Қазақстан Республикасындағы аграрлық салада қызмет атқарып жатқан «Қазагроқаржы» АҚ лизингтік қызмет көрсету нарығындағы қызметі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: ҚР Президентінің Қазақстан халқына 2012 жылдың 12 желтоқсаныныда жариялаған «Қазақстан 2050» жолдауында «Кәсіпкерлікті ұлттық экономиканың жетекші күшін жан жақты қолдау керек . Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс. Жаңа жағдайларды, соның ішінде біздің Еуразиялық экономикалық кеңістікке қатысуымызды, алда Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіретінімізді ескере отырып, отандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру және олардың мүдделерін қорғау мен ілгерілету үшін қажетті барлық шараны қабылдау керек» - деп айтылған. [1] Кіші және орта бизнесті дамыту үшін лизингтік қатынастарды пайдаланған тиімдірек екенін айтып өтеді. Қазақстан экономикасының дамуы еліміздегі жүргізіліп жатқан экономикалық іс шараларға байланысты. Соның ішінде «Индустриялды -инновациялық Даму Стратегиясы» туралы айтқанда, ойымызға жоғары технологиялы техника, заманауи құрал -жабдықтар, қуатты машиналар бірден келеді. Егер біз АҚШ, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания секілді дамыған мемлекеттермен бір деңгейде болғымыз келсе, біз жаңа, мықты ғылымның дамуына ұмтылуымыз керек.

Іске асырудан оны сөзбен айту арине оңай. Бұл үлкен көлемдегі инвестицияны өте қымбат құрал- жабдық пен технологияны сатып алуға келгенде тіптен басқаша.

Біздің елімізде қаржы нарығы біршама тұрақты деп айтсақ болады. Бұл шетел және еліміздің инвесторларының дамып жатқан жаңа жобаларға инвестиция салып жатқанынан көруге болады. Бірақ шынайы көрініс басқаша. Қазіргі күні барлық орта және кіші бизнес өкілдерінің қымбат техника мен технологияны сатып алуға банктен нессие алуға мүмкіншілігі жоқ.

ҒТП әсерімен болып жатқан өзгерістер, өндіріс саласының дамуы, экономикадағы терең өзгерістер еліміздегі материалды техникалық базаның жаңаруына байланысты дәстүрлы емес қаржыландыру көзін тауып, ендіру қажеттігі туындап отыр. Осындай бір қаржыландыру көзіне лизинг жатады.

Қазақстандағы лизингтің дамуына еліміздегі құрал- жабдықтар паркінің жағдайының нашар болуы себеп болып отыр. Барлық техника ескірген, құралдардың басым көпшілігі моральды және физикалық тозуға ұшыраған, қолданылу тиімділігі төмен, керекті бөлшектерінің болмауы негізгі себеп болып отыр. Осы проблеманы шешудің бір жолы лизинг- саудадан тыс несиелік және инвестициялық операциялардың барлық элементтерін ұштастырады. Осының барысында кәсіпорын несиеге қарағанда техника бағасынан 10% дейін үнемдей алады. Еліміздегі экономикалық жағдай сарапшылардың пікірі бойынша лизингті дамытуға оңтайлы.

Қазақстан кәсіпорындарының лизингтік операцияларын дамыту мәселелерін теориялық тұрғыдан оқып-білу, оның лизингтік қызмет көрсету нарығын дамытуға байланысты талаптарына қаншалықты жауап беретіндігі туралы өзекті мәселелер, өз кезегінде дипломдық жұмыстың мақсаты болып және оның басты міндеттерін анықтап отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты және басты міндеттері:

Дипломдық жұмыстың мақсаты - лизингтік қызмет көрсету нарығында нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін компаниялардың лизингтік операцияларын дамытудың қажеттігі мен маңыздылығын теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздей отырып, кәсіпорынның лизингтік операцияларын талдау арқылы қазіргі кездегі даму қарқыны мен проблемаларын қарастыру, Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін лизингтік компаниялардың рейтингісін анықтау және лизингтік операцияларды жетілдіру механизмін жасау.

Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:

  • Лизингтік операциялары ұғымын нақтылау;
  • Қазақстандағы лизингтік қызмет көрсетулердің ерекшеліктерін көрсету;
  • Кәсіпорындардағы лизингтік қаржыландыру механизмін қарастыру;
  • ҚР-ғы лизингтік қызметтер нарығындағы лизингті пайдаланатын кәсіпорынның қызметтерінің жағдайына талдау жасау және проблемаларды айқындау;
  • Лизингтік операцияларын дамытудың механизмін жасау;
  • Лизингтік нарықтың қазіргі жағдайына талдау жасау;

Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасындағы аграрлық салада қызмет атқарып жатқан «КазАгроҚаржы» АҚ лизингтік қызмет көрсету нарығындағы қызметі жатады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен құралған.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен пәні және зерттеу нысандары қарастырылған.

Бірінші тарауында лизингтің экономикалық теориялық аспектілері, лизинг операцияларының мәні мен функциялары, лизинг операцияларының пайда болуы, лизингтің түрлері мен Қазақстандағы лизинг шарттарының мәні мен талаптары қарастырылған.

Екінші тарауда Қазақстан Республикасының экономикасындағы «КазАгроҚаржы» АҚ алатын орны, Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялардың динамикасын талдау және «ҚазАгроҚаржы» АҚ -нің лизингтік операцияларының көрсеткіштері мен тиімділігіне талдау жасалған. Лизингтік компанияның берген лизинг негізінде лизингтік төлемдерді есептеу механизмі қарастырылған.

Үшінші тарауда Қазақстан Республикасында лизингтік операцияларды дамытудың жолдары, нарықтағы басты проблемалар, кәсіпорында лизингтік операцияларды дамыту мәселелері және оларды жетілдіру механизмі, Қазақстан Республикасындағы лизингтік қатынастарды дамытудың жаңаша механизмі қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нәтижелері қорытындыда жинақталған.

  1. ҚР КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Лизингтің экономикалық мәні және мазмұны

Лизингтің экономикалық мәнін, анықтамасын, лизингтік операциялардың маңызын талқыламас бұрын лизингтік операциялардың тарихын білу керек екені анық. Лизингтік операциялар ежелден белгілі. Тарих көрсеткендей, олардың дамуы б. д. д. 2 мың жыл бұрын Вавилонда бастау алған. Біздің заманымызда лизинг ХХ ғасырдың 60-жылдары АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Швейцария және т. б. дамыған индустриалды елдерде пайда болып, кейін Шығыс Еуропаның көптеген елдерінде өз дамуын жалғастырды.

Экономикалық категория ретінде лизинг - машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, өндірістік сипаттағы құрылғылардың ұзақ мерзімге жалға берілу негізіндегі қатынастарды білдіреді. Лизинг қажетті құрал-жабдықты көп ақшалай қаражат шығындарынсыз-ақ белгілі бір мерзімге жалға алуға мүмкіндік береді. Машиналарды, құрал-жабдықтарды, ЭЕМ-ді жалға алу өндіріс құралдарының моральдық тозуымен байланысты жоғалтуларды болдырмайды. [2]

Аристотельдің өзі «Риторика» атты шығармасында, байлық меншік құқығы негізінде мүлікті иелену емес, ал оны (мүлік) пайдалану деп атап өткен екен. Ағылшын авторы Т. Кларк лизинг Аристотель өмір сүргенге дейін болды дейді: ол лизинг туралы бірнеше ережені шамамен б. д. д. 1760 жылы қабылданған Хаммурапи заңынан тапты. Рим империясы да лизинг мәселесінен сырт қалған жоқ - ол өзінің көрінісін Юстианның Иституцияларынан тапты. Иелену құқығы мен меншік құқығын бөлу мен иеленуден пайда табу ерте кезде-ақ белгілі болған, ал қазіргі заманғы лизингтің тууы мен таратылуы, жаңа - бұл жақсы ұмытылған ескі екенін тағы да еске салады.

Дәстүрлі лизинг америкалық тапқыштық болып саналады, лизингтік операциялардың есептеу нүктесін шетелдік зерттеушілер 1877 жыл деп қабылдайды. Онда американ «Белл Телефон Компани» компаниясы телефондарды сатудың орынына жалға бере бастады. Лизингтің дамуы, лизинг олар үшін тек сауда саясатының құралы ған емес, бірақ қызмет заты болып табылатын, арнайы лизингтік компаниялардың құрылуына күшті жігер берді. Алғашқы лизингтік компания «Юнайтед Стейс лизинг корп». Ол 1952 жылы Сан Франсцискода құрылды. 60 жылдардың басында америкалық кәсіпкерлер лизингті мұхит арқылы Еуропаға өткізді, онда алғашқы лизингтік компания «Дойче лизинг ГМбХ» 1962 жылы Дюссельдорфте пайда болды. 1972 жылдан мұнда лизингтің еуропалық нарығы бар. [2]

Басында АҚШ-та лизингтің кең тараған объектісі қоршаған ортаны қорғауға арналған мамандандырылған құрал-жабдық болды. Лизингтік қатынастардың ерекшелігі құрал-жабдықты жалға алу және мерзімі ұзартылып сатып арасында нақты шектеудің жоқтығы, оны пайдаланудағы төмен проценттік төлемдер, сонымен қоса оны алдын ала белгіленген бағамен сатып алу мүмкіндігі болып табылады. Қазіргі уақытта АҚШ-та лизинг жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың техникалық қайта жарақтануының және құрылып жатқандардың жабдықталуының нақты құралдарының біріне айналды. Құрал-жабдыққа жұмсалатын қаражаттардың 20 пайызы лизинг есебінен өтеледі.

ХХ ғасырдың 60-жылдары лизингтік мәмілелері әлемнің көптеген елдерінде дамыған, ең алдымен Батыс Еуропа елдерінде кеңінен дами бастады. Алғашында бұл елдерде өнеркәсіптік кәсіпорындардың лизинг көмегімен құрал-жабдықты сатып алудағы қаржыландыру үлесі АҚШ - пен салыстырғанда төмен болды. Бірақ қазіргі кезде Ұлыбританияда өндірістік құрал-жабдықтарды жалға беру салынып жатқан және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қамтамасыз етудің негізгі формасы болып табылады. Өнеркәсіпте қолданылатын құрал-жабдықтың жалпы көлеміндегі жалға алынатын құрал-жабдықтың үлесі 60 %-ға жетті. Францияда соңғы жылдары лизингтің дамуы байқалуда. Батыс Еуропа елдеріндегі лизингтік операциялардың өсуі оның өндіріс пен өнімнің бәсеке қабілеттігін арттыру, салықтарды төлеудегі жеңілдік мүмкіндіктерімен байланысты. Сонымен қатар лизинг құрал-жабдықты жалға беруші фирмалар үшін де, жалға алушы фирмалар үшін де, әсіресе ол өндірістің техникалық дамуының жалғыз мүмкіндігі болып табылатын орташа және шағын кәсіпорындар үшін аса тиімді болып табылады. Лизинг уақыты қолданылатын құралдарының қызмет атқару мерзімінің 40-90 пайызын құрайды және иемдену сипатында болмайды. Жапонияда жыл сайынғы лизингтік операциялардың өсу көлемі 30 пайызды құрайды. [2]

Барлық сала секілді лизинг нарығыда белгілі бір тәртіптер мен талаптарға бағынады. Лизинг нарығында қадағалайтын бекітілген заңдар бар. Лизинг туралы заңдардың алғашқыларының бірі - 1284 жылғы Уэльс Заңы. Кейде лизингті адал емес мақсаттарда да пайдаланылады, мәселен, несие берушілерді адастыру үшін бір нәрсенің нақты жағдайын - меншік иесі кім, иесі кім, жасыру үшін. 1571 жылы мұндай мәмілелерді жасауға тиым салынды, нақты лизингті ғана пайдалануға рұқсат етілді. Лизингті пайдалану ХХ ғасырдан бастап қайталанады. Қазіргі заманғы лизингтік шу тек «лизинг» деп аталатын, бірақ мәні жағынан көп пайда табу мен салық төлеуден жалтару мүмкіндігін жасыратын, мәмілелердің пайда болуына әкелді. Осы сала бойынша алғашқы заңдылық актілері әртүрлі өлшем мен көрсеткіштерді пайдалану жолымен «нағыз» және «жалған» лизингтің шектеуін өзіне мақсат етіп қойды. [3]

«Жалған» лизинг біздің елмен, оның көршілерінің де тәжірибесінде кездеседі. Мәселен, Белоруссия банктері, лизингтің, несиелеудің, күрделі жүйесін, жасанды лизингтік компанияларды пайдалана отырып, бір-бірінен «лизингке» банктік офистерді, байланыстың қазіргі заманғы құралдарын, қымбат автокөліктер мен инкассация үшін броневиктерді алды. Бұдан жеңілген, орасан зор сома (салықтар, резервтік қаржы) ала алмаған, тек қана Белоруссия Республикасының Ұлттық банкі (Нацыянальны Банк Рэспублікі Белорусь) .

Бүгінгі таңда қазақстандық өндірушілердің өнімдерін бәсекелестік қабілеттігінің төмендігіне байланысты нарықтан сапасы жоғары шетелдік тауарлар ығыстыруда. Отандық өнеркәсіп техникалық параметрлері бойынша өте артта қалуда, өндірісте 70-90% тозған құрылғылар пайдаланылуда. Лизингтің маңыздылығы осыда көрінеді.

Белгілі ағылшын сөзі «lеаsе» орысша сөздікте «лизинг» деп айтылады, аударғанда аренда дегенді білдіреді. «Аренда» белгілі бір ақыға мүлікті уакытша иеленуге және пайдалануға тапсыру деп түсіндіріледі. Мұндайда аренда әркайсысында қысқа мерзімді сияқты, ұзак мерзімді болып екі жакты қарым-қатынас (арендаға беруші-арендатор) болып түсіндірілген. [4]

ТМД елдерінде «Лизинг» жаңа термині таяуда нарықтық қатынасқа өткенде колданыла бастады. Аренданың жаңа түрі - бұрын бізде колданылмаған қаржылай түрі, ал Батыста ол жаңа инвестициялардың маңызды қайнар көзі больп кызмет етіп келеді.

Басқаша айтқанда, қаржылай лизинг өндірістік, техникалык базаны жаңартуын қамтамасыз ететін тәсілдердің бірі болып табылады, оның ішінде сәйкес алғашқы капиталдар көлемі болмаған АӨК-де.

Лизинг инвестиция ретінде, кәсіпкерлік қызметтің әртүрінің бірі ретінде карастырылады. Ол жеткілікті үлкен ақша каражаттары болмаса да негізгі қорды жаңартуға, қазіргі заманға сай жабдықтар алуға, оның моральдік тозу жағынан жоғалтуды қыскартуға мүмкіндік береді. Инвестициялық құрал ретінде лизинг үлкен байланыстылық пен тиімділікті иемденеді. Бұл оның кәсіпкерлік ретінде кеңінен дамуы мен таралуына себеп болды. Өндіруші (дайындаушы-зауыттар) - жеткізушілер өз өнімдерін бөліп-бөліп өткізуге қосымша мүмкіншілік алды. Қаржы институттары (банктер, қорлар, сақтандыру компаниялары және басқалар) көбірек табыстар табу үшін өздерінің ақша қорларын тауар ретінде пайдалануға мүмкіншілік алды. Өндірістік қызметтен табыс табу үшін қажетті жабдыктарды алуға мүмкіндіктері бар лизинг алушылар да шығындалып қалған жоқ.

Әлемнің көптеген елдерінде лизинг кеңінен колданылады. ал ТМД елдері мен Қазақстанда оның даму түрлері мен жолдары әлі анықталуда.

Кез келген салада лизингтік кәсіпкерліктің жетістігі көбінесе оның мазмұнын нақты түсінуге, әсіресе осы механизмді анық әрі сауатты иеленуге байланысты.

Осыдан келіп, лизингтің мәнін түсінуге тырысамыз, яғни Қазақстан үшін аграрлық секторға неғұрлым жақын, оның табиғатын, потенцалы, принципі мен ұйымдастырушылық формаларын, іс жүзіндегі кәсіпкерлік қызмет үшін лизинг жүйесінде салынған экономикалық механизмдер артықшылығын жаксы білу қажет.

Іс жүзінде және әдебиетте лизингтің экономикалык мәнінің рөлі мен мазмұны әртүрлі айтылады. Себебі, лизингте қалыптасқан қарым-қатынастар күрделілігі, егер анықтап қарасақ, түсінік шектеулі тамыры мүліктің «пайдаланушы» мен «меншік иесі» анықтамасында жатыр. Басқаша айтқанда, меншікті маңызды орындауға бөлу мүмкіншілігі - меншіктік құқықтың өзі (меншік объектісін иелену құқығы) мен мүлікті пайдалану (табысты жұмылдыру әлеуметтік және т. б. тиімдер ) ізінше, лизинг мәнін өндірістік қарым-катынастармен өндіруші күштер жағдайымен өзара байланысты меншіктік қатынастарды өткізу тәсілі ретінде тәптіштеуге болады.

Соңғы өнімді өндіруші-кәсіпорын (лизинг алушы) өз еңбегі мен каражатының негізгі құралдарды жаңартуға және куаттылыкты өсіруге салады.

Мұндайда ол тек қана иесі емес, сонымен қатар алынған мүліктің меншік иесі болады. Лизинг алушы ретіндегі бұл кәсіпорын кәсіпкер- меншік иесі, өндіруші ретінде де болады. Өйткені ол пайда табу мақсатындағы мүлікке ие болады, пайдаланады және жұмсайды (лизинг берушінің рұқсатымен) .

Басқа да экономикалық категориялар сиякты, лизинг та мазмұны мен ерекшелік түрі жағынан шаруашылық сақтандырудың белгілі бір жүйесін аныктайды. Дәлірек айтканда:

-Лизинг қуаттылықты өсіру құралы, өндіріс потенциалын жаңарту және өндіріс қаражаттары инвестициясын іс жүзінде көтеру механизмі больп табылады.

-Өндіріс құралын сатып алу-сату есебінен уақытша пайдалануға берумен байланысты және соңынан лизингке тапсыру және лизингтік механизм негізін құрайтын мүліктік қарым-қатынастар кешені;

-Лизинг қарым-қатынастардың үш ұйымдастырушылык- экономикалық формасынан тұрады және маңызды функцияларды қамтиды.

-Лизингтік өндірістік функциясы - мүлікті уакытша пайдалану есебінен өндіріс проблемасын шешу;

-Лизингтің өткізу сферасы - тұтынушылар аумағьн көбейту және өткізудің жаңа нарығын меңгеру; [5]

Көрініп тұрғандай, келісімнің әрбір мүшелері үшін артықшылықтар мен мүмкіншіліктер кеңейеді. Атап айтсақ, тауар өндіруші - өнімді қосымша өткізу, лизингке беруші - тиімді капитал салу, лизинг алушы - кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті мүлікті иелену мүмкіндігі.

Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда саттыққа және қоймаға арналған құрылғаларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты. [4]

Лизинг - кәсiпорындарға қажеттi негiзгi құралдарды сыртқы ұзақ мерзiмдi қаржыландырудың есебiмен алуға мүм­кiндiк беретiн бiрегей инвестиция сайманы. Кәсiпорындардың дәл қазiр толық бағасының аз ғана бiр бөлiгiн төлеп және қалған бөлiгiн кейiнгi бiрнеше жылда бөлiп төлеу арқылы, жаңа құрал-жабдық пен техниканы алу мүмкiндiктерi бар. Сонымен қатар, банкiлерден алатын несиеден артықшылығы, лизингке берiлген құрал-жабдықтың меншiктiк құқығының өзi кепiл болып табылады. Лизинг мер­зiмiнiң соңында, бүкiл лизинг төлемдерi төленген жағдайда, лизингке берiлген құрал-жабдықтың меншiктiк құқығы лизинг берушi компаниядан лизинг алушыға өтедi.

Экономикалық қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады. Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен мүліктерді уақытша пайдалануға жалдау ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға салынған тауарлық несие ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, кейде лизингті «несиежал» (фр. “credit - pail”) деп атайды. [6]

Сонымен, жалпы лизинг банктік несиелеудің альтернативі
болып табылатын күрделі қаржыны қаржыландырудың ерекше формасы.
Ол өндірістi компанияларға көп шығын жұмсамай-ақ қажетті тауарларды
алуға және өндірістік құрал-жабдықтардың ескіруімен байланысты
тәуекелдіктерден сақтауға мүмкіндіктер береді. Яғни, лизинг - уақытша пайдалануға негізделген мүліктік қатынастар кешенi. Бұл кешеннің құрамына жалға беру туралы келісім-шартпен қоса, мүлікті сатып алу-caтy туралы келісім-шарттардың лизинг үшін осы келісім-шарттардың күрделілігі тән. Лизинг операцияларының техникасы сызба түрінде берілген.

2

4 1 3

1 - құрал-жабдыққа тапсырыс беру;

2 - құрал-жабдық үшін төлем;

3 - құрал-жабдықты жеткізу;

4 - лизингтік төлемдер;

Сурет 1. Лизинг операцияларының техникасы

Дерек көзі: Мақыш С. Б «Банк ісі» [4]

Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол несие алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.

Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизинг беруші лизингке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі несиені қамтамасыз ету құралы болып табылады. [4]

Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айтатын болсақ. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі - оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:

  • Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг оъектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды;
  • Лизинг 100% - ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай - ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіп өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
  • Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады;
  • Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.
  • Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды. [6]

Қазақстан Республикасы экономикасының жағдайы инвестициялық саясатқа, жаңа бағыттар іздеу қажеттілігін айтатын ел секілді. Сол сияқты, осы сферада болып жатқан үрдістерге мемлекеттің әсер ету түрін атап өткен жөн. Әрбір қатысушыға табыс әкелетін кәсіпкерліктің осындай түрі нарық жағдайындағы ережелердің бірі болып табылады. Нарықтағы лизинг саласының несие саласымен сабақтас екені анық. Несиемен салыстырғанда лизинг тиімді операция болып табылады. Кейбір мағына да тартымды. Әрбір саланың тартымдылығы мен кемшіліктері болады. Осыдан кейін, лизингтің негізгі тартымдылығы туралы қарастырамыз.

Кесте 1

Лизинг тартымдылығы

Артықшылығы
Тәуекел
№: 1
Артықшылығы:

Мүлік түрінде инвестициялау:

1. құралдарды қайтармау тәуекелінің төмендеуі, өйткені лизинг берушіде мүлікке деген меншіктік құқық сақталынады, ол кепілдік ретінде болады.

2. 100% төлем мөлшері мен әртүрлі кезеңде несиелеу, өндірістік қордағы машиналар паркін жаңарту, қымбат тұратын жабдықтар алу

Тәуекел:

-кепіл болып табылатын мүлікке деген меншіктік құқық сақталу есебінен төмендейді

-жағдай есебінен қаржылық арту төмендейді

№: 2
Артықшылығы: Қарызға қарағанда, лизингтік қатынастар анағұрлым икемді, өйткені, төлемнің ыңғайлы сызбасын өңдеу мүмкіншілігі бар дәл белгіленген баға және қозғалмалы
Тәуекел: Жоқ
№: 3
Артықшылығы: Лизингке алушы үшін мүліктің физикалық және моральдік тозу тәуекелі тқмендейді, өйткені мүлік уақытша пайдалануға алынады.
Тәуекел: Жоқ
№: 4
Артықшылығы: Лизингтік мүлік лизингке алушының балансында көрсетілмейді, ізінше мүлік салынатын салықтан босатылады
Тәуекел: Жоқ

Кесте 1 жалғасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизинг операцияларының техникасы
Лизингтік қызмет көрсетудің теория-әдістемелік негіздері
Маркетингтік қызметті басқару негіздері
Лизингтің мағынасын зерттеу
Лизинг шартының мазмұны
Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы
Лизинг келісімшарт мерзімі
Лизингтік келісім шарттық мерзімі
ҚР лизингтің мәселелері мен дамуы
Қазақстандағы лизингтік қызмет жағдайын талдау және бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz