрде тиімділеуде қолданылады және тапсырыстарды басқару жұмыстарын атқарады.

Қойылған мақсат арқылы келесідей мәселелерді шешу керек:

  • Мемлекеттік сатып алуларды басқару жүйелерін теориялық зерттеу;
  • Университетті материалды-техникалық жабдықтауға ақпараттық әдіс пен құрылатын жүйені сипаттайтын концептуалды модель құрылуы керек;
  • Бүтінсанды сызықты программалау әдісімен тапсырыстарды басқаруды тиімділеудің математикалық моделін құру керек;
  • Мемлекеттік сатып алуды басқаратын ақпараттық жүйе құру керек.

Зерттеу объектісі мемлекеттік сатып алу жүйесі мен жоғары оқу орнының қаржылық-экономикалық бизнес шешімдері болып табылады.

Зерттеу пәні - университеттегі мемлекеттік сатып алуды есепке алу мен жоспарлау жүйесі.

Зерттеу әдістері : ақпараттық жүйелерді жобалау және құру теориясы, программалау теориясы, әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқарудың экономика-математикалық әдістері мен үлгілері, сызықты программалау әдісі, web-программалау, мәліметтер қоры теориясы.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы - жоғары оқу орнының табысын ескере отырып оның құрылымдық бөлімшелерін материалды-техникалық құралдармен жабдықтауды тиімдеуге бағытталған математикалық модель құру және тапсырыстардың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру болып табылады.


1 Университеттегі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру зерттеу объектісі ретінде

Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінде, соның ішінде жоғары оқу орындарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолданы­луы қоғам мен білім беруді ақпараттандыру мемлекеттік саясаты негізінде жүзеге асырылады.

Қоғам мен білім беруді мемлекеттік ақпараттандыру саясатының маңызды бағыты тұрғындардың компьютелік сауатын көтеруге арналған ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы болып табылады.

Ақпаратты тарату және ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам тіршілігінің барлық саласына революциялық ықпалын тигізіп, адамдардың өмірін, мәдени мінез-құлық стереотипін, ойлау бейнесін түбегейлі өзгертетін ақпараттандыру үдерістердің бар екендігі жайында айтуға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялар саласында көзге түсер прогресс - ғылыми басылымдарда «ақпараттық қоғам» терминінің пайда болуы. Кейбір ғалымдар «ақпараттық қоғам» терминін қарастырғанда өндірістің басты өнімі - білім деп түсінеді.

Қоғамды ақпараттандыру қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылады және оның барлық салаларының міндеттері қатарына білімдендіру де кіреді. Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап мемлекет тарапынан қоғамды ақпараттандырудың даму үдерісіне қажеттілік сезіле бастады. 1990 жылы «Қоғамды ақпараттандыру тұжырымдамасы» қабылданды, ал ақпараттан­дыру түсінігі ғылыми, қоғамдық-саяси териясында кең қолданыла бастады.

Ақпараттандыру түсінігін әр түрлі зерттеушілер өз еңбектерінде қарастырған, атап айтар болсақ, А. П. Ершов, А. Д. Урсул, В. С. Михалевич, Ю. М. Каныгин және басқа да зерттеушілер.

Солардың бірі А. П. Ершов бұл терминнің анықтамасы туралы өз басылымдарында былай дейді: «Ақпараттандыру - қоғамда адамның маңызды әрекет түрлеріне сенімді, уақтылы білімді толықтай қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені» [1] . А. П. Ершов сондай-ақ «ақпарат қоғамның сәтті дамуына қабілеттілікті қалыптастыратын стратегиялық ресурсы болып кететінін атап көрсетті. Сонымен бірге ЮНЕСКО қортындысы бойынша, ақпараттандыру бұрын болған және жаңа білімдердің қалыптасуын жүйелеу мен қазіргі басқаруды одан ары жетілдіріп, дамыту үшін пайдалануын қамтамасыз ететін кең масштабта ақпаратты тарату және сақтау әдістері болып табылады. Бір жағынан келтірілген екі анықтама да бір-біріне қарсы емес, екінші жағынан ақпараттандыру білім саласын да анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша «білімді ақпараттандыру» терминін екі анықтаманың адаптациясы ретінде түсінуге болады.

Егер «компьютерлендірудің» мақсаты оқу орындарын компьютерлер мен компьютерлік техникалармен қамтамасыз ету, сонымен қатар жоғары оқу орындарын интернет желісіне жаппай қосу болса, «ақпараттандыру» ұғымы одан кеңірек қолданылады - оның негізгі мақсаты ақпараттық технологиялар негізінде бірегей білім беру кеңістігін құру, негізгі қатысушылар арасында интерактивті байланыс орнату болып табылады. Осы айтылған үлкен көлемдегі мақсаттарға жету үшін, компьютерлік техниканы жеткізуді тиімді жоспарлау, байланыстарды орнату, сонымен қатар ақпараттық процесстерді оңтайландыру, ЖОО-ның қорларын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу керек.

1. 1 Мемлекетті ақпараттандыру стратегиясы

Қазіргідей ақпарат пен жаңа технологияның дамыған заманында әлемде мынадай үрдістер байқалуда:

  1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың ықпалымен барлық қоғамдық институттар мен адамның қызмет ету салаларының өзгеруі;
  2. Заманауи технологияларды әзірлеу, өндіру және енгізудің барлық салаларында алға басу;
  3. Елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың міндеттеріне бара-бар дамыған ақпараттық ортаны қалыптастыруға ұмтылу;
  4. Халықтың ақпараттық қорларға тең құқылы кепілдендірілген қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  5. Барлық деңгейдегі азаматтарды, қоғамдық институттарды, мемлекеттік билік органдары мен бизнесті ақпараттық қоғам жағдайында өмір сүруге дайындау.

Осы айтылған мақсаттарға жету барысында елімізде «Электронды үкімет» құрылды, Қазақстан Республикасында «Электрондық үкіметті» қалыптастыру Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша қолға алынды. Е-үкіметті енгізу бағдарламасы 2004 жылғы 10-шы қарашада Президенттің Жарлығымен бекітілді. Аталған тапсырманы жүзеге асыру аясында ведомствоаралық құжат айналымы электрондық нұсқаға көшіріліп, жеке және заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік деректер қоры мен тасымалдау ортасы құрылды. 2006 жылғы сәуірде «электрондық үкіметтің» www. egov. kz. порталы іске қосылды.

Электронды үкімет - ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дәл осы механизм.

2006 жылдан бастап Қазақстан электрондық үкіметті дамытудың үш кезеңін өткерді (ақпараттық, интерактивтік, транзакциялық) және қазіргі күні дамудың төртінші кезеңінде.

Бірінші кезең - ақпараттық. Бұл кезеңде порталды ақпараттық контентпен толтыру жұмыстары жүргізіліп, портал іске қосылды.

Екінші кезең - интерактивтік. Бұл кезеңде мемлекеттік қызметтерді интерактивті режимде ұсыну мүмкіндіктері іске қосылды. Азаматтар қажет анықтамаларды мемлекеттік органдарға бармай-ақ, ұзын-сонар кезекте тұрмай-ақ, санаулы минут ішінде электрондық нұсқада алу мүмкіндігіне ие болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөлшектік сатып алудың ақпараттық ағыны
Инвестициялық жобаны бизнес жоспарлау және оны басқару
Ауылшаруашылығында логистика инфрақұрылымын қалыптастыр
Камералдық бақылауды жүргізудің тиімділігі
Шабуыл күші
Капитал бюджетін қалыптастыру
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алудың ұғымы мен жүзеге асыру жолдары
Отандық кәсiпорындардың дамуында көліктік логистикалық әдiстердi қолдану қажеттiлiгiн теориялық және практикалық негiздеу
Логистиканың теориялық негіздері
Кәсіпорындағы логистика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz