Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық заңды қолданудың теориясы мен тәжірибесі, оның тиімділігі



Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Атаулар мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 Сыбайлас жемқорлықтың жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

1.1 Сыбайлас жемқорлықтың түсінігі мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Сыбайлас жемқорлықпен күресудің тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық нормативтік негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

2 Қылмыстық заңнамадағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының құрамы, оның қолданылу мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.1 Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық құқықтық мәселелері ... ... ... ... ... ... .33
2.2 Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарcы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының теориясы мен тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
2.3 Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін шетелдік заңнамаларда көзделген қылмыстық жауапкершілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...77

3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты Қазақстан Республикасында және шетелдерде жүзеге асырудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .84
3.1 Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның құрылуы, даму сатылары, теориясы мен тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .84
3.2 Шетелдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі тәжірибе ... ... ... ... ..90
3.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық құқықтық құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..96

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 102
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..105
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықтың жалпы сипаттамасы, тарихы, күресу шаралары, құқықтық нормативтік негіздері, сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық құқықтық мәселелері, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының теориясы мен тәжірибесі, елімізде және халықаралық аренадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүзеге асыру жолдары және шетелдердегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін жауапкершілік түрлерін және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының құрамы мен қатар қоғамда көрініс алған жағдайларын қарастырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері көптеген реформалар жүзеге асты. Барлық заңдар бастау алатын еліміздің ата заңы конституция қабылданып, мемлекетіміздің құқықтық негізі өз орнын нық орнатты. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасында көптеген кодекстер- қылмыстық, қылмыстық атқару және т.б қабылданды. Негізінен, әлемдегі елдердің экономикасына, азаматтардың әділетті өсіп-өркендеуіне балта шабатын құбылыстардың бірі сыбайлас жемқорлық болып отыр. Сыбайлас жемқорлық құбылысымен күресуде еліміз қылмыстық заңнама мен қатар, мемлекеттік бағдарламаларды іске қосуда. Тамырын тереңге жіберген сыбайлас жемқорлық қоғамды қылмыстылыққа бой алдырады, мемлекетіміздің қарқынды дамуына кедергі келтіруде. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарың мәселесі қылмыстық құқық теориясында көптен бері зерттеліп келе жатыр. Сонымен қатар мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлық қылмыстарының күрес шараларына қоғамда көңіл бөліп, азаматтарлың жұмыла көмектесуін айта өткеніміз жөн. Осы қылмыстардың қоғамда жауапкершілік белгілеу мәселелері маңызды деп айта аламыз.
Негізінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, оның теориясы мен тәжірибесін, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қылмыстық мәселелерін заң ғылымы саласында шетел ғалымдары Панченко. П.Н, Анциферов. К, Ширяев. Н.В, Эстрин.А.Я, Овчинский.В.С, Зубченко. В.А, Михайлов.В.И, Козлов.А.П, Смолицкий М.С, Джонстон.М, Радачинский.С.Н, Кирпичников.А.И зерттеген. Ал, отандық ғалымдардың сыбайлас жемқорлық туралы А.Н Ағыбаев, Е.О Алауханов, И.Ш Борчашвили, Б.А Жетпісбаева, Н.И Акуев, Ж.Байсалбаева, Б.Баяндин, Г.Р Ахметова, О.А Абдыкаримов, К.П Кожамжаров, Е.С Кемали Д.К Исмагулов, Г. Тіленчиева, Ж.А Тұяқбай, И.И Рогов, М.О Нукенов, Е.З Тұрғымбаев, Д.В Курбатов, Ю.И Ляпунов, М.М Алиев, З.О Ашитов, Ә.Қ Бәкір зерттеген. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының құрамының құрылысының ерекшеліктерді, олардың түрлерінің жекелеген белгілерін талдау, бұл қылмыстар үшін тағайындалатын жаза түрлерінің ерекщеліктерін зерттеу тақырыптың өте өзекті екенің көрсетеді.
1 Джерри Д. Большой толковый социологический словарь. в 2-томах, 1том.-Москва: 2001.- 332с.
2 Государственное управление. Словарь.- Москва: Петрополис. 2006. - 250с.
3 Охотский Е.В Государственное управление в современной России.- Москва: МГИМО – университет, 2008. - 524 с.
4 Экономические и социальные проблемы РФ: Социолого –экономические аспекты коррупции. 2 раздел.- Москва.1998. - 357с.
5 Рогов И.И, Мами К.А, Бычкова С.Ф Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің негіздірі: Оқу құралы.- Алматы. 2004. – 268с.
6 Томчин Г. Кто против коррупции? http\www.tomchin.ru
7 Скаков А. Коррупция как социальное явление\ Фемида, 2008г -№4.
8 Волженкин Б.В Коррупция. - Ген. Прокуратура РФ. 2002. - 44 с.
9 Корчагин А.Г, Иванов А.А Коррупция и борьба с ней в странах АТР. Статья. Москва:Юрист. 2000. – 41- 48 с.
10 Юридическая энциклопедия. 2-изд.-Москва: 2003. - 656с
11 Международная защита прав и свобод человека. Конвенция. 1990.- 45с
12 Криминология: Учебник. – Москва.1997. - 501с
13 Криминология//под.ред. Кузнецова Н.Ф. Москва:Проспект. 1994.- 132с.
14 Михайлов Л.В Борьба с коррупцей в США 80-годы: вопросы истории.-1994.- №5- 65с.
15 Джонстон М Поиск определений: качество политической жизни и проблема коррупций. Международное жюри социальных наук.-Париж. 1997. - №16-54с.
16 Агыбаев А.Н Уголовно-правовые и криминологические меры борьбы с коррупцей.- Алматы: Жеті Жарғы. 2003.- 410с.
17 Исмагулов Д.К Причины и условия коррупционных правонарушений в государственных органах// Материалы научной конференции молодых ученых Казахстана – Алматы: Университет им.Кунаева. 2007. - 63с.
18 Алауханов Е.О Криминологические проблемы предупреждения корыстно-насильственных преступлений: Монография. 2005.- 389с.
19 Сатаров Г.А Россия и коррупция. Российская газета.19.02.1998г
20 Алауханов Е. Сыбайлас жемқорлықпен күресу: теория және практика. Алматы: Заң әдебиеті. 2000.- 237б.
21 Епифанова.Н Исследование коррупции на основе методов экономической теории. 2007 г - №1 – 70с.
22 Рогов И.И, Мами К.А, Бычкова С.Ф Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің негіздірі: Оқу құралы.- Алматы: 2004. – 268с
23 Жетписбаева Б.А Стратегия борьбы с коррупцией. - Алматы: Заң әдебиеті. 2009. – 294с.
24 Рогов И.И, Мами К.А, Бычкова С.Ф Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің негіздірі: Оқу құралы.- Алматы: 2004. – 268с.
25 Струве В.В Хрестоматия по историй древнего мира. Дарение или взятка: http\\krrupciya.com\index\php\page\66544112\ 12-14с.
27 Жетписбаева Б.А Стратегия борьбы с коррупцией. Алматы. 2009.-294с.
28 Мовсумов В Древний Рим – образец коррупционного государства. Москва. 2001.- 213с.
29 Гоббс Т Левифан или материя, форма и власть государства церковного и гражданского. Москва: Мысль. 1936. - 478с
30 Гилинский Я.И Коррупция: теория и российская реальность. Леонтьевский центр. 2004.- 384с.
31 Чистяков А.И Россиское законодательство.
Литература. 1985. - 390с.
32 Г.А Сатаров Антикоррупционная политика: Учебное пособие.- Москва: СПАС. 2004.- 368с.
33 Гуриев.С Что известно о коррупции в России и можно ли сней бороться? 2007. -18 с
34 Алауханов Е.О, Турсынбаев Д.Е Борьба с коррупцией: Учебное пособие. Алматы: 2008. - 288 с
35 Жетписбаева Б.А Стратегия борьбы с коррупцией. Алматы. 2009.-294с.
36 ҚР Конституциясы 1б
37 ҚР -ң 1998 ж 2 шілдедегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңы. 1бап - 12бап.
38 Алауханов Е. Сыбайлас жемқорлықпен күресу: теория және практика.-Алматы. 2009.- 240б.
39 Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы агенттіктің сайты: Жаңалықтар бөлімі.
40 Аникин А. Ответственность за взяточничество по новому УК : Законность. 1999.- №6 – 68с.
41 ҚР Жоғарғы сот Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі “Қылмыстық үдеріс жүргізуші органдардың заңсыз іс-әрекеттерінен келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша заңнаманы қолдану практикасы туралы” №7 қаулысы.
42 ҚР Жоғарғы соттың 2001 жылғы 21 маусымдағы “Соттардың моральдық зиян орнын толтыру туралы заңнамасын қолдану туралы” №3 Нормативтік қаулысы.
43 Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 25 қыркүйегіндегі «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері жөніндегі кебір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар еңгізу туралы» заңы
44 Козлов А.П Понятие преступления. – СПб. 2004. - 819с.
45 Молдабаев С.С Проблебы субъекты преступления в угловном праве РК: Монография.-Алматы.1998.- 129с.
46 Алауханов Е.О Проявление коррупции в обществе. Правовая реформа в Казахстане. –Алматы. 2006.- №4- 58с.
47 И.Ш Борчашвили Коррупционные преступления: закон, теория и практика. –Алматы: Жеті жарғы. 2009. - 35-37с
48 Ағыбаев А.Н Қылмыстық құқық: Ерекше бөлім. – Алматы: Жеті Жарғы. 2003 . – 584б.
49 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңы 1999 ж 23 шілде.
50 Ағыбаев А.Н Ответсвенность должностных лиц за служебные преступления. – Алматы. 1997.- 160с.
51 КСРО Жоғарғы сотының 1990 ж 30 наурызындағы пленумның қаулысы
52 Борчашвили И.Ш Коррупционные преступления: закон, теория и практика. –Алматы: Жеті жарғы. 2009.- 488с.
53 Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің сайты жедел мағлұмат бөлімі.
54 Уканов К.Ш Предупреждение хищений в Республике Казахстан: Уголовно-правовые и криминологические аспекты.- Алматы. 1973.- 391с.
55 Ағыбаев А.Н Уголовно-правовые и криминологические меры борьбы с коррупцией:Учебное пособие.- Алматы. 2003. – 330с.
56 Борзенков Г.Н. Уголовно-правовые меры борьбы с коррупцией. // Вестник МГУ. Право.1993. №1 -313 с. Гальперин Г.И. Организованная преступность, коррупция, уголовный закон. //Социалитическая законность. 1989. - №4- 411с.
57 Мишин Г.К. Коррупция: Понятие, сущность меры ограничения: Лекция. Москва. 1991. – 34с.
58 Амеркулов Б. Должностное злоупотребление и получение взятки.Фемида: 2001. - №1-71с.
59 Уголовное право РК. Особенная часть. Курс лекций. Под.общ.ред И.Ш Борчашвили. Алматы. 2006.-426с.
60 Волженкин Б.В, Квашис В.Е Цагикян С.Ш Ответственность за взяточничество. – Ереван. 1998.- 198с.
61 Курбатов Е.В Уголовная ответственность за получение взятки по законодательству РК:Афтореф. Дис.к .ю.н Караганда: 2009.- 205с.
62 Проблемы борьбы с коррупционными преступлениями: Учебное пособие.-Алматы: Академия МВД РК. 2004.-360с.
63 Курбатов Е.В Получение взятки: уголовно-правовые, процессуальные и криминалистические аспекты: Учебное пособие. - Караганда: КарЮИ МВД РК. 2001. – 205с.
64 Уголовное право РК. Общая часть\\ Под.ред. И.Ш Борчашвили. –Алматы. 2006. – 426с.
65 Алауханов Е.О Проявление коррупции в обществе: Правовая реформа в Казахстане.-Алматы. 2006.-424с.
66 ҚР-ң Жоғарғы Сот пленумның парақорлық үшін жауапкершілік туралы 1995 ж 22 желтоқсанындағы №9 қаулысы.
67 Барсуков Р.Т Уголовно-правовая борьба со служебным подлогом. Автореф. Дисс.на соиск, к.ю.н. – Караганда. 2002. - 219с.
68 Алауханов Е.О Қылмыстық Құқық: Ерекше бөлім. 2 том. Алматы: Дәнекер. 2000. – 224б.
69 Ағыбаев А.Н Қылмыстық құқық: Ерекше бөлім. – Алматы:Жеті Жарғы. 2003. – 584с.
70 Айтамбаев Н Субъективная сторона присвоения и растраты ввереного чужого имущества.-Закон и время. 2006. - №8 - 78с.
71 Ағыбаев А.Н Қылмыстық құқық: Ерекше бөлім. – Алматы: Жеті Жарғы.-2003. – 584б.
72 Борчашвили И.Ш Коррупционные преступления: закон, теория и практика. Алматы: Жеті Жарғы. – 488с.
73 Нукенов М.О Коррупционные преступления: криминологический и уголовно-правовой анализ. – Алматы. 1999. – 321с.
74 Ағыбаев А.Н Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім.- Алматы:Жеті Жарғы. – 584б.
75 Алиев М.М Экономическая контрабанда: понятие, виды, ответственность. Учебное пособие.- Астана. 2005. – 202с.
76 Ағыбаев А.Н Қылмыстық құқық.Ерекше бөлім. -Алматы:Жеті Жарғы. – 584б.
77 Ашитов З.О Воинские преступления,причины и предупреждения. –Алматы. 1998. – 168с.
78 Ответственность за должностные преступления в зарубежных странах. –Москва:Юр.литература. 1994.- 256с.
79 Основы борьбы с организованной преступностью: монография// под.ред Овчинского В.С. - Москва: ИНФРА-М.1997. –400с.
80 Роуз-Аккерман С. Коррупция и государство. - Москва: "Логос". 2003. - 218с.
81 Бондаренко С.В. Коррумпированные общества. – Ростов-на-Дону: «Росиздат». 2002. - 197с
82 Коррупция в Казахстане (сущность, проблемы, предупреждение). //Материалы международной научно-практической конференции. Астана: Акмолинская полиграфия. 1999. – 142с.
83 Алауханов Е. Сыбайлас жемқорлықпен күресу. Теория және практика. Алматы. 2009. – 240б.
84 Алауханов Е. Сыбайлас жемқорлықпен күресу. – Алматы. 2009. – 240б.
85 Жұмабаев Н.Ә. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың халықаралық және қазақстандық тәжірибесі. Дөңгелек үстелдің «Құқық қорғау органдары, прокурорлар, судъялар және өзге де тиісті лауазымды тұлғалар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі мамандырылған семинар бағдарламасы. //www.apa.kz: 28.01-01.02. 2008.
86 Алауханов Е. Сыбайлас жемқорлықпен күресу: теориясы және практикасы Алматы. 2009. – 240б.
87 Жетписбаева Б.А Стратегия борьбы с коррупцией.- Алматы: Заң әдебиеті. 2009. – 294с.
88 Рогов И.И, Мами К.А, Бычкова С.Ф Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің негіздірі: Оқу құралы.- Алматы. 2004. – 268с.
89 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
90 "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауы
91 Херберт Берсток. Коррупция в Казахстане. //Материалы международной научно-практической конференции.- Астана. 1999. – 90 с.
92 Коррупция в Казахстане (сущность, проблемы, предупрежддение) //Материалы международной научно-практической конференции.- Астана: Акмолинская полиграфия.1999. – 165с.
93 Шнарбаев Б.К. Коррупция в Казахстане. //Материалы международной научно-практической конференции. – Астана. 1999. - 165с.
94 Қапаров С.Ғ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың шетелдік тәжірибесі. Дөңгелек үстелдің «Құқық қорғау органдары, прокурорлар, судъялар және өзге де тиісті лауазымды тұлғалар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі мамандырылған семинар бағдарламасы. //www.apa.kz 28.01-01.02. 2008г
95 Коррупция в Казахстане(сущность, проблемы, предупрежддение) //Материалы международной научно-практической конференции. - Астана: Акмолинская полиграфия. 1999. – 165с.
96 Коррупция в Казахстане (сущность, проблемы, предупреждение). //Материалы международной научно-практической конференции.- Астана: Акмолинская полиграфия. 1999. – 165с.
97 Сенаторов А. Как избавиться от коррупции? Япония сегодня: 2001. - №8 -59с.
98 Жапония Республикасының Ақпараттарды ашу жөніндегі 2001 ж Заңы
99 Алауханов Е. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің проблемалары. //Заң. №2 2008. - 41 б.
100 Сенаторов А. Как избавиться от коррупции? //Япония сегодня. 2001. №7,8; Иванова А.М. Корруптология-правовая наука и учебная дисциплина: путь совершенствования уголовной практики и законодательства о воздействии на организованную преступность и коррупцию. – 59с.
101 Койдзёми Ё. Правовая защита представителей власти в Японии //Механизмы государственного и гражданского противодействия коррупции. Хабаровск. 1999. - 199с.
102 Михеев Р.И, Морозов Н.А. Коррупция в современной Японии //Коррупция и борьба с ней(Сб.статей). Москва. 2000. – 250с.
103 Морозов Н.А. О причинах успеха японской уголовной политики: Сравнительно-правовой анализ преступности в современной Японии.- Влвдивосток.1999. – 192с.
104 Правительство столицы Южной Кореи. Система онлайного контроля за рассмотрением обращений граждан делает Сеул прозрачным.http: //www.crime.vl.ru/docs/stats/stat-51htm
105 Гилевская М.А. Анализ антикоррупционной программы Сеула. 20.02.2008. http://crime.vl.ru С.1
106 Елесізова Қ.Б. Электрондық үкімет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ресурстары ретінде. Дөңгелек үстелдің ақпараты «Құқық қорғау органдары, прокурорлар, судъялар және өзге де тиісті лауазымды тұлғалар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі мамандырылған семинар бағдарламасы. //www.apa.kz 28.01-01.02. 2008ж. Б. 1.
107 Коррупция в Казахстане (сущность, проблемы, предупреждение). //Материалы международной научно-практической конференции. - Астана: Акмолинская полиграфия. 1999. - 165с.
108 Исакбаев Н. Налогоплательщик вправе знать. //Казахстанская правда. 2008. - №85- 30с.
109 Біріккен Ұлттар Ұйымының «Халықаралық коммерциялық мәмілелер жасаған кездегі сатып алушылық пен сыбайлас жемқорлықпен күрес» 1996 ж. 16 желтоқсандағы Декларация.
110 Игнатенко Г.В. Международно-правовые проблемы противодействия транснациональной преступности и коррупции. //Организованная преступность и коррупция. 2000. -№1 - 174с.
111 Қазақстан Республикасының «Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас Жемқорлыққа Қарсы конвенциясын ратификациялау туралы» 2008ж. 4 мамырдағы №31 – Заңы //Егемен Қазақстан. – 2008. - 6 мамырдағы №1 -131с.
112 Біріккен Ұлттар Ұйымының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Нью-Йорк: 2003. - 31 қазандағы Конвенциясы.
113 Сарсембаев М.А. Международно-правовые инструменты в борьбе с коррупцией. //Человек и закон. 2008. -№4- 155с.
114 Славомир Редо. Коррупция в Казахстане. //Материалы международной научно-практической конференции. – Астана.1999. -241с.
115 Еуропа Кеңесінің «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» Страсбург. 1999. - 27 қаңтардағы Конвенциясы
116 Коррупция в Казахстане (сущность, проблемы, предупреждение). //Материалы международной научно-практической конференции.- Астана: Акмолинская полиграфия. 1999. - 165с.
117 Топорин Б.Н Европейское право: Учебник. Москва: Юристъ. 2001. - 154с
118 Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік турал 1999 ж. 9 қыркүйектегі Страсбург. 1999. - 4 қарашадағы Конвенциясы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 128 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ PHD ДОКТОРАНТУРА ИНСТИТУТЫ

ӘОЖ 343.35(574)

УТЕГЕНОВА МАКПАЛ ЕРТАЛАПОВНА

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық заңды қолданудың теориясы мен тәжірибесі, оның тиімділігі

6M030100- құқықтану

Заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін жазылған
диссертациясы

Ғылыми жетекші:
з.ғ.д Жатканбаева.А.Е



Қорғауға жіберілді
Саясаттану және әлеуметтік экономикалық пәндер
кафедрасының ғылыми семинарының
хаттамасы № 9 26 сәуір 2011 ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор ______________ Әбсаттаров Р.Б.

Ғылыми семинар төрағасы, з.ғ.д., профессор_______Айтмұхамбетов Т.Қ.

Алматы, 2011 ж.

Мазмұны:

Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Атаулар мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1 Сыбайлас жемқорлықтың жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

0.1 Сыбайлас жемқорлықтың түсінігі мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
0.2 Сыбайлас жемқорлықпен күресудің тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...18
0.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық нормативтік негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

2 Қылмыстық заңнамадағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының құрамы, оның қолданылу мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
2.1 Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық құқықтық мәселелері ... ... ... ... ... ... . 33
2.2 Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарcы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының теориясы мен тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...38
2.3 Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін шетелдік заңнамаларда көзделген қылмыстық жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..77

3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты Қазақстан Республикасында және шетелдерде жүзеге асырудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .84
3.1 Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның құрылуы, даму сатылары, теориясы мен тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 84
3.2 Шетелдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі тәжірибе ... ... ... ... ..90
3.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық құқықтық құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .96

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 102
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..105

Анықтамалар

1. Социум - бұл адамдар мен әлеуметтік ұяшықтардың реальды қарым-қатынас әлемі.
2. Коррупция - corruptio деген латын сөзінен аударғандағы сатып алу, пара беру мағынасын білдіреді, Рим құқығында сонымен қатар сындыру, бүлдіру, бұзу, зиян келтіру, фальсификациялау, сатып алу ретінде түсінілетін және тиісінше заңға қайшы әрекетті білдіреді.
3. Кикбэкинг - АҚШ-тағы параның бір түрі. Онда келісуші жақтар ауызша бір бағаға келіседі, ал ресми келісімде одан жоғары баға көрсетіледі.
4. Элитарлық сыбайлас жемқорлық - оны жасайтын субьектілердің әлеуметтік жағдайының жоғаралығы, олардың әрекеттерінің биік интелектуалды амалдармен іске асырылуы, орасан зор заттық, тәни және моральдық залалды, бағасы қымбат шешімдірді - заңдар формулаларын, мемлкеттік тапсырыстарды, меншік тұрпатын өзгерту және т.с.с шешімдер қабылдауда кездеседі, аса мұқият жасырылған озбырлықтар.
5. Монокоррупция - өз қызметін пайдалана отырып, тек өздігіне пара қаражатын алу деп түсініледі.
6. Фаворитизм - (фавор) биліктің тәжірибедегі жан-жақтануы. Қандай-да бір адамдарға немесе жұмысқа қазығушылық білдіруі.
7. Протекционизм - (пана болу) мемлекеттің, саясаттың ішкі нарықты қорғауы және ұлттық компаниялардың әлем нарығына жол ашу, еркін сауда саясаты.
8. Лауазымды адамдар - тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында , сондай-ақ ҚР-ң Қарулы Күштерінде, ҚР-ң басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында өкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-билік етушілік немесе әкімшілік - шаруашылық міндеттерін атқаратын адамдар.

Атаулар мен қысқартулар

1. ҚР - Қазақстан Республикасы
2. БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
3. АҚШ - Америка Құрама Штаттары
4. ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
5. БАҚ - Бұқаралық Құралдар Ақпараттары
6. ҚР - ң ҚК- Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі
7. ШҚО- Шығыс Қазақстан облысы
8. ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
9. МКК- мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
10. ОҚО - Оңтүстік Қазақстан Облысы
11. БҚО - Батыс Қазақстан облысы
12. СҚО - Солтүстік Қазақстан облысы
13. АҚ - Акционерлік қоғам
14. ЭСДҰ - Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы
15. БСҰ - Бүкіләлемдік сауда ұйымы
16. ХСП - Халықаралық сауда палатасы .

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықтың жалпы сипаттамасы, тарихы, күресу шаралары, құқықтық нормативтік негіздері, сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық құқықтық мәселелері, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының теориясы мен тәжірибесі, елімізде және халықаралық аренадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүзеге асыру жолдары және шетелдердегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін жауапкершілік түрлерін және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының құрамы мен қатар қоғамда көрініс алған жағдайларын қарастырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері көптеген реформалар жүзеге асты. Барлық заңдар бастау алатын еліміздің ата заңы конституция қабылданып, мемлекетіміздің құқықтық негізі өз орнын нық орнатты. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасында көптеген кодекстер- қылмыстық, қылмыстық атқару және т.б қабылданды. Негізінен, әлемдегі елдердің экономикасына, азаматтардың әділетті өсіп-өркендеуіне балта шабатын құбылыстардың бірі сыбайлас жемқорлық болып отыр. Сыбайлас жемқорлық құбылысымен күресуде еліміз қылмыстық заңнама мен қатар, мемлекеттік бағдарламаларды іске қосуда. Тамырын тереңге жіберген сыбайлас жемқорлық қоғамды қылмыстылыққа бой алдырады, мемлекетіміздің қарқынды дамуына кедергі келтіруде. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарың мәселесі қылмыстық құқық теориясында көптен бері зерттеліп келе жатыр. Сонымен қатар мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлық қылмыстарының күрес шараларына қоғамда көңіл бөліп, азаматтарлың жұмыла көмектесуін айта өткеніміз жөн. Осы қылмыстардың қоғамда жауапкершілік белгілеу мәселелері маңызды деп айта аламыз.
Негізінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, оның теориясы мен тәжірибесін, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қылмыстық мәселелерін заң ғылымы саласында шетел ғалымдары Панченко. П.Н, Анциферов. К, Ширяев. Н.В, Эстрин.А.Я, Овчинский.В.С, Зубченко. В.А, Михайлов.В.И, Козлов.А.П, Смолицкий М.С, Джонстон.М, Радачинский.С.Н, Кирпичников.А.И зерттеген. Ал, отандық ғалымдардың сыбайлас жемқорлық туралы А.Н Ағыбаев, Е.О Алауханов, И.Ш Борчашвили, Б.А Жетпісбаева, Н.И Акуев, Ж.Байсалбаева, Б.Баяндин, Г.Р Ахметова, О.А Абдыкаримов, К.П Кожамжаров, Е.С Кемали Д.К Исмагулов, Г. Тіленчиева, Ж.А Тұяқбай, И.И Рогов, М.О Нукенов, Е.З Тұрғымбаев, Д.В Курбатов, Ю.И Ляпунов, М.М Алиев, З.О Ашитов, Ә.Қ Бәкір зерттеген. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының құрамының құрылысының ерекшеліктерді, олардың түрлерінің жекелеген белгілерін талдау, бұл қылмыстар үшін тағайындалатын жаза түрлерінің ерекщеліктерін зерттеу тақырыптың өте өзекті екенің көрсетеді.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясының қағидаларына,қолданыстағы қылмыстық кодекспен халықаралық нормативтік актілердің нормаларына негізделген және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының проблемаларына байланысты нормативтік-статистикалық материалдар мен ғылыми заң әдебиеттері қолданылды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының құрамы талданды. Диссертацияда сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қолданатын заңдардың түсінігі айқындалды, сонымен қатар әлемдік тәжірибені қарастырдық. Халықаралық құқықтық құралдарды кеңінен талданды. Қоғамға қауіпті сыбайлас жемқорлық қылмыстарының іс-әрекетті жүзеге асыру барысында пайда болған әр түрлі қиыншылықтардың ерекшелігіне байланысты осы тұрғыдағы қылмысты саралаудың теориялық және тәжірибелік мәні бар аспектілері арнайы қарастырылды.
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түсінігі және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күресудегі қоғамдық қарым- қатынастар.
Зертеу пәні: Қылмыстық кодекстегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жауаптылық деңгейі мен сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы нормативтік заңнаманы және мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін зерттеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Диссертациялық зерттеудің мақсаты сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша қылмыстық заңды қолданудың теориялық және тәжірибелік проблемасын, сыбайлас жемқорлықпен күрестің құқықтық нормативтік негіздерін кешенді түрде зерттеу. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына байланысты қылмыстық заңдарды жетілдіру бағытында ұсыныстар жасау, зерттеліп отырған проблемаға байланысты қылмыстық заңды теориялық және тәжірибелік тұрғыда қолданудың бірегей жолын іздестіріп, оны дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету болып табылады. Олар:
oo сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы мәселенің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау,
oo сыбайлас жемқорлық қылмыстарды себептік-кешендік факторларына қарай топтастырып, оларға сипаттама беру,
oo сыбайлас жемқорлық қылмыстарының болмысын, түрлерін, негізгі белгілерін, ерекшеліктерін, субъектілерін, объектілерін, субъективтік жағын, объективтік жағын яғни қылмыс құрамын анықтау болып отыр, қылмыстық заңның тиімділігі мен қатар, бағдарламалардың алға қойған мақсаттары мен олардан шығатын нәтижелерді қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеті. Зерттеу жұмысында төмендегідей міндеттерді шешу жолы қарастырылған:
oo сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеу, жалпы қоғамға келтіретін зардаптарын ашып қарастыру, оның қылмыстық - құқықтық көріністерінің нысандарын анықтау,
oo сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған құқықтық нормаларды жетілдіруге, дамытуға арналған ұсыныстарды, тұжырымдарды көрсету,
oo қылмыстық кодекстегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарына зерттеу нәтижесінде жалпылама проблемасын ашып өту,
oo сыбайлас жемқорлық қылмыстарының белең алған қылмыстар түріне жауаптылық белгілейтін заңдарды жетілдіруге ұсыныстар еңгізу.
Зерттеудің ғылыми жаналығы. Зерттеу жұмысы еліміздегі ауқымды мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қылмыстық заңнамадағы қолданылу шекарасын айқындайды. Яғни, қоғамымыздың әрбір саласында орын алып отырған сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қылмыстық заңның қолдану аясы.
Магистірлік диссертацияда ұсынылған негізгі тұжырымдар:
1. ҚК-ң 192-бабында Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру - жалған кәсіпкерлік деп белгіленген. Яғни, осы қылмыстың субъектісі жеке тұлға деп көрсетілген, бірақ іс-әрекеттер тұрғысында осындай ұйымды құрған сәтте тек бір ғана адам емес бірнеше адамның немесе қандай да бір ұйымның көмектесуі, мысалы заңды тіркеуден өкізетін немесе банкте несие беруі де көрініс табады. Сол себептен, бұл баптың субъектісі тек жеке емес, сонымен қатар заңды тұлға деп және сол заңды тұлғаға жауакершілік қарастыру жағдайын ұсынамын.
2. Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы мемлекеттік бағдарламалардың азаматтарға қол жетімдігі және әр бір адамдардың осы құбылысты әшкерелеуде көмегі мен белсенді қатысуын қарастыру.
3. ҚР-ң ҚК бойынша Экономикалық контрабанданың (209-бап) мөлшерін азайту мақсатында, өткізілген тауарлардың басқа мемлекеттерден сатып алынғандығы туралы құжаттар табыс ету және деклорацияларды компьютерлік базаға еңгізу және апта сайынғы қорытынды беріп отыру жағдайын ұсынамыз.
Диссертацияның теориялық және тәжірибелік маңызы. Зерттеудің қортындысы мен тұжырымдары сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қолданылатын қылмыстық заңнаманың мәселесін, ғылыми негіздерін өз деңгейінде толықтырады. Арнайы зерттеу нысаны негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы әлемдік тәжірибені жинақтап, жүйелеуге талпыныс жасалды. Жұмысты жазу барысында, ҚР-ң жалпы статистикалық мәліметтеріне сүйендік, негізінен Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жалпы жедел мағлұмат бөлімі мен атқарылған іс шаралар бөлімінің және ҚР-ң Бас прокоратуасының статистика бөлімінің мәліметтері пайдаланылды. Зерттеудің нәтижелерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша арнаулы курстар, семинарлар жүргізуде қоғамдық ғылыми практикада қолдануға болады.
Диссертациялық зерттеу нәтижесінің сыннан өтуі. Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары оқу орындарында өткен ғылыми теориялық , ғылыми практикалық конференцияларды жасалған баяндамаларда және жарияланған ғылыми журналдарда кеңінен баяндалды. Атап айтқанда:
1. Сыбайлас жемқорлықтың жалпы сипаттамасы және тарихы. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және докторантура институтының еңбектері №7басылым. Алматы 2010 жыл. 62-67 б.б.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегияның даму сатылары. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және докторантура институты Қазақстан Республикасының индустриалды-иновациялық даму жағдайындағы саясат, экономика және құқық атты республикалық тәжірибелік конференция материалдары. Алматы 2011 жыл. 1 наурыз. 421-424 б.б.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң және мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және докторантура институты Қазақстан Республикасының индустриалды-иновациялық даму жағдайындағы саясат, экономика және құқық атты республикалық тәжірибелік конференция материалдары. Алматы 2011 жыл. 1 наурыз. 424-427 б.б.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Сыбайлас жемқорлықтың жалпы сипаттамасы

1.1 Сыбайлас жемқорлықтың түсінігі мен түрлері
Соңғы екі ғасырда әлем бойынша қылмыс түрі арта түсті. Негізінен олар: ұйымдасқан қылмыс, терроризм, есірткі және қоғамдық социумның ауыртпашылығы - сыбайлас жемқорлық болып табылады. Сыбайлас жемқорлық қоғамда коррупция деген атқа ие болған. Коррупция қоғамның өмірі мен одан әрі оның тұрақты дамуына кері әсерін тигізеді. Сыбайлас жемқорлық - күрделі әлеуметтік құбылыс. Бұл құбылыстың тамыры сонау көне заманнан етек жая бастады. Негізінен, мемлекет пен құқықтың, ақша мен тауарлық қатынастар пайда болған кезде. Сол кезден-ақ бұл құбылыспен қандай да бір күресу шараларын жүргізсе де, сыбайлас жемқорлық адамзат тарапымен бірге өсіп-өркендеп келе жатыр деуге болады. Бұл жерге қояр сұрағымыз, сыбайлас жемқорлық әрекетінің қандай деңгейде және қандай дәрежеде дамып келе жатқандығы? Зерттеушілердің, ғалымдардың пікірінше, сыбайлас жемқорлық коррупция - ол әлеуметтік жауыздық, сол үшін бұл құбылысты терең және мағыналы зерттегенннен кейін ғана, бұл құбылысқа дұрыс стратегия қолдануға болады. Әр ғылымда бұл өзекті мәселеге қатысты көптеген пікірлер бар, мысалға, әлеуметтану ғылымында сыбайлас жемқорлыққы былайша анықтама беріп отыр: Өкімет билігі тарапынан өздерінің пайдасына бағытталған жобаға сәйкес емес мінез-құлық - деп тұжырымдалады [1.332б], ал мемлекеттік басқару жүйесінде: Сыбайлас жемқорлық - қандайда бір пайда табу мақсатында жасалатын іс-әрекет және ол санкциясыз құбылыс ретінде келеді - деген тұжырымға қосыламын [2.250б]. Бұл анықтамаға қатысты Е.Б Охотскийдың айтуынша: Мемелекеттік басқару жүйесінде сыбайлас жемқорлық - өз өкілеттілігін пайдаланып, белгілі-бір мақсатта пайда табу ,- дейді [3.524б].
Кез келген күрделі әлеуметтік құбылыс сияқты сыбайлас жемқорлыққа да нақты анықтама беру мүмкін емес. Оған берілген алғашқы құқық саласына жатады. Сыбайлас жемқорлық деп нені санауға болатындығы әр елдің өз қылмыстық заңнамасында өзінше анықталады. Заңда көрсетілген рұқсаттар мен тыйымдар қоғамның да, жеке адамның да іс - әрекетіне бағдар береді, ол жеке дара немесе ұжымдық этиканың орнын басады деп айтылған [4.15б].
Қазіргі ғылыми оқулық және қоғамдық-көсемсөздік әдебиеттерде де сыбайлас жемқорлыққа түрліше анықтама беріледі. Сыбайлас жемқорлық туралы онымен күресудің әмбебап амалын анықтауға негіз болатын бірауызды ұғымды қалыптастыру - күрделі эволюциялық үдеріс. Сыбайлас жемқорлықтың интегралдық сипаты бұл күрделі құбылыстың бірізді, бір мағыналы анықтамасын жасауға бүгінгі күні мүмкіндік бермей отыр. Сыбайлас жемқорлық - яғни коррупцияның анықтамасына этимологиялық тұрғыдан келсек,ол corruptio деген латын сөзінен аударғандағы сатып алу, пара беру мағынасын білдіреді. Рим құқығында сонымен қатар сындыру, бүлдіру, бұзу, зиян келтіру, фальсификациялау, сатып алу ретінде түсінілетін және тиісінше заңға қайшы әрекетті білдіретін corrumpire ұғымы бар. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты парамен сатып алушылық, лауазымды басшылардың, саяси қайраткерлердің сатымпаздығы ретінде сипаттайды.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңы сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың және оларға теңестірілгендердің мүліктік игіліктермен артықшылықтарды өз қызмет бабы және онымен байланысты мүмкіндіктер арқылы пайдалануы, әйтпесе олардың мүліктік пайда табу үшін тікелей өздері немесе делдалдар арқылы басқаша пайдалана отырып, заңмен қарастырылмаған түрде шешім қабылдауы, сонымен қатар, ол адамдарды жеке және заңды тұлғалардың оларға аталған игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы заңсыз сатып алуы ретінде сипаттайтын анықтама. Халықаралық құқық көздері сыбайлас жемқорлыққа әлдеқайда кеңірек анықтама береді және тиісінше сонымен байланысты құқық бұзушылық субьектілерін кеңейтілген шеңберін көрсетеді.
Сыбайлас жемқорлықтың анықтамасына қатысты көзқарас-пікірлердің алуан түрлілігі бұл құбылыстың күрделілігін білдіреді және оны терең де жан-жақты зерттеуді талап етеді, біріншіден сыбайлас жемқорлықты түсінудің теоретикалық деңгейін тереңдету, (дәл, айқын анықтама беру сыбайлас жемқорлық пен оның дамуына мүмкіндік жасайтын себептерді тексеру), екіншіден, сыбайлас жемқорлықтың қоғамның экономикалық әлеуметтік және саяси өміріне ықпалын анықтау және бұл құбылыспен күресу бағытындағы нақтылы шаралар жүйесін құру [5.7-10б].
Қазіргі заманғы ғылыми зерттеушілер сыбайлас жемқорлыққа әртүрлі түсінік береді. Кейбір ғалымдар сыбайлас жемқорлықты - пара ретінде көрсе, ал кейбіреулері параға сатып алу, ал үшіншілері қызметін пайдаланып пайда табу дейді. Әрине сыбайлас жемқорлықтың негізі - пара болып табылады. Әлем бойынша барлық мемлекеттерде сыбайлас жемқорлыққа анықтама берілген. Мысалға, Египетте - бакшиш деп, Кенияда - даш деген, Мексикада - мордида, Қазақстанда - пара, Ресейде - взятка және т.с.с. Ресейде параның 2 түрі дамып отыр: 1. пара - жайлылық, 2.пара - тірі қалу. Пара жайлылық заңға қайшы келмейтін іс әрекеттерді тез арада сұранған азаматқа орындау, ал пара тірі қалу заңға қайшы келіп тұрса да орындалуын талап ететін жағдай деген анықтаманы ғалымдар келтіріп отыр [6].
Ғалым-заңгер А.Скаков: Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жеке тұлға мен қатар заңды тұлға да жауаптылыққа тартылуы керек-дейді. Яғни бұл жерде мемлекеттік қызметкермен қатар мемлекеттік емес қызметкерлер, басқару жүйесінде отырған тұлғалармен қатар басқару органдарында жоқ тұлғаларды да жауаптылықта болу керек. Осыған орай ғалым мынандай анықтама беріп отыр: Басқару жүйесін атқаратын тұлғалар өз өкілеттілігін пайдалана отырып пайда табу және осы тұлғаларға теңестірілген тұлғалар, кәсіпкерлер заңға қайшы әрекеттер жасау арқылы заңсыз мүлікті алу, мемлекеттен жеңілдіктер алу және тағы басқа да әрекеттер - деп түсінікке бізде қосылып отырмыз[7].
Профессор Б.В Волженкин сыбайлас жемқорлықтың қазіргі кезде жаңа пайда болу себептерін келтіріп отыр. Олар:
комерциялық ұйымдардың мемлекеттік органдармен бірігіп жұмыс істеу кезінде мемлекеттік орган қатарынан және ұйым қатарынан өз пайдаларын табу мақсатында пайда болатын заңсыз іс әрекеттер;
өз статусын пайдалана отырып мемлкеттік қызметкерлердің ұйымдарға заңсыз мүмкіншіліктерді тудыру;
мемлекет бақылауға алған бағыттағы құрылымдарда заңсыз іс әрекеттің пайда болуы;
өз қызметін пайдалана отырып мемлкеттік меншікті жекешелендіру кезінде мемлекеттік қызметкердің өз пайдасы үшін пара алуы немесе туысқандарына мемлекеттік меншікті жекешелендіріп беруі, өз қаражатына осы мүліктерді алып тума-туыстарының атына аудару немесе құқықтарды беру;
заңсыз коммерциялық құрылымдарды инвестициялау, саяси құрылымдарды заңсыз қаржыландыру, заңсыз сайлау өткізу үшін пара беру:
банк басшыларына нормативтік актілерге сәйкес емес заңсыз несие алу,бағалы қағаздарды алу;
мемлкеттік мүлікті заңсыз пайдалану және алу;
қандайда бір қызмет үшін мемлкеттік тұлғаның ақша алу арқылы орысша танылып кеткен крыша болу;
жұмыс орынынан заңсыз премия немесе үстеме жалақы алу;
және т.б [8.44б].
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлықтың 2 негізгі көрініс бар:
1. Екі субьектінің қарым-қатынасы, олардың өздерінің пайдасы ұшін заңсыз іс-әрекетке барады, мысалы бұл әрекеттерді коммерциялық ұйымдар мен басқа да мемлекеттік органдардың арасында болып жатқан құбылыстарды айтуға болады,
2. Билік берген лауазымды тұлғаның өз өкілеттілігін пайдалана отырып заңсыз іс әрекеттерге баруы, яғни пара алуы, сұрауы және т.б [9.41-44б].
Сыбайлас жемқорлықтың басқа да экономикалық стимулдары арасында, ең алдымен, бақылауға ақша құнсызданудың секірістерінде көрінетін тұрақтылық ерекше роль атқарады, олар шенеуніктерді табыстардың кез келген көзін іздестіріп табуға арандатады. Осы соңғысының нәтижесінде Ресейде (1998 ж.тамыз айы)болған ірі қаржы дағдарысы құқық қорғау органдары қызметкерлерін жұмыста ұстауға арналған айлық ақшасының мөлшері екі ай бойы АҚШ-ң екі жүз долларына балама сомасынан елу долларға дейін азайды [5.122-123б].
Коррупция термині латынша бұзу, сатып алу деген мағына береді. Заң энциклопедиясында бұл терминге лауазымды адамның өзіне сеніп тапсырылған құқықтар мен мүмкіндіктерді бас пайдасына жұмсайтындығын көрсететін саясат немесе мемлекеттік басқару саласындағы қылмыстық әрекет -дейді [10.56б].
БҰҰ-ның анықтамалық құжатында Сыбайлас жемқорлық - өз пайдасы үшін мемлекеттік билікті теріс пайдалану деп халықаралық сатыда айтылып отыр[11.45б].
Қазіргі отандық криминологияда сыбайлас жемқорлыққа Мемлекеттік немесе өзгедей қызметкерлердің сатқындығымен сипатталатын әлеуметтік құбылыс деп қазіргі таңда қорытынды анықтамада болып отыр[12.501б].
Н.Ф Кузнецова сыбайлас жемқорлықты Мемлекеттік аппараттың және мемлекеттік емес құрылымның қызметкерін сатып алумен сипатталатын қоғамға қауіпті құбылыс дейді[13.98б].
Сыбайлас жемқорлық проблемаларын зерттеуші американдықтар бұл құбылысқа Саяси қызметкерлердің, мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің, бизнесмендердің және басқа да адамадардың жеке өзінің, отбасының немесе топтың мүддесі үшін өз ресми міндеттерін, мемлекеттік функцияларды орындаудан жалтаруы деп негізінен анықтама береді[14. 5-6б].
Американдық зерттеушілер М.Джонстон мен Дж.С.Наем сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама береді: Өзі, өзінің отбасы немесе шағын топ үшін материалдық немесе мәртебелік артықшылық алу мақсатында лауазымды адамның белгіленген тәртіптен ауытқуыдеген тұжырымға қосыламыз [15.9б].
Профессор А.Н Ағыбаев Қоғамдағы өз орнын қанағат тұтатын адамдарды кездестіру қиын деп дұрыс айтады[16.32б].ал қанағат таппаған адамның ерте ме кеш пе заң бұзушылыққа барары сөзсіз, ондай болмау үшін мемлекеттік қызметкерге өз міндетін адал атқаратындай жағдай тудыру керек[17.67б].
Е.О Алаухановтың ойынша - криминологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйенбей, нақты криминологиялық жағдайдың ( сыбайлас жемқорлықпен күрестің) заңдылықтары мен үрдістерін терең зерделемей қылмыстық-құқықтық, іс-жүргізу проблемаларын өз деңгейінде шешу мүмкін емес [18.21б].
Г.А Сатаров, М.И Левин және М.Л Цирик сыбайлас жемқорлыққа Қызмет бабын пайдақорлық мақсатта теріс пайдалану деген сипаттама береді [19.7-8б]. Осы анықтамаларды талдай келе, жалпы сыбайлас жемқорлыққа мынадай белгілер тән деген қорытындыға келеміз:
бұл, бәрінен бұрын, заңдық дәл анықтамасы жоқ әлеуметтік құбылыс, ол үйреншікті жағдайға айналғанда азаматтық қоғам, мемлекет ыдырай бастайды;
бұл құқық бұзушылықтың өзіне тән субъектілері бар (мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік функциялар атқаруға өкілетті адамдар және де жеке сектордағы басқарушылық функцияларды атқаруға өкілетті адамдар);
бұл субъектілердің жүктелген қызмет мүддесіне және құқық пен моральдің белгіленген нормаларына қарамай өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және лауазымдық беделін теріс пайдалануы;
жоғарыда аталған субъектілердің өзінің баюын немесе басқа адамдардың мүддесін көздеп атқарған қызметі деп танылады[20.32б].
Негізінен қоғамда қандай құбылыс болмасын, ол түрлерге немесе типологияға бөлінген түрде қалыптасады. Осы категорияға сыбайлас жемқорлық та жатады. Сыбайлас жемқорлықтың түрліше көрініс беретіндігін ескере отырып, соған сәйкес жіктелі жүйелеріне көңіл аудару қажет. Әдебиеттерде сыбайлас жемқорлықты саяси және экономикалық деп бөліп көрсетеді. Саяси жемқорлықтың дамуы елде бақылаудан тыс саяси ахуалдың қалыптасуына алып келіп соғуы мүмкін және демократиялық институттар мен биліктің түрлі бұтақтарының балансына қатер төндіреді. Экономикалық коррупция нарықтық институттардың тиімділігі мен мемлекеттің реттеушілік қызметінің тиімділігін төмендетеді. Сыбайлас жемқорлықты бірнеше негізгі түрлерге бөліп қарастыруға болады. Субъектінің мәртебесі бойынша:
А) билік органдарындағы сыбайлас жемқорлық,
Б) жеке сектордағы сыбайлас жемқордық,
В) саясаттағы немесе саяси сыбайлас жемқорлық.
Деңгейлері бойынша:
А) төмендегі,
Б) жоғарыдағы,
В) вертикальды.
Қоғамға қауіптілік дәрежесі бойынша:
А) сыбайлас жемқорлық - теріс қылық,
Б) сыбайлас жемқорлық - қылмыс деген бөлікке қосыламыз [21.33-34б].
Сыбайлас жемқорлықтың кейбір түрлері қылмыс деп танылып, қылмыстық тәртіпте қудаланады, ал кейбіреулері ондайға жатпайды, олар құқықтың басқа салаларымен реттелінеді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының құрамын шарты түрде:
Тікелей (негізгі),
Жанама, яғни факультативті деп бөлуге болады.
Тікелей құрамда лауазымды адамды сатып алу сияқты қылмыстық белгілері болады. Сонымен қатар лауазымды теріс пайдалану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу, пара алу-беру, сайлау комиссияларының жұмысына араласу, куәларды, жәбірленушіні сатып алу және т.б тікелей құрамға жатады. Сыбайлас жемқорлық түрлері мен типологиясын қарастыру үшін, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің қызметтік бабын өз басының пайдасына пайдалануына, пара беруші мен пара алушының мәртебесіне, пара берушінің өзіне алған пайдасына, пара берудің мақсатына, сыбайлас жемқорлықтың таратылуы және жиілігіне қарай келесі жіктелімге назар аударалық. Сыбайлас жемқорлықтың түрлері:
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық;
Коммерциялық сыбайлас жемқорлық;
Саяси сыбайлас жемқорлық.
Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың бастамашысы мекемені басқарушы тұлға алдына келген адамды пара беруге мәжбүрлейді, көмек сұрап келген адамның өзі пара ұсынады. Кәсіпкерлік пара олар нақты фирмаларда, ал қылымыстық пара - ұйымдасқан қылмыс өкілдері жүзеге асырады. АҚШ-ғы сыбайлас жемқорлықтың кең таралған түрі - кикбэкинг. Онда келісуші жақтар ауызша бір бағаға келіседі, ал ресми келісімде одан жоғары баға көрсетіледі. Артық ақшаны өзара бөліседі. Пара алудың мұндай түрі Қазақстанда да бар. Сонымен қатар элитарлық және төменгі сыбайлас жемқорлық түрлеріне де жіктеледі. Элитарлық сыбайлас жемқорлықтың ерекшеліктері: оны жасайтын субьектілердің әлеуметтік жағдайының жоғаралығы, олардың әрекеттерінің биік интелектуалды амалдармен іске асырылуы, орасан зор заттық, тәни және моральдық залалды, бағасы қымбат шешімдірді - заңдар формулаларын, мемлекеттік тапсырыстарды, меншік тұрпатын өзгерту және т.с.с шешімдер қабылдауда кездеседі, аса мұқият жасырылған озбырлықтар.
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері:
1. Жоғарыдан төмен қарай (сыбайлас жемқорлыққа қызыққан мемлекеттік шенеуніктердің деңгейіне байланысты),
төменгі (әкімшілік, жүйелі)
жоғарғы (жоғары өкімет эшелондарының сыбайлас жемқорлығы мемелекеттік тартып алу)
1. Көлденеңінен (пара алушының қызмет ортасына байланысты)
- мемлекеттік секторда
- жеке секторда
- қоғамдық секторда.
Бұл жерде пара берушілердің қызмет саласы мен оған қарасты мемлекеттік орган деңгейіне байланысты сыбайлас жемқорлықтың ішкі түрлерін көрсетуге болады:
- өкілдік органда( парлементте)
- атқарушы органдарда (салық министірлік және ведомствовалық, құқық қорғау органдары, автоинспекция органдаремен бірге баж және салық органдары, жергілікті басқару органдарындағы орталық аппарат)
- сот органдарында.
Жеке секторда - пара беруші мен пара алушының қызмет саласы және ортасына байланысты.
- денсаулық сақтауда
- білім беруде
- мұнай газ секторында
- құрылыс сферасында
- қорғаныс ауданында және т.б [22.10-12б].
Сыбайлас жемқорлықтың типологиясына келетін болсақ, көпшілік ғалымдардың ойынша, негізінен Алатас базалық түрін көрсеткен. Ойынша:
Өзінің пайдасы үшін, берілген сенімге қиянат жасау болып табылады.
Алатас типологиясы бойынша сыбайлас жемқорлықтың 2 түрін атап көрсеткен:
1. Трансактивті - келісім шарт арқылы келіссөзге келетін тип,
2. Экстортивті - алаяқтық арқылы ақшаны немесе мүліктік игіліктерді талап ету.
Жоғарыда атап өткен түрлерден басқа кездесетін сыбайлас жемқорлықтың түрлері:
сыбайлас жемқорлықтың қатты зардабынан жемқор болатын жәйттардан қашып, оның алдын алу,
инвестициялық сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік билік немесе қызметкерлерге сыйлық түрінде пара беріп, сол мемлекеттік тұлғадан маңызды инвестицияға қатысты сұрақтарды шешіп беруін сұрауы,
непотикалық сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік қызметкердің тума-туыстарын, таныс адамдарын жұмысқа алуы,
аутогендік сыбайлас жемқорлық - мәреге жетуге бағытталған маңызды жұмыстарда белгілі бір ақпаратты пара беру арқылы алуы,
институционалдық сыбайлас жемқорлық - саяси институттарды қаржыландыру арқыл өз мүддесіне жету, яғни бұл жерде жарнамалық саясатты айтуға болады,
саяси сыбайлас жемқорлық - шенеуніктердің ресурстарға заңсыз қол жетілімділігі.
Ал қоғамдық секторда сыбайлас жемқорлық былай бөлінеді:
бюрократиялық (әкімшілік) сыбайлас жемқорлық, ақша алу, пайда табу мақсатына өз қызметін заңсыз қолдануы,
саяси сыбайлас жемқорлық - өз қызметін пара алса да, сақтап қалуды көздейтін мақсатпен жүреді.
Сыбайлас жемқорлық тұтынушыларының түрлерін ашып қарайтын болсақ:
Монокоррупция - өз қызметін пайдалана отырып, тек өздігіне пара қаражатын алу деп түсініледі (мысалға мемлекеттік қазынадан);
Экзогендік сыбайлас жемқорлық - үшінші мемлекеттік емес тұлға болып табылатын субьект қатысу кезінде іске асырылады, ол екі типте айқындалады:
тұрмыстық сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік қызметкерлермен қарым-қатынасқа түсуші мемлекеттік емес тұлғалар,
іскерлік сыбайлас жемқорлық - қандайда бір ұйым атынан сыбайластық қатынасқа мемлекетке түсетін жеке немесе заңды тұлға.
Экзогендік сыбайлас жемқорлықтың арнайы түрі:
қылмыстық сыбайлас жемқорлық - клиент қылмыстық әлем өкілі болып келеді және агентпен өз қылмыстарын жасыру немесе пайда табу мақсатында пара береді, мысалға, ағалі-інілі Қырықбаевтар түрмеден агенттермен келісіп, пара беріп қашқандығы туралы жәйт.
Эндогендік сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік қызметкерлер арасында бірін-бірі көтеру үшін пара беру қарым-қатынасынан пайда болады.
Түрлері:
көлденең - әр түрлі бөлімде немесе ведомствада жұмыс істейтін қызметкерлердің бірдей принциптері болған кезде пайда болатын құбылыс,
шығысты, шықпайтын - шеңі жоғары немесе төмен тұраған қызметкердің пара беріп өз орнынан жұмыс сатысымен өсуі,
аралас - жоғарыда көрсетілген барлық түрлердің бірін-бірімен қарым-қатынасы аясында пайда болады[23.48-49б].
Құзырлы халықаралық ұйымдар жүргізетін зерттеулер нәтижесіне сәйкес, қазіргі кезде сыбайлас жемқорлықтың басты түрлері мыналар:
мемлекеттік басқарудағы сыбайлас жемқорлық,
іскерлік белсенділікті жүзеге асыру барысында, яғни ұлттық және халықаралық бизнестігі сыбайлас жемқорлық,
жоғары эшалондардағы саяси, әкімшілік және қаржылық салалардағы сыбайлас жемқорлық.
Сыбайлас жемқорлықтың көптеген нақтылы тұрпаттары бар:
парақорлық,
фаворитизм,
непотизм(тамыр - таныстық ),
протекционизм,
лоббизм,
қоғамдық ресурстар,
қорларды заңсыз бөлу мен қайта бөлісушілік, заңсыз ерекшелендіру,
саяси құрылымдарды заңсыз қолдау және қаржыландыру,
бопсалау,
жеңілдіктері бар несиелер,
тапсырыстар беру,
қоғамдық ресурстарға қол жеткізу үшін жеке байланыстарды пайдалану
және тағы басқалар.
Айтылғандарды жинақтай келгенде, сыбайлас жемқорлықпен байланысты заңбұзушылықтар мыналарды қамтитының белгілеуге болады:
заттық, басқа да игіліктермен артықшылықтар ұсыну және оларды қабылдау түрінде жасалатын сыбайластық жемқорлық заң бұзушылықтар,
сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын және оны қамтамасыз ететін құқық бұзушылықтар, қызметтік мүдделерді қызмет мүддесіне қайшы қолдану, билікті асыра пайдалану, бұндай құқық бұзушылықтар әртүрлі қылмыстық-құқықтық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық тәртіп сипаттарына ие.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың сипаттамаларына мыналар жатады:
ол әртүрлі қылмыстарға жатқызылатын қылмыстарды қамтиды,
адамдардың белгісіз тобының мүдделеріне жиі қол сұғады,
құпиялылықты қатты сақтайды,
ұйымдасқан қылмыспен тығыз байланысты.
Сыбайластық жемқорлық қылмыстарды анықтауға қатысты мәселелерді шешу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелерін ескеру қажет. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстар ретінде мемлекеттік немесе соған теңестірілген қызмет атқаратын адамдардың өз қызмет бабын одан өзі үшін де, өзге біреулер үшін де мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды жеке және заңды тұлғалардың ұсынуы арқылы сатып алуға бағыттталған қасақана қылмыстық, жазаға лайық әрекеттерді де жатқызуға болады.
Сонымен сыбайлас жемқорлық байланысты қылмыс субьектілері қатарына мемлекеттік немесе оларға теңестірілген қызметтерді атқаруына өкілеттілік берліген адамдар, лауазымды адамдарды сатып алу үшін оларға заңсыз түрде мүліктік игіліктер мен артықшылықтар беретін жеке адамдар жатқызылады.
Сыбайлас жемқорлық глобальды ауқымдағы құбылыс ретінде қарастырғанда мамандар оның негізгі себептеріне мыналарды жатқызады:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар мен заң астырлы актілердің оңтайлы жүйесінің жоқтығы,
экономикалық және әлеуметтік реформалар жүргізудегі елеулі кемшіліктер мен өрескел қателер,
құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлықпен күрестегі жұмыстарының нәтижесінің мардымсыздығы (қолданылатын шаралардың көбі сыбайлас жемқорлықтың себептерін жою ғана емес, сыбайлас жемқорлық көрінісінің өзіне қарсы бағытталған, алайда тек қана қылмыстық қудалау шаралары сыбайлас жемқорлықтың іргесін шайқалтуға қауқарсыз),
саяси элитаның бір бөлігінің қылмыспен жең ұшымен жалғастығы,
халықтың құқықтық санасының дамымағандығы, ол төмендегі сыбайлас жемқорлыққа жаппай қарсылықтың мүлдем болмауына апарып соқтырады.
Мемлекет рұқсат беру функцияларын іске асырған кезде төмендегі жағдайлар сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік жасап береді:
мемлкеттік қызметкердің рұқсат етушілік қағидаттарымен байланысты ауқымды салаларын сақтау,
азаматтардың өз құқықтарын және өздеріне қызмет көрсетудегі шенеуніктердің міндеттерін білмеуі,
шенеуніктердің өздерінің міндеттері және азаматтардың құқықтары туралы ақпараттарды жасырын ұстау,
бюрократиялық процедуралардың қиындатылуы,
билік органдарының бір ведомствоға биліктік шешімдер қабылдауға да, қызмет көрсетуге де өкілеттілік беретін құрылымдық ерекшеліктері.
Сыбайлас жемқорлық тікелей үш бағытқа - қылмыстық қудалаушылықтың қорғану сезімін қамтамасыз етуге, нормативтік ережелерді бұзғаны үшін жергілікті билік органдарының құрығынан жалтаруға, рұқсат ететін құжаттар алуға келіп тірелетін батыс елдерімен салыстырғанда, ТМД елдерінде сыбайлас жемқорлықтың ең алдымен рұқсат етілген қызметтердің тиісті дәрежеде орындалуы мен әлеуметтік тұрғыдан құпталатын мақсаттарға қол жеткізудің құралы болу фактісі - ең қауіптісі. Айтылып отырған типологиялық топтастырудың сыбайлас жемқорлық үлгілерінің төрт түрі бар:
мемлекеттің жоғары деңгейі дәрежесіндей айтарлықтай басып алуға ұшырататын әкімшілкті сыбайлас жемқорлықтың маңызды проблемасы бар, сондықтан бұндай мемлекетке құзыретінің төмен болуы тән,
жоғары-орташа деңгейі дәрежесінде жоғары деңгейде мемлекетті басып алу жағдайында бола тұра дегеніне жеткен, өзге елдердегі өтпелі кезең бақылаушылары деңгейімен өздерінде сақтап қалған елдер кіреді,
орташа - жоғары деңгейі дәрежесіне басқа елдердің өтпелі кезеңіне қарағанда кемінде мемлекеттік жеке сектор жағынан басып алуға ұшырауы мүмкін, әлеуметтік сыбайластық жемқорлық проблеманың негізі болып қалатын елдер кіреді, орташа деңгей дәрежесіне өзге мемлекеттің өтпелі кезеңіне қарағанда, әлеуметтік сыбайлас жемқорлық мемлекетті басып алу деңгейі болмасын, өте төмендегі бақыланған, сонымен қатар маңызды проблемалары болып қала бермек елдер кіреді деген жалпы тұжырымға қосыламыз [24.13-18б].

1.2 Сыбайлас жемқорлықпен күресудің тарихы
Сыбайлас жемқорлық - қоғамның өмірі мен одан әрі оның тұрақты дамуына кері әсерін тигізеді. Күрделі, қатпары көп құбылыс ретінде жемқорлықтың тарихы өз ғұмырының ұзақтығы жөнінен адамзат өркениетінен кенже емес. Оның пайда болуы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттік құрылымдар қалыптасқан уақыттар қойнауына жетелейді. Сыбайлас жемқорлық туралы жазбаша мәліметтердің ең алғашқыларын Көне Бабырдың б.з.д 24 ғасыр мұрағаттарынан көруге болады. Патша Лагаша Урукагина шенеуніктер мен соттардың жүгенсіз әрекеттеріне тыю салу мақсатымен мемлекеттік басқару ісін реформалағанына көз жеткіземіз [25.359б].
Тарихқа жүгінсек сыбайлас жемқорлық туралы және оған тағайындалатын жаза, жауаптылық туралы 4 мың жыл бұрын Вавилон царі Хаммурапидың Хаммурапидың заңы атты кодексінде қарастырылған. Осыдан барып сыбайлас жемқорлық сол кезде-ақ қоғамда орын алғаның көруге болады. Бұл қылмыс түріне әділеттілік пен қаталдылықты ескере отырып жаза қолданатын болған. Осы аталған заңның 5 тарауынан-ақ соттар қызметіне пікір беріле отырып, онда: Егер сот үкім шығарып, барлық құжаттарға мөр қойып, содан кейін өз үкімін өзгертетін болса, онда сот үкімді өз еркімен өзгерткендігі туралы қаулы шығарып, берілген арызға 12 есе артығымен шығынды мемлекетке өтеуі керек және сот деген атақ дәрежесінен айырып, өз орның босатып беруі міндетті болып табылады делінген[25.152б].Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күресуді Египет фараондары өздерінің басқару жүйесінде де қолданған еді. Бірақ, тарихта мынадай да парадоксальды жәйттар орын алған. Мемлекет басшысы коррупционер ролінде болса да, бірақ бұндай ел басылары халық алдында өте жоғары атаққа ие болып отырған. Мысалға, Рим императоры Веспасианның өмірінде мынадай жағдай орын алып, қол астындағы жұмысшысы інісін жұмысқа алуын өтініп сұраған. Сол кезде император жұмысшының інісін өзі шақырып, жұмысқа алу үшін белгіл-бір соманы төлеуін өтінген. Күндердің күнінде әлгі жұмысшы інісінен жұмыс жетістіктерін сұраған сәтте, інісі: Енді мен сенің бауырың емеспін, өзіңе басқа бауыр тауып ал- деп тіл қатқан. Осыдан-ақ, Веспасианның елді басқаруында оның қаттылығы, тікелейлігі көрінген және де халық сол үшін оны құрмет тұтқан[26.12-13б].
Сол кезде-ақ Рим империясында сыбайлас жемқорлыққа анықтама қалыптасқан. Сыбайлас жемқорлық - жаза тағайндалатын әрекет деп табылады делінген, өйткені Римде сыбайластықтың кең етек жайған шағы еді. Басқа мемлекеттерді жаулап алу үрдісінде, сыбайлас жемқорлық дамып отыра берді. Римде Ішкі пікірші атанып кеткен Үлкен Катон (б.э.д 234-149) былай деген: Жеке ұрлықшылар немесе ұсақ ұрлықшылар түрмеде күн кешіп қиналу үстінде болса, ал қоғамдық ұрылар алтында көміліп өмір сүріп жүрді - дейді. Бұл жерде, яғни қоғамдық шенеуніктер немесе қоғам басшыларын білдіріп тұрған. Осы сыбайластық салдарынан Рим империясы өзін сатуға дейін апарды және де соның салдарынан қирады дейді. Грекия еліне қарағанда Рим империясында пара алу жоғары болып саналды. Ал Грек елінде халық бұл құбылыстың алдына төтеп беру үшін өз ақшаларын мемлекетке сақтауға бермеген. Өйткені мемлекетке немесе қоғам басшыларына сақтауға берілген ақша оларды сол дүниеге қызығушылығын туғызып отырады және де сол ақшаны алуға немесе пара сұраумен оларды пайда табудың оңай жолын өзіміз көрсетіп қойғанмен тең деп халық бірауыздан айтқан[27.13б].
Сол кезде-ақ, Рим империясында сыбайлас жемқорлықтың дамуы немесе пайда болуы бүгінгі күнгі формасы мен негізі сияқты болған. Сыбайлас жемқорлық арқылы Рим империясын басқаруға жақсы мүмкіншіліктер туындап отырған, өйткені мемлекеттік сатып алу, қамсыздандыруда, жоғарғы басшылық орынға тағайындағанда немесе сол кездегі консулдарға, сенаторларға муниципальдық шенеуніктерге Рим империясына басқа елден келетін тауарды, бидайды тұрмысқа керекті құрал-жабдықтарды кіргізу үшін жоғарыда айтып кеткен лауазымды азаматтарға пара немесе сый-сыйапат беріліп отырған. Бұл лауазымды тұлғалардың жеп қалған пайдасы келетін тауар құнымен бірдей болып, мемлекет өз тарапынан сондай сома ақшаны мемлекеттің қазынасынан төлеуге мәжбүр еді. Сайлау науқанында да сыбайлас жемқорлық өрши түсіп, ашықтан-ашық сайлаушыларға пара беріліп, оларға ақысыз той-томалақтар жүргізілген деген мәліметтер бар[28].
Рим құқығының 12 кесте атты заңында сыбайлас жемқорлық туралы айтылып өткен. Шығыс елдерінің ішінде Үнді мемлекеті атанған елде сыбайлас жемқорлық дамыған. Б.э.д 4 ғасырда Артхашастра трактатында Чандаргупта Маурия бұл қылмыстың 40 түрлі әрекетін сипаттап өткен. Осы мысалдан-ақ, түсінуге болады үнді елінің заң жүйесінде сыбайлас жемқорлық, оның түсінігі, түрлері және жазасы болған. Сыбайлас жемқорлық мәселесін көне грек философы, ойшылы Платон да ойланған. Ол сыбайлас жемқорлықтын табиғаты мен генезисін ашуға ұмтылып, оның ойынша: Пайдакүнемдік ол - ең басты әлеуметтік ақаулардың бірі, бұл құбылыс басшылар мен қатар әскерлерге де қатаң тыйым салынуы керек дейді. Ал аристотельдің ойынша: Қандай болмасын мемлекеттік басқаруда заң және тәртіп арқылы басқарушы тұлғалалардың өзінің табатын жалақысынан басқа қосымша пайда табуға мүмкіндік болмау керек - дейді. Сол кездің қоғамында-ақ сыбайлас жемқорлықпен күресу басты орында болған. Мелекетке пайда алып келетін мемлекеттік басқару немесе құрылым, тек сол ғана әділетті және дұрыс деген анықтамаға сәйкес болады деп есептелген. Платон мен Аристотельдің тұжырымдары бойынша қоғамда сыбайлас жемқорлық болса,ол мемлекеттің монархиясының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы және түрлері
«Жаза ұғымы және оның мақсаттарының тиімділігі»
БИЛІК ОРГАНДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ
Экономикалық қылмыстар жүйесінің негіздері
Парақорлықты ұқсас қылмыстардан ажырату
Экономикалық қылмыстың жалпы түсінігі
Парақорлық қарсы күрестің қылмыстық құқықтық қырлары
Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес
Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күрес және мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жолдарын ұсыну
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Пәндер