Орта Азия мен Саха (Якутия) тұрғындарын сайлаушылар есебінен атымен шығарып тастауы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

А) Сполыпиннің сайлау заңын бекітуі

Ә) Орта Азия мен Саха (Якутия) тұрғындарын сайлаушылар есебінен

атымен шығарып тастауы

Б) Буржуазиялық революцияның жеңілісі

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланған әдебиеттер


1917 жылғы Ресейдегі Ақпан ревалюциясы

П. А. Столыпин 1907 жылғы 3 маусымдағы сайлау заңын бекітерде Империяны орыстандыра түсудің бір жолы ретінде Польша, Кавказ, Ресейдің Азия бөлігінің өкілеттілігін аямай қысқартып, ал Орта Азия мен Саха (Якутия) тұрғындарын сайлаушылар есебінен атымен шығарып тастауды қарастырды. Ал бұған іле-шала қабылданған 1910 жылы Финляндия Ұлы Княздігі туралы, Поляк патшалығынан Холм губерниясын шығару, 1914 жылы Солтүстік Кавказ, Қалмақстан, қазақ далалары, Оңтүстік Сібірдің христиан емес тұрғындар мекендейтін жерлерін тікелей уездік басқаруға көшіру туралы заңнамалар Романовтар әулетінің ақырғы он жылдығында империялық өкіметтің ұлт саясатында не істеп, не қойып жатқандарын көп ретте өздері де білмейтіндіктерін көрсетті. Тек 1917 жылы февраль революциясы ғана естерін кіргізіп, мұндай ақылға сыймас шектеулер біртіндеп алынып қала бастады.

Буржуазиялық революцияның жеңілісі большевиктердің де ұлт саясатындағы көзқарасын өзгертуге мәжбүр етті. Жұмысшыларға - фабрика-зауыт, шаруаларға - жер, солдаттарға - бейбітшілік сыйлаумен бірге, халықтарға бостандық беруді уәде етті. Ресейдің тарихында алғаш рет 1917 жылдан кейін орыстар көпшілік болып табылатын өлкелер РСФСР болып бөлектеліп, бұратана халықтар көпшілігін құрайтын өлкелер автономиялы республикалар, облыстар, округтер болып табылып, шекарамен шектес ұлт кеңістіктері Кавказ құрамасы (федерациясы), Украина, Беларусь одақтас республикалары болып есептеліп, әрқайсысының шекаралары нақтыланып көрсетілді. Өзеуреме өзімшіл орысшылдық бұл үшін большевиктерге өлердей өкпеледі.

Алайда, большевиктер билікке қолы біржолата жетіп алған соң, Версаль жүйесі қағидаларына мұншалық адалдықтан айни бастады. Азияға ентелеген ауа көшушілік (миграция) тасқыны асқындай түсті. ІІІ Александр тұсындағы аграрлық отарлаушылық шұбырын Транссібір, Түркістан темір жолдары салынуына байланысты жаңа қарқын алды. Оған 1920-1921 жылдардағы Азамат соғысының қашқындары мен босқындары қосылды. Арты жоспарламалы жаппай мекен ауыстырушылыққа, екпінді құрылыстар легіне жалғасты. 1937 жылы жаппай-қуғын-сүргін, соғыс тұсындағы бас сауғалау, жер аудару, соғыстан бүлінген шаруашылықтарды қалпына келтіру мен тың көтеру көші-қондары байырғы тұрғындар үлесін күрт кемітіп, аумақтағы ұлтаралық ара салмақты түбегейлі өзгертті. Мұндай үдерісті олар халықтар достығы, интернационалдану деп атады. Ұлттар түбінде жоғалады деп, жұртты этностық немқұрайлыққа баулыды.

Алайда, бұл көзбояушылық еді. Басты халық қалған тұрғындардың бәрін қосқандағыдан екі еседен астам көп гомогенді (біртекті) қоғамда ұлттық немқұрайдылыққа шақыру империя құраушы саны көп ұлтқа ашық басымдылық беру деген сөз еді. Шын мәнінде Кеңестер одағының барлық аймағында орыстардың үлес салмағын көбейтіп, байырғы халықтардың үлес салмағын азайту саясаты жүргізілді. Байырғы халықтың саны, 1989 жылғы санақ бойынша, Арменияда - 93, 3; Әзірбайжанда-82, 6; Ресейде - 73, 6; Беларусьте - 78, 1; Украинада - 72, 8; Түркіменстанда - 71, 8; Грузияда - 70, 2; Өзбекстанда - 68, 7; Молдовада - 64, 4; Тәжікстанда - 62, 2; Эстонияда - 61, 7; Қырғызстанда - 52, 4; Латвияда - 52, 1; Қазақстанда - 39, 7 пайыз құрады. Байырғы халықтың барының өзі қарқынды аккультурацияға ұшырап, төл сипатынан айырылды. Тіл қағажу, діні қуғын көрді. Оны да місе тұтпай, этностық басыну төсек қатынасына дейін қол сұғып, ұлтаралық некелесу көбейтілді. КСРО-да 1959 жылы әрбір оныншы, 1979 жылы әр бір жетінші неке қосұлттық болды. Ал Қазақстанда әрбір бесінші неке аралас неке-тұғын. Бұл ашықтан ашық жүргізілген империялық этностан басқаларды жаппай кемсіту саясаты еді.

Мұндай жағдайда басталған кез келген саяси-экономикалық реформа ұлт мәселелерін айналып өте алмайтыны белгілі. Сондықтан кеңестік кеңістіктегі қайта құруды этносаралық сипат алуы жағынан үш кезеңге бөлуге болады. 1985-1989 жылдар арасындағы КСРО-ны реформалау 1989-1991 жылдар аралығында одақ пен 15 республика, 38 автономиялық құрылымдар тұратын аумақтар арасындағы ашық саудаласуға айналды. 1991 жылғы 19 тамыздан кейін СОКП біржола тарап бітті.

Бұл үдеріс қауырт өрістеді. Өткен ғасырдың сексенінші жылдары бейбіт қатар өмір сүрудің тегеурініне КСРО төтеп бере алмайтынын ашық байқата бастады. Әлем тұрғындарының 15 пайызын құрайтын капиталистік дүние әлемде өндірілетін жалпы ішкі өнімнің 63 пайызын, халықтың 33 пайызын құрайтын социалистік елдер жалпы ішкі өнімнің 19 пайызын, халықтың 52 пайызын құрайтын “үшінші дүние” әлгіндей өнімнің 18 пайызын шығарды. Бұл - әлемдік ара салмақ пен орнықтылықты насырға шаптыратындай қауіпті дағдарыс еді. Мұны анық сезген Л. И. Брежнев денсаулығына байланысты қызметтен босатуды сұрады. Саяси Бюро келіспеді. Тұралап отырған елді төтен әбігерлендіруден қорықты. Бірақ, 1982 жылдың қарашасында ауырып қалжыраған Бас хатшы дүние салды. Орнына Ю. А. Андропов келді. Ол жағдайды тәртіпті күшейтумен түзетпек болды. Алайда, көп ұзамай ауыр науқастан дүние салды. Одан кейін келген К. У. Черненко да сол кепті киді. Қаудыраған “Кремль қариялары” жаппай дүние ауды.

Жаңа Бас хатшы М. С. Горбачев жұртты үсті-үстіне жаңаша ойлауға шақырғанмен, өзі аяқ аттаған сайын ескіше қимылдады. Мемлекетті тұралатып отырған социалистік жүйе мен империялық құрылымды сақтап қалып, қоғамды қайта құруды ұсынды. Нені қалай қайта құру керек екендігіне ешкім түсінбеді. Оған 1986 жылғы ХХV партсъез де, 1989 жылғы бүкілодақтық партконференция да, 1991 жылғы ХХVІ партсъез де басын ашып жауап бере алмады. Бұл жетпіс жыл бойы билікті дербес иеленіп келген монополист партияның беделін көзапара құлдыратты. КСРО Конституциясының СОКП-тің көшбасшылығын мойындайтын алтыншы бабының күші ресми түрде жойылды.

Соған қарамастан, коммунистердің жаппай демократия аңсап отырған көп құрамды қоғамды үйреншікті ұр тоқпақтың астына алуы қурап тұрған шөпке тамызық тастағанмен бірдей болды. Кавказда еңбекпен табылмаған ақша, Өзбекстанда мақта, Қазақстанда бірде жерімізге, бірде төрімізге көз алартқан басқа дауын қоздатты. Тыңға келіп, топырлап алдынан шыққан республика басшылығын көзге ілмей, фермалар мен қырмандарды аралады. Съез өткізіп, саяси элитаға бірінің ізін біріне шабақтатып, өз маңдайларын өздеріне шиедей қып тырнатып, ауыздарын алалады. Интернационалист болғансып, байырғы халықтың соңына түсіп, басқа ұлттық шашырандарды (диаспораларды) жағалады. Қазақстанда қаптап жүрген тың алғадайлары мен индустрия командирлерінің бірін көрмей, көлденең көк аттыға сенім артты. Пәлен жыл қатарынан “Халықтар достығының лабораториясы” деп дәріптеліп келген Қазақстан аяқ астынан “ұлтшылдық ұясы” деп жарияланды. “Жуас түйе жүндеуге жақсы” деп, кеше өтірік мақтап, бүгін өтірік даттаған көлгірсу мен көзапара жалаға көнбіс жұрт та шыдай алмады. Әсіресе, әлгіндей әбжіл дәріптеу тұсында қалыптасқан жас буын одан бұрынғы зобалаңдардан ауызы күйіп қалған ұрпақтардың аңтарушылығына қарамастан, алаңға шығып, қайта құрушылардың демократияшыл уәделерін тілге тиек етіп, арманда кеткен Махамбет бабалары айтқандай, “ақырып теңдік сұрады”. Бұл - тек Қазақстан емес, бүкіл кеңестік кеңістік бұрын-соңды көрсете қоймаған батылдық болды. Есеңгіреген орталық талап қоюға жала жабумен, өтінішке күш көрсетумен жауап берді.

Бұл СОКП-ның қандай қиянаттан да тайынбайтын саяси парықсыздығын бірден ашып берді. Ұлттардың намысына тиіп, бірінің кебісін біріне кигізу - қайта құрудың стиліне айналды. Одан Сумгаит, Таулы Қарабақ, Ош, Ашхабад, Жаңа Өзен, Баку, Тбилиси оқиғалары бірінен соң бірі қаулай жөнелді. Бәрі де бір сценариймен өрістеп, бәріне де бір уәждемемен саяси баға берілді. Бұл, түптеп келгенде, ар жағында әлгіндей әкімгершіл кеудемсоқтықтан өрбіген мемлекеттік әпербақандықтан тұтанған арандатушылық өрттері еді. Соларды пайдаланып ұлттарды бір тұқыртып алуды көздеген аярлық еді. Оны ресми билік ұлттық сепаратизм мен жастардың саяси бейбастықтығына телуге күш салды. Алайда, бұл - албырт жастықтың емес, көптің тілегін, мұңын көзге ілмей қойған оспадар орталықтың баса-көктеулеріне әбден ашынған халықтың шарасынан аса лықсып төгілген ыза-ашуы еді. Әлем танып отырған азаттықшыл халықтық дүр сілкіністі Кремль сарапшылары үйреншікті жікшілдік пен есірткі пайдаланғандардың әулекілігі қып көрсетуге әуреленіп бақты. Бірақ, одан ештеңе шықпады. Жаппай наразылық басқа республикалар мен өңірлерді де қамтып, жалпақ елге жайылып, өңмеңдеген өктемдіктің ауызын жапты.

Елдегі әлеуметтік оянуға 1989 жылғы көктемде өткен КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауы жаңа қарқын қосты. Демократиялық оппозиция 1922 жылы жасалған Одақтық шартты жаңалау мәселесін көтерді. Бұл реформалар ағысын ұлттық қатынастар арнасына қарай бұрды. Сол жылғы мамырда Литва, шілдеде Латвия, қыркүйекте Әзірбайжан мемлекеттік егемендіктері туралы Декларациялар қабылдады. Бұдан шошынған СОКП пен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы Литва, Латвия, Әзірбайжан мәлімдемелерін танудан бас тартты.

Оларды одан әрі шошыта түскілері келгендей, 1990 жыл басталмай жатып, Литва тәуелсіздік жариялады. Іле-шала оған Латвия мен Эстония қосылды. Бұл үдеріс осымен тынар ма екен, жоқ одан әрі жалғасар ма екен деп тұрғанда, Ресей Федерациясы осы алуандас мәлімдеме жасады. Оған басқа республикалар қосылды. Сол жылғы 25 қазанда біздің Жоғарғы Кеңесіміз мәлімдеме қабылдады. Декларацияны қабылдату үшін одақтас республикалардың басым көпшілігінің мәлімдеме қабылдауын тосуға тура келді. Өйткені, алдыңғы жылғы есеп алуда қазақтар әлі тұрғындар санының 40 пайызын құрамайтын. Басқа ұлт өкілдері өз тарихи отандарында жарияланып жатқан егемендіктің Қазақстанда да жариялануы тарихи әділеттілік боларын сонда ғана түсінді. Бұл құжат орталық алдына заңды түрде талаптар қоюға мүмкіндіктер берді.

Орталық пен республикалар арасында жаңа құқықтық ілік пайда болды. “Одақтық заңның ба, республикалық заңдардың ба - қайсысының күші басым?” - дейтін таластар туды. КСРО халық депутаттары съезінің 1990 жылғы 25 желтоқсандағы қос егеменділіктің негізінде орталықтандырылған мемлекеттілікті орнықтыру талабы өкілдіктер бөлісу мәселесін одан әрі өткірлей түсті. Әсіресе, Одақты теңқұқықты республикалар Федерациясы ретінде қалпына келтіру жайында референдум өткізу туралы қарар қабылдануы Орталықтың түп ниеті жөніндегі алаңдаушылықты туғызды. Біздер кеңестік кеңістіктер осындай екіұдайылық әбден өршіп тұрған әрпіл-тәрпіл кезде егемендігімізді жарияладық. СОКП-дағы реформаға бүкіл әлем елеңдеді. 1989 жылы АҚШ-қа барғанымызда жұртшылық бізді, ғарышкерлермен немесе Арктиканы бағындырған поляршылармен кездесіп тұрғандай, қуана қабылдаған. Ал 1990 жылы Шығыс Қазақстанда жер сілкініп, зардап шеккендерге мейірбандық көмек ұйымдастыруға Швейцарияға барғанымызда, жұрт біздерге “кеңес адамдары” ретінде сақтана қарады, “егеменді Қазақстан” азаматтары ретінде аса қызығушылық танытты.

Әлемдік қоғамдық пікірде мұндай екі ұдайылық тууына Кеңес Одағындағы реформаның кертартпа ағымдарды еңсеріп кете алмай, көрер көзге малтыға бастағандығы себепші болып еді. Әсіресе, 1991 жылғы 13 қаңтардағы Вильнюстегі, 20 қаңтардағы Ригадағы оқиғалар сол кезде Парсы шығанағындағы соғысқа алаңдап отырған әлем жұртшылығының назарын бірден өзіне аударып, қатты абыржытты. Оған Премьер-министр Павловтың жаппай меншіктендіру алдында жұрттың талай жылғы адал еңбекпен тапқан жеке қаражатын бірден жойып, сол арқылы адамдардың басым көпшілігін меншік бөліске қатысу мүмкіндігінен айырып, мұндай өмірлік мәні бар үдерістерді экономикалық штабтардағы қолы ұзындар мен кәсіпорындардың көкжалдарына, сондай-ақ ауыспалы кезең алаяқтарының монополиясына айналдырған, керек емес кезде сауатсыз жүргізілген ақша реформасы қосылғанда, біз аралап жүрген банкирлер еліндегі адамдардың қалай таңданғанын көрсеңіз! Төбе шаштары тік тұрды. Олар КСРО-дағы реформа осымен бітті деп ойлап, егемендігін жариялап қойған республиканың азаматтары ретінде бізден: “Енді қайтпексіңдер?”, - деп абыржып, сұрақ жаудырды.

Жағдай, расында да, абыржитындай бағытқа бет бұрды. Батыс сарапшыларының сол кездегі болжамдарына қарағанда, мәселен, неміс профессоры Хейнрих Фогельдің 1991 жылғы сәуірдегі тұспалы бойынша, КСРО-дағы үдерістердің одан әрі үш түрлі сценариймен өрістеуі мүмкін делінді.

Бірінші сценарий бойынша, қиыншылықтарға ұшырағанмен, оң өзгерістер жалғаса береді. Жаңа Одақтық шарт жасалады. Оған қатысушыларға қойылатын ортақ талаптар мейлінше азайтылады. Ұлттық азшылықтарды қорғауға кепілдік беріледі. Ұжымдық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Одақтық қарулы күштермен қоса, ұлттық гвардиялар іспетті аумақтық әскерлер жасақталады. Стратегиялық қарулар, авиация, флот базалары құрылады. Экономикалық құлдырау әзір тоқтамайды. Соған байланысты оңтүстік республикалардан орыс тұрғындарының Ресейге көшуі көбейеді. Әзір дағдарыс туғызып отырған қоғамдық-саяси және экономикалық себептер жойыла қоймайды.

Екінші сценарий бойынша ішкі дағдарыс одан әрі өткірленіп, тіпті тұралай түседі. Тәуелсіздікке ұмтылған республикаларға қарсы Литвадағыдай орталық әскерді пайдалану жалғаса түседі. Республикалардағы ұлттық топтар арасындағы тартыстар ушығып, бір-біріне қарсы қару пайдалануға дейін барып, азаматтық соғысқа ұласады. Ондай жағдайда орталық екі ортаға араласпай, “қай жеңгенің менікі” деп, әскер кіргізбей тұра тұрады. Демек, “Қарабақ жағдайы” басқа республикаларға да қанат жаюы мүмкін. Жекелеген аймақтар “литванданады”.

Үшінші сценарий бойынша, орталық пен кейбір жекелеген республикаларда авторитарлық билік орнап, бөлініп кеткісі келген республикаларға қарсы күш қолданылады. Бірақ, бұлай орнатылған тыныштық та көп ұзамайды. Одақты қайтадан қалпына келтіру немесе жекелеген республикаларды тез дамыған мемлекетке айналдыру мүмкін болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалаубек Тұрсынқұлов
ЖІИ - Жедел ішек инфекциясы
Түркі халықтарының XIY-XYIII ғасырдың I жартысындағы орналасуы, тілі, діни сенімі, демографиялық және антрополгиялық құрамы
Қанайналым жүйесі ауруларының қауіп факторларының маңыздылығы
Халықтар географиясы
Қазіргі таңдағы ресей
Альцгеймер ауруы
ҚАЗАҚ ДЕГЕНІМІЗ - ЕЖЕЛГІ ҚАҢЛЫ ЕДІ
Қазақ-түркі эпостарының мәселелері
Түркі тілдерін топтастырудың теориялық және практикалық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz