Іріңді жара қоздырғыштары қатысында сорбенттің эфференттік белсенділігін зерттеу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биология және биотехнология факультеті
Биотехнология кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Биотехнология кафедрасының
меңгерушісі, б. ғ. д., профессор Заядан Б. Қ.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ІРІҢДІ ЖАРА ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ ҚАТЫСЫНДА СОРБЕНТТІҢ ЭФФЕРЕНТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
Орындаған:
4 курс студенті Ахсамбаева А. Н.
Ғылыми жетекшісі:
PhD доктор Акимбеков Н. Ш.
Норма бақылаушы:
Алматы, 2013 жыл
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысы 32 беттен, 9 суреттен, 1 кестеден және 50 әдебиет көзінен, оның ішінде ө шетел әдебиетінен тұрады.
Кілтті сөздер: сорбент, карбонизделген күріш қауызы, аппликациялық- сорбционды терапия, сорбция, эфферентті терапия, іріңді жара қоздырғыштары.
Жұмыстың мақсаты: In vitro және in vivo жағдайларында карбонизделген күріш қауызы негізіндегі сорбенттің іріңді жара қоздырғыштары қатысында эфференттік белсенділігін зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
- Карбонизделген күріш қауызы негізінде . бактериясы қатысында сорбциялық белсенділігін зерттеу.
- In vitroжағдайында Карбонизделген күріш қауызы негізінде spp. бактериясы қатысында сорбциялық белсенділігін зерттеу.
- In vivoжағдайында карбонизделген күріш қауызы негізіндегі сорбенттің іріңді жара қоздырғыштары қатысында сорбциялық белсенділігін зерттеу.
Зерттеу объектілері мен әдістері:
Зерттеу объектісі ретінде күріш қауызы негізіндегі жоғары сорбциялық қасиетке ие сорбент қолданылды. Жұмыста әртүрлі микробиологиялық әдістер пайдаланылды.
Алынған нәтижелер:
- Карбонизделген күріш қауызы негізінде . бактериясы қатысында сорбциялық белсенділігі 79, 6% құрайтынын көрсетті.
- In vitroжағдайында карбонизделген күріш қауызы негізінде spp. бактериясы қатысында сорбциялық белсенділігі 70% құрады.
- Карбонизделген күріш қауызы негізіндегі сорбенттің лабораториялық жануарлардың іріңді жара қоздырғыштары қатысында жоғары сорбциялық белсенділікке ие болып, оның эпителизациясын жылдамдататыны белгілі болды.
Практикалық маңызы:
Наноқұрылымды сорбенттердің физикалық және химиялық құрылымы оның іріңді-ісік жара қатысында биологиялық белсенділігін жоғары етеді, яғни іріңді жараның қоздырғыштары мен оның әртүрлі компоненттері, некрозды ұлпаларды сорбциялау арқылы біріншілік және екіншілік жараларды жазуда үлкен рөл атқарады. Сондықтан жұмыста зерттеліп отырған күріш қауызы негізіндегі сорбентті зерттеудің үлкен практикалық маңызы бар, себебі бұл сорбентті аппликациялық-сорбциялық терапияда қолданудың маңызы зор.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
- Іріңді жараның пайда болу процестері мен оны емдеудің негізгі бағыттары.
- Аппликациялық-сорбционды терапия.
- Іріңді жараларды емдеудің заманауи принциптері мен әдістері.
2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
2. 1 Зерттеу объектілері.
2. 2 Зерттеу әдістері.
2. 2. 1 Іріңді инфекциялар микрофлорасына қатысты карбонизделген күріш қауызының сорбциялық қасиеттерін модельді эксперименттерде зерттеу.
2. 2. 2 In vivo тәжірибелерінде егеуқұйрықтардағы іріңді жаралар микрофлорасына қатысты карбонизделген күріш қауызының элиминациялаушы қасиеттерін зерттеу
2. 2. 3 Микробиологиялық әдістер
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ
3. 1 ККҚ-ның in vitro жағдайында Staphylococcus spp. дақылына әсерін зерттеу.
3. 2 ККҚ-ның in vitro жағдайында Streptococcus spp. дақылына әсерін зерттеу.
3. 3 ККҚ-ның in vivo жағдайында іріңді жаралардағы Staphylococcus spp. және Streptococcus spp. бактерияларына әсерін зерттеу.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Соңғы жылдары іріңді ауруларын емдеуде қолданылып келген дәстүрлі әдіс-тәсілдер қанағаттанарлық дәрежеде емес. Іріңді жара ауруларының көбеюі мен оған қолданылатын антибиотиктерге іріңді жара қоздырғыштары резистенттілігінің жоғарылауы себепші болып отыр.
Соған байланысты іріңді жара ауруларын емдеуде қол жетімді әрі эффективті жаңа препараттар жасау медициналық биотехнологияның басты бағыттардың біріне айналды.
Қазіргі кезде бұл ауруларды емдеуде эфференттік медицинаның сорбенттерді пайдалануға негізделген бағыты - сорбционды-аппликациялық әдіс-тәсілдер қолға алынуда.
Қазіргі кезде әртүрлі елдерде түрлі табиғи құрылымдарының бірлесуі негізінде дренирленген сорбенттер әзірленеді(органикалық және бейорганикалық, полимерлі және төмен молекулярлы, түрлі сорбциялық және осмотикалық белсенділік қасиетіне ие) . Сорбенттердің салыстырмалы бағалары жөніндегі деректер әзірге жоқ.
Жиналған материалдар жергілікті сорбционды терапияны түрлі іріңді жараларды жазуда перспективті түрде қолдануын айғақтайды және іріңді қабынуға комплексті әсер ететін комбинирленген препараттар әзірлеуін талап етеді.
Әлбетте, эффективті моно- және комбинирленген препараттарды әзірлеу үшін жараны жазу белсенділігі жоғары болуы тиіс.
Жұмыстың мақсаты:
Карбонизделген күріш қауызы негізіндегі сорбенттің іріңді жара қоздырғыштары қатысында эфференттік белсенділігін зерттеу
Жұмыстың міндеттері:
- Карбонизделген күріш қауызы негізінде сорбенттің сорбциялық белсенділігін зерттеу.
- In vitroжағдайында карбонизделген күріш қауызы негізіндегі сорбенттің іріңді жара қоздырғыштары қатысында сорбциялық белсенділігін зерттеу.
- In vivoжағдайында карбонизделген күріш қауызы негізіндегі сорбенттің іріңді жара қоздырғыштары қатысында сорбциялық белсенділігін зерттеу.
Жұмыстың жаңалығы:
Наноқұрылымды беткейлері бар сорбенттердің медициналық практикада қолданыс аясы өте кең. Наноматериалдар негізінде алынған препараттар эфференттік медицинаның энтеросорбция, сорбционды-аппликациялық сорбциясы, гемосорбция мен лимфасорбциялық бағыттарында қолданылады.
Іріңді жара терапиясында аппликациялық-сорбционды әдіс кеңінен қолданылады, жарадан токсикалық метаболиттерді, микробты клеткалар және бактериальды токсиндерді спецификалық түрде жою қабілеті бар, антитоксикалық және антибактериальды қасиет көрсетеді.
Жұмыста аппликациялық-сорбциялық терапия үшін алғаш рет күріш қауызы негізіндегі сорбенттің эфференттік қасиеті зерттелді және оның іріңді жараны емдеудегі мүмкіншіліктері қарастырылды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУІріңді жара процестері мен оны емдеудің негізгі бағыттары
Жараларды емдеу тарихы өте тереңде. Қазіргі кезде жаралану процесіне әсер етуші 3000 түрлі заттар белгілі [1] . Жергілікті терапияның көп препараты тек тарихи қызығушылық тудыруда. Әр кезде жараны емдеу үшін бал, май және шарап [2], күйікті емдеу үшін 60-тан аса медикаментозды зат, дәрілік шөптер [3] қолданылған. Абу-Али-ибн-Сина жараны емдеу үшін дәрілік шөптері бар таңғыштарды қолданған [4] . Қазіргі кезде хирургияда оларды емдеу үшін 100-ден аса медикаментті заттар қолданылады [5] .
Соңғы жылдары іріңді жараларды емдеуде көп жетістіктерге жеткенімен, күйікті емдеу үшін грануланы қолданылу ұсынылғанымен, олар басты хирургиялық проблема болып отыр [6, 1] . Іріңді жарамен ауыратын науқастар, барлық хирургиялық аурумен ауыратын науқастардың үштен бір бөлігін құрайды [5] . Комплексті емдеу шараларын жүргізу, оларды жетілдіру, жаңа әдістерді табу және жергілікті емдеу үшін қажет заттарды табуда бірінші орында.
Зақымдалған жердегі өзгерістер үш негізгі, бір-бірімен байланысты - альтерация, экссудация, пролиферация процестерінен тұрады.
Жаралану процессі, ісік тудырып, айтылған үш стадиядан өтеді [7] . Алайда, клиникалық ыңғайлы келесі этаптар мен фазалар көрсетіледі [8] .
Ісіну фазасы, тамырдағы өзгерістер мен жараны тазалау;
Регенерация фазасы, грануляциялық ұлпаның түзілуі мен пісіп жетілуі;
Жараның реорганизация және эпителизация сатысы.
Зат алмасу физико-химиялық қасиеттің, құрылымның, ұлпалар мен клетка функцияларының жаралану әсерінен өзгеруі біріншілік альтерация деп аталады [9] . Ұлпалардың зақымдануы клетка активациясы мен ісіну медиаторының босауына әкеліп, жергілікті және жүйелі күрделі ісіну реакцияларына алып келеді.
Жараларды жергілікті емдеудің негізгі бағыттары.
Инфицирленген жараларды емдеудің негізі, оларды біріншілік хирургиялық залалсыздандыру болып табылады [1] . Оның мақсаты - тіршілікке қабілетсіз ұлпаларды жою, жара инфекциясын дамытатын микрофлораны жою болып табылады.
Негізгі болып, хиругиялық залалсыздандыру мен оның жергілікті медикаментозды әсері, оны рационалды жалпы терапевтикалық шарамен жүргізіп отыру, бірінші кезекте инфекциямен күресу, гомеостаз коррекциясы, иммунитет пен регенерация процесін реттеу. Бұл аурумен жарасы үлкейген науқастар, жасы келген қарт адамдар, қант диабетімен ауыратын адамдар зардап шегеді. Емдеу шараларының комплексіне антибактериальді, дезинтоксикациялаушы терапия, иммунокоррекция, гемотрансфузия, тұз, белок, глюкозасы бар қоспаларды енгізу кіреді [10, 1] .
Жаралану процессінің патогенезін білу, оның өту заңдылығын білу жергілікті емдеудің негізгі патогенетикалық негізделген принциптерін жасады.
Жараларды жергілікті емдеуде келесі мәселелерді шешеді: жарадағы инфекцияны басу, жергілікті гомеостазды қалпына келтіру, некротикалық ұлпаларды активтеу, микробты және ұлпалы өнімдерді сорбциялау. Ол үшін хирургияда: антисептиктер, сорбенттер, антиоксиданттар және шетелде шығарылатын өнімдер қолданылады [11, 12, 1] . Клиникалық қолдану үшін препаратқа фармакологиялық талап - гидрофильділік қойылады [13, 14] .
- Аппликациялық-сорбционды терапия
Сорбенттер организмнен түрлі токсикалық заттарды шығаратын препараттардың үлкен классы болып табылады. Сорбция деп газ, бу, ерітінді, іріңді экссудат, қанның формалы элементі, белок пен оның фракциялары, токсиндер, протеолитикалық ферменттер, жара микрофлорасын сору процессі жатады, оны сорбент бетімен және оның көлемімен сорып алуы [10] .
Қазіргі кезде сорбенттер медицинада өзінің кең қолданылуымен ерекшеленеді, мысалы, іріңді-деструктивті процессте [15], сепсисте [16], созылмалы бүйрек жетіспеушілігі [17] және басқа да хирургиялық және терапевтикалық ем [18] . Негізінен жараларды жергілікті емдеуде микробты және клетка қалдығының заттарын сорбциялау жаралану прцессінің алғаш кезеңінде шешімі табылуы тиіс мәселе [19] . Сорбенттерді қолдану ұлпа сұйықтығын, биологиялық активті заттардың және микроб токсиндерін сіңіріп, ісіну реакциясын азайтып, ісікті кішірейтеді. Ұлпа сұйықтығын сорбциялау экссудаттың тұрып қалуына кедергі келтіріп, организмнің ішкі ортасына бактерия енуін болдырмайды.
Сорбенттің негізгі сипаттамасы сорбентті қуат болып табылады, ол токсиндердің, бактериялардың жара бөлінулерін сорумен сипатталады. Сорбция қуаты неғұрлым көп болса, ондағы сорбентті сорып алу мен сақтап қалу мөлшері көп болады[13] . Сорбентті ыдыс үлберлі құрылымы бар, активті беті болады. Саңылау радиусына байланысты сорбенттерді үш типке бөледі:
Микросаңылау - радиусы 1, 5 нм-ден кіші;
Мезосаңылау - радиусы 1, 5 нм-ден 200 нм-ге дейін;
Макросаңылау - радиусы 200 нм-ден жоғары[14] .
Үлкен емес молекулалар микроспора арқылы сорбцияланады, ал мезо- және макропора транспортты канал болады. Орташа және жоғары молекулалы массалар үшін микросаңылаулар мүлде қолданылмайды, олар үшін мезосаңылау қолданылады. Макросаңылау молекула үстілік құрылым мен клетка сорбциясы үшін қажет [20] . Осылайша емдеу кезінде сорбент таңдау саңылау түріне байланысты.
Сорбенттерді медицинада қолданудың негізгі бағыттары: энтеросорбция, гемосорбция, вульнеросорбция [21] .
Жараларды жергілікті емдеуде қолданылатын сорбенттер спектрі өте кең: поливинил спирті бар дренирлеуші сорбенттер ( ПВС, глутарлы альдегидпен тігілген), альгинаттар, көміртекті материалдар, гидрогельдер мен гидрокаллоидтар [5] .
ПВС бар ресейлік препараттар: «Гелевин», «Коллавин», «Лизосорб», «Гелейодон». Шетелдік: «Мелолин» (Ұлыбритания), «Гелиперм» (Ұлыбритания), «Хайдрон» және тағы басқа. Кең таралған дренирлеуші сорбент ұнтақ түрінде шығарылатын «Гелевин», ол ірің жараларын 14-16 г/г [22] сорбциялайды, және соларға аналогты иммобилизденген дәрілік препараты бар: «Диотевин», «Колладисорб», «Диовин», «Аниловин» және тағы басқалары [23] . Ондай сорбенттерде үлкен саңылаулар мен капиллярлар бар, сол арқылы ол капиллярлы күштер арқылы және және микроспоралық сіңіру арқылы жара бөлінісін сорбциялайды. Осы кезде оларды, ісінген грануланы теріден бөліп алу қиын және сорбенттердің ұзақ уақыт клеткада қалып қоюы, әсіресе құрылымы күрделі болса, іріңдеу процесінің рецидивіне әкелуі мүмкін.
Альгинат топтарын көрсетушілердің жұмыс жасау принципі [«Сорбалгон» (Германия), «Супрасорб-А» (Австрия), «Альгисайт М» (Ирландия), «Сипралин» (Индия), «Альгимаф», «Альгипор» (РФ), «Теральгим» (Беларусия), «Fibracol» (АҚШ) және тағы басқасы] сұйықтықтың жұмсақ текстильді талшықта ұстап қвлуына негізделген. Олардың құрамында альгин қышқылының кальций тұзы болады, ол жараның натрий тұзымен қосылып, гидрогельге айналады [24] . Ондай таңғыштың абсорбциялық икемділігі өз массасынан 20 есе жоғары болады [5] .
Клиникалық практикадағы отандық көміртекті сорбенттер келесі препарат түрінде шығарылады: «Ваулен», «СКН», «АУВМ», «АУТ-М», «СУМС-1», «Днепр», «Волна» және тағы басқалары [25] . Ондай сорбенттердің гранулденген бөліктері домалақ формалы, саңылауы көп болады, ол жараның бөлінісін жақсы сіңіреді [26] . Травматикалық гранулденген жараларды, трофикалық язваларды емдеуде құрамында гидрогелі немесе гидроколлоидты сорбенттері бар таңғыштар қолданылады.
Гидрогельді сорбенттердің көптігіне қарамастан олар экссудаты бар жараларды емдеуде эффектілігі төмен.
Қазіргі анықтамаға сәйкес, гель - бұл физикалық немесе химиялық тігілген полимерлер. Олар көп мөлшерде сұйықтық жұтуы мүмкін, алайда ерімейді және формасын өзгертпейді [27] . Гидрогельдер - бұл сумен байланысқанда мөлшері үлкейетін гельдер.
Полимерлі гельдер еріткіште ісінген ұзын полимерлі тізбек, бір-бірімен ковалентті байланыспен байланысқан бір кеңістік торшада орналасады. Ондай гидрогельдер үлкен мөлшерде су жинақтап, ұстап тұра алады: 1г құрғақ гельге 2кг су. Осы қасиетіне қарап, оларды молекулярлы губка деп те атайды. Суды көп мөлшерде жұту қабілеті полиэлектролитті гельдерге, яғни зарядталған тобы бар гельдерге тән.
Гидрогельдің бірдей ісінуі, оның негізгі қасиеті және синтез жағдайына, рН, температураға, қоршаған ортаның ионды күшіне байланысты.
Қазіргі кезде гидрогельді организмге дәрілік затты, су мен қорек затты тасымалдаушы, гигиеналық заттарды жасауда, протез, линзаларды жасауда қолданады [24] . Осы салаларда ісінудің жоғары механикалық қасиеті маңызды шешуші роль атқарады. Алайда практикада керісінше, ісіну механикалық қасиеттердің төмендеуіне әкеліп соғады.
Гидроколлоидтар гидрогельдерге ұқсас. Негізгі айырмашылығы, жараға әсер еткенде тығыз құрылымын сақтап қалуда және ұзақ уақыт регидратирлеуші әсерінде [28] . Целлюлозадан жасалған сорбенттер организм ұлпаларымен сәйкес. Оларға қарағанда полимерлі материалдардың синтетикалық сорбенттері мономерден тұрады және олардың құрамында каталитикалық полимеризация реакцияларының және айналуларының өнімі болады, олар жергілікті зақымдаушы әсер етуі мүмкін.
Антиоксидантты препараттар
Молекулярлы биология мен патофизиологияның соңғы жылдардағы жаңалықтары жаралану процессінің, ісінудің патогенез механизмін ашты. Жаралардың жазылуының реттелуінің бұзылуы мен олардың созылмалы түрге ауысуының негізгі себебі, екіншілік альтерация болып табылады, оның негізінде активті оттегі өндірісінің және эндогенді антиоксиданттар қорғаныстың бұзылуы болып табылады [29] . Антиоксиданттың қасиеті белгілі химиялық байланыс түрлерінің көптігіне қарамастан, жараны жергілікті емдеу препараттарының әскр ету шегі шектелген [12] .
Ондай мақсатта дибунол [30], диэтон [31], мексидол [32], α-токоферол (Е витамині), А витамині, өт қышқылдары, липой қышқылы [12] қолданылады. Антиоксиданттарды супероксиддисмутаза қолдану арқылы жасау үлкен мүмкіндік беруде [7] . Сонымен қатар, кейбір антиоксиданттардың липофильдік қасиеттері негізгі кемшілік болып табылады, себебі оны жараланудың бірінші сатысында қолдануға болмайды [13, 28] . Соған байланысты суда еритін липофильді антиоксиданттарды, мысалы, α-токоферол жасау үстінде [33] .
Антиоксиданттарды емдік мақсатта қолдану өзіндік көп компонентті антиоксидантты қорғаушы күшті тұрақтандырып, липидтердің бос радикалды тотығуын болдырмай, ұлпалар мен клеткаларды зақымдаудан қорғап, ісіну процессін тоқтатып, ұлпалардың екіншілік некрозын болдырмайды [34] . Осы кезде макрофагтардың фагоцитарлы активтілігі жоғарылапғ спецификалық емес иммунитет жоғарылайды [30, 29] . Антиоксиданттарды оқ тиген жараларды емдеудің 1-ші сағатында қолдану, зақымдалған ұлпалар санын 1, 3-1, 85 есе азайтады [35] .
Антиоксидант түрлерін көбейту, наноматериалды түрін жасау, ісік емдеуде қабынуды болдырмайды және жараның жазылуын қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты, 1985 жылы жасалған авторлары: H. Kroto (Англия), S. O`Brien, R. Curl, R. Smalley (АҚШ) болған фуллерендер қызығушылық тудыруда [32] . Фуллерендер ашылғанға дейін көміртегінің үш аллотропиялық формасы бар деп есептелді, олар: алмаз, графит және карбин. Фуллереннің басқалардан айырмашылығы, біріншіден, көміртегінің формасы құрылымы (алмаз, графит, карбин - шексіз жүйе, ал фуллерен - индивидуалды полиэдрикалық молекула туысы) жағынан ғана емес, сонымен қатар табиғаты жағынан да өзгеше, себебі оның молекуласы бестік симметриядан (пентагон) тұрады, ол қасиет органикалық емес қосылыстарға тән емес.
Фуллеренді медицинада және биологияда қолданудың болашағы туралы ғалымдар, оны жасағаннан бастап айта бастады. Қазіргі кезде фуллерендер антиоксидантты [33], нейропротективті [28], мембранатропты [7], вирусқа қарсы [30], антибластомды, антимикробты және фотодинамикалық материал мен дәрілік препарат жасауға кең қолданылады [35] . Фуллерендерді шунгидті туыстардан тапқан, олардың көміртегі медицинада кең қолданылады [31] .
Фуллереннің және оның қоспаларының биологиялық қасиеттерін зерттеуде маңызды мәселесі, олардың полярлы еріткіштерде ерімеуі. Фуллереннің суда еруі Tween 80 детергентінің көмегімен, фосфолипид, аминопропанол [27] және N-поливинилпирролидон әсерімен болуы мүмкін. Бұл жағдайда ковалентті байланыс түзілмейді, фуллерон молекуласы өзгермей қалады. Фуллерендердің ерімейтініне байланысты, олардың қасиеті туралы деректер модифицирленген суда ерігіш түрлері (фуллеренол, карбоксифуллерен және тағы басқалары) арқылы анықталды. Фуллеренолдың бос радикалға тұзақ сияқты әсер ететіні, оның қан құрамындағы бос радикалды қосып алуымен дәлелденген. Соған байланысты оны супероксиді О2 радикалының және in vitro жағдайында ксантин мен ксантиноксидаза генерлеуші ретінде қолдануға болады [7] . Басқа зерттеулерде фуллеренол сутегінің асқын тотығуы әсерінен болатын нейрональді сигналдарға тосқауыл қойып, бронх ауруларын, ішектің ишемикалық-реперфузионды зақымдануында ұлпа некрозын болдырмайды [27] . Фуллереннің екінші суда ерігіш туындысы - карбоксифуллерен де антиоксидантты әсер етеді. Ол гидроксил-радикал ОН пен супероксид анион-радикал О2 үшін жақсы тұзақ [34] . Реперфузионды ишемия кезінде карбоксифуллеренді шеткі ми қатпаршаларына енгізу бас ми қабығының зақымдануы мен липидтерді асқын тотығын төмендеткен [166] . Карбоксифуллереннің нейропротективті эффектісі мен антиоксиданттың қасиеті, фуллереннен алынған антиоксиданттарды Паркинсон және Альцгеймер ауруларында, нейродегенеративті ауытқушылықта нейропротектор ретінде қолдануға болатынын көрсетіп отыр [33] .
Фуллереннің С60 пен ПВП комплексі жақсы зерттелген [27] . Ондай түрде фуллерен жаралану процесіне стимулдеуші әсер етеді. Бұл комплекс негізінде болатын репаративті процесстердің күшеюі жаралану процессінің бірінші фазасында болады және инфицирленбеген жараның жазылу уақытын қысқартады [25] . Алайда, ПВП синтетикалық полимер, организмде нашар элиминирленеді және паренхимотозды органдарда кумулирленеді, ол тезаурисмозға әкеліп соғады [35] . ПВП түрлі органдар мен ұлпаларда гистиоциттерге троптық әсер етеді, ол жараның асқынуына әкеледі, сол себепті құрамында ПВП бар препараттармен плазмоза болдырмайтын терапия жүргізіледі. ПВП идентификациялау морфологтар үшін қиын және оның бөліктері микроскопия арқылы табылады. ПВП бөліктері әрдайым биоинертті емес, себебі фагоцитарлы-макрофагальды активтілікке ие, олар тіпті бөлек денелер түрінде клетка құрауға қабілетті [32] . Ятрогенді тезаурисмоз байқалған балалар синтетикалық плазмоалмастырғыш ПВП қабылдаған және келесі аурулардан өліп кеткені аномалиялар, респираторлы инфекциялар, сал ауруы, ми абсцессі, перинатальді энцефалопатия, постэнцефалитикалық ми глиозы [35] . 1978 жылдан бастап, АҚШ Федералды регистрінде тұзды ерітіндіде ПВП бар дәрілік препараттар ургентті жағдайда плазмоалмастырғыш ретінде қолданылуы қауіпті, олар шокты жағдайда қолданылады, алайда олар гомеостазды бұзады, соның ішінде қан ұю, ұзақ уақыт қолданылса дәрілік гранула түзетін тезаурисмоз тудыруы мүмкін [33] .
Сурет 1. Іріңді жарадағы сорбенттің емдік қасиеті
- Регенерация стимуляциясы; 2. Микроорганизмдер мен олардың токсиндерінің сорбциясы; 3. Экссудат, эндотоксиндер мен қабынудың медиаторларының сорбциясы; 4. Антимикробты әсер; 5. Капиллярлы дренаж.
Егеуқұйрықтарға жасалған сынақтар парентеральді енгізгенде жоғары токсикалық болып, түрлі ауытқушылықтар (бас миының, миокард, өкпе, бауыр, бүйрек, көк ет ұлпаларының дистрофикалық өзгеруі), осы кезде С60 фуллерені жығымсыз әсерді төмендеткен, сол себепті фуллерен С60 пен ПВП кластерін жергілікті қолдануға болады [29] . Біз С60 фуллеренінің басқа да полимерлермен әсерін зерттеуге болатынын алға тартамыз, оның мақсаты антиоксидантты компонент ретінде ісік және іріңі бар жараларға қолдану болып отыр.
Жара жабындысын жасауда негізгі мәселе олардың бтоактивті компоненттерді адсорбциялау қабілеті болып табылады. Біздің ойымызша бұл мақсатта ең жақсы жолы эффективті вульнеросорбентттерді қолдану болып табылады. Ондай сорбенттер жараға десорбцияланатын дәрілік препарат үшін негіз болып, кейін жара бөліндісін сорбциялайтын зат болады.
Басылымға шыққан мәліметтерге қарағанда эффективті вульнеросорбент болып гидрогельдер мен гидроколлоидты материал қолданылады. Ондай сорбенттер жараға тез еніп, ұлпаларға пластификалық әсер етіп, регенерация процесі үшін оптимальді ылғалдылық жасайды, микрофлора мен жара бөліндісі үшін элиминацияға қажет. Алайда, ондай сорбенттердің кемшілігі, жергілікті жерде асқыну тудыруы және пар мен ауа өткізу қабілеті төмен. Ондай сорбенттерді эакссудаты көп мөлшерде бөлетін жараларға қолдануға болмайды.
Қазіргі кезде ірің жараларын емдеп, залалсыздандыратын әдістер ойлап табылған. Олар: жараны сұйықтықпен әсер ету[13], ультрадыбыс[14], лазер сәулелері[15], жараны ваккумды дренирлеу[16, 17], дәрілік препаратты эндолимфатикалық енгізу болып табылады[18] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz