Астананың көрікті жерлері


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Астанада 697 257 адам тұрады (1 қаңтар 2011) . Қазір қаланың аумағы 200 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Ақмола - Есіл өзені жағасындағы Ақмола округінің Сібір қазақтарының негізгі қаласы болған. XIX ғасырда да Ақмола сол кездегі сауда - экономикалық орталығы болды. 1863 жылдың 16-шілдесінде Ақмола ашық түрде округтік қала болып саналды. 1868 жылдың қазанында “Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторлығының уақытша басқару жағдайына” байланысты Омбы орталығымен Ақмола облысын тудырды. Ол кездерде Омбы Батыс Сібір генерал - губернаторлығының орталығы болған. Ақмола облысының солай аталуы орталықты Ақмолаға көшіру туралы болжамдар бар. Бұл болжам 1879 жылы генерал - майор Дубельт МПС Ресейде Түмен -Ақмола темір жолының салынуы туралы проект қорғауына байланысты расталған. Ең ірі өзендері - Есіл, Нұра, көлдері - Теңіз, Қарасор, Қорғалжын, Балықтыкөл, Қыпшақ т. б.

1994 жылдың алтыншы шілдесінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Қаулы шығарды. Бұған қаланың геосаяси жағдайы, көлік және телекоммуникация құрылымы, астана өркендеуі үшін жеткілікті бос жердің болуы себеп болды. Қазақстанның 319 мың тұрғыны бар қаласы елдің елордасына айналды. 1997 жылы қаланың ауданы 258 шаршы шақырым болса, бүгінде Астана 710, 2 шаршы шақырым жерді алып жатыр.

1998 жылдың алтыншы мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы бойынша Ақмола атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Қазақстанға медаль және «Әлем қаласы» жоғары атағы берілді. Бүгінде Астана - саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша түрлі кездесулер өтетін еуразия кеңістігінің орталығы болып саналады.

Астананың көптеген көрікті жерлері бар. Ол бірінші - “Астана - Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Естеріңде болса, өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне де ұя салған самұрақ құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты -баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен -тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс. Астананың қасиетті белгісі болып табылады. 97 метр биіктікте көрініс алаңы орналасқан, сол құс ұшатын ұядай жерден бой көтеріп келе жатқан Астананың көрінісін көруге болады.

Келесі көрікті жерлері “Думан” ойын-сауық кешені - күмбезді кеңістік, океанарум, кинозалдар. Күмбезді залда Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Ұлы Қытай қабырғасы, Галикарнас кесенесі, Бостандық ескерткішін және т. б көруге болады. Керемет акватеатрда қызықты көл шоуын және қастарындағы жыртқыш балықтарды бақылауға болады. Кинозалда мықты дыбыс пен арнайы дайындалған көз әйнектер арқылы экранда болып жатқан оқиғаның ортасында тұрғандай сезінесіз.

Келесі көрікті жері ол Елбасының мәдени орталық мұ ражайы болып табылады. Мұражайда көне замандағы хандықтардың құрылуынан бастап Қазақстанның Егемендігін алғанға шейінгі уақытты қамтиды.

Содан кейін “Қазақстан картасы - “Атамекен” этно-мемориалдық кешені. Ашық аспан астындағы бұл мұражайда Қазақстанның барлық 14 облыстары, Астана және Алматы қаласының обьектері кішкентай макет ретінде жасалған. Карта мамыр айынан бастап қазан айына дейін ашық. Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы мен «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенiнiң 10 жылдығына арналған «Мұражай - тарих пен бүгiнгi күннiң феноменi ретiнде» атты халықаралық мұражайтанушылар форумы өтуде. «Атамекен - Қазақстан картасы» кешенiнiң директоры Үмiтхан Мұңалбаеваның айтуынша, «Мұражайдағы жұлдызды түн» акциясы 172 елдiң тәжiрибесiне енген және жиi өткiзiлiп тұрады. «Осындай мәдени сипаттағы тиiмдi тәжiрибенi жүзеге асырудағы мақсат - мұражайды тек ғылыми және мәдени-танымдық орталық ретiнде ғана емес, сондай-ақ халықтың, соның iшiнде жастардың демалысын қызықты өткiзуге мүмкiндiк беретiн, эстетикалық талғам қалыптастыратын ерекше орын ретiнде насихаттау», - дейдi Үмiтхан Мұңалбаева.

Келесі көрікті нысаны - Хан шатыры - қазақ архитектурасының алтын белесі. Елдігіміздің нышаны, Астана мақтанышы. Ұлттық орнаментпен безендірілген. Қызыл ағаш бетіне хрусталь және асыл металдардың бірігуімен жасалған бұйым. «Хан Шатыр» Астана архитектурасында үйлесімді орнын алды, ол Президент Резиденциясы мен үкіметтік ғимараттар кешенінен бастау алатын қаланың басты орталық белдеуін аяқтап тұр. Шатырдың құрылысы кезінде пайдаланылған көптеген технологиялар мен материалдар теңдесі жоқ болып табылады, олардың кейбірі әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет қолданылып отыр. Шатырдың қайталанбас қабаты оны Астана халқына үйреншікті болып кеткен сырттағы боран мен аяздан қорғап, іште қысы-жазы қолайлы климат ұстап тұруға мүмкіндік береді. Әрдайым жайдарлы ауа-райы мен күн нұрының төгілуі - «Хан Шатырға» тән белгі болмақ.

Табиғатта түрлі климаттық белдеулерде өсетін жасыл-желектерді мұнда сатылы террасадан кездестіруге болады.

Осының барлығын ең жоғарғы террасада орналасқан қарау алаңынан тамашалап, тамсануға болады. Ғимараттың орталығындағы кең алаң көрме және ойын-сауық шараларына арналған. 40 000 шаршы метр жайлы аумағы дәмхана, мейрамхана, кинотеатр мен дүкендерге берілген. Қаладағы сауда орталықтарының көптігінен жалға алушылар бұл жерге келмейді деген болжамдар жоққа шықты. Коммерциялық алаңдардың 82%-ы қазірдің өзінде бос емес. Олардың арасында бүкіл әлемге таныс брэндтермен бір қатарда астаналықтарға ұнап үлгерген сауда маркалары да кездеседі. Мысалы, «Грин» супермаркеті. Сауда мен қызмет көрсету нысандарынан басқа, осы жерде заман талабына сай фитнес орталығы, сұлулық салоны және т. б. табуға болады.

Тропикалық су бағы мен алыс Мальдив аралдарынан арнайы әкелінген жұмсақ құм төселген керемет жағажай орталықтың ең қызықты орындарының бірі. Хауыздардың бірінде орналасқан жасанды толқын әсерлі көрініс береді. Осы жерде жылдың кез-келген мезгілінде тура Жерорта теңізінде демалып жатқандай сезімге бөленіп, рахат алуға болады.

Сонымен қатар тағы бір айта кететін жайт - орталықтың ашылуына байланысты Астананың 1, 5 мың тұрғыны жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі.

Ақ Орда резиденциясы - Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.

Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті.

Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 m. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20-40 cm. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 m., қалған қабаттардың биіктігі 5 m.

Жертөле қабаттарында техникалық қызмет, ас үй, асхана және гараж орналасқан.

Бірінші қабатта жалпы ауданы 1800 m2 құрайтын, еденіне гранит төселген салтанатты хол орналасқан.

Екінші қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан.

Үшінші қабатта:киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы;

сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы;

екіжақты кездесулерге арналған «Алтын» зал;

камин залы;

қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары орналасқан.

Төртінші қабатта:

қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары;

Саммиттің Үлкен залы;

кітапхана;

кіші Шығыс залы орналасқан.

Барлық залдар ерекше мәнермен әрленген, люстралар мен жиһаз бар. Едендерге түрлі сортты мәрмәр, гранит тастары және көркем паркет төселген.

Резиденцияны салу барысында әлемдік ірі өндірушілердің озық инженерлік құрал-жабдықтары пайдаланылған.

«Тәуелсіздік Сарайы» мемелекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді. Ресми іс-шаралармен қатар концерттерді, көрмелерді, мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндік бар.

Ішкі құрылымы қатаң шешімдер мен жайлылық эстетикасының үйлесімділігі болып табылады. Тәуелсіздік Сарайының құрылымы:

Конгресс зал;

Рәсімдеу залы;

Пресс-орталық;

Қол өнер және этнография, археология және антропология галереясы

Қазіргі заман галереясы;

Астана тарихы мұражайы;

4D кинотеатры ;

360 град. кинотеатры

Электронды кітапхана;

Макет залы;

Тәуелсіздік Сарайы 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабат - ұлттық және қазіргі заман стильдерінің біртума үйлесімділігі. Осында 3082 адамға жасалған Конгресс-зал, 268 орны бар Рәсімдеу залы, 220 орны бар Пресс-орталық, сыйымдылығы 678 адамға арналған және сахна мен дыбыс аппаратурасымен жабдықталған кең мейрамхана орналасқан.

Екінші қабатта қол өнер және этнография, археология және антропология галереясы орналасқан.

Композициялық үйлестірілген археология залы Алтын адам, Сармат батыры, Берел аттары, құпия жазулары бар тастар сияқты сирек кездесетін ежелгі экспонаттарымен қуантады. Адам киімі, аттардың әшекейлері, аң стилінде жасалған скиф-сақ әлемінің бұйымдары таңдандырады.

Этнография мен қол өнері әйел әшекей-бұйымдары, қазақ даласының түрлі аймақтарының ұлттық киімдері, батырлардың қару-жарақтары, ән аспаптары, қолдан тігілген кілемдер, аңға шығу композициясы, әсерлі қыз ұзату көрінісі ретінде ұсынылған. 18-19ғғ. экспонаттарымен қатар қазіргі заман шеберлерінің жұмыстары да орын тапты.

Көшпенді цивилизациясының ұлы жетістігі - бұл қазақ киіз үйі, қазіргі заман шеберімен жасалған көрермендер назарына ұсынылып отыр. Антропология залы неолит дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі бұрыңғы қалпына келтірілген адам бейнесінің көрінісі қызықтырады Қазіргі заман мұражайында абстракция, пейзаж, ландшафт, портрет, яғни түрлі көзқарастар мен стильдерде орындалған Қазақстан Республикасының Мулашев, Аканаев, Смағұлова, Бегалин сияқты танымал суретшілердің жұмыстары бар. Қыш, қола, ағаштан жасалған мүсіндер де өзіне көз тартып, көңіл аудартады.

Үшінші қабатта Астана қаласы тарихының мұражайы орналасқан. Мұражайдың экспозициялық кеңістігі Астана қаласының барлық қалыптасу кезеңін қамтиды: құжаттар, астанаға сыйланған сыйлықтар, жетістіктер.

49 орындық 4D кинотеатры келушілер назарына астана тарихы туралы фильмді ұсынады.

«Астана 2030» макет залы астананың 2030 жылға дейінгі даму көріністерін көрсетеді.

Бейбітшілік және келісім сарайы Қазақстан жеріндегі бірлік пен достастықтың, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың белгісі. Елордада Пирамида тәріздес сарайды салу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы. Жоба авторы белгілі ағылшын архитекторы Норман Фостер.

Сарайда халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өткізіледі. Мысалға Әлемдік және дәстүрлі діндер басыларының съезі, Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамблеясы. Оған қоса мемлекеттік дәрежедегі шаралар ұйымдастырылады - Конституция Күні, Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайына ұқсас әлемде сәулеттік діни ғимараттар жоқ. Әрине, бір шаңырақтың астында әртүрлі діни дәстүрлерді жинақтайтын ғимараттар болғанымен, Қазақстан ғибадатханасы мәнді келісімсөздер жүргізетін бір биік мұнара болып табылады. Сондықтан мұнда әртүрлі әлемнің дәстүрлі діндерінің жиналуы және Мәдени мұражайдың, Өркениет университетінің және 1500 орындық опера театрының ашылуы өте орынды.

Қазақстанның жас астанасындағы бұл ғимаратты сарапшылар «Әлемнің сегізінші кереметі» деп атаған. Осы барлық сән-салтанат әлемнің қолдарын білдіретін төрт мығым бағанға тірелген. Бұл Қазақстанның қонақжайлылығын, еркіндігін және діни төзімділігін көрсететін белгі болып табылады. Бейбітшілік пен келісім сарайын салу идеясы - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Бүгінде ол, зорлық-зомбылықтан бас тарту және адамдардың теңдік және сенім символы діни түсініктің ғаламдық орталығына айналды.

Сәулетші - философ, жоғары технологиялардың әншісі, өзінің туындыларын тарихи-мәдени ортаға әсемдікпен енгізуге тырысатын, Жапон сәулетшісі Кисё Курокава сынды әлемнің әйгілі он сәулетшілерінің қатарына кіретін, сәулетші Норман Фостер, Пирамиданың бірегей авторы. Ол, Еуроппа, Азия және Америка қалаларында бой көтерген ғимараттардың авторы. Ол, Трафальгар алаңын, Британ музейін, Берлин Рейхстагіндегі жаңа парламентін, Гонконгтың «Чех Лап Кок» әуежайын, «Гонконг және Шанхай банкін», Франкфурттегі банк ғимараттарын және тағы да басқа құрылыстарды жобалаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астана қаласының тарихы
Халықаралық - өндірістік практика жайлы есеп (Kondor-tour)
Малайзияның туристік орталықтары
Астананың туристік имиджін дамыту
Тұңғыш Президент - Кемеңгер Көшбасшы
Малайзияның туристік орталықтары жайлы
Астананың тарихы
Дүниетану сабақтарында өзіндік жұмыстарды пайдалану мүмкіндіктері
Қытайдағы туризмнің дамуы
Астана, Павлодар қалалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz