Ардағым –ата жұрт


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ардағым -Ата жұрт

Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан дамудың өзі таңдаған даңғылына түсті. Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып келеді. Дегенмен, Бүгінгі асыл мұраларымыз- тәуелсіздік, кең-байтақ жеріміз, ана тіліміз, мәдени мұраларымыз бір адамның, бір ғана күннің еншісіндегі жеңісті жемісі емес, елім деп еңіреген біртума азаматтарымыз бен ұлт зиялыларының бірлескен күресінің нәтижесі. Осы аманатымызды ардақтай білейік. Тілі өшкен ұлт- тарих сахнасынан мәнгі жойылмақ. Ұлыларымыз ұлықтаған туған тіліміздің мерейін арттыру бүгінгі ұрпақ еншісінде. Бәсекелестік белең алған ғасырда еліміздің алдағы дамуы мен кемел келешегінің кепілі жаңа ғасырда білім, ғылым нәрімен сусындаған, көзі ашық, жігері жалындаған жастар мен келешек буын өкілдері болмақ.

Осы талаптарға сәйкес қазіргі заманға сай зиялы қауым өкілдерін дайындауда еліміздегі білім беру жүйесінің үздігі, ең алғашқы жоғарғы оқу орындарының бірі және бірегейі, киелі қара шаңырық- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болып табылады.

Негізін кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау көзі ретінде қалаған бұл жоғарғы оқу орны бүгінгі таңда Қазақстандағы білім беру мен кадр дайындау саласында мәні мен маңызы аса жоғары ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университет қабырғасында шын мәнінде бірегей интелектуалдық әлеуетке ие элиталық мамандар мен ұстаздар жұмыс атқарады. Үстіміздегі жылы әл-Фараби атындағы КазҰУ-дың халықаралық көрсеткіштер деңгейіне көтеріліп және әлемдік қауымдастыққа ҚР жоғары білім беру ісінің бетке ұстар айнасы ретінде қалыптасып, маңызын арттыру, ғылыми ауқымын кеңейту мақсатында ғылыми-зерттеу университеті мәртебесін беру үшін алғышарттар жасалып, әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орынға ие Орта Азия аймағындағы халықаралық білім беру орталығы ретінде дамыту шаралары қызу жүргізілуде.

Еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономикалық маңызды бағыттарының даму мәселесін шешуге бағытталған, заманауи, бәсекеге қабілетті мамандар легін қалыптастыруда университетте 14 факультет әртүрлі салалар бойынша жан-жақты жұмыс атқаруда.

Тек сапалы ілім-біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, әлеуметтік-тәрбиелік, рухани жағынан студентті дамытып, еңселі еліміздің ертеңін ана тілімен ұштастыра ойлайтын, тіл тарихын ұлт тарихымен байланыстырып, алаштың аяулы арыстарының ізімен елінің жоғын жоқтауда өткір тілмен қисынды ой таба білетін, нағыз ұлт жанашырларын дайындауда - филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетін ерекше атап өткім келеді. Мұндағы әр кафедра өз бағыттарына сәйкес қарқынды жұмыс атқарумен қатар, мерекелік іс-шараларды өткізуде ерекше белсенділік пен ұйымшылдық танытады.

Факультетте еліміздің 20 жылдық мерей тойына орай желтоқсан айының басталысымен-ақ толассыз мерекелік шаралар, түрлі факультетішілік, факультетаралық жарыстар өткізілуде. Әсіресе, студент жастардың шығармашылық тұрғыдан өсіп-жетілуінде қазақ әдебиеті мен әдебиет теориясы кафедрасының маңызы зор. 1934-61 жылдар аралығында университетте ұстаздық етіп, қазақ әдебиеті кафедрасының негізін қалаған М. Әуезов сол кездің өзінде-ақ әдеби бірлестік жұмысын жандандыру, онда талантымен көзге түскен жастарға қамқорлық көрсету, ақыл-кеңес беру арқылы жастардың шығармашылық белсенділігін өлшеусіз арттырып отырған.

Қазіргі таңда осы дәстүр кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының докторы, профессор Әбдиманұлы Өмірхан ағайымыз бен кафедраның оқытушы профессор құрамдарының басшылығымен жалғасын тауып, жемісті қызмет атқаруда. Осы мақсатта және ана тіліміздің мерейін арттырып, өткен тарихымыз бен бүгінгі жайымызды ұштастыру, ұлт жанашырларын тәрбиелеп, әдеби мұраларымызды насихаттап, өткеннен өнеге беру мақсатында 2011 жылдың сәуір айында “Ай-Ару” рухани -танымдық қыздар клубы құрылған болатын. Алғашқы шарасын “Айдай едің жасыңда” атты 20 жасар арулар байқауымен ашқан бұл клубтың жұмысы қазіргі заманғы тұлға қалыптастырудың өзекті мәселелерімен бағыттас. Осы шығармашылық топтың ұйымдастыруымен, тікелей қазақ әдебиеті мен әдебиет теориясы кафедрасының қолдауы және демеушілігімен филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде “Ардағым-Ата жұрт” атты жыр мүшайрасы өткен болатын. Факультет аралық кең ауқымда өткен бұл жыр жарысы ҚазҰУ-дың талантты жас ақындарын толық қамтыды. Әділ төрелік

мақсатында ұйымдастырушылардың шарты бойынша жас ақындарымыз жырларын бүркеншек аттарымен жолдап бақ сынады.

Көпшілік талқылауына түскен жыр бәйгесінің аламандарын анықтау, жан- жүректерін шымырлатып шыққан жыр шумақтарын оқу кеші осы факультеттегі ірі шығармашылық ұяға айналған “Әуезов аудиториясында” жалғасын тапты.

“Ай-Арудың” жыр бәйгесінің шарты бойынша төрелік жасаған төмендегідей қадірлі ағаларымыз бен апайларымыз шақырылды:

Қазақтың белгілі ақыны, халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері - Қасымхан Бегманов, “Айгөйлек” журналының бас редакторы Қымбат Әбілдина, “Қазақ қызы” журналының бас редакторы - Еңлік Ерболқызы

Жастар поэзиясының белді өкілі, Президент степендиясы иегері, республикалық “Ұлан” газетінің Бас редакторы Есей Жеңісұлы, белгілі ақын, журналист, сазгер Серік Сейтманов “Ана тілі” газеті бас редакторының орынбасары, ақын, журналист Абылайхан Қалназар, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті, ф. ғ. к., ақын Сәлима Қалқабаева сынды Қазақстанның білімі мен ғылымына, қоғамдық өмірінің дамуына үлес қосып жүрген тіл жанашырлары болатын.

Кеш барысында қазақ әдебиеті және әдебиет теориясының меңгерушісі Өмірхан Әбдиманұлы жарыс қонақтарына құттықтау сөзін арнады. Әдеби кеш әрі қарай әнмен әрленіп, күймен көмкерілді.

Үміткерлердің жүрегін толқытып, сезімін шымырлатқан жұлдызды сәт-марапаттау рәсімі де жетті. Жас ақындар жаз бойы сарыла күткен бәйге қорытындысы жарияланды. Әділқазылар ақындардың бүркеншек есімдері бойынша жүлделі орындарды бөлді. Бәйге Бас жүлде, I орын, II орын, III орын және 5 аталым бойынша қорытындыланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мақал - мәтелдерінің гендерлік сипаты
Міржақып Дулатовтың өмірі
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, ұлт тілі
Сабит Мұқанов туралы
М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рухы
Жеті атаны білу - ұрпақтың қайта жаңғыруын көздейді
Әңгіме - ойынның негізінде ұстаз балалармен қатынасуы жатады, балалардың ұстазбен және балалардың дос доспен қатынасуы
Ұлттық тәрбие тағылымы
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух
16-желтоқсан - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz