Шет ел мемлекетінің зейнетақы жүйесі



Адамның даму тарихында ежелгі мемелекеттерде зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерінің жүргізілуі туралы аз емес мысалдар бар. Мысалы: Рим империясында отставкаға шыққан легионерлер 3000 денар алса, ал преторианцтер 5000 денар және жер алатын болған. Ресейде алғашқы рет әскери адамдарды зейнетақымен қамсыздандыруды I Петр Теңіз уставында, 1720 жылы заңдастырды.
Еуропада классикалық капитализм кезеңінде (XIX-ғ басы XX-ғ аяғы) зейнетақы кассалары кең өріс алды. Оларды қазіргі кәсіби зейнетақы қорларымен салыстыруға болады. Зейнетақы кассаларындағы ақша қаражаты жұмысшылардың жарналары есебінен құрылды. Ауруға шалдығуына байланысты және жасына байланысты төлемдерді төлеу – жұмыс мерзімінің ұзақтығына сәйкес өсе берді. Егер жұмысшы жұмыстан босатылса осы зейнетақы құқығынан айырылатын болған. Сондықтан сол уақыттың өзінде-ақ зейнетақы кассаларын жұмысшылар және жұмыс берушілер жарналары есебінен құру туралы ұсыныстар айтыла бастады, бірақ бұл ұсынысқа жұмыс берушілер түсініспеушілікпен қарады.
Мемлекет деңгейінде алғашқы рет зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін Германияда 1889 жылы Отто фон Бисмарк ұйымдастырды. Неміс жүйесінің негізі – міндетті әлеуметтік сақтандыру жарналары болып табылады.
Данияда ( 1891 жылы ) және Жаңа Зеландияда ( 1898 жылы ) зейнеткерлеу жүйесі енгізілді, бұл жүйе кедейлерге көмек көрсетуге бағытталған еді. Бұл жерде ол жалпы салық пайдасынан қаржыландырылды, қажеттілікті бақылауды ескеріп, төлемдердің нақты берілуіне кепілдік бере алды. Бұл зейнетақы жүйесі дәстүрлі кедейлер туралы Заңнамасынан шықты.
Келесі жылдары батыс еуропалық мемлекеттер германдық моделге негізделген зейнетақы жүйесін қалыптастырды, ал англосаксондық мемлекттер (АҚШ-тан басқа) және Солтүстік Еуропа мемлекеттері Дания және Жаңа Зеландия салған жолмен қалыптасты. Бұл жүйелер әр түрлі міндеттерді шешті. Германдық модель жұмысшының зейнетке шыққаннан кейінгі әлеуметтік статусын сақтауға бағытталса, ал Дат моделі, аяғында Англия енген, кедейшіліктің деңгейін азайтуға бағытталған.
XX ғасырда дамыған мемлекеттер арасындағы зейнетақы жүйелерінің бірқалыпты ұқсастығы байқала бастады. Сақтандыру жарналарына негізделген жүйеде (Германия) алдынғы жарналарға қарамастан, ең төменгі зейнетақы кепілдігі жасалған. Бірдей зейнетақыға негізделген мемлекеттерде зейнетақы жүйесі бюджеттен, жалпы кірістерден қаржыландырылды. Ең төменгі зейнетақыға қосымша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. [38]
Солтүстік Америкада мемлекеттік жасына байланысты зейнетақының таралуы салыстырмалы баяу жүрді. Канадада 1927 жылы сақтандыру жарналары ескерілмеген, қажеттілікті бақылау жүйесі енгізілді. АҚШ-та штат үкіметі 1920 жылдары қажеттілікке негізделген зейнетақы жүйесін енгізе бастады. 1934 жылы бұл жүйе 28 штатта жұмыс атқара бастады. 1935 жылы АҚШ-та федеративті зейнетақыны сақтандыру жүйесін енгізе бастады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Шет ел мемлекетінің зейнетақы жүйесі
Адамның даму тарихында ежелгі мемелекеттерде зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерінің жүргізілуі туралы аз емес мысалдар бар. Мысалы: Рим империясында отставкаға шыққан легионерлер 3000 денар алса, ал преторианцтер 5000 денар және жер алатын болған. Ресейде алғашқы рет әскери адамдарды зейнетақымен қамсыздандыруды I Петр Теңіз уставында, 1720 жылы заңдастырды.
Еуропада классикалық капитализм кезеңінде (XIX-ғ басы XX-ғ аяғы) зейнетақы кассалары кең өріс алды. Оларды қазіргі кәсіби зейнетақы қорларымен салыстыруға болады. Зейнетақы кассаларындағы ақша қаражаты жұмысшылардың жарналары есебінен құрылды. Ауруға шалдығуына байланысты және жасына байланысты төлемдерді төлеу - жұмыс мерзімінің ұзақтығына сәйкес өсе берді. Егер жұмысшы жұмыстан босатылса осы зейнетақы құқығынан айырылатын болған. Сондықтан сол уақыттың өзінде-ақ зейнетақы кассаларын жұмысшылар және жұмыс берушілер жарналары есебінен құру туралы ұсыныстар айтыла бастады, бірақ бұл ұсынысқа жұмыс берушілер түсініспеушілікпен қарады.
Мемлекет деңгейінде алғашқы рет зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін Германияда 1889 жылы Отто фон Бисмарк ұйымдастырды. Неміс жүйесінің негізі - міндетті әлеуметтік сақтандыру жарналары болып табылады.
Данияда ( 1891 жылы ) және Жаңа Зеландияда ( 1898 жылы ) зейнеткерлеу жүйесі енгізілді, бұл жүйе кедейлерге көмек көрсетуге бағытталған еді. Бұл жерде ол жалпы салық пайдасынан қаржыландырылды, қажеттілікті бақылауды ескеріп, төлемдердің нақты берілуіне кепілдік бере алды. Бұл зейнетақы жүйесі дәстүрлі кедейлер туралы Заңнамасынан шықты.
Келесі жылдары батыс еуропалық мемлекеттер германдық моделге негізделген зейнетақы жүйесін қалыптастырды, ал англосаксондық мемлекттер (АҚШ-тан басқа) және Солтүстік Еуропа мемлекеттері Дания және Жаңа Зеландия салған жолмен қалыптасты. Бұл жүйелер әр түрлі міндеттерді шешті. Германдық модель жұмысшының зейнетке шыққаннан кейінгі әлеуметтік статусын сақтауға бағытталса, ал Дат моделі, аяғында Англия енген, кедейшіліктің деңгейін азайтуға бағытталған.
XX ғасырда дамыған мемлекеттер арасындағы зейнетақы жүйелерінің бірқалыпты ұқсастығы байқала бастады. Сақтандыру жарналарына негізделген жүйеде (Германия) алдынғы жарналарға қарамастан, ең төменгі зейнетақы кепілдігі жасалған. Бірдей зейнетақыға негізделген мемлекеттерде зейнетақы жүйесі бюджеттен, жалпы кірістерден қаржыландырылды. Ең төменгі зейнетақыға қосымша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. [38]
Солтүстік Америкада мемлекеттік жасына байланысты зейнетақының таралуы салыстырмалы баяу жүрді. Канадада 1927 жылы сақтандыру жарналары ескерілмеген, қажеттілікті бақылау жүйесі енгізілді. АҚШ-та штат үкіметі 1920 жылдары қажеттілікке негізделген зейнетақы жүйесін енгізе бастады. 1934 жылы бұл жүйе 28 штатта жұмыс атқара бастады. 1935 жылы АҚШ-та федеративті зейнетақыны сақтандыру жүйесін енгізе бастады.
Ф.Рузвельт жарналарға негізделеген зейнетақының сақтандыру жүйесін құруды қолдады, өйткені ол оның ұзақ саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуді мақсат қойды.
II Дүниежүзілік соғыс қарсаңында бүкіл индустриялы мемлекеттерде зейнетақымен қамсыздандыру жүйелері болған. Бірақ бұл жүйелерге халықтың аз бөлігі қатыстырылып, төлемдер деңгейінің төмендігімен сипатталды.
Зейнетақымен қамсыздандырудың даму тарихындағы зерттеулер нәтижесінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі деген анықтама берілді. Оның астарында құқықтық, қаржылық, экономикалық және ұйымдастырушылық - институттар мен нормалар қамтылады. Олардың мақсаты - халыққа зейнетақы түрінде болатын материалды көмек көрсету. [32]
XX ғасырдың соңынан бастап дүниежүзі елдерінде зейнетақы реформалары жүргізілді. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйелері өздерінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Ұйымдастырушылық негізде, принциптер бойынша, басқару әдісімен және т.б. маңызды сипаттамалар бойынша екі бірдей жүйенің ұқсастығын табу қиын. Зейнетақы жүйелерінің зерттеулері нәтижесінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін басқару классификациясының негізін қалау мүмкіндігін берді.
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін басқару классификациясы.

Классификация белгілері бойынша
Зейнетақымен қамсыздандыру түрлері
Меншік түрі бойынша
-Мемлекеттік
-Мемлекеттік емес
Зейнетақы жарналардың капитализациясы немесе қайиа бөлу принципін қолдануына байланысты.
-Бөлушілік
-Жинақтаушы
-Аралас
Ұлттық зейнетақы жүйесінің моделіне байланысты.
-Беверидж моделі.
-Жеке (ұжымдық) зейнетақы сақтандыру моделі.
-Бисмарк моделі.
Қаржыландыру әдісіне байланысты
-Зейнетақы төлемдерін ағымдағы түсімдерден ағымдағы шығындарды жабу.
-Барлық зейнетақы төлемдерін қазіргі уақытта және болашақта қамтамасыз ететін резерв құру.
Салық салу әдісіне байланысты
-Зейнетақы төлеу кезіңде салық салу.
-Инвестициялық табысқа салық салу.
Қатысушылар қамтылуына байланысты.
-Барлық азаматтар үшін.
-Халықтың жеке топтарына арналған
Зейнетақы жүйесіне қатысу түріне байланысты
-Міндетті.
-Ерікті.
-Кәсіби.
Зейнетақы кестелерін қолдану арқылы зейнетақы мөлшерін анықтау тәсіліне байланысты.
-Бекітілген жарналармен.
-Бекітілген төлемдермен.
Дерек көзі: Оспанов Г.Б. автореферат 2007 жыл

12 - ші кестедегі классификация осы саладағы зерттеулерді жүйеге келтіру үшін құрастырылған. Оның көмегімен әр зейнетақы жүйесінің негізгі элементтерін белгілеу, зейнетақы жүйесінің негізгі мақсаттық функциясын анықтауға және оған қол жеткізу үшін нақты тиімді басқару әдістерін қалыптастыруға мүмкіндік туады [37].
Әлеуметтiк қамсыздандыру, соның iшiнде зейнетақымен қамтамасыз ету қазiргi түсiнiктеме бойынша тек XІX ғасырдың соңында ғана қалыптасқан. Ең алғашқы мемлекеттiк зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесi XІX ғасырдың соңында Германияда тосын жағдайлардан және науқастығы жөнiнде сақтандыру, қарттығы мен мүгедектiгi бойынша зейнетақы енгiзу туралы, сонан соң Канадада, Францияда, Италияда, Ұлыбританияда және басқа да мемлекеттерде заңдарды қабылдауға байланысты құрылған.
Нарықтық экономикадағы зейнетақымен қамтамасыз етуде мемлекет маңызды роль атқарады. Ол қартайғанда табыспен қамтуды қаржыландыру, басқару және реттеуге байланысты кең көлемдегі мәселелерді қамтиды. Мемлекет қоғамның көзқарасын жақтаушы ретінде зейнетақылық сақтандыруды ұйымдастыруда басқарушы роль атқарады. Бірінші кезекте мемлекет азаматтарды әлеуметтік қорғауда кепіл болуға, зейнетақымен қамтамасыз етуде нормативті-заңдылық актілердің сақталуына кепіл болуға арналған. Мұның барлығы заң шығарушы, атқарушы билік органдарының көмегімен орындалады.
Мемлекеттік реттеу мен нарықтық өзін-өзі реттеудің арақатынасы экономиканың жағдайымен анықталады: өндірістің айтарлықтай төмендеуі, инфляцияның күшеюі, жұмыссыздықтың өсуі-мемлекеттің ролін нығайтуға алып келеді; әлеуметтік экономикалық жағдайдың жақсаруы кезінде мемлекеттің әсері әлсіреп, нарықтық реттегіштер іске қосылады. Зейнетақылық сақтандыру жүйесін реттеу ерекшелігі осы саладағы өзін-өзі реттеудің нарықтық тетіктері мен оған мемлекет әсерінің дамыған жүйесінің үйлесуінің қажеттілігінен туындайды. Нарықтық экономикадағы зейнетақы саласында мемлекеттің ролі күрделене түседі. Зейнетақымен қамтамасыз етуді реттеуден бұрын мемлекеттік зейнетақылық сақтандыру тетігінің өзін қалыптастыру үрдісінің және оған өту үрдісінің реттеушісі болуы қажет. Зейнетақымен қамтамасыз етуді қайта құруда басқарудан мемлекеттің бас тартуы қайта құрудың либералды тәсілдеріне, зейнеткерлерді экономикалық қорғаудың тиімсіздігіне әкеліп соқтырады. Мемлекетке үйлестірушілік және әдістемелік қызметтерді бекіту тиімді.
Нарықтық тетіктерді реттеуге күш салған мемлекеттерде (АҚШ, Ұлыбритания), мемлекеттің араласуы төмен деңгейде. АҚШ-да қорларға қатысты өзіндік инвестициялаудың шегі ғана орталықтан реттеледі. Бұл жағдайда қорларға бекітілген төлемдер мөлшері бойынша жалпы активтер көлемінен 10% төленіп отырады.

Қазіргі және болашақ ұрпақты лайықты қамтамасыз ету үшін зейнетақымен қамтуды қайта құру мемлекеттің ең күрделі мәселесі болып қала береді. Зейнетақы нарығының ары қарай табысты өркендеуі зейнетақы қорлары мен олардың салымшыларының көзқарастарына байланысты көптеген факторларға тәуелді болады. Зейнетақы құралдарын басқаруда мемлекеттің қатысу дәрежесін анықтау барынша маңызды.
Ол әр елде әр түрлі:
oo нарықтық қағидалар негізінде мемлекеттік басқару. Бұл типтегі жүйелердің пайда болуы инвестициялық шешімдер қабылдау үрдісіне саяси ықпалдарды төмендетудің қажеттілігінен туындады. Бұл жағдайда қор құралдарымен бұрынғысынша мемлекет басқарады. Бірақ, инвестициялық шешімдер шенеуніктермен емес, мемлекеттік қызметке шақырылған мамандармен қабылданады. Берілген жоба көп жағдайда тікелей мемлекеттік басқарудан гөрі әртүрлі инвестициялық стратегиялардың тәуекелділіктерін бағалауды ұйғарады. Келтірілген жоба бойынша Канаданың мемлекеттік зейнеақы қоры жұмыс істейді. Қор аймақтық қағида бойынша бөлінетін жағдайларда болады, әрбір аймақ өз басқарушысын шақырады. Бұл Боливияда қолданылады;
oo тікелей мемлекттік басқару (Уганда). Жинақтаушы зейнетақы шоттарындағы құралдар мемлекеттік бюджеттің бір бөлігін құрайды немесе жеке қаржыны қалыптастырады. Екі жағдайда да құралдарды инвестициялау туралы шешім мемлекеттік шенеуніктермен қабылданады. Құралдардың басым бөлігі елдің мемлекеттік қарыз ақшаларына бөлінеді, мемлекеттік банктердің депозиттік шоттарына аударылады немесе мемлекеттік инвестициялық жобалар арасында таратылады;
oo қатаң реттеуші тәсілдермен орындалатын сыртқы басқару (Уругвай). Инвестициялық стратегияларды жасау және қор құралдарын басқару сыртқы жетекшімен жүзеге асырылады. Бірақ, мемлекет инвестициялық қоржынның құрылымына қатаң шектеулер қояды. Мөлшерлемелер инвестициялау стратегияларын таңдауда және қолдағы құралдардың санын айтарлықтай деңгейде шектейді. Осы сияқты шектеулердің көмегімен мемлекеттік зейнетақы қорларын тікелей басқарудағыдай нәтижелерге жетуі мүмкін. Бірінші типтегі қорларға қарағандағы ерекшелігі мұнда инвестициялық қоржын негізіне нарықтық бағалы қағаздар енеді;
oo мемлекеттің өте төмен деңгейде қатысуымен сыртқы басқару (Австралия) [38].
XX ғасырдың соңынан бастап дүниежүзі елдерінде зейнетақы реформалары жүргізілуде. Бұл процестің негізгі тенденциясы - жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу. Дүниежүзінде қарттарды зейнетақымен қамтамасыз ету проблемасы жыл сайын шиеленіп келеді. Бұл проблемаларды шешу үшін әр ел өздеріне тән тарихи, саяси және қаржылық жағдайларына байланысты әр түрлі шаралар ұйымдастыруда.
Қаржыландырудың екі әдісі
Зейнетақы жүйесін қаржыландырудың негізгі екі әдісі бар:
1. бөліп берушілік (нефондируемый). Бұл әдісте ағымдағы зейнетақы шығындары ағымдық кірістермен қаржыландырады. Бұл әдіс мынандай атқа ие - PAYG (pay-as-you-go) - "қимылдағаныңды тоқтатпағанша ақша төле".
2. жинақтаушы (фондируемый), бұл жерде қаражат, болашақта зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз ететін, арнайы қорды (резерв) құруға бағытталады.
Үш деңгейлік жүйе
Дамыған елдердің көбінде зейнетақы жүйесі үш деңгейлі болып келеді.
1. бірінші деңгей қызметі - әлеуметтік, кедейшіліктен қорғау болып табылады. Бұл деңгей белгілі бір күн көру минимуммының кепілін ұсынады. Аталған қызметті жүзеге асыру мемлекеттік әлеуметтік бөліп берушілік зейнетақы жүйесіне жүктелген. Әлеуметтік зейнетақының дифференциациясы (еңбек өтілі, еңбек салымы, жалақысы және басқа да көрсеткіштерге байланысты) жоққа тең немесе минималды.
2. екінші деңгейдің қызметі- зейнеткердің қажетін оған үйреншікті деңгейде қанағаттандыру болып табылады. Бұл деңгей белсенді жұмыс істейтін халық бөлігіне арналған. Бұл қызметті мемлекет немесе оның бақылауымен құрылатын, міндетті зейнетақы жүйесі іске асырады.
3. үшінші деңгей қызметіне- жеке толықтырылған өз еркілік зейнетақымен қамтамасыз ету жатады. Бұл деңгей сақтандыру компанияларының, банктердің, жеке зейнетақы және басқа қорлардың көмегімен іске асады. Бұл деңгейге мемлекет тікелей қатыспайды.
Қазақстанның зейнетақы жүйесі әлемдік тәжірибеге сүйене отырып тиімді үлгіні енгізу арқылы әдістемелік негізін қалыптастыру керек.
Зейнетақы жүйесінің қызмет етуінің әдістемелік жүйесі төмендегі кестеде берілді.
13 кесте - Әлем елдеріндегі тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің үлгілері

Зейнетақы жүйесінің үлгілері
Әдістемелік негіз
Экономикалық тетіктері

Басқарылуы
Зейнетақы төлеу түрлері

АҚШ

Америка үлгісі

Мемлекеттік реттеу
-сақтандыру компаниялары
-зейнетақы қорларынан
-мемлекеттік бағдарламаларынан
Скандинавия елдерінде
Әмбебап және әлеуметтік үлгі
Бір орталықтан жоспарлау
-мемлекеттен
-сақтандыру компаниялары
Германия
Бисмарк үлгісі
Үкіметтен реттеу
-мемлекеттен
-сақтандыру компаниялары
Ресей
Беверидж үлгісі
Бисмарк үлгісі
Бір орталықтан жоспарлау
-мемлекеттен
-сақтандыру компаниялары
-жинақтаушы қорларынан
Өзбестан
Кеңестік үлгі
Бір орталықтан жоспарлау
-мемлекеттен
Қазақстан
Чили үлгісі
Мемлекеттік реттеу
-мемлекеттен
-ынтымақты
-жинақтаушы қорларынан
Дерек көзі: Г.Ж. ЖолдасбековаЗейнетақы жүйелерінде реформа жүргізудің шетелдік тәжірибиесі авторефератының мәліметтері

13-ші кестеде әлем елдеріндегі зейнетақы үлгілері мен зейнетақы төлеу түрлері көрсетілген. Францияда әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламасы жүзеге асуда, одан басқа 1972 жылдан бастап еңбек келісімдерінде міндетті түрде енгізілетін қосымша зейнетақы бағдарламасы бар. Ұлыбританияда 1978 жылы бастап, жалақы көлемімен зейнетақы көлемін байланыстыратын зейнетақы қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламасы іске асады [45].
Шетел мемлекеттік емес әлеуметтік бағдарламалардың қазіргі құрылымын келесі түрде көруге болады:
1) белгілі бір кәсіпорын шегіндегі құрылған бағдарлама;
2) сала деңгейінде іске асатын бағдарлама;
3) жалпы ұлттық масштабта.
Бірінші түрдегі бағдарлама барлық елде кездеседі, бірақ олар АҚШ-та, Канадада, Ұлыбританияда, Жапонияда көбірек тараған. Салалық бағдарламалар Франция, Бельгия мен Голландияға тән. Өндірістік зейнетақымен қамтамасыз ету ұлттық масштабта Скандинавия елдерінде қолданылады, бұл жерде Жалпы ұлттық деңгейде орталық зейнетақы қорлары құрылған.
Әртүрлі елдердегі зейнетақы қорларының ұйымдастыру - құқықтық нысандары да түрлі. Мысалы АҚШ, Ирландия және Ұлыбритания зейнетақы қорлары көбіне активтермен сенім хат арқылы басқару жүргізетін траст компаниялар нысанында құрылады: Нидерландыда, Швейцарияда, Бельгия мен Португалияда құратын кәсіпорынды заң жүзінде тәуелсіз акционерлік компаниялармен ассоциациялар нысанында; Германияда көптеген кәсіпорындар өз жұмысшыларын зейнетақымен қамтамасыз ету мақсатында арнайы резервтік шоттар, сонымен қатар автономды зейнетақы кассалары немесе көмек қорлары құрылады. Әр түрлі елдердегі зейнетақы жүйелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерінің бірі зейнетақы қорытындыға млрд.долл. активтер көлемі, оснымен қатар бір адамға шаққандағы ЖҰӨ -нің зейнетақы активтерінің пайыздық үлес салмағы. Жекеленген елдердің зейнетақы қор активтер көлемі және ұлттық экономикадағы олардың алатын орны 1 кестеде көрсетілген [39].
Соңғы жылдарда зейнетақы қор активтерінің орта жылдық өсу қарқыны барлық айтылған елдерде жоғары болды: көп елдерде олар 7-11%-ды құрады, соның ішінде АҚШ - 12%, Ұлыбритания - 16%, Нидерланды - 15,6%.
ОЭСР елдеріндегі зейнетақы қоры активтерінің тез өсу факторының ішінен мамандар келеслерін атап көрсетеді:
oo олардың қатысушыларына берілетін салық жеңілдіктері;
oo өз активтерін орналастыратын кезде қорға арналған жеңілдіктер;
oo қаржы нарықтарында операциялардың табыстылық деңгейінің салыстырмалы жоғарылығы.
Көптеген елдерде жекешелендіру процесстерін қаржыландыру үшін зейнетақы қорлары қаржы көзі болып табылады. Мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету бағдарламасын осы елдердің үкіметтің алдын - ала салынған салымдарына негізделген, жекеменшік зейнетақы бағдарламамен ауыстырып, ірі капитал қорларын жаңадан жекешелендірілген компаниялардың ақшаларын сатып алу үшін құрады.
Жеке инвесторлар құқықтарын кеңейту жеке меншік зейнетақымен қамтамасыз ету бағдарламасына салымдардың өсуіне және ұжымды инвестиция нарығының активтенуіне оң ықпалын тигізеді. Салым салушының құқықтарын кеңейту салдары АҚШ-тағы тұрақты зейнетақыны төлеуді көздейтін бағдарламадан, инвестордың зейнетке дейінгі салымдардан сәйкес табысына қарай негізделген зейнетақы төлеу бағдарламасына көшу болып табылады. Зейнетақы және бірлескен қорлар тәжірибесі шетелге капитал құюдан табыстар өсуі мүмкін, ал егер құнды қағаз портфельдерін нарыққа дұрыс орналастырсақ инвестициялық тәуекел мөлшері азаятынын көрсетіп тұр.
Англия, Германия, Канада, Жапония, АҚШ және басқа да кейбір дамушы елдер шетел құнды қағаз нарықтарына шыға отырып үлкен пайда алды.
Зейнетақы реформасын іске асыратын елдер реформаны енгізу мен оның қызметінің тиімділігі және рефрманы халықтың қабылдауы деген сияқты, көптеген проблемалармен кездесуде. Зейнетақы реформасын енді ғана жүзеге асырып отырған елдер үшін жаңа жинақтаушы зейнетақы жүйесінің шешілмей отырған мәселелері жетерлік, әсіресе оның ескі жүйемен байланысы.
АҚШ мемлекетіндегі зейнетақымен қамтамасыз ету. АҚШ - та 60 жылдан аса екі түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жеке табыс салығының ерекшеліктері мен даму бағыттары
Жеке табыс салығы және оны жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі
Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегі проблемаларды анықтау
Салық қызметінің органдары
Патент негізіндегі арнаулы салық режимдері
Жеке табыс салығының бюджеттегі орны
Қазақстан экономикасының тарихы
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы жағдайын талдау
Қазақстанның экономикасы
Пәндер