Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім.

1. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектер.

2. Жасалу жолдары.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Сөзжасам 1991 жылы жоғары оқу орындарының оқу жоспарына кіріп, содан бері қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бөлімінің студенттеріне жеке пән ретінде оқытылып келеді.

Бұл пәннің оқу жоспарына қосылуы сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы ретінде танылуына байланысты. Сөзжасам мәселесі бұл кезеңге дейін мүлдем оқытылмады деуге болмайды. Сөзжасам жеке сала болып танылмаған кезде, ол морфология саласына жатқызылып, морфология курсымен бірге оқытылып келді. Бірақ, морфология құрамында сөзжасам мәселелерінің тек сөз таптарының сөзжасамы ғана қамтылды. Сөзжасамның басқа мәселелері ол кезде зерттелмеді де, окытылмады.

Сөзжасам шетел тіл білімінде, орыс тіл білімінде тіл білімінің жеке саласы ретінде басқа салалардан кеш танылғанымен, қазақ тіл білімімен салыстырғанда, оларда жиырма шақты жыл бұрын танылды. Оқу жоспарына да пән ретінде бізден ертерек қосылды. Қазақ тіл білімінде сөзжасамның дербес сала ретінде танылуы 1989 жылға жатады. 1989 жылы шыққан «Казіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографияда сөзжасам казақ тіл білімінің жеке саласы деп дәлелденді.

Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылуы оның өзіндік зерттеу нысанасы болуымен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін сөзжасамдық үлгілерді, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т. б. толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселелерді зерттейді, яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді. Тілдің сөзжасам жүйесі казақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын жаңа сөздер жасау арқылы толықтырып отыратын негізгі тілдік кұбылыс болғандықтан, тілде оны іске қосып отыратын сөзжасамдық заңдылықтар, әдіс-тәсілдер көне замандардан бері қолданылып, дамып іріктеліп, түрлі өзгерістерді басынан өткізіп, қазіргі қалыпқа түсіп, әбден қалыптасқан. Сондықтан тілде жаңа сөз кездейсоқ, қалай болса, солай жасала бермейді. Ол тілде қалыптасқан заңдылықтар арқылы жүзеге асады. Сөзжасам пәні студенттерді осы зандылықтармен таныстырады, ол туралы нақтылы ғылыми деректер береді.

Негізгі бөлім.

1. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектер

Әр сөзжасамдық ұялар сандық құрамы жағынан түрліше. Сондықтан сөзжасамдық ұяның көлемі, кұрамы туралы сөз қозғағанда, әр сөзжасамдық ұя туралы жеке түрде сөз болуы керек.

Құрамы жағынан сөзжасамдық ұяның белгілі бір тұрақты көлемі жоқ. Ол үлкен де, кіші де бола береді. Сөзжасамдық ұяның көлемі түп негіз сөздің сөзжасамдық кабілетінің күштілігіне, кұнарлығына, өнімді-өнімсіздігіне байланысты.

Сөзжасамдық ұялар бір-біріне байланысты, бағынышты құрылымдар емес. Әр сөзжасамдык ұя өзінше бір дербес құрылым, әркайсысының өзіндік құрамы бар. Сөзжасамдық ұя екі мүшеден бастап, жүзден аса мүшелерден де құрала береді.

Сөзжасамдық ұя өте жүйелі, күрделі тілдік құбылыс. Сөзжасамдық ұя мүшелері белгілі тәртіпте орналасады. Ұя мүшелерінің орналасу тәртібі сөзжасамдық. сатыға, тізбекке байланысты. Сөзжасамдық саты түп негіз сөзден 1-жасалған туындыдан бастап, туындылардың жасалу, өрбу ретімен тізбектің соңғы сөзімен аяқталып отырады. Әр сөзжасамдық тізбек сөзжасамдық тарам мүшелерінен бастау алады. Сондықтан ұяда қанша тізбек болуы ұядағы тарам мүшелеріне байланысты. Сөзжасамдық ұя үнемі негіз сөз бен негізді сөзден тұратыкдықтан, олар сөзжасамдық жұп кұрайды. Бұдан сөзжасамдық, ұя жұптан, сатыдан, тарамнан, тізбектен тұратыны анықталады. Сөзжасамдық ұяның осы мүшелері оның құрыльмын құрайды, сөзжасамдық ұяның жүйесін жасайды. Осы мүшелерсіз сөзжасамдық ұя болуы мүмкін емес, сондықтан сөзжасамдық жүп, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдықтарам, сезжасамдық саты, сөзжасамдық ұяны құрайтын негізгі мүшелер болып табылады.

Ал сөзжасамдық үяның мүшелерінің ешкайсысы кез келген орында, бірде олай; бірде былай сөзжасамдық ұяда орналаса алмайды. Олардың калыптасқан тәртібі бар, сөзжасамдық ұяда ол тәртіп сақталады. Сондықтан да сөзжасамдық ұяның белгілі құрылымы бар, оны құрайтын тұрақты мүшелер бар, ол мүшелер сөзжасамдық ұяда белгілі тәртіпте орналасады, және олар бір-бірімен байланысты, бұл оның жүйелі құбылыс екенін көрсетеді.

2. Сөзжасамдық тізбек

Сөзжасамдық ұя мүшелерінің негізгілерінің бірі - сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық ұя орыс тіл білімінде зерттеле бастағаннан бері оның құрамында сөзжасамдық тізбек те зерттеле, таныла бастады. Сөзжасамдық ұя теориясының негізін қалаушы А. Н. Тихонов болғандықтан, ғалымның сөзжасамдық тізбекке берген анықтамасын келтірген дұрыс, ол: "Под словообразовательной цепочкой мы понимаем ряд однокоренных слов, находящихся в отношениях последовательной производности"-деп анықтаған ол.

1980 жылғы "Русская грамматика" атты академиялық грамматикада сөзжасамдық тізбекке: "Словообразовательная цепочка - это ряд одңокоренных слов, находящихся в отношениях последовательной мотивированности" деген анықтама берілген.

Қазақ тіл білімінде сөзжасамдық тізбек мәселесі тұңғыш рет 1989 жылғы "Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі" атты монографияда тұңғыш рет көтеріліп, алғаш сөзжасамдық тізбек термині ғылыми айналымға түскен. Ол монографияда сөзжасамдық ұя, тізбек, саты, негізділік (мотивация) т. б. сөзжасамның жалпы мәселелерін профессор Н. Оралбаева жазған болатын. Монографияда сөзжасамдық тізбек мәселесін талдай келе, автор оған төмендегідей анықтама берген:". Сөйтіп, бір түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы сөзжасамдық тізбек деп аталады".

Бұл анықтамалардың бәрінде сөзжасамдық тізбекте қанша туыңды сөз болса да, олардың бір негізгі түбірден тарайтынын негізгі белгінің бірі деп, оны анықтамага кіргізген. Бұл - шындық. Сөзжасамдық тізбектің кайсысын алсақ та, оның құрамындағы туынды түбірлер бір түп негіз сөзден бастау алады. Олай болса, тізбек атаулы түп негіз сөзден өрбиді яғни сөзжасамдық тізбектің құрамында міндетті түрде түп негіз сөз болуы шарт. Түп негіз сөзсіз сөзжасамдық тізбек болмайды, түп негіз сөз сөзжасамдық тізбектің негізгі мүшесі.

Сөзжасамдық тізбектің негізгі мүшесі - түп негіз сөзден жасалған туынды түбір сөздер. Тізбектің құрамындағы туынды сөз біреу де, бірнешеу де бола береді. Мысалы, жүп кұптық; жыр-жырла-жырлас; зар-зарла->зарлат->зарлатқыз. Осы мысалдардағы 1-тізбекте бір ғана туынды сөз бар, 2-тізбекте екі туынды түбір, 3-тізбекте 3 туынды түбір бар.

Бұл туынды сөздердің санының тізбекте түрлі болатынын көрсетті. Сонда тізбектегі түп негіз сөздің саны түрақты болады да, туынды сөздің саны тұрақсыз болады. Бұлар - сөзжасамдық тізбектің негізгі мүшелері.

Сөзжасамдық тізбектегі түп негіз сөз бір морфемалы сөзден болады. Ал туынды сөз екі морфемалы, я одан да қөп морфемалы болып келе береді. Мысалы, ал-алым-алымды, бөл-бөлім - бөлімше->бөлімшелі деген екі тізбектің алғашқысының құрамындағы түп негіз - ол бір морфемадан түрады, ал осы тізбектің туыңдылары алым - екі морфемалы, алымды -үш морфемалы сөз. Екінші тізбектегі түп негіз - бөл деген сөз - бір морфемалы сөз, бөлімше - 3 морфемалы, бөлімшелі - 4 морфемалы сөз.

Бұдан тізбектің бір мүшесі ғана бір морфемалы сөз болып, калған мүшелері екі не одан да көп морфемалы сөз болатыны анық көрінді. Мұның себебі тізбектің құрамында бір ғана негізгі түбір сөз болады, қалғандары туынды түбір сөз болады. Туынды түбір сөздер жұрнақтар арқылы жасалатындықтан, ол сөз құрамындағы морфеманың саның арттырады. Ал тізбеккте бір туындыдан екінші туынды жасала беретіңдіктен, ондай туындылардың морфемдік саны көбее береді. Мысалы, ек егін егінші егіншілік деген тізбектегі туындылардың морфемдік саны барған сайын артып отырғаны байқалып тұр. Бір тізбекте бірнеше туынды сөз болған жағдайда тек негізгі түбір сөздең жасалған туынды түбір сөз ғана екі морфемалы туынды сөз болады да, қалған туындылар көп морфемалы туынды сөздерге жатады.

Туынды сөздердің құрамыңдағы морфемалар да түрліше. Олар: негізгі морфема және көмекші морфемалар. Тізбектегі туынды түбірлердің құрамындағы негізгі морфема - түп негіз сөз, көмекші морфемалар - жұрнақтар. Анығырақ айтқанда, тізбектегі туынды сездердің бәрінің құрамында тізбектің түп негіз сөзі үнемі орын алады да, оған түрлі жүрнақтар қосылып отырады, Мысалы, жи--жиын жина -жинал->жиналыс деген тізбекте 4 туынды түбір сөз бар. Сол төрт туынды түбір сөздің, құрамына да жи түп негіз сөзі қатысқан. Бұл заңдылық барлық сөзжасамдық тізбекке ортақ. Ол осы туынды сөздердің бір түбір сөзден тарағандығы, жасалғандығын білдіреді. Мұндай бір түбір сөзден жасалған туынды түбірлер түбірлес сөздер болып саналады. Олай болса, сөзжасамдық тізбектің құрамында туынды сөздер бір түп негіз сөзден жасалғандыкган, олар түбірлес сөздер болып саналады. Сондықган сөзжасамдық тізбек тек қана түбірлес сөздерден құралады. Бұл белгі сөзжасамдық тізбекке берілген анықтамалардың бәрінде дерлік ескерілген, өйкткені бұл -сөзжасамдық тізбектің негізгі белгілерінің бірі.

Сөзжасамдық тізбектегі түбірлес туынды түбір сөздер бірінен-бірі тікелей жасалған туынды түбір сөздер болуы - тізбектің негізгі белгілерінің бірі. Мысалы, ек->егін->егінші->егіншілік деген тізбекті алсақ, ек сөзінен егін, егін сөзінен егінші, егінші сөзінен егіншілік туынды түбірі жасалған. Бұлардың арасында басқа сөз жоқ, болуы да мүмкін емес. Өйткені сөзжасамдық тізбек теіс кана бірінен-бірі тікелей туындаған, бірінің жасалуына екіншісі негіз болатын ылғи негіз сөз бен негізді сөзден ғана, яғни сөзжасамдық жұптардан ғана кұралады. Ол жұптың соңғы мүшесі келесі жұптың негіз сөзі болып, басқа жұптың құрамына өтіп отырады, Мысалы, кел->келіс->келісім->келісімпаз. Осы тізбекте үш жұп бар: 1) кел-келіс, 2) келіс-келісім, 3) келісім-келісімпаз яғни бұл тізбектегі туындылардың, бірінен-бірінің тікелей туындауы болып табылады. Ал тізбек үшін бұл негізгі белгі болып саналады. Сондықтан да ол -тізбекке берілген анықтамалардың бәрінен орын алған негізгі белгі.

Ал ұяда 10 сөз болса, оның бәрі бірінен-бірі тікелей туындамаса, олар бір тізбек бола алмайды. Мәселен, жал деген түп негізден жасалған сөзжасамдық ұяда 9 түбірлес туынды сөз бар, бірақ олар бір сөзжасамдық тізбекке жатпайды, олар: 1) жал->жалдай; 2) жал->жалда->жалдан->жалданыр->жалданыдырт; 3) жал->жалдас; 4) жал->жалсыз; 5) жал->жалсымақ; 6) жал->жалша деген 6 сөзжасамдық тізбекке жатады. Себебі ол 9 туынды сөз бірінен-бірі туындамаған. Сегіз туынды сөздің бесеуі жал сөзінен тікелей жасалған туындылар, бірақ олар тізбекі аяқтап, әрі қарай өрбімеген: 1) жал->жалдай; 2) жал->жалдас; 3) жал->жалсыз; 4) жал->жалсымақ; 5) жал->жалша. Бұлар екі сөзден тұратын тізбектер. Бұлардағы туынды түбірлердің бәрі негізді сөздер, бірақ олардың ешқайсысы негіз сөздің қызметін атқармайды.

Осы ұядағы алтыншы тізбек қана (жал->жалда->жалдан->жалдандыр-> жаддандырт) 5 сөзден құралған, олардың төртеуі бірінен-бірі тікелей туындаған түбірлес сөздер, сондықтан олар сөзжасамдық тізбек құрайды, бір тізбекке жатады.

Сезжасамдық тізбектегі сөздер негізінен екі түрлі қызмет атқарады, туынды сөз жасаушы және одан жасалған туынды сөз. Мысалы, зер->зергер->зергерлік дегек тізбекті алсақ, мұндағы сөз жасаушы тұлғалар: зер, зергер. Сол сияқты, көп->көбей->көбейт->көбейткіш->көбейткіштік деген тізбекте туынды сөз жасаушы тұлғалар: көп, көбей, көбейт, көбейткіш, ал олардан жасалған туындылар: көбей, көбейт, көбейткіш, көбейткіштік.

Бұл мысалдардан тізбек мүшелерінің әрі сөз жасаушы тұлға, әрі туынды түбір қызметін атқаратын яғни екі түрлі қызметін атқаратыны анықталды. Олар - алғашқы тізбекте зергер сөзі, соңғы тізбекте: көбей, көбейт, көбейткіш туындылары.

Сөзжасамдық тізбектің мүшелерінің осы кызметтері ғылымда сөзжасамның негізділігі (мотивированность) деп аталады. Осы тұрғыдан келгенде, сөзжасамдық тізбек негіз сөздер мен негізді сөздерден тұрады. Жаңа сөздің жасалуына негіз болатын сөз негіз сөз деп аталады. Мысалы, егін, жиын, ақта, көгер туындыларына негіз болған сөздер: ек, жи, ақ, көк, осы сөздердің негізінде жасалған сөздер: егін, жиын, ақта, көгер негізді сөздерге жатады.

Тізбек мүшелерінің бәрі осындай екі кызмет аткара бермейді, өйткені тізбек мүшелерінің ішінде бір кызмет атқаратын мүшелер де болады. Әр тізбекке бір қызметтен аткарын екі мүше болады, олар: тізбектің бірінші және соңғы мүшелері. Тізбектің 1-мүшесі негіз сөз қызметін ғана аткарады, соңғы мүшесі негізді сөз кызметін ғана атқарады. Бұл өзгермейтін әр тізбеккке тән белгі деп санауға болады.

Осымен байланысты сөзжасамдық тізбектің кұрамында бір негізгі түбір сөз болады. Ол - түп негіз сөз. Түп негіз сөз ешбір сөзден жасалмағандықтан, ол негізді сөзге жатпайды. Басқаша айтсақ, ол - негізсіз сөз. Негізсіз сөздің қалай жасалғаны түсіндірілмейді, ол тілдің табиғатында солай берілген сөз сияқты болып көрінеді. Кейбір негізгі түбір сөздерді ғана тарихи тұрғыда дәлелдеуге тырысу ғылымда бар. Ол - өз алдына мәселе.

Сөзжасамдық тізбектің құрамында жалғыз ғана негізсіз сөз болатындықтан, ол сөзжасамдық тізбекте негізсіз сөздің саны шектеулі дегенді білдіреді.

Сөзжасамдық тізбектегі түп негіз сөзден басқа сөздердің бәрі - негізді сөздер. Сөзжасамдық тізбектегі негізгі сөздердің санына шек қойылмайды. Біздің тілімізде бірден бастап, 5-6-ға дейін, кейде одан да көпке жете береді. Мысалы, тарт->тартпа деген тізбекте негізді емес түбір де, негізді түбір де біреуден ғана. Ал қоз->қозға->қозғал->қозғалақ->қозғалақта->қозғалақтас->қозғалақтастыр->қозғалақтастырт->қозғалақтартқыз сияқты сегіз негізді сөзден тұратын тізбектер де кездеседі.

Сонымен сөзжасамдық тізбек түп негіз сөз бен негізді сөздерден тұрады. Тізбектегі түп негіз сөздің саны тұрақты, негізді сөздің саны тұрақсыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөзжасам – лингвистика ғылымында жеке сала ретінде кеш дамып, жетіліп келе жатқан сала
Сөзжасамдық тәсілдердің бөлінісі
Сөзжасамның сөз жасаушы тәсілдері
Тілдің сөзжасамдылық жүйесі
Сөзжасамдық ұяның лингвистикалық сипаты
Сөзжасамның жалпы түсініктері. Морфемдік талдау және орфография
Тілдің сөзжасам жүйесі
Сөзжасамның қазақ тіл білімінде зерттелуі
Еліктеу сөздердің лексика - грамматикалық ерекшеліктері
Бас сөзі негізіндегі сөзжасамдық үяның сөзжасамдық сатыларындағы туынды сөздерді зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz