Өнім сапасын жоғарылатудың қажеттілігі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . 3-4

1 БӨЛІМ. ӨНІМ САПАСЫ

1. 1 ӨНІМ САПАСЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОҒАН ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР. . 5-9

1. 2 САПА ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ МЕН БАСҚАРУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ. . …… 10-13

1. 3 ӨНІМ САПАСЫ. САПА ЖОҒАРЫЛАТУДЫҢ МӘНІ . . . 13-16

2 БӨЛІМ. ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУ

2. 1 ЖАЛПЫ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ САПА БАСҚАРУ… . . . 17-19

2. 2 САПА БАСҚАРУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ . . . 20-22

2. 3 САПА БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІНІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ…… . . . 23-26

3 БӨЛІМ. САПА БАСҚАРУДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ

3. 1 СТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ САПА БАСҚАРУДАҒЫ РӨЛІ. 27-29

3. 2 СТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ… . . . 30-36

3. 3 СТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ИГЕРУ . . . …. 37-40

ҚОРЫТЫНДЫ . 41-42

ГЛОССАРИЙ . . . 43-44

ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ 45

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . 46

КІРІСПЕ

Келген XXI ғасыр, өзінің барлық жақтарынан көрініс тапқан жоғары сапаның - еңбек сапасының, өнім мен қызмет көрсету сапасының, қоршаған орта сапасының ғасыры болуы керек, яғни бұл ғасыр өркениетті дамудың заманауи парадигмасын іске асыруға арналған.

Кез келген ұйымдар мен кәсіпорындардағы нарықтық қарым-қатынастар жағдайларында сапа басқарудың өзектілігі - сапаның, өнім мен қызмет көрсетулердің тұтынушы талаптарын толық қанағаттандыра алатын сапа деңгейін қамтамасыз етуге бағытталғанымен анықталады. Өнім мен қызмет көрсетулердің жоғары сапасы, олардың анықтайтын салмақтық құрастырушысы болып табылады.

Бәсекелестік - ұйымдардың жаңа нарықтық жағдайларға бейімділігін ынталандыратын кез келген нарықтық жағдайлардың өзгерістеріне шағылысатын жіңішке механизм. Өнім өндіру мен қызмет көрсетудегі ең жоғары көрсеткіштерге бағдар Қазақстан экономикасының барлық субъектілер қызметінің стратегиялық бағытына айналу керек.

Қазірде мемлекетте ел мен аймақ басқарушыларының, өнім өндірушілері мен жеткізушілерінің халықтың өнім мен қызмет көрсетулер сапасын, сонымен бірге өмір сапасын жоғарылатуда ортақ қызығушылық бар. Одан да көп қазақстандық кәсіпорындар сапа жүйесіне сертификат алуға тырысады, себебі онсыз бизнесте ұзақмерзімді табыстың болуы мүмкін емес.

Тұтынушылар талаптарына сәйкес болатын тұрақты сапаны қамтамасыз етусіз, ұлттық экономиканы әлемдік шаруашылыққа рационалды интеграциялап, сонда лайықты орынға иелендіру мүмкін емес. Интеграция процестері әлемдік қауымдастықтың дамуының қазіргі заманғы жағдайларында объективті түрде қайтымсыз болып келеді, сол себепті өнім мен қызмет көрсету сапасын басқарудың қазіргі заманғы концепциясы, кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының барлық мақсаттары мен міндеттерін орындау кезінде, басқарудың басқа бағыттары арасындағы оның міндетті басымдылығын болжамдайды.

Сапа мен өндіріс тиімділігі арасында тура тәуелділік бар. Сапаның жоғарылауы, шығындардың төмендеуіне және нарық үлесінің артуына әкеле отырып, өндіріс тиімділігінің жоғарылауына жағдай жасайды.

Қазіргі таңда Қазақстанда өнім мен қызмет көрсетулер сапасы, олардың қауіпсіздігі мемлекет экономикасында үлкен рөл ойнайды. Мамандар мен саясаткерлердің едәуір бөлігі, өндірістің дағдарыстық күйден шығу, бәсекелес өнімді тез игеру, шығарылатын өнімнің техникалық параметрлерін қатал сақтау жолында жатыр.

Өнеркәсіптің нарықтық қарым-қатынасқа көшуі, кәсіпорындардың өздігінен халықаралық нарыққа шығуы өнім сапасын жоғарылату бойынша үздіксіз жұмыс істеуді қажет етеді. Кәсіпкерліктің стратегиясы, сапа, бір мезгілде, қажеттіліктерді қанағаттандырудың ең тиімді құралы да, өндіріс шығындарын төмендетудің құралы да болып саналады, дегенге негізделеді.

Әлемдік тәжірибе, сапа - экономикалық дағдарыстан шығудың маңызды факторы, екенін көрсетіп отыр. Сапа мәселелерін шешусіз, бәсекелестік күресте табысқа жетуге болмайды. Қазіргі таңда қазақстандық кәсіпорындар үшін күрделі мәселелердің бірі, бәсекегеқабілетті өнім өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сапа менеджмент жүйесін жасау болып табылады. Туындаған жағдай, өндірістік объектілер қызметінің сапасын жетілдіру бойынша шаралар қолдануды және сапа басқаруды, яғни сапа жүйесін құруды қажет етеді. Өндірілетін өнім сапасын жоғарылату, қазіргі кезде, ішкі және сыртқы нарықта оның шешуші жағдайы ретінде бағаланады. Өнімнің бәсекегеқабілеттілігі, көп ретте, кәсіпорынның беделдігін анықтайды және оның көркеюінің және жұмысшыларының ауқаттылығының өсуінің шешуші факторы болып табылады.

Әрбір кәсіпорынның басты міндеті, шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызмет сапасын жоғарылату болып табылады. Кәсіпорынның табысты қызметі, нақты анықталған қажеттіліктерге, қолдану аясына немесе тағайындалуына жауап беретін; тұтынушы талаптарын қанағаттандыратын; қолданылатын стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес келетін; жұмыс істейтін заңнамаға және қоғамның басқа да талаптарына жауап беретін; тұтынушыға бәсекегеқабілетті баға бойынша ұсынылатын; пайда алуға бағытталған өнім немесе қызмет көрсетуді өндірумен қамтамасыз етілу керек. Кәсіпорынның сапа саласындағы басты мақсаты, тұтынушының өзгеріп отыратын талаптары мен сұрақтарына сәйкес болатын, нормативті-техникалық талаптарға жауап беретін, өнімнің функционалды қасиеттерін, оның эксплуатациялық сипаттамаларын, қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ететін өнім сапасын үздіксіз жақсарту болып табылады. Сапа жүйелерінің құрамы мен маңызы өнім сапасын басқару бойынша халықаралық стандарттар қатарымен регламенттеледі. Тұтынушылар үшін, өнім өндірушілерде мұндай жүйелердің бар болуы, оларға келісімдерге (контрактілерге) толық сәйкес келетін қажетті сапалы өнім жеткізілетініне кепілдік болып саналады. Сондықтан көп ретте тұтынушы келісім шарт жасау кезінде өндірушіде бар сапаны қамтамасыз ету жүйесін оның халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігіне тексеруді қажет етеді. Дайындалған және қызмет етуші өнім сапасын басқару жүйелері бар кәсіпорындар, халықаралық стандарттар талаптарын қанағаттандыратын өнім сапасын қамтамасыз ету жүйелерін жасау мен ендіру үшін едәуір күрделі базасына ие болады. Бұл жүйелер өнім сапасын басқарудың тиімді құралы болып, оның қамтамасыз етеді.

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі - өндіруші кәсіпорын, тұтынушы мен жалпы ұлттық экономикасы үшін зор мәнге ие болатын өнім сапасын жоғарылатудың қажеттілігімен келісілген. Сапалы өнім шығару, қаржының жұмсалуы мен рентабелділігінің көлемін арттыруға, кәсіпорын беделдігін жоғарылатуға әсер етеді. Жоғары сапалы және тұтынушылық құны жоғары өнімді пайдалану, пайдаланушының меншік шығындарын азайтып, қажеттіліктердің толықтай қанағаттандырылуын қамтамасыз етеді.

  1. БӨЛІМ. ӨНІМ САПАСЫӨнім сапасы түсінігі және оған әсер ететін факторлар

«Сапа» категориясы ертеден бері ойшылдар мен ғалымдардың, түрлі ғылыми бағыттар өкілдерінің көңілін алған.

Сапа - бұл философиялық категория. Сапа ең алғаш Аристотельдің талдауына б. з. д. ІІІ ғасырда ұшыраған деп саналады. Мысалы, Гегельмен берілген сапаның философиялық анықтамасы бар: «Сапа, ең алдымен, тұрмыспен тепе-тең анықтық, сондықтан қандай да бір нәрсе өз сапасын жоғалтқанда, өз мәнін де жоғалтады» [1] .

Сапа - объектінің бекітілген және шамаланған қажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілеттілігіне жататын сипаттамалардың жиынтығы [2] .

«Сапа» анықтамасында түсіндіруді қажет ететін тағы екі термин бар: «қажеттілік» және «объект».

Қажеттіліктер ағзаның қалыпты тіршілік әрекеті үшін талаптардың туындайды және бұны жоюға бағытталған. Қанағаттандыру үшін экономикалық қызмет қажет болатын қоғам талаптарының бір бөлігі экономикалық қажеттілік делінеді. Экономикалық қажеттіліктердің қанағаттандырылуының әлеуметтік формалары қоғамдық экономикалық құрылыспен анықталады. Нарық жай ғана тұтынушылар қажеттіліктеріне ғана емес, сонымен бірге, сатып алушылардың қажеттіліктерінен туындайтын сұраныстарына да бағытталған.

Әдебиет пен практикада сапа ұғымының түрлі түсіндірмелері бар. ИСО-9000 халықаралық стандарты сапаны , өнім мен қызмет көрсетудің сатып алушының қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы ретінде анықтайды. Бұл стандарт «сапаны қамтамасыз ету», «сапаны басқару», «сапа спиралі» сияқты түсініктерді енгізді. Сапаны пирамида түрінде көрсетуге болады (сурет 1) :

Сурет 1 - Сапа пирамидасы

Сапа пирамидасының төбесінде, өнімнің қажетті сапасына жету үшін барлық жұмыстың жоғары сапасына жетуге бағытталған, жалпылама сапа басқару (TQM) орналасқан. Ең алдымен, бұл кәсіпорынның ұйымдық-техникалық деңгейін қамтамасыз етумен байланысты болатын, еңбектің сапалы жағдайларын талап ететін жұмыс болып саналады. Өнім шығарумен (технологиялық процестер сапасын бақылау, ақауларды уақытымен айқындау) тікелей байланысты болатын жұмыстың сапасы ерекше мәнге ие. Өнім сапасы жұмыс сапасының құраушысы мен салдары болып табылады. Бұл кезеңде дайын өнімнің сапасы, тұтынушылар көзқарасы бағаланады, рекламация талданады.

Нарық пен бәсекелестік жағдайында әлемнің дамыған елдері жоғары сапаны, стратегиялық коммерциялық императив деп, ұлттық байлықтың ең маңызды көзі деп түсінеді. Сапа, көп ретте, мемлекет беделін анықтайды, әр адамның және жалпы қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін негіз ретінде қызмет етеді, маңызды құраушысы болып табылады. Тек соның негізінде ғана кәсіпорын бәсекелестік жағдайында өмір сүріп, қажетті табыстарға жетуі мүмкін, сондықтан, нарықтық қарым қатынастардағы сапаны жоғарылату мен қамтамасыз ету бойынша қызмет басымдылыққа ие болу керек екендігі объективті.

Сапаны жоғарылату мен қамтамасыз етудің қажеттігін анықтайтын басты себептер:

  1. Жеке, өндірістік және қоғамдық қажеттіліктердің үздіксіз артуы;
  2. Ғылым, техника, өндіріс, экономика мен бүкіл әлемдік қауымдастықта ғылыми техникалық прогрестің рөлі мен қарқындылығының өсуі;
  3. Қызмет көрсетулердің, шығарылатын өнім конструкцияларының жетілдірілуі және орындалатын функциялар маңыздылығының артуы;
  4. Өнім мен көрсетілетін қызметтер көлемінің артуы және, соның салдарынан, ақаулар мен рекламациялар өсуінің мүмкіндігі;
  5. Тұтынушылардың салыстырмалы түрде төмен сапалы өнім мен қызмет көрсетулерді қабылдамауы;
  6. Өндіріс идентификациясы мен кәсіпорынның қолайлы өмір сүруінің қажетті факторы ретінде, оның эффективтілігінің жоғарылауына қойылатын талаптар қатаңдығының күшеюі.

Жоғарыда аталған себептермен қоса, сонымен бірге әлемдік нарықтағы бәсекелестіктің күшеюін атап кеткен жөн. Бәсекелестік, тек сыртқы нарықта ғана емес, біздің елімізде де ақиқат болып табылады. Бұған қоса, қазіргі таңда Қазақстанның негізгі өндіріс қорларының үлкен бөлігі сапаның төмен деңгейіне ие, моральды түрде ескірген және толықтай физикалық жағынан тозу шегінде тұр деуге болады [3] .

Сапа басқару, сапаға әсер ететін, қалыптастырушы, қамтамасыз етуші, ынталандырушы, ішкі, сыртқы, функционалдық және жүйелік деп бөлінетін, экономикалық, құқықтық, ұйымдық және басқа факторлардың органикалық үйлесуін көрсетеді.

Өнім сапасын қалыптастырушы факторларға: бастапқы шикізат, материаолдар мен құраушы бұйымдар сапасы, бұйым конструкциясы, технологиялық процестер сапасы жатады.

Сапаның сақталуын қамтамасыз етуші факторларға: сәйкес маркировка, орама, жеткізудің, сақтаудың рационалды шарттары, экплуатация процесіндегі профилактика мен күту жатады.

Жоғары деңгейлі сапалы өнім өндіруді ынталандырушы факторларға: еңбек, демалыс, тұрмыс, медициналық қызмет көрсетудің әлеуметтік экономикалық жағдайларын, қызметкерлерге жеңілдіктер ұсыну жатады.

Сапаға әсер ететін факторлардың келесі тобы объективті және субъективті факторларға бөлінеді.

Объективті факторларға мыналар жатады:

  1. Ғылыми-техникалық прогресті ендіру;
  2. Жобалық және нормативті-техникалық құжаттаманың сапасы;
  3. Жабдықтар мен құралдардың тоқтаусыз жұмыс істеуі;
  4. Стандарттау, унификациялау деңгейі;
  5. Дизайн, эстетизация.

Субъективті факторларға жататындар:

  1. Қызметкерлердің мамандығы, шеберлігі мен тәжірибесі;
  2. Еңбек пен өндіріс мәдениеті;
  3. Еңбектің санитарлық-гигиеналық жағдайлары;
  4. Еңбектің психофизикалық жағдайлары;
  5. Еңбектің материалдық және моральдық ынталандырылуы мен мотивациясы;
  6. Еңбек пен технологиялық тәртіпті сақтау.

Өнім сапасы факторларын анықтау үшін оларды ішкі және сыртқы деп бөлу маңызды болып саналады.

Ішкі факторларға кәсіпорын қызметіне тәуелді факторлар жатады. Оларды келесі топтарға бөлуге болады: техникалық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық.

Өнім сапасын қалыптастырушы сыртқы факторларға мыналар жатады:

  1. Нарық талаптары;
  2. Нормтивтік құжаттама;
  3. Бәсекелестік;
  4. Өнімді сатып алушылар арасында кәсіпорынның беделдігі.

Функционалдық факторларға сапа басқару функциялары міндеттерінің бірін қозғайтын және басқару жүйесінің маңызды құрылымдық өзгерістерді қажет етпейтін факторлар жатады.

Жүйелік факторларға сапа басқарудың бірнеге функцияларын қозғайтын және қайта қарастыру мен жүйе элементтерінің мазмұнына өзгерістер енгізудің талап ететін факторлар жатады. Жүйелік және функционалдық факторлар салдарлар мен олардың сапаға әсер ету дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.

Барлық айтылған факторлар бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ олардың сапаға әсер ету дәрежесі бірдей емес. Сондықтан олардың әсер ету дәрежесін бағалау кезінде, өнім сапасына ең көп дәрежеде әсер ететін факторларға басымдылық берген жөн. Мұндай бөлу, ең төмен шығындармен өнім сапасын ұтымды әрі тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

«Сапа» ұғымы бекітілген және болжалды қажеттіліктерді жүзеге асыруға қабілеттілігіне жататын өнім немес қызметтің қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы ретінде анықталған. Сапа ойлаудың сәйкес образы негізінде техника көмегімен қалыптасады. Бұл жалпылама сапа басқару философиясындағы сапа түсінігіне әкеледі.

Сапа түсінігінің басқа тұжырымдалуы, бұл түсініктің бүкіл көпаспектілігін көрсетуге көмектесетін бірнеше басқа көзқарастарға негізделеді.

  1. Өнім қасиеттерін объективті бағалау көзқарасы жағынан, сапа дәл өлшене алады. Сападағы айырмашылықтар өнімнің белгілі сипаттамалары көмегімен сандық сипатталуы мүмкін.
  2. Сатып алушы көзқарасы жағынан, өнім сапасы көп шамада сатып алушының субъективтивті бағасымен және аз шамада өнім сипаттамаларымен анықталады. Жеке сатып алушылар әр түрлі қажеттіліктерге ие болады, бұл қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыратын тауарлар жоғарысапаға ие болатын тауарлар ретінде қарастырылады.
  3. Өндірістік процесс жағынан, сапа спецификацияларды сақтау болып табылады, және бұлардан әрбір ауытқу сапаның төмендеуіне әкеледі.

Сапаны қамтамасыз ету қазіргі заманғы өндірісте маңыздылығының келесі басты себептерін белгілейді:

  1. Сапа ең басымды сатып алушылар үшін сатып алуды жүзеге асыру үшін басты критерий болып табылады. Тапсырысты сапаның жеткіліксіз деңгейінен жоғалту, жоғары бағадан жоғалтып алудан да жаман.
  2. Сапа ауқымды болып табылады. Кәсіпорын, бәсекелестікке төтеп беру үшін, көптеген жеке шараларды жүзеге асырады. Сапа мен сапа басқару жүйелері, кәсіпорын нарықта ұтымды қызмет көрсету үшін, өндірістік процестің барлық кезеңдерін: өнімдік саясат, жоспарлау, маркетинг, қызметкерлер, инновациялар мен технологиялар қамтитын шаралар кешенін ұсынады.
  3. Сапа шығындарды төмендетудің негізгі құралы болып табылады.
  4. Сапа фирманың нарықтағы орнын тұрақтандыруға әкеледі. Ашық нарықтар жағдайларында тауарлар мен қызмет көрсетулер одан да өзараалмастыратын болып келеді. Тауарлар сапасының деңгейі шешуші болып келеді.

Сапа түсінігін екідеңгейлі деп қарастыруға болады. Бірінші деңгейлі сапа, немесе техникалық сапа, зерттеу, жасау мен өндіру кезеңдерінде қалыптасады. Бұл кезеңде сапа басқару, өнімге қатысты сандық және сапалық талаптардың қажетті минимумын сақтау бойынша шаралардан тұрады. Екінші деңгейлі сапа, немесе коммуникативті сапа, сату алдында мен сатудан кейінгі қызмет көрсетук кезеңдерінде қалыптасады. Бұл кезеңдерінде сапаны қамтамасыз ету үшін, клиенттер талаптарын жан жақты қамтамасыз етуге бағытталғаг шаралар жүзеге асырылады [8] .

  1. Сапа экономикалық категория мен басқару нысаны ретінде

XX мыңжылдықтың екінші жартысында әлем, сандық көрсеткіштер өмірдің көптеген салаларында сапалық көрсеткіштерге орын берген кездегі, құндылықтарды қайта бағалау кезеңіне өтті. Негізінен, өндірілетін өнім санынан оның сапасына деген акценттің жылжуы байқалады. Көп ретте бұл табиғи ресурстардың жетіспеушілігімен (жойылуымен) және қоршаған ортаның өнеркәсіптік өндіріс қалдықтарымен ластануынан экологиялық апаттың мүмкіндігінен де, тұрақты жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін өндірісті басқарудың ең заманауи және ең тиімді жүйелерін қолданумен түсіндіріледі. Бүкіл әлемде өнім сапасы жеке ұйымдар мен жалпы мемлекеттердің экономикалық дамуының негізгі рычагына айналды. Көптеген елдерде, тұтынушының талаптарына жауап беретін өнімнің жоғары сапасына қол жеткізу, экономикалық стратегияның басты элементі мен нарықтық және қаржылық табыстың маңызды факторы болды.

Экономикалық реформалардың дамуына қарай, Қазақстанда сапаға одан да көп көңіл бөліне бастады. Қазіргі таңда қазақстандық кәсіпорындар үшін күрделі мәселелердің бірі, бәсекегеқабілетті өнім өндіруді қамтамасыз ете алатын сапа жүйесін құру болып табылады. Қазіргі заманғы нарықтық экономика өндірілетін өнім сапасына принципиалды түрде басқа талаптар қояды. Қазір кез келген фирманың өміршеңдігі, оның тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығындағы тұрақты орны, деңгейімен анықталады.

Бәсекегеқабілеттілік болса, екі көрсеткішпен байланысты: өнім құнының деңгейі және өнім сапасының деңгейі . Екінші фактор біртіндеп бірінші орынға шығып келеді. Кәсіпорындардың бәсекелестікті күресі бүгін жиірірек олардың сапа жүйелері арасындағы бәсекеге айналып келеді. Көп ретте сертификатталған сапа жүйесіне ие болатын жеткізуші жоғары бағаланады, ал сыртқы нарықта табысты қызмет үшін мұндай сертификаттың бар болуы міндетті шарт болып табылады. Қазақстанның өнім мен қызмет көрсетулер саласындағы ұлттық саясатының концепциясы әділетті түрде былай тұжырымдайды: XXI ғасырда отандық экономиканың басты міндеті - сапаның жоғарылауының есебінен артуы болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайларында бәсекелестікті ортаның бар болуы сапа мәселелеріне зор көңіл бөлуге міндеттейді. Соңғы кездері, көптеген кәсіпорындар басшылығы, қол жеткізудің, тұтынушының өнімге деген сенімін жаулап алудың құралы ретінде, сапаны басқарудың қажеттілігіне тап болды. Сапа жүйесі, өндірушіде сапа жүйесінің және осы жүйеге, беделді сертификаттаушы органмен берілетін, сертификаттың бар болуын міндетті деп санайтын шетелдік тапсырыс берушілермен келісім жүргізу кезінде маңызды. Сапа жүйесі кәсіпорын ерекшеліктерін есепке алып, өнім өндіру мен оны ендіруге кеткен шығындардың минимизациялануын қамтамасыз ету керек. Тұтынушы, жеткізілетін өнім сапасы тұрақты болатынына сенімді болу керек.

Сапа - бұл фирманың авторитеті, табыстың жоғарылауы, өнімділіктің артуы, сондықтан фирма сапасын басқару бойынша жұмыс, бүкіл персонал үшін, басқарушыдан нақты орындаушыға дейін, қызметтің маңызды түрі болып табылады.

Қазіргі заманғы сапа басқару, сапа басқару бойынша қызмет, өнім өндірілгеннен кейін тиімді бола алмайды, бұл қызмет өнім өндіру кезінде жүзеге асырылу керек дегеннен шығады. Сонымен бірге, сапаны қамтамасыз ету бойынша қызмет те маңызды.

Өнім сапасы - кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші. Өнім сапасын жоғарылату көп мөлшерде кәсіпорынның нарық жағдайларында өміршеңдігін, ғылыми-техникалық прогрестің темпін, өндіріс тиімділігінің өсуін, кәсіпорында қолданылатын ресурстардың барлық түрлерінің үнемділігін анықтайды. Өнім сапасының жоғарылауы - әлемнің алдыңғы қатарлы фирмалар жұмысының сипаттамалы тенденциясы. Сонымен бірге сапаны, өндіруші мен тұтынушы жағынан оқшаулап қарастыруға болмайды. Сапаның, техникалық шарттармен анықталатын техника-эксплуатациялық, эксплуатациялық және басқа параметрлерін қамтамасыз етуінсіз, өнімнің сертификациясы, яғни оның талаптарға сәйкестігіне бағасы, жүзеге асырылуы мүмкін емес.

«Өнім сапасы» түсінігінің экономикалық мазмұны, өнімнің сапасы оны дайындау процесінде жасалатынына негізделеді. Сондықтан, экономикалық категория сияқты, өнім сапасы адамдардың өндірістік қызметінің заттық нәтижесі ретінде қарастырылады. Кез келген заттар адам мен жалпы қоғамның нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жасалады. Заттардың бұл тағайындаулары толығымен олардың сапасына жатады. Өнім сапасының бұл әлеуметтік мәнін есепке ала отырып, оны әлеуметтік-экономикалық категория ретінде сипаттауға болады. Нақты заттың жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесі оның қасиеттерімен анықталады. Ал заттың сапасы оның қасиеттерінің жиынтығымен анықталады. Сапаны бағалау үшін маңызды әр түрлі физикалық қасиеттер тұтынушылық бағаға жинақталған. Сапаны бағалау үшін маңызды қасиеттер мыналар: өнімде ғылыми-техникалық жетістіктерді материалдаушы техникалық деңгей ; эстетикалық түйсіктер мен көзқарастармен байланысты қасиеттердің комплексімен сипатталатын эстетикалық деңгей ; өнімді пайдаланудың техникалық жағымен (бұйымға қарау, жөндеу және т. б. ) байланысты эксплуатациялық деңгей ; техникалық сапа - бұйымды эксплуатациялаудағы мүмкін және фактылы тұтынушылық қасиеттердің (функционалдық дәлдік, сенімділік, қызмет көрсету мерзімінің ұзақтығы) үйлесуі.

Өнім сапасының қарастырылған аспектілерін жалпылай отырып, оған келесі анықтама береміз: « Өнім сапасы - өнімнің, оның тағайындалуына сәйкес, нақты қажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілеттілігін көрсететін өнім қаситтерінің жиынтығы ».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапаны басқару механизмінде жоспарлау
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту
Кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар әзірлеу
Еңбек өнімділігі және өнеркәсіп салаларындағы оның өсімі
Кәсіпорында еңбек өнімділігінің өсу резервтері
Өнім сапасы
Сапаны статистикалық бақылау
Аудандағы шаруа қожалықтарының жұмысын тиімді арттырудың негізгі жолдары, жергілікті мемлекеттік органдардың рөлі
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері
Құрылыс кәсіпорнының қызмет ету тиімділігін арттыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz