Алматы қаласына физикалық-географиялық сипаттама


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Алматы қаласы - еліміздің аса ірі қалаларының бірі, Қазақстан Республикасының оңтүстіктегі астанасы. Үкіметтің шешімдерінен туындайтын міндеттерге сәйкес оны одан әрі дамыту, еңбекті ұйымдастыру мен өндіріс технологиясында түбегейлі өзгерістер жасау көзделеді. Қазірдің өзінде осы бағытта көп іс атқарылды және атқарылуда. Бұл қаланың экологиялық-санитарлық жағдайларын бұрынғыдан анағұрлым жақсартумен қатар еңбеккерлерінің таза да, қолайлы жағдайларды толық пайдалануына мүмкіндік берілмеген.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Алматы қаласының техногендік қалдықтармен ластануына байланысты экологиялық аймақтарға бөлу.
Бітіру жұмысының құрылымы. Кіріспеден, үш тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу көлемі 60 беттен, 13 сурет, 5 кестеден тұрады.
Зерттеу нысаны: Алматы қаласы.
Қазақстанның оңтүстік астанасында экологиялық жағдай 60-шы жылдардың ортасынан бастап-ақ нашарлай бастады. Содан бері экологиялық қиындықтар көбейді: атмосфералық ауаның бұзылуы, ашық су қоймаларында су деңгейінің төмендеуі, қалалық тұрғындардың автокөліктерден бөлінген газдармен улануы және т. б. Жоғарыда айтылғандардың барлығы Алматы қаласының экологиялық қолайсыз 100 қаланың қатарына кіргенін көрсетеді. Бұл қорытынды заңды, өйткені өкімет пен қала басшыларының шешімдерінің 90% жүзеге асырылмайды немесе «кейінге» қалдырылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Қазақстандағы ең ірі мегаполис - Алматының техногендік қалдықтармен ластануын көтеріп, мүмкіндігінше олардың алдын алып, практикалық шараларды ұсыну. Технологиялық процестердің Алматы қаласындағы өнеркәсіптердің, құрылыстардың, транспорттардың табиғи ортаға көрсеткен ықпалын қарастырдым. Қазіргі кезде Алматыда көп өнеркәсіп көздерінің құлдырауына қарамастан, ауа алабы, су көздері және топырақты ластау белсенді жүріп жатыр. Ауа қабатына жіберілетін ластаушы заттардың құрамына көміртегі оксидтер, күкірт және азот оксидтері, фенолдар, қорғасын, формальдегид және шаң жататыны анықталады.
Дипломдық жұмысын жазу кезінде келесідей зерттеу әдістері қолданылды: мерзімдік басылымдар, статистикалық мәліметтер, картографиялық әдістер пайдаланылған. Бұл жұмыста қолданылған негізгі сөздер мен терминдер: техногендік ластанулар, температуралық инверция, радиациялық баланс, ультракүлгін радиациясы, циклон, фондық шоғырлану, ластану коэффиценті, экология, топырақ, санитарлық нормалар, тұндырғы, жасыл желек, герметикалық қондырғы, гидроизоляция, фондық құрам, токсикологиялық баға.
1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1. 1 Алматы қаласының жер бедері және геологиялық құрылысы
Алматы қаласының жер бедері өте күрделі, айналасы, негізінен, таулы, сайлы-жыралы келеді. Қала маңындағы биік таулы еңіс (3000-5000 м) бедері тік жартасты, терең құзды, құлама беткейлі. Тау бастарының біраз бөлігін мұз басқан.
Алматы төңірегі негізінен таулы келеді. Оңтүстігінде Тянь-Шань тау жүйесінің бір сілемі - Іле Алатауы жатыр. Тау етегінде шайынды жыныс қабаттарынан түзілген ысырынды конус элементтері көп кездеседі.
Алматы қаласы Іле бойы жазығының оңтүстігінде, Тянь-Шань тау сілемдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік-шығыс бөлігінде Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында, теңіз деңгейінен 700-900 м жоғары, Үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларында жайласқан. Солтүстік жағында қала территориясы сәл еңістеу жазыққа ұласады. Атырабының 600 м-ден жоғары орналасқан өңірі - қалың ағаш өскен шұрайлы алқап. Алматы қаласы территориясының оңтүстік және орталық бөліктері, әсіресе солтүстік бөлігіне қарағанда қатты тілімделген. [1] .
Алматы - Қазақстанның ең үлкен, әрі республикалық маңызы бар қаласы. Әкімшілік-территориялық жағынан 7 ауданнан тұрады. Жергілікті басқару органы - Алматы қалалық әкімшілігі. Жалпы жер көлемі 339, 4 шаршы км (1-сурет) . Алматыда 1 434 755 адам тұрады (2011)
Қала түгелімен Алматы облысының территориясымен қоршалған, бірақ әкімшілік жағынан Алматы облысының құрамына кірмейді. Солтүстігінде Алматы Іле ауданымен, батысында және оңтүстігінде Талғар ауданымен шектеседі. Қаланың географиялық координаттары - 77˚ шығыс бойлық және 43˚ солтүстік ендік
Сурет 1. Алматы қаласы аудандарының жер көлемдері, шаршы км
Әкімшілік-территориалды бөлінуі: Алмалы ауданы, Әуезов ауданы, Бостандық ауданы, Жетісу ауданы, Медеу ауданы, Түрксіб ауданы, Алатау ауданы.
Қала жеріне Тянь-Шань тау жүйесінің Күнгей және Теріскей Алатау жоталарының шығыс бөлігінің біраз сілемдері кіреді.
Солтүстігінде Текес және Кетпен тауаралық ойысы жатыр, оны солтүстігінен Кетпен (Ұзынқара) жотасы тұйықтаған. Биік жері - 3652 м (Аспантау т. ) . Мұнда мұздық жоқ, тау бастары жатық, оңтүстік бсткейі тік кұлама, солтүстігі көлбеу.
Оңтүстігінде Тянь-Шань тау жүйесінің бір сілемі - Іле Алатауы жатыр. Жота батыстан шығысқа қарай 350 км-ге созылады. Оның үстінен, биіктігі жағынан Қазбек, Монблан шыңдарынан кем түспейтін, Талғар (5017м), Нұрсултан (4376м), Үлкен Алматы (3684м) шыңдары мен мұңдалап алыстан көрінеді. Тау етегінде шайынды жыныс қабаттарынан түзілген ысырынды конус элементтері көп кездеседі. Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің аралығы дөңбектасты-малтатасты шөгінділерден түзілген. Қала негізінен осы ысырынды конус пен лайлы тасқындар әрекетінен жиналған жыныстар қабатының үстінде орналасқан. Алматы территориясының оңтүстік бөлігі, оның орталық, әсіресе солтүстік бөлігіне қарағанда қатты тілімденген.
Альпілік тектоникалық қозғалыстар Іле Алатауына күрделі кейіп берді. Биік таулық ярус (3000-5000 м) бедері альпілік сипатта, тік жартасты, терең құзды, құлама беткейлі, шыңырау сайлы болып келеді. Гляциалдық белдеуінің біраз бөлігін мұз басып жатады. Бұл аймақта тау жыныстарының үгілу және тік беткейлермен төмен қарай сусу қарқыны күшті болғаны байқалады. Бұған шектес төменгі ярустың (3000-1500 м) бедері терең сайлар мен жосықтарға толы, өзен аңғарының беткейі тік құлама келеді. Алматы төңірегінің ең биік жері - Іле Алатауының солтүстік сілемі аласа төбе, адырлы келеді, мұнда бөктерлік биік шоқырлар көп (қ. Боралдай қыраты, Көктөбе, Қотырбұлақ, Шаналысай) . Тау етегіне ұштасып жатқан жазық өңір негізінен борпылдақ жыныстардан және малтасты-дөңбектасты шөгінділерден түзілген, беті лёсті, құмды-сазды қабаттан тұрады. Солтүстікке қарайғы атырап бедері едәуір өңіс келеді де, бірте-бірте тегістеле бастайды. Бұл өңірде Үлкен және Кіші Алматы, Есентай, Ремизовка өзендері бар. Солтүстік батысқа қарай сай-жыралар мен құрғақ аңғарлар көп, жер беті сәл еңістеу, антропоген кезеңінің және эол шөгінділерінен түзілген жазық дала. Мұнда биіктіктері 60-80 м шамалы қырқалар мен төбелер жиі ұшырайды. Құмды қырқалардың беткейлерінде қуаң далаға бейімделген ксерофитті өсімдік өседі. Табиғи жер бедері қала жағдайына сәйкес айтарлықтай өзгеріп келеді. Мысалы, Үлкен Алматы өзені аңғарындағы дөңбектасты-малтатасты аумақты төбе алғашында құм, қиыршықтас өндірілетін карьерге, кейін қала тұрғындары тынығатын Сайран бөгеніне айналдырылды.
Қаланың негізгі бөлігі теңіз деңгейінен есептегенде 600 м-ден 900 м-ге дейінгі биіктікте орналасқан, дегенмен қала әкімшілігінің басқаруындағы жеке жер телімдері одан да биікте («Медеу» мұз айдыны - 1691, 2 м, Шымбұлақ шатқалы - 2200-2500 м) [2] .
Алматы альпілік сипаттағы тау массиві - Іле Алатауы антиклинорийінің солтүстік қанаты етегінде орналасқан. Ендікке жуық бағытта созылған геологиялық құрылымдар мен тектоникалық жарылыстар зоналарының жалпы бағытына сәйкес келетін бұл жота граниттен, габбродан, эффузиялар мен олардың туфтарынан, эффузиялық шөгінді жыныстардан, аздап құмтастардан, тақтатастардан, мәрмәрдан түзілген. Іле Алатауының қазіргі сипаты палеогеннің ақырында басталған тектоникалық процестердің нәтижесінде қалыптасқан.
Бүкіл антропоген кезінде таулардың биіктеуіне байланысты Іле Алатауының солтүстік беткейлеріндегі өзен аңғарлары мен шатқалдарында дөңбектас, қиыршықтас-малтатас, құм-саз құрамдыкесек жыныстар мол жиылды. Бұлар тау етектерінде ысырынды конустарды түзіп, төменіректе ені 10-15 км, қалыңдығы 2000-3000 метрлік тұнба жыныстар қабатына ұласады.
Ысырынды конустардың жазыққы қарай ылдилануы анық байқалады, кәлденең қимасы линза пішінді. Мұнда тау жақтан келген жер беті мен жер асты ағындарының сүзілуі нәтижесінде артезиан суының мол қоры жинақталды. Қала үшін бұл судың маңызы күшті.
Қала атырабының жоғары сейсмикалылығы неогендік-антропогендік тектоник қимылымен, көне және жас терең жарылыстармен байланысты. Мұнда үлкен апат болған Верный (28 май (9 июль) 1887) және Кемин (22 декабрь 1910 (4 январь 1911) ) жер сілкінулері болды. Сейсмологиялық және географиялық комплекстік зерттеулер жер сілкінудің қалыпты 9 балдық зонасын және одан да жоғары сейсмикалық аймақтарды анықтауға мүмкіндік берді, ірі ғимараттар тұрғызуға қажетті антисейсмикалық шараларды анықталды.
Алматы күшті лайлы тасқындардың қаупі бар аймаққа орналасқан. Апатты тасқындар Кіші Алматы өңірінің арнасында 1921 және 1973 жылдары болды. 1921 ж, 3 млн. м 3 -ден астам балшық пен тас қаптады. Мореналық Тұйықсу көлінен басталған 1973 жылғы лайлы тасқынды Медеу плотинасы бөгеп тоқтатты. 1977 ж. августа Үлкен Алматы өзені аңғарында 6 млн. м 3 -дей көлемдегі сел тасқыны болды. Қазіргі кезде елді мекендер мен халық шаруашылығы нысандарын лайлы тасқындар мен қар көшкіндерінен сақтандыру жобаларының жүйесі іске қосылды. Алдын ала сақтандыру шаралары кеңінен жүргізілуде.
Қаланы кеңейту үшін жер бедері қолайсыз, ылғалы мол босаң топырақты алаңдар кеңінен игерілуде. Мұндай жерлерді пайдалану үшін бірінші әр түрлі техникалық шаралар жүргізіледі (сай-жыраларды топыраққа толтырып тегістеу, дренаждау, ағынды реттеу, т. б. ) . Қала шегіндегі антропогендік қабаттардың қалыңдығы 10-15 м болғандықтан, ірі ғимараттардың іргетасы осы тереңдікте орнатылады. Қала іші мен оның төңірегінен табылған құм, қиыршықтас, малтатас, құрылыстық және беттеме тас, ізбестас, т. б. кендері кеңінен қолданылады[3] .
1. 2 Қаланың гидрогеологиялық жағдайлары мен гидрографиясы
Алматы өзендерінің гидрогеологиялық жағдайы жөнінен Іле артезиан алабына, Іле Алатауының солтүстік беткерлік терең ойпаңы аймағына жатады. Қалыңдығы 3200 м-ден астам палеоген-неоген, антропоген шөгінділерінде жаралу тегі мен құрамы әр түрлі жер асты суы жиылған.
Палеоген мен төменгі неогеннің құм қабаттарында тұзды (37-54 г/л), хлоридті, натрийлі, ыстық (70 0 -80 0 С), арыны күшті (250-300атм) жер асты суы бар. Суының құрамы (г/кг) : иод-0, 007, бром-0, 060, бор-0, 006-0, 018, кремний қышқылы-0, 017, фтор-0, 007.
Жоғарғы неоген жыныстары қабатының 1750 м тереңдігінен ыстық, кішкене тұздылау су шығады. Құрамы (г/кг) : иод-0, 001-0, 002, бром-0, 012-0, 017, бор-0, 020, кремний қышқылы-0, 036, фтор-0, 003; газдары (%) : азот пен сирек газдар -85, оттек - 13, метан - 2. Судың бальнеологиялық қасиеті анықталды. Мұнда қол-аяқ, жүйке, ішек-қарын ауруларын емдейтін санаторий салынуда (1982) .
Антропогенді дөңбектасты - малтатасты, құмды - саздақты шөгінділерінде (қалыңдығы 500 м-ден астам) жер асты суының ағыны бар. Үлкен және Кіші Алматы, Қарғалы өзендерінің ысырынды конустарында бұл су арынсыз келеді, ал таудан 16-20 км қашықтықтағы сазды қабаттарда арынды судың бірнеше қабаттары қалыптасқан, суы тұщы (0, 2-0, 3 г/л), гидрокорбонатты, кальцийлі және салқын. Бұл қабаттарда 50-60% өзен суы, 20-25% ирригациялық су, 10% атмосфера ылғалы, 1-2% таулық жер асты суының үлесі бар. Антропоген жыныстарының сулары қаланы сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылуда.
Тауда жарықшақтық және тұщы (0, 1-0, 3 г/л), гидрокарбонатты, кальцийлі-магнийлі су көздері көп. Неогеннің тұзды шөгінділерінің жапсарларындағы су біраз ащы (1-3 г/л), сульфатты, натрийлі болады. Тектоникалық жарылыстарымен минералды жылы су зоналары байланысты. Бұл сулардың шипалық қасиеті бар. Алмаарасан шипажайы осындай судың негізінде жұмыс істейді[4] .
Қала және оның төңірегіндегі өзендер Іле алабына жатады. Негізінен бұлар ағыны қатты, арналары енсіз (10-15 м) және терең шатқалды (800-1000 м) келеді. Бастауларының орналасу және су жинау сипатына қарай бұлар екі топқа бөлінеді: бастаулары қар жиегінен төменде жатқан бөктерлік өзендер және мұздықтардан шығатын биік таулық өзендер. Негізінен атмосфералық жауын-шашын суымен толысатын болғандықтан, су көздерінің ең жоғарғы деңгейлері көктемгі қар еруге және шілде айларында таудағы қар мен мұздықтардың еруіне байланысты байқалады. Өзен суы шілденің басында, яғни ауа температурасының шұғыл жоғарылауына байланысты мұздықтардың еруінен су деңгейі 15-20 см-ге дейін көтеріледі[5] .
Өзендері. Қала арқылы Үлкен Алматы мен Кіші Алматы өзендері, сонымен қатар олардың салалары - Есентай (Весновка), Ремизовка, Жарбұлақ (Казачка), Қарасу ағып өтеді. Олардың барлығы Балқаш көлінің бассейніне жатады. Олардың ағыстары жылдам, арналары тар (10-15 м) және шатқалдары терең болып келеді. Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Есентай өзендерінің қала шегіндегі арналары бетондалған және ұсақ бассейндерге тіркелген. Бұлар 3000 м-ден жоғары беткейлерден басталады, негізінен мұздық суымен толысады, деңгейінің төмендеуіне немесе көтерілуіне жауын-шашын мен жер асты сулары әсер етеді. Үлкен Алматы өзені Іле Алатауының 3500 м биіктіктегі беткейлік мұздықтан басталады. Орта биіктік зонасында мұның бір тармағының жоғары антропоген мұздық моренасымен көмкерілуінен Үлкен Алматы көлі пайда болған. Оның төменгі жолында өзен суы құбырмен СЭС тізбегіне беріледі. Одан біраз төменіректе өзен аңғарында Үлкен Алматы плотинасы салынған. Өзен қаланың батыс бөлігімен ағып, қаладан 52 км қашықтықта Қаскелең өзеніне құяды. Жылдық орташа су шығыны 4 м 2 /с. Қаланы электр энергиясы және сумен қамтамасыз етуде маңызы зор.
Сурет 3. Кіші Алматы өзені [6] .
Кіші Алматы өзені Тұйықсу мұздығынан басталады. Аңғарында лайлы тасқынға тосқауыл ретінде Медеу плотинасы бой көтерген. Қалаға жеткенше Кіші Алматыға Кімасар және шағын Бұтақты салалары құяды. Қаладан үш тармақ - Кіші Алматы, Есентай, Жарбұлақ өзендері ағып өтеді. Кіші Алматы, Есентай арналары қала ішінде жеке-жеке тосқауыл бөгеттерге бөлініп, жағасы бетондалған. Кіші Алматы өзені қаланың солтүстігіндегі Қапшағай бөгеніне құяды.
Көлдері және бөгендері. Қала өміріне байланысты көлдер негізінен гляциалдық зонада орналасқан. Олар шапшаң еритін мұздықпен көмкерілген көл және мореналық немесе ерімейтін мұздықпен байланысқан көлдер болып екі топқа бөлінеді. Іле Алатауы сілемдерінде зерттелген 128 мореналық шағын көл бар. Бұлар - тұщы су көзі, сондай-ақ таулық көлдер лай тасқындарының қалыптасу үрдісінде үлкен рөл атқарады. Тұйықсу мұздығының етегінде, Кіші Алматы аңғарында осындай үш көл бар. Олардың аумағы жиі өзгереді, кейде мүлдем тартылып қалады, соңынан қайтадан пайда болады. [6]
Қала өмірі үшін Ақсай, Ащыбұлақ, Қапшағай, Мыңжылқы, Сайран бөгендері сияқты жасанды айдындардың маңызы зор. Алматы өзенінің аңғарындағы Сайран бөгені жағасында жаз айларында Алатау, Әуезов аудандарының тұрғындары демалады. Сол сияқты Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің аңғарларындағы, Іле бойындағы Қапшағай т. б. бөгендер қала халқының демалыс орындарына айналып отыр.
Мұздықтары. Қала табиғатына тікелей әсер етуші Іле Алатауы жотасының солтүстік беткейі шыңдарында жалпы ауданы 308, 03 км 2 307 мұздық қалыптасқан. Солтүстік беткейлік мұздану аумағы батыста Ұзынқарғалы өзенінің жоғары бөлігінен, шығыста Түрген өзенінің бастауына дейін созылған. Мұндағы қар жиегі 3800-3900 м биіктік шегінде өтеді. Аумақты мұздықтар жотаның орталық бөлігіндегі биіктіктері 4700-4900 м тауда шоғырланған. Мұздықтарына тән сипат - көпшілігінің ауданы шағын (2 км 2 шамасында) болып келеді (бұлар жалпы мұздықтарының 87% -і) . Мұздықтар ұшының ашық бөлігі шамамен 3530 м биіктікке, көмулі бөлігі 3440 м-ге дейінгі деңгейге төмендейді, ал фирн сызығының ең биік деңгейі аңғарлық мұздықта (3870 м) байқалады, шлейфте бұл 3840 м-ге, қар мен аспалы мұздықта 3820 м-ге дейінгі деңгейге төмендейді. Іле Алатауындағы қазіргі мұзданудың пайда болуы көбінесе жер бедерінің сипатына байланысты да, өңірдің климат жағдайына біршама тәуелді. Қала атырабын және оның өнеркәсіп орындарын тұщы сумен қамтамасыз етуде, маңайдағы егістік пен бау-бақшаны суаруда мұздықтардың ролі өте зор[7] .
1. 3 Климаты
Алматы қаласының климаты континенті. Жергілікті жердің жер бедерінің биік орналасу салдарынан қатты дифференцияланады. Климаттық жағдайы - желсіз тынық ауа райымен және ауа қабаттарының тау аңғарлары арқылы төмен қарай ығысуымен ерекшеленеді.
Орташа көпжылдық ауа температурасы 9˚С, ең жоғарғы температурасы 43, 4ºC (тамыз), ең төменгісі -37, 7º С. Ең суық ай (қаңтар) температурасы -7, 7˚С, ал ең жылы ай (шілде) температурасы 23, 3˚С (1-кесте) . Орташа алғанда қатқақтар 14 қазаннан басталып, 18 сәуірге дейін жалғасады. Тұрақты аяздар шамамен алғанда 67 тәулік - 19 желтоқсаннан 23 ақпанға дейін созылады. Басты максимум сәуір-мамыр, қосымша максимум қазан-қараша айларына келеді. Құрғақ кезең тамызда байқалады. Алматыда орташа атмосфералық қысым - 926, 3 гПа. Тұрақты қар жамылғысының пайда болуының орташа уақыты 30 қазанға келеді, бірақ оның пайда болуы 5 қазан мен 21 қараша аралығында өзгеріп отырады. Қар шамамен 114 тәулік бойы жатады. Қардың еруінің орташа кезеңі - 2 сәуір (26 ақпаннан 12 мамырға дейін өзгеріп тұрады) . Қалада және оның маңайында жылына шамамен 50-70 тәулік тұмандар байқалады. Жылдың салқын кезі негізінен тұманды болып келеді. Тұманды күндер саны қала және оның төңірегінде орта есеппен жылына 50-70 тәуліктей, жылдық орта мөлшерден ауытқуы кейбір жылдары 40 тәуліктей.
Жазда бұлттылықтың қайталануы 12%, жылдың қалған маусымдарында 20-30%, күн ашықтығының қайталануы жыл бойына 70%-ке жуықтайды. Сібір антициклонының қалыптасуына байланысты қала үстіндегі атмосферасының қысымы артады.
Қуаңшылығы жоғары - тамыз айы, бұл айда қалаға орташа есеппен 24 мм ғана жауын-шашын түседі, ал ылғалы мол ай - мамыр, жауын-шашынның түсу мөлшері 99 мм.
Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 600-650 мм, ал таулық бөлігінде 1000 мм-ге жетеді[8] .
Гидрометеорологиялық обсерваторияның Алматы станциясында оңтүстік-шығыс бағыттан соғатын жел басым байқалады. Жазда мұның тұрақтылығы артады, қыста кемиді. Қаланың солтүстік жазық бөлігінде жел көбіне солтүстік-батыс бағытта соғады. Жылдамдығы 15 м/с не бұдан да күшті жыл бойына 15 тәуліктей соғады. Мұндай күшті жел 1933 жылы (60 жылда бір рет байқалады) 40 тәуліктей болды. Күшті жел қыс маусымында өте сирек (10 жыл ішінде 1-3 тәуліктей), жазда жылына 2-3 тәуліктей, көбіне түстен кейін соғады.
Ашық жарқыраған күннің ұзақ мерзімді қамтуы демалыстың ыңғайлы болуына және туризмнің көптеген түрлерінің дамуына қолайлы жағдай қалыптастырады.
Вегетациялық кезеңнің орташа ұзақтығы 252 тәулік, 10 наурыздан 18 қарашаға дейін созылады.
Алматының климат ерекшелігінің қалыптасуына қала аумағының ұлғаюы, тас құрылыстардың, темір шатырлы үйлердің және асфальт төсеніші ауданының артуы, өнеркәсіптік және автотранспорттық қалдықтардың қоршаған ортаға көптеп шығарылуы т. б. жағдайлар ықпалын тигізуде. Қала климатына жергілікті рельеф едәуір әсер етеді. Жер бедерінің сипатына байланысты қаланың әр бөлігіндегі ауа температурасының мәндері арасында үлкен айырмашылық байқалады. Қаладан тау жаққа қарай биіктеген сайын ауа қабатының жылына түсуі және жауын-шашын мөлшерінің молаюы жер бедері сипатына байланысты.
1. 4 Топырақ жамылғысы
Алматы және оның төңірегінің топырақ қабаттарының құрылымы Іле Алатауы жотасының солтүстік беткейіндегі биіктік белдеуліктердің ерекшелігімен сипатталады. Табиғи климаттық жағдайлардың құбылып отыруына, биіктіктің 340-3500 м аралығында және одан да жоғары өзгеруіне байланысты, мұнда өзіндік топырағы мен өсімдігі бар биіктік белдеулер мен зоналар қалыптасқан. Ең төменгі зонаны қаланың солтүстік бөлігіндегі шөлді дала алып жатыр. Бұл қалың қабатты лёсті, құмды саздан түзілген, оның астында едәуір тереңдікке дейін құмтасты, малтатасты шөгінділер кездеседі. І-Алматы мен әуежай маңында, одан да солтүстікке қарай сұр топырақ тараған және мұның жоғары қабатындағы гумус мөлшері 2-3%, азот пен фосфор мардымсыз. Көгалдандыру және ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру тек қолдан суарғанда ғана мүмкін. Ысырынды конустан тау етегінде жазыққа ұштасар аралықта жер асты суы жер бетіне жақын, жіңішке сазды өңір ерекшеленіп бөлінеді. Оның оңтүстік шекарасы Октябрьдің 50 жылдығы көшесіне жетеді. Мұнда шалғынды қызыл қоңыр топырақ тараған, көптеген дақылдар үшін мұның құнарлылығы жеткілікті болып есептеледі. Сазды топырақ әсіресе ағаш өсіруге қолайлы, қосымша суландыруды керек етпейді,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz