Қазақстанның ежелгi қалалары жайлы



ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГI ҚАЛАЛАРЫ — жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесiнде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 — 9 ғ-ларда Оңт. Қазақстан мен Оңт.-Батыс Жетiсуда қала мәдениетi жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрiк әулеттерiне бағынды және ретi бойынша Батыс Түрiк, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына ендi. Бұл кезеңде көшiп жүретiн жер аумағы шектелiп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егiншiлiк пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлiнiп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көштi. Мемл. төрешiлдiк аппарат құрылып, ортақ тiл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломат. байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкiмш. және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретiнде қалалар салына бастады. Оңт. Қазақстандағы ең iрi қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында "Ақ өзендегi қала” атымен алғаш аталады. Кейiн Махмұт Қашқари Сайрам — ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрамнан Шашқа баратын жол бойында 8 - 10 ғ-ларда Газгирд (Қазығұрт) болған. Исфиджабтың шығыс жағында Шарап, Будухкет, Тамтаж, Абараж, Жувикат қ-лары мен елдi мекендерi орналасқан. Шарапқа — Төрткөл Балықшы, Будухкетке Қазатлық қ-ларының жұрты сай келедi. Тамтаж, Абараж — керуен сарайлары iспеттi. Арыстың төм. ағысында орталығы Отырар қ. болған Фараб (Отырар) өңiрi жатты. Отырар аты (Отырарбенд) 8 — 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секiлдi атаулары да бар. Отырардан төменiрек Сырдария бойындағы Шауғар өңiрiнде сол аттас орт. болған. Шауғар қ. (соғды тiлiнен аударғанда "Қара тау”) Түркiстанның оңт.-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қ-ның орнында болған. Оңт.-Батыс Жетiсуда қалалардың өркендеуiне, қолөнерi мен егiншiлiктiң және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулi әсерi болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығ. Түркiстанмен жалғастыратын Ұлы жiбек жолының бойына сауда қоныстарын салды. Осындағы Тараз және Суяб қ-лары Қазақстаннан тыс жерлерге де мәлiм болды.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
азақстанның ежелгі қалалары
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГI ҚАЛАЛАРЫ -- жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесiнде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 -- 9 ғ-ларда Оңт. Қазақстан мен Оңт.-Батыс Жетiсуда қала мәдениетi жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрiк әулеттерiне бағынды және ретi бойынша Батыс Түрiк, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына ендi. Бұл кезеңде көшiп жүретiн жер аумағы шектелiп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егiншiлiк пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлiнiп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көштi. Мемл. төрешiлдiк аппарат құрылып, ортақ тiл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломат. байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкiмш. және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретiнде қалалар салына бастады. Оңт. Қазақстандағы ең iрi қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында "Ақ өзендегi қала" атымен алғаш аталады. Кейiн Махмұт Қашқари Сайрам -- ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрамнан Шашқа баратын жол бойында 8 - 10 ғ-ларда Газгирд (Қазығұрт) болған. Исфиджабтың шығыс жағында Шарап, Будухкет, Тамтаж, Абараж, Жувикат қ-лары мен елдi мекендерi орналасқан. Шарапқа -- Төрткөл Балықшы, Будухкетке Қазатлық қ-ларының жұрты сай келедi. Тамтаж, Абараж -- керуен сарайлары iспеттi. Арыстың төм. ағысында орталығы Отырар қ. болған Фараб (Отырар) өңiрi жатты. Отырар аты (Отырарбенд) 8 -- 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секiлдi атаулары да бар. Отырардан төменiрек Сырдария бойындағы Шауғар өңiрiнде сол аттас орт. болған. Шауғар қ. (соғды тiлiнен аударғанда "Қара тау") Түркiстанның оңт.-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қ-ның орнында болған. Оңт.-Батыс Жетiсуда қалалардың өркендеуiне, қолөнерi мен егiншiлiктiң және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулi әсерi болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығ. Түркiстанмен жалғастыратын Ұлы жiбек жолының бойына сауда қоныстарын салды. Осындағы Тараз және Суяб қ-лары Қазақстаннан тыс жерлерге де мәлiм болды.
Жазба деректерге қарағанда 7 - 13 ғ-ларда осы жол бойындағы Аспара, Шiгiлбалық, Атын, Семекина, Талхиз, Мерке, Құлан, Исфиджаб, Усбаникет және басқа қалалар да маңызды рөл атқарды. Бұл қалаларда ұсталық, зергерлiк, былғары өңдеу, қыштан ыдыс жасау кәсiбi өркендедi. Тұрғындары егiн ш-мен айналысып, бидай, тары егiп, бақ, жүзiм өсiрген. 9 -- 10 ғ-ларда солт.-шығыс Жетiсуда да қалалар салына бастаған. Iле өз. бойындағы көшпелiлер қоныстарының орнына пайда болған бұл қалалар тез арада-ақ қолөнерi мен сауда орталығына айналды. 9 ғ-да және 10 ғ-дың 1-жартысында Жетiсуда билiк қарлұқтар қолына өтуiне байланысты көшпелi халықтар отырықшылыққа жедел көше бастады. Көшпелi тайпалардың ақсүйектерi құнарлы жайылымдарды басып алу, соғыс жорықтары және сауда арқылы байыды. Қоғамның қарапайым мүшелерi топ-тобымен отырықшылыққа көшiп, егiншiлердiң, қолөнершiлердiң қатарын толықтырды. Осыдан барып үлкендi-кiшiлi елдi мекендер мен қалалар көбейе бастады. 9 -- 12 ғ-ларда қоғамның өндiргiш күштерi үлкен қарқынмен өстi. Орта Азия мен Қазақстандағы саяси билiктi басып алған Қарахан әулетi феод. қатынастардың қалыптасуына ықпал жасады. Осы кезде қалаларда дiни орындарға арналған құрылыстар, ақсүйектердiң сарайлары, су құбырлары, тазалық жүйелерi салынды. Жаңа қалалар пайда болды.
Әсiресе, Оңт. Қазақстанда қалалар көркейе түстi. Бұрын 5 -- 7 га-дан аспаған Отырар рабадының аумағы 170 га-ға дейiн жеттi. Кең көлемдегi қазба жұмыстары Оңт. Қазақстандағы қала мәдениетi ескерткiштерiнiң типологиясын жасауға мүмкiндiк бередi. Аумағы 30 га-дан асатын қала жұрттарына Сайрам (Исфиджаб), Шортөбе немесе Қараспан-1 (Осбаникет), Отырартөбе (Отырар)Құйрықтөбе (Кедер), Шойтөбе (Шауғар), Жанқала (Жанкент, Янгикент), Сунақ-Ата (Сығанақ), Құмкент жатады. Аумағы 15 га-дан 30 га-ға дейiн жететiн қалалар -- Бурух, Хурлуг, Жумишлағу, т.б. 15 га-ға дейiн жететiн қала жұрттарына Шарапхана (Газгирд), Бұлақ-Қоғал (Манкент), Тамды (Берукент), Қазатлық (Будухкет), т.б. жатады. Осы қалалардан басқа Сырдарияның орта ағысында 6 -- 9 ғ-лардың бiрiншi жартысына тән мәдени қабаттары анықталған бiр топ қала жұрттары жатыр. Қазақстанның оңт-нде жалпы саны 27-ге жететiн осындай қала жұрты бар.
Қазақстанның оңт-ндегi қала жұрттарына құрылымында -- iшкi қамал (цитадель); шахристан (дуалмен бекiндiрiлген қала) және рабад (қала төңiрегiндегi сауда-қолөнер орны) болатын топография тән. Шахристанда бай шонжарлардың, iрi саудагерлер мен дiнбасылардың үйлерi, сарайлар орналасты. Оңт. Қазақстан мен Жетiсудың ерте орта ғасырлардағы қалаларының жұрттарын анықтаған кезде мынадай белгiлердiң жиынтығы: көлемi мен құрылымы (қамал және бүкiл көлемi немесе қамал мен шахристан); бекiнiстерi; мәдени қабатының байлығы; археол. кешенi пайдаланылады. Осындай сан және сапа белгiлерiне сүйенгенде, Оңт. Қазақстандағы алдыңғы орта ғасырлардағы барлық қалалар саны 33 болды. Алайда, Оңт. Қазақстанның барлық қалалары неғұрлым кейiнгi уақытта да өмiр сүргендiктен, қала орындарының кейiнгi мәдени қабаттары ертедегi қалалардың көлемiн анықтауға және олардың үлгiлерiн жорамалдауға мүмкiндiк бере бермейдi. Жетiсудың оңт.-батысында, керiсiнше, бұған толық мүмкiндiктер болды. Жазбаша деректемелерге қарағанда, мұнда 7 -- 10 ғ-ларда 27 қала мен қоныс болған, олардың көпшiлiгi нақты қала жұрттарымен сәйкестендiрiлдi. Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылып, олардағы 7
-- 9 ғ-лардың мәдени қабаттары анықталды. Қалалар кейiнгi кезге дейiн өмiр сүрген. Олардың топографиясында өзiндiк ерекшелiк кездеседi. Қала жұрттарында қамал мен шахристаннан тұратын "орталық бөлiк" ерекше көрiнедi. Орталықтағы құлаған үйiндiлерге ұз. 3 км-ден ондаған км-ге дейiн жететiн дуалмен қоршалған аумақ жапсарласып жатады. "Ұзын дуалды" қалалардың орналасуында қатаң заңдылық бар: Талас аңғарында олар бiр-бiрiнен 15 -- 20 км қашықтықта, аңғарлардың ең қолайлы жерлерiнде, Таласқа ұсақ тау өзендерiнiң құятын сағаларында орналасқан. Шу аңғарында қалалардың орналасу заңдылығы одан да айқын -- он үш қала тау етегiндегi аймақта тау өзендерi ағып шығатын жерлерде бiр-бiрiнен 15 -- 35 км қашықтықта орналасқан; қалғандары Қырғыз жотасы тауларынан өзендердiң Шуға келiп құятын жерлерiнде солт. Жақтағы iшкi тiзбектi құрайды. Қалаларды сипаттап топтаған кезде қала орындарының көлемi мен топографиясы және жазбаша деректердiң мәлiметтерi пайдаланылуы нәтижесiнде қалалар үш топқа бөлiнедi.
Бұлар: астаналық және iрi қалалар -- Тараз, Суяб, Невакет және Нұзкет, олар Жетiсудың оңт.-батысындағы Жамбыл, Ақбешiм, Қызылөзен және Шитөбе сияқты iрi қала жұрттарына сәйкес келедi. Орташа топқа Таластағы Ақтөбе қ-ның жұрты деп саналатын Текабкет және тиiсiнше: Сус -- Шалдовар, Мерке, Аспара, Жол -- Соқылық, Харранжуван -- Беловодск бекiнiсi, Жақ -- Сарығ -- Грозненское жатқызылды. Шағын қалаларға жататындар: Құлан -- Луговое, "Түрiк қағанының ауылы" -- Шөмiш, Кiрмiрау -- Покровское. Iрi қалалардың төңiрегiнде орналасқан ондаған ескерткiштердi қоныстарға жатқызуға болады. Шу-Талас өңiрлерiнде орналасқан 403 ортағасырлық қалалар мен мекендердiң 240-ның тарихи-топогр. құрылымдары зерттелген. Мұндағы негiзгi қалалар Жiкiл, Балу, Шелже, Такабкет, Көл, Кендек, Ақтөбе, Төлек, Сус, т.б. Шу аңғарында Баласағұн қ. жетекшi орынға шығып, астана рөлiн атқарған. Ол 10 -- 11 ғ-ларда хан ордасы ретiнде қалыптасқан. Оның орнында неғұрлым ерте кезеңдегi қала жұрты бар. Бұл өлкеде осынша көп жаңа қалалардың пайда болуы ауданда отырықшылық пен қала өмiрiнiң дамығанын
көрсетедi. Солт.-шығыс Жетiсуда 9 -- 13 ғ-дың басында қалалар саны артқан. Егер 9 -- 10 ғ-ларда мұнда 10 ғана қала болса, 11 -- 13 ғ-лардың басында олардың саны 70-ке дейiн көбейген.
10 ғ-дағы деректер Iле аңғарының сол жағалауында орналасқан екi қала -- Талхиз (Талхар, Талғар) және Лабан қ-лары туралы мәлiмет берсе, 11 -- 13 ғ-лардың басындағы деректерде Екi-Оғыз, Қаялық, Iлебалық, т.б. қалалар аталады. Солт.-шығыс Жетiсудағы барлық қала жұрттары "төрткөл" аталатын үлгiге жатады. Олар тiк бұрыш, трапеция түрiнде жоспарланған немесе дөңгелек болып келедi, жалпы жер бетiнен сәл дөңестенiп тұрады және барлық жағынан бұрыштары мен мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Төрткөлдер солт.-шығыс Жетiсуға ғана емес, сонымен қатар оңт.-шығыс Жетiсуға, Тянь-Шаньға, Орт. Қазақстанға, Тува мен Моңғолияға таралған. Осы үлгiдегi немесе бiршама өзгеше жоспарланған қала жұрттары Сырдарияның төм. ағысында, Азов т. маңында кездеседi. Олардың типологиясы жөнiнде әр түрлi көзқарастар бар. Тянь-Шаньдағы Қошайқорған мен Шырдабек сияқты iрi қалалардың жұрттары орда-қалалар деп саналады. Ыстықкөл қазаншұңқырының төрткөлдерi бекiнiстер және ауылдық қоныстар деп есептеледi. Сырдарияның төм. ағысындағы суреттелiп отырған үлгiдегi қала жұрттары ауылдық мекен жайлар мен қала үлгiсiндегi қоныстар деп саналады. Солт.-шығыс Жетiсу төрткөлдерi үш топқа бөлiнедi. Бiрiншiсiне Антоновка, Дүнгене, Шiлiк; екiншiсiне Талғар, Сүмбе, Ақмола енгiзiлген; үшiншiсiне Алматы, Лавар, Қапал, Бояулы, Ақтам, Арасан, т.б. жатқызылады. Бiрiншi топқа аумағы 30 га-дан асатын қалалар енедi.
Бұлар -- көп қабатты ескерткiштер, мәдени қабаттарының қалыңд. 2 -- 3 метрге дейiн жетедi және одан да қалың. Қазба жұмыстары кезiнде қала жұрттарынан алуан түрлi керамика, әйнек, теңгелер, қолөнер шеберханалары мен өндiрiстiк күл-қоқыстар табылды, бұлар мұнда қолөнер мен сауданың дамығанын дәлелдейдi. Бұл қалалар жұрттарының кейбiреулерi нақты қалаларға: Антоновка -- Қаялыққа, Дүнгене -- Екi-Оғызға баланады. Олардың iшiндегi ең iрiсi қарлұқ жабғуының астанасы Қаялық ретiнде танылған -- Антоновка. Бiрiншi топты құрайтын төрткөлдер iрi қалалар және астаналық орталықтар болып табылады. Екiншi топтағы қалалардың аумағы 10 га-дан 30 га-ға дейiн жетедi. Үшiншi топ қалаларының аумағы 10 га-ға да жетпейдi. Мұндай қала жұрттарының құрылысы Жақсылық қ-ның орнын кең көлемде қазған кезде зерттелдi. Оларда тұрғын үйлер дуалдар iргесiне, iшкi жағында орналасады, iшкi аулалар бар. Iле қалалары жұртының бұл тобын бұрынғы көшпелiлер мен жартылай көшпелiлердiң ауылдық қоныстары деп санауға болады. Кейбiреулерi керуен-сарайлар болуы мүмкiн. Сарыжас, Быжы және Айнабұлақ сияқты бiрнеше қаланың жұрты бiр-бiрiне жақын орналасқан екi немесе тiптi үш бекiнiстен тұрады. Олар әдетте жолдардың түйiскен тұсына салынған.
Бұл кезеңде отырықшы және қала мәдениетi Қазастанның орт. және шығыс аймақтарына қарай ойысқан. Қазақстанның батысында қоныстар пайда болған. Орт. Қазақстанда, Нұра, Кеңгiр және Жездi аңғарларында, Ұлытау етегiнде ондаған төрткөлдер табылды, мұнда жүргiзiлген қазба жұмыстары олардың әкiмш., қолөнер-сауда және а.ш. сипатын көрсетедi. Шыңғыс хан шапқыншылығы және одан кейiнгi Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы соғыстар салдарынан Iле, Шу, Талас алқаптарындағы қалалардың көбi қирап, бiржола жойылып кеткен. Италия елшiсi Плано Карпини Сырдария жағалауында болғанда, бұл жерлерден көптеген қираған қалалар мен мекендердi кездестiргенiн жазды. Француз королi Людовик IХ-ның елшiсi Виллем де Рубрук 1253 ж. моңғол ханы Мөңкеге бара жатып, Iле алқабы арқылы өткенде жазған күнделiгiнде жоғарыда аталған жазықта бұрын көптеген қалалар болғанын, олардың көбiн мал жайылымына айналдыру үшiн татарлардың қиратқанын жазады. Сырдария мен Қаратаудағы 13 ғ-да жермен-жексен етiлiп, тоналған қалалар -- Түркiстан (Иасы), Отырар, Сығанақ, Созақ, Құмкент, Жент және Жаңакент 14 -- 15 ғ-ларда Темiр мен оның iзбасарларының солт.-шығысқа жасаған жаугершiлiк жорықтарында
бекiнiс қамалдары болып, одан кейiн қолөнер және сауда орталығы, хандардың резиденциясына айналған. Олар қазақ хандарының өмiрiнде маңызды рөл атқарды. 15 -- 16 ғ-ларда Қазақ хандығының қалыптасу және нығаю кезеңiнiң күрделi саяси оқиғалары жағдайында, жердi игеру барысында қазақтардың этн. аумағының қалыптасуы аяқталды.
13 ғ-дың 2-жартысы -- 14 ғ-да айтылатын қалалар саны 20-ға дейiн, ал мезгiлi 15 ғ-дың 2-жартысы -- 18 ғ-дың басына жататын қала жұрттары 23-ке дейiн азайды. Жалпы алғанда, 9 -- 12 ғ-лармен, қала мәдениетi барынша гүлденген уақытпен салыстырғанда, Оңт. Қазақстанның жазбаша деректемелер бойынша белгiлi қалалар саны 3 еседей, ал қала жұрттарының саны 6 еседей азайып кеткен. 16 -- 17 ғ-ларда аймақтың саяси және экон. өмiрiнде Аркөк, Қожан, Аққорған, Үзкент сияқты қалалар маңызды рөл атқара бастады. Сайрам өркендедi. 15 -- 18 ғ-ларда Түркiстан -- қазақ хандарының астанасы, одан бұрын Сығанақ пен Сауран Ақ Орданың орт. болды. 13 -- 14 ғ-ларда бұл қалаларда үлкен құрылыс жұмыстары жүргiзiлдi, мешiттер, медреселер, басқа да қоғамдық архит. құрылыстар салына бастады. Түркiстанда теңге соғылды. Мұнда Әмiр Темiрдiң бұйрығы бойынша Қожа Ахмет Иасауи қабiрiнiң үстiне кесене тұрғызылды, қала аймақтың ресми идеол. орталығына айналып, қауырт өстi. Отырарда да теңге соғылғаны туралы деректер бар. Мұнда Арыстан баб кесенесi салынды. 14 -- 15 ғ-ларда Отырардың орталығында үлкен мешiт салынып, жұмыс iстеген. Отандық археологтар iзденiстерiнiң нәтижесiнде 16 ғ-дың аяғы 17 ғ-дың 80-жылдарындағы Отырар қ-ның халқына демогр. есептеулер жүргiзiлдi.
Отырар қ-ның 16 -- 17 ғ-лардағы аум. 20 га-ға тең. Оның төрттен бiр бөлiгiн алаңдар, көшелер, шаруашылық жайлар алып жатқан. Махаллаларда (100 шақты) орта есеппен 45 -- 63 адам тұрған, ал қаладағы барлық тұрғындар саны 4500 -- 6300 адам немесе орта есеппен 5500 адам өмiр сүрген. Сығанақ (20 га) пен Созақта (22 га) да тұрғындар саны осындай. Көлемi 35 га болатын Түркiстанда 170 махалла болған, оларда 9180 адам тұрған. Көлемi жағынан Сауран Отырардан екi есе үлкен, онда 11000-дай адам, ал Сайрамда (28 га) 7560-тай адам болған. Қарасаманда (6 га), Иқанда (6,7 га), Қарнақта (4,5 га), Қарашоқта (5 га), Сүткентте (6 га), Аркөкте (7 га), Қотанда (7 га), Үзкентте (9 га), Аққорғанда (8 га) 1500-ден 2000-ға дейiн тұрғындар тұрып, махаллалар саны 20-дан 40-қа дейiн жеткен. Жақанкентте, Суриде, Жүнкентте, Құжанда, Қарақұрымда және Раң сияқты баламасы табылмаған, көлемi 1 -- 2 га-ға дейiн жететiн қалашықтарда 800 -- 1000-дай адам тұрған. Жалпы, 16 -- 17 ғ-лардың үш ширегi кезеңiнде Қазақстандағы қала халқының саны 70 мыңнан аспаған. 17 -- 18 ғ-лардағы жоңғарлар шапқыншылығы Қазақстан қалаларының экономикасын құлдыратты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы елдi мекендер мен қала-лар, мұнда қалалық мәдениет пен өркениеттiң ежелден қалыптасып, дамығандығын көрсетедi.
Сыр бойындағы ежелгі қалалар
Гай Ле Стрэндждің 1905 жылы жарық көрген Шығыс халифат елдері (The Lands of the Eastern Caliphate) кітабындағы мәліметтер)
Негізгі тақырыпқа кіріспес бұрын Сыр бойындағы қалалар тарихына қалам тербеген адам жайлы сөз қозғағанымыз жөн болар. Мақаламыздағы қалалар жайлы мәліметтердің көпшілігі ағылшын тарихшысы Гай Лэ Стрэндждің (Guy Le Strange) The Lands of the Eastern Caliphate (Шығыс Халифат елдері) кітабынан және аз ғана бөлігі Бартольдтың Орта Азиядағы түріктердің тарихы кітабынан алынды.
Гай Ле Стрэндж 1854 жылы Англияда дүниеге келіп, 1933 жылы Кэмбриджде өмірден озған. Ол Британияда туылғанымен, өмірінің көп бөлігін шетелде өткізген. Анасымен бірге Парижге келген Гай онда шығыстанушы Джулиус Молмен (Julius Mohl) танысады. Джулиус Мол Шахнаме шығармасын француз тіліне аударған адам. Джулиуспен кездескен жылдары Гайдың шығыс тілдеріне деген қызығшылығы оянады. Содан ол Парижде шығыстанушы Станислас Гайардтың (Stanislas Guyard) араб тілі сабақтарына қатыса бастайды.
1877-80 жылдары Гай Ле Стрэндж Парсы еліне саяхатқа шығады. Мұнда 3 жыл болған ол парсы тілі мен әдет-ғұрпы, тарихы жайлы мол мағлұматтар жинайды. 1882 жылы Хаггардтың (Haggard) көмегімен парсы және ағылшын тілдерінде The Vizir of Lankuran кітабы, 1886 жылы The Alchemist еңбегі жарыққа шығады.
1900 жылы Baghdad During the Abbasid Caliphate (Аббаси халифаты тұсындағы Бағдад), ал 1905 жылы бүгінгі мақаламызға арқау болып отырған Шығыс Халифат елдері кітабы баспадан шықты. 1915 жылы Хамдилла әл-Мустауфа әл-Қазуинидің Нәзһәтул Қулуб кітабын ағылшын тіліне аударды.
Гай Лэ Стрэндж саналы ғұмырын ғылымға арнаған жандардың бірі болды.
Оның Шығыс Халифат елдері кітабы шамамен 600 беттен тұрады. 1905 жылы жарыққа шыққан кітап 1985 жылы араб тіліне аударылған. Аудармашылар - Башир Френсис, Коркис Аууад.
Біз бұл мақаламызда аталмыш араб тілінде шыққан шығармада кездесетін қазақ жеріндегі ежелгі қалалар жайлы мағлұматтарды бергелі отырмыз. Автор кітабының соңғы 34-бөлімін Сырдария өзенінің бойында орналасқан қалаларға арнаған. Атап айтқанда, Өзкент, Ош, Шаш, Исбижаб, Сайрам, Шымкент, Фараб, Ясы, Сауран, Женд, Йангикент, Тараз, Мерке қалалары жайлы мәліметтер бар.
Алдымен Сырдария өзені жайлы деректерге тоқталсақ. Кітаптың 520-бетінде былай дейді: Жергілікті халық оны Шаш өзені десе, әл-Мустауфа 14 ғасырда моңғолдар оны Гүлзариян деп атайтын еді, - дейді. Ал арабтар Сейхун деп атаған. Бартольдтың (1869-1930) Орта Азиядағы түріктердің тарихы атты кітабында: Өзенді түркілер Сырдария немесе Сырсу деп атаған, - делінген.
Ибн Хауқалдың айтуынша, таудан аққан бұл өзен Арал теңізіне барып құяды. Араб саяхатшылары Сейхун өзенінде Жейхун секілді кемемен жүзуге болады дейді. Қыс мезгілдерінде ұзақ уақытқа өзеннің бетінде мұз қатады. Осы себепті оның үстінен арбалар жүре беретін (Шығыс Халифат елдері, Бейрут, 1985 жыл, 520-бет).
Сырдария мен Амудария Сейхун, Жейхун аталмас бұрын Жаксартекс және Оксис деп аталған. Арабтар Сейхун, Жейхун атауларын яһудилерден алуы мүмкін деген болжам ай-тылады. Яһудилердің жазбаларын-да Писон және Гихон деген өзендер жайлы мәлімет бар. Сейхун мен Жейхун осы сөздерге жақын болуы мүмкін, бірақ мағыналары белгісіз (Бұл да сол кітапта, 477-бет).
Сондай-ақ, Гай Ле Стрэндж өз кітабында моңғол шапқыншылығы заманында Сейхун атауы қолда-ныстан шығып, өзен Сырдария деп атала бастағанын жазып кеткен.
Исбижаб қаласы. Шымкенттің шығысында 8 миля қашықтықта орналасқан қала. Исбижаб Арыс немесе Бадам өзендерінің бойында орналасқан (527-бет). Исбижабқа байланысты Шуйлер өзінің Түркістан атты кітабының 1-томы, 75-бетінде Исбижаб - ол қазіргі Шымкент қаласы, - деп айтқан. Ал Тарихи Рашиди кітабында Исбижаб - ол Сайрам, - деп жазылған... Исбижаб таудың етегінде орналасқан. Тауға дейін небәрі 3 фарсах (1 фарсах - шамамен 5,5-6 шақырым, - ауд.). Қаланың айналасында бау-бақшалар болған. Сырты дуалмен қоршалған. Қалаға кіретін 4 қақпасы, орталығында базар, әкімшілік, түрме және мешіт болған. Әл-Мақдиси мұнда мақташылар базары болғандығын айтады. Базардағы дүкендер ай сайын жеті мың дирхам жинап, жетімдерге ішіп-жем, нан, азық-түлік тарататын болған. Исбижаб қаласы моңғол шапқыншылығынан кейін Сайрам деп өзгертілген. Әли әл-Язиди Әмір Темір жорықта-рында да бұл қаланы Сайрам деп атаған. (527-бет).
Әли әл-Язиди өз жазбаларында Чимкент немесе Чимикент деген қаланы жазады. Әл-Мақдиси оны Чимукет деп атаған. Ол үлкен қоршаумен қоршалған, ішінде базар және мешіт болғандығын жазып кеткен (527-бет).
Сейхун өзенінің шығысында, Шымкент өзенінің төменгі жағында Бараб немесе Фараб қаласы болған. Кейінгі жазбаларда Отырар деп аталады. Әл-Мақдиси: Бараб - ірі қала, 70 мың жауынгері бар. Қаланың ортасында қамал бар. Қалада үлкен мешіт және базар болған. Қазуини Фараб қаласында атақты мұсылман философы Әбу Насыр Әл-Фарабидің дүниеге келгендігін жазады... Уәсиж Фарабтан екі фарсах қашықтықта орналасқан қоршауы бар, кішкене қалашық. Орталығында мешіті мен базары бар.
Отырардан солтүстікке қарай бір күндік жерде Шауағир қаласы болған. Әл-Мақдиси Шауағирдың үлкен, көшелері кең, дуалдармен қоршалған қала болғандығын жазған. Орталығында базар және мешіт жұмыс істеген. Бірақ араб саяхатшылары Шауағир туралы мәлімет айтпайды. Шауағир Ясси қаласы болуы мүмкін деген пікірлер бар (527-528-беттер).
Әли әл-Язиди Яссы қаласы туралы да жазған. Яссы қаласы кейін Хазреті Түркістан деп аталғандығын баяндайды. Яссы қырғыз (қазақ) елдерінің басшыларының көмілген жері. Солардың ішіндегі шейхтарының бірі - Ахмад әл-Ясси (яғни Ахмет Яссауи - ауд.)... Бұл шейх 12 ғасырда дүниеден өткен. 14 ғасырда Әмір Темір оның қабіріне үлкен мешіт салдырған. Шейхтың қабірін зиярат ету үшін алыс өлкелерден көптеген адамдар келеді. Ясси Шауағир немесе Шауағар деп те аталған дейді кейбір саяхатшылар (529-бет).
Ясси немесе Шауағирден солтүстікке қарай бір күндік жерде Сауран немесе Сабран деген қала бар. Әл-Мақдиси бұл қаланың бірін-бірі қоршаған 7 дуалы болғандығын жазады. Қаланың орталығында үлкен мешіт болған. Әли Әл-Язиди Әмір Темірдің жорықтары кезінде қаланың Сабран деп аталғандығын жазады. Ал Йақут қаланың қорғандары өте биік болғандығын айтқан (529-бет).
Әли Әл-Язиди Отырардан солтүстікке қарай 24 фарсах жерде Сығанақ қаласының болғандығын жазады. Сығанақ қыпшақтардың елді-мекені болған. Бірақ бұл қала туралы алғашқы араб саяхатшылары мәлімет қалдырмаған (529-бет).
Сығанақтан терістікке қарай ұзағырақ жерде Жент қаласы болғандығы айтылады. Алғашқы араб саяхатшылары мен Йақут Женттің Түркістан аймағындағы үлкен мұсылман қаласы болған-дығын жазған. 12 ғасырда моңғол шапқыншылығы кезінде қаланың тас-талқаны шыққан. Сол уақыттарда Арал теңізі Жент теңізі деп те аталса керек...
Сейхунның Аралға құятын тұсында тағы бір қаланың болғандығы жайлы мәлімет бар. Арабтар ол қаланы әл-Қорйату әл-жәдидә, яғни Жаңа ауыл деп атаған. Сол заманда түріктер оны Янгикент немесе Янгишаһар деген... Жент және Янгикент сол уақытта мұсылман қалалары болып есептелген (529-бет).
Исбижабтың солтүстік-шы-ғысында, 80 миля қашықтықта қазіргі Әулие-Ата қаласына жақын маңда Тараз қаласы болған. Тараз немесе әл-Тараз қаласының 10 ғасырда маңызы ерекше еді. Ибн Хауқал әл-Тараз Қарлұқ мұсылмандарының сауда қаласы болған дейді. Әл-Мақдиси Қала өте үлкен әрі әдемі, бау-бақшалы, ғимараттарының терезелері көп болған деп жазады. Қаланың 4 қақпасы, сыртында үлкен ор болған. Кіре-берісінде үлкен өзен ағып, ішінде базар және мешіт қызмет еткен. Әл-Қазуини сол уақытта айналадағы өзге қалаларда тараздықтар секілді сұлу ерлер мен әйелдердің болмағандығын жазады.
Тараздың шығысында 100 миля қашықтықта Берке немесе Мерке қаласы орын тепкен. Әл-Мақдиси қаланың қоршауы болғандығын айтады. Бұрын қалада христиандардың шіркеуі болған, кейін оны мешітке айналдырған (530-бет).
Бартольд кітабында да Тараз немесе Талас деп аталған қалада үлкен шіркеудің болғандығы жазылады. 89 һижри жылы Таразға Исламның келуімен мұндағы шіркеу мешітке айналдырылған. Бұл мәліметтер христиан діні бұл жерлерге Исламнан бұрын келген дегенді білдіреді дейді (Орта Азияда-ғы түріктердің тарихы, араб тіліне аударған Ахмад әл-Сағид Сүлеймен, Мысыр, 1996 жыл, 76-бет).
Меркенің батысында, бір күндік жерде Құлан елді-мекені бар. Әл-Мақдиси Құлан қорғаны бар үлкен ауыл, орталығында мешіт болған деп жазады... Әбу әл-Фада 10-11 ғасырларда Түркістан хандығына қарасты Баласағұн қаласы жайлы мәлімет қалдырған (530-бет).
Сыр бойындағы қалалар жайлы Гай Лэ Стрэндждің Шығыс Халифат елдері атты кітабында келген мәліметтер осындай. Біз бұл мақалада тек қазақ жеріндегі қалалар жайлы мәліметтерді ғана іріктеп бердік. Кітапта жоғарыда аталған елді-мекендерден өзге Орта Азиядағы Шаш (Тәшкен), Ош, т.б. қалалар жайлы да мәліметтер мол.
Ежелгі қала Отырар
Арыс өзенінің Сырдарияға құйылысында ортағасырлық Отырар қаласының үйіндісі жатыр. Отырар үлкен егіншілікті ауданның орталығы, көшпенділердің тірек қорғандарының бірі болған. Одан Таразға, 25-178 Ерте түрік сына жазуларында 8 ғасырда қағанаттың батыс шекарасы ретінде Қангу-Тарбан аталған, ол араб тілді жазуларда Шаштың астанасы ретінде белгілі. Даңқты ортағасырлық географ Якут: "Шаштың ең алыс қалаларының бірі, Мауреннахрға іргелес жатқан, Сейхунның (Сырдарияның) арғы жағындағы қала ... Тұрарбанд. Халық бұл атауды түрліше айта береді жєне олар Тұрар мен Отырар дейді", - деп жазды. Арабтардың Орта Азияны жаулап алуын суреттейін жазбаларда жєне Қазақстанның оңтүстігінде Отырар осы аттас облыстың астанасы ретінде аталған ("Фараб округі" немесе "Отырар") . 9-10 ғасырлар Сырдариядағы этникалық ауысулармен сыйпатталады. Қанғарлар (қаңлылар) ішінара оғыздармен жєне қарлұқтармен ығыстырылды. Сондықтан да Ибн Хордадбектің: "Ал Фараб қаласында бір мезгілде мұсылмандар мен түрік қарлұқтардың отрядтары тұрады", - деп жазуы тегін емес. Оғыздар 10 ғасырдың басында Сырдарияның орта ағысына, Арыс даласына жєне Қаратау етегіне орналасты. Оларға Сауран, Сүткент, Арсубаникет, Қарашоқ жєне Фараб қалалары бағынды. 9-12 ғасырлар кезеңі Қазақстанның оңтүстігінде қалалар өмірінің өрлеу уақыты болды. Жаңалары пайда болып, ескілері өсті. Қалалар ауқымы рабадаттар - сауда-қолөнер мекендері есебінен өсті . Отырармен қатар оның төңірегі өркендейді. Солардың бірі орта ғасырдың үздік ғалымдарының бірі Абу Насыр єл-Фараби туған Весидж қаласы болды. Қала Оқсызтөбе үйінділерімен теңестіріледі. Қаланың көркейуі моңғол шапқыншылығымен үзілді. Қала жан түршігерлік қирауларға ұшырады, ал халқы қуылды немесе ішнара құлдыққа єкетілді. Қираулар мен апаттардың қайғылы толқыны болған
моңғолдық атты єскер Қазақстанның барлық аумағын басып өтті. Қалалар қаңырап, бұрын гүлденген елді мекендер иесіз қалды. Алайда Отырар қайта көтеріле алды. Отырар 13 жүзжылдықтың ортасына қарай Батыстан Шығысқа бастаған жол бойындағы ірі сауда торабына айналады . Отырар Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияда кең қолданылған тиындар соғудың орталығы ретінде де белгілі. Қалада 13-14 ғасырларда ірі қоғамдық ғимараттардың құрылысы жүргізіледі. Ерзене ханның тұсында мұнда медресе, ханака жєне мешіт салынады. Темірдің дєуірі бұрынғы моңғол иеліктеріндегі жағдай біршама тұрақтануымен ерекшеленеді, оның тұсында Ахмет Яссауидің - ғаламат мавзолейі Түркстанда салынады . 16-17 ғасырлар кезеңі қазақ далалары мен Сырдарияда саяси үстемдік үшін үздіксіз күрестер жүргізілуімен ерекшеленеді. ¤збек басшылығының неғұрлым жарқын өкілдерінің бірі Мұхамед Шайбани өлген соң, 1510 жылы билік қазақ хандарына көшеді. Отырарды қазу материалдары 16-18 ғасырлардағы қала өмірі туралы жарқын түсінік береді. . Қала салудың негізгі компоненті квартал болып табылады. Бұл көшенің бір немесе екі жағына шоғырландырылған үйлер кешені. Кейбір кварталдардың қолөнерлік мамандануы айқындалған. Отырардың батыс қақпаларына жақын орналасқан, Дараваз-и Суфи қақапаларымен ұқсастырылған тағы бір квартал нан пісірушілердікі болған. Кейінгі ортағасырлық Отырарды қазу барысында көптеген керамикалар , металл бұйымдар, тиындар жєне єшекейлер жиналды . Нумизматтық олжалар Отырар Қазақ хандығы кезеңінде 15 ғасырдың ортасынан 17 ғасырдың бірінші жартысына дейін өрлеуді басынан кешкен . Қала жоңғар шапқыншылығы кезінде күйзеліске ұшырап, 18 ғасырдың ортасында мүлде иесіз қалды.
Сығанақ
Тоқтамыс 1380 жылдан бастап Алтын Орданың бірқатар жерін өзіне қаратып, Мамай Ордасын басып алады. XIV ғасырдың аяғында Тоқтамысқа қарсы әрекет жасай бастаған. Әмір Темір оның орнына 1395 жылы Ақ Орда тағына Ұрыс ханның тағы бір баласы Қойыршақ Оғыланды хан етіп қояды. Ақ Орданың келесі ханы бірақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасайды. Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, көптеген қалаларды өзіне қаратады. Алайда 1428 жылы Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік Жошының Шайбани әулетінің ұрпағы Әбілхайырға тиеді. Ол Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып өз хандығын құрады. Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып өз хандығын құрады. Ақ Орда өмір сүруін тоқтатады. Сөйтіп Ақсақ Темірдің қанды жортулары Сығанақ қаласының шаңырағын шайқалтып, Ақ Орданы қиратып кетеді. Ақсақ Темір 1405 жылы қайтыс болғаннан кейін, әлсіреп қалған Ақ Орда қайтадан бой көтереді. Орыс ханның немересі Барақ хан 1423-1428 жылдары Ақ Орданы қалпына келтіре бастайды. Біақ ол көп ұзамай қайтыс болады. Ақ Орданың билігі енді Жошы ханның бесінші ұлы Шайбанның ұрпағы Әбілхайыр ханның (1428-1468 ж. ж) қолына көшеді.Әбілхайыр хан мемлекеттің құрамына өз кезінде бұрыңғы қағанаттар мен хандықтардың құрамында болған, кейіннен қазақ және өзбек халықтарын құраған көптеген тайпалар енді- деп жазды. [3]Осылай Сығанақ бірде алтын Орда билеушілерінің, бірде ақсақ Темірдің, бірде Ұлықбектің қол астына қараған. Әбілхайыр-өзбек ханы, оның хандығы "Көшпелі өзбектер мемлекеті" деп аталған. Әбілхайыр хан Моғолстанды алам деп аттанып кеткенде, Жәнібек хан Шиелі жақтан келіп Сығанақты басып алады. Әбілхайыр хан ауырып қайтыс болады, сүйегін Созаққа қояды. Жәнібек хан Ордасын Сығанаққа көшіріп, билікті Бұрындыққа береді. Сөйтіп, Қазақ хандығының тұңғыш астанасы Сығанақ қаласы (1468ж) болады. [4] Сығанақ халқы отырықшы болған. Онда сауда, қолөнер жақсы дамыған. Қала мәдениеті Тараз, Баласағұн, Шиғу, Сайрам, Отырар шахарларымен қатар қанат жайған. ХІІІ ғасырға дейін Сырдың шығысында Отырар мен Сығанақта ірі қала болмаған. Олар ислам дінін Х-ХІ ғасырларда қабылдаған болуы керек. Шығыстан келген қара дүлей Моңғол шапқыншылығы 1219 жылы күзінен бастап қала тұрғындарын өз қолына алған. Сонымен 1219 жылы Сығанақ қаласы күйреу жылы болды. Осы бір қатты соғыстан соң XIV ғасырға дейін яғни 100 жылдай қалпына келе
алмады. Қазір Қазақстанның бір заманғы мәдениет ошағы мақтанышы болған Сығанақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалар
Қала мәдениеті тарихын оқыту
Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Қарлұқ мемлекетінің құрылуы
VІ-ХІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН ҚОНЫСТАР. ХIV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ
Қазақастандағы орта ғасырлық қалалар
Қаңлы мемлекеті туралы жазба деректер
Қалалардың қалыптасуы
Пәндер