Әртүрлі территориялық деңгейдегі жерлерді тұрпаттау және агроэкологиялық бағалауды картографиялау
КІРІСПЕ
1 Еңбекшіқазақ ауданы туралы жалпы мәлімет
1.1 Еңбекшіқазақ ауданының тарихи географиялық сипаттамасы
1.2 Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының географиялық орны мен ерекшеліктері
1.3 Аудан көлеміндегі жер бедері мен геологиялық құрылымы
1.4 Климаттық жағдайлары
1.5 Топырағы мен өсімдік жамылғысы
1.6 Жануарлар әлемі
1.7 Су рерустары
1.8 Еңбекшіқазақ ауданының ауыл шаруашылығы және оның құрамы
2 Түрлі территориялық деңгейлерде жерді агроэкологиялық бағалауды геоақпаратпен қамтамасыз ету
2.1 Жерді агроэкологиялық бағалау үшін геоақпараттық жүйелерді пайдаланудың әлемдік тәжірибелер
2.3 Жерді агроэкологиялық тұрпаттаудың негізгі схемасы
2.4 Агроландшафтарды зерттеу тарихы
2.5 Агроландшафтарды зерттеуде ландшафтық әдісті қолдану
2.6 ГАЖ.технологиясын агроландшафтарды талдау үшін қолданылуы және дамуы
3 Еңбекшіқазақ ауданының геоморфологиялық картасын ArcGIS бағдарламасында құрастыру әдістемесі
3.1 Жалпыгеографиялық карталарды құрастыруда ГАЖ.дың рөлі
3.2 Жалпыгеографиялық карталарды құрастыруда ArcGIS бағдарламасында қолданылатын бейнелеу әдістері
3.3 Еңбекшіқазақ ауданының геоморфологиялық картасын ArcGIS бағдарламасында құрастыру жолдары

Жұмыстың тақырыбы: Әртүрлі территориялық деңгейдегі жерлерді тұрпаттау және агроэкологиялық бағалауды картографиялау.
Жұмыстың мақсаты: Еңбекшіқазақ ауданының қазіргі жағдайының ерекшеліктерін зерттей отырып, оның геоморфологиялық, ландшафттық карталарын және сол карталар негізінде басқа да карталар сериясын құрастыру.
Жұмыстың міндеттері:
• Еңбекшіқазақ ауданының қазіргі кездегі жағдайын анықтау;
• Зерттелу аумағының агроландшафттық-экологиялық ерекшеліктерін қарастыру;
• Анықталған ландшафттық ерекшеліктерін талдап, тұжырымдап, қорытып картаға түсіру.
Жұмыстың өзектілігі: Картографиялық өнім жан-жақты қолданылады: бастауыш мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін, өндіріс пен өнеркәсіптің құрылысшылар тобынан бастап министрлік кызметкерлеріне дейін. Карталарды қолданушылардың дайындық деңгейі, эстетикалық қабылдау қабілеті әртүрлі болып келеді. Сонымен бірге, карта бетіне түсетін объектілер мен құбылыстардың мазмұны да, оның сипаттамасы да ерекшеленеді. Объектілер мен құбылыстардың мазмұндық сипаттамасы басым сандық және сапалық болуы мүмкін. Осыған қарай картографияда бейнелеу тәсілдері де ерекшеленеді. Карта мазмұны сипаттамасына қарай таңдалған тәсілдік белгілердің пішіні мен түсі өзгеріп отыруы мүмкін. Бұл өзгерістер карта өнімінің арналуына (оқушыларға, студенттерге, әртурлі мамандарға) және масштабына байланысты. Қортындылап айтқанда, картаның қабылдануы, онымен жұмыс істеу нәтижелік тиімділігін жоғарлату үшін бейнелеу тәсілдері дұрыс таңдалуы және қолданылуы диплом жұмысының өзектілігін көрсетеді.
Тақырыптық карталар, оның ішінде ландшафттық, геоморфологиялық карталарды құрастыруда сандық және сапалық мәнді мәліметтерді көрсететін белгілер қолданылады. Бұл диплом жұмысында геоморфологиялық және ландшафттық карталар Еңбекшіқазақ ауданының геоботаникалық картасының мысалында сапалық фон тәсілі мен әдісін қолдану арқылы құрастырылуы көрсетіледі.
Зерттеу әдістері: далалық зерттеу жұмыстары, кешенді физикалық- географиялық талдау, ғарыштық суреттерді бажайлау, деректерді компьютерлік өңдеу әдісі.

1. Сарғожаев Н. Шелегім мен Есігім – жерұйығым, бесігім. - Алматы. Білім, 2006. 321-328 б.
2. Асылбеков С. Жер тарихы – ел тарихы. - Алматы. Білім, 2005. 253-256 б.
3. Серіков М. Еңбекшіқазақ – Атамекенім. - Алматы.Тұран, 2002. 271-275 б.
4. Жайлаубаев А. Рухы күшті елдің еңсесі жоғары. (Ауданның 70 жылдығына арналған жинақ). - Алматы.Тұран, 2000. 152 - 155 б.
5. Әліпбеков Н, Мылтықбаев С. Аудан тарихы. Алматы. Білім, 2005.277 - 280 б.
6. Мұқанов А. Табиғат – туризм төрі. Алматы. Білім, 2006. 260 -265 б.
7. Мадьярова К. Атқарылған істер аз емес// Еңбекшіқазақ аудандық қоғамдық- саяси газет 01.01.2009, №1.
8. Мадьярова К. Өз бақытын тапқан ел қазақ елі// Еңбекшіқазақ аудандық қоғамдық- саяси газет 02.05.2009, №5
9. Еңбекшіқазақ – Атамекенім еларалық журналы № 04.(15).2009.
10. www. Enbekshykazak ucoz.ru.
11. www.beibit-gul@mail.ru .
12. www.atameken-ai@mail.ru.
13. www.Vestnik_Enbekshykazak@mail.ru
14. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.- Астана.: Ақорда, 2005. – 155 б.
15. Н.Ә.Назарбаев «Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі» Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық кеңесі. Егемен Қазақстан № 20 1.02.2009
16. Қазақстанның демографиялыќ жылнамалығы. 2009 жыл
17. Еңбекшіқазақ ауданының 2008 жылға арналған жылдық есебі. Еңбекшіқазақ ауданының әкімшілігі. 2008
18. Социально-экономический паспорт Алматинской области за 2008 год;
19. Алматы облысының энциклопедиясы. Алматы, 25б.
20. Статистикалық жинақ. Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігі. Алматы, 2007, 12-19 б.
21. Алматы облысының 2015 жылға дейінгі даму стратегиясы, 1-10 б.
22. Алматы облысының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы. - Алматы: 2009, 2-15 б.
23. Методологические основы территориального анализа при создании адаптивно-ландшафтных систем земледелия (АЛСЗ) - Алматы: 2006 г. стр. 111-115б.;
24. Информационные технологии, системы и приборы в АПК, // «Агроинфо 2006», Материалы 3-я Международная научно-практическая конференция, Новосибирск, Россия, 17-18 октября 2006. 6 б.;
25. Развитие адаптивно-ландшафтных систем земледелия в Республике Казахстан” Мамутов Ж.У. 6.;
26. Проект „Создания тематических баз геоданных РК” ТОО „Систематехника”. Алматы, 2007 г. 200 б.;
27. Информационные технологии, системы и приборы в АПК, // «Агроинфо 2006», Материалы 3-я Международная научно-практическая конференция, Новосибирск, Россия, 17-18 октября 2006. 74 б.;
28. Современное состояния развития ГИС технологии в Казахстане 2005-2007 жж 10б.;
29. Евтеев О.А. Проектирование и составление социально-экономических карт. – М.: 1999, 15-30 б.
30. Измайлова Н.В. Экономическая картография. – Одесса: 1980. 112 б.;
31. Тикунов В.С. Моделирование в социально-экономической картографии. – М.: 1985, 280б.;
32. Чепкасов П.Н.. Разработка и составление социально-экономических карт. – Пермь, 1984. 88б.;
33. Заруцкая И.П., Сваткова Т.Г.. Проектирование и составление карт, 25-28 б.
34. Салищев К.А.. Системное картографирование природных и социально-экономических комплексов. – М.: МГУ, 1978, 132б.
35. Билич Ю.С., Васмут А.С.. Проектирование и составление карт. – М.: «Недра» 1984, 363 б.
36. Востокова А.В.. Оформление карт. – М.: «Недра», 1985. 200б.
37. Салищев К.А.. Проектирование и составление карт. – М.: МГУ, 1987. 240б
38. Керімбай Н. Н.. Геоинформатика негіздері.- Алматы: Қазақ университеті, 2006, 3-15 б.
39. Лурье И.К. Основы геоинформациониого картографирования. М.: МГУ, 2002, 140б.
40. Коновалова Н.В., Капралов Е.Г. Введение в ГИС //Учебное пособие. -Петрозаводск: Изд-во Петрозаводск, ун-та, 1995. 148 б.

Пән: Геология, Геофизика, Геодезия
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Жұмыстың тақырыбы: Әртүрлі территориялық деңгейдегі жерлерді тұрпаттау және агроэкологиялық бағалауды картографиялау.
Жұмыстың мақсаты: Еңбекшіқазақ ауданының қазіргі жағдайының ерекшеліктерін зерттей отырып, оның геоморфологиялық, ландшафттық карталарын және сол карталар негізінде басқа да карталар сериясын құрастыру.
Жұмыстың міндеттері:
* Еңбекшіқазақ ауданының қазіргі кездегі жағдайын анықтау;
* Зерттелу аумағының агроландшафттық-экологиялық ерекшеліктерін қарастыру;
* Анықталған ландшафттық ерекшеліктерін талдап, тұжырымдап, қорытып картаға түсіру.
Жұмыстың өзектілігі: Картографиялық өнім жан-жақты қолданылады: бастауыш мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін, өндіріс пен өнеркәсіптің құрылысшылар тобынан бастап министрлік кызметкерлеріне дейін. Карталарды қолданушылардың дайындық деңгейі, эстетикалық қабылдау қабілеті әртүрлі болып келеді. Сонымен бірге, карта бетіне түсетін объектілер мен құбылыстардың мазмұны да, оның сипаттамасы да ерекшеленеді. Объектілер мен құбылыстардың мазмұндық сипаттамасы басым сандық және сапалық болуы мүмкін. Осыған қарай картографияда бейнелеу тәсілдері де ерекшеленеді. Карта мазмұны сипаттамасына қарай таңдалған тәсілдік белгілердің пішіні мен түсі өзгеріп отыруы мүмкін. Бұл өзгерістер карта өнімінің арналуына (оқушыларға, студенттерге, әртурлі мамандарға) және масштабына байланысты. Қортындылап айтқанда, картаның қабылдануы, онымен жұмыс істеу нәтижелік тиімділігін жоғарлату үшін бейнелеу тәсілдері дұрыс таңдалуы және қолданылуы диплом жұмысының өзектілігін көрсетеді.
Тақырыптық карталар, оның ішінде ландшафттық, геоморфологиялық карталарды құрастыруда сандық және сапалық мәнді мәліметтерді көрсететін белгілер қолданылады. Бұл диплом жұмысында геоморфологиялық және ландшафттық карталар Еңбекшіқазақ ауданының геоботаникалық картасының мысалында сапалық фон тәсілі мен әдісін қолдану арқылы құрастырылуы көрсетіледі.
Зерттеу әдістері: далалық зерттеу жұмыстары, кешенді физикалық- географиялық талдау, ғарыштық суреттерді бажайлау, деректерді компьютерлік өңдеу әдісі.
Ақпарат көздері: Диплом жұмысының дайындалуында келесі материалдар қолданылды:
* Бейнеленетін территорияның 500 000-дық топографиялық карталары;
* Қазақстан атласы. - Алма-Ата: 1982 ж. 2 т.;
* ҚР ОҒМ География институтының фондық және есептік материалдары;
* Қарастырылып отырған мәселеге байланысты ғылыми және әдістемелік әдебиеттер;
* Arc GIS пакетінің операциялық бағдарламалары - 9,3 версия.
Ғылыми жаңалығы: Картографиялық өндірістегі негізгі картографиялық өнімдер түрлерін құрастыру.
Практикалық маңызы: Жұмыс барысында құрастырылған карталар сериясы арқылы халық Еңбекшіқазақ ауданының қазіргі жағдайын анықтап, даму болашағын болжай алады.
Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қортындыдан, қолданған әдебиеттер тізімінен (40), 2-кестеден, 13-суреттен және 5-картадан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі компьютерлік текстің 71 бетінен тұрады.
Ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесінің жобасын жасау процессі, негізінен, бес кезеңнен тұрады: зерттелетін нысандарды территориялық тұрғыдан талдау жасау; олардың экологиялық бағасын беру; әрбір анықталған ландшафттардың морфологиялық бірліктерін жер ыңғайларына қарай топтастыру; топтастырған ландшафттарға арналған кешенді агротехнологиялық шараларды анықтау; әрбір ландшафттың төлқұжаттары мен сертификаттарын дайындау.
Осылардың бастамасы және біріншісі болып есептелінетін зерттелетін нысандарды территориялық талдауының өзі де бірнеше кезеңді қамтиды: территорияның топырақтық-геоморфологиялық, жер бетінің сулары мен ирригациялық жүйесінің және нысанның ландшафттық картасын жасау. Ресейдің ауыл шаруашылық ғылымдарының академигі Валерий Иванович Кирюшиннің ұсынысы бойынша, ландшафттық картаны жасап болғаннан кейін, әрбір ландшафттарды мекен, қоныс, қонысша және фацияларға дифференциациялау қажет екен. Бұл пікірін, академик В.И.Кирюшин, қазіргі заманның талаптарына сәйкес, шаруа қожалықтарының шағын көлемдегі жерлерінің ауқымына оңтайландыру міндетін шешу мақсатына арнаған.
Агроландшафтық зерттеулердің пайда болуы табиғи-ауылшаруашылық геожүйелерді зерттеу қажеттігін туындатты. Ауыл шаруашылық әрекеттегі ландшафтық әдістің қалыптасуының басталуын В.В.Докучаев және оның шәкірттері топырақ қасиетіне байланыстырады. Олар тікелей табиғи кешен және оны құрайтын оның компоненттерін яғни жер бедері, грунт, климат және т.б. сияқты болып табылады.
Жазып отырған жұмысымның негізгі мақсаты - Еңбекшіқазақ ауданы көлеміндегі түрлі территориялық деңгейдегі жерлердің агроэкологиялық бағалауын геоақпарат көздерімен қамтамасыз ету. Агроландшафт түсінігін түбірімен түсініп талдау, агроландшафттарды зерттеуде ландшафт әдісін қолдану. Осы агроландшафттарды талдауда картограф ретінде ГАЖ-технологияларын қолдану. Әрине бұл мақсатымның кең түрде зертелуінің басты бағыты - алдымен жер тарихын білу[1].
1 Еңбекшіқазақ ауданы туралы жалпы мәлімет
1.1 Еңбекшіқазақ ауданының тарихи географиялық сипаттамасы
Есік қаласының о бастағы байырғы атауы нақты тұжырымдалмаған. Екі таудың арасына сұғына кірген босаға есігі іспеттес болғандықтан деген болжам бар. Ал Надеждина станицасы деген атау 1869 жылдан басталған. Есік бастапқыда аудан орталығы болған емес. 1927-28 жылдары аудандар ұйымдастырыла бастады. Соның бірі болып 1928 жылдың күзінде аудан орталығы Каракемерде ашылды. Бірақ түпкілікті болмады. 1929 жылы аудан аты Еңбекшіқазақ болып аталды, 1932 жылы көктемде аудан орталығы Түрген селосына көшіріледі. Сол кезде Түргенде ұйымдастырылған алғашқы МТС секілді мекемелер туындай бастаған соң бұл жерге халық сиыса алмады. Ақыры 1934 жылы маусым айында аудан орталығы Есікке көшірілді.
1968 жылы Есік станицасына ауданға бағынышты қала деген мәртебе берілді. Ал 1997 жылы оған көршілес бұрынғы Шелек ауданы қосылып, аудан аты Еңбекшіқазақ болып қала берді. Аудан кезінде дүркіреген, облыстағы іргелі аудан атанған. Есік қаласына, оның таңғажайып көліне келушілер, демалушылар көп еді. Есік көлі 1963 жылы тасып, Есік қаласының көркіне көптеген нұқсан келтірген.
Ауданға шет елден Хо-Ши-Миннің бас секретары, Н.С.Хрущевтің келгені бар. Қазақстан Республиканың Президенті Н.Назарбаев, Ресей Президенті Б.Ельцин әлденеше рет келген. Республикамызды көп жылдар бойы басқарған Д.А. Қонаев әлденеше рет арнайы келгені. Д.А.Қонаевтын әкесі Шелек селосында болып, шикізат дайындау мекемесінде қызмет те істеген. Д.А.Қонаевтың басшылығымен салынған Бартоғай каналы облыс экономикасын арттыруда күні бүгінге дейін тендесі жоқ үлес қосып келеді. Алтын Адам табылғаннан кейін де Есік қаласына арнайы келушілер көбейді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев алғашқылардың бірі болып Америка Құрама Штаттарының ең көрнекті банкирі Керригенді Алтын Адам мұражайына әкеп көрсеткені бар. Сол жылы Президент мұражай келушілер кітабына: Халқымыздың көне тарихын келер ұрпаққа жеткізуге қызмет істеп жүрген отандастарыма зор рахмет! Н.Назарбаев 13.ҮШ.92 ж.- деп жазып кеткен-ді.
Республика тәуелсіздігінің он жылдығына орай Есік қаласында ерекше есте қалар және бір оқиға болды. Тәуелсіздіктің, егемендіктің арқасы болар, 2001 жылы ел рухының енсесі және бір асқақтады. Аудан әкімі ғимараты алдындағы күн көсем мүсіні алынып, оның орнына дүние жүзіне мәлім болған Алтын Адам ескерткіші орнатылды. Бұл көпшіліктің көптен күткен тілегі еді. Егемендігіміздің белгісін аңғартқан бұл салтанатқа халық көп жиналды. Алыстан ат сабылтып келуші, көруші қонақтар да көп болды [2].
Ескерткіш лентасын ауданның бір топ ардагерлері мен басшылары қиды. Алтын адамның ескерткішін мүсінші Болат Құсайынов жасаған екен. Жерден басталған төменгі тұғыр биіктігі төрт метр болса, ескерткіштің өзі 3,4 метр, сонда барлығы 6 метрге жеткен. Еңсесі биік таңғажайып туынды ақ бас Алатауға қасқая қарап тұр. Батырдың оң қолында алмас қанжар. Үстінде оқ өтпес сауыт. Бас киімі биік шашақты. Алтын түстес бояумен боялғандықтан әсем, айшықты көркемдігімен сәулет өнерінің таңғажайып туындысын паш етеді. Халқымыздың қаһарман да қайсар ұлы ел қорғаны, жер панасы болғанын баяндайтындай.
Алтын адам мүсіні бұл күндері төрткүл дүниенің төрт бұрышына танылып отыр.
Есік қаласындағы бұл тарихи тұлғаға тағзым етуші халық еңсесі және бір көтеріліп, рухы тағы асқақтады. Бұл ұлт болып ұйығандығымыздың, тәуелсіздіктің туын биіктете желбіреткендігіміздің белгісі.
Енбекшіқазақ ауданы таңбасының композициялық негізі - күнді бейнелейтін сәуле шашып тұрған дөңгелек. Дөнгелектің ортасында шаңырақ, екі барыс және Есік қаласынан табылған Алтын адамның алтын тәжі.
1-суретте көрсетілгендей таңба екі түсте - Қазақстан Республикасы Елтанбасы түсі сияқты алтын сары және ашық көк түсте бейнеленген.
Ашық көк түс - аспан мен теңіздің түсі, заңғар мен тұнғиықтың., сондай-ақ жетілгендіктің, тұрақтылықтың, әділеттіліктің және абырой, ар-намыстың белгісі.
Күннің түсіндей алтын түс - даңқтың, құдіретгі күштің, бірліктің символы. Бұл - өмірдің түсі.
Сары түсті дөңгелекте Еңбекшіқазақ ауданы деп жазылған, ал әріптердің арасында кіші көк дөңгелектер салынған, бұл жердің, әлемнің, бейбітшілік пен материалдық табыстың, шексіздіктің белгісі. Алма, жүзім - бұл ауданымыздың - бай, табиғаты сұлу, көркем екендігінің белгісі [3].
1-сурет. Еңбекшіқазақ ауданының таңбасы
Таңбаның сырты алтын дәнмен көмкерілген. Таңба Евразия өнерінің дәстүрінде орындалған. Еңбекшіқазақ ауданы таңбасында - бүгінгі күннің бұрылыссыз, тек алға ұмтыла дамуының тандаулы символдары және осы ауданның тұрғындары үшін жарқын болашағы бейнеленген.
Ендеше осы Есік қаласының ертеде Надеждинск деп аталу сыры неде? Надежда - губернатор Г.Колпаковскийдің қызы. Калпаковский Герасим Алекеевич (1814-1896) орыс армиясының генералы болған кісі. Батыс Сібір, Түркістан және Дала өлкелерінің әскери-әкімшілік басшысы. Орта Азия мен Қазақстанда патша өкіметінің отарлау саясатын белсене жүзеге асырушы. Харьков губерниясындағы офицер дворяннің отбасында туған. 1852 жылдан бастап Батыс Сібір өлкесі генерал губернаторының адъютанты болды. 1858 жылы Алатау округімен Ұлы жүз қазақтары өлкесінің бастығы болып тағайындалды. Іле сыртындағы қазақ өлкесіне шабуыл жасаған қоқандықтарға қарсы соғыс қимылында Ұзынағаш маңындағы шайқасқа (1860 ж.) қатысады. 1862 жылы Шу өзені алқабында жасалған экспедицияны басқарып, Қастек пен Пішпекті алды. Сол үшін оған генерал - майор атағы берілді. 1864-67 жылдары Семей облысының, 1867-82 жылдары Жетісу облысының генерал-губернаторы болып тағайындалды. 1871 жылы оған генерал-лейтенант атағы берілді. 1889 жылы Әскери советінің мүшесі болып тағайындалып, Петербургке ауыстырылды. Калпаковскийдің әуесқой зерттеуші ретінде жеке ғалымдарға және мұражайлар мен ғылыми қоғамдарға Жетісу өлкесінен өзі жинаған құстардың аңдардың және жәндіктердің, өсімдіктердің бай коллекциясын сыйға тартқан. Қызмет бабына байланысты Ш.Уәлихановпен де хат алысып тұрған. Келтіріліп отырған осы деректерге сүйенсек, Жетісу өлкесінің генерал-губернаторы Калпаковскийдің патша өкіметінің отарлау саясатын жүзеге асырушы деп бағалаймыз.
Егер біз ел тарихын қозғар болсақ, алдымен жер тарихын білуіміз керек. Өйткені жер -- ата мекен. Жер - халық қонысы, еншісі. Жер арқылы ондағы мекендеген халықты білеміз. Мәселен, Отаны жоқ ұлттар бар. Өйткені ол ұлттар атамекенің мәңгі сақтай білмеген. Атамекенінен айырылған ұлт күндердің күнінде, Отаны жоқ келімсектер, кірмелер болып аталады. Олар өгей баланың күнін кешеді. Мейлі аз ұлт болсын, оның шыққан тегінде белгілі ата-мекені болғаны рас. Түрлі себептерден жер ауды, көшті, басқа жерге сіңісті, жерсінді. Бірақ түбінде ұрпақ болашағына, ұрпақ тағдырына кедергі келтірері қиын-ақ. Содан барып жерінен айрылған халық біртіндеп ана тілінен де айрылады. Ондай мысалдарды көптеп айта аламыз, көріп те жүрміз [4].
Қай жер кімнің ата мекені екенін тарихтан, картадан да білеміз. Архивті ақтарып отырсақ ескі карталарға көз жүгіртсек, таңданамыз, таңырқаймыз. Халықтың тоз-тоз болғанын, жерінен, ата қонысынан айырылғанын білеміз. Оларда ақыры Отан жоқ болып шығады.
Карта арқылы бүгінгі қазақ жерінің бұдан да көлемді болғанымен көзі ашық адамдар құлақдар. Батыста Ресейдің, шығыста Қытайдың әлі көз тігуін бүгінгі ұрпақ біледі. Нәтижесін көріп те жүр. Жылдар өтер, ол жерлер ұмытылар, басқаның басымдығы түпкілікті өз меншігіне айналдырар. Оны келер ұрпақ тарихтан және картадан білер. Демек, жер тарихы - ел тарихы. Ол көбіне карта аркылы аян.
Республика тәуелсіздігінің ірге тасын неғұрлым берік, орнықты етіп қалау көп ретте рухани игіліктердің салмағы мен сапасына байланысты екенін саралаған сәттерде тарихи танымға, оның заттық. айғақтары -- тұтас дәуірлер мен даму кезендерін карталар арқылы зерделеу түбірлі міндеттерді де алға тартатынын жоққа шығара алмаймыз.
Әрбір ұлт жанды, халқын сүйген азамат өз халқының ежелгі тарихын, олардың өткен кезеңдерін жақсы білуге тиісті. Тарихи сана тарихи сабақтастыққа, таным-білімнің тұтастығына, халықтардың бірлігіне, осында өмір сүрген адамдардың. бірін-бірі құрметтеу үлгілерінен бастайды. Ежелден қалыптасып, терен сіңірілген отаршылдық пиғылдағы ойларды еңсерудін тиянақты тағылымы да осында. Қазақстандық, патриотизмге тәрбиелеудің бұл да бір сыннан өткен мектебі болмақ.
Әрбір облыстың және әр ауданның өз картасы бар. Сондықтан атамекеннің ежелгі, байырғы атауларын айтуды жөн көрдік. Кеңес заманында жер атаулары көп өзгерді. Енді өз ата-мекенімізге өзіміз иеміз, әрі қожамыз. Ендеше жер аттарын жете білу қажет. Ондағы атақты адамдарды, бұрынғы батырларды, қазіргі ауыл ардагерлерін кағаз бетіне түсіріп кетуді тарихи парыз тұттық. Ол кейінгі ұрпаққа мұра.
Түрген ауылының батыс жағы Әшекей белі делінеді. Тау бөктерілген Алматы -- Түрген-Шелек жолындағы биік асу, тарихи орын. Түрген ауылынан батысқа қарай тартқанда бірден Әшекей белінен алқына, әзер көтерілесіз. Әшекей беліне шыққан кезде батыс жақ мидай жазық. Сол жазықтан Көктөбе ауылы, одан кейін Есік қаласы алақан аясындай анық көрінеді. Іле бойына көз сүзсең Балтабай, Ақши, Жаңашар аймағы да көз алдыңызда [5].
Осы Әшекей белін ертеде Әшекей атты би қоныстанған екен. Әшекей белі -- Алатау сілемдерінің етекке қарай жылжыған жағасы. Тау жағы мал жайылымына, етегі егістікке жайлы өңір. Қалмақ шапқыншылығынан ел күзеткен сардар сарбаздар осы Әшекей беліне қарауыл қойып, әрі осы асу белді қалқан тұтқан. XIX ғасырда, Әшекей би қартайып, қайтыс болғанда сүйегін осы белге қояды. Қылта асу жалдың етек жағы бүгіндері калың мүрде. Әрбір мүрденін, әрбір бейіттін өз тарихы бар, ғасырлардан сақталған және қалыптасқан ескерткіш.
Әшекей белінен батысқа қарай түскен кезде Қарта бұлақ өзені бойына орналасқан қазіргі Көктөбе ауылы басталады. Бұл жазық бұрын Ленин, Совет, Молотов атындағы колхоздар атанған. Ленин атындағы колхоз орталығы Түрген селосының ішінде. Негізгі кәсібі мал шаруашылығы еді. Аудандағы малы көп, ірі шаруашылық. Ал Совет және Молотов атындағы колхоздар темекі өсіріп, егін егетін. Бірақ экономикасы көтерілмеген ауылдар еді. 1957 жылы ұсак, шаруашылықтар біріктіріліп, іріленген кезде Совет пен Молотов қосылып Көктөбе кеңшары атанды. Темекі өсіруді мүлде доғарды. Егіс пен бау-баққа енді жүзім өсіру басталды. Ауа райы қоңыржай салқын болғандықтан Алматы апортын өсіруге ыңғайлы болып шықты. Төменгі тастақ жерге жүзімнің жақсы өсетіні белгілі, сондықтан ркацители, пинофран, мускат пен жемчуг сорттары, жеміс ағаштарының - апорт, голден-делишес, румянка, заря Алатау, Талғар аруы секілді жана тұқымдарын жаппай отырғызылды.
Есік қаласының Батыс жағынан Талғар қаласына дейін 4 ауыл бар. Олар Алатау бөктерінде Алматы-Талғар-Есік жолы бойына орныққан үлкен елді мекендер. Өздерін Красный Восток, Рахат, Қайназар, Азат ауылдарынанбыз деп мақтан тұтады. Осы төрт ауыл Кеңес үкіметінің кезінде Ильич атындағы колхоз атанды. Аудандағы ең ірі малды шаруашылықтың бірі еді. Тіпті түйе де өсірілетін. Ильич атындағы колхоз болмай тұрып бұл төрт ауыл өзінше артель болды. Кейін әрқайсысы жеке колхозға айналды. Бірақ ешқашан совхоз болмай кетті.
Ауыл шаруашылығында олар көбіне темекі өсіретін. Кейін картопқа көшті. Малы Сарытауқұм, Қарой жақта қыстайтын. Қайназар ауылының бас жағы, тау іші - Удос жазығында 800 гектар шабындығы тізеден келетін шалғын еді. Одан жоғары Ормақай, Орта сай, Шеткі сай, Солдат сайы болып тау іші жалғасып жатады. Бәрі жасыл жайлау. Малшылар Алатаудың күнгей жағына, атақты Есік көлінен бес шақырым ары, қалың қарағайлы, шыршасы көп Жасыл көлге дейін баратын. Тау іші қолдан жасалғандай көлге бай. Боз көл де осы тау ішінде. Суы тұнық, ауасы таза. Айналасы көк жасыл желекке көмкерілген, масаты кілемдей жаз бойы кұлпырып жататын. Қалың карағай арасындағы хош иісі керемет-ақ.
Бұл ауылдан шыққан жазушы Шарбану Құмарова, сазгер Құддыс Қожамиярова сот Әшімбай Рахманов, оқу ағарту ісінің үздігі, әрі ардагері Ілияс Оразбаков, заң саласының ардагері Нұрдәулет Алтынбеков есімі бүкіл республикаға аян. Есік қаласынан кейінгі аудандағы ен үлкен елді мекеннің бірі - Түрген. Бағы заманда Түркеш батырдын есімімен аталса, кейін Михайловск, одан Түрген болып өзгерген деген әңгіме бар. Ресейдің Воронеж губерниясымен, Волганың терістік аймақтарынан 1864-83 жылдары орыс шаруалары қазақ жерінен үдере көше бастаған. Верныйға 400-ден аса отбасы жетеді. Одан қоныс іздеп жылжығандар Софийск (Талғар), Надеждинск - (Есік), Михайловск (Түрген) аймағына қоныстанып, аздаған тобы Балтабайдан бастап Шелекке дейін ен шұрайлы деген аймаққа көш басын тірейді. Түрген селосы Есік қаласының күншығыс жағында іргелес [6].
XVIII ғасырдың аяғында ақтабан-шұбырындыдан құтылған қазақ даласының Жетісу бөліміне Қоқан хандығының ықпалы күшейе бастағандығын тарихтан білеміз. Терістігі мен батысына орыс патшалығының ықпалы басып келе жатқан халықтың екі жақтан да ауып, паналар тұсы тек Жетісу өлкесі болып қана қалады. Сол тұста атақты Байдібектің кол астындағы Қазығұрт, Сайрам маңын мекендеген Албан руының бір бұтағы - Албанньң ішіндегі Құланаян және Есен аталарын Әжібай батыр бастап, Түрген жеріне ауады. Талдыбұлақ сайымен Түрген сайларының арасындағы Каракемер аталатын жерге қоныстандырады. Ал қыстауға қазіргі Балтабай, Атанқұл деп аталатын жерді, жайылымы жетерліктей Түрген мен Белшабдар өзендерінін орта тұсындағы аймақты береді. Бұл жерлер қазірге дейін байырғы атымен осылай аталады. Егіншілікпен ерте айналысқан, өзбек халқымен қоян-қолты өскен елдің ұлдары суландыру, егіншілік мәселесіне жеті болып шыққандықтан да бұрын игерілмеген өлкеге ескі Сатай арығының ізімен келетін үлкен Тоған қазып, Түрген өзенінен жазыққа су шығарады. Тоған қазылғаннан соң бұрынғы арықтың аты ұмытылып кетті. Себебі игерілген жердің көлемі бірнеше жүз есе асып кетіп еді. Бұның өзі бір тарих.
Түрген өзенінің шығыс жағын жайлаған Әжібай өзінің Атаммқұл атты ұлына Құлжа жолдың бойындағы қазіргі Маловодное ауылын еншілетеді. Бақтияр атты ұлына бүгінгі Талдыбұлақты, тау сағасын мекендетеді. Ал Жанбота атгы ұлы Казаткомға тұрақтайды. Казатком бұрын Шилікемер делінетін.
Түрген өзенінің шығыс жағы Шөладыр жазығы атанатын, ол қазіргі Қаракемер ауылы. Түрген өзенінің арнасын Әжібай тау бөктерінен бұрып, Шөладырға су шығарады. Ел оны күні бүгінге дейін Әжібай тоғаны атауда. Осы тоғанның бір саласы Қасқа арық. Ол Қаракемер ауылын қақ бөліп өтеді. Шөладыр жазығының тау етегі қалың ну орман болған көрінеді. Сол орман жанып ұзақ өртенеді. Орны кара күйе болып кала береді. Тау етегіндегі кемер де өрттен кейін қаракүйелештенген. Бұл өңір содан Қаракемер атанған, Шөладыр жазығын, Қаракемер елді мекенін Әжібай тоғаны суландырған соң табиғат қайта түлейді. Көк жасыл желекке бөлейді.
Келімсек орыстардың көптеп тұрақтануынан Атамқұл ауылы Маловодное атанады. Бұл ауылдың батыс жағына Евгения Васильевна көрші болып, олар да өзінше ауылын құрады. Ақыры ол Евгеневка ауылы атанған. Евгеневка 30-40 жылдары Ворошилов атындағы колхоз атанғанымен Евгеневка селосы қосымша атау болып әлі күнге қатар аталуда. Елуінші жылдары Евгеневка мен Маловодное ауылдары бірігіп, Гигант кеңшары атанды. Евгеневка және Маловодное ауылдарынын арақашықтығы жақын екі шаруашылық еді. Ұлы Отан соғысы жылдары Кавказдан күштеп жер аударылған шешендер мен түріктер екі ортаға үй салып, екі ауылды қосып тыңды.
1913-14 жылдары отырықшы ел өз отауын ұлғайтумен болды. Патша төңкерісінен кейін Кеңес үкіметі құрылды. Аудан орталығы алғаш осы Қаракемерде ұйымдастырылды. Сауат ашу мектебі, жұмысшы шаруа факультеті де тұнғыш осында ашылды. Оны ұйымдастырушы Ораз Жандосов еді. Қаракемер кейін Киров атындағы колхоз, одан соң совхоз атанды.
Әжібай тоғанымен өрлеп, тау ішіне кірген жерде ертеде Құланаян руы қоныстанған Таутүрген ауылы. Алғаш бұл ауыл да артель атанды, одан соң колхоз болып қауымдасты. Тау ішінде тек ешкі өсірумен ғана айналысқан жылдар да болды. Таутүрген ауылының тұрғындары арасынан 1906 жылы осында туып, саналы ғұмырын тек осы ауылды басқарумен өткізген Әбділдә Беркейұлын сондағылар ерекше пір тұтады [7].
1.2 Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының географиялық орны мен ерекшеліктері
Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысының орталық бөлігінде орналасқан. Әкімшілік орталығы - Есік қаласы. Ауданы - 8,3 мың шаршы шақырым. Шығысында Ұйғыр ауданымен, оңтүстігінде Райымбек ауданымен, батысында Талғармен, солтүстігінде Кербұлақ ауданымен шекараласады. Батыстан шығысқа қарай 200 км, оңтүстіктен солтүстікке 60 км-ге созылып жатыр.
Жетісу Қазақстаның оңтүстік - шығыс бөлігіндегі географиялық аймақ, солтүстігіндегі Балқаш көлі, солтүстік - шығысында Сасықкөл мен Алакөл, оңтүстік - шығысында Жоңғар, Алатауы, оңтүстігінде Тянь - Шань аралығын алып жатыр. Аймақ аты осы өңірдегі басты 7 өзенге байланысты аталған: Іле, Қаратал, Бүйен, Ақсу, Лепсі, Басқан, Сарқант:
Аудан Жоңғартауы мен Алатаудың ортасында орналасқан. Осы екі таудың түйіскен қақпасының аржағы Қытай елі, одан кейін Ұйғыр ауданы. Ұйғыр ауданының батыс жағындағы Көкпекті жазығынан, Торайғыр мен Бақай таулары шекарасынан бастау алған аудан. Ата жұрт атанған аудан елдің берекесі, құты, мәңгі қонысы. Ауданда 48 ұлттың өкілінен сүттей ұйыған, бір үйдің баласындай ғұмыр кешуде.
Аудан жаратушы табиғаттың екі түрлі байлығымен қасиетті. Байлықтың бірі - Алатаудың құтты койнауы. Екіншісі -- еңбеккер халқы.
Ауданды Іле өзені және атақты Жібек жолы басып өтеді. Оны Құлжа жолы деп те атайды. Жібек жолы біздің заманымызға дейінгі 2-ғасырдан біздің дәуіріміздің 16-ғасырына дейін салынған. Шығыс пен батысты жалғастырып жатқан сауда керуенінің ғажайып дәстүрі мен салтын қамтиды. Ұлы сорап жолдың тармағы мол. Солардың ішіндегі ең ірісі Нілдария жағалауы, перғауындар елінен тізіліп шыққан керуен Бағдат, Мерв арқылы екі өзенді кешіп өтіп, Дәшті-Қыпшақ жерін басып, жоңғар қақпасы арқылы Ұлы Қытай қорғанына жеткен.
Алатаудың бүгінге дейін кейбір қадірін түсінбеген байлығы жаңадан аңғарылуда. Ол - табиғаттың таңғажайып өз келбеті. Оны туристік базаларға айландырсақ, ол да ел ырысы.
Осы Алатау ішіндегі жаз жайлаулар бір-біріне ұқсас болғанымен өзіндік ерекшеліктері көп-ақ. Әр жайлауға төте тартатын өз жолы бар. Оны да екінің бірі біле бермейді, көп жылдар бойы мал бағып көшіп-қонған малшылар мен тау кезген аңшыларға ғана жаттанды соқпақ.
Тянь-Шянь тауы атанған осы Алатау Азия құрлығының қақ ортасында батыстан шығысқа қарай 2450 шақырымға, солтүстіктен онтүстікке қарай 500 шақырымға созылған. Бұл тауды XIX ғасырдың екінші жартысына дейін Аспан таулар деп атаған. Бұлай атау себебі аспанмен тілдескен аса биігінен болса керек. Жаратылыстанушы Семенов Тянь-Шяньский ұзақ зерттеп, көп еңбек сіңірген соң сол кісінің есімімен атала бастаған [8].
Тау Батыс және Шығыс Тянь-Шянь болып екіге бөлінеді. Шығысы Қытай мемлекетіне жетеді. Батысы Қазақстан, Қырғыз, Өзбек, Тәжік республикаларына созылады, Ол - Күнгей Алатауы, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы деп аталатын салаларға бөлінеді. Аудан Іле Алатауы баурайында орналасқан. Ауданның бір шеті Іле өзені және Жоңғар тауымен шектеседі.
Аудан Іле Алатауы Тянь-Шянь жоталарының солтүстік тізбегіне орналасқан. Іле Алатауының ең биік шыңы Алматының шығыс жағында 20 шақырымдай жерде. Ол - Талғар шыңы. Оның теңіз деңгейінен биіктігі 5017 метр. Осы маңайда Есік көлі бар. Құмбел жотасына дейін биіктігі 4500 метрден асатын 22 шың бар. Іле Алатауының өзіне тән бір айрықша ерекшелігі шыңдарын мәңгі орасан мол мұз басып жатады, сол мәңгілік мұздан тау қыраттарының ең биік тұстарында: солтүстік бөлігінде 3700 -- 3900 метрде, оңтүстік бөлігінде 400-4700 метр деңгейінде қатпарланған.
Алматы қаласы теңіз бетінен 700 -- 900 метр биіктікке орналасса, Талғар қаласы 1700 метр биіктікте. Ал Есік қаласы одан да биік, 1900 метрге дейін барады. Жер деңгейінің биіктігінен болар, Есік қаласының ауа райы қоңыржай. (Мәселен, Алматыда суық жаңбыр жауса, Есік қаласында қар жапалақтайды.) Салқын самалды тау етегіндегі Есік қаласы ерекше жасыл, өсімдікке, бау-баққа толы. Есік өзенінің ағысы қатты. Есік қаласы Есік көліне баратын екі тау аңғарында. Сол тау аңғарынан қысы-жазы салқын самал соғып, Есік қаласының ауасын тазартып отырады. Таудың таза ауасы, әрине, денсаулық кепілі.
Екі тау аңғарына орналасқан қаланы Есік өзені қақ бөліп өтеді. Көбігі көпіршіген тұнық, әрі суық та таза су - қала ауасын жаңартуға себепкер [9].
1.3 Аудан көлеміндегі жер бедері мен геологиялық құрылымы
Аудандағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды тақтатасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер және тағы басқа полеозой жыныстары кездеседі. Тау етегі және аймақтың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Аудандағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, ыдырлы жазық қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоникалық процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзілген. Іле Алатауының осындай морфологиялық құрылымы оның солтүстік жоталарынан ағып түсетін меридиан бағытында жатқан өзен аңғарларының бағытын анықтайды. Іле Алатауының құрылымына солтүстік және солтүстік-батыс ауа массалары қатты әсерін тигізеді.
Іле Алатауы ежелгі шөгінді, атпа жыныстардан, құмтастан, гранит пен гнейстен түзілген. Іле Алатауының солтүстік, яғни ауданға кіретін бөлігі көлбеу көптеген өзендермен күшті тілімденген. Тянь-Шанның басқа бөліктеріндегі сияқты Іле Алатауында да күшті жер сілкінісі болады. Өте күшті жер сілкіну 1911 жылы болды. Сонымен қатар палеозой дәуіріндегі каледон, герцин тау жасалуынан кейін кайнозой дәуірінің альпілік тау жасалу кезінде қайта көтерілген. Альпілік тау түзілісі жер қыртысында жарылу туғызып, бұрыннан бар қатпарлы аймақтардың бірі төмендеп, екіншісі көтеріліп, оларда қатпарлы-жақпарлы биік таулы жүйелер қайта қалыптасқан. Бұған Тянь-Шань тауының солтүстік бөлігі Іле Алатауы мысал бола алады. Еңбекшіқазақ ауданының территориясындағы ұзақ уақыт геологиялық өзгерістердің нәтижесінде қазіргі жер бедерінің пішіндері пайда болды: оған Талғар ауданына қарасты - Іле Алатауы мен Іле Балқаш жазығының біраз бөлігі кіреді. Іле Алатауының тау жасалу процесі аяқталмаған.
Үштік кезеңнің аяғына қарай қуатты тектоникалық қозғалыстар жиі болып тұрады. Бұл процестің қорытындысында жергілікті полеозойлық фундамент көлденең немесе түзу бағыттағы жеке блоктар мен блоктар жүйесіне бөлінеді. Блоктар жүйесінің торы таудың әр түрлі биіктігінде болып тұрды. Тау жоталарының фронталды бөлігі мен фланг бөлігінде де вертикальды сатылы құрылым осы процестердің нәтижесінде пайда болды.
Тау жотасының ұзаққа созылған көтерілу процесі кезінде, шұғыл суытатын циклдармен алмасып келетін жылы және ылғалды кезеңдердің бірнеше рет қайталануы үштік кезеңнің аяғында басталған төрт рет болған мұз басу процесіне себепші болды. Бірінші реттік мұз басу жер бедерінің беткі қабатын ғана қамтиды. Екінші реттік мұз басу жер бедерін жартылай ғана басты. Қалған үшінші реттік пен төртінші реттік мұз басу кезеңі ұзаққа созылды. Мұз басу дәуірі аккумуляция процесінің зор көрінісімен сипатталады. Мұз басу дәуірі аралық мұз басу дәуіріне бөлінген. Аралық мұз басу кезінде мұз басу процесі тоқталып, эрозиялық процестердің үлкен масштабтағы дамуы жүрді. Бірақ мұз басудың тоқтау процесі бірқалыпты жүрмеді. Кейбір уақыттарда мұз басу процесі шұғыл тоқтады, ал басқа кезеңдерде тұрақты сақталынып тұрды. Мұз ерігеннен кейін артынан қуатты мореналар қалдырып отырды. Ең соңында бұл мореналар жуылып, эрозиялық процестердің арқасында түгелімен жойылды. Соңғы рет болған мұз басу дәуірінің ғана мореналары сақталды. Бұл мореналармен 2600-2700 м биіктікте орналасқан ежелгі мұз басу цирктері мен аңғарлардың табаны толды.
Геологиялық құрылымына протерезойлық және төменгі палеозойлық геосинклинальді шөгінділер, тас көмірді девондық, пермдік, қалдықтар қатысады. Тұндырылған шөгінді тау жыныстары мен метоморфтық қалың болып қабаттасқан жыныстар өте қатты дислокацияланған. Тау арасындағы қазаншұңқырларда палеоген-неогендік және төрттік кезеңнің жұмсақ бос шөгінділері кең таралған. Бұл тау массивінің көбісі 8-9 баллды сейсмикалық зонаға жатады. Көктемде сел тасқыны болуының қаупі бар. Қыста қар көшкіні жиі болып тұрады.
Іле Алатауының солтүстік беткейі Талғар, Кіші Алматы шатқалдарымен тілімденген. Биік таулы территорияларда тегістеліп әр түрлі кезеңнің жыныстарынан құралған жазық жер бедерлері де кездеседі.
Жазық территориялардағы алдыңғы қатардағы экзогенді процестер: эрозия, аллювиалды аккумуляция, құмды материалдардың эолдық орын алмастыруы, көл жағалауындағы абразия және сорлардағы тұздардың мүжілуі. Бұлардың ішінде эрозия мен абразия процестері айқын байқалады. Абразия - көлдердің және өзге де су қоймалардың жоғалауындағы түп жыныстардың толқын мен ағын әсерінен механикалық бұзылуы және мүжілуі. Жазық кеңістіктер төменгі тау жоталарымен кезектесіп орналасады. Төменгі тау жоталарында эрозиялық процестер басқаша өтеді.
Аудан территориясына жиі және айтарлықтай жер сілкіністерін болдыратын интенсивті неотектоникалық қозғалыстар тән. Тау жыныстарының құрамы, олардың өзара әсері және жазықтардағы таралу ерекшелігі ежелгі дәуірден алуан түрлі. Жазық жерлерде негізінен құрамында сары топырақты және құмды шөгінділер басым кайнозойлық кезеңнің қалдықтары кездеседі. Тауларда тау жоталарының осьтік бөлігінің перифириялығынан оның петрографиялық фонының өзгерістері болып тұрады. Төменгі тау белдеулеріндегі жер бедерінің түзілуінде сары топырақтар, палеогендік, неогендік шөгінділер және метоморфтық жыныстар басты роль атқарады. Төменгі тау жоталары мен биік тау жоталарында да магмалық және метаморфтық жыныстар басты позиция алып отыр. Жарлы тау массивтерінің құлауынан тұнба жыныстардың құрамы өзгеріп тұрады. Тұнба жыныстардың әсерінен тектоникалық қозғалыстар жиі болады. Төменгі тау жоталарында сары топырақтан басқа таулы аллювий, проллювий, көшкінді жыныстар және қыратты-баурайлы шөгінділердің кең спектрі кездеседі. Төменгі тау жоталарында коллювиалды шөгінділер, ежелгі мореналық жиналған жыныстар, қар-көшкінінің тасымалдаған тас-құмдары, құлама массивтер, жиі кездеседі. Биік таулы жоталарда мореналар, флювиогляциалды шөгінділер, тасты глетчерлер, тас-құм жыныстары, құрымдар кең тараған. Қазаншұңқырлардың да шөгінділері кездеседі. Тау баурайларындағы шөгінділер негізінен шөгінді шлейфтерден құралған [10].
1.4 Климаттық жағдайлары
Аудан территориясында күннің шуағы 2500-ден 3000 сағатқа созылады. Ашық күндер саны жылына 230-дан 270 күн аралығында ауытқиды. Күн шуағының ұзақтығы және талтүстегі күннің біршама биіктігі (әсіресе жазда) ауданда гелиоқондырғылар орнатуға және климаттық емдеу орындарын салуға мүмкіндік береді.
Ауданның әр жерінде қыстың ұзақтығы әртүрлі. Қалың қар қабаты желтоқсан айына дейін түспейді. Әр айдағы ашық күндер саны 17-21-ге тең. Орташа алғанда қыс қоңыржай-аязды болып келеді, температура 0 және 12 градус аралығында болып келеді. Қыстағы тұрақты қар жамылғысы 50-60 күнге созылады.
Көктемде тауалды зоналарында қар ақпан-наурыз айларында түседі. Тауда, 1500 м биіктікте көктем тек бірнеше күнге артта қалады. 3000 м биіктікте тұрақты қар жамылғысы сәуір айының ортасына дейін сақталады. Сәуірдің басында ауаның орташа тәуліктік температурасы 10ºС-тан асады, мамыр айында -16-20ºС.
Жаз мамырдың ортасынан басталады. Күннің талтүстік биіктігі, сондай-ақ күннің ұзақтығы біршама жоғары. Жылы мезгілдегі (сәуір-қазан) күн шуағының ұзақтығы 3000 сағатқа тең. Күннің үлкен белсенділігі 200 күнге жетеді. Тауларда ол артады. Негізінен жаз жылы, ал тауда 2000-3000 м биіктіктен бастап салқын болады.
Күз мезгілінің басталуы тәуліктік орташа температураның 10ºС сайын артуымен басталады. Қазанның екінші жартысынан басталады. Таулы жерлерде ертерек басталады. Аязсыз күндер ұзақтығы 180 күнге созылады. Температура амплитудасы 12-16ºC-қа тең. Қарашаның ортасында ауаның тәуліктік температурасы 0º-қа тең болады. Осыдан кейін қар жамылғысы түседі және қыс мезгілі басталады. Барлық мезгілдер жақсы, ал күз керемет.
Аймақтық сипаттама. Ауданның табиғатының әртүрлілігі сондай, мына сипаттамаларға сенуіңіз қиын. Әлемнің ешқандай елінен 60 км қашықтықта зоналардың бұлай анық өзгеруін көрмейсіз: дала, шөл, шөлейт, биіктік белдеу. Ауданның солтүстіктегі табиғи шекарасы Іле ойысында шөлге тән белгілер байқалады. Мұнда тоғайлар, құмдар, құрақтар және сортаңдар кездеседі. Жер бетіне шығып жатқан минералды сулардың бальнеологиялық маңызы зор (Аяққалқан).
Іле ойысы оңтүстікке қарай біртіндеп Іле Алатауының тауалды зонасына ұласады. Жота биіктігі 300 м шамасында, ені 35-40 км. Толықтай (200 км) Еңбекшіқазақ ауданы территориясына кіреді. Оған аласа таудың тауалды далалық жазығы, субальпілік, шалғынды-альпілік және мәңгі қарлы биік таулар кіреді.
Орталық бөлігі тік беткейлі және зеңгірлі суайрықты болып келеді. Мұнда биіктігі 4500-5000 м болатын шыңдар (мұздықтар) орналасқан.
Мәдени-ландшафтық сипаттама. Табиғи жағдайының әр түрлілігі мәдени-шаруашылық типтерінің әр түрлілігіне сай келеді, яғни жаңа тас дәуірінен бастап соңғы орта ғасырға дейін. Жайылма үсті ландшафтысы археологиялық ескерткіштермен - шаруашылықтың отырықшы-диқаншылық түрімен, төбелі-жонды ландшафт - кешенді-шаруашылық типімен, биік таулы-альпілік ландшафт-шаруашылықтың көшпелі түрімен көрінеді. Ауданда барлық тарихи-мәдени мұралар бірге ұсынылады. Бұлар-неолит дәуірінің тұрақтары; қола дәуірінің елді-мекендері; резиденция қалалар, храмдар және алғашқы темір дәуірінің жерлеу орындары; түрлі дәуірдің жартастағы таңбалары; ерте және дамыған орта ғасырдың ескерткіші. Бұл аудан-әлемге әйгілі Алтын адамның отаны.
Рухани климат. Аудан көп ұлтты. Түріктердің, поляктардың, славяндардың мәдени орталықтары жұмыс істейді. Олардың қызығушылықтары бір арнаға тоғысады-ауданның бай тарихи-мәдени мұрасын сақтауға бірігіп күш жұмсау [11].
1.5 Топырағы мен өсімдік жамылғысы
Еңбекшіқазақ ауданының топырағы табиғат жағдайына қарай, Іле өзенінің жағасынан Іле Алатауына дейін өзгереді. Таулы аймақтың табиғаты төменде жазықтық табиғатынан ерекшеленіп тұрады. Таудың етегінде таңғажайып пирамида тәрізді теректермен жиектелген бау-бақша мен жүзім егісінің кең тармақтары жатыр. Таудың төменгі бөлігінде жабайы алма, өрік, долана және басқа да жапырақты ағаштар өседі. Таудан жоғары көтерілген сайын бұл ағаштар тобы құрамында тянь-шань шыршасы бар қылқан жапырақты ормандармен ауысады. Таудың одан жоғары қыраттарында құрамында көптеген гүлдермен көмкерілген шырынды, құнарлы шөптері бар альпілік шалғындар кездеседі. Бұл шалғындар жазғы жайылым ретінде саналады. Альпілік шалғындардан жоғары мүк пен қынадан тұратын тамырлы батпақпен жамылған тау тундрасы орналасқан. Тундраның үстінен өсімдік жамылғысы мүлдем жоқ қар мен мұз басқан қыраттар бой көтеріп тұр.
Жазық өңірінің топырағы сұр қоңыр, тау бөктерінде қоңыр, қара- қоңыр, тауаралық аңғарларда қара топырақ қалыптасқан. Ауданның жер бедерінің морфологиялық негізгі құрылымы литогендік негіздің және климаттың ерекшеліктері ауданның табиғи кешенін анықтайды. Топырақ жамылғысы алуан түрлі әр түстілігімен ерекшеленеді. Тауалды қыраттарда ашық-қызғылт және жоғарғы горизонттарда қарашірігі 15-18 % болатын тау-шалғынды альпілік топырақ таралған. Солтүстік жотасы орталық, шығыс және батыстық бөлік болып бөлінеді.. Жер бедерінің мезо- және микро- әр түрлілігі климаттық жағдайлардың алуан түрлі болуымен анықталады. Бұл өсімдік жамылғысының белдеулік және ішкі белдеулік дифференциациясына да себепші болады. Биіктік белдеулердің өсімдік жамылғысы ендік зоналардағы өсімдік жамылғысындағы өсімдік түрлерімен ұқсас емес. Биіктік белдеулерде альпілік шалғындар және биік таулы суық шөлдер жатыр. Биіктік белдеулілік - топырақ жамылғысының, өсімдік пен жануарлар әлемінің физикалық-географиялық кешенінің алмасуы. 250 м биіктіктен жоғары ландшафттарда тік қабырғалы шатқалдар, орман массивтері, азиялық сирек кездесетін ормандар таралған.
Субальпілік шалғындар 3100-3200 м биіктікке дейін таралған. Тау-шалғынды топырақта субальпілік шалғындар мен таулы-мұзды жер бедерінде биік таулы белдеу орналасқан. 3000 м жоғары альпілік шалғындар кездеседі. Гляциалды-нивальді белдеу 3400-3500 м биіктікте созылып жатыр. Биіктік белдеулерден төмен қарай сары топырақты қабаттарда қалыптасқан дәнді шөптер биіктігі 900-1200 м белдеуде орналасқан. Одан жоғары бұталы-дәнді өсімдіктер өскен. Бұл өсімдіктер қабаты 1300 м биіктікке дейін созылған. 1500-1700 м биіктіктер арасында орманды-жазықты белдеу жатыр. Белдеудің топырағы таулы-орманды қара-сұр топырақ. Жапырақты ормандар бұталы ағаштармен теңіз деңгейінен 900-1600 м биіктік аралығында кең таралған. 1600 метрден 2700 метрге дейін таулы-орманды қара түсті, таулы-шалғынды қарашірікті топырағы бар орта тауларда орманды-шалғынды дала белдеуі жатыр. Бұл белдеудің төменгі бөлігінде шырша фрагменттерінің орманды формациялары таралған [12].
Бұл өсімдіктердің табиғат жағдайына бейімделуі негізгі ерекшеліктерінің бірі. Іле өзенінің жағасындағы өсімдіктердің жапырағы - тікенді, себебі өсімдіктің жапырағы суды тез буландырмау үшін бейімделген. Ылғал аз болғандықтан шөлейт зонада шөптесін өсімдіктер ерте көктемде гүлдеп, жазда қурап қалады да, бұталы өсімдіктердің жапырағы ине тәрізді, өсімдіктің түсі өзі өсіп тұрған жерге ұқсас болады. Ал орман зонасында - мәңгі жасыл шырша, қарағай өседі, бұлда климатына байланысты болады. Өзі өсіп тұрған ортасына бейімделген өсімдіктер: жусан, ақмия, жиде, жыңғыл т.б.
1.6 Жануарлар әлемі
Құтты қойнау атанған Алатау табиғаты тегін дәрілік шөбімен де бай. Түрген шатқалынан Асыға дейінгі арақашықтықтағы тау ішінен жоғары сатыдағы бағалы өсімдіктің 1004 түрін табасыз. Көбі -- дәрілік өсімдік. Мәселен, мүліктің - 48, қынаның - 50, санырауқұлақтың - 200-дей түрі бар.
Ал тау ішіндегі аң мен құс қаншама. Ол да байлық құстың -- 358, хайуанаттардың 36 түрінің кейбіреулерін осы ауданның көп азаматтары әлі де көрген жоқ десем артық айтқандық болмас. Қызыл кітапқа енген ілбіс, Тянь-Шянь қоңыр аюы, Орта Азия тас сусары, Орталық Азия сілеусінін естігеніміз болмаса көзбен көргеніміз жоқ. Бірақ олар біздің тауда бар. Тіпті бүркіт, марал, таутеке, арқар секілді аң түрлері де кездеседі.
Қара арша жайлауы да ұзын сайдың өн бойы. Онда баяғыдан келе жатқан бес жерде қоныс бар. Теріскей қалың қарағай. Қарағай іші хош иісті. Қоңыр салқын. Өзіндік ерекшелігі бірден білінеді. Қара ырғай, ұшқат өсімдігі кездеседі. Шырша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz