«Коммерциялық несиенің дамуы»



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
А) Коммерциялық несиенің мәні
Б) Коммерциялық несиенің артықшылықтары мен кемшіліктері
В) Коммерциялық несиенің дамуы
3. Қорытынды.
Коммерциялық несие- бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату. Әр түрлі тауарларды өндіру және өткізу әртүрлі уақыт кезеңін және белгілі – бір маусымға сәйкестендіруді талап етеді. Қандай да бір тауар өндіруші, өз тауарларын нарыққа ұсынған кезде осы тауарды қажет етіп тұрған басқа өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін. Нәтижесінде тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық несиенің шектелген деңгейі бар. Біріншіден, ол жұмыс істеп тұрған капиталисттердің резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген,яғни олардың әрқайсысы коммерциялық несие өзінің бағыты бойынша шектелген: оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы құрал – жабдықтарды тұтынатын салаларға береді, бірақ керісінше емес. Мысалы, машина құрылыс кәсіпорнының иесі тоқыма станоктарын несиеге тоқыма фабрикасына сата алады, ал тоқыма фабрикасы машина құрылыс кәсіпорнына коммерциялық несие бере алмайды, өйткені маталар машина құрылысында өндіріс құрал – жабдығы бола алмайды.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Қаржы кафедрасы

Баяндама
Тақырыбы: Коммерциялық несиенің дамуы

Орындаған: Қыдырмолданова Қ.
Тексерген: Керимбекова Н. Н.

2015ж.
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
А) Коммерциялық несиенің мәні
Б) Коммерциялық несиенің артықшылықтары мен кемшіліктері
В) Коммерциялық несиенің дамуы
3. Қорытынды.
Коммерциялық несие- бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты - тауарларды өткізуді жылдамдату. Әр түрлі тауарларды өндіру және өткізу әртүрлі уақыт кезеңін және белгілі - бір маусымға сәйкестендіруді талап етеді. Қандай да бір тауар өндіруші, өз тауарларын нарыққа ұсынған кезде осы тауарды қажет етіп тұрған басқа өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін. Нәтижесінде тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық несиенің шектелген деңгейі бар. Біріншіден, ол жұмыс істеп тұрған капиталисттердің резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген,яғни олардың әрқайсысы коммерциялық несие өзінің бағыты бойынша шектелген: оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы құрал - жабдықтарды тұтынатын салаларға береді, бірақ керісінше емес. Мысалы, машина құрылыс кәсіпорнының иесі тоқыма станоктарын несиеге тоқыма фабрикасына сата алады, ал тоқыма фабрикасы машина құрылыс кәсіпорнына коммерциялық несие бере алмайды, өйткені маталар машина құрылысында өндіріс құрал - жабдығы бола алмайды.
Коммерциялық несие Жапонияда және Францияда кең таралған. Жапондық кәсіпорындар балансының жалпы сомасында коммерциялық талаптар мен міндеттемелердің үлесі орта есеппен 30 % -ға жетеді, француз фирмаларынікі 20-25 %. Олардан кейінгі орында ағылшындық, американдық және германиялық компаниялар. Төлеуді кейінге қалдыруды тек қаржылық мүмкіндігі шектеулі ұсақ фирмалар ғана пайдаланбайды, сонымен қатаркредитор және қарыз алушы ретінде бола отырып, едәуір қаражаттарды және банктік несие ала алатын ірі компаниялар да пайдаланады.
Коммерциялық несиенің сақталуының себептерінің бірі - тауарлардың ұдайы жеткізілуін талп ететін кәсіпорындардың экономикалық байланыстарының үнемі ұлғаюы және жетілдірілуі болып табылады. Басқа да несие формаларының жедел өсуіне байланысты коммерциялық несиенің рөлі мен оның көмегінің абсолютті шамада ұлғаюына қарамастан қысқарып кетті.
Батыстың экономикалық әдебиеттерінде "коммерциялық несие" терминімен банктің коммерциялық мақсаттарға беретін қарыздары түсіндіріледі. Жұмыс істеп жатқан капиталисттердің бір - біріне таурларды төлемді кейінге қардыру шарттарымен сатуы коммерциялық фирмааралық несие деп аталады. К. Маркстің айтуы бойынша, әрбір жұмыс істеп тұрған капиталист " бір қолымен несие береді және екінші қолымен несие алады".Сондықтан жекелеген кәсіпорын тұрғысынан алғанда, коммерциялық несие төлеуді кейінге қалдыру шартымен, сатып алушыларға қоылған тауарлар және осындай шартпен жабдықтаушылардан алынған тауарлар арасындағы айырмашылық ретінде анықтауға болады. Кейбір экономисттер несие көлемін анағұрлым анықтау үшін таурларды жеткізу кезінде қолданылатын аванстық төлемдерді де ескеру керек деп есептейді.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз келісімі - аясы тар мақсат емес, ол сатып алу - сату келісіміне қосақталып жүреді. Қарыз келісімі тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақытта анықталады. Әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ең жоғары мерзімі 90 күнге белгіленеді. Төлемді кейінге қалдыру тауарлардың түріне және басқа факторларға ( мысалы, азық - түлік тауарларын төлеу қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылады ) байланысты. Төлемді кейінге қалдыру кезеңін ұзарту сатып алушы мүддесіне сай келеді, оны өткізілетін тауарлар бағаларының төлемдерімен салыстыруға болады.
Несиенің бұл формасын таңдаудың басқа факторы бәсекелестік кезінде мәнді рөл атқаратын оның құны болып табылады. Коммерциялық несие бойынша мөлшерлеме ақша нарығының мөлшерлемелеріне ілесіп отырады, бірақ анағұрлым жоғары деңгейде белгіленеді. Коммерциялық несие қазіргі уақытта несиенің басқа формаларынан жеке өмір сүрмейді. Несиенің негізгі екі формасының байланысы банкте қарыз міндеттемелерін есептеу мысалында көрінеді. Тауар өткізуді мақсат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиенің ақшаларының қажеттілігі мен маңызы
Несие ақшалары: олардың негізгі түрлері және айналыс заңдылықтары
Несиелік ақшалардың негізгі түрлері мен формалары
Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйенің қалыптасуы мен дамуы
НЕСИЕ ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
Еңбекақы төлеуге арналған сомада - уақытша бос ақша капиталы
Қарыз капиталынның құрылымы және қажеттілігі
Тұтыну несиесінің түрлері шарттары
Жеке тұлғаларды несиелеудің мәні, формалары және жіктелуі
Пәндер