Исламдағы әдеп


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

1. ИСЛАМДАҒЫ ӘДЕП . . . 6

1. 1 Анықтамалары және талас-тартыстар жайлы Құранда келген аяттар мен хадистер . . . 6

1. 2 Әһли сунна уәл жамағаттың кейбір ақида мәселелерінде ақидалық талас-тартыстар . . . 11

2. АҚИДАЛЫҚ ТАЛАС-ТАРТЫСТАРДЫҢ ӘДЕПТЕРІ . . . 16

2. 1 Ақидалық талас-тартыстардың әдептері . . . 16

2. 2 Ақидалық талас-тартыстар жайында ғалымдардың пікірі және талас-тартыстартың пайдалары . . . 57

2. 3 Бүгінгі ақидалық талас-тартыстың себептері . . . 60

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Қазақ даласына сонау VII-VIII ғасырдан бастап ене бастаған ислам діні қазіргі таңда қазақ халқының, соның ішінде өзге ұлттардың да төл діні деңгейіне жетті. Егемендігімізді алғанға дейін ел ішінде ислам дініндегі ақидаға (сенім) саласына қатысты ақидалық талас-тартыстардың ешбірі бой көрсетпеген еді. Сондықтан ақидаға саласына қатысты ақидалық талас-тартыстардың ешбіріне байланысты ғылыми еңбек жоқ. Тіпті орыс шығыстанушылары да бұл мәселеге қатысты ауқымды ешқандай еңбек жазбаған. Аса Жоғары Аллаһ Тағала қасиетті Құран Кәрімде: "Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін (сондай) бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар", - деп мұсылмандарға дінде жікке бөлінуге, ақидалық талас-тартысқа түсуге тыйым салды. Өкінішке орай, осындай ашық аятқа қарамастан қазіргі таңда арамызда топ-топқа бөліну, айтыс-тартыстар орын алуда.

Қай кезде де қарама-қайшылықтар, ақидалық талас-тартыстар, бірін-бірі көре алмаушылықтар сияқты оқиғалар ешбір халықты аттап өтпегенін тарихтан білеміз. Сондай оқиғалар мезгілімен қайталанып тұратынындай, бүгінгі күні біздің елімізде де белең ала бастады. Соңғы кездерде шетелдіктер, шетелдерде оқып келген кейбір жастарымыз елге үгіт-насихаттарын жүргізіп, діннен толық хабары жоқ халықтың санасына ата-бабамыз ұстанып келген Ханафи фиқһ және Матуриди ақида мектептерін кемсітіп, Парсы шығанағы халықтары ұстанатын мазһабты биікке шығарып іріткі салуда.

Расында қазіргі күннің проблемасы : Біз білетін нәрселердегі түсінігіміздің таяздығы, сол сияқты бірлікке алып келетін дұрыс көз-қарасты жоғалтып алдық, біз тек қана танумен шектеліп қалдық ( мәтінмен ) және оның әдебін ұмыттық. Бізге қасиетті Құран-Кәрім мен пайғамбарымыздың (с. ғ. с) хадистері жеткенімен, олардың асыл мақсаттарын ұмыттық. Біздің ақидалық талас-тартыстарымыз негізінен мустахаб, мандуб амалдардың айналасында болғанымен біз оларды парыз, уәжіб амалдар секілді қылып алдық.

Мұсылман баласы қандай да бір түйткілді мәселені аттандап, құр айқаймен шешпеуге тиіс. Парасаттылыққа, түсіністікке, сондай-ақ ғылымға сүйенген ағартушылық, бұл - кез-келген дерттің емі. Бір жақты ойлау, астамшылдық жасап артық кету, бұл шынайы ғылымның жолы емес. Өзін ақтап, ұстанымын жақтау үшін өзі секілді ойламайтындардың бәрін түрлі жолмен қаралап, тілін былапыт сөздермен былғау, жеке басының мәселелерін араластыру мұсылманшылыққа жат. Ондай жолдың пайдасынан гөрі зияны басым. Ендеше, ең әуелі тақырыпты жан-жақты зерттеп, кең көз-қарасты ұстануы лазым.

Зерттеудің нысаны . Шариғаттағы ақида мәселелеріндегі ақидалық талас-тартыстардың әдептері.

Зерттеудің пәні . Исламдағы ақидалық талас-тартыстардың әдептері және олардың пайдалары.

Зерттеудің мақсаты . Ақидадағы ақидалық талас-тартыстардың мұсылман қоғамына берер залалдары.

Зерттеудің міндеттері . Исламдағы ақидалық талас-тартыстар туралы жалпы түсінік беріп, Құран-Кәрім мен хадистерден ақидалық талас-тартыстар жайындағы мәселелерді ашып көрсету.

Зерттеудің ғылыми болжамы . Исламдағы ақидалық талас-тартыстар мәселесін анықталып: қоғамда ақидалық талас-тартыстар жайлы дұрыс көзқарас қалыптасып, адамдар дұрыс іс-әрекет жасай бастайды.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері . Ақидалық талас-тартыстар жайлы жан-жақты қарастырып, әртүрлі еңбектерді зерттеп, тұжырымдама жасау.

Зерттеу көздері . Құран-Кәрім мен пайғамбарымыздың сахих хадистер жинағы, ақида саласына қатысты ғылыми еңбектер, ғылыми танымдық журналдар.

Зерттеу әдістері . Зерттеу алдына қойған мәселелерді шешу және ғылыми болжамды тексеру, еңбектерге теориялық талдау жасау, нақтылау мен жинақтау, модельдеу, жобалау, диагностикалау әдістері арқылы қамтамасыз етілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі . Ақидадағы ақидалық талас-тартыстарды ғылыми тұрғыдан қарастырып, мұсылман қоғамына қаншалықты зиян екенін ашып көрсету.

Ғылыми жұмыстың құрылымы . кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

1. 1 Әдеп, ақида, әһли сунна уәл жамағат, талас-тартыс анықтамалары

"Ақида" ұғымы араб тілінен аударғанда (сөздік, яки грамматикалық мағынасы) "бір нәрсенің бөлек ұштарын бір жерге жинау", "топтау" мағынасын береді. Көпше түрі "ақаид". Терминдік мағынасы болса, дініміздегі басты тұжырымдарды құрайтын сенім жүйесі, дәлірегі, иман негіздері дегенді білдіреді. Ақида ұғымы сенім жүйесі ретінде қолданылуымен бірге, белгілі бір мәзхабтың немесе бір мәзхабты құрған имамның иман негіздеріне қатысты айтқан пікірлері мен түсінігін білдіру үшін де қолданылады. Ислам дінінің сенім жүйесіне қатысты саласын зерттейтін ғылымды "калам" десе, тікелей сенімге байланысты айтқанда "итиқад" термині қолданылады. Сол секілді ақиданы да, көп жағдайда иман негіздері деп айтуымызға әбден болады.

Бұл ілімнің бірнеше атаулары бар:

1) Таухид ілімі ­- Аллаһ Тағаланың біреу ғана екенін білдіретін ілім. Оның негізгі мәселелерінің бірі Аллаһ Тағаланың біреу ғана екенін негіздейтін ілім болғандықтан, таухид ілімі деп аталған.

2) Ақида ілімі - сенім ілімі. Оның зерттейтін мәселелерінің барлығы тікелей сенімге қатысты болғандықтан, ақида ілімі деп аталған.

3) Усулуддин - дін негіздері ілімі, бұл ілім діннің негізі болып саналғандықтан " усулуддин " деп аталған.

4) Илмүл калам - сөз ілімі, "мына мәселе мынадай" деген сияқты әр түрлі көзқарасты алға тартатын ілім болуына байланысты, илмүм калам деп аталған.

5) Имам Әбу Ханифа (Аллаһ оған разы болсын) бұл ілімді "Әл-фиқһүл әкбар" (үлкен ұғым) деп атаған. [6, б. 8]

2. Қазақ тіліне " әдеп " сөзі араб тілінен енген. Дәл сол "әдеп" ( أدب ) сөзінің синонимы " مكارم الأخلاق " яғни " әдептілік, көркем мінезділік" деп айтылады. Тіл (лингвитика) саласында әдептілікті "табиғи қасиет, табиғи қалып, инабаттылық, дін" деп те айтады. Зерделей білген адам араб тіліндегі "әдептілік" сөзінің тілдік ұғымының өзі адамға жат емес екенін көрсетіп тұрғанын аңғартады.

Шариғат саласында да әдептілік дәл осы " مكارم الأخلاق " сөзімен белгіленеді. "Әдептілік" сөзінің шариғаттағы терминологиялық мағынасы: пенденің ойланбастан өз жаратылысана сай барлық жақсы және ізгі амалдарды жүзеге асыру ұғымын қамтиды. Мысалы: жақсы ойда болу, өтірік айтпау, біреуге көмектесу т. б. [ 3, б. 24]

3. Алдымен Әһлу сунна ұғымының мәніне үңілсек. Құран-Кәрім мен Хазіреті Пайғамбардың сахих хадистерін ұстанып, жол бастар етуші, Аллаһтың елшісі Хазіреті Мұхаммед (с. а. у) мәселесінде ұстанған жолымен жүрушілер " Әһли суннат уәл-жамағат " деп аталады. Әһли суннат уәл-жамағаттың қазақша мағынасы - "сүннет халқы және жамағат". Яғни сүннет ұстану - Хазіреті Мұхаммед пайғамбарымыздың (с. а. у) жүрген жолын ұстануды білдіреді.

Ал мұның Әһли сүннет уәл-жамағат деп аталу себебі Хазіреті Пайғамбарымыздың (с. а. у) үмметі жайлы айтқан мына хадисінен бастау алады.

"Яһудилер 71 топқа, хрестиандар 72 топқа, үмметім де 73 топқа бөлінеді. Осы 73 топтың ішіндегі біреуі ғана жаннатқа барады, қалған 72-сі тозақтық болады", - дейді. Сонда қасында тұрған сахабалардың біреуі тұрып: " Я, Расулуллаһ! Жаннатқа баратын топ қайсысы ?", - деп сұрағанда Пайғамбарымыз (с. а. у) : " Менің және асхабымның жүрген жолымен жүргендер ", - деп жауап береді.

Шындығында да әһли сүннет уәл-жамағаттың ақидада ұстанған жолы Пайғамбарымыздың бен сахабалардың ұстанған, жүрген, амал еткен жолымен бірдей екендігін кейінгі тақырыптардан байқауға болады.

" Әһли сүннет уәл-жамағат " терминін алғаш Әбу Ләйс ас-Самарқанди " Шәрхул фиқһил әкбар" атты еңбегінде қолданған. [2, б. 22]

4. Талас-тартыcтың тілдік мағынасы - күш қуат, қаттылық, яғни дөрекілікпен жеңу дегенді білдіреді.

Терминдік мағынасы - белгілі құжат арқылы немесе қарсыласқа күмән салу арқылы жеңу дегенді білдіреді.

Шейх Мұхаммед Әмин Шанкити мужад кітабында бұл туралы:

"Ақидалық талас-тартыстың мақсаты ақиқатқа жету емес, керісінше күшпен жеңіп кету" [5. б6]

Талас тартыстар жайлы кейбір аяттар

Енді талас-тартыстар жайлы Құранда келген аяттармен танысалық:

Бірінші аятта Аллаһ Тағала:

وَاعْتَصِمُوا بِحَبْلِ اللَّهِ جَمِيعًا وَلَا تَفَرَّقُوا وَاذْكُرُوا نِعْمَةَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ إِذْ كُنْتُمْ أَعْدَاءً فَأَلَّفَ بَيْنَ قُلُوبِكُمْ فَأَصْبَحْتُمْ بِنِعْمَتِهِ إِخْوَانًا وَكُنْتُمْ عَلَى شَفَا حُفْرَةٍ مِنَ النَّارِ فَأَنْقَذَكُمْ مِنْهَا كَذَلِكَ يُبَيِّنُ اللَّهُ لَكُمْ آَيَاتِهِ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ

"Түп түгел Аллаһтың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер. Сондай-ақ,

өздеріңе Аллаһтың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені, бір біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды. Оның игілігімен туысқа айналдыңдар. Оттан бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, сендерді одан құтқарды. Осылайша Аллаһ сендерге аяттарын тура жолға түсулерің үшін баян етеді" [1, 3. 103] Бұл аяттағы "Аллаһтың жібі" дегендегі мағына Құран Кәрім, Ислам діні. Оты лаулаған бір шұңқырға құлағалы тұрған адам арқанды мықты ұстап қалса құтылатынындай, тозақтың түбіне құлаудан құтылу үшін де Құран сөздерін, Исламды мықты ұстау қажет. Таласып-тартысып, жік-жікке бөлінудің қажеті жоқ. Бұл аят мұсылман әлемін біріктіру ұраны. Әр қандай бірігу бөлінуді жоқ қылумен пайда болады. Мұнан кейін бұлай істеудің қаншалықты дәрежеде адамдарға пайдалы екендігін ұғып білсе болады. Тәпсіршілеріміз жоғарыдағы аяттың түсу себебін төмендегінше түсіндіреді: "Шас ибн Қайс атты адам Аус және Хазраж рулары жиналып отырған жерден өтіп бара жатып, жәһилиет кезінде бір бірімен дұшпан болған екі топтың достық рәуіште бірігіп отырғанын көреді де оның қатты ашуы келіп: "Егер бұлар біріксе бізге күн бермес" деп ойлап, бір яһуди баланы шақырып алып : "Арабтардың ішіне барып отырып, оларға "Буас" атты күнді еске салып және сол туралы өлеңдерді оқып бер", деп жібереді. Ол бала барып екі рудың арасына от жағып, Буас күнін естеріне салады. Сонда отырғандар таласып тартысып қалады да: қару, қару деп дауыстап жібереді. Бұл жәйт Пайғамбарымыздың (с. ғ. с) құлағына жеткенде, Пайғамбарымыз (с. ғ. с) мұһажірлер мен ансарларды ертіп алып Аус пен Хазраж руының алдына барып: "Мен араларыңда бола тұра, Аллаһ сендерді Исламмен құрметті етіп, надандықты жойғаннан кейін де, араларыңа достықты салғаннан кейін де бөлініп алып "Буас" күнінде Аус және Хазраж рулары қатты ұрысып қалып, ол ұрыста Аус руы Хазраж руын жеңген болатын. надандарша ұрыспақшысыңдар ма?"- дейді.

Адамдар дұшпанның сөзіне еріп ұрысып қалғандарын түсінеді де қолдарындағы қару- жарақтарды тастап, бір-бірінен кешірім сұрап, құшақтасып қол алысады. Жоғарыдағы аят осылайша түскен еді. Бұл аяттағы сөздер негізінен барша мұсылмандарға түскенімен сол кезде Аус және Хазраж руына тиісті түскен еді. Ендеше аяттың жалғасын талқылайық: "Сондай ақ, өздеріңе Аллаһтың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені, бір біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды". Ислам Аллаһтың адам баласына берген ұлы нығметі. Сол иләһи нығметпен дұшпандар дос-бауырға айналды. Бір біріне деген дұшпандықты тек Ислам ғана кетіре алады. Тек қана Аллаһтың арқаны болған Ислам дінін мықты ұстаған адам ғана бір-біріне діни бауыр бола алады. Өйткені, Аллаһ Тағала: "Оның игілігімен туысқа айналдыңдар", - деген. Аллаһ Тағаланың Ислам нығметі болмағанында адамдар бір-бірімен шынайы діни бауыр бола алмас еді. "Оттан бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, сендерді одан құтқарды. Осылайша Аллаһ сендерге аяттарын тура жолға түсулерің үшін баян етеді", - деген. Яғни адамдар Ислам дініне кірмес бұрын талас-тартыста, ұрыс-керісте, надандық үкімі астында едіңдер, сондай-ақ, қисық-қыңыр жолда едіңдер. Ол жол - Оттан бір шұңқырдың ернеуі еді. Аллаһ Өзінің ұлы нығметі болған бақыт жолы Исламға салып қойды да алаулы отқа құлаудан құтқарды.

Расында, Ислам діні таласып-тартысқандарды бірлестіру, ұрысып жатқандарды жарастыру мен дұшпандарды достастыруға қызмет ететін иләһи дәстүр. Аллаһтан келген бұл дін адам баласына тек жақсылық келтіретіндігі анық. Исламға өзін лайықтымын деп дағуат жасап жатқандар таласып-тартысса (ихтиләфтар тудырса), ұрысып, бір-бірлеріне дұшпандық қылса олардың өздері айыпты болады.

Екінші аятта: "Аллаһқа әрі Елшісіне бой ұсыныңдар, өзара жанжалдаспаңдар, онда сәтсіздікке жолығасыңдар да күш-қуаттарың кетеді және сабырлы болыңдар. Шын мәнінде Аллаһ сабырлылармен бірге" Мұсылмандар Аллаһқа және Оның Елшісі Мұхаммедке (с. ғ. с) қаншалықты бой ұсынса, көптеген жетістіктерге қол жеткізе береді. Мұсылмандардың өзара таласып- тартысудан қашық болулары, Аллаһ Тағала мен Оның Елшісіне мойынсұнулары да көптеген жетістіктерге жету жолдарының бір амалы болып табылады. Аллаһқа әрі Оның Елшісіне бой ұсынбай, өзара таласып-тартысудың соңы не іспен бітетіндігін Аллаһ Тағала жоғарыдағы аятта былайша баян етеді:" . . . өзара жанжалдаспаңдар, онда сәтсіздікке жолығасыңдар да күш-қуаттарың кетеді . . . " Аллаһтың сөзі - хақ. Ислам тарихында мұсылмандар қашан жеңілген болса, тек қана таласып-тартысу және өзара келіспеушілік салдарынан сол хәлге тап болған. Бұл мәселе төңірегінде имам Ғазалидің Жазайрдегі Ситиф қаласында болған жиналыста айтқан сөзін келтірмекшімін: "Аллаһ Тағала маған Ислам тарихын үйрену мүмкіншілігін берді. Бүгінгі күнде мен Ислам тарихын жетік үйрендім дей аламын. Аллаһтың атымен ант етейін мұсылмандар Ухуд күнінен бастап, бүгінгі күнге дейін сыртқы дұшпаннан жеңілген жоқ. Мұсылмандар қашан жеңіліске ұшыраған болса, тек қана таласып-тартысу және өзара ішкі келіспеушілік салдарынан ғана жеңіліске ұшыраған" Аят жалғасында Аллаһ Тағала былай дейді: " . . . және сабырлы болыңдар. Шын мәнінде Аллаһ сабырлылармен бірге". Демек арада талас-тартыс туындамау үшін сабыр керек. Сабырсыздық мұсылмандар арасында түрлі талас-тартыстар мен ұрыс-керістердің шығуына себеп болады. Аллаһ сабыр етушілермен бірге, сабыр етушілерді түрлі жамандықтардан сақтайды. Сабыр етпей шыдамсыздық танытқандар талас-тартыстардың жамандығына жолығады.

Үшінші аятта:

فَأَقِمْ وَجْهَكَ لِلدِّينِ حَنِيفًا فِطْرَةَ اللَّهِ الَّتِي فَطَرَ النَّاسَ عَلَيْهَا لَا تَبْدِيلَ لِخَلْقِ اللَّهِ ذَلِكَ الدِّينُ الْقَيِّمُ وَلَكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ (30) مُنِيبِينَ إِلَيْهِ وَاتَّقُوهُ وَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَلَا تَكُونُوا مِنَ الْمُشْرِكِينَ

" . . . Әрі ортақ қосушылардан болмаңдар. Сондай олар діндерін бөлшектеп, топтарға бөлініп, әрбірі өз алдындағыларына мәз болғандар"[1, 30. 30-31] . Демек, дінде бөлініп, таласып-тартысу мүшріктердің ісі болып саналады екен. Топ-топ болып бөлініп алып, талас-тартыс шығарып, өзара айтысу да мүшріктердің ісінен болып табылмақ. Әрбір топ өз алдындағы мәселелерден шаттыққа бөленіп, басқаларды өзінен төменсіту де ортақ қосушылардың амалын істеушілерден болып табылады екен.

Төртінші аятта:

إِنّ الَّذِينَ فَرَّقُوا دِينَهُمْ وَكَانُوا شِيَعًا لَسْتَ مِنْهُمْ فِي شَيْءٍ إِنَّمَا أَمْرُهُمْ إِلَى اللَّهِ ثُمَّ يُنَبِّئُهُمْ بِمَا كَانُوا يَفْعَلُونَ

"Күдіксіз діндерінде бөлініп, топтарға айрылғандармен ешбір байланысың жоқ. Сөзсіз олардың ісі Аллаһқа тән. Кейін оларға істеген істерін түсіндіреді". [1, 6. 159] . Бұл аятта Аллаһ Тағала бөлінуге және өз алдына топтасуға алып баратын істерді Пайғамбарымыздың(с. ғ. с) жолынан бөлек екендігін айтып тұр. Және бұл аятта Аллаһ Тағала мұндай нәрселерді Мұхаммедтің (с. ғ. с) үмметіне лайық емес іс екендігін ескертуде.

Бесінші аятта,

إِنَّ الدِّينَ عِنْدَ اللَّهِ الْإِسْلَامُ وَمَا اخْتَلَفَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ إِلَّا مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَهُمُ الْعِلْمُ بَغْيًا بَيْنَهُمْ وَمَنْ يَكْفُرْ بِآَيَاتِ اللَّهِ فَإِنَّ اللَّهَ سَرِيعُ الْحِسَابِ

Пәлекетке жолыққан әһли кітап иелерінің әрекетін бізге өнеге етіп: ". Сондай Кітап берілгендер, өздеріне мәлімет келгеннен кейін араларындағы күншілдіктен ғана талас-тартысқа түсті". [1, 3. 19] . Бұл аяттың білдіруінше талас тартыстардың себебі өзара көре алмастық пен күншілдіктен екен. Сонда бізге таласып-тартысу өзге діндерден мұра болып қалғаны ма?

Алтыншы аятта:

وَلَا تَكُونُوا كَالَّذِينَ تَفَرَّقُوا وَاخْتَلَفُوا مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَهُمُ الْبَيِّنَاتُ وَأُولَئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ عَظِيمٌ

"Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін сондай бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне, соларға зор азап бар" Иә, көзімізді ашып, өз-өзімізді түзетуіміз қажет. Ислам дініміз арқылы өзімізге ашық дәлелдер келгеннен соң да бөлініп, бір-бірімізбен тартысып, ұрыс-жанжалға бас қоя берсек қатты азапқа душар болып қаларымыз анық.

Таласып-тартысу жайлы кейбір хадистер

Енді таласып-тартысудың жамандығы жайлы Пайғамбарымыздан келген кейбір

хадистерді біліп алайық:

Бірінші хадис:

Имам Мүслим риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с. ғ. с) : "Таласып-тартыспаңдар, жүректерің қайшыласуға бейім болып қалмасын", - деген. Біз Пайғамбарымыз (с. ғ. с) қайтарған нәрселерден қайтуымыз шарт. Пайғамбарымыз (с. ғ. с) бізді таласып-тартысудан қайтарып тұрған болса, ал біз оған қарамай өзара таласып-тартыса беретін болсақ не болады?! Бұл хадисте таласып-тартысудың кесір боп тиетіндігі білдіріліп тұр. Бұл - жүректердің қайшыласуға әдеттеніп қалуына әкеп соғады. Иә, бір-екі рет таласып- тартысқаннан кейін, оның әсерінен жүрек қайшыласуға бейім болып алса, Аллаһ бетін аулақ қылсын, ондай жүрек иелері күмәнсіз бастарын келіспеушілік пен ұрыс-жанжалдардан шығара алмай қалады.

Екінші хадис:

Абдуллаһ ибн Амр (р. а) риуаят еткен хадисте: "Бір күні Пайғамбардың (с. ғ. с) алдына күн қайнап тұрған кезде барған болатынмын, бір аят жайлы таласып-тартысып жатқан екі кісінің дауысын естіп қалдым. Сол кезде Пайғамбарымыз (с. ғ. с) шықты, жүзінен ашулы екендігі байқалып тұрды Ол: - "Әлбетте сендерден бұрынғы өткендер Кітап жайлы таласып-тартысқандары үшін пәлекетке ұшыраған" - деді Пайғамбарымыздың (с. ғ. с) өз сахабаларының екі кісі бір аят жайлы таласып- тартысқанда ашуланғаны жәйдан-жәй емес екен. Өйткені, ол екеуі өздері сезбеген халде тарихтағы ең үлкен қателердің бірін істеп жатқан еді. Ол болса, Аллаһтың кітабы жайлы таласып-тартысу еді. Бұрынғы өткен үмметтер Аллаһтың кітабы жайлы таласып-тартысқаны үшін пәлекетке жолыққан екен. Егер біз де сол істі жасайтын болсақ, сол қауымдардың қате істерін қайталаған болмаймыз ба?

Үшінші хадис:

Имам Бұхари риуаят еткен хадисте Абдуллаһ ибн Аббас (р. а) мыналарды айтты: "Мен Пайғамбарымыздан (с. ғ. с) есіткен аяттарды бір кісінің мен естігеннен өзгеше қырағат етіп оқып жатқандығы есітіп қалдым да оның қолынан жетелеп Пайғамбарымыздың (с. ғ. с) алдына алып бардым. Сонда Пайғамбарымыз (с. ғ. с) : "Екеуіңдікі де дұрыс" -деді. Шұғба, таласып-тартыспаңдар. Расында, сендерден бұрынғылар таласып-тартысты да пәлекетке жолықты, деп айтты". Демек, дінімізде бір нәрсені екі түрлі орындауға мүмкін болатын жайлар да бар екен. Белгілі бір аяттарды Абдуллаһ ибн Аббас (р. а) бір түрде қырағат етсе, Шұғба есімді сахаба (р. а) басқа түрде қырағат етіп жатқандығы айтылған. Кейін Пайғамбарымыздың (с. ғ. с) алдына барғанында: "екеуіңдікі де дұрыс" - деген. Бірақ Пайғамбарымыз (с. ғ. с) мұндай мәселе жайлы таласып-тартысудан қайтарып отырған. Міне, құрметті де ізетті мұсылман бауырлар, мұсылманның таласып-тартысуы харам екендігі жайлы және ешкім ешуақытта таласып-тартыспауы керектігі жөнінде дәлел болатын кейбір аяттар мен хадис шарифтерден хабардар болдық. Ендеше өз-өзімізге ынсап қылып бір сұрақ қойып көрейікші: Құран мен сүннетпен жүреміз дегеніміз қайда және амалымыз қайсы? Сол насихаттап жүрген нәрселеріміз, оны орындау да, орындамау да сүннет болған істе талас-тартысты қозғап, бірнеше аят-хадистерге қарсы шығып, харам істі қылғанымыз Құран мен сүннетке амал ету деп аталады ма? Сондықтан да ғұламалар бір сөзді айтудан немесе бір істі орындаудан бұрын оны жақсылап зерттеп, егер ол зиян алып келмейтін болса, сосын барып кірісуге болады деген. Істесе сауап, істемесе күнә болмайтын сүннет амалы жайлы таласып-тартысудың соңы харам іске алып барады. Бұл дініміздің үкімдерін толық білмегендіктен. Не үшін біз Құран және сүннетке амал ету істерінде кішкене ғана нәрседе таласып-тартысамыз да, ал Құран және сүннетте ең басты мәселелердің бірі боп табылатын мұсылмандардың бірлігі жайлы бұйрықтар мен тыйымдарға амал етпейміз?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Араб-исламдық» философиясының пайда болуы
Суфизм (сопылық)
Мұсылмандардың қасиетті орындары
Жүсіп Баласағұн және «Құтты білік»
Ислам мейірімділік пен қамқорлық діні
Ислами тәрбие беру
ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ МІНДЕТТЕР
Тәрбие және оның даму тарихы
Қоғам және дін
Ислам дәуірінің жаңа кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz