Рекреациялық туризмді жоспарлау және ұйымдастыру


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Т. РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Басқару» факультеті

«Маркетинг және коммерция» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«Туристік бизнесті ұйымдастыру және жоспарлау» пәні бойынша

Тақырыбы: « Рекреациялық туризмді жоспарлау және ұйымдастыру»

Орындаған: «Туризм» мамандығының

3 курс студенті (303 топ) Ажахметова А

Тексерген: оқытушы Нұрахова Б. Ж.

Алматы 2010 жыл

Мазмұны

беттері

Кіріспе
Кіріспе: Рекреацияның теориялық негіздері
:
Кіріспе: Рекреация түсінігі және қызметі 5
:
Кіріспе: Рекреациялық іс-әрекет жүйелері мен циклдері 7
:
Кіріспе: Рекреациялық туристік аудандар 9
:
Кіріспе: Қазақстандағы рекреациялық турлар
:
Кіріспе: Қазақстандағы рекреациялық турлар әлеуеті 11
:
Кіріспе: Қазақстанда рекреациялық турларды жоспарлау 12
:
Кіріспе: Қазақстандағы рекреацияларды ұйымдастыру және жоспарлау 14 3 Қазақстандағы рекреациялық туризмнің даму келешегі
:
Кіріспе: Қазақстандағы рекреациялық аудандарды мемлекеттік реттеу 16
:
Кіріспе: Қазақстанда рекреациялық турларды ұйымдастыру және дамыту бағыттары 18
:
Кіріспе: Рекрияциялық география, қоғамдық географиялық ғылымның жаңа саласы 20
:
Кіріспе: Қорытынды
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
:

Кіріспе

Туризм болашақта Қазақстандағы табысы мол индустриялы салалардың ішінде үшінші орынға шығуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі таңда Қазақстанда қажетті инфрақұрылымның болмауы - елдегі туризмнің дамымауының негізгі себепкері болып отыр. Десек те, соңғы жылдары бұл бағытта едәуір жұмыстар жасалғанын мойындауымыз керек. Бірақ туризмнің дамуы қомақты инвестицияның тартылуына да байланысты.

Туризм - әр адамға белгілі құбылыс. Барлық заман кезеңдерінде біздің ғаламшарымыз - жер бетін көптеген саяхаттанушылар мен алғашқы ашушылар кесіп өткен. Алайда туризм адамдардың арнайы бір қызмет түрі ретінде қазіргі заманда ғана қалыптаса бастаған. Біздің әрқайсымыз туризмді бір географиялық сала ретінде қарастырмаймыз, өйткені біз басқа жақтарға сапар шегіп немесе өз жұмыс демалысымызды тұрған жерден алыста өткізуді саяхаттану ретінде ғана түсінеміз. Туризм салыстырмалы түрде өте жас феномен, алайда оның түптамыры ежелгі заманға ұласып жатыр. Біз нарықтық шаруашылыққа туризмге қатысты халықаралық рынокта көптеген өзгерістер енген кезеңде жеттік. Туризм бүкіл әлемде экономиканың ең маңызды салаларының біріне айналды, ал тіпті кейбір дамып келе жатқан елдерде экономиканың қарқынды дамып, мемлекет тұрғындарының сапалы өмір сүруінің, және елдің мемлекеттік қаражатының негізгі көзіне айналды.

Рекреацияның негізгі ұғымдары болып бос уақыт, демалыс, рекреация және туризм саналады.

Демалыс деген түсінікпен қатар, география, социология мен қала құрылысының ғылыми жұмыстарында рекреация, рекреациялық іс-әрекет, рекреациялық процестер деген ұғымдар қолданылады. Ол тегін емес. Еңбектің сипаты, бос уақытты пайдаланудың түрі мен құрылымы мүлдем өзгерген шақта, жақсы демалыс - тынығып жатудан қалып, физиологтар көрсеткендей, ол - адамның іс-әрекет түрінің ауысып тұруы болып өзгереді. Шынында да ол көбінесе бос уақытта сауықтыруға, түсініп білуге, спорттық және мәдени көңіл көтеруге пайдаланып тұру үшін қолданылады. Мысалы: санаторияда, демалыс үйлерінде, пансионаттар мен демалыс базаларында болған кезде жиі қала сыртына қыдырып, жорыққа, экскурсия мен саяхаттарға шығып тұру жөн.

Рекреация арқылы ғана адамның бос уақытындағы іс-әрекеттің мәнін түсінуге болады. рекреация дегеніміз этиологиялық мәндердің жинағы: recreatio (латынша) - қайта қалпына келу, recreation (французша) - демалыс, көңіл көтеру, іс-әрекеттің өзгеруі.

«Рекреация » - бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған территориядағы тәулектік, апталық және жылдық өмір циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени -көңіл көтеру үшін қатынастар мен құбылыстар жиынтығы.

Ұзақтығы жағынан рекреация қысқы және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді рекреацияда демалушы өзінің тұрақты жеріне түнеуге келеді, ал ұзақ мерзімдісі кезінде адамдар өзінің тұрақты жерлерінен тыс жерде түнейді. Қысқа мерзімді рекреация территоряның табиғи зоналарымен (көлікпен немесе бір-екі сағаттық қашықтықты жаяу жүріспен) шектелсе, ал ұзақ мерзімді рекреация тек қана территориямен шектелмейді, функционалдық зонадан басталып, ғаламдық масштабқа дейін қамтылады. Ұзақ мерзімді рекреация өзінің мәні жағынан туризм сияқты терең ұғыммен сәйкес келеді.

Бос уақыттың екі негізгі функциясы бар: 1. Адамның күшін қалпына келтіру функциясы. 2. Физикалық және рухани даму функциясы. Қалпына келтіру функциясына тамақтану, ұйқы, қозғалыс жатады. Даму функциясына жататындар: сауықтыру, танымдық, қатынасу.

Пайдалану сипатын қарай рекреация күнделікті, апталық және жыл сайынғы болып бөлінеді. Күнделікті рекреацияны пайдалану күнделікті үй жұмысы және қала тұрмысымен байланысты. Апталық рекреация демалыс күндерінде, қала сыртындағы зонада жүзеге асады. Жыл сайынғы рекреация демалыс немесе каникул кездерінде болады.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының рекреациялық аудандарын танып, білу және туристік рекреациялық ресурстарын тереңінен зерттеу.

Жұмыстың міндеті: Студенттерге Қазақстан Республикасындағы рекреациялық туризм жайлы толық ақпаратпен қамтамасыз ету. Рекреациялық туризмнің даму мүмкіндіктерін жеткізу.

  1. 1 Рекреацияның теориялық негіздері1. 1 Рекреация түсінігі және қызметі

Рекреация дегеніміз - адамның физикалық, психологиялық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында адамның жалпы дене бітімін қалпына келтіру, яғни, адамның дамуы арқылы өзін қалпына келтіру процесі.

Туризмология, туралогия, турография - бұлардың бәрі туризм туралы түсініктер, яғни, туристік қызмет, туризм экономикасы туралы, туризмді ұйымдастыру және ондағы заңнамалар туралы іргелі және қолданбалы ғылымның бірегей жүйесі болып табылады. Сонымен туризмология дегеніміз- халыққа туристік қызмет көрсету туралы қолданбалы ілімнің жүйесі. Туризмология жүйесі 2деңгейді қамтиды. 1. жалпы сала, 2. туризмдегі шаруашылық іс-әрекеттерді жүргізетн компания. Туризмді ұйымдастыру және ондағы басқару туризм экономикасынан тән. Туризмология төмендегідей сипатталады:

Адамдардың құқықтары мен қажеттіліктерін жүзеге асыру сферасы ретінде.

Рекреациялық қажеттіліктерін, сұраныстарын жүзеге асыру саласы ретінде туристік индустрия формаларын қамтиды.

Ұлттық экономиканың ерекше секторы болып табылатын және әлемдегі табыс көздерінң бірден-бір қайнар көздері болып келетін адамның рекреациялық рпоцесстерін жүзеге асыру саласы болып табылады. Ал туризмологияның дамуы туризм туралы жүйелі түсніктердің пайда болуын және оның қалыптасуын құрудың жолы болып табылады.

Рекреациялық гореафияның негіздерін қалайтын түсініктер:

Бос уақыт

демалыс рекреация және туризм

Бос уақыт рекреациялық процессретдің дамуының қажетті шарты.

Бос уақыт

Жұмысқа, оқуға барып келетін уақыт

Табиғи қажеттіліктерді қанағаттандыруға кететін уақыт

Жұмыс немесе оқу қажеттіліктерін қанағаттандыруға және үй шаруашылықтарын жайғастыруға кететін уақыт .

Физикалық және интелектуалды дамуға арналған уақыт.

Рекреацилық іс-әрекеттердің, кеңістіктің, уақыттың, ұйымдастырудың негізі. Рекреациялық қызмет немесе іс-әрекет дегеніміз - бұл адамның бос уақыттағы атқаратын қызметтері және оның жиынтығы. Еңбектік күнтізбе бойынша жұмыс апталығы, яғни 5 күндіктегі бос уақыт сол күнтізбенің 4% құрайды. Сәйксінше бұл кезе туындайтын рекреациялық қажеттер тар, қысқаша сипатта тез орындалады, қанағаттануды керек ететін қажеттелектер болып табылады. Бұл қажеттіліктер : уақыт, түскің үзілістегі немесе жалпы үзілістердегі, алғашқы қажеттіліктерді қанағаттандыру, физиологиялық қажеттіліктер.

Рекреацияны атқаратын негізгі функциялары 1. танымдық функциялар.

1. сауықтыру және спортпен шұғылдану 3. емдік функциялары 4. әлеуметтік қозғалыстың функциялары 5. экономикалық қызметі.

Туризм мағынасы жағынан ұзақ мерзімді рекреациялық туризм түсінігіне сәйкес келеді. Туризм дегеніміз - бір күннен бір жылға дейінгі уақытта әр түрлі рекреациялық қажеттіліктер және мақсаттар бойынша елдің ішінде немесе басқа елге шығу арқылы табыс табу мақсатынан бөлек барлық іс-әрекеттер мен айналысатын адамның жалпы демалуы және қызметі.

Рекреацияның танымдық функциясын жүзеге асыруда қолданылатын ресурстарды төмендегідей топтастыруға болады.

1. табиғи-климаттық жағдай, табиғи пейзаждар, ауа-райының қолайлығы, табиғи ресурстар.

Мәдени-тарихи көркем, көрікті жерлер.

2. Этнографиялық көрікті орындар.

Рекреацияның емдік функциясына байланысты саяхатты жүзеге асыруды белсенді туризммен қатар табиғи ресурстар қолданылады - минералды сулар, емдік балшықтар, жағымды ауа.

Рекреациялық қажеттіліктер төмендегідей бөлінеді:

1. қоғамдық қажеттіліктер,

2. топтық қажеттіліктер,

3. жеке дара қажеттіліктер.

Рекреацияның қоғамдағы атқаратын қызметі рекреацияның қоғамдық функциясына ұласады: медикоиологиялық, әлеуметтік мәдени, экономикалық функциясы, экологиялық.

Рекреациялық іс-шаралардың типологиясы төмендегідей болып келеді:

1. қалпына келтіру тобы

2. дамушы және дамытушы топ

3. рекреациялық емдеу шараларының тобы.

Рекреациялық жобалау дегеніміз - рекреацияның талаптарын ескере отырып демалыс бағыттарын және ондағы қызмет көрсететін барлық жүйелеуді, модельдеуді айтамыз.

Excursio - сөзі латын тілінен аударғанда "серуендеу" деген мағынаны білдіреді.

Экскурсияның белгілері:

  1. Уақыт бойынша ұзақтығы. Экскурсия 1 сағаттан 24 сағатқа дейін созылады. 1 сағат - 45 минут академиялық болады.
  2. Экскурсанттардың болуы. Экскурсанттар саны 1-70 адамға дейін.
  3. Жоғарғы маманды экскурсоводтың болуы. Экскурсоводтар 4 категорияға бөлінеді: 1- категориялы экскурсоводтар 1 тақырып және 1-2 экскурсия жүргізеді. 2- категориялы экскурсоводтар 1-2 тақырып 7-8 экскурсия жүргізу керек. 3- категориялы экскурсоводтар 4 тақырып 60-70 экскурсия жүргізеді. 4- категориялы экскурсоводтар 10 тақырып және экскурсияларды жеке ұйымдастыру.
  4. Экскурсия кезінде объектілерді көрсету.
  5. Экскурсанттардың алдын-ала құрастырылған маршрутпен жүргізу. Экскурсия шеңберлі болу керек.
  6. Экскурсиялық объектілерді көрсетудің мақсаттылығы.
  7. Экскурсиялық құжаттар:1) Экскурсияның маршрутының схемасы.

2) Экскурсияның мәліметтері.

3) Эксурсоводтың портфелі.

8. Экскурсанттардың белсенділігі.

Экскурсияның функциялары:

1. Танымдылық

2. діни

3. мәдени

4. рекреациялық

5. ақпараттық

6. белсенді түрі

Экскурсияның құрылымы:

1. Кіріспе. 3-15 минут созылу керек.

2. Негізгі бөлім. Экскурсияның басты ақпараттары айтылады.

3. Қорытынды. 3-5 минут.

1. 2 Рекреациялық іс-әрекет жүйелері мен циклдері.

Рекреациялық жүйе белгілі туристік жүйелерден тұратын. Туристік жерлер дегеніміз-тұрғылықты жер, қала немесе ауыл және оның құралуы туристік инфрақұрылымдар мен көлік қатынастарының ыңғайлығын қалыптасуды белгілі мекемелерге жинауды айтамыз.

Туристік жердің түрлері демелуға арналған орындар немесе танымдық түризм үшін көрікті орындар. Ал белгілі бір туристік орталар дегеніміз - бұл бөлінген жер, табиғи объект немесе халықорналасқан елді мекендер. Рекреациялық жүйеде туристік экскурсиялық қызмет көрсету үшін белгілі бір кешендер құрылады. Бұл кешендерге тамақтандыру, орналастыру орындары жатады. Туристік аудан- бұл туристерді дамытуға арналған бірнеше тарихи табиғи, мәдени және әлеуметтік экономикалық жағдайы бар аудандары айта. Туристік аудандары рекреациялық жүйеге ендіру үшін рекреациялық игерулержүзеге асырылады. Рекреациялық игеру дегеніміз- бұл әртүрлі рекреациялық шараларды өткізу үшін территорияларды дайындау процесі. Рекреациялық аудандардың сыйымдылығы дегеніміз - демалыс аймақтарының туристерді бір мезетте қабылдай алу мүмкіндігі.

Сыйымдылыққа қатысты жағдайлар төмендегідей.

территорияларды рекреациялық пайдалану түрлері.

қалалардың маңындағы демалыс аймақтары.

жаға-жайда.

көңіл көтеру аудандары.

жаяу туризм үшін соқпақ жолдар.

атпен жүретін соқпақ жол.

Рекреацияның басты себебі бойынша

рекреациялық ресурстардың пайдалану сипаты бойынша

Құқықтық статусы б/ша

Ұзақ мерзімі б/ша

Территориялық белгісі б/ша

Мезгілдің мерзімі б/ша

Ұйымдастыру сипаты б/ша

Жас белгісі б/ша

Қатысушылар саны б/ша

Әлеуметтік қатынастардың тығыздығы б/ша

Жылдамдық дәрежесі б/ша

Көлікті пайдалану сипаты б/ша

Рекреацияның басты себебі бойынша:

Емдеу

рекреациялық ресурстардың пайдалану сипаты бойынша:

Климатпен

емдеу

Құқықтық статусы б/ша:

Ұлттық, халықаралық

Ұзақ мерзімі б/ша:

Қысқа, ұзақ мерзімді

Территориялық белгісі б/ша:

Қала маңы, ішкі аудандық, халықаралық

Мезгілдің мерзімі б/ша:

Жыл бойы және мезгілдік

Ұйымдастыру сипаты б/ша:

Белгіленген, өзбетінше

Жас белгісі б/ша:

Балалар, ересектер үшін және аралас

Қатысушылар саны б/ша:

Жеке және топтық

Әлеуметтік қатынастардың тығыздығы б/ша:

Ортадан тепкіш, ортаға тартқыш

Жылдамдық дәрежесі б/ша:

Стационарлық, көшпелі

Көлікті пайдалану сипаты б/ша:

Автомобильдік, автобустық, авиациялық, теміржол, теңіз, өзендік, круиздік

Рекреацияның басты себебі бойынша:

Спорттық сауықтыру

рекреациялық ресурстардың пайдалану сипаты бойынша:

Белгілі бағыт-тық

Рекреацияның басты себебі бойынша:

Танымдық

рекреациялық ресурстардың пайдалану сипаты бойынша:

Табиғи, мәдени, тарихи ескерткіштер

1-сурет. Рекреациялық іс-әрекеттің классификациясы

Сонымен рекреациялық жүйелер дегеніміз - ол әлеуметтік география жүйесі, ол жермен оның функциялық бейнесін бүтіндей түрде кескіндеп көрсететін ең мағызды шарт - адамның рекреациялық демалуы мен еңбекке қабілеттілігін физикалық және психоэмоционалдық күш-қуатын қалпына келтіріп және оның мүмкіндіктерін кеңейте түсуін айтамыз.

Құрылымы жағынан территориялық рекреациялық жүйе бір-бірімен байланысты потенциалдық формалардан немесе плтенциалдан тұрады. Территориялық рекреациялық жүйе элементтері.

шағын жүйеге табиғи жер мәдениеті.

техникалық құрылымдар, қызмет көрсетулер.

басқару заңдары.

демалушылар тобы.

Демалушылар тобы дегеніміз - бұл жүйенің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және ол туристердің әлеуметтік-демографиялық, жергілікті және ұлттық ерекшеліктеріне байланысты болады. Территориялық рекреациялық жүйенің басқа әлеміне қойылатын талаптарды анықтайды. Сондай-ақ бұл элемент арқылы рекреациялық қажеттіліктердің құрылымы, мөлшері және туристік сұраныстың географиялық таңдаулары туристік ағымдардың бағыты мен мерзімдері анықталып отырады.

Техникалық құрылыстар дегеніміз- демалушылари мен қызмет көрсетушілердің тамақтануларын ұйымдастарға және оларды тасмалдауға қажетті әрекеттерді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бұл әлемент арнайы рекреациялық қажеттіліктерді емдеу, сауықтыру, экскурсиялық мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетулерді қамтамасыз етеді.

1. 3 Рекреациялық туристік аудандар

Қазақстан- Еуразияның кіндігінде орналасқан шығыс пен батыс дәстүрін байланыстырушы дәнекер жол. Елдің көне мәдениеті мен көрікті табиғаты әркімді де өзіне тартып тұрады. Бүгінде Қазақстан туримзнің барлық түрі бойынша, нақтырақ айтсақ, танымдық, сауықтық, этникалық, экологиялық, шипажай-сауықтыру, орнитологиялық, балалар, аңшылық тағы басқа да түрлері бойынша қызмет ете алатындай дәрежеде.

Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқан Қазақстан көне замандардан бүкіл түркі әлеміне танылған тарихи мекен. Сол себептен бірегей табиғаты ғажайып қорықтар, емдік су көздері, археологиялық және тарихи ескерткіштер, қалалар әу бастан саяхат пен туризм көздері саналған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғасырдың 20-30-жылдары пайда болды. Тарихқа қарап елімізде туризм саласы тамырының тым тереңде жатқанын байқаймыз.

Соңғы кездері әлем бойынша елімізге туристік бағыт алатын туристер саны қарқынды өсіп келеді. Бұл еліміздің жат жұрттарға таныла бастағанының белгісі. Туристердің басым көпшілігі Германия, Англия, Жапония, Корея мен Қытайдан келетіндер.

Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім туристік саланың дамуына оң әсерін тигізіп отыр деп баға беруде. Статистикалық көрсеткішке көз жіберсек, 2002 жылы республикада 430 туристiк ұйым мен фирма, сонымен қатар әр түрлi бюролар жұмыс iстеген. Ал, бүгінгі таңда отандық туристік фирмалар әлемнің 80-нен астам елімен серіктестік қызмет істейді. Сондай-ақ тілге тиек ететін тағы бір жайт, Қазақстан бүгінде әлемнің барлық жетекші туристік елдерімен әуе қатынасын орнатты. Алматыдан 25 фирма мен облыс орталықтарынан 5 фирма Үндістан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Оңтүстік Корея, Грекия мен Польша тағы да басқа елдерге баратын чартерлік рейстерді жүзеге асыруда. [1, 165-201]

Табиғи-рекреациялық нысандарға Солт. Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығ. Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңт. Қазақстан жерiндегi Батыс, Солт. Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетiсу алабы, Бат. Қазақстандағы Үстiрт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңiрi, Орт. Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т. б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бiрге Алматы обл-ндағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмдi дамытуда маңызы зор. Оларға Iле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендерi аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есiк, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елдi мекендерi жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмдi дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келедi. Қазақстан аумағындағы 9 мемл. қорықта да ғыл. -экол. туризмдi дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.

Тарихи-археологиялық ескерткiштердiң туристiк-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археол. ескерткiштердiң кез-келген нысандары туристiк-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның iшiнде Жетiсудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңт. Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Бат. Қазақстандағы Сарайшық, т. б. көне қалалардың орнына туристердiң қызығушылығы мол. Археол. -тарихи ескерткiштердiң қазiрге дейiн жеткен нысандарының iшiнде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуiр ескерткiштерiне жартастағы петроглифтердi атауға болады. Оларға әйгiлi бiрегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өз-ндегi Ешкiөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кiндiктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады.

Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған.

Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды. Рекреация - күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз.

Қоғамның өндірістік идентификациясы ең алдымен адамның психофи-зикалық жүктемесінің күшейуіменен анықталынады. Ғылыми-техникалық прогресс, урбандалу процесі, экологиялық дисбаланс прессингті нығайтады. Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек. «Рекреация» сөзінің мағынасы - «дем алу, адамның күшін қалпына келтіру» дегенді білдіреді.

Емдік сауықтыру туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Соған орай елімізде емдік сауықтыру рекреациялық ресурстарын зерттеу талдау мәселелері қолға алынуда. Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық болып. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында - денсаулықты жақсарту, курортологиялық емдеу қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу. [2, 96-103]

1. ландшафты табиғи кешен - табиғи кешенді төмендегідей тұжырымдаймыз.

табиғи табиғи құбылыстардың орын алуын белгілі бір табиғи ортаның өзара байланысқан жиынтығы ретінде қарастырамыз.

-барлық компаненттер өзара байланыста бола отырып бірегей жүйені құрайтын табиғи кешен ретінде қарастыруға болады.

2. климаттық

3. өсімдіктер мен жануарлар ерекшелігі

4. су ресурстары

5. жер бедері - релифі

6. географиялық орналасуы

7. ауа-райының жағдайы

Туризмде кез келген туристік ауданға кешенді географиялық баға беріледі. Мысалы: теңіз жаға жайындағы аудандарға географиялық тұрғыдан баға беруде келесідей бағыттар ескеріледі.

-ауаның микроклиматтық ерекшеліктері

-теңізге жақын орналасқан жеріне сипаттама

-жаға жайдың өзіндік спекцификасы

-аудандағы көрікті орындар

-жаға-жайдағы қонақүйлер, мейрамханалар.

Таулы Үлбі табиғат мүйісінде орналасқан «Изумурдный» кешені шынымын де ғажайып демалыс орыны. Бұл орын ең алдымен өзінің сауықтыру, емдеу тәсілдерімен елге танымал. Атап айтсақ:
-Толыққанды денсаулыққа пайдалы тамақтандыру
-Парафино-озокеритотерапия
-Су процедуралары
-Фито және аромотерапия
-Массаж жасаудың әр түріФитнес-кешендер

Сонымен қатар қонақтардың арасында әсіресе емдеу-алдын-алу бағдарламалары кеңінен танымал. Олар:

Физиопроцедуралар:
УВЧ терапия

Гальванизация ж әне емдік электрофорез

Ультрадыбыстық терапия
Ингаляцияны ң әр түрі
Емдік ванналар:

Скипидарлық

Фито - ванналар

Йодобромдық
Аромованна

Пантогематогендік
Фито - терапия
Сауықтыру және жүйелік немесе диеталық ас қабылдау, көкөніс нәрлерімен емдеу
Емдік массаж

«Изумрудный» демалыс кешенінің әдемі табиғи орны, өзен суының сылдырлаған дауысы, орман иісі осында келгендердің барлығын да рахат сезімге бөлейді. Ал осы сезімнің барлығы да сіз қабылдап жатқан емнің дертіңізге шипа болуына ықпал етеді!

«Рахман қайнарлары» демалыс-сауықтыру орны

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда дамытуға қолайлы туризм түрі
Экологиялық туризмнің жіктелімі
ТУРИЗМ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Туризмология пәнінен дәрістер
Экологиялық туризм жүйе ретінде
Экологиялық туризм
Экологиялық туризмнің мәні
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туристерге қызмет көрсету
«туризмдегі экобағыттарды ұйымдастыру және жоспарлау»
Туристік - рекреациялық кешеннің құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz