Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік басқару есебінің жүргізілуі, олардың проблемалары мен жетілдіру жолдары


Мазмұны
Кіріспе . . . 5
1 Басқару есебінің негіздері
1. 1 Басқару есебі жөніндегі жалпы түсінік . . . 8
- Бюджет туралы түсінік, мақсаты және құрылу міндеттері . . . 17
- Сметаны құрудың кезеңдері . . . 23
2 Басқару есебі жүйесінде бюджеттеуді жүзеге асыру ерекшеліктері (Алматы қалалық әкімшілігі мысалында)
- Қорлардың деңгейін жоспарлау және бақылау . . . 27
- Қаржыландыру жоспарының орындалуын бақылау . . . 40
2. 3 Басқару шешімдерін қабылдаудағы өндіріс шығындары динамикасын талдау . . . 46
3. Бюджеттік ұйымдардағы басқару есебінің проблемалары және оны жетілдіру
3. 1 Бюджеттік бақылау жүйесі . . . 50
3. 2 Бюджеттік ұйымдағы есепті жетілдіру жолдары . . . 53
Қорытынды . . . 59
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 62
Кіріспе
Қазақстан Республикасының бюджеттік Кодексіне сәйкес 2009-2011 жылға арналған бюджеттік заңы Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлауын, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізінде жүргізуге мүмкіншілік береді [1] .
Диплом жұмысының өзектілігі - бюджеттік ұйымдардағы басқару есебін ұйымдастыру ерекшеліктері мен орын алып отырған проблемаларды айқындау. Басқару есебінің принциптері деп орын алған шаруашылық фактілерін байқау және жинақтау, ұйымдар қызметін тиісті ақпараттар және мәліметтермен қамтамасыз ететін мәні бар жүйені айтамыз.
Есеп беруді ұйымдастыру деп - есеп жүргізудің жағдайын, құрамдас элементтерін, есеп кезеңдерін арнайы тәртіпке сай қатаң сақтау, бухгалтерлік есеп жүргізудің түрлерін жүргізу, есептеу техникаларын тиімді пайдалануды айтамыз.
Диплом жұмысының мақсаты - бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік басқару есебінің жүргізілу ерекшеліктерін зерттеп, олардың проблемалары мен жетілдіру жолдары туралы тиісті қорытындылар жасау.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылады:
- Бюджеттік ұйымдарда басқару есептің ұйымдастыру негізі мен ерекшеліктерін айқындау;
- Бюджеттік ұйымдарда бухгалтерлік есептің нормативтік актілері мен жүргізілу қағидаларын сипаттау;
- Бюджеттік ұйымдардағы шығыс сметасының орындалуы мен есеп жүргізу саясатын қарастыру;
- Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің проблемалары мен жетілдіру жолдарын зерделеу;
- Халықаралық стандарттар негізінде қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру.
Бухгалтерлік есеп деп - орын алған шаруашылық фактілермен байқау жинақтау, ұйымдар қызметтің тиісті ақпараттар және мәліметтер мен қамтамасыз ететін мәні бар жүйені айтамыз [2] .
Дипломдық жұмыстың объектісі ретінде Алматы қалалық әкімшілік басқармасы алынды.
Дипломдық жұмыс жазу барысында Қазақстан Республикасы бюджеттік Кодексі, 2009 - 2011 жылға арналған бюджеттік заңы, ҚР Қаржы Министрлігінің нұсқаулар және басқа да нормативтік құжаттар, отандық және шет елдік экономист ғалымдардың еңбектері, ғылыми мақалалары қолданылды.
Жаңадан қабылданған 2009 - 2011 жылдарға арналған үш жылдық Бюджет Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің бірінші деңгейі республикалық бюджет болып табылады. Республикалық бюджетте ақша қаражаттарын орталықтандырып жинақтау мемлекеттің тиімді қаржы саясатын іске асыру қажеттілігімен түсіндіріледі. Мұндай жағдайда ақша ресурстарымен әрекет жасау, оларды ел мен аймақтардың әлеуметтік - экономикалық дамуының басымдылық бағыттарын қаржыландыруға жұмсау, экономикалық дамушылықты ынталандыруға мүмкіншілік туады. Ақша ресурстарын орталықтандыру мемлекет тарапынан жылдан - жылға үлғаятын әлеуметтік шығындарды қаржыландыруға, мемлекеттік займдар бойынша пайыздар төлеу мен мемлекеттік борышты өтеуге, қорғаныс қабілеттілігі мен қоғамдық тәртіпті бекініс ету мен мемлекеттік басқару аппараттарын үстау және басқа да шығындарды өтеуге мүмкіндік береді.
Айтылғандай, анықтама бойынша республикалық бюджет өз алдында Бюджеттік кодексте бекітілген салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасатын орталықтандырылған ақша қорын қүрайды. Ол орталық мемлекеттік органдар мен оларға жататын мемлекеттік ұйымдардың функцияларын орындау мен мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған. Республикалық бюджет, қаржы ресурстарын жинақтаудың негізгі құралы болғандықтан, мемлекеттік билікке өз уәкілеттігін шынайы іске асыруға, экономиканы, инвестициялық белсендікті реттеу мен ынталандыруға, ал бастысы - әлеуметтік саясатты орындауға мүмкіншілік береді.
Республикалық бюджет, өз алды биліктің бір тарауымен жасалып, екіншісімен бекітілетін едәуір жеке құжаттар ретінде болғандықтан, қолданбалы, бірақ маңызды функция орындайды - ол мемлекет таңдаған ел басқару стилін іске асырады. Республикалық бюджетте мемлекетке қажетті қаржы ресурстары мен барлық резервтер көлемі саналады, сондықтан осы бюджет арқылы елдің қаржы ахуалы, қаражаттар жұмсаудың нақты бағыттары,
салалары, аймақтары мен әрекет салалары бойынша шығындар арақатынасы анықталады. Осыған байланысты республикалық бюджеттің экономикалық саясатты іске асыру құралы ретіндегі мемлекеттік мәні мен экономикалық рөлі білінеді.
Республикалық бюджеттің мазмұны оның құрамындағы ерекше экономикалық формалар болумен шарттанады, яғни кірістер және шығыстар. Осы формалар арқылы ақша құралдарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен пайдалану іске асырылады. Кірістер мен шығыстарының құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметтік - экономикалық шартта жүргізіліп жатқан орта мерзімді фискалдық саясатты іске асыру бағыттары сәйкес. Кірістері қалыптастыру мен бюджеттік құралдарды жұмсау формалары мен әдістері де осыған сәйкес болуы тиіс.
Республикалық бюджет кірістер құрылымы Бюджеттік кодекс ережелеріне сәйкес салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі капитал сатудың түсімдері мен ресми трансферттерден көрсетіледі. Бүл кірістер салықтық заңнамалар мен елдің әлеуметтік - экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарының маңызды макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде анықталады. Республикалық бюджеттің кірістер саясаты салықтық саясат және кірістер құрылымы мен түсімдер болжамының өзгерістер есебімен құралады.
Республикалық бюджеттің шығыстар құрылымы Бюджеттік кодекске сәйкес келесі шығыстар бағыттарынан қалыптасады:
- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге жұмсалатын;
- қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікке жұмсалатын;
- құқықтық, соттық, қылмыс іс-атқарушы әрекетке жұмсалатын;
- білім беруге жұмсалатын;
- денсаулық сақтауға жұмсалатын;
- әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік жәрдемге жұмсалатын;
- түрғын-үй коммуналдық шаруашылығына жұмсалатын;
- мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігіне жұмсалатын;
- өнеркәсіп, қүрылыс және жер қойнауын пайдалануға жұмсалатын;
- көлік және коммуникацияға жұмсалатын;
- табиғатты қорғау іс-шаралары және ауыл, орман, су, балық
- шаруашылықтарына жүмсалатын.
Аймақтық қаржыландырудың ерекшелігі болып нысанды ағымдағы трансферттерді пайдалану табылады. Олар тек қана бюджеттік субвенциялар мен алып тастаудың есебінде есептелмеген аймақтық бюджеттік бағдарламалар бойынша шараларды орындауға беріледі.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың І - бөлімінде баскару есебінің негіздері қарастырылған. ІІ - бөлімінде бюджеттік ұйымдардағы басқару есептің жүргізілуі және ерекшеліктері әкімшлік мысалында айқындалған. ІІІ - бөлімінде бюджеттік ұйымдардағы басқару есебінің проблемалары және оны жетілдіру жолдары көрсетілген.
Диплом жазу барысында шет елдік (Белов А. Н., Кондраков И. П., Нефедова В. П., П. Атрил, Дури, Колин, Хорнгрен Ч. Т. ) және отандық авторлардың (Ержанов А. К., Голубаева М. А., Әбдіхалықов Т. Ә. ), сонымен қатар, заңнамалық, нормативтік - құқықтық актілер қолданылды.
Дилом жұмысы құрылысы бойынша 63 беттен тұрады, онда 11 кесте, 8 сурет тұрады.
1 Басқару есебінің негіздері
1. 1 Басқару есебі жөніндегі жалпы түсінік
Қазіргі заманда мемлекеттің дамуы үшін бухгалтерлік басқарушылық есепке үлкен мән беріледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев кәсіпкерлерге үндеуінде есепті, есеп беруді жетілдіріп, халықаралық стандартқа көшудің маңыздылығына тоқталды. Ол өзінің бұл үндеуінде қаржылық есеп беруді жасауды және ұсынуды ғана білдіріп қойған жоқ, сондай - ақ әр түрлі экономикалық шешімдерді қабылдай білуге шақырды [3] .
Бәсекелестер мен нарық жағдайының өзгеруіне қарсы тұра алмаудың және басшылықтың жетіспеушілігінен кәсіпорын күйреуге ұшырайды. Басқа субъектімен өзара әрекет тудыру мақсатында кәсіпорынға ықпал ететін менеджмент (басшылық) маңызды рөл ойнайды. Оның міндеті - кәсіпорын жұмысына қолайлы мүмкіндік іздестіру (тудыру), сондай - ақ оны (кәсіпорын жұмысын) тиімді тәсілмен басқару және үйлестіру болып табылады.
Осыған байланысты қаржы қызметі және қаржы менеджменті сияқты аса маңызды да өзекті мәселелерге, сондай - ақ қаржылық және басқарушылық есепке үлкен мән беріледі, өйткені бұл жалпылай және оперативтік басшылық үшін менеджерлердің қажеттіліктеріне сай келеді.
Басқарушылық есеп - субъектінің ақпарат жүйесінің құрамдық бөлігі.
Басқарушылық есеп - бұл идентификация, өлшеу, жинау, талдау, жіктеу, интерпритация (түсіндіру) және қандай да обектіні (яғни, ішкі есеп) басқаруға қажетті ақпаратты тапсыру.
Өндірістік есептің мақсаты - өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау. Алайда өндірістік есептен алынған ақпаратты менеджерлер сату бағасын белгілеу, қорларды бағалау, пайданы есептеу және т. б. үшін қолданылады. Сол себепті, өндірістік есеп - бұл басқарушылық есеп пен қаржылық есептердің бір бөлігі.
Кәсіпорынды басқаруға қажетті барлық ақпаратты бухгалтерлер дайындайды, осыған байланыстырылған кәсіби қызмет «эккаунтинг» деп аталады. Бұған есептілікті құрастыру жұмысы, субъектінің қаржылық жағдайын талдау, жоспарлау жұмысы, субъект қызметін бақылауға байланыстының барлығы қатысты болады.
Басқарушылық есептің объектісі - бұл шаруашылық жүргізуші субъектінің және оның бөлімшелірінің қызмет нәтижелері мен шығындары, баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі есеп беру.
Басқарушылық есептің пәні - объектілерінің жиынтығы және өндірісті басқарудың толық кезеңді процестеріндегі оқиғалар.
Басқарушылық есептің негізгі тапсырмалары (міндеттері) - есеп, жоспарлау, бақылау, талдау және субъект пен оның құрылымдық бөлімшелерінің шаруашылық қызмет нәтижелері мен шығындары туралы деректерді бағалау; аса қажетті басқарушылық шешімді жедел (оперативті) қабылдау үшін ақпарат беру.
Басқарушылық есептің принциптері - субъектінің үздіксіз қызмет ету; жоспарлау мен есепте өлшеудің біркелкі бірліктерін пайдалану; тұтас субъект және онық құрылымдық бөлімшелерінің қызметтік нәтижелері мен шығынды бағалау және талдау; алғашқы және аралық деректерді жинау, өңдеу, тапсыру процесінде оларды сабақтастырып жиі пайдалану; субъект ішіндегі коммуникация жүйесін ұйымдастыру; ақпараттардың жеткіліктігі және талдамалығы; өндірістік және коммерциялық циклдерді бейнелейтін кезеңдігі; субъект қызметінің нәтижелері мен шығындарын сметалық басқару.
Қазақстан Республикасының экономикасы белсенді нарықты өзгерістер кезеңінде. Оның реформалануы жинақталған тәжірибені қорытындылап, эволюлиялық процестерді анықтаумен нарықты реформалауды басқаруды, шаруашылық субъектілердің кәсіпкерлік қызметін басқару принциптері мен әдістерін меңгеру болып табылады [4] .
Басқару есебінің ең бірінші негізгі мақсаты акпараттың жиынтығы және жан - жақтылығы, ол басқару өндірісінде дұрыс шешім қолдану үшін қажет. Басқару шешімін қолдану альтернативтік қимылдық салыстырмалы нұсқасын және оптимальдігінің таңдауын көрсетеді.
Өнеркәсіп дұрыс шешім қабылдау үшін барлық альтернативті нұсқалар бойынша болашақта болатын шығындар туралы мәлімет болуы керек. Басқару есебінің мәліметтерін қолданған кезде мынандай мәселелерді шешуге болады:
- Оперативтік есептер:
- өндірістің шығынсыздығын сұрыптау;
- өнімнің шығынын, ассортиментін (түрін), көлемін жоспарлау;
- баға туралы шешім қабылдау.
- Болашақта шешілетін сұрақтар, олардың ұзақ мерзімді стратегиялық маңызы бар:
- қаржы туралы шешім қабылдау;
- бизнестің структуралық түрін өзгерту;
- жаңа өнімді шығару туралы шешім қабылдау.
Басқарушылық бақылау жүйелерінің екі негізгі ерекшелігі бар. Біріншісі - нысандандырылған жоспарлау процесі, ол смета жасау мен ұзақ мерзімді жоспарлау үлгісінде көрсетіледі. Бұл процесстер қызмет етудің шынайы көрсеткіштерін бағалауға мүмкіндік туғызатын есептеу базаларын орнату үшін қолданылады. Екіншісі - жауапкершілік орталықтарын ашудың көмегімен жүзеге асатын жауапкершілік есебі. Жауапкершілік орталықтары қаржылық нәтижелерді бақылап, ақырғы нәтижені ұйымның нақты қызметкерлерімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Жауапкершілік есебінің мақсаты - қызметтің мақсаты етіп қойылған көрсеткіштерден (әдетте, сметадан) ауытқуларды тауып, оған орталықтардың қайсысының жол бергенін анықтау үшін әрбір жауапкершілік орталығына қатысты шығындар мен түсімнің көрстекіштерін жинау. Әрбір жауапкершілік орталығы үшін бұл процессте қызметтің мақсатты көрсеткіштерін белгілеу, оны өлшеу, шынайы көрсеткішті мақстатты көрсеткішпен салыстыру ауытқуларды сараптау және ауытқулар елеулі болған жағдайда түзету шараларын қолдану қарастырылған. Пайда және инвестиция орталықтары үшін мақстатты қаржылық көрсеткіштер пайда мәнімен, инвестицияға түсімдермен немесе экономикалық жағынан елеулі қосылған құнмен көрсетілсе, шығын орталықтары үшін мақсатты көрсеткіштер шығын бірліктерімен көрсетіледі. Жауапкершілік есебі белгігі уақыт аралықтарынан кейін (әдетте айына бір рет) үнемі құрастырылатын есептілік арқылы жүзеге асырылады. Онда жауапкершілік орталықтарының менеджерлеріне олар жауап беретін бөлімшелеріндегі сметадан ауытқулар туралы ақпарат беріліп, түзету шараларын қолдану туралы бұйрық беріледі.
Ұйымдарда басқару алуан түрлі деңгейлерде жүзеге асырылады. Стратегиялық басқару мен басқарушылық бақылаудың айырмашылығын келесі түрде анықтауға болады. Стратегиялық басқару негізінен сыртқы жағдайлардан бастау алады. Мұнда ұйымның мықты және әлсіз жақтарын және оның қызметіне қойылатын түрлі шектеулердің ескерілуімен ұйымның бір салада қызмет ететін бизнестің басқа да құрылымдарымен қаншалықты деңгейде бәсекелесе алатынына көңіл бөлінеді. Басқарушылық бақылау жүйелерінің мақсаты - қызметкерлердің жүріс - тұрысына әсер ету, ол арқылы ұйымның қызметінің пайдаланатын ұйым өз мақсатына жете алатындай деңгейге дейін көтеру.
Ұйым негізгі жүйе ретінде екі саладан - басқару саласынан (басқару субъектісі) және басқарылатын саладан (басқару объектісі) тұрады. Басқарылатын салаларға: техника мен технология; өндірісті ұйымдастыру; еңбекті ұйымдастыру; ұйымның жұмыскерлерінің арасындағы өндірістік қатынастар экономикасы; ұйымның халықаралық байланыстары; коллективтің әлеуметтік еңбек қатынастарының жағдайы; табиғатты пайдалану жатады. Қаржылық механизмнің элементтерінің құрамына: - қаржылық қатынастар (еңбек қатынастары мен еңбек ақыны төлеу, қаржыландыру (инвестициялау), кредиттеу, салық салу, табыс, сақтандыру, т. б. ), қаржылық иіндер (пайда, табыс, қаржылық санкциялар, баға, дивиденттер, пайыздар, салық, еңбек ақы т. б. ) және қаржылық тәсілдер (қаржылық және басқару есебі, қаржылық және басқару талдауы, қаржылық жоспарлау, қаржылық реттеу, қаржылық бақылау) енеді.
Басқару - негізгі жүйеге арнайы бағытта ұдайы әсер ету процессі. Мұндағы негізгі мақсат тиімді басқару шешімдерін қабылдау. Бұл жердегі басты негіз - ақпараттық жүйе болып табылады.
Басқару процессі адамдармен де «заттармен» де тығыз байланыста. Мұндай басқаруды ресурстардың мақсатты қолданылуы мен адамдардың қызметін атқаруын бақылайтындар жүзеге асырады. «Заттарды» басқаруды арнайы қызметкерлер де іске асырады, олар жаңа техника мен технологияны енгізу, еңбекті тиімді ұйымдастыру, материалдық - техникалық тұрғыда жабдықтау, өткізу - сатуды жоспарлау, экономикалық және техникалық сипаттағы жұмысшыларды басқаруды орындайды.
Егер басқаруды өнеркәсіптік ұйымның басқару жүйесі ретінде қарастырсақ, онда оның ырғақтылығын, күрделілігін, ықтималдығы сияқты сипаттамаларын байқаймыз. Басқару жүйесінде екі бөлімше бөлініп шығады, олар өндіріс және басқару аппараты. Басқару процессі объекті, ал аппарат басқару субъектісі болып табылады.
Басқару объектісінде барлық процесстер материалдық - заттық нәтижеге ұмтылады, ал процесстегі ақпарат бағынышты сипатта болады. Басқару субъектісі көбінесе ақпараттық процесспен байланыста болады, материалдық жағы бағынышты сипатта болады. Басқару жүйесінде орын алатын процесстер ұйымның негізгі мақсатына да осы процесстер арқылы әсер етеді. Ұйым қызметін басқару ұйым мақсаты аясында жүзеге асырылатын өндіріс процесстерін реттеуге бағытталған қызмет болып табылады.
Шетелдік зерттеуші ғалымдар ұйымды басқару тиімділігін арттыратын, яғни, ұйым құрылымын, шешім қабылдау жүйелері мен процедураларын, басқару стилін, жұмысшылар құрамын жақсартатын, ұйымның даму стратегиясы мен басқару іс-тәжірибесін жетілдіретін бірнеше элементтерді жеке атап көрсетуде. Бұл элементтердің жиынтығы басқарудың мәдени құндылығын сипаттайды.
Кей әдебиеттерде басқару объектіге әсер ету жүйесі ретінде қарастырылып, оның негізгі 5 процесстері ажыратылып көрсетіледі:
- жоспарлау, өндірістік тапсырмалардың, нормалар мен нормативтердің, өндірістік шығындар сметасының бар болуы;
- ұйымдастыру, өндіріс процессіндегі материалдық, еңбек, қаражат, ақпарат ресурстарының тиімді пайдаланылуына бағытталған қызмет;
- ынталандыру, ерекше еңбегі үшін, жетістіктері үшін ынталадыру жүйесін қалыптастыру;
- координациялау, барлық жұмысшылардың мақсатқа қол жеткізу үшін жұмылдыра еңбек етуі;
- есеп және бақылау, басқару аппаратын басқару объектісі жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету құралы.
Басқару жөнінде айтқанда басқару циклі өте маңызды мәселе. Басқару циклі деп ақпарат алынған кезден шешім қабылданғанға дейінгі кезең аталады. Циклдің сақталуы басқарудың үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Басқарушы және басқарылатын жүйелердің өзара байланысын 1-ші суреттен көре аламыз.
Басқарушы жүйе басқарылатын жүйеге басқарудың функционалдық бөлімдері мен қызметтері арқылы әсер етеді. Басқарылатын жүйемен кері байланыс бухгалтерлік ақпарт арқылы жүзеге асырылады, себебі бұл ақпарат коммуникациялық каналдар арқылы басқару аппаратына жеткізіледі. Алынған ақпарат негізінде басқарылатын жүйеге тікелей әсер ететін басқару шешімдері қабылданады.
Қазіргі таңда кәсіпорынның қызметінің тиімділігіне байланысты көптеген қызығушылықтар туындауда. Ұйымды тиімді басқаруды қамтамасыз етудің ең маңызды аспектісі кәсіпорын қызметінің залалсыздығы болып табылады, ол бухгалтерлік, содан кейін экономикалық табыстарды алудың бірінші қадамы болып келеді. Сол себепті біз диплом жұмысында ұйым қызметінің залалсыздығын қамтамасыз ету мақсатында басқаруға мүмкіндік беретін «шығын-көлем-пайда» арақатынасын зерттеу мен ұйымның негізгі шығын түрлеріне қатысты ауытқуларды басқару мәселелерін зерттеуді жөн көрдік.
Басқару нысандары, әдістері, процесстері, құралдары
Басқару функциялары
Басқаруды ұйымдастыру
Коммуникациялар
Ақпарат (Бухгалтерлік, статистикалық, оперативті есеп мәліметтері)
Басқарылатын жүйе
Процесстер: жабдықтау, өндіріс, сату;
Ресурстар: материалдық, еңбек, қаражат;
Көрсеткіштер: өндіріс көлемі, өнім ассортименті, өзіндік құн, материал сыйымдылығы, т. б.
Сурет 1. Басқарушы және басқарылатын жүйелердің өзара байланысы[5]
Ұйымды басқаруда басшылықтың алдында келесідей екі мәселе шешілуге тиісті:
- Жауапкершілікті қалай бөлу?
- Орындаушыларды қалай бақылау?
Орталықтандырылмаудың басты ерекшелігі - шешім қабылдау еркіндігі.
Орталықтандырылмаудың әртүрлі дәрежелері бар:
1. Толық орталықтандырылмаған - ықпал ету дәрежесі өте төмен, шешім қабылдаудағы ең жоғарғы дәрежедегі еркіндік, бостандық.
2. Толық орталықтандырылған - керісінше, ықпал ету дәрежесі өте жоғары және шешім қабылдау еркі шектеулі.
Орталықтандырылу дәрежесі оның тиімділігіне қарай таңдап алынады. Тиімділігі шығындар мен кірістерді салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Орталықтандырылмаған жүйенің келесідей ерекшеліктері бар:
1. Бөлімше менеджері ақпаратпен толық қамтамасыз етілген, ол нақты жағдайды біледі. Әдетте орын алған жағдайлар мен оқиғалар жөнінде ұйым басшылығына ақпарат жіберумен байланысты шығындар өте жоғары. Және ақпараттың жіберу барысында ол жартылай немесе толығымен жоғалып кетуі мүмкін.
2. Бөлімше менеджерінің уақыттылы шешім қабылдау мүмкіндігі жоғары. Жоғары жақты хабарландырумен айналыспайтын болғандықтан менеджер оқиға пайда бола салған кезде сәйкес әрекет ету мүмкіндігіне ие болады.
3. Менеджер өз ынтасымен шешім қабылдау қызығушылығы болады, себебі өз бетімен шешім қабылдауы табыс алудың басты шарты болуы мүмкін.
4. Жауапкершілікті жүктеу менеджердің барлық қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік береді.
5. Бөлімшелердің де ұсақтап бөлшектенуі жұмыс істеу қабілеті жоғары еңбек ұжымын қалыптастырады.
6. Күнделікті басшылыққа ақпарат беруден босатылған бас менеджерлер өз уақытын бүкіл ұйым қызметінің стратегиялық жоспарлануына бөле алады.
Есепті орталықтандыруда ұйым басқарушысына лимитті бөлу құқығы қалдырылады, яғни тауарды түсіру және қызмет көрсетуге келісім шарт жасау, жұмысты орындауға еңбек келісімдері, шаруашылық және басқада жетіспеушілікке байланысты аванстарды белгіленген уақытында алу және өз жұмысшыларына авансты беруді шешу, лимит арқылы шығындарды төлеуді шешу, ұйымның жетіспеушілігі тағам өнімдері және басқада материалдық бағалылықтар, түгендеу құжаттары және басқалары.
Орталықтандырылған бухгалтерияда басқарылатын ұйымдардағы басқарушыларына сметалық шығындардың уақытында төленуі, осы ұйымдардағы басшылардың келісімімен орталық бухгалтерияда бас бухгалтерді бекітіледі.
Орталықтандырылмаған жүйенің кемшіліктері де жоқ емес. Мұндай кемшіліктер ретінде келесілерді атауға болады.
1. Бөлімше үшін тиімді шешім қабылдау мүмкіндігі болғанымен, жалпы ұйым үшін тиімсіз болуы мүмкін. Оған жалпы ұйымның, құрылымдық бөлімшелердің, жеке менеджерлердің бірлесе, өзара келісе отырып мақсатты айқындамағандығы және менеджердің қабылдаған шешімінің өзге бөлімшелер қызметіне қалай әсер ететіндігі жөнінде ақпарат беретін кері байланыстың болмауы себеп болады. Бөлімшелер арасында жабдықтаушыларға немесе сатып алушыларға деген таластан туындайтын бәсекелестік, сонымен қатар барлық бөлімшелер бір технологиялық процеспен өзара байланысты болса, онда бөлімше менеджерінің өз бетімен шешім қабылдауы жалпы ұйым үшін қауіпті болуы мүмкін.
2. Қызметтердің қайталануы. Мысалға, есеп және заң қызметтері қайталанып кетуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz