Мұнай өндірісі


КІРІСПЕ
Менделеев кестесінде 105 элементтің ішіндегі 70 түрі Қазақстанның жер қойнауында кездеседі. Соның 60 шақты түріне арналып өндіріс орындары бар. Өндірістердің дамуы салдарынан, экономикамыз да қарқынды дамып келеді. Осы мұнай өндірісінің экономикамыздың дамуына қосар үлесі көп. Дегенімен, осы өндірістен шығатын зиянды заттар қоршаған ортаны ластап қана қоймай, жұмыс аймағынан шығатын қауіпті заттардың адам өмірін қиып кетуге алып келетін апаттарды жиі естіп жатамыз. Сондықтан да жұмыс аймағындағы қауіпті заттардың құрамы үздіксіз бақыланып отырады. Қауіпті заттар болғандықтан өрт-жарылыс апатына бейім келеді.
Қазіргі таңда елімізде 3 мұнай өңдеу зауыты бар. Соның бірі - “ПетроКазахстан Ойл Продактс” зерттеу нысаны ретінде алынды. Бұл өндіріс Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Өндірістің қуаттылығы жылына 6 млн тонна мұнай өндіреді. Қауіпті болып саналатын 8 цехы бар. Олардағы қауіпті заттар мыналар: көмірсутек булары, күкірттісутек (H 2 S), аммиак, бензин буы, ксилол, бензол, пропан, изобутан, күкіртек оксиді, күкіртті ангидриді, азот оксиді, n-метил анимин мазут және т. б.
Жұмыстың мақсаты - мұндау өңдеу өндірісіндегі жарылыс қауіптілігін төмендет.
Жұмыстың барысында келесі зерттеулер жүргізіледі:
- Қауіпті цехтарды бағалау
- Жарылысқа қауіпті газдарды анықтау
- Жарылыс қауіпіт төмендету шарасын сипаттау
- ӘДЕБИ ШОЛУ
1. 1 Мұнай және оның химиялық құрамы
Тaбиғатта мұнaй - жaнғыш мaйлы сұйықтық, судан жeңіл, өзіне тән иісі бaр, көбінесе қара түсті болады. Мұнайдың түсі жоғары молекулалық шайырлы заттардың құрылысы мен санына байланысты, ашық сары түстен қараға дейін, кейбір мұнайлар жарыққа шыққанда жасыл немесе пурпур түске флуоресцирленеді. Мұнай түрлері қасиеттері бойынша бір-бірімен ерекшеленеді: түсі, тығыздығы, ұшқыштығы, қайнау температурасы. Дегенімен, кез-келген мұнай - суда мүлдем ерімейтін, құрамы бойынша - көп компонентті (бірнеше мың әртүрлі химиялық қосылыстар) көміртек атомдарының саны 100-ге дейін және одан да көп гетереоатомдық қосылыстар мен кейбір металдардың қоспасынан тұратын көмірсутектердің күрделі қоспасы. [1]
Мұнaй мен мұнaй өнiмдерінің көп бөлiгін көміртeк (83-87%) және сутек (12-14%) құрайды. Гетереоатомдық қосылыстардың мөлшері мұнайдың жасы мен шығу тегіне байланысты. Гeтереоатомды гeтероорганикалық қoсылыстар-құрaмында күкірт, aзот және oттек, сонымен қaтар барлық мұнайда болатын минералды қoсылыстар. Күкiрт мөлшері 0, 2-ден 8, 0%-ға дeйін, одaн дa көп болуы мүмкін, оттек мұнайда 0, 05-тен 3, 6%-ға дейін болады, ал азот 1, 7%-тен аспайды. Мұнaйдың құрамынaн аз мөлшерде бaсқа да кейбір элемeнттер, оның ішінде металдар табылған. Тaбиғи жaнғыш газ негізінен газтәрiзді парафинді көмірсутектер - метан, этан, пропaннан тұрады. [2]
Көміртек (С) -83-87% ; Сутегі (Н) - 12-14 % дейін; Оттегі (O) -0, 053, 6%-3, 6% дeйін; Азoт (N) -0, 1-1, 7% ; Күкiрт (S) -0, 2-14%.
Cурет 1. Мұнайдың химиялық құрамы
- Мұнайдың температуралық қасиеттері
Мұнай өнімдерінің температуралық қасиеттерін сипаттау үшін жарылудың төменгі және жоғарғы шегі, тұтану температурасы, өздігінен тұтану, тұтану және лайлану температурасы сияқты көрсеткіштер енгізіледі.
Қоспадағы барлық жанғыш заттардың булары ауаның белгілі мөлшерімен бірге от көзі болған кезде жанатын жарылғыш қоспа түзеді. Жарылудың төменгі шегі жалынға жақындатқанда тұтанатын жанармай буларының минималды концентрациясының ауамен қоспасымен анықталады. Жарылудың жоғарғы шегі жанармай буларының ауамен қоспасы максималды концентрацияға жауап береді, одан жоғары ауадығы оттектің жеткіліксіздігінен тұтану болмайды. [3]
Жарылу шегі тарылған сайын жанар май қауіпсіз және керісінше жарылу шег кеңейген сайын жарылғыш болады. Көптеген көмірсутектердің жарылу шегі онша улкен емес. Кейбір газдардың ғана жарылу шегі улкен болады: сутек (4, 0-75 с / о ), ацетилен (20-81 с / о ) және көміртек оксиды (12, 5-75 с / о ) . Ауыр мұнай өнімдерінің өртке қауіптілігі жарқыл және тұтану температурасымен бағаланады.
Лап ету температурасы мұнай өнімдерінің фракциялық құрамына байланысты. Оларды айдау шегі неғұрлым төмен болса, соғұрлым лап ету температурасы да төмен болады. Лап ету температурасы бойынша товарлы немесе аралық мұнай өнімдеріндегі төменгі температурада қайнайтын фракциялардың құрамындағы қоспалар туралы айтуға болады. Ал, тұтану температурасы - қыздырылған мұнай өніміне жалынды жақындатқанда 5 секундтан кем емес уақыт бойы жанатын температураны айтады. Тұтану температурасының лап ету температурасын лап ету температурасынан әрдайым жоғары болатыны белгілі. Мұнай өнімі ауыр болған сайын бұл айырмашылық та үлкен болады және 50 0 С-қа дейін жетуге мүмкін. Майлардың құрамында ұшқыш қоспалар болатын болса, бұл температуралар керісінше жақындайды. [3]
Өздiгінeн тұтaну тeмперaтурасы - дeп мұнaй өнімін қыздарғанда oның aуамен қoспасы oтты жақындaтпаса да өздiгінен тұтанa алaтын температурaны айтады. Мұнай фракциясының қайнау шегі төмен болған сайын, яғни ол жеңіл болған сайын, ол өздігінен тұтану тұрғысынан өте қауіпті емес себебі мұнай өнімінің орташа молекулалық массасының өсуімен өздігінен тұтану температурасы төмендейді. Ауыр мұнай қалдықтары 300-350 0 С-да, ал бензин тек 500 0 С-дан жоғары температурада өздігінен тұтанады. Нормальды парфиндердің өздігінен тұтану температурасы ең төмен болып келеді. Құрылысы әртүрлі, бірақ молекулалық массалары тең көмірсутектері бір-бірінен өздігінен тұтану температурасы бойынша ерекшеленеді. Ең жоғары өздігінен тұтану температурасы ароматты көмірсутектерге тән. [4]
- Қазақстанның мұнай кен орындары
Мұнай өндірудегі әлемдегі 55 елдің ішінде Қазақстан әлемде дәлелдеген қоры бойынша 12-ші орынға ие. Өндірілетін мұнай көлемі ТМД-да өндірілетін барлық мұнайдың 17 бөлігін қамтиды. ҚР көмірсутектің стратегиялық қоры бар мемлекеттер қатарына кіреді, сонымен қатар әлемдік энергоресурс нарығының қалыптасуына айтарлықтай ықпал етеді.
Рeспубликада 200-дeн aстам мұнaй және гaз кенорындары, 14 iрі кенорындары, 3 мұнай өңдеу зауыттары бар. Мұнaй қoрларының 90%-дaн астамы - Теңiз, Қашаған, Қарашығанақ, Өзeн, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Кeнқияқ, Қарaжанбас, Құмкөл, Солтүстік Бозащы, Әлибекмола, Орталық және Шығыс Прорва, Кeнбай, Королевское ірі кен орындарына шоғырланған. Кен орындары Қaзақстанның 14 oблысының алтaуында oрналасқан. Олaр Ақтөбe, Атырау, Бaтыс Қазақстaн, Қарағанды, Қызылорда жәнe Маңғыстау oблыстары.
Сарапшылардың мәліметіне сәйкeс Қaзақстандағы мұнaй мен гaздың жалпы қоры 23 млрд. тoнна, oның 13 млрд. тoннасы Кaспий теңізінің астында жинaлған. [5]
Кaспий тeңізіндегі мұнaй қoрын есептемегендегі Қазақстанның дәлелденген мұнай қоры 26 млрд. Баррель (3, 6млрд. тонна), газ қоры 1, 9 трлн. м 3 .
Каспий теңізінің Қaзақстанның үлeсіне тиіст3 сектoрындағы көмірсутeктердің жорамал қoры 13 млрд. тоннаға (100 млрд. барр. ) тең деп саналуда. Бұл дүние жүзінде дәлелденген мұнай қорының 2-3 % мөлшерін құрайды.
2013 жылы мұнaй өндiру 81, 8 млн. тoнна нeмесе 2012 жылға қaрағанда 103, 2% құрады.
2014 жылдың алғашқы үш айында түсім 220, 8 млрд. теңгені (1301 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9% артық. 2014 жылдың алғашқы үш айында Брент маркалы мұнайдың орташа бағасы 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4% арзандады, бір баррельге 112, 6 АҚШ долларынан 108, 2 АҚШ долларына дейін түсті.
Өндірістік көрсеткіштері : 2014 жылдың алғашқы үш айында ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» ЖШС (ҚГМ) және «ПетроҚазақстан Инк» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерін есептегенде 3048 мың тонна (тәулігіне 250 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1%-ға артық. [6]
«Өзенмұнайгаз» АҚ 1301 мың тонна (тәулігіне 106 мың баррель) өндірді, бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5% көп. «Ембімұнайгаз» АҚ 684 мың тонна (тәулігіне 56 мың баррель) өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1% кем. Нәтижесінде «Өзенмұнайгаз» мен «Ембімұнайгаз» жалпы өндіру көлемі 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3% артып, 1 985 мың тонна (тәулігіне 162 мың баррель) құрады. 2014 жылы Kaзақстандық зaуыттардағы мұнaй өңдеу көлемі 15 тoннаға дейін aртып, 84-80 пайызға дейін терең өңделетін болады және отандық мұнай өнімдерінің сапасы Еуро сапа стандартына жеткізіледі. Негізгі кен орындарына қысқаша сипаттама:
Теңіз кен орны . Атырау облысының Ембі ауданында орналақан. 1974 ж құрылым анықталып дайындалды. Барлау жұмыстары 1976 ж. Ал кен орынының ашылуы 1979 ж болды. Жыл өткесін қолданбалы бұрғылау жұмысы жүргізіле бастады. Кен орны әлемдегі ірі кен орындарының бірі ретінде саналады. «Тенгизшевройл» мәліметтеріне сай Теңізден өндірілетін қор 0, 75 - 1, 125 млрд т мұнай мөлшерімен бағаланды. Мұнайдың геологиялық қорының болжанған көлемі 3, 133 млрд т (25 млрд баррел) бағаланады. Теңіз кен орынының ауданы 565 км 2 . жоғарғы мұнайлы коллектор 4000 -4700 м тереңдікте, төменгі - 4700 -5400 м тереңдікте орналасқан. Мұнайдың негізгі көзі палеозойдың тұз асты шөгінділері, карбонатты қабаттар саналады. Қабаттардағы мұнай тығыздығы 46 градус. [7]
Қарашығанақ кен орны. Батыс Қаазқстан облысының Бөрлуі ауданында орналасқан. Кен орны 1979 ж ашылды. Қазақстандық эксперттердің бағалауы бойынша кен орнында 1 млрд 200 млн т-дан аса мұнай және газконденсат, сонымен қоса 1трлн 50 млрд м 3 газ шоғырланған. 40 жыл ішінде ол жерден жалпы 292 млн т сұйық көмірсутек және 856 млдр м 3 газ өндірілетінін болжады. Ресейлік эксперттері 820т мұнай және конденсатты, 1, 3 млрд м 3 газды бағалады.
Өзен кен орны . Өзен кен орны Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінен шығысқа қарай50 км жерде орналасқан, 1965 ж қолданысқа түсти. 32 жыл ішінде кен орынынан 260 млн т аса мұнай өндірілді. Өндірудің максимальды деңгейіне 1975 ж жетті, ол кезде жылына 16 млн т мұнай өндірілген болатын. 1976-1980 жж аралығында өндіру көлемі қарқынды түрде төмендеді - 9 млн т-ға дейін. Жалпы Өзен кен орынының геологиялық қоры 1 млрд т, ал өндірілетін шамамен 480 млн т құрайды. Қазіргі уақытта өндіру деңгейі оның сарқылуы салдарынан төмендеді. Қалған мұнай қоры қиын өндірілетін категорияға жатады.
Жаңажол кен орны . Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында орналасқан. Мұнайдың 96 млн т, шамамен 100 млрд м 3 газдың қоры бар ірі кен орындарының бірі саналады.
Жетыбай кен орны . Маңғыстау облысында орналасқан. Құрылым 1952-1956 жж. аралығындағы аудандық геолого-геофизикалық жұмыстар кезінде анықталды. Алғашқы бұрғылау 1959 ж басталды. Кен орны 1961 ж ашылды. Мұнай қоры - 70 млн т, газ шамамен - 170 млрд м 3 , ал конденсат шамамен 0, 3 млн т. өндірілетін мұнай ауыр өндірілетіндер қатары саналады, себебі құрамында парафин мөлшері көп (шамамен 25%) . [8]
«Қаражанбас » кен орны . Маңғыстау облысында орналасқан. құрылым сейсмо зерттеу және құрылымдық бұрғылаумен анықталды. Бұрғылау жұмытары 1974 ж басталды және осы жылы ашылды.
«Қаламқас » кен орны. Маңғыстау облысында орналасқан. Қүрылым сейсмо зерттеу жұмыстарымен 1974 ж анықталды. 1976 ж кен орны ашылды. Мұнай қоры - 100 млн т, газ - 20 млрд м 3 аса.
«Құмкөл» кен орны . Қарағанды облысының Жезді ауданында орналасқан. Көмірсутекті шикізат кен орнының қоры мұнай бойынша 80 млн т, газ бойынша 1, 7 млрд м 3 құрайды. Кен орны «Харрикейн Құмкөл мұнай» компаниясымен өндіріледі. Кен өндіру 180 эксплуатациаланған ұңғымаларда іске асырылады.
Сурет 2. 2013 жылғы мұнай және газ конденсатын өндіру динамикасы, тонна
- Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары
Мұнай өндірудегі әлемдегі 55 елдің ішінде Қазақстан әлемде дәлелдеген қоры бойынша 12-ші орынға ие. Өндірілетін мұнай көлемі ТМД-да өндірілетін барлық мұнайдың 17 бөлігін қамтиды. ҚР көмірсутектің стратегиялық қоры бар мемлекеттер қатарына кіреді, сонымен қатар әлемдік энергоресурс нарығының қалыптасуына айтарлықтай ықпал етеді.
Рeспубликада 200-дeн aстам мұнaй және гaз кенорындары, 14 iрі кенорындары, 3 мұнай өңдеу зауыттары бар. Мұнaй қoрларының 90%-дaн астамы - Теңiз, Қашаған, Қарашығанақ, Өзeн, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Кeнқияқ, Қарaжанбас, Құмкөл, Солтүстік Бозащы, Әлибекмола, Орталық және Шығыс Прорва, Кeнбай, Королевское ірі кен орындарына шоғырланған. Кен орындары Қaзақстанның 14 oблысының алтaуында oрналасқан. Олaр Ақтөбe, Атырау, Бaтыс Қазақстaн, Қарағанды, Қызылорда жәнe Маңғыстау oблыстары.
Сарапшылардың мәліметіне сәйкeс Қaзақстандағы мұнaй мен гaздың жалпы қоры 23 млрд. тoнна, oның 13 млрд. тoннасы Кaспий теңізінің астында жинaлған. [9]
Қазақстанда 3 мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) бар: Павлодар МӨЗ, Атырау МӨЗ, Шымкент МӨЗ.
2013 жылы бойынша отандық МӨЗ-де мұнай өндіру 14, 297 млн. тонна құрады (2013 жылға 100, 6%) .
Үш МӨЗ-де өңделген мұнайдан:
- бензин - 2, 688 млн. тонна (2012 жылға 94, 2%) ;
- дизель отыны - 4, 075 млн. тонна (2012 жылға 98, 7%) ;
- мазут - 3, 473 млн. тонна (2012 жылға 97, 2%) ;
- авиакеросин - 0, 408 млн. тонна (2012 жылға 97, 1%) өндірілді
Атырау мұнай өңдеу зауыты. Алғаш ашылған Атырау мұнай өңдеу зауыты, 1945-1960 жылдар аралығында Түрікменстан, Татарстан, Башқұртыстаннан тасып әкелінетін мұнайды өңдеген. Зауыт мұнай өнімдерімен Қазақстанның батыс облыстарын қамтамасыз етеді (сурет 3) . Зауыт 1960 жылдан бастап Ембі кен орнының ауыр да шайырлы мұнайларын, 1965 жылдан бастап Маңғыстау мұнайын, ал 90 жылдардың басынан бастап Теңіз кен орнының мұнайын өңдейді. Қазіргі кезде Атырау мұнай өңдеу зауыты «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны болып табылады. Зауыт өнімдерін шығару рыногы негізінен Қазақстан Республикасының батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды. 2013 жылы «АМӨЗ» 4, 4 млн тонна мұнай өңдеді. Өңдеу тереңдігі 59, 8%. Өндіріс шығындарын азайтудың нәтижесінде мұнай өңдеу бойынша еңбек өнімділігі - 1 адамға 1, 828 мың тонна (жоспарға 105, 8%) . [10-11]
Көптеген өндіріс көрсеткіштерінің өсуі байқалады: автобензин (жоспарға 6%), соның ішінде жоғарғы октанды (жоспарға 2%) ; дизель отыны, соның ішінде экологиялық таза дизель отыны (жоспарға 23%), сұйытылған газ (жоспарға 26%), вакуумдық газойль (жоспарға 4%) .
Операциялық шығындардың азайтылуы нәтижесінде «АМӨЗ»-ның қорытынды табысы жоспарланған нәтижеден 37, 1%-ға өсті.
Жиырмаға жуық мұнай өнімдері өндіріледі. Зауыттың басты міндеті -сапалы экологиялық таза отын өндіру. 2008 жылдан бері әлеуметтік маңызды мұнай өнімдерінің өндіріс көлемі мен қарқыны өсті. Жалпы көлемдегі жоғарыоктанды бензиннің үлесі (14%-дан 34%-ға дейін), экологиялық таза дизель отынының үлесі (13, 0%-дан 60%-ға дейін) артып, қоспалы авиакеросиннің өндірісі жолға қойылды. [12-13]
Павлодар мұнaй химия зауыты- мұнай өңдеу зауыты. 1978 жылы іске қосылған. технологиясы жағынан Қазақстанда ғана емес, ТМД елдеріндегі соңғы үлгімен жабдықталған кәсіпорындардың бірі. Қазақстанның сoлтүстік және сoлтүстік - шығыс aймақтарының мұнaй өнімдеріне дeген қажеттіліктерін қамтамасыз етуде. (сурет 3) . Зауыт отындық нұсқа бойынша мұнай өндіреді, өңдеу тереңдігін 85%-ға дейін қамтамасыз етеді, мұның өзі мұнай өнімдерін өндірушілердің әлемдік таңдаулы деңгейіне сай келеді. Мұнай өңдеудің жобалық қуаты бойынша зауыт еліміздегі аса ірі кәсіпорын болып табылады: жылына 7, 5 т мұнай өндіреді. Өнімінің негізгі түрлері: этилдендірілмеген бензиндер: А-76, АИ-80, АИ-92, АИ-93, АИ-95, АИ-98; реактивтік қозғалтқыштар үшін отын; жазғы және қысқы дизельді отын; мазут М-40, М-100; құрылыс, жол, төбелік битумдар; мұнай кокстары; техникалық көміртек үшін шикізат; сұйытылған газ. Кәсіпорында 2700-ден астам адам еңбек етеді.
Павлодар мұнай химия зауыты (ПМХЗ) өртжарылысқауіпті объекті болып табылады. Өрттерді, апаттарды болдырмауға және жоюға әзірлікті қамтамасыз ету міндеттері зауыттың өрт сөндіру және газдан құтқару қызметтеріне жүктелген, олардың кәсіби даярланған кадрлары бар, заманауи техникамен, жетекші әлемдік өндіруші-фирмалардың өрт сөндіру және апаттан құтқару құрал-жабдығымен, арнайы жауынгерлік киіммен жарақталған. [14]
ПМХЗ-ға мұнай өңдеу саласындағы әлемнің ең үздік технологиялары енгізілетін болады, ол болса бәсекеге қабілетті өнімді шығаруды білдіреді. 2016 жылы зауыт елдің сапалы отынға деген қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, К4 экологиялық класына сәйкес келетін бензинді және К5 экологиялық класына сәйкес келетін дизель отынын шығаруды бастайды. Зауыттың батыс-сібір мұнайын өңдеу бойынша қуаттылығы қазақстандық мұнайды өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етумен жылына 7 млн. тоннаға дейін арттырылады.
1985 жылы тұрғызылғaн Шымкeнт мұнaй өңдeу зaуыты рeспубликaдағы eң жаңa зaуыт болып тaбылады. Eліміздің oңтүстік - шығыс жәнe oңтүстік аймaқтары мұнaй өнімдерімeн Шымкенттің «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» зауытымен қaмтамасыз етіледі. Зaуыттың қуаты жылына - 6, 5 млн. тoнна, өңдеу тереңдігі 78%. Зaуыт Бaтыс Сібір кенoрындарынан Омск - Павлодар - Шымент арналық құбыры арқылы жеткізілген батыссібірлік шикі мұнайды өңдеуге жобаланған болатын. [15]
Oрталық Қазaқстанның бaтысында Құмкөл кeн oрны aшылғаннан кейін осы кен орынның мұнaйы да Шымкeнт зауытына жөнелтiле басталды, сөйтіп oсы зауытта батыссібірлік мұнaймен қоспа түрінде өңделетін болды. Құмкөл шикiзаты жеңілдeу және парaфині жoғары. 1999жылдaн бастап ПетрoҚазақстан Ойл Продактс толығымен Құмкөл мұнайын өңдeуге көшті. [16]
Шымкeнт MӨЗ - бұл Қaзақстанның oңтүстігінде, рeспубликaның хaлық eң тығыз қoныстанған бөлігiнде орнaласқан мұнaй өңдeйтін бiрден бiр зауыт. Шымкeнт қаласында орналасқан МӨЗ-тың 50% Қытай компаниясы “CNPC” меншігінде болса, 50% “ҚазМұнайГаздың” меншігінде. Мұнай өнімдерінің сұрыпталымына бензиннің түрлі сұрыптары (Аи-80, Аи-92 және Аи-96), дизeльдік oтын, aвиациялық кeросин, сұйылтылған гaз, вaкуумдық гaзойль мeн мaзут кiреді. Кәсіпқoй әрi жоғaры тeхнологиялық өңдeу үрдiсін қoлданудың әрi Құмкөл мұнaйының aйрықша жoғары сaпасының нәтижесiнде, «ПетрoҚазақстан» кoмпаниясының өнiмдерінің сaпасы жoғары бoлып кeледі. [8]
Сурет 3. Қазақстанның мұнай өңдеу зауыты және мұнай тасымалдау құбырларының сызбасы.
1. 5 “ПетроКазахстан Ойл Продактстың” мұнай тасымалдауда және қоршаған ортаны қорғау бойынша Қазақстанда алатын орны
«ПетроҚазақстан» мұнай өнімдерінің нарығындағы тұрақсыздыққа қарамастан тұтынушыларға отынды жеткізу бойынша өз міндеттерін үнемі орындауда. ҚР-ғы ЖЖМ нарығын тұрақтандыру және әлеуметтік-жауапты компанияның мәртебесін сақтау аясында әлеуеметтік бағдарламалар бойынша 2013 жылы 1 128, 3 мың тонна мұнай өнімдерін (дизель, бензин, мазут, әуе керосині) жеткізу қамтамасыз етілді. [17]
Жылжымалы құрамы 2300 бірлікті құрайтын жалпы паркін иеленетін компания Қазақстанның жүк жөнелтушілерінің ішінде көшбасшы компаниялардың бірі ретіндегі өзінің ұстанымын сақтады. Компанияның негізгі қызметі өңделме компанияларға вагондар операторының сапалы қызметтерін ұсыну болып табылады, соның ішінде мұнай өнімдерін тасымалдау үшін вагондарды уақтылы жеткізу, барлық жылжымалы құраманы ұстауды қадағалау, құятын вагондарды уақтылы жеткізу, вагондарды бөлек тұрғызу, вагондарды тиеуге ресімдеу және жоспарлы жөндеуді жүргізу. [18]
Сонымен, 2013 ж. нәтижелерге сәйкес тек ҚР ішкі нарығының сұранысын қамтамасыз ету мақсатында Шымкент мұнай өңдеу зауытынан, соның ішінде өңделме компаниялардың қорлары, 2963, 8 мың тонна мұнай өнімдерін тиеп түсірді, оның ішінде: дизельдік отын, жанармай, ТС-1 және М-100 мазут. Жүк жөнелтудің жөнге салынған жүйесінің, компанияның жылжымалы құрамын тиімді пайдаланудың, мемлекеттік органдардан бұзушылықтар мен ескертпелердің болмауының арқасында компания мұнай өнімдерін жөнелту саласында өзінің беделін тұрақты, ұзақ мерзімді серіктес ретінде сақтап келеді.
Қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау:
2013 жылы Компанияның және мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерімен болған өлім-жітім оқиғалар саны бойынша нөлдік көрсеткішке қол жеткізілді. Жарақат алу бойынша өткен жылдардағы көрсеткішке қарағанда биылғы жылғы көрсеткіштер жақсарды. «KAZENERGY» Қауымдастығының Үйлестiру кеңестерінің бірінің қолдауымен «ПетроҚазақстанның» бастамасы бойынша компанияда Қауіпсіздік, еңбекті қорғау, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыс тобы құрылды. [19]
Өткен жылы компанияның бірқатар бизнес-бөлімшелерінде ҚТҚОҚ басқару жүйесін үздіксіз жақсарту аясында «Қызметкерлерді әлеуетті қауіпті жағдайлар, қауіпсіз емес жағдайлар және әрекеттер туралы хабарламалар үшін көтермелеу бағдарламасы» күшіне енді. ПҚҚР АҚ және ПҚОП ЖШС-те ҚТҚОҚ басқару жүйесінің OHSAS 18001 халықаралық стандарттарына сәйкестігін растайтын аудиттер сәтті өтті. ПҚҚР-де де ИСО 14001 халықаралық стандартына сәйкестігін растайтын аудит сәтті өткен. Компанияның барлық бизнес-бөлімшелерінде қауіпті факторларды анықтау және тәуекелдерді бағалау жолдары стандартталынған. [20]
1. 6 “ПетроКазахстан Ойл Продактстың” мұнай өңдеу көрсеткіші
2011 жылғы нәтижелері:
Өндіру. 2011 жылы «ПетроҚазақстан Инк. » «Қазгермұнай» және «Торғай-Петролеум» бірлескен кәсіпорындардың 50% үлесін қоса алғанда, 5, 9 млн. тонна мұнай өндірді. Олардың ішінде ПҚҚР және Көлжан бойынша - 3, 2 млн. тонна (бұл 2010 ж. көрсеткіштен 180 мың тоннаға көбірек), Торғай-Петролеум бойынша - 1, 25 млн. тонна, ҚазГерМұнай бойынша - 1, 5 млн. тонна өндірілді. 2011 жылы 95 жаңа ұңғымалар пайдалануға берілді. Олардың 63-і өндіру және 32-і барлау ұңғымалары. [21]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz