Спандияр Көбеев


СПАНДИЯР КӨБЕЕВ
(1878-1956)
Спандияр Көбеев - Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі педагог-жазушы. Өз ұстазына еліктеп, ол ағартушылық идеясын педагогтік қызметі арқылы жүзеге асырған, қазақ халқы ішінде орыс әдебиетін насихаттаған. Сол негізде Спандиярұлы Абай мен өз ұстазы Ыбырай Алтынсарин негізін салған казақ әдебиетіндегі демократтың, ағартушылық идеяны әрі қарай жалғастырды және жаңа жағдайға лайық дамытты.
Спандияр 1878 жылдың 1-қазанында бұрынғы Торғай облысы, Николай уезі Обаған болысына қарасты № 3 ауылда туған. «Менен бұрын бес баласы, бір қызы бар ата-ана мен дүниеге келгенде, сірә, қуана қоймаған болу керек, - дейді жазушы естелігінде. Ес біліп, етек жапқан кезде анамыз: «Сен әрі суық, әрі қатты мұқтаждық көрген кезімізде туып едің», - деуші еді.
Спандиярдың әкесі Кебей - мұсылманша хат таныған, шыншыл, қолөнерімен (етік тігу, балташылдық кәсіп, т. б. ) күн көрген адам. Ол балаларын оқыту жағын көбірек қарастырған. Анасы Айтбоз да, жазушының өзінің айтуынша, өте қайратты және есті, ауылдың ортақ анасы сияқты қадірлі адам болған. Жарастықты еемьяның үлгілі тәрбиесі болашақ педагог-жазушының мінез-құлқының қальштасуына да әсер еткен.
Спандияр мектеп жасына жетіп қалған кезде ауылда «Ыбырай Алтынсарин мектеп ашады» деген хабар тарап, әкесі баласын осы мектепке орналастыруды армандаған. Бірақ мектеп ашу ісі созылыңқырап кетеді де, Көбей тоғыз жасар Спандиярды ескіше оқуға береді. Алайда діни-схоластикалық мектептің адам тезбестік қатал дене жазасына шыдай алмай, Спандияр оқуды тастап кетеді.
1887 жылы Ыбырай мектебі ашылады да, Спандияр үлы ағартушының өз көмегімен сол мектепке орналасады. Оны 1892 жылы бітіреді. Содан кейінгі жылдары Қарағайлыкөл деген жердегі төрт жылдық болыстық мектепте (1892-1895), Қостанай қаласындағы екі кластық орыс-қазақ мектебінде (1895-1897) оқиды.
Болашақ педагог-жазушы бұдан кейін тағы да оқып, мұғалім болып шығуды армандайды. «Ыбырайдың өлімі менің оқытушы болатын деген ынта-ниетімді енді біржолата баянды етіп бекітті», - дейді ол. Сол ниетпен Орынбордағы оқытушылар семинариясына түсуге талаптанады да, оның сәті түспей қалған соң Қостанайдағы екі жылдық педагогикалық курсқа түсіп (1898 жылы) оқиды. Курсты 1901 жылы бітіріп, бастауыш мектепке мұғалімдік право алады.
Жасынан Ыбырайдың ағартушылық, ұстаздық жолын үлгі тұтынған Спандияр енді мақсатына жетіп, алған білімін елі ішіне таратуға мүмкіндік туғанын өз естеліктерінде қуана еске алады. Алдымда туып-өскен ауылым. Мәдениеттен кенже қалған қараңғы ауыл. Менің ендігі өмірім сол ауылда өтпекші. Сол ауылда қолымнан келгенінше мәдениет шам-шырағын жақпақшымын. Бір кездегі өзім сияқты, кіршіксіз, таза, уыз тілекті жас жеткіншектерді оқытып, көзін ашып, ғылым жолына, мәдениет соқпағына түсіремін деп асығып келемін».
Спандияр өз аулында және оған таяу жердегі мектептерде орын болмай, Қостанайдан мың шақырымдай Ырғыз уезіндегі Толағай болысына қарайтын Кішіқұм деген жерге жіберіледі. Жүрегі надандық торына шырмалған өз халңына деген сүйіспеншілік пен оған білім шырағын жағу үмітіне толы жас жігіт жердің шалғайлығына қарамай, сонда оқытушы болып барады. Онда бірталай қиыншылықтарға кездеcеді. Арнаулы салған мектеп үйінің жоқтығы, жабдықтар мен оқу құралдарының жетімсіздігі, балаларын орысша оқытуға наразы ел ішіндегі надан көзқарас - бәрімен жас мүғалім жалғыз күреседі. Балаларды ЬІбырай әдісімен орысша оқытады, ғылым негіздерін түсін-діретін пәндерге үйретеді. Сөйте жүріп, Спандияр өзіне тілектес достар табады. Ол ел адамдарына ғылым салаларынан түсінік береді, орыс әдебиеті жайлы әңгімелер айтады. Пушкиннің «Дубровский», Н. В. Гогольдің «Өлі жандар» атты шығармалары мен А. П. Чеховтың күлкілі әңгімелері, И. А. Крыловтың: мысалдары Спандиярдың ауызша әңгімелері арқылы ел ішіне бірінші рет тарайды. Сейтіп жүріп Спандияр Крылов мысалдарын аудара бастайды. Мұны ол ескі ауылдағы ұнамсыз мінез-құлық пен ел әкімдерінің, байлардың кертартпа көзқарастарын сынауға пайдаланады. Жазушы өз естеліктерінде бірде бала оқытып жатқан үйге Ыбырай деген байдың жас төлдерін әкеп қамағанын әңгімелейді. «Үй менікі, бұл үйді салдырған - менмін. Арық-тұрақ төлдерімді далаға қоя алмаймын мына отырған қу маңқаларыңнан маған төл артық»-дейді бай. Бұған ыза болған Спандияр Крыловтың «Көлбақа мен Юпитер» атты мысалын аударып, бай қылығын әшкерелеуге жұмсайды. Оны кешке жиналған өз достарына оқып береді.
«Бүгін мен оларға енді өлеңмен аударылган «Көлбақаны» оқып бердім, - дейді жазушы. Бұл тыңдаушыларыма қатты ұнады. Тағы-тағы оқышы деп, екі-үш рет оқытты. Әрі күле, әрі ойлана тыңдап отырған Оспан ағай:
Соңғы бір шумағын қайта оқышы, - деді. Мен қайта оқып шықтым. Ол менің аударуымда:
Болады бір өзіне берсе алла,
Жамандық тілегені бөтен жанға.
Шіркіннің бес тиындық іші ашылмас,
Өзі аман, дүниені өрт алса да, -
делінген еді:
Бұл біздің Ыбекең, - деді Оспанның кіші інісі Хасен. Оның Ыбекең деп отырганы Ыбырай бай еді.
Дәл өзі, - деді тағы бір жігіт.
Оспан ағай «Көлбақаны» көшіртіп алды. Осы өлең көп ұзамай-ақ ауылдан-ауылға тегіс тарап, «Оқытушының Ыбекеңе шығарған өлеңі екен» деген хабар болып, жайылып кетті.
Кішіқұмда жүргенде Спандияр Крыловтың басқа да мысалдарын аударған. Сонымен қатар ол өз аудармаларын белгілі бір тарихи қажеттікке жауап беру тұрғысында жасап, нақты бір жайды сынау үшін пайдаланған.
«Жазда болыстың сайлауы болып, Ыбырай бай қулардың айдауымен болыстыққа таласып, көп шығындалды. Бірақ сайлауда бұрынғы болыс қайта сайланды да, Ыбырай өтпей қалды.
Осы уақиғаларға байланысты мен Крыловтың «Иттің достығы», «Қара бұлт» деген мысалдарын аудардым. Бұл мысалдар бай-болыстардың намысына тиіп, мені бұрынғыдан да жаман қудалай бастады. Менің үстімнен ұлықтарға арыздар да жаудырылып жатты, - дейді С. Көбеев.
Бұл жағдайлар Спандиярдың басқа мектепке ауысуына себепкер болады.
1903-1905 жылдар ішінде Спандияр Петропавл уезіндегі Нілді болыстық мектебінде істейді. 1905 жылы жазда Омбы қаласында бір айлық ауыл шаруашылың курсында оқиды. Омбыда ол революцияшыл адамдармен танысып, аз уақыт олардың үйірмелеріне қатысады. Бірақ кешікпей елге қайтып, ол адамдардан қол үзіп қалады. Бұдан кейін Спандияр Петропавлдегі екі кластың орыс-қазақ мектебіне орналасады, онда 1910 жылға дейін мұғалім боп істейді. Осы жылдарда (1908-1909) ол өзі Кішіқұмда бастап аударған Крылов мысалдарын көбейтіп, жөндеп, баспаға ұсынады. Ол аудармалар 1910 жылы Қазанда «Үлгілі тәржімә» деген атпен басылады.
«Үлгілі тәржімәға», негізінен, Крылов мысалдарының аудармалары кірген. Спандиярдың ұстаз санаған ақындары Абай, Алтынсарин, замандастары Б. Әтетілеуов, С. Дөнентаев, С. Торайғыров - бәрі де Крыловқа бір соқпай кеткен жоқ. Әрине, аудармаларының түрі, өлеңдік қасиеті, дәлдігі, шеберлігі біркелкі емес. Әр ақынның таланты, тіл байлығы, бөгде тілдің әдемілік қасиетін түсіну, өлеңнің тек мазмұнын гана емес, көркемдік ерекшеліктерін де бере аларлық керкем сөз таба білулері жағынан айырмашылықтары бар. Бірақ бәрінде де мысалдың түпнұсқасы негізінен дұрыс сақталады.
Сол ақындардың Крылов мысалдарын аударуга құмар болуы да кездейсоқ еместі. Крылов өмір сүрген кезінде орыстың помещиктік-крепоснойлық құрылысы мен қазақтың байфеодалдық құрылысының араларында әр жағынан да жақындық сипаттар көп болатын. Крылов мысалдарында суреттелінетін арыстан, аю, қасқыр, түлкі, момын бейшара қозы, ала қойлар, өгіздер, жыртқыштар мен жан-жануарлардың ара-сындағы қарым-қатынас, зорлық-зомбылық үстем тап өкілдерінің езілуші тапқа керсететін зорлығын, жәбір-жапасын елестететін еді. Ұлы ақын Крылов осыны бейнеледі.
Қаладан шалғайда, қараңғылықтың қаймағы бұзылмай, қазақ бай-феодалдарының айтқаны келіп, атқаны тиіп тұрган заманда Көбеев бала оқытқан Ыбырай байдың аулы сияқты жерлерде осы тектес сорақылықтар аз болмайтын. Мысалдарда суреттелетін қасқыр, аю, арыстан, жылан, түлкілердің зұлымдық, жауыздық іс-әрекеттері сол кездің өмір шындығына . дәл еді десек, әрі оңытушы, әрі жазушылық қабілеті бар Көбеевтің мысал өлеңдер жазып, айналасындағы әр алуан сұм сұрқиялықтарды сынауы тіршілік тілегінен туғандығы даусыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz