Қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары
Қазақ хандығының құрылуы мен қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы бір тарихи кезеңде жүзеге асқан тарихи процесс. Хандықтың құрылуы саяси тұрғыдан қарастырғанда жеке тарихи оқиға болып көрінгенімен, ол сондай-ақ этникалық, рухани және мемлекеттілік дамулардың заңды қорытындысы болып табылады. Сол себепті де хандықтың құрылу тарихын білуде оған әсер еткен, ықпал жасаған тарихи факторларды анықтаудың маңызы зор.
ХV ғасырдың ортасында қазіргі Қазақстан территориясындағы бір-бірімен өте тығыз, бір-бірімен өзара байланыстағы тарихи процестердің дамуы нәтижесінде ұлттық сипаттағы этнос пен ұлттық сипаттағы хандық дүниеге келеді. Біздің негізгі қарастырып отырған мәселеміз – Қазақ хандығының құрылу тарихы болғандықтан, оған әсер етуші факторларды оның тарихи алғышарттары ретінде қарастырамыз. Осы тұрғыдан алғанда қазақ халқының қалыптасу барысында ХІІІ-ХV ғғ. этникалық процестер – Қазақ хандығының құрылуының этникалық алғышарттарына жатады. Көрсетілген ғасырлар аралығындағы этникалық дамуларға талдау жасау, оның дамуының бағыт-бағдарларын айқындау, этностың компоненттеріне талдау жасау арқылы ғана біз, хандықтың құрылуына әсер еткен этникалық мәселелерді терең ұғына аламыз.
Отандық тарих ғылымында қазақ халқының қалыптасуының басталуы кем дегенде қол дәуірінің соңғы кезеңінен бастау алып, ХV ғасырдың ортасында қалыптасу процесі өз мәресіне жетті деген тұжырымды зерттеушілердің бәрі мойындайды [54, 279-287 бб.]. 2,5 мың жылдай уақытқа созылған этногенез барысы әртүрлі тарихи дәуірлерде ішкі және сыртқы факторларға байланысты бірде жедел, бірде баяу дамып отырды. Этнопроцестердің осындай дамуы оның ерекшеліктерін қалыптастырады. Қазақ халқының қалыптасуы барысында бірнеше этнокезеңдердің болғаны зерттеушілер арасында бірауыздан мойындалған. Олар: қола дәуіріндегі, сақ-үйсін, ғұн, түрік, оғыз-қыпшақ, монғолдар үстемдігі және монғолдар үстемдігінен кейінгі дәуірлердегі этнокезеңдер. Әрбір этникалық кезеңдегі процесс жалпы этногенездің шеңберінде, оның заңдылықтарымен қатар дами отыра, өз кезеңінде өзіне ғана тән белгілерге, ерекшеліктерге ие болады. Сондай этникалық кезеңге – қазақ халқының этногенезінің соңғы кезеңдері болып саналатын ХІІІ-ХV ғасырлар аралығы жатады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл 3,5 ғасырлық тарихи уақыт шартты түрде екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең – монғолдар билігі немесе монғолдар үстемдігі кезеңі деп аталып, ХІІІ ғасырдың басынан ХІV ғасырдың ортасына дейінгі аралықты қамтыса, ХІV ғасырдың ортасынан ХV ғасырдың ортасына дейінгі бір ғасырлық тарихи уақытты қамтыған екінші кезең – монғолдар үстемдігінен кейінгі немесе қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңі деген атауға ие. Бұл екі кезеңдегі саяси тарих мәселелері тарихнамада жақсы қарастырылған. Ал этникалық тарих мәселелеріне келсек, ол жөнінде жалпылама айтылған ой-пікірлер мен тұжырымдар бар да, арнайы жеке зерттеулер жоқ.

ІV-ТАРАУ
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ
4.1. Монғолдар жаулауы қарсаңындағы Дешті Қыпшақтың этносаяси жағдайы
Қазақ хандығының құрылуы мен қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы бір тарихи кезеңде жүзеге асқан тарихи процесс. Хандықтың құрылуы саяси тұрғыдан қарастырғанда жеке тарихи оқиға болып көрінгенімен, ол сондай-ақ этникалық, рухани және мемлекеттілік дамулардың заңды қорытындысы болып табылады. Сол себепті де хандықтың құрылу тарихын білуде оған әсер еткен, ықпал жасаған тарихи факторларды анықтаудың маңызы зор.
ХV ғасырдың ортасында қазіргі Қазақстан территориясындағы бір-бірімен өте тығыз, бір-бірімен өзара байланыстағы тарихи процестердің дамуы нәтижесінде ұлттық сипаттағы этнос пен ұлттық сипаттағы хандық дүниеге келеді. Біздің негізгі қарастырып отырған мәселеміз - Қазақ хандығының құрылу тарихы болғандықтан, оған әсер етуші факторларды оның тарихи алғышарттары ретінде қарастырамыз. Осы тұрғыдан алғанда қазақ халқының қалыптасу барысында ХІІІ-ХV ғғ. этникалық процестер - Қазақ хандығының құрылуының этникалық алғышарттарына жатады. Көрсетілген ғасырлар аралығындағы этникалық дамуларға талдау жасау, оның дамуының бағыт-бағдарларын айқындау, этностың компоненттеріне талдау жасау арқылы ғана біз, хандықтың құрылуына әсер еткен этникалық мәселелерді терең ұғына аламыз.
Отандық тарих ғылымында қазақ халқының қалыптасуының басталуы кем дегенде қол дәуірінің соңғы кезеңінен бастау алып, ХV ғасырдың ортасында қалыптасу процесі өз мәресіне жетті деген тұжырымды зерттеушілердің бәрі мойындайды [54, 279-287 бб.]. 2,5 мың жылдай уақытқа созылған этногенез барысы әртүрлі тарихи дәуірлерде ішкі және сыртқы факторларға байланысты бірде жедел, бірде баяу дамып отырды. Этнопроцестердің осындай дамуы оның ерекшеліктерін қалыптастырады. Қазақ халқының қалыптасуы барысында бірнеше этнокезеңдердің болғаны зерттеушілер арасында бірауыздан мойындалған. Олар: қола дәуіріндегі, сақ-үйсін, ғұн, түрік, оғыз-қыпшақ, монғолдар үстемдігі және монғолдар үстемдігінен кейінгі дәуірлердегі этнокезеңдер. Әрбір этникалық кезеңдегі процесс жалпы этногенездің шеңберінде, оның заңдылықтарымен қатар дами отыра, өз кезеңінде өзіне ғана тән белгілерге, ерекшеліктерге ие болады. Сондай этникалық кезеңге - қазақ халқының этногенезінің соңғы кезеңдері болып саналатын ХІІІ-ХV ғасырлар аралығы жатады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл 3,5 ғасырлық тарихи уақыт шартты түрде екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең - монғолдар билігі немесе монғолдар үстемдігі кезеңі деп аталып, ХІІІ ғасырдың басынан ХІV ғасырдың ортасына дейінгі аралықты қамтыса, ХІV ғасырдың ортасынан ХV ғасырдың ортасына дейінгі бір ғасырлық тарихи уақытты қамтыған екінші кезең - монғолдар үстемдігінен кейінгі немесе қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңі деген атауға ие. Бұл екі кезеңдегі саяси тарих мәселелері тарихнамада жақсы қарастырылған. Ал этникалық тарих мәселелеріне келсек, ол жөнінде жалпылама айтылған ой-пікірлер мен тұжырымдар бар да, арнайы жеке зерттеулер жоқ.
Сол себепті де біз, осы тарауда Қазақ хандығының құрылуына этникалық алғышарттар болып саналатын ХІІІ-ХV ғғ. Дешті Қыпшақ аумағындағы этнопроцестер мәселелерін қарастырамыз. Өйткені, бұл дәуірдегі этникалық дамуға осы дәуірде болып өткен саяси, мәдени, рухани факторлар көп әсерін тигізеді, этникалық дамудың бағыт-бағдарларына ықпал етеді. Әсіресе, саяси факторлардың ықпалы өте күшті байқалады. Сондықтан да ХІІІ-ХV ғғ. этникалық тарихтың мәселелерін саяси тарих мәселелеріне бөлек қарау мүмкін емес. Соған байланысты біз, қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңдеріндегі этникалық мәселелерді негізгі мәселе ретінде қарастыра отыра, міндетті түрде саяси тарихпен байланыстырып отырамыз.
ХІІІ ғасыр басындағы монғолдар жаулаушылығының қазіргі Қазақстан аумағындағы этнопроцестерге тигізген әсерлерін анықтау үшін, алдыменен жаулап алу қарсаңындағы осы территориядағы этносаяси ахуалға қысқаша түрде тоқталалық.
ХІІІ ғасыр басына дейін қазіргі Қазақстан территориясында үш саяси құрылымның болғаны белгілі. Олар - Ертіс өзені мен Еділ өзеніне дейінгі далалық аймақтарда болған қыпшақ тайпаларының мемлекеттік құрылымы, Жетісу өңіріндегі Найман хандығы және Оңтүстік Қазақстан мен Сырдария өзенінің орта және төменгі ағыстары бойы құрамында болған Хорезмшахтарының мемлекеті [264, 414-419 бб.; 423-425 бб.]. Бұл үш мемлекеттің ішінде Қазақстанның басым бөлігі ХІ-ХІІІ ғғ. басында өмір сүрген Қыпшақ хандығының құрамында болды.
Отандық тарихнамада ХІ-ХІІІ ғғ. қыпшақтар тарихының этно-саяси мәселелері біршама жақсы қарастырылған [255.; 264, 419-435 бб.]. Соған байланысты біз бұл жерде тек монғолдар жаулаушылығы қарсаңындағы қыпшақ қоғамының этникалық мәселесіне ғана тоқталамыз.
ХІ ғасырдың 30-шы жылдары шамасында Сыр бойы мен Арал теңізі маңынан оғыз тайпаларын ығыстырған қыпшақ тайпалары сол тұстан бастап Жетісуды қоспағанда бүкіл Қазақстан территориясына иелік етіп, оңтүстігінде Хорезм мемлекетімен шектеседі. Жаңадан қалыптасқан этносаяси жағдайға байланысты бұрынғы Мафазат ал-гуззи - Оғыздар даласы терминінің орнына жаңа ұғым - Дашт-и Кипчак термині пайда болады [265, 525 б.; 550 б.]. Бұл ұғымға кейін келе Ертістен Еділге дейінгі, оңтүстігінде Балқаш көлі, Сырдария өзені және Арал теңізінен солтүстікте Батыс Сібірге дейінгі орасан зор территория енеді. С.М. Ақынжановтың пікірінше Б.э. ІІ мыңжылдығының басында шығысында Алтай тауының қыраттарынан батысында Карпаттың орманды жоталарына дейінгі Евразияның далалық белдеуі ортағасырлық Шығыс мұсылмандарының еңбектері мен Ежелгі Орыс жылнамашыларының мәліметтерінде негізгі тайпа атауымен Дешт-и Кипчак және Половецкое поле деген ұқсас атаумен аталған және соңғы терминге зерттеуші Еділден Днепрге және одан ары батысқа қарайғы жерлерді жатқызады [255, 9 б.]. Одан ары автор мұсылман авторларындағы - қыпшақтар, батысевропа хроникаларындағы - командар, орыс жылнамаларындағы - половецтер, осы атаулардың бәрі бір халықтың әр түрлі этникалық белгіленуі деген ойды айтады [255, 9-10 бб.]. Осы жерде Дешті Қыпшақ терминінің эволюциясы мен мәндерін анық айқындап алуды өте қажет деп есептейміз. Өйткені, ХІ-ХVІ ғғ. осы жоғарыда аталған аймақтардың тарихына қатысты зерттеулерде бұл ұғым әртүрлі жиі қолданылады.
Мысалы, Б.Греков пен А.Якубовский Дешті Қыпшаққа Днепрден Еділдің шығыс жағындағы алыс жерлердің жататындығын айта келе, Қалай десек те, оңтүстік-шығыс Европаның Днепрге дейінгі жерлері, оңтүстігінде Қырым, солтүстік-шығысында Бұлғар (аймақтарымен), оңтүстік-шығысында Еділдің төменгі ағысы бойы көшпелі қыпшақ мемлекетінің европалық бөлігі болып саналады, - деп түсіндіреді [266, 11-12 бб.]. Одан әрі бұл авторлар бұл ұғымға бүкіл Евразияның далалық бөлігін және Еділ мен Дунайға дейінгі аралықтағы далалы өңірлерді жатқызады [266, 25 б.; 43 б.]. Ал Г.А. Федоров-Давыдов өз еңбектерінде Дешті Қыпшақ деп жалпы Алтын Ордадағы көшпелілердің өмір сүретін мекенін, сондай-ақ тек Еділ мен Дунай өзендерінің аралығындағы көшпелі тайпалардың территориясын айтады [267, 228-232 бб.; 186, 28-41 бб.]. М.Г. Сафаргалиев болса, Дешті Қыпшақ терминін Жошы ұлысы, Алтын Орда терминдерінің баламасы ретінде жиі қолданады [44, 296 б.; 308 б.].
Ал Б.А. Ахмедов, Т.И. Сұлтанов секілді ортағасырлық Қазақстан тарихының белгілі мамандары өз зерттеулерінде Дешті Қыпшақ ұғымына көп жағдайда қазіргі Қазақстанның территориясын енгізеді. Мысалы, Б.А.Ахмедовтың Әбілқайырдың алғашқы жеңістері туралы хабар бүкіл Дешті Қыпшаққа тез тарады..., Қалмақтар Дешті Қыпшақтың біз көшпелі өзбектер деп атап отырған түрік-монғол тайпалары секілді көшпелілер болды, - деген пікірлерінде Дешті Қыпшақ ұғымының тек қана Ертіс пен Еділ өзендері аралығындағы аймақтарға қатысты екендігі көрініп тұр [45, 48 б.; 65 б.].
Т.И. Сұлтанов 1982 жылғы монографиясының бір тараушасын ХV ғ. Өзбек ұлысындағы өзбектердің этникалық құрамы және шибанилықтардың өздерін қолдайтын тайпалармен Дешті Қыпшақтан көшуі деп атауынан-ақ бұл ұғымның тек Қазақстан жеріне қатысты екендігі бірден байқалады [49, 7 б.]. Дешті Қыпшақ терминінің қандай мәнде қолданылып отырғандығы туралы дәйектерді жоғарыда аталған авторлардың еңбектерінен көптеп кездестіруге болады. Оларды бұл жерде келтіре беруді артық дей келе, осыған қатысты өзіміздің тұжырымымызды білдірелік.
Зерттеушілердің бәрі Дешті Қыпшақ ұғымының ХІ ғасырда пайда болғандығын, оған алғашында Ертіс өзенінен Еділ өзеніне дейінгі жерлердің, кейіннен қыпшақтардың батысқа қарай жылжуына байланысты бұл ұғымның географиялық ауқымының кеңейіп, батыста Карпат тауына дейінгі жерлердің енетіндігін мойындайды. Ал бірақ Алтын Орданың саяси тарихына, қоғамдық қатынастары мәселелеріне арналған зерттеу еңбектерінде авторлар Дешті Қыпшақ терминін көп жағдайда Еділ мен Дунай өзендерінің аралығындағы аймақтарға қатысты қолданса, ХІІІ-ХVІІ ғ. Қазақстан тарихына арналған зерттеулердің авторлары Қазақстан территориясын (Жетісуды қоспағанда) Дешті Қыпшақ деп атайды. Біз осыған байланысты Дешті Қыпшақ терминінің екі мағынада қолданылатынына көз жеткізіп отырмыз. Біріншісі - кең, екіншісі - тар мағыналар болып отыр. Географиялық мәндегі Дешті Қыпшақ ұғымы этникалық мәндегі қыпшақ ұғымынан туындайды. Алдыңғы беттердің бірінде айтып өткеніміздей, ХІ ғасырдың 30-шы жылдарында Сыр бойы мен Арал теңізі маңынан оғыздарды ығыстырып шығарған қыпшақ тайпалары Жетісудан басқа бүкіл қазақ жеріне саяси билігін орнатады да, ондағы барлық жергілікті тайпалар бір ортақ атаумен - қыпшақ атауымен аталады. Ал олардың территориясы - Дешті Қыпшақ деген атауға ие болады. Біз бұл атауды - Дешті Қыпшақ ұғымының алғашқы немесе тар мағынадағы атауы деп ұғынамыз.
ХІ-ХІІ ғасырлар шенінде қыпшақ тайпаларының Еділдің батыс жағындағы, Кавказдың, Қара теңіздің солтүстігіндегі және Дунайға дейінгі жерлерге үстемдігі орнауына байланысты қыпшақ этнонимінің шеңбері кеңейіп, енді Ертістен Дунайға дейінгі жерлерде мекендеген тайпалар жалпылама атаумен - қыпшақтар делініп, олардың территориясы - Дешті Қыпшақ деп жазыла бастайды. Бұл - Дешті Қыпшақ ұғымының екінші немесе кең мағынадағы түрі. Біздің жұмысымыздың хронологиялық шеңбері - ХІІІ-ХV ғасырлар аралығы болғандықтан, жұмысымызда бұл термин жиі кездесіп отырады. Сондықтан да терминдерді қолдануда қателіктерге ұрынбас үшін және нақтылық үшін Дешті Қыпшақ терминінің алғашқы немесе тар мағынадағы түрін қолданамыз. Ал кейде баяндауымыз кең мағынадағы түрде болып жатса, онда біз Еділ мен Ертіс өзендерінің аралығын - Шығыс Дешті Қыпшақ, Еділ мен Дунай өзендерінің аралығындағы жерлерге Батыс Дешті Қыпшақ терминін қолданамыз.
Дешті Қыпшақ терминіне қатысты мәселенің басын ашып алғаннан кейін, монғолдардың жаулап алуы қарсаңындағы Шығыс Дешті Қыпшақтың этносаяси мәселесіне тоқталалық.
Бұған дейін айтып өткеніміздей, қыпшақ тайпаларының саяси үстемдігі Шығыс Дешті Қыпшақта толығымен орнағаннан кейін, олардың саяси тарихы оңтүстігіндегі көршісі Хорезм шахтарының мемлекетімен қарым-қатынаста дамиды. Жалпы алғанда, ХІ-ХІІІ ғғ. қыпшақтардың тарихын баяндайтын арнайы жазылған тарихи шығарма жоқ, тек кейбір шығармаларда жекелеген оқиғаларды, оның ішінде негізінен қыпшақ-хорезм қатынастарын көрсететін үзік-үзік деректер ғана бар.
Егер де, қысқаша сипаттамалық түрде қыпшақтардың саяси тарихына шолу жасасақ, онда Дешті Қыпшақта екі ғасыр саяси үстемдікте болған қыпшақтардың саяси тарихын шартты түрде үлкен екі кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезеңге - ХІ ғасырдың 30-шы жылдарынан 1133 жылға дейінгі, ал екінші кезеңге - 1133 жылдан монғолдар жаулап алғанға дейінгі 100 жылдай уақыт жатады. Біздің бұл тараушадағы қарастырып отырған мәселеміздің хронологиясы монғолдар жаулауының қарсаңы болғандықтан, біз оған қыпшақтар тарихының екінші кезеңі сәйкес келеді деп, шамамен алғанда, ХІІ ғасырдың ортасынан ХІІІ ғасырдың 20-шы жылдарына дейінгі тарихи кезеңді жатқызамыз.
ХІІ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін қыпшақ-хорезм қатынастарындағы белсенділік роль қыпшақтарда болса, Хорезм билеушісі Атсыздың (1127-1156) билігі кезінен бастап, белсенділік роль хорезмдіктердің қолына көшеді [6, 387 б.; 255, 198 б.; 268, 41 б.].
Мұрагерлік жолмен әкесінің орнына келген Атсыз қыпшақтарға қарсы белсенді әскери әрекеттерге көшеді. Оның әскери жорықтары нәтижелі болып, Хорезмде шахтың беделі бірден өседі, билігі нығаяды. Сол жылдары Хорезм әлі де болса Селжұқ мемлекетінің билеушісі Санжарға тәуелді болғанымен, Атсыз өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізеді. В.В.Бартольд ол туралы: 1127 немесе 1128 жылы әкесінің орнына келген Атсыз іс жүзінде хорезмшахтары әулетінің қуатын нағыз қолдаушы болды, - деп жазады [6, 387 б.].
Өзінің билігінің алғашқы жылдары Атсыз Санжарға тәуелділігін адал сақтады және оның жорықтарына қатысып отырды, сонымен қатар ол өз билігін көршілес көшпелілерді бағындыру арқылы нығайтуды ойластырды, - деп одан ары жалғастырады В.В. Бартольд [6, 387 б.]. Атсыздың алғашқы бағындырған өңірлері Сырдария өзенінің төменгі ағысы бойы мен Маңғыстау түбегі болды, Сырдың төменгі ағысы бойындағы Жент қаласынан хорезм әскері Түркістанға тереңдей енеді, яғни Арал теңізінің солтүстігіндегі өңірлерге дейін барып, дінсіздер арасында өте жоғары құрмет пен сыйға ие болған қыпшақтар ханын жеңіліске ұшыратады. Қыпшақтар тарихындағы бұл оқиға - 1133 жылы жаз айларында болады [6, 388 б.; 255, 204 б.]. Қыпшақтарға қарсы Атсыздың бұдан кейін де бірнеше рет жорықтар жасап, жеңіске жеткенін тарихшы Жувейни жазады [205, 443 б.].
Осылайша, Атсыздың жорықтары нәтижесінде қыпшақтарға қараған Сырдың төменгі бойы мен орта бойындағы қалалар мен аймақтарХорезмге тәуелді болады. Жувейнидің дерегінде Сыр бойы қалалары арасында Жент пен Сырдың атауы аталады [205, 443 б.]. Бұл екі қаланың деректе кездесуі жайдан жай емес. Олардың біріншісі - Сырдың төменгі ағысы бойындағы және соған іргелес аймақтардың орталығы болса, Сығанақ қаласы сол кезеңде әлі де болса ислам дінін қабылдай қоймаған қыпшақтар иелігінің орталығы болып есептелген [6, 236 б.]. Басқаша айтқанда, Жент секілді Сығанақ - Сырдың орта ағысы бойы мен оған іргелес аймақтардың орталығы болған.
Қыпшақтанушы ғалым С.М. Ахинжанов Атсыздың 1133 жылғы жорығының салдарларын былайша түсіндіреді: Қорыта айтқанда, Атсыз өмірінің соңғы жылдары қыпшақтар мекен еткен зор аймақты бағындырды. 1133 жылы ол қыпшақтардың өз ішінде бөлініп кетуіне тікелей әсер етті, соның нәтижесінде Қазақстан даласында қыпшақ тайпаларының екі тобы құрылады [255, 198 б.]. Осыған байланысты мынадай пікірді айта кетсек дейміз. 1133 жылғы Атсыздың жорығы Хорезм үшін өте нәтижелі, ал қыпшақтар үшін сәтсіз аяқталған, бар болғаны сол ғана. Осы жорық қыпшақтарды екіге бөліп кетті деген тұжырым сенімсіздеу көрініп тұр. Егер де қыпшақтар 1133 жылға дейін біртұтас саяси жүйенің құрамында болса, неге онда олардың хандары мен мемлекетінің атауы Жувейниде кездеспейді. Жувейни тек жалпылама қыпшақтар атауын қолданып отырады. Егерде Атсыздың 1133 жылғы жорығы қарсаңында қыпшақтарда біртұтас мемлекеттік жүйе болған болса, Санжарға тәуелді болып отырған Атсыздың қыпшақтарға жорық жасай қоюы екіталай болар еді. Біздің ойымызша, қыпшақтардың екі топқа бөлінуі 1133 жылғы жорықтың салдары емес, жорыққа дейін қыпшақ қоғамының ішкі факторларының нәтижесі, ал 1133 жылғы хорезмдіктер жорығы бөліну процесін тездеткен деп түсінеміз.
Атсыздың орнына келген оның ұлы Ил-Арслан (1156-1172) солтүстігіндегі көршісі қыпшақтарға қатысты бейбіт саясат ұстанады. С.М.Ахинжанов Жүзжанидың дерегіне сүйеніп, Ил-Арслан қыпшақтар ханымен шекараны қорғау жөнінде одақ құрғандығын келтіреді [255, 207 б.].
Хорезм мемлекетінің келесі билеушілері Текеш (1172-1200), оның ұлы Мұхаммед (1200-1220) тұсында қыпшақ-хорезм қатынастары басқаша сипатта дамиды. Қыпшақтар мен хорезмдіктердің сыртқы қарым-қатынасының басты нысанасы шекаралық аймақтар - Сырдың орта және төменгі ағысы бойындағы қалалар мен өңірлер болып, екі жақ та осы өңірлерді өз қолдарында ұстап қалу үшін күрестің түрлі әдістерін қолданады. Әсіресе, Хорезм билеушілері үшін әскери күрес табысты болғанымен, тұрақты болмаған секілді. Соған байланысты жаңа билеушілер қыпшақтарға қатысты өзгеше әдістерді қолдана бастайды. Текеш өзі билік құрған жылдары қыпшақ қоғамындағы ірі-ірі тайпалық топтардың жетекшілерін мемлекеттік қызметтерге тарту, олармен қыз берісіп, қыз алысып, туысқандық байланыстар орнатады. Мысалы, Қыпшақ ханы Жанкеші өз қызы Теркен-хатунды хорезмшахы Текешке берсе, Ұран тайпасының көсемі Алып Қара үлкен ұлы Қыранды қызмет етуге Текешке жібереді. Текеш өз қызын Қыранға ұзатады [264, 423 б.]. Хорезмдіктердің қыпшақ тайпаларының жеткшілерімен осындай жеке-жеке туыстық қатынастар орнатуы - біріншіден, олардың бірігуіне жол бермеуден, екіншіден - оларды бір-біріне айдап салу арқылы өздеріне жартылай тәуелді етіп ұстаудан туындаған саясат дейміз.
Хорезм билеушілерінің бұл саясаты тікелей жаулап алуға қарағанда анағұрлым нәтижелі болады. Текеш өзінің інісі Сұлтан-шахтың қарсылығын жеңе отыра, Хорезмнің оңтүстігіндегі көршілес иеліктерді біртіндеп бағындыра бастайды. Жувейнидың мәліметтеріне сүйенсек, Текеш 1187 жылы Нишапурды, 1192 жылы - Рейді, 1193 жылы - Мервті, 1194 жылы - Иранның батыс бөлігін бағындырады [205, 447-448 бб.]. Текештің Хорезмнен алыста жүргенін пайдаланып, Сыр бойындағы қыпшақ билеушілері оған тәуелді болудан бас тартқан секілді. Өйткені, Текештің 1182 жылғы Ирактағы селжұқ билеушісі Жахан Пехлеви Мұхаммед Илдегизидке (1172-1186) жазған хаттарында Түркістанның өзіне бағынышты екендігін хабарлайды [6, 404-405 бб.]. Ал 1195 жылы Текеш оңтүстігіндегі жаулап алу соғыстарын аяқтағаннан кейін, жорық бағытын Сыр бойындағы қыпшақтарға қарай бұрады. Жорықтың себебі мен барысы және қорытындысы туралы Жувейни былайша баяндайды: 591 (1195) жылы хорезмшах дінсіздерге қарсы қасиетті соғысты сылтау етіп, Сығанаққа аттанды. Сығанақ пен Женттің билеушісі Қадыр Бұқа хан қарсыласының көптігіне байланысты шегінуге мәжбүр болды. Бірақ та Текеш әскерінің құрамындағы түрік (қыпшақ тайпасының бірі ұрандықтар Қадыр Бұқа ханға көмек беретіндігі туралы хабарлайды. Қуанған Қадыр Бұқа хан шегінуді тоқтатып, (18.V.1195) хорезмшахпен ұрысқа түседі. Келісім бойынша ұрандықтар ту сырттан соққы беріп, тылды талқандайды, сасып қалған әскер дегбірге түсіп, қашуға мәжбүр болды. Олардың көбі қылыштан қаза тапты, одан да көбі құмда аштық пен шөлден қырылды. Хорезмшах тек 18 күннен кейін ғана Хорезмге келді [205, 448 б.]. Қыпшақтар жеңістің нәтижесін ұзақ ұстап тұра алмайды. Көшпелілерге тән ортақ ауру - бірліктің болмауы тағы да осы жерде көрінеді. Қадыр Бұқа ханның жиені Алып Дерек көкесімен сиыса алмай, 3 жылдан кейін хорезмшах Текештен көмек сұрайды. Хорезмшах Шадьяхтан екінші ұлы Мұхаммедті шақырып алып, Алып Дерек екеуін Бұқа ханға қарсы жібереді. Бұқа хан жеңіліп, Хорезмге тұтқындалып әкеледі. Бірақ көп ұзамай хорезмшах оған өз құқықтарын қайтарып береді [205, 448 б.].
Бұқа ханды өлтірмей, оны бұрынғы дәрежесінде қалдыру арқылы Текеш қыпшақтар ішіндегі саяси күштердің арасалмағын сақтауға тырысады. Егерде Бұқа ханды өлтіріп, билікке Алып Деректі отырғызса, онда көп ұзамай соңғысының Сыр бойындағы қыпшақтарды жеке дара билеп, Хорезм үшін мықты қарсыласқа айналуы мүмкін болатын.
Көп ұзамай Алып Деректің дербес саясатына қарсы Текеш Қадыр Бұқа ханды оған қарсы аттандырады, Алып Дерек жеңіледі, алайда Қадыр Бұқа ханның өзі Хорезмшахына тәуелді болып қалады [264, 424 б.]. 1200-1220 жж. Хорезм мемлекетін билеген Текештің ұлы Мұхаммедтің тұсында Сырдың орта және төменгі ағысы бойындағы өңірлердің бәрі Хорезмге тәуелді болады. Бірақ та Дешті Қыпшақтың далалық бөлігіндегі қыпшақ тайпалары өз дербестіктерін сақтап қалады. Оларды бағындыру үшін Мұхаммед бірнеше рет жорықтар ұйымдастырады. Сондай жорықтың бірі 12151216 жылдың қыс айында болады да, 1216 жылдың жаз айларында Ырғыз даласында Хорезмшахтың алғаш рет монғолдармен шайқасы өтеді [6, 436 б.]. Бұл шайқастың қалай аяқталғаны және оның қандай салдары болғандығы тарихи әдебиеттерде жақсы айтылғандықтан, біз оған бұл жерде тоқтап жатпаймыз.
Жоғарыда айтылған ойларымызды қорытындылай келе, монғол жаулаушылығы қарсаңындағы Қазақстан аумағындағы қыпшақтардың мемлекеті және жағдайы туралы тұжырымдарымызды түйіндейік.
Біріншіден, монғолдардың жаулап алушылығы қарсаңында, яғни ХІІ ғасырдың ортасы мен ХІІІ ғасырдың басында тар мағынадағы Дешті Қыпшақ территориясында жалпы атаумен қыпшақ тайпалары өмір сүргенімен, оларда бір орталыққа біріктірілген, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік жүйе болмаған. Кезінде В.В. Бартольдтың қыпшақтардың саяси ұйымсыз және өз мемлекеттілігін құрмай-ақ осыншама зор территорияны иеленуі сирек кездесетін құбылыс. Жекелеген қыпшақ хандары болды, ал бірақ барлық қыпшақтарға ортақ хан болған жоқ, - деген тұжырымы Еділдің батысындағы қыпшақ тайпаларына да, Еділ мен Ертіс өзендерінің аралығындағы қыпшақтарға қатысты айтылған [265, 99 б.]. Еділдің шығыс жағындағы қыпшақ тайпаларының иеліктері, княздіктері, бірлестіктері, одақтары туралы әр кездері А.Ю. Якубовский, К.В. Кудряшев, Г.А. Федоров-Давыдов, С.А.Плетнева және тағы басқа зерттеушілер айтқан болатын [269, 18 б.; 270, 134 б.; 267, 147 б.; 271, 275 б.]. Ал Қазақстан аумағындағы қыпшақ тайпаларының нақты монғол жаулаушылығы қарсаңындағы мемлекетілігі жөнінде С.М. Ахинжанов өз зерттеуінде арнайы тоқтала келе, оларда үш қыпшақ иелігінің болғандығын атап өтеді [255, 281 б.]. Бірінші қыпшақтардың иелігі Маңқыстау түбегінде болған, олардың билеушісі деректерде патша деп аталғанымен, ХІІ ғасырдың ортасынан бастап Хорезм мемлекетіне тәуелділікте болады.
Одан әрі С.М. Ақынжановқа сүйенсек, Қазақстанның далалы аймақтарында қыпшақ тайпаларының екі үлкен тобы мекен етіп, олардың этникалық құрамы бірдей болған. Бұл екі топтың иеліктерінің шекарасы бұған дейінгі тарихи дәуірде қалыптасқан, бірі Батыс Қазақстанда, Арал теңізінің солтүстігіндегі далаларда болып, ІХ ғасырдың өзінде-ақ қыпшақтар бірлестігі ретінде белгілі болса, екіншісі ХІІ ғасырдың ортасында қыпшақтардың Сығанақ маңындағы иелігі деген атаумен жазба деректерге енген [255, 282-283 бб.]. Шамамен алғанда, Шығыс Дешті Қыпшақтағы екі үлкен қыпшақтар бірлестігінің территориялары кейінгі кезеңдерде пайда болған қазақтың Кіші және Орта жүздерінің аумақтарына сәйкес келеді.
Батыс бөліктегі қыпшақтар бірлестігінде билеуші әулет Елбөрі тайпасынан шығып, билік мұрагерлікпен әкеден балаға немесе әкеден бауырға беріліп отырылған. Биліктің мұндай берілуі тек ертефеодалдық мемлекеттік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz