Қазіргі заманғы PR-дегі IT және ақпараттық технологиялардың рөлі мен қолдану тәсілдері


IT технологиялар. Оның pr-дағы орны.

Қазіргі заман талабына сай қоғаммен байланыс саласында қалыптасып қалған әдістермен қатар ғаламдық интернет желісі беретін мүмкіндіктерді пайдалануға негізделген технологиялар үлкен мәнге ие. ПР саласы маманының көзқарасы тұрғысынан алғанда интернетті бірінші кезекте коммуникацияның жаңа каналы ретінде қарастыру керек. Барлық коммуникациялық каналдар үлкен екі топқа жіктеледі:табиғи (вербальді және вербальді емес) және жасанды (документальды және электронды) . Интернет коммуникацияның жасанды электронды каналына жатады.

Коммуникацияның жасанды каналдарының пайда болуы, олардың санының ұдайы артуы мен ақпаратты берудің техникалық әдістерінің күрделенуі, сонымен қатар табиғи каналдардың маңызының азаюы фиксацияланған тарихи тенденция болып табылады. Адамдардың дифференцияланған қоғам жағдайындағы қарым-қатынасқа деген қажеттіліктің артуы жасанды каналдардың пайда болуының негізгі себебі. Жасанды коммуникациялық каналдарды пайдалануды қажет ететін қарапайым оқиға коммуникациялық үрдіске қатысушылардың аумақтық алшақтығымен байланысты. Ақпараттық қоғам жағдайында қашықтық емес, берілген ақпараттың көлемі мен қиындық деңгейі маңызды орын алады.

Алайда интернет тек қана коммуникация каналы ғана емес, ақпаратты сақтау орны болып табылады.

Тиімді желіде ПР-маманының жұмысын атқаратын IT-технологиялардың анықтамасы мен сараптамасы:

-электронды почта;

-маркетингтік және әлеуметтік зерттеулердің жүргізілуі;

-корпоративтік вэб-сайт;

-БАҚ өкілдерімен жұмыс.

Е. Н. Пашенцов «Bell корпорациясы электронды почтаны пайдаланудың арқасында прессаға арналған басып шығару материалдарына 50 % үнемділікке қол жеткізген.

PR мамандары электронды почтаны келесі жағдайларда пайдаланады:

- Тапсырыс берушілердің сұранысына жауап беру үшін;

- Ұйым ішінде ақпарат тарату үшін;

- Ақпараттық бюллетендерді жіберу үшін;

- Дискуссиялық топтарға қатысу үшін;

- Журналистермен байланысу үшін.

PR-дағы ақпараттық технологиялар

«Ақпараттық технология» деген терминді В. Тлушков енгізді. Ол оған мынандай анықтама берді: «Ақпараттық технология дегеніміз - ақпаратты өңдеумен байланысты үрдістер». Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар үнемі қолданылған деуге болады, себебі оқыту дегеніміз - ақпаратты оқытушыдан тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу. В. Апатова, В. Глушковтың берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: «Ақпаратгық технология дегеніміз - ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен әдістер жиынтығы».

Public relations қоғамдық феномен сияқты әлдеқашан пайда болып, тез дамыған. Бірақ та IT- технологиялар бұл өте күрделі процесс, қоғамдық өмірідің барлық саласына әсер етті, және бұл процесс PR саласына әсер етпеуі мүмкін емес еді.

Әрине, бірінші кезекте PR-ға ақпараттық технологияның әсері PR-дың каналдарының кеңейуіне пайдасы зор. Тіпті бұл "канал" сөзі ақпараттық кеңістікте қолданылады, интернет болып табылады.

Қазіргі таңда бірде-бір PR-акциялар интернетсіз іске аспайды. Бұл таңғарларлық жағдай емес, интернетті пайдалана отырып аудиториядағы адамдардың санын он есеге, жүз есеге көбейтуге болады. Орташа статистикалық есеппен алғанда презентация кезінде аудиторияда бірнеше ондаған адам болады екен. Ал далада өтетін PR-акцияларда бірнеше жүз адам болады. Бір апта уақытта көрмелерге бірнеше мың адамдар кіріп-шығады екен. Ал интернетті пайдалана отырып осы статистикалық мәліметті он есеге көбейтуге болады. Бірақ та тез нәтижеге жету мүмкін емес, сонда да үлкен мүмкіндік бар.

PR мамандары электронды почтаны мына жағдайларда пайдаланады:

- Тапсырыс берушілердің сұранысына жауап беру үшін;

- Ұйым ішінде ақпарат тарату үшін;

- Ақпараттық бюллетендерді жіберу үшін;

- Дискуссиялық топтарға қатысу үшін;

- Журналистермен байланысу үшін.

Ақпарат тарату құралдарын бағалау олардың неғұрлым қолайлысын, болмаса олардың жиынын таңдап алумен аяқталады. Жекеше коммуникация құралдары арасында таңдау клиентурамен тікелей байланыс жасайтын фирма қызметкерлері арқылы хабарлама беруге түсуі ықтимал; содай-ақ қажетті ақпарат таныс және жақын адамдардың пікірі, тәуелсіз мамандардың толғамдары арқылы таратылуы мүмкін. Соңғы екі арнамен хабарлама мақсатты аудиторияға күрделі түрде беріледі, дегенмен тұтынушылардың солардан алған ақпаратқа сенімі көбірек болады. Көпше коммуникация құралдары арасында бұқаралық ақпарат құралдарын бәліп алған дұрыс, оладың көмегімен ауқымды аудиторияны да, сондай-ақ тұтынушылырдың арнайы топтарын да қамтуға болады.

Ақпарат тарату құралдары, біріншіден, олардың жауапты хабарламаны таратуға жарамдылығы тұрғысынан қарастырылады. Екіншіден, олардың әрқайсысын пайдалануға байланысты шығындарды бағалау қажет. Үшіншіден, ақпарат тарату құралдары қамтитын ауқымды зерттеген жөн. Төртіншіден, бұл құралдарды бәсеклкстердің қайсысы және қалайша пайдаланатынын білу де маңызды. Ақыр-соңында бұл құралдардың барлығын икемділігі, коммуникациялық хабарламаның ұзақтығы тұрғысынан талдау қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы туризмді дамытудағы PR технологияларының рөлі мен қолдану тәсілдері
Мемлекеттік басқаруда ақпараттық технологиялардың рөлі мен қолдану ерекшеліктері
Қазақстандағы туризмді дамытудағы PR-технологиялардың рөлі мен тиімділігі
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың күнделікті өмірге әсері: бұқаралық коммуникация және кибертерроризм
Паблик рилейшнз (PR): теориясы, тәжірибесі, IT-технологиялары және кәсіби этикасы
Білім беруде ақпараттық технологиялардың маңызы және қолдану мәселелері
Қазақстандағы туризмді дамытудағы ақпараттық технологиялардың рөлі
Қазақстан Республикасындағы ақпараттық жүйелер мен ұлттық ақпараттық технологиялардың қазіргі жағдайы және электрондық үкіметтің рөлі
Қазақстандағы туризм саласында PR-технологиялардың қолданылуы және тиімділігі
Тұрмыста энергия үнемдеуші технологиялардың тиімділігі мен қолдану тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz