Туристік бизнес жайлы



КIРIСПЕ
1 ЖШС «DOSTIK TRAVEL» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Турфирма туралы мәлiметтер
1.2 Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы
1.3 Бөлiмдердiң функциясы және штаттық кестесі
2 ФИРМАНЫҢ ЖҰМЫС ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2.1 Қызмет көрсету ерекшеліктері
2.2 Компанияда жұмыс істеуші жүйелер
3 ЖШС «DOSTIK TRAVEL» ТУРФИРМАСЫНЫҢ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУІ
3.1 Тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен технологиясы
3.2 «Танбалы» мемлекеттік тарихи.мәдени және табиғи қорық. мұражайында туризмді ұйымдастыру ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Туристік бизнес әртүрлі діндер мен мәдениеттері бөлек адамдар арасында қарым-қатынасты орнату үшін маңызды орын алады.
Оның қызметi тауарлар мен қызметтер және жаңа саудалық әрiптестердiң iздестiруiмен ғана шектелмейдi. Ол әлемнiң өркендеуi үшiн әртүрлi елдер азаматтарының арасындағы арақатынастардың орнауына бағытталған.
Өндірістік практика студенттердің кәсіби дайындығының басты кезеңі болып табылады. Өндірістік іс-әрекет негізінде студент болашақта қажет болатын туризм мамандығына қажетті терең және нақты білім алады, іскерлікке үйренеді.
Туризм дүние жүзі бойынша қоғамда және экономикада ерекше бір мәнге ие. Туризм сөзін естігенде біздің көз алдымызға ең алдымен бір немесе бірнеше адамдардың өзара ұйымдасқан саяхаты, қонақ үйлер елестейді.
Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді бағдарламасында туризмнің дамытылуын, әрбір ауданда туризмге қажетті обьектілерді қорғау, ел экономикасын жақсарту айтылған. Сондықтан туризмді дамытудың негізгі нысаны республика экономикасының дамуына туризм арқылы кіріс кіргізу және халықаралық туризм деңгейіне сай сапалы қызмет жасау болып табылады. Бүгінгі күнде бұл тапсырмаларды туризмнің дамуы мен әр аудандағы туристік-рекреациялық потенциалды пайдалану арқылы шешу керек.
Туризмді дамытудың негізгі мәселелері республикамыздың аудандарында кездеседі. Сол сияқты Алматы облысында, яғни мұнда практикалық тұрғыдан алып қарағанда туристік-рекреациялық қатынастар негізделген. Ал қазіргі уақытта облыс біріншіден, өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуының жоғарғы көрсеткішімен танылады, яғни өнеркәсібімен алда келе жатқан облыс, екіншіден туристік-рекреациялық потенциалы бар. Ол рекреациялық потенциал барлық жағынан зерттеуді, сол салаға қолдануды қажет етеді.
Туризм – экономиканың табысты бағыты ретінде танылған сала. Оның маңыздылығын еске ала отырып Елбасы Н.Ә.Назарбаев туризм саласының дамуына үлкен көңіл бөлуде. 2011 – 2014 жылдары туризмді дамыту бағдарламасы қабылданды. Ол керемет табиғи ресурстарды, тарихи, мәдени мұраларды сақтауға және тиімді пайдалануға, туристік индустрияны табысты дамытуға бағытталған. Сыртқы және ішкі туризмді дамыту мемлекеттік саясаттың туризм саласындағы маңызды міндеті болып саналады. Ғасырлар қойнауына бойлайтын көне тарих пен бүгінгі индустрия жымдаса жарасып, ескі мен жаңаның қайталанбас көркем оюын кестелейді. Көгілдір суы көбіктенген көптеген көлдер, өзендер, көне қорғандар, мазарлар, қоныстар бар. Өлкеміз республиканың аса ірі индустриялды аймағы.
1 Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Экономика туризма. – М.: 2004
2 ЖШС «Dostik travel» фирмасының құжаттары 3
3 Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы 2001 ж. 13 маусымдағы № 211 - ІІ Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: ЮРИСТ.
4Алексеев А.А. Маркетинговые исследования рынка туристических услуг.–М.:2004
5ЖШС «Dostik travel» фирмасының жарғысы
6Попова Р.Ю. Маркетинг, реклама и информация в туризме. –М.: 1997.
7 Железняков Б. Наскальное искусство древних тюрков Тамгалы. Новый туристский маршрут // NOMADKazakhstan, 2011. - № 4/5 (40/41). - С. 130-140

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КIрIспе
Туристік бизнес әртүрлі діндер мен мәдениеттері бөлек адамдар арасында қарым-қатынасты орнату үшін маңызды орын алады.
Оның қызметi тауарлар мен қызметтер және жаңа саудалық әрiптестердiң iздестiруiмен ғана шектелмейдi. Ол әлемнiң өркендеуi үшiн әртүрлi елдер азаматтарының арасындағы арақатынастардың орнауына бағытталған.
Өндірістік практика студенттердің кәсіби дайындығының басты кезеңі болып табылады. Өндірістік іс-әрекет негізінде студент болашақта қажет болатын туризм мамандығына қажетті терең және нақты білім алады, іскерлікке үйренеді.
Туризм дүние жүзі бойынша қоғамда және экономикада ерекше бір мәнге ие. Туризм сөзін естігенде біздің көз алдымызға ең алдымен бір немесе бірнеше адамдардың өзара ұйымдасқан саяхаты, қонақ үйлер елестейді.
Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді бағдарламасында туризмнің дамытылуын, әрбір ауданда туризмге қажетті обьектілерді қорғау, ел экономикасын жақсарту айтылған. Сондықтан туризмді дамытудың негізгі нысаны республика экономикасының дамуына туризм арқылы кіріс кіргізу және халықаралық туризм деңгейіне сай сапалы қызмет жасау болып табылады. Бүгінгі күнде бұл тапсырмаларды туризмнің дамуы мен әр аудандағы туристік-рекреациялық потенциалды пайдалану арқылы шешу керек.
Туризмді дамытудың негізгі мәселелері республикамыздың аудандарында кездеседі. Сол сияқты Алматы облысында, яғни мұнда практикалық тұрғыдан алып қарағанда туристік-рекреациялық қатынастар негізделген. Ал қазіргі уақытта облыс біріншіден, өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуының жоғарғы көрсеткішімен танылады, яғни өнеркәсібімен алда келе жатқан облыс, екіншіден туристік-рекреациялық потенциалы бар. Ол рекреациялық потенциал барлық жағынан зерттеуді, сол салаға қолдануды қажет етеді.
Туризм - экономиканың табысты бағыты ретінде танылған сала. Оның маңыздылығын еске ала отырып Елбасы Н.Ә.Назарбаев туризм саласының дамуына үлкен көңіл бөлуде. 2011 - 2014 жылдары туризмді дамыту бағдарламасы қабылданды. Ол керемет табиғи ресурстарды, тарихи, мәдени мұраларды сақтауға және тиімді пайдалануға, туристік индустрияны табысты дамытуға бағытталған. Сыртқы және ішкі туризмді дамыту мемлекеттік саясаттың туризм саласындағы маңызды міндеті болып саналады. Ғасырлар қойнауына бойлайтын көне тарих пен бүгінгі индустрия жымдаса жарасып, ескі мен жаңаның қайталанбас көркем оюын кестелейді. Көгілдір суы көбіктенген көптеген көлдер, өзендер, көне қорғандар, мазарлар, қоныстар бар. Өлкеміз республиканың аса ірі индустриялды аймағы.
Туристтiк салада жұмыс iстейтiн фирмалардың қызметтерiнің ең маңызды бағыты турөнімді алға жылжыту болып табылады, жарнамасы мен іске асырылуы қарастырылады.
Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құрал жаңартылған технологияларымен дамытылған, арнайы түрлi туристiк ұсыныстарға толған жарнамалық даңғылары және турфирманың жетiстiкке жету жолында арнайы мәлiметтерді болашақ клиентке жеткізу, оның табысты жұмыспен аяқталуына кепілдік береді. Нарықты саралауды қарап шықсақ, тұтынушыларды қанағаттандыру - қарапайым есеп емес. Ең алдымен тұтынушы талғамдарын жақсы білу керек. Ол үшiн маркетинг зерттеулерi өткiзедi. Бұл жұмыс барысында қарастырылады.
Өндірістік практиканы мен ЖШС Dostik travel туристік компаниясында 23.03-25.04.2015 аралығында өттім. Компанияның негізгі қызмет көрсету түрі ішкі туризмді дамыту, сонымен қатар менiң тәжiрибемнiң мақсаты мамандық бойынша теориялық білімімді және өзiндiк жұмыстан алған білімді бекiту болып табылады.
Практиканың мақсаты:
- студенттердiң өндiрiстiк практикасы оқу кезінде алған теориялық білімдерін жетілдіру мен бекіту,
- практика өтетін ұйымдар мен мекеме жұмыстарын терең зерттеу негізінде аналитикалық және басқару дағдыларына ие болу мақсатында жүргізіледі.
Өндірістік практика міндеті:
кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын,капитал жұмсауын, сапаны бақылау мен стандартизация тұрғысын, еңбек тиiмдiлiгін және өнiмдiлiгін анықтайтын шараларын талқылау;
туристік кәсіпорын мамандарының нұсқаулары мен қызметтік міндетімен, кадрларды орналастыру принциптерімен танысу;
ұйымдастырушы, басқару жұмыс тәжiрибесін жинау;
кәсіпорын экономикасын, технологиялық өндіріс пен ұйымстырушылық құрылымын зерттеу;
кәсіпорынның стратегиясын, маркетингтік, қаржылық, жарнамалық іс-әрекетін сипаттайтын материалдарға талдау жасау;
келісімшарт, шарт ,әріптестердің картотекасын құрастыру, өндірістік кеңес, іскерлік кездесулер, келіссөз өткізу тәжірибесін талқылау;
Экономиканың жаңа секторларын дамыту маңызды болып саналады, себебі бұл жалпы ұлттық табысты көтеруге әсерін тигізеді. Соның ішінде мықты мультипликациялық эффект туризм саласы көрсете алады. Туризмді дамыту, бiр жағынан, аймақтық экономиканы табиғи-климаттық, объектілер мен нысандар, әр түрлі ресурстар мүмкiндiктерi арқылы жүзеге асыру қарастырылады.

1 ЖШС DOSTIK TRAVEL КОМПАНИЯсының жалпы сипаттамасы

1.1 Турфирма туралы мәлiметтер

Dostik travel қажылық компаниясы Қасиетті орындарға қажылыққа барушылармен тікелей жұмыс істеуге бағытталған. Қазақстанның алдыңғы қажылық - операторы есебінде ұсынылатын қызметтердің сапалы болуын қаматамасыз ету мақсатында тек сенімді серіктестермен бірге қызмет істейді. Мекке мен Мединада қажылық өтеуде үлкен тәжірибесі бар, барлық қажетті инфрақұрылымдар мен жүйеленген Қажылық өткізу процесіне ие бола отырып Dostik travel компаниясы Сауд Аравиясына белгіленген бағада Қажылық пен Ұмра бағдарламаларының ауқымды спектрін ұсынады.
Компанияның негізгі қызмет түрі:
қажылық және ұмра сапарларын ұйымдастыру;
халықаралық туризм.
Dostik travel көп салалы турагенттік ретінде авиациялық жолаушылар тасымалын сату, әлем бойынша қонақ үйлерді брондау, медициналық сақтандыру салаларында қызметтерін пайдалануды ұсынады.Агенттік көптеген мақтау қағаздарына ие және жыл сайын тұрақты клиенттер саны артып келеді. Туристік фирманың логотипін сурет 1 ден көруге болады.

Сурет 1. Dostik travel туристік фирманың логатипі

Осы уақыт аралығында өз дәрежесін республикалық деңгейде көтеріп, филлиалдарын ашуы жоспарланып отыр.
Фирманың негiзгi қызмет бағыттары:
шетелде де, Қазақстан Республикасы iшiнде де туристтiк қызметтiң
жүзеге асыруы;
ұйым және визалы қолдауды қамтамасыз ету;
шетелдiк төлқұжаттардың рәсiмделуi;
жеке және топтық турларды ұйымдастыру;
көлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру, соның iшiнде билеттердiң көлiктiң барлық түрлерiне брондалуы;
белгілі елде туристтердің тұруын қамтамасыз ету, соның iшiнде мейманханалық нөмiрлердiң брондалуы;
экскурсияларды ұйымдастыру, көлік қызметімен қамтасыз ету.
Қазіргі кезде тур компанияның қызмет ету шеңбері біраз ұлғайған. Ұйым көлікпен қызмет етумен, Қазақстан және шетел бойынша экскурсиялық бағдарламалармен, біздің аумақта туристерді қабылдап және қызмет көрсетумен, семинарларды, корпоративтік шараларды, балаларды сауықтыру және білім беру бағдарламаларын ұйымдастырумен, шығу және VIP-туризммен айналысады.Бірақ бастапқыдай компания қызметінің негізгі және басты бағыты болып қажылық туризмі саналады.
Алматы қаласында орналасқан бұл фирма бүгінгі күні туристтiк нарықта әлі қалыптасуда. Келесідей тенденциялары бар:
осы нарықта жұмыс iстейтiн турфирмалардың санының тұрақты өсуi;
белгілі бір салаға маманданған және әмбебаптық бағытта жұмыс жасайтын орындарға бөлінуі;
ұсынылатын қызметтер санының көбеюі. Мұндай жағдайда қосымша қызметтер сақтандыру, жеке гидтер және аудармашылардың беруi т.б. пайда болды.
бағалардың дұрыс және бір қалыпты орнауы;
турөнімнің сапасын жақсарту, оны өндіру барысындағы тәжірибені арттыру .

1.2 Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы

Кәсiпорынның ұйымдастырылуы заңға сүйенген формасы - ЖШС Dostik travel турфирмасы (Жауапкершілігі шектеулі серіктестік).
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - деп бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің міндеттемелері және залалдар бойынша өздері қосқан салымдарының құны шеңберінде жауап беретін серіктестікті айтамыз.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің мәні бойынша тұлғалар мен капиталдың бірігуін көрсетеді. Бұл жерде толық және сенім серіктестіктері, сондай-ақ акционерлік қоғам арасында өз орнын алатын коммерциялық нысаны байқалады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің көптеген артықшылықтары бар:
-бұл нысан, бірнеше қатысушы бар бизнес жүргізу барысында жеке тұлғалық және материалды мүдделерді үйлестіруге мүмкіндік береді;
-жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мәртебесін құқықтық реттеу кезінде көптеген диспозитивті нормаларды қолданады, бұл қатысушыларға көптеген шарттарды өздері белгілеуге мүмкіндік береді;
-қоғам алдында есеп беру міндеттілігінің жоқтығы; қатысушыларды тіркеу кезінде 25 % жарғыны төлеп, қалғанын бөлшектеп төлеуге мүмкіндігі бар.
Серіктестіктің құрылтай құжаты болып, құрылтай шарты табылады. құрылтайшылардың қол қойған жарғысы болады. Бұл серіктестік бір ғана тұлғадан құрылады, оның құрылтай құжаты жарғы болып табылады. Серіктестік жарғылық қоры құрылтайшыларының салымдарынан құралып, өз несие берушілердің мүддесін есепке алатын минималды мөлшерін белгілейді. Артықшылықтары: ірі қаржы сомасының тез арада жиналуы, бір тұлғамен де құрылу мүмкіндігі, серіктес мүшелері, серіктестік міндеттемелері үшін шектеулі жауапкершілікке ие [1].
Туристiк компания қызметкерлерi жұмыстарының негiзгi бағыттары: клиенттерге мәлiмет беру, клиенттермен жұмыс, билеттердi брондау және рәсiмдеу, турды сату, маркетинг және жарнама, әкiмшілік мiндеттердi орындау. Кәсiпорын басқарудың ұйымдық құрылымы 2 суретте көрсетілген.

Сурет 2. Басқарудың ұйымдық құрылымы.

Әр туристiк фирманың өз маманданған саласы болады, бiрақ көбісі түрлi бағыттарда бірдей жұмыс жасай алмайды. Dostik travel турфирмасында олар төртеу:
- шетелдiк туризмнiң бөлiмi және VIP - қызмет көрсету
- Алматы қаласының туризм және қажылық қызмет көрсету
- қажылық және умра туризмін дамыту
- қабылдау бөлiмi және экскурсиялық қызмет көрсету
Туристік фирма басшылығын сурет 3 көруге болады.

Сурет 3. ЖШС Dostik travel турфирмасының басшысы

Басшы кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыруды оның қызметіне толық жауап береді. Ол ұжымды басқара отырып, кадрлардың дұрыс іріктелуін қадағалайды, жұмысшыларда жұмысқа қабылдауда және жұмыстан шығаруды, ынталандыру жұмыстарын жүргізеді, қажет жағдайда ескерту білдіреді. Туризм менеджерінің заңды және экономикалық білімі болуы керек.

1.3 Бөлiмдердiң функциясы және штаттық кестесі

Фирмада қажылық туризмін дамыту мақсатындағы шаралар: діни бағытта білім беру, ифтикаф, танымдық экскурсиялар.
Бөлiмнiң жұмыс технологиясы келесi кезеңдерден тұрады."Dostik travel" көп салалы турагенттік ретінде авиациялық жолаушылар тасымалын сату, әлем бойынша қонақ үйлерді брондау, медициналық сақтандыру салаларында қызметтерін пайдалануды ұсынады.
Қазақстанның барлық авиакомпанияларына авиабилеттерді брондау мен сату:
- Эйр Астана;
- Скат;
Dostik travel 25 авиакомпанияның авиабилеттерін сатуды жүзеге асырады:
- KLM;
- Turkish Airlines;
- BMI;
- Lufthansa;
- Transaero;
- Aeroflot;
- Air Astana;
- Air Arabia;
- Скат;
- басқа авиакомпаниялар;
Барлық авиакомпанияларға авиациялық билеттерді брондау мен рәсімдеу:
- Қазақстандық;
- Халықаралық;
-Офистарға билеттерді тегін жеткізу;
- Визалық қолдау;
- Сақтандыру;
- VIP - қызметтер;
-Алматыда қонақ үй-аэропорт-қонақ үй трансферын ұсыну;
Авиакомпаниялардың өз рейстарына арнайы және жеңілдігі бар тарифтері болса, операторлар брондау кезінде клиенттеріне бағалары әдеттегіден төмен арнайы тарифтерді ұсынады:
- жастарға және балаларға;
- егде жастағы адамдарға;
- топтық;
- клиенттергеыңғайлытөлем: ақшалай, кредиттіккарталар;
- әуежайда VIP қызмет көрсету;
Алматы және Қазақстанның басқа қалаларында отелдерді брондау Dostik travel турфирмасы қажыларымыздың қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларындағы сапары кезінде араб тілі мен өзге де тілдерді жетік меңгеріп, Ислам мәдениетін, Исламның жауһар құндылықтарын, тарихи орындарын жақсы білетін кәсіби жолбасшылар қызметін ұсынады. Dostik travel командасы - бұл туризм саласында және әуе, теміржол билеттерін сату саласында тәжірибелері бар, IATA халықаралық диплом иегерлері, үнемі кәсіби деңгейлерн арттырып отыратын мамандар. Компания жұмысының басты принципі - клиентпен жұмыс кезінде жоғары дәрежеде қызмет көрсету. Dostik travel өз клиенттері мен серіктестері алдында алған жауапкершілігін әрқашан орындайды. [2]
Бұл компания жетістігінің кепілі. Компания өз жұмысын әрқашан жетілдіріп отырады, ұсынылатын қызметтер спектрін кеңейтіп,сапасын жақсартады.

2 Фирманың жұмыс технологиясы
2.1 Қызмет көрсету ерекшеліктері

Шетелдік туризмнің және VIP - бөлімінің жұмысының технологиясының кезеңдерінің бірі - виза. Егер тур визалы елге iске асса, былайша визалы бөлiм өз алдына жұмыс iстей алады. Клиент саяхатқа бару барысында фирманың қызметтерiн пайдаланса, онда осы жағдайларға орай құжаттар пакеті жиналады және тiркелген орынына жолданады. Фирма консул шығу мүмкiндiгін қарайды және оң немесе терiс жауап бередi. Сонымен қатар виза басқа елге шығатын негізгі құжат болып табылғанымен, шет елге шығу міндетті түрде емес. Виза тек қана турист құжатының мемлекеттік консулдық мекемеде тіркелетіндігін білдіреді. Виза төлқұжаттағы арнайы құжат, ол шет елге шығуға немесе сол елдің территориясы арқылы өтуге мүмкіндік береді.
Визалық бөлім
Шетелдiк туризм бойынша бөлiмнiң бөлiмшесi болып табылады, егер тур визалы елге iске асса, былайша визалы бөлiм өз алдына жұмыс iстей алады, Егер клиент саяхатқа жолданады осы фирманың қызметтерiмен пайдаланбаса, немесе ол шақырумен жүредi. Екi жағдайларға құжаттар пакет жиналады және тiркелген (бұрыштамалар пiсiп жететiн елдерi елшiлiк қайда барып тұр қала қайда барып тұр) қалаларда жолданады, бұл жауап фирманы турға жөнелтедi, консул шығу мүмкiндiгін қарайды және оң немесе терiс жауап бередi.
Бұрыштамалар екi түрлерде болады: бекiтiлген және бекiтілмеген. Егер бекiтілмелген бұрыштамалар пiсiп жетсе, егер бекiтiлген бұрыштамалар пiсiп жетсе, онда (ай ) коридормен анықталады, осы елдi қай уақытта адам iшiнде кiрiп-шыға алады, онда елдегi нақты сан бейнеленген болулары керек, мерзiмдердi бекiтедi. Пiсiп жететiн бұрыштамалары өзi елмен бекiтiледi. Бұрыштаманың елiнiң баруының мақсаттарына байланысты болады: (шақыру бойынша) қонақ, туристтiк және (жарыстарға, фестиваль және тағы басқалар, көрме) кәсiпкерлiк-бұрыштама
Сақтандыру. Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңының 4-тарау, 27-ші бабында көрсетілген [3].
Туристiк қызметтi жүзеге асыру кезiндегi сақтандыру :
Халықаралық шарттарда, уақытша болатын елдiң (жердiң) заңдарында көзделген реттерде, туроператор немесе турагент, турист өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiктi табыс еткен жағдайда шетелге шығу көзделетiн туристiк жолдаманы сатады.
Сақтандыру шартында туристке медициналық көмек көрсету ақысы және сақтандыру жағдайы тiкелей уақытша болатын елде (жерде) туындаған кезде олардың шығынының орнын толтыру көзделуге тиiс.
Қазақстан Республикасының Yкiметi Қазақстан Республикасының аумағына келетiн туристерге өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiгi болуы жөнiнде талап белгiлеуге құқылы.
Туроператор мен турагент туристiк қызмет көрсетуге жасалған шарттардан туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруға мiндеттi.
Бухгалтерлiк бөлiм. Фирмада үш бөлiмдердiң функциясын бірден орындайды: қаржы, экономикалық, бухгалтерлiк. Барлық кассалық операцияларды жасайды, есеп беру құжаттарын толтырылады, кiрiс пен шығыс есебін есептейді. Дәл осылай еңбек және еңбекақының есепке алуын қарастырады, салықтардың түрлерiн анықтап, олар салық салынатын базасының төлемдерін, салықты есептеудi орындайды.
Жоғарғы басқару. Жоғарғы басқару бас директорлардан тұрады. Оның мiндетiнде кiредi:
oo фирманың туристтiк қызметiмен басшылық ету;
oo ҚР нормативтiк, экономикалық заңдарын дұрыс орындауын тексеру;
oo қызметтер мен бағыттардың жаңа түрлерiн қарастыру;
oo еңбек тәртiбi және фирманың жұмыс тәртiбiнiң орындалуы;
oo фирманың қызметiне бақылау;
oo халықаралық және iшкi туризмнiң дамытуын қарастыру.
Фирма мекемесінде барлығы автоматтандырылған. Бұл қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді және оның тез, арзан орындалуын қамтамасыз етеді. Бүгінгі заман талабына сай жаңартылған компьютерлер, факс, телефон, сканер, принтерлер орнатылган.
Көлiк желiсі. Агенттiк Алматы қаласында орналасады. Көпшiлiк пайданалатын көлiктің барлық түрлерiмен және машинамен де кез-келген нүктеден турагенттікке жету мүмкіндігі бар. Қасында ыңғайлы автомобилдiк тұрақ орналасқан.
Тұтынушылармен жұмыс жасау. Фирма және клиент туристтiк қызмет көрсету туралы келiсiм шарттарын туристтiк жолдаманы рәсiмдей отырып нақ сол өзара тұжырымдайды. Авиа тасымалдауларды бронь жасау бойынша мiндеттемені, мейманханалық, көлiк және экскурсиялық қызметтер және тиiстi тасымал құжаттармен қатар клиент тур тапсырыс берген броньді жасау және тапсырыс берiлген туристтiк қызметтердiң төлеу растайтын құжаттардың рәсiмдеуi бойынша міндеттерді фирма өзiне алады. Онда ең алдымен, турды тұтынушы сауалнама бергеннен кейін, клиент анкетасы толтырылып, құжаттар жинастырылады. Турды толық тұтынғаға дейін, алдын - ала 30 пайыз мөлшерде төлем алынады, содан кейін ғана барып, виза рәсімдеу жұмыстары (егер баратын мемлекетке виза рәсімдеу керек болған жағдайда ғана) басталады. Виза рәсімделіп болғаннан кейін, турдың толық құны төленіп, турды тұтынушы, яғни турист сапарға аттануға дайындалады [4].
Қажетті құжаттар
паспорт (жарамдылық мерзімі кем дегенде 6 ай болу керек);
фото 4х6 (4дана) фоны ақ, әйелдер орамалмен;
менинигитке қарсы егілген вакцина сертификаты;
45 жасқа толмаған жұбайлар баратын жағдайда неке қию туралы куәлік[4].
Клиент, өз жағынан, туристтiк жолдаманың толық құнының төлеуi бойынша турдың бас тартуына болуы мүмкiн айыппұлдарды қоса мiндеттеме өзiне алады. Компания тұтынушыға келісім шартта және жолдамада көрcетiлген өз типтi программалары және жеке мәлiмдемелерiне сәйкес туристтiк қызметтердi көрсетеді. Автобуспен экскурсия турлары ең әйгiлi және өте арзан болып табылады, бiр сапарға өйткенi бiрнеше елдермен бiрден таныстыруға болады.

2.2 Компанияда жұмыс істеуші жүйелер

Амадеус - авиабилеттерді, қонақ үйлерді, автокөлікті, теміржол билеттерін, паромдарды, круиздерді және т.б. брондайтын жүйе. Дүние жүзіндегі алғашқы төрттік жүйе құрамына кіреді. Кейбір көрсеткіштері бойынша әлемде бірінші орынды алады, мысалы: Амадеус жүйесін қолданатын турагенттердің саны мен терминалдар бойынша Европа,Африка, Оңтүстік Америка нарықтарында бірінші орынға ие. Қазіргі таңда Амадеус жүйесі 490 авиакомпаниялармен жұмыс жасайды, яғни билеттерді брондауға мүмкіндік береді.Соның ішінде Ресей компаниялары: Аэрофлот, ГТК, Россия, Самарские авиалинии, Уральские авиалинии, Красноярские авиалинии, Авиакомпания Сибирь, Авиакомпания Центр Авиа, Кавминводыавия, Долодедовские авиалинии, Владивосток Авиа.Сонымен қатар, дүние жүзіндегі 750 авиакомпаниалардың күнтізбесінің мәліметтерін береді. Амадеус-өзінің клиенттеріне әлем бойынша авто көлікті (75мың турагент) 25300-ден астам кеңсемен, 50-ден астам компаниялармен байланыстырады. Амадеус қонақ үйлердегі номерлерді ұсынады, олардың бағасын көрсетеді, яғни ең төменінен қымбатына дейін және олар туралы толық мәлімет береді. Сонымен қатар, бронға толық кепілдік беріледі, бағасы өзгертілмейді.61560 қонақ үймен жұмыс істейді.Солардың ішіндегі негізгі қонақ үйлер, Марриотт, Вестерн хотелз, Шератон және т.б. жекеменшік қонақ үйлер. Кейбір нарықта темір жол, паромдар,круиз билеттерін (17 компания ) брондау жұмыстары ұсынылады.
Амадеус жүйесімен жұмыс істейтін турагентке келген турист толық пакет қызметін алады. Онда, авиабилет, қонақ үй , жалға берілетін автокөлік, және сақтандыру анықтамасы ұсынылады.
Әлемдегі авиакомпанияларды, қонақ үйлерді, сақтандыпу компанияларын, туристік агенттіктерді бұл Амадеус жүйесі өзінің дамуымен қызықтырады. Сонымен қатар, өнімнің дамуымен және туристік агенттердің жұмысының оңайлығымен қызықтырады. Олар : отчет жүйесі, бланктердің және билеттердің автоматты түрде басылып шығуы және т.б.
Амадеус - авиабилеттерді, қонақ үйлерді, автокөлікті, теміржол билеттерін және т.б. брондайтын жүйе. Дүние жүзіндегі алғашқы төрттік жүйе құрамына кіреді. Амадеус жүйесімен жұмыс істейтін турагентке келген турист толық пакет қызметін алады. Онда, авиабилет, қонақ үй , жалға берілетін автокөлік, және сақтандыру анықтамасы ұсынылады .
3 ЖШС DOSTIK TRAVEL ТУРФИРМАСЫНЫҢ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУІ

3.1 Тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен технологиясы

Турфирманың ұсынатын қызметтері:
Әр түрлі мақсаттағы туристік өнімдерді ұсыну:
1) экзотикалық елдердегі жағажайларда демалыс (БАӘ, Түркия, Испания, Тайланд)
2) санаторлық - курорттық емдеу (Корея, Израйль, Қытай, Германия, Чехия);
3) Алматы облысы бойынша экскурсиялық қызметтер
Туристік өнімді немесе экскурсиялық қызметтерді сатуды ұйымдастыру түрлері:
- телефонмен байланысу арқылы;
- офисқа келіп менеджермен тікелей қатынас жүргізу арқылы.
Турфирмаға келген туристтерден алынатын ақпарат:
- саяхат жасау бағыты
- саяхаттың мерзімін жоспарлауы
- адам саны (балалар жасы жазылуы керек)
- бюджетті жоспарлауы (саяхатты қанша қаражатқа жоспарлап отырғаныңыз)
- туристердің субъективті талаптары
Осы сұрақтарға толығымен жауап алғаннан кейін,турды ұйымдастыруға болады. Тур - тұтынушыға біртұтас таратылатын және туроператордың еңбегімен өндірілген, белгілі бір бағытқа және мерзімге арналған бірнеше туристік өнімдердің бірігуі.
ЖШС DOSTIK TRAVEL турфирмасы туралы ақпараттарды сонымен қатар dostiktravel.kz сайтынан алуға болады.
Сатуларды қолдау - бұл сатып алу үшiн қосымша ұсыныстар. Оның бас артықшылығы алуантүрлiгі және әдiстердiң иiлгiштiгiнде болады. Алға басулар Алматы турфирмаларында жиiрек әр түрлi жеңiлдiктер түрінде қолданылады. Dostik travel жеңiлдiктердiң келесi жүйесiн ұсынады:
мерекелерге жеңiлдiктер;
отбасылық жеңiлдiктер;
топтық;
жастарға;
арнайы (жеңiлдiк купонмен беріледі немесе жаңа клиенттiң фирмаларына алып келген клиенттер үшiнi) [5].
Берiлетiн жеңiлдiктер туралыда ақпаратты жарнама арқылы таратады. Жарнамалық бұрышын сурет 4 көруге болады

Сурет 4. Dostik travel жарнамалық плакаты

Сонымен қатар көрмелерге қатысу мүмкіндіктері ашылып отыр. Сол себепті нарық жағдайында өз орнын көтеру басты мақсаттарының бірі болып отыр.Мына жарнамалық бұрышта Dostik travel туристік компаниясының 2015 жылғы Қажылық сапарға шақыру бағдарламасы көрсетілген.
Телеарна жарнамалық агенттігі Dostik travel туристік компаниясына белсенді жарнамалық жұмысты жүргізеді. Олар сыртқы жарнама жасаумен айналысады. Тағы бір жаксы жарнаманың рөлін визиткалар алады [6].
Сатуларды қолдау жарнама ретiнде турөнімнің алға басуында маңыздырақ орынды алады. Жарнама осы уақытта имиджін жасауымен шұғылданады және оған белгілі бір уақыт керек болса, қолдау сатуларды ынталандырумен шұғылданады

3.2 Танбалы мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық- мұражайында туризмді ұйымдастыру ерекшеліктері

Ішкі туризмді дамыту мақсатында Dostik travel туристік фирмасы Таңбалы кешеңіне туристерді тіркеу және мұражайға экскурсия жүргізу жоспарын ұсынады.
Қазақстанның көп ғасырлық тарихындағы Таңбалының мәнділігі, мұнда қола дәуірінің суретшілері алғаш рет құдайға антропоморфтық кескін бере отырып, оны көріп білуге болатын бейнесін жасауында. Таңбалының әлемдік мәні сондай, мұнда адам ашық аспан астында Күн Ордасын жасай отырып, ландшафтың табиғи өзгешелігімен өзінің шығармашылық даналығын біріктіре білген.
Жартас суреттерінің орналасқан жері Таңбалы шатқалы тек Орта Азия шеңберінде ғана емес, ғаламдық көлемдегі ең маңыздылардың бірі болып табылады. Бұл зерттеліп жатқан және қорғалатын адамзаттың тарихи-мәдени мұрасы болып табылатын осы кешенге аялы қатынасқа себепші болады. Таңбалы шатқалының жартас суреттерін зерттеу петроглифтердің тарихи-мәдени және палеоэкологиялық мағыналы мәтінін қайта құру үшін негізгі базаны қамтамасыз етеді. Таңбалының ертедегі жартас суреттері ертедегі адамның қоршаған әлемді кеңістіктік көру және қабылдауын көрсете отырып, ап-анық сұлулыққа ие. Осы жартастағы суреттер біздің санамызға әсер ете отырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында қонақ үй шаруашылығын басқару
Әмбебап компьютерлік технологиялар
Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар
Aidana tour турфирмасы қызметтері
Тұлғалармен сөйлесу мәдениеті
Қонақ үй және туристік кешендердегі қызмет көрсету нарығының қалыптасуы
Қонақ үй бизнесі жайлы
ТУРИСТІК КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Туристік бизнесті жоспарлау
Халықаралық қонақ үй ісін ұйымдастырудың теориялық – әдістемелік негізі
Пәндер