Дискурс



Диплом жұмысы дискурстағы просо¬ди¬ка¬лық амалдар тұрғысынан саралап, оның айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анық¬тамас бұрын дискурс дегеніміз не екеніне тоқталдық. Дискурс қызметі ту¬ра¬лы алғашқы пікірлердің бірі ретінде ХІІІ ғасырдағы сириялық Абу әл-Фарадждың пайымдауын айтуымызға болады. Оның «Айтулы оқиғалар кітабы» еңбегінде: «Дауысын көтермей, ақырын, баяу сөйлеген адамның мұңға батып тұрғанын аңғаруымызға болады. Кейде адамның бұлай сөйлеуі оның еңбекқорлығын танытады» дей келе «дауыс» туралы пікірін: «кімде-кім әлсіз дауыспен сөйлесе-қозықа сияқты қорқақ, қатты және бейберекет сөйлеген адам - ешкі сияқты топас», – деп білдірген [1, 22].
Осы уақытқа дейінгі интонация, дискурс теориясына қатысты Г.П. Торсуева, Е.В. Клюев, О.Я. Гойхман, О.М. Казарцева, Л.А. Кантер, Т. Милевская, М.Л. Макаров, Р. Сыздық, Н. Уәли, Ә. Жүнісбек, Ж. Абуов, З.М. Базарбаева, Г. Әзімжанова, З.Ерназарова, Б .Мурзалина еңбектерінде бұл мәселелер әр қырынан қарастырылады.
Дискурс француз тілінен аударғанда «сөйлеу» мағынасын білдіреді. «Дискурс – экстралингвистикалық, яғни парадигмалық, әлеуметтік, мәдени, психологиялық факторлармен байланысты болатын мәтін. Белгілі бір оқиғаны баяндайтын мәтін» [2, 7].
Дискурстың көрерменге ұғынықты қабылдануында просодикалық тәсілдердің қызметі басым. Егер әр оқырман оқылатын мәтінді әр түрлі интонациямен оқитын болса, онда дискурс қабылданбайды. Дискурстағы негізгі мәселелердің бірі сөйлеуші мен тыңдаушының бір-бірін түсінуі ғана емес, мәселе сахнада айтылған сөзді есту арқылы көрерменнің қабылдауында. Классикалық драматургияда дискурс мақсатқа жету үшін, кейіпкер бейнесін сомдап, ойды жеткізуде актер әрбір сөздің интонациясын дәл қойып, нақышына келтіріп оқи білу керек. Дискурс ыңғайында берілген сөйлесім актілері хабарлау, қарсылық білдіру, мақұлдау, келіспеу тағы басқа мақсаттарды жүзеге асыруда просодикалық тәсілдердің қызметі басым. Профессор Г. Әзімжанова: «Интонация мәтінде де үлкен рөл атқарады: Әр түрлі стиль мен жанр түрлерін әр түрлі ыңғайда безендіреді, мәтінді әр түрлі мағыналық бөлшектерге бөледі, тыңдаушыға эмоционалды - эстетикалық әсер ете алады, фразааралық байланысты қамтамасыз етеді», - деп пайымдаған. Салғастырмалы түрде зерттеу тақырыптың өзектілігін танытады.
1.Абуль-Фарадж. Книга занимательных историй / сирия тілінен орыс тіліне аударған А. Белова., Вильскера /. ˗ Москва, 1957. ˗ 269 с.
2. Сыздықова Р. Бүгіні көркем проза тілі және әдеби норма // Өнер алды ˗ қызыл тіл. Мақалалар жинағы. ˗ Алматы, 1986. ˗ 85 б.
3. Қазақ көркем проза мәтінінің прагматикалық әлеуеті. ˗ Алматы, 2006.
˗ 324 б
4. Базарбаева З. Қазақ тілі: Интонология.Фонология. ˗ Алматы: Жібек жолы, 2008. ˗ 326 б.
5. Қабуснама /өзбек тілінен аударған және алғы сөзін жазған Т. Айнабеков/.
˗ Алматы, 2005. ˗ 160 б.
6. Сыздықова Р. Сөз сазы. ˗ Алматы: Санат, 1995. ˗ 117 б.
7. Тұранқұлова Д. Сахна тілі. ˗ Алматы: Білім, 1999. ˗ 210 б.
8. Аманжолов С. Тіл және жазу. ˗ Өскемен, 2005. ˗ 404 б.
9. Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің негіздері // филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. ˗ Алматы, 2007.
˗ 330 б.
10. Ерназарова З. Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі. ˗ Алматы, 2001 ж . ˗ 194 б.
11. Сыздықова Р. Сөз сыры (сөзді дұрыс айту нормалары). ˗ Алматы, 1983 ж.
12. Сыздықова Р. Сөз қолданыс және әдеби норма (жазушы және сөз мәдениеті). – Алматы, 1983 ж.
13. Шалабаев Б. Текст лингвистикасы туралы (қазақ тілі мен әдебиеті), 1993.
14. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеушілер. – Алматы, 1966 ж.
15. Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері. ˗ Алматы, 2000 ж.
16. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы, 1994 ж.
17. Балақаев М. Қазақ тілінің граматикасы, 1948.
18. Қордабаев Т., Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі синтаксис. Ғылым. 1982ж.
19. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы. ˗ Алматы, 1991ж.
20. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері. ˗ Алматы, 1940ж.
21. Сыздықова Р.Ғ. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтауыш. А. 1976 ж.
22. Сыздықова Р.Ғ. Абайдың прозалық шығармаларындағы күрделі ойдың белгілері. ˗ Алматы, 1965 ж.
23. Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. ˗ Алматы, 1995 ж.
24. Есенов Қ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы. ˗ Алматы, 1982 ж.
25. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі граматикалық ұғымдар. ˗ Алматы, 1992 ж.
26. Кеңесбаев І., Мұсабеков Ғ. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика).
˗ Алматы, 1962
27. Қалиев Б. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы. ˗ Алматы, 1984.
28. Сәдуақас Ж. Қазақ тіліндегі бір құрылымды сөйлемдер. ˗ Алматы, 1996.
29. Сыздықова Р.Г. Сөз сазы. А. 1995ж.
30. Ерназарова З. Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі. ˗ Алматы, 2001 ж.
31. Сыздықова Р. Қазақ тілінің анықтығышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы) Астана, 2000 ж.
32. Базарбаева З.М. Қазіргі қазақ тілі интонациясының негіздері. ˗ Алматы, 2002 ж.
33. Баймұратова И. Қазақ тіліндегі интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдер. ˗ Алматы, 2003 ж.
34. Жұбанев Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. ˗ Алматы, 1966 ж.
35. Ақанов К. Граматика терминологиясының негіздері. ˗ Алматы, 1996 ж.
36. Нұрмаханова Ә. Қазіргі қазақ тілі. ˗ Алматы, 1961 ж.
37. Нұрмаханова Ә. Н. Жүнісбекова К. Қазақ тіліндегі сөйлемдердің интонациясын оқыту мәселелері. ˗ Алматы. 1982 ж.
38. Базарбаева З. Интонация жүйесінің теориялық негіздері. ˗ Алматы, 2001ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Диплом жұмысы дискурстағы просо - ди - ка - лық амалдар тұрғысынан саралап, оның айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анық - тамас бұрын дискурс дегеніміз не екеніне тоқталдық. Дискурс қызметі ту - ра - лы алғашқы пікірлердің бірі ретінде ХІІІ ғасырдағы сириялық Абу әл-Фарадждың пайымдауын айтуымызға болады. Оның Айтулы оқиғалар кітабы еңбегінде: Дауысын көтермей, ақырын, баяу сөйлеген адамның мұңға батып тұрғанын аңғаруымызға болады. Кейде адамның бұлай сөйлеуі оның еңбекқорлығын танытады дей келе дауыс туралы пікірін: кімде-кім әлсіз дауыспен сөйлесе-қозықа сияқты қорқақ, қатты және бейберекет сөйлеген адам - ешкі сияқты топас, - деп білдірген [1, 22].
Осы уақытқа дейінгі интонация, дискурс теориясына қатысты Г.П. Торсуева, Е.В. Клюев, О.Я. Гойхман, О.М. Казарцева, Л.А. Кантер, Т. Милевская, М.Л. Макаров, Р. Сыздық, Н. Уәли, Ә. Жүнісбек, Ж. Абуов, З.М. Базарбаева, Г. Әзімжанова, З.Ерназарова, Б .Мурзалина еңбектерінде бұл мәселелер әр қырынан қарастырылады.
Дискурс француз тілінен аударғанда сөйлеу мағынасын білдіреді. Дискурс - экстралингвистикалық, яғни парадигмалық, әлеуметтік, мәдени, психологиялық факторлармен байланысты болатын мәтін. Белгілі бір оқиғаны баяндайтын мәтін [2, 7].
Дискурстың көрерменге ұғынықты қабылдануында просодикалық тәсілдердің қызметі басым. Егер әр оқырман оқылатын мәтінді әр түрлі интонациямен оқитын болса, онда дискурс қабылданбайды. Дискурстағы негізгі мәселелердің бірі сөйлеуші мен тыңдаушының бір-бірін түсінуі ғана емес, мәселе сахнада айтылған сөзді есту арқылы көрерменнің қабылдауында. Классикалық драматургияда дискурс мақсатқа жету үшін, кейіпкер бейнесін сомдап, ойды жеткізуде актер әрбір сөздің интонациясын дәл қойып, нақышына келтіріп оқи білу керек. Дискурс ыңғайында берілген сөйлесім актілері хабарлау, қарсылық білдіру, мақұлдау, келіспеу тағы басқа мақсаттарды жүзеге асыруда просодикалық тәсілдердің қызметі басым. Профессор Г. Әзімжанова: Интонация мәтінде де үлкен рөл атқарады: Әр түрлі стиль мен жанр түрлерін әр түрлі ыңғайда безендіреді, мәтінді әр түрлі мағыналық бөлшектерге бөледі, тыңдаушыға эмоционалды - эстетикалық әсер ете алады, фразааралық байланысты қамтамасыз етеді, - деп пайымдаған. Салғастырмалы түрде зерттеу тақырыптың өзектілігін танытады.
Зерттеу нысаны. Дискурстағы просодикалық амалдар, тіл мәдениеті сапасы, айырмашылық белгілері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дискурстағы просодикалық амалдарды қарастыру. Алға қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қарастырылды:
˗ дискурс теориясын қарастыру;
˗ дискурстағы интонацияны сипаттау;
˗ дискурстағы тіл мәдениетін көрсету;
˗ дискурстағы тіл мәдениетінің ерекшеліктерін көрсету;
˗ дискурстағы контур ерекшелігі, просодикалық тәсілдердің өзгерісіне жеке -жеке тоқталу нәтижесінде синтагмалар мен ырғақты топтарға лингвистикалық сипаттама беру;
Диплом жұмысының әдіс-тәсілдері. Дискурстағы просодикалық амалдарды зерттеу барысында әр түрлі ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды. Атап айтқанда, жинау, сұрыптау, топтау тәсілдерін басшылыққа ала отырып, салғастыру әдісі, сонымен қатар жұмыс барысында дәстүрлі сипаттау, семантикалық және лингвомәдени талдау әдістері қолданылады.
Диплом жұмысының нәтижелері. Зерттеу жұмысында дискурстағы просодикалық тәсілдердің қызметін жан-жақты ашып көрсету;
˗ просодикалық тәсілдердің дискурстық сипатын анықтауда эксперименттік-компьютерлік, интонологиялық әдіспен талдауды басшылыққа алу;
˗ сөйлеуші сөзінің интонациясына талдау жасау барысында мәтінді фразаларға жіктеу арқылы олардың әрбірінің әуенінің қозғалыс бағытын анықтау және суперсегментті тәсілдер арқылы сөйлеу толқынының бірлігіне лингвистикалық талдау жасау;
˗ тілдегі классикалық драмалық шығармалардың оқылуындағы просодикалық тәсілдердің өзгерісіне жеке-жеке тоқталу нәтижесінде синтагмалар мен ырғақты топтарға суперсегменттік бөлшек болып табылатын интонемалардың сегіз түріне инварианттар негізінде лингвистикалық сипаттама беру;
Диплом жұмысының дереккөздері. Жұмыста дискурстың мәні мен мазмұнына терең бойламас бұрын, оның зерттелуіне тоқтала кеттік. Дискурс талдау теориясына қатысты жарияланған шетелдік зерттеушілер еңбектері (Т.Гивон, А.Е.Кибрик, Т.Ван Дейк, Н.Хомский, Л.С.Выготский, Т.В.Ахутина т.б.) мен қазақ тіл білімінде мәтін лингвистикасына, стилистикаға, синтаксиске және когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеу жүргізген ғалымдар (Р.Сыздық, Р.Әмір, Т.Сайрамбаев, Б.Шалабай, А.Жұбанов, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Г.Қосымова, З.Ерназарова, Г.Әзімжанова, Қ.Есенова, Ж.Қайшығұлова, Қ.Айтмұхаметова т.б.), дискурсқа қатысты пікір білдірген Н.Уәли, Д.Әлкебаева, Г.Бүркітбаева, Ж. Кеншінбаева т.б. зерттеулері бар.
Дискурс ұғымын алғашында шетелдік зерттеушілер әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарап зерттеді. Мысалы, Т.Ван Дейк, Дж. Остин, Дж. Серля, М.Фуко, Э.Гофман, С.И.Виноградов, Б.П.Паршин, В.З.Демьянков, Ю.С Степанов және т.б. еңбектері қолданыстағы дискурстың қырларын айқындауға негіз болды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымша беріледі.

1 ДИСКУРСТЫҢ ТІЛДІК ТАБИҒАТЫ

Дискурс термині француз тіліндегі discurs - сөйлеу, ағылшын тілінде discurs - талқылау, лебізді сөйлеу деген мағынаны білдірсе, бүгінде атаушыға, сөйлеушіге меншіктелген сөз сынды жаңа мағынаға да ие болып жүр.
Дискурс ұғымы тіл білімі тарихында ХХ ғасырдың 70-80 жылдарынын бастап қолданыла бастады. Дискурс ұғымын ғалымдардың пікірінше көп компонентті психология, философия, этнология, лингвистика, әдебиеттану сияқты ғылымдарға да ортақ мәселе ретінде карастыру керек. Дискурс деп аталатын динамикалық мәтін лингвистикасы және дискурс теориясы деген бір-бірімен тығыз байланысты бағыт кең ауқым алып отыр.
Дискурс туралы ғылыми зерттеулердің ішінде әр түрлі пікірлер бар. ХХ ғасырдың ортасында Эмиль Бенвенист айтылым теориясына орай, дискурс терминін француз лингвистикасына тән етіп жаңа мағынада қолданады. Бұл жаңа мағынаны айтушыға, сөйлеушіге меншіктелген сөз деп түсінуге болады. Дискурс туралы айтылған пайымдаулар мен тұжырымдар өзара айырмашылықтары бар бірнеше бағытты қалыптастырды.
Бірінші бағыт. Өкілдері дискурс терминін таза лингвистикалық аспектіге қолданғанды жөн санайды. Бұл бағыттағы зерттеушілер дискурсты сөйлеу, мәні, диалог сияқты дәстүрлі ұғымдарды нақтылап дамыту үшін қолданады.
Мәселен, неміс ғалымы Зеллиг Харис, дискурсты (сөйлеу) диалог пен диалогтік қарым-қатынас құрылымын тығыз байланыстыратын коммуникативтік оқиға шеңберіндегі ақпарат қозғалысының заңдылықтарын зерттеу деп қарастыруды ұсынады.
Дискурс терминін Ф. де Соссюр қолданбаса да бұл ұғымның мәнін тіл мен сөйлеудің қарым-қатынасы ретінде таныс, екеуін тығыз байланыстыра қарастыруды құптайды.
Екінші бағыт. Бұл бағытқа француздық структуралистердің пікірлерін жатқызуға болады. (M.Фуко, А. Грейсяс, Ж.Герида, Ю.Кристер, М. Пеше, т.б. ). Бұл ғылымдар дискурсты стиль ұғымымен байланысты қарастыра отырып, тілді әлеуметтік қарым-қатынас субъектісін нақтылауға атсалысатын құрал ретінде таниды. Пушкиннің тілі, Пушкиннің стилі бөлек деп қарастырады.
Үшінші бағыт. Неміс ғалымы Ю. Хавермас Дискурс национальности деген еңбегінде: Дискурс - шындық өмірден алшақтауда жүзеге асатын коммуникацияның ерекше түрі. Дискурс бұл сөйлеу әрекетінің көрінісі, - дейді.
Дискурс терминінің күрделенуіне байланысты ғылымда әлі тұрақтанған анықтама қалыптасқан жоқ. Осыған орай дискурс ұғымы прагмалингвистика, функционалды лингвистика, лингвостилистикада ие болып жүр. Сөйтіп дискурс термині лингвистикада әртүрлі түсіндіріліп келеді.
Дискурс өте күрделі коммуникативті-прагматикалық кұбылыс болып табылады. Ол белгілі мәтін құрылымының қалыптасуына үлкен себеп болатын белгілі коммуникативтік процеске мінездеме береді.
Дискурс терминіне пәнаралық қызығушылық та артқан. Көптеген теориялар, бағыттар, тәсілдер пайда бола бастады. Бұл бағыттардың барлығы жиылып біртұтас бір аумақ құрады да, ол дискурсты талдау (анализ) деп аталады. Аталған термин пәнаралық ғылыми бағыт ретінде өзге де түрлі философия, әлеуметтану, психология, мәдениеттану, әдебиеттану мен семиотика, заң, педагогика т.б. сынды ғылым салаларынан орын алды. Мәселен, дискурс ұғымы ХХ ғасырдың 70- жылдарынын бастап философияда да кеңінен қолданыла бастады.
Дискурс ұғымы Ю. Хабермас Коммуникативтік компетенция теориясына дайындық атты еңбегінде пайдаланып, оған мынадай белгілер тиесілі: Дискурс ˗ тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде дискурс- уақыттың мәдени-тілдік контексі. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада дискурс қандай да болмасын мағынаны, құнды іс-әрекеттің нақты тілдік шындығын айтады - деп қарастырады.
Дискурстың тіл мен сөзден (речь) айырмашылығы бар. Дискурс коммуникативтік жағдайдың ажырамас бөлігі болғандықтан, дискурста тіл нақтыланады, туындайды, толығады.
Осындай дискурс ұғымына қатысты берілген түрлі анықтамаларды қарастыра келе, төмендегідей түйіндемелер жасауға болады:
дискурс ˗ тілдік бірліктердің барлық қолданысын байланыстыратын атау;
дискурсты тілдік әрекет, сөйлеудің жолы, тәсілі дейміз;
дискурс мәтін түзуші ˗ мәтін ˗ мәтін қабылдаушы үшеуінің тұтастығы негізінде қарастырылады;
дискурс ˗ сұхбаттасушылардың өзара қарым-қатынасы.
Сөйтіп, дискурс термині айтуды, сөйлеуді сипаттайды және міндетті түрде қандай, кімдікі деген анықтауыш қосыла айтылатын болады.
Қарым-қатынастың негізгі түрлері дискурс пен мәтіннің өзіндік ерекшеліктерін салыстырмалы түрде көрсетсек:
Жалпы, дискурс терминін түсіндіруде сөйлеу, мәтін, авторлық стиль немесе қолданыс сияқты ұғым-түсініктерді өзара тығыз байланысқан ұғымдар жүйесі негізінде қарастырылуы керек.
Ғылыми әдебиеттерде мәтін термині белгілі бір мағыналық тұтастыққа ие болатын, қандай да бір шығарманың барлық көрінісін білдіретін тілдік категория,
сондай-ақ, мәтін ұғымы көбінесе сөйлеудің жазбаша формасы ретінде танылса, дискурс ұғымы ауызша сөйлеуде қолданылады. Мәтін мен дискурс термині ретінде кейбір әдебиеттерде мәндес, мағыналас қолданылатын тұстары бар. Кей жағдайда бұл екі терминді қолдану әркімнің жеке таңдануына байланысты болып келеді.
Дискурсивті талдаудың өзекті мәселелерінің бірі - дискурс құрылымы. Оның макро және микро құрылымдары бар. Дискурстың макроқұрылымы адресаттың берілген ақпаратты түсінуіне негізделіп, дискурстың негізгі мазмұнының жалпылама сипаттамасын танытады. Макроқұрылымға әңгіме эпизоды, газет мақалаларындағы абзацтар, ауызша диалогтағы репликалар т.б. жатады. Дискурстың макроқұрылымы шағын болса да оқушысына, тыңдаушысына мағлұмат бере алатындай болуы тиіс. Т.Ван Дейк макроқұрылымды реферат немесе резюме деп атаған. Макроқұрылымның дискурсы оқушы мен тыңдаушының дискурстың қалай түсінгеніне байланысты түзіледі.
Дискурстың микроқұрылымы (кіші құрылымы) өзара семантикалық байланыс бар жекелеген сөйлемдер (атауыш сөздер, не етістіктерден тұратын сөздер) және педикацияланған сөйлемдер (етістік немесе баяндауыштар сөйлемде болмаса да, сол ыңғайда көрінетін ойдың аяқталған мазмұны бар) құрайды.
Дискурс құрылымына әсерін тигізетін бірнеше факторлар туралы да ерекше айтуға болады. Олар: дискурс жанры, тіл құрылымының қандай функционалды стильге қатыстылығы ескеріледі.
Тіл құрылымында интонация, хабардың қай жақтан баяндалуы, бастауыштың орын тәртібі т.б. көрсетіледі.
Прагматикалық фактор мәдениетпен тығыз байланысты. Дискурс құрылымында ерекше ескерілетін енді бір жайт - коммуникация сөйлеушінің психологиялық күйі.
Дискурстың пайда болуы мен қолданысқа түсуі тілдік тұлғалар арасында тіл мен ойдың өзара ұштасуы нәтижесінде сөйлемде көрініс табуы. Дискурстың түзу барысында тілдік тұлғаның білімі, өмірлік тәжірибесі, сөйлеу тактикасы мен статистикасы т.б. түрлі жағдайларды айрықша ескеріледі.
Тіл білімінде тіл мен сөйлеуді екі бөлек етіп қараудың қажет екенін ғылыми тұрғыда алғаш дәлелдеп берген ғалым Ф.де.Соссюр болды. Ол сөйлеуді тілдік материалдардың жанданып іске қосылуы, тілдің қатынас айналымына түсуі дей келе тіл білімін тіл лингвистикасы, сөйлеу лингвистикасы деп екі салаға бөледі де, алғашқы ˗ негізгі, нысаны ˗ тіл, ол әлеуметтік құбылыс, соңғысы ˗ көмекші нәрсе, нысаны ˗ сөйлеу әрекеті, сөйлеу индивидуалдық құбылыс деп көрсетеді.
Дискурс - сөйлеу әрекеті ретінде танылады. Дискурс тілдің қызмет етуіне, дамуына тікелей қатысты. Тіл дискурс арқылы қатынас құралы бола алады. Ал тіл мен сөйлеудің бір-бірінен өзгешіліктері мыналар:
˗ cөйлеу ˗ негізінен индивидуалдық және әлеуметтік құбылыс, ал тіл - тек әлеуметтік жалпы құбылыс;
˗ сөйлеу ˗ құбылмалы, өзгерімпаз, ал тіл - тұрақты ;
˗ сөйлеу өзі қызмет еткен қоғамдық ортадағы бар фактордың әсеріне ұшырайды;
˗ тіл ˗ лингвистикалық заңдылыққа бағынады, ал сөйлеу кейде ол заңдылықты бұзады;
˗ тіл ˗ негізгі ұғым. Ол ˗ қоғам мүлкі. Жеке адам тілі жоқ. Ал сөйлеу ˗ жеке адам мен қоғамға тәуелді.
Қарым-қатынас үстінде, ойын жеткізуде адам өзіне керекті ақпаратты тіл деп аталатын қазынадан алады. Оның ішінен адам өзіне қажеттісін талғап, таңдап алады, байланыстылық пен тұтастыққа негіздеп тұтас сөз құрап шығарады. Демек, осы айтылған тіл мен сөйлеу өзара тығыз байланысты өмір сүреді. Бір-бірінсіз қатынасқа түсуі мүмкін емес.
Дискурсты сөйлеу тұрғысынан алып қарастырсақ та, сөйлеу ең алдымен ауызша формада жүзеге асырылатыны мәлім. Сол себепті сөйлеудің қайнар көзі, бұлағы шешендік сөздерде, шешендік өнерде жатыр деуге болады. Сөйлеу мәдениетінің озық үлгісі - шешендік өнер.
Прагматика тіл білімінде де, өзге пәндер аясында да қолданыс табады. Ол өте күрделі, көп аспектілі сала. Әлемдік лингвистикада прагматика жан-жақты сөз болуда. Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік таңба мен сөйлеуші арасындағы байланысты зерттейтін прагматика саласы даму үстінде. Прагматикада тілдік таңбаның әсер етуші қызметі, таңбаның мағынасы мен мәтіндік, контекстік мәні айқындалады. Тіл деңгейлейлерінің барлық бірліктерін прагматикалық аспектіде қарастыруға болады.
Прагматика көп қырлылығымен де танылады. Сол себепті зерттеуші ғалымдар оны мынадай аспектілерде қарастырып келеді: пікір айтудың прагматикалық мағынасы (ақиқат, жалған, прессупозиция, сөйлесім жағдаяттары интерпретация, бағалау логикасы, диалог).
Мәселен, философияда прагматикалық бағыт негізінде тілдің философиясымен байланыстырыла қарастырылса (ақиқат логикасы, бағалау логикасы), психолингвистикада сөйлесу қызметтері, адамның психологиялық әлемінің прагматикалық әрекетін тануда ерекше орын алады.
Шешендік дискурста прагматиканың орны ерекше. Коммуникацияға түсуші сөйлеуші мен таңдаушы сөздерінің өн бойынан прагматика орын алады. Шешендік сөздер прагматикаға негізделген. Шешендік сөйлеудің басты мақсаты -тыңдаушысына әсер ету, сол арқылы би-шешендер өз прагматикасын жүзеге асырады.
Мәтін туралы зерттеулерде мәтін типологиясы туралы кеңінен баяндалады. Мәтін типологиясы мәселесі мәтіндік кеңістіктің мүшеленуіне байланысты мәтіннің жалпы теориясынан бөлініп шықты. Сондай-ақ, кейінгі жылдары бұл мәселе зерттеушілердің қызығушылығын тудырып келеді. Типология - мәтінді жеке типтерге, кластарға бөлуге деген қазіргі таңда бірмағыналы жалпы қабылданған пікірі жоқ мәтін лингвистикасының бір саласы болып отыр. Лингвистикадағы мәтін типологиясы әлі де зерттеулерді қажет ететін қомақты іс болып саналатындықтан, мәтіндердің типологиясын берудегі қиындықтардың бірі ретінде оның бірыңғай интегративті терминдерінің болмауына байланысты туындап отыр.
Мәтіндерді топтастыруға орай ғалымдардың ұсынған түрлі топтастырулары бар. Мәтін типологиясының аумағын алғаш қарастырған В.Я.Пропп болды. Ол 1928 жылы жарық көрген Морфология сказки атты еңбегінде мәтіннің типологиясын ұсынады. Француз ғалымы Клода Бремон аталған еңбектің кұндылығының бүгінге дейін жойылмауы туралы ерекше атап өтеді.
В.Я.Пропп еңбегі мәтін типологиясын жасаудың алғашқысы, негізгісі болды. Мәтін типологиясын жасау өткен ғасырдың 60-70 жылдарынан басталып, оның негізінде мәтіннің түрлі белгілері, құрылымдық, мазмұндық жақтары ескерілді.
Мәтінге қатысты жасалған типологияны алғаш ұсынушы С.А.Фридрих. Мәтін типологиясына қатысты жан-жақты қарастырылған неміс тіліндегі еңбек А.Кречмердікі. Ол 70-80 жылдары жарық көрген он жеті жұмысқа талдау жасайды. Сонымен қатар неміс зерттеушілерінің арасында мәтін типологиясын жасауда өз ізденістерін танытқандардың бірі - К.Циммерман. Ол типологияны екі түрлі негізгі ішкі және сыртқы түрде алып қарастырады.
Ал И.Мистрик, Т. Вайнрих, Р.Харвег сынды ғалымдар мәдениетінің ішкі ерекшеліктерін таза тілдік тұрғыда қарастырады. Алдымен, мәтін өз ішінде тілдік бірліктер арқылы байланысты деп көрсете отырып, мәтіннің типологиясын беруде, мәтіннің байланыстылығын ерекше белгісі деп есептейді. И.Мистрик мәтінді құрушы лексикалық бірліктер десе, Р. Харвег өзінің типологиясында мәтін құруға негіз болатын есім сөздер дейді.
Мәтінді лингвистикалық, құрылымдық тұрғыда жан-жақты ашып көрсететін типологиялардың бірі - Г.Я.Солганиктің типологиясы төмендегідей болып келеді:
1) берілу сипатына қарай (1,2,3-жақта);
2) сөйлеудің сипатына карай (тура, жанама);
3) сөйлеуге бір, екі немесе көптеген коммуниканттарды қатысуына қарай (монолог, диалог, полилог);
4) сөйлеудің функционалды-мағыналық түріне қарай: cуреттеу, әңгімелеу, пайымдау ;
5) сөйлеудің өзара байланысына қарай: тізбекті, параллель байланыс ;
6) тілдің қызметіне және экстралингвистикалық белгілеріне орай;
7) функционалды стильдер;
8) функционалды стилистика.
Мәтін типологиясын жасау үшін мәтіннің байланыстылығы негізге алыну қажет. Мәтіннің байланыстылығы мәтіннің типімен анықтайды.
Осындай мәтінге берілген түрлі типологиясын айқындауға болады.

1.1 Дискурс және шешендік
˗ сөйлеудің типі: cөйлесу, әңгіме, пікірталас;
˗ сөйлеудің өтуі: (ресми, бейресми);
˗ сөйлеудің берілу сипатына қарай: (2.3 - жақта );
˗ сөйлеудің сипатына қарай: (тура, жанама);
˗ сөйлеуде тыңдаушылардың саны: (жеке адам, көпшілік);
˗ сөйлеуге бір, екі немесе көптеген коммуниканттардың қатынасына қарай (монолог, диолог, полилог);
˗ тыңдаушының әлеуметтік құрамы: (бірыңғай, әр алуан);
˗ сөйлеудің мақсаты: (хабарлау, ықпал ету).
Шешендік сөздер - суырып салма ақындыққа ұқсас құбылыс болғандықтан, тіпті көрініс бір деуге болады. Ошақ қасы, төбе басындағы ертеңгі, әңгіме үстінде айтылатын әзіл, айтыстардан бастап, торқалы той, топырақты өлім тұсындағы жиын-топтарды, келелі кеңесі, кісі құны сияқты дауларға араласады. Осындай да құнды ойлар айту, сөйлесу, әңгіме, пікірталас түрінде өрбиді; шешендік сөздер дискурсты ел ішіндегі болатын түрлі жағдайларға орай, мәселен, екі ел бітімге келердегі елшілермен сұхбат сынды оқиғалар ресми түрде өтсе, күнделікті мәселелер бейресми түрде жүргізіледі; сөйлеудің берілу сипаты шешендік сөздер дискурсында негізінен екі жақты диологқа құрылатындықтан, оқиға 2,3-жақта баяндалады;
Тағылымы мол шешендік сөздерді беруге сөйлеудің сипаты кей ретте тура, кейде жанама тұспал түрінде көрініс тауып отырады; қарым-қатынас жағдайында коммуникативті оқиғаға қатысушы жеке адам немесе көпшілік болуы да мүмкін; комминиканттар бір, екі немесе одан да көп болуы мүмкін; қатысым әрекеті монолог, диолог, полилог түрінде келеді; пайымдау, оның ішінде риторикалық пайымдау түрлері қолданыс табады; адамды қандай пікірде болсын сендіре алатын, ал оны ақыл-парасаты оған не айтса, соған қанағат тұтатын және оны азды-көпті дәрежеде растайтын пайымдаулар болып табылады. Би, шешен тыңдаушысының әлеуметтік құрамын ескермейді, онда тыңдаушылардың құрамы бірыңғай не әр алуан болып келуі мүмкін; тыңдаушыға ықпалы әсері айрықша болады.
Таным және ғылыми жүйеліктің мақсатына қарай дискурстың шегі уақыттың белгілі бір мерзіміне, білім саласына, мәндердің үлгісіне және басқа да параметрлерге қатысты белгіленеді. Параметр ұғымы физика мен математика салаларында кеңінен орын алады. Ал тіл білімінде, мәтін лингвистикасында параметр сөйлеудің типтеріне орай қарым-қатынасқа түсушілердің сұхбатында қолданыс табады. Дискурстағы негізгі параметр.
Сөйлеуші. Ол коммуникативтік процесті ұйымдастыру үшін сөз саптайды. Сөйлесуші шешен өзінің ойын тындаушыға мүмкіндігінше толық түсінікті жеткізуге тырысады. Айтылатын ойдың тыңдаушысына түсінікті болуы үшін сөйлеуші онын білім деңгейін, жас ерекшелігінің жағдайларын да ескеріп отырады.
Шешендік сөздер дискурсындағы хабарды қабылдаушы оқырман не тындаушы. Қарым-қатынас жағдайында да аса маңызды рөл атқарады. Ол қарым-қатынастың ойдағыдай өтуіне ықпал етеді. Тыңдаушының белсенділігі, деп қоюы, аударуы, қабылдауы, білім деңгейі ерекше ескеріледі. Оның қарым-қатынас үстіндегі басты тәсілі түсіну болып табылады.
Қарым-қатынас кезіндегі сөйлесушіге қатысты параметрге назар аударсақ:
а) жай мәтіндерге: ұрандар, жарнамалық мәтіндер, үндеулер, кітаптың, мақаланың аты жатады;
ә) күрделі мәтіндерге: өзінің көлемі, күрделі ұйымдасуы негізінде ерек- шеленетін мәтіндер (пьеса, роман, повесть, поэма), ғылыми мәтін (монография, мақала) жатады;
б) кешенді мәтіндер: бұл мәтіннің ұйымдасуының күрделірек түрі, оны қабылдау, түсіндіру қиындық тудырады және жоғары деңгейдегі әдеби-көркем жағынан терең білімді оқырманды қажет етеді;
в) функционалды-стильдік параметр - бұл параметр бойынша топталған мәтіндер қарым-қатынастың мақсаттылығы мен аумағы есебінде қарастырылады: іскерлік, ғылыми, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем мәтіндер;
г) дайындалған параметрі жағынан: (спонтандык) ішкі себептермен пайда
болған, жағдайлық (ситуациялық) деп бөлінеді.
Тұтастық пен байланыстылық параметрі мәтіннің психолингвистикалық типологиясын беруде қолданылады. Бұл параметрді ұсынған Л.В. Сахарный болды. Ол мәтіннің мынадай түрлерін ұсынады:
а) нормативті мәтін (тұтас және байланысты);
ә) деректі мәтін; алгоритмдік параметр - бұл параметр бойынша А.Н. Баранов алгоритмдік мәтіннің үш түрін көрсетеді: жазылып алынған, жартылай жазылып атынған, жазылып алынбаған.
Жазылып алынбаған мәтін өзіндік ішкі ойлауға, ситуациялығымен, вербальды айтылуда ауқымды варианттылық арқылы ерекшеленеді. Оған көбінесе көркем мәтін қатысты болып келеді. Ішкі ойдың берілу параметрі: бұл параметр сыпайы мәнді және ресми мәнді мәтіндер арқылы көрінеді. Ресми мәтінді айтылатын мәтіндерге келісім шарт мәндерін, бұйрық, жарғы, т.б. жатқызылса, сыпайы мәнді мәтіндерге көркем мәтін жатады; функциональды - прагматикалық параметр: алдын-ала жазылған мәтін, суреттеу мәтіні, бағалау мәтіні (Л.Г.Бабенко, Ю.В.Казарт, ) жатады.
Мәтін типологиясын беруде мәтіннің ұйымдасу параметрімен қатар мәтіннің ұйымдасу принципі де ескеріледі. Себебі, мәтін құраушы тұтастық, бірлік, байланыстылық қасиеттері белгілі бір жүйемен, принципке негізделіп жасалуы шарт.
Көркем мәтіннің ұйымдасуындағы өзгешелік - образдылық, көркем бейнелеу.
Ауызша сөйлеу мәтіні - ассоциацияға ойлауға негізделеді, әлемді нақты, сезімдік және эмоционалды қабылдау;
Ғылыми немесе теориялық мәтін - логикалық ілім мен ұғымға негізделеді;
Қолданбалы мәтіндер - дайын білімге негізделген және алдын ала (есептелген) орындалған мәтін, (ақпараттық мәтіндер қандай да болмасын) ақпарат міндетті түрде адресатпен қарым- қатынас негізінде жеткізіледі. Бұл мәтін түріне негізінен сөздіктер, анықтамалар жатқызылады:
Үгіт мәнді мәтіндер - белгіленген шарттары бар. Сөйлеу кезінде адресаттың танымы мен сезіміне әсер етеді. Мұндай фактінің өзіне айқын баға беріледі;
Жалпылай ақпарат беретін мәтіндер - әр кезеңде не бірінші, не екінші типте кей жағдайда екі типте де жалпылай ақпарат беретін мәтін;
Жарнамалық мәтін - ақпаратты жеткізудің бірден-бір түрі. Көбіне сауда ісінде қолданылып, сатып алушының назарын аударту мақсатын көздейді).
Осы аталған ұйымдасу принциптерін ескере отырып, шешендік сөздер дискурсының ұйымдасу принциптерін былайша тұжырымдауға болады:
˗ шешендік сөздер дискурсы ассоциативті ойлауға, образдылыққа қатысты болады;
˗ шешендік сөздер дискурсы нақты сезімдік және эмоционалды қабылдауға негізделеді;
˗ шешендік сөздер дискурсындағы коммуникативті оқуға, ойлауға, сезуге, қабылдауға, сөйлеуге, яки сөйлесуге қатысты болып келеді.
Дискурс параметрінде қарым-қатынасқа түсушілердің саны, сөйлеуде белсенді әрекет жасаушылар, сөйлеуден қалыс қалып отырғандар ескеріледі. Соған орай шешендік сөздер дискурсындағы сөйлесім параметрлерін былайша топтастырып көрсетуге болады
˗ шешендік сөздер дискурсындағы сөйлеу формасы ˗ ауызша, мәтінде ˗ жазбаша;
˗ шешендік сөздер дискурсындағы серіктес ˗ нақты, мәтінде ˗ белгісіз;
˗ шешендік сөздер дискурсындағы тыңдаушы орта ˗ шексіз, мәтінде ˗ дифференциалды;
˗ шешендік сөздер дискурсындағы сөйлеуге дайындық ˗ жеткілікті, мәтінде ˗ минималды;
˗ шешендік сөздер дискурсындағы тыңдаушылардың реакцииясы ˗ шешуші, мәтінде ˗ шешімін таппайды;
˗ шешендік сөздер дискурсының қолданылу аясы ˗ бейресми, мәтінде ˗ ресми.
Сонымен, сөйлеу дегеніміз - қарым-қатынас жасау, ал қарым-қатынас жасау дегеніміз - өзара әрекеттесу. Сөйлеу актілерін жіктеуде сөйлеуші шешенге деген сенім, иланым бірінші кезекке қойылады.

1.2 Дискурс және тіл мәдениеті
XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап философияда кеңінен қолданыла бастады. Тұңғыш болып дискурс ұғымын Ю. Хабермас өзінің Коммуникативтік компетенция теориясына дайындық атты еңбегінде қолданған болатын. Содан бері бұл термин батыстық философияда кең қолданылып жүр. Хабермас дискурсқа мына төмендегідей белгілер тиесілі деп қарастырады - қарым-қатынасқа, сұхбатқа имманентті (іштей тиесілі), сол кезеңнің қоғамдық өмірінде қалыптасқан нормалар, ережелер және негізгі құндылықтар жинағынан тұратын идеологиялық тіл. Ондағы идеология деп отырғанымыз жалпы белгілер жүйесі деген мағынада қолданылып отыр. Дискурс - тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз - уақыттың мәдени-тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады. Ф. де Соссюрден бастап қазіргі француз функционалистеріне дейінгі классикалық лингвистика тілді қоғамның барлық мүшелеріне ортақ, түсінікті константты (өзгермейтін) құрылым деп қарастырады. Ол түсініктің пайда болуына тілге деген мынадай көзқарастар әсер етті. Біріншіден, тілде бір нақты нәрсені білдіретін белгі және сол нәрсенің өзі бірін-бірі анықтайды деген түсінік; екіншіден, сол тілді қолданатын тілдік ұжым мүшелері үшін тілдік белгілердің бәрі бір мағынаға ие; үшіншіден, осы жоғарғы айтылғандардың нәтижесінде тіл қоғамның барлық әлеуметтік топтарына бірдей қызмет етеді. Шындығында, тіл - бәрімізге ортақ, бәріміз осы тілде сөйлесеміз, бір-бірімізді түсінеміз. Бірақ, күнделікті өмірдегі сөз саптасымызға жіті көңіл бөлетін болсақ, онда біз мынадай қызық нәрсені байқаймыз - әрбір сөз өзінің нақты заттық, бұйымдық мазмұнынан басқа көптеген уақытша, өзгермелі идеологиялық мағынаға да ие екен. Сол шексіз көптүрлі мағынаның болуы бір ұлтқа тиесілі ортақ тілді көптеген социологтарға бөліп-бөліп жібереді. Осы социологтарды М. Бахтин әлеуметтік-идеологиялық тіл, айтылған сөз деп, Р. Барт жазу типі деп атайды. Адамның бірде-бір сөзі тиянақталып, аяқталмаған, өйткені ой принципті түрде тәмамдалуы мүмкін емес. Әрбір сөз әрбір адамның рухани әлемінде өзіндік өзгеріске ұшырайды. Тірі сана, тірі қарым-қатынас барысында тілді бұлжымас, қозғалмас жүйе деп қарастыру мүмкін емес. Адам үшін оны қоршаған тілдік орта да, ол адамның өзінің тілдік санасы да түгелдей дерлік көпдауыстылықтан, көпмағыналылықтан тұрады. Сөз ендігі жерде, тек бір нәрсені білдіріп қана қоймайды, сөздің өзіндік иісі, тіпті өзіндік дәмі де бар. Рухани әлемнің өзіндік ерекшелігін оның белгілік, таңбалық қасиетінен іздеу керек. Рухани болмыс - мағыналы белгі, таңба болмысы. Рухани әлемнің белгілік болмысы адам болмысының материалдық шындығынан өзгешелеп қана қоймайды, тіпті материалдық әлеммен жақындастырып, біріктіреді де. Өйткені, белгі қашанда материалдық, заттық белгі. Сондықтан да белгілік шығармашылықтың жемістері - өнер туындысы, ғылыми жұмыстар, діни рәміздер, салт-дәстүрлер және тағы басқалары бәрі - адамды қоршаған шынайы әлемнің материалдық заттай бөліктері. Олардың басқа заттардан ерекшелігі оның мағынасында, мәнінде, өзіндік құндылығында.
Адамдар қарым-қатынасының әмбебап құралы ретінде белгі түгелдей дерлік қоғаммен, әлеуметпен қатынасты әлеуметтік болмыс. Ол қашанда адамдар сұхбатына, адамдар қарым-қатынасына бағышталған. Белгілік шығармашылық және ол шығармашылықтың мазмұны тікелей қарым-қатынас, сұхбат негізінде ғана жүзеге асуы мүмкін.
Жалпы ұғыну мәселесі XX ғасыр философиясындағы өзекті тақырыптардың біріне айналды десек болады. Осы мәселеге сонау Ф. Шлейермахерден, В.Дильтейден бастап М. Хайдеггер, Х.Г. Гадамер сынды ойшылдар көп көңіл бөліп, біраз тер төкті. Түсіну мүмкіншілігі туралы айтылған біраз көзқарастарды қарастырып өткеніміз жөн. В. Дильтей өзінің міндетін гуманитарлық ілімнің ерекшеліктерін, немесе сол В. Дильтейдің кезіндегі Германияда қалыптасқан терминология бойынша, рухани ғылымдардың өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру деп білді. Сондықтан да ол өзінің негізгі еңбегін тікелей рухани ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдарының қарама-қайшылығына негіздеп, Рухани ғылымдарға кіріспе (1883) деп атады. Рухани ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдарының ерекшелігі олардың зерттеу объектілерінің өзгешелігімен ғана байланысты емес, сонымен қатар ол ғылымдардың таным тәсілімен де, тәжірибе үлгісімен де байланысты. Табиғаттың белгілі бір мақсаты жоқ және ешқандай мағыналық құрылымы жоқ болып келеді. Жаратылыстану ғылымдарында табиғат - таным объектісі ретінде ақыл-ойы және еркі бар адамға (таным субъектісіне) қарама-қарсы тұр, өйткені адам үшін табиғат қашанда сыртқы әлем, сыртқы тәжірибенің материалы. Ал енді гуманитарлық ілімдер, немесе рух туралы ілімдерде адамның өзі таным субъектісі бола тұра өзін-өзі, яғни адамды зерттейді. Сондықтан бұл жерде объекті мен субъектінің бір болуын, біріне-бірінің дәл келуін байқаймыз. Осы тұста В. Дильтей өзінің шығармаларының орталық мәселесін - адамның, субъектінің өзін-өзі түсіну, өзін-өзі танымдық объекті ету мүмкіндігі туралы жағдайды көтереді. Бір сөзбен айтатын болсақ, жалпы, гуманитарлық ілімдердің болмыстық мүмкіншілігін зерттейді. Рух туралы ғылымдар жаратылыстану жүйесіне сай құрастырылған қисынға негізделмейді. Адамды түсіну үшін оның дүниетанымын, көзқарасын, идеалдарын, яғни рухани әлемін білу қажет. Ал ол жаратылыстану ғылымдары сияқты көзге көрініп тұрған нәрсе емес, сондықтан оны танып білу, зерттеудің де өзіндік ерекшеліктері бар. Осы тұста бізді қызықтыратын ұғыну, түсіну мәселесі көтеріледі. Жаратылыстану ғылымдары зерттейтін пәніне көзімен көріп, қолымен ұстап сыртқы әлемнен сыртқы тәжірибе арқылы жететін болса, рухани ғылымдарға бұған қарама-қарсы тәсілмен әрекет ету керек. Рухани әлемді тек эмпатикалық ену, бойлау арқылы, яғни сол зерттейтін субъектінің орнына өзіңді қойып, соған айналу арқылы - бір сөзбен айтсақ, ұғыну арқылы танимыз. Жаратылыстану, немесе нақты ғылымдар өз фактілерін өздері түсіндіретін болса, ал рухани ғылымдарды түсіну, ұғыну керек. Оларды суреттеп, мазмұндап беру мүмкін емес, оларды түсіну керек, әркім өз санасынан өткізіп, өз жеке басымен сезіну керек.
Табиғатты біз түсіндіреміз, сипаттаймыз, ал рухани өмірді ұғынамыз. Табиғат құбылыстары қайталанбалы нәрсе, сондықтан да оларды тәжірибе жүзінде бақылауға болады, ал рухани ілім объектілері, мысалы тарихи факті өмірде жалғыз рет қана орын алады, бірегей, сондықтан да ешбір тәжірибе жүзінде бастапқы қалпында қайталанбайды. Біз ешқашан Цицеронды өмірге қайта келтіре алмайтындығымыз сияқты, ешқашан оның өмір сүрген кезеңін де, ондағы тарихи жағдайларды да бәз қалпында қайталай алмаймыз. Нақты ғылымдарда біз абстрактілі жалпылауыш түсініктермен істес болсақ, ал тарихи ілімдер немесе тағы да басқа рухани ілімдерді игеру барысында біз өзіміз сияқты ерен жеке тұлғамен, оның ойымен, арман-мақсатымен кездесеміз. Басқаны объективті түрде суреттеп, сипаттап, түсіндіріп беру мүмкін емес. Басқаны ұғыну, сезіну, түсіну қажет. В.Дильтейдің осы ұғыну теориясы герменевтиканың бастауында жатыр. В. Дильтей үшін Цезарьді түсіну Цезарь болуды талап етеді. Тарихи тұлғаны тек іштей ене түсіну ғана мүмкін, яғни соның терісін жамылып, соның орнына өзіңді қойып қана ол туралы бір нәрсе айта аласың. Қарап отырсақ, рухани әлемдегі болмыстың табиғи әлемнен ерекшелігін көрсетуге тырысқан В. Дильтей тым субъективті тәсілді пайдаланған көрінеді. Зерттеуші өзінің өмір сүріп отырған уақытынан, оның негізгі әлеуметтік-мәдени контексінен ешқашан ары кете алмайды, өйткені адамдардың белгілі бір мәдени-әлеуметтік кезеңге сай өзіндік психологиялық қалпы болады. Түгелдей дерлік, бар жан-тәніңмен бұдан бұрын өткен тарихи тұлғаларға немесе ондағы идея - ойларға ену мүмкін емес. В. Дильтейдің ұғыну теориясы шын мәнінде басқаны тану, түсінуге жол бастамайды, өйткені тек біреуге етене ену арқылы басқаның (өткен тарихи тұлғаның) басқалығын түсіну мүмкін емес, өйткені сен өзіңді басқада жоғалтып алдың, өзіңнің біртұтастығыңнан айырылдың. Шынайы ұғыну қаншалықты біреудің ішкі тұңғиығына бата білсең, соншалықты одан биікке көтеріле алуды талап етеді. Ұғыну үшін танымдық контекст болу керек. Біздің танымдық контексіміз қаншалықты кең болса, яғни біздің зерттеу нысанымызды салыстыратын, қарама-қарсы қоятын басқа объектілер көп болса, соншалықты біз оны (зерттеу объектісін) терең түсінеміз. Таным екіжақтылықты қажет етеді, біріншіден, зерттейтін нәрсеңе іштей ену, екіншіден, одан тысқары кету. В. Дильтей мұның біріншісіне ғана маңызды деп мән беріп, екіншісіне көңіл аудармады. Сондықтан да оның ұғыну теориясы өміршең бола алмады. А. Дильтейден гөрі ұғыну теориясында шындыққа Х.Г. Гадамер жақын болды. Ол зерттеушіні, түсіндірушіні, талдаушыны біржақты текст авторының тарихи жағдайына қойып, оның өзінің тарихи шекарасын ұмытуын мақсат тұтпады. Х.Г. Гадамер әлеуметтік-тарихи, мәдени көкжиектерді жақындатуды ұсынды. Х.Г. Гадамер өз еңбектерінде зерттеуші мен зерттелушінің бір-бірінің алдынан қарама-қарсы шықпайынша, шынайы түсінудің болмайтындығын айтады. Түсінудің негізгі мақсаты ақиқат түбіне жету болатын болса, ол ақиқатқа өзінің (зерттеушінің) нақты тарихи жағдайы мен өткен (зерттелуші) әлемнің диалогы, бітпес сұрақтарға берілген шексіз жауаптар қатынасы арқылы ғана жетуге болады. М. Бахтиннің ұғыну теориясы В. Дильтейдің қатесін қайталамайды. Ол түсіну барысында өзін-өзі ұмытпау керектігін, өзін сырт қалдырмау қажеттігін, онсыз танымның толық емес, біржақтылығын айтады. Түсінуді, ұғынуды етене ену және өзіңді басқаның орнына қою (яғни өз орныңды жоғалту) деп қана қарастыру жөнсіз. Ұғыну үшін мағыналық артықшылық қажет, ал оған біз тек өзіміздің дара, бірегей орнымызда тұрғанда ғана, өз орнымызды жоғалтпағанда ғана ие боламыз. М. Бахтиннің бір қарағанда жүйесіздеу, үзікті паратерминологияға сүйенген философиясының өзіндік қисыны бар, әр түрлі мағыналық топтарды біріктіретін ортақ идеясы бар. Оны жалпылай келе мәдениет әлеміндегі адамның сұхбаттық болмысы деуге болады. Басқаның абсолютті қажеттілігін мақсат тұтатын диалог адам санасының болмыстық қасиетінен туындайды. Басқаны ақыл-ой өзінің ұғымдары арқылы толығымен қамти алмайды, ол дәстүрлі мағынадағы философиялық категория да емес, абстракция да емес, өмірдің өзінен о баста орын алған, өмірдің негізінде жатқан Менің сүйемелім, егіз сыңарым Адам ешқашан біртұтастықты өз басынан ғана таба алмайды. Мәселе мұнда біреудің біреуден тәуелділігінде емес, мәселе адамның амбивалентті, бинарлы болмысында. Адам әрқашан басқалармен қарым-қатынаста болғысы келеді, өзінің жалғыздығынан шошиды, олай болса, жеке адам, жалғыз басты адам өз-өзіне жеткіліксіз. Сол жетіспеушіліктің, жоқтың орнын толтыру үшін басқа адам керек. Мен басқаларға тығыламын, басқалар үшін басқа болуға тырысамын, басқалардың әлеміне басқа ретінде кіремін, сөйтіп өзімнің өмірдегі жалғыздығымның ауыртпалығынан кетуді қалаймын. Бірақ, мен түгелдей дерлік өзімді, өз орнымды жоғалтпаймын. Өйткені менің қазіргі тұрған бұл дүниедегі жалғыз нүктемде осы болмыстың осы кеңістігінде менен басқа ешкім орналаса алмайды. Менің істейтін ісімді бұл дүниеде менен басқа ешкім жасамайды. М. Бахтин таным объектісі ˗ шындықты екі қатарда қарастыруға болады дейді: табиғаттың таным субъектісінен тысқары жатқан объективті процестерінің қатары және адам туралы, немесе таным субъектісі туралы қатарға белуге болады. Олардың біріншісі әлем туралы ой болатын болса, екіншісі - әлемдегі ой болып табылады. Біріншісін тануда түсіндіру қажет, ал соңғысында түсіну қажет. Түсіндіруге бір сана, бір субъект қатынасты, ал түсіну үшін, ең кемінде, екі сана қажет. Объектіге деген сұхбаттық қатынас болуы мүмкін емес, сондықтан түсіндіруде сұхбатқа орын жоқ. Ал ұғыну, түсіну қандай да бір мөлшерде сұхбатты қажет етеді. Гуманитарлық ілімдердің негізгі тәсілі - түсінудің, ұғынудың сұхбаттылығы қазіргі герменевтикада (талдау, түсіну теориясында) өзінің жалғасын тауып отыр. Алдымызда жатқан, бізге берілген тексті түсінудің, ұғынудың қажеттілігі бізге, интерпретаторға, талдаушыға, осы текст сұрақ қояды дегенді білдіреді. Сондықтан ұғыну интерпретаторға қойылған сұрақпен тікелей байланыста жүріп отырады. Тексті түсіну әлгі қойылған сұрақты түсіну. Гуманитарлық танымның объектісі - текст (жазбаша текст болсын, ауызша текст болсын). Мұндағы текст деп отырғанымыз өзіңді жеткізудің, көрсетудің бір түрі, өзіңді ойлай білетін субстанция ретінде табу жолы. Тіпті құдайдың өзі де алғашқыда өзін сөз арқылы табады. Бастапқыда сөз болған... Адамның өзін-өзі табу, өзін-өзі басқаға жеткізу құралы ретінде іс-әрекетті, қылықты да айтуға болады. Ӏс-әрекет, қылық та өзіндік текст ретінде түсіндіріле алады. Адам іс-әрекеті потенциалды текст және ол өз уақытының сұхбаттық контексі арқылы ғана түсіндіріледі.
Текст (әңгіме, сөз, хат, оқиға) әрқашан біреуге (біреулерге) бағышталған әрі сол бағышталғандығымен ғана құнды, бағалы. Текст авторының ішкі дүниесімен қатар өзіндік көзқарасы, дүниетаным шеңбері бар. Әлемде бірдей ойлайтын, бірдей түсініп, бірдей ұғынатын екі адамды кездестіре алмайсың. Әлем дегеніміз - әрқашан түрлі дауыстар, түрлі түсініктер, түрлі сана-сезімдер полифониясы.
Х.Г. Гадамер ұғыну мәселесіне келгенде текст, немесе сұрақ көкжиегінің басымдылығына көңіл аударуды талап етеді. Тексті түсіну, сұрақты түсіну дегеніміз зерттеуші мен зерттелушінің көзқарасының біріне-бірінің қосылуын, бірігуін білдіреді. Ал М. Бахтин үшін бірігудің міндетті еместігін көреміз, ең бастысы - тәуелсіз екі көзқарас шеңберінің кездесуі, сұхбаты болса болғаны. Зерттеуші өзінің ізденіс объектісінің қарайтын айнасы, айнадағы бейнесі болып қалмай, текстінің жаңа мәнін туғызатын белсенді қатынасушысы, шығармашыл бастамасы болуы керек. Жекеленген жалғыз сөйлем, сөз, ой болуы мүмкін емес. Оның алдында да артында да көптеген сөйлемдер, сөздер, ойлар қоршауы тұр. Бірде бір сөйлем не соңғы не алғашқы бола алмайды. Ол - әрқашан белгілі бір тізбектің байланысатын бір бөлігі ретінде ғана қарастырылуы мүмкін. Ұғыну, түсінудің сұхбаттығы оған аяқталмаған, шектелмеген қасиет береді. Айтылған сөз естуді, ұғынуды қажет қылады. Ол да бір сұрақтың әлемдегі бір жауабы. Осылайша, мәңгілік шексіз ұмтылыс... Текстің өз бітімі белгілі бір мәдениетке қатынасты, сол мәдениеттегі қалыптасқан ортақ тілдік, стильдік кеңістіктен шығады. Ал текстің мазмұны текстің өзінің ішкі шекарасына сыймайды, оның мазмұны түгелдей дерлік түп-тамырымен мәдениеттер контексінде орналасқан. Автор мен интерпретатордың дискурсы, контексі бір болса, онда тексті түсіну еш қиыншылықсыз еркін түрде өтеді. Ал бөлек болған жағдайда интерпретатордың арнайы білімін қажет етеді. Осы тұста М. Бахтин үлкен уақыт терминін енгізеді. Ол терминнің гуманитарлық білімдер тәсілдемесіне үлкен ықпал еткендігін айта кету керек. Үлкен уақыт алғашқы мән-мағынаның дән іспеттес өсіп-өніп, өзінің бастапқы шегінен (о бастағы дән қалпынан) шығуының куәсі, мән-мағынаның негізін өзгертпей барып өзгеріске ұшырауының куәсі. Үлкен уақытта мән-мағына өзінің бастауынан ағып шығып, бірақ өз арнасын жоғалтпаған өзен іспеттес алға жылжи береді.
Ұғыну, түсіну барысында төрт сатыны байқауға болады. Олар шынайы ұғыну процесінде бөлінбестей бірігіп тұрғанымен де, танымдық процесс барысында әрқайсысы өз қызметін атқарады:
:: Тексті қабылдау;
:: Берілген тіл шеңберінде текстің негізгі мағынасын түсініп, тану;
:: Нақты осы мәдениет контексінде оны ұғыну;
:: Осы текстің мазмұнын белсенді сұхбаттық түсіну процесі.
Тексті түсіну үшін дәлме-дәл, сөзбе-сөз оқу шегінен шығу керек: текст авторының көзқарасына және оның дүниетанымына, автордан тыс адамдардың дауысына, яғни, қоршаған әлеуметтік орта көзқарасына қанық болу керек, әрі осы текст соған жолданған-ау дейтіндей мүмкін адресатты да көз алдыңа елестете білу қажет. Текстің сұхбаттық жүйесіне потенциалды түрде (мүмкіншілік ретінде) енген ұғыну, түсіну, талқылау осы текстің мағынасын өзгерістерге ұшыратады. Тексті түсіну үшін оның басқа текстермен және мәдени контексімен қатынасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дискурсология
Тіл біліміндегі дискурс туралы
Саяси коммуникация және саяси дискурс
Араб саяси дискурсының ерекшеліктері
Аудармада экспрессивті құралдарды қолдануды талдау
Бұқаралық дискурс ерешеліктері
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ДИСКУРСЫН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨРКЕМ ФИЛЬМ
Дискурс туралы
Қазақ дипломатиялық дискурсы негіздері
Американдық саяси дискурс
Пәндер