Түрік тілінің дыбыстық жүйесіне қысқаша сипаттама



Түрік тілі дыбыстық жүйесіне қысқаша сипаттама жасаудың негізгі мақсаты - студенттерді түрік тілі фонетикасының зерттеу нысанымен таныстыру, түрік тілінің дыбыстық жүйесі туралы мағлұмат беру, дыбыстау мүшелерінің атқаратын қызметіне тоқталу, қазіргі түрік тілі дыбыстарының саны мен сапасына көңіл аударту, атап айтқанда, Стамбул диалектісі негізіндегі қазіргі түрік әдеби тілі дыбыстары мен Анадолы говорында орын алған дыбыстардың жеке-жеке түрлеріне, жат тілдік жалқы есімдер құрамындағы кейбір дыбыстардың түрік тілінде өзгеріссіз қалу ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасау, түрік тілі дыбыстарының қазіргі қазақ тіліндегі баламаларымен сәйкестік сипатына мән беру және оларды нақты мысалдар арқылы дәлелдеу, қазіргі түрік тілі фонетикасы туралы дайындалған түркітанушы түрлі ұлт өкілдері (түрік, қазақ, орыс және т.б.) көзқарастарының тоғысқан тұстары мен пікір қайшылықтарын қорыту болып табылады.
1.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. -Алматы, 1999.-341-б.
2.Göker O. Uygulamalı Türkçe Bilgileri, І. İstanbul, 1996. s.113.
3.Mырзабеков С. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы.-Алматы, 1997.-4-б.
4. Кононов А.Н. Грамматика современного турецкого литературного языка. –М., Л., -1956. –С. 25.
5. Тенишев Э.Р. Түркі тілдері (Қазақ тіліндегі басылымы). ҚР ҰҒА
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. –Алматы, 2002. -531 – б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қалиев А.Қ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Шығыстану факультеті
Түркітану және үндітану кафедрасы,
Алматы, Қазақстан
e-mail: Amanzhol.kali@mail.ru

ТҮРІК ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ
ҚЫСҚАША СИПАТТАМА

Резюме: Краткий обзор особенностей фонетических процессов и системы турецкого языка.
Summary: The brief review of phonetic processes and Turkish language system specifics.

Түрік тілі дыбыстық жүйесіне қысқаша сипаттама жасаудың негізгі мақсаты - студенттерді түрік тілі фонетикасының зерттеу нысанымен таныстыру, түрік тілінің дыбыстық жүйесі туралы мағлұмат беру, дыбыстау мүшелерінің атқаратын қызметіне тоқталу, қазіргі түрік тілі дыбыстарының саны мен сапасына көңіл аударту, атап айтқанда, Стамбул диалектісі негізіндегі қазіргі түрік әдеби тілі дыбыстары мен Анадолы говорында орын алған дыбыстардың жеке-жеке түрлеріне, жат тілдік жалқы есімдер құрамындағы кейбір дыбыстардың түрік тілінде өзгеріссіз қалу ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасау, түрік тілі дыбыстарының қазіргі қазақ тіліндегі баламаларымен сәйкестік сипатына мән беру және оларды нақты мысалдар арқылы дәлелдеу, қазіргі түрік тілі фонетикасы туралы дайындалған түркітанушы түрлі ұлт өкілдері (түрік, қазақ, орыс және т.б.) көзқарастарының тоғысқан тұстары мен пікір қайшылықтарын қорыту болып табылады.
Әлемде жазу жүйесінің кейбір түрлері кең тараған десек, солардың бірі-араб жазуы, яғни араб әліпбиі. Түрік тілі де, қазақ тілі де кезінде араб әліпбиін пайдаланғаны белгілі. Бірақ профессор Құдайберген Жұбанов: Араб негізді әліппенің біздің тілімізге үйлесімсіздігін жұрт ертеден-ақ сезе бастаған болатын,-десе [1,341], түрік ғалымы Осман Гөкер:''...Arap yazı sіstemіnіn Türk dіlіnіn ses yapısına uymaması meselesі dokuz yüz yıl çözümlenememіştі'',- дейді [2,113]. Міне, осы себеппен, болмаса басқа жағдаймен байланысты болсын аталған екі халық та әліпбилерін өзгертті.
Ал кең тараған жазу түрінің тағы бірі - латын әліпбиі. Қазақ халқы 1929-1940 жылдар аралығында латын графикасын пайдаланса, Түркия Республикасы 1928 жылы қараша айының үшінде латын графикасына негізделген жаңа түрік әліпбиіне көшу туралы 1353-заңды қабылдап, ресми іс қағаздарын 1929 жылы қаңтар айынан бастап жаңа жазумен жүргізе бастады.
Тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін ғылым түрік тілінде ses bіlgіsі (fonetik) терминімен аталады. Басқа да тілдер сияқты түрік тілінің де өзіне тән дыбыстық ерекшеліктері, толып жатқан заңдылықтары, басқа тілдерге ұқсас жақтары және олардан айырмашылықтары, қалыптасқан жүйесі бар.
Жалпы тіл білімінің дыбыстық жүйесі туралы сөз қозғағанда, тіл дыбыстарының табиғаты мен өзіндік сипаты, дауысты, дауыссыз дыбыстар, олардың өзара жіктелуі, үндестік заңы және оның түрлері, ықпал және оның түрлері, дыбыстардың сөз басында, сөз ортасында, сөз соңында түсіп қалуы мен пайда болуы, сөз басында және сөз соңында сирек қолданылатын немесе тіпті қолданылмайтын дыбыстар, сөз құрамындағы дыбыстардың орны, олардың жазылуы мен айтылуы арасындағы ерекшеліктер, екі дауыссыздың және қос (егіз) дауыссыздың сөз құрамында қатар қолданылуы және т.б. туралы баяндалады. Осы айтылғандарды төмендегі пікір де толықтыра түседі:
Фонетиканың негізгі зерттеу нысаны дыбыстар, олардың жүйелілігі мен қолданылу ерекшеліктері, заңдылықтары болса, дыбыстардың қыр-сыры, жасалуы, артикуляциялық ерекшеліктері мен қолданылу заңдылықтары сөзге тікелей байланысты, сөз арқылы, сөздер құрамында ғана олар толық көріне алады. Жеке дыбысты айтқаннан оның барлық сипаты толық айқындала бермейді. Сөздің бар сипаты оның қолданылысында, сөйлем ішінде айқындалатыны сияқты, дыбыстардың да бар қасиеті сөз құрамында қолданылуы арқылы айқындалады. [3,4].
● Дыбыстау мүшелері (Ses Organları). Адамның тілі - ең алдымен, биологиялық құбылыс, яғни ол - дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесінің қызметінің нәтижесі.
Адам организмінде тіл дыбыстарын айтуға жаралған арнайы органдар жоқ. Мұны әртүрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған органдар (өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін, т.б.) қосымша атқарады. Ұзақ эволюциялық даму барысында адам өзінің анатомиялық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, органдарын түрлі дыбыстарды айтуға икемдеп, жаттықтырудың нәтижесінде дыбыстық тілге ие болды.[3,24]
Дыбыс жолы өкпеден басталып тамаққа дейін келеді де ауыз бен мұрынның ұшына дейін жалғасады. Яғни анатомиялық органдардың екінші бір қызметі дыбыстың жасалуы мен шығуына қызмет ету болып табылады.
Түрік тілінің дыбыстау мүшелері: өкпе (akcіğer) дыбыстардың жаса-луына керек ауаны жоғары қарай жібереді. Өкпеден шыққан ауа тыныс жолы (soluk borusu veya solunum yolu) арқылы жолындағы мүшелерге жанасады, тиеді, соғылады және түрлі кедергілерден өтеді. Өкпеден шығып жоғары көтерілген ауа өкпеден кейінгі екінші мүше көмейден (hançere) өтіп, дауыс шымылдығына (ses tellerі) келеді. Осылайша, ауа тыныс алу жолын (nefes borusu) пайдалана отырып, көмейдің (hançere) соңына дейін жетіп, дыбыстаудың, дауыстап сөйлеудің негізі дауыс шымылдығына (ses tellerі) ұласады. Ауа ағысы және дыбыс жолындағы ауыз қуысы (ağız boşluğu) мен мұрын қуысының (burun boşluğu) түйіскен жерінде жоғарыдан төмен қарай қимыл-қозғалысқа бейім кішкене тіл немесе тілшік (küçük dіl) орналасқан. Бұл мүшенің негізгі қызметі сөйлеу барысында дауыс шымылдығының көмегімен пайда болған дірілді (titreşim, ötüm, ton) шығу жолына қарай бағыттау болып табылады. Егер дыбыс ауыз жолымен шығатын болса, кішкене тіл мұрын жолын, ал дыбыс мұрын жолымен шығатын болса, кішкене тіл ауыз жолын жауып қалады. Ауыз жолын жабу керек болса, төмен қарай салбырайды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Наурыз сөзінің этимологиялық негіздері
Қазақ жазу тарихы
Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде
Фонетиканың зерттеу нысандары
ТҮПКІТЕК ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ
Араб сөздері құрамындағы дауыстылар мен дауыссыздардың қазақ, өзбек және түрік тілдері заңдылықтарына бейімделіп игерілуі
Ахмет Байтұрсынов-тіл білімінің негізін қалаушы
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін сақтау мен дамытудың этнопедагогикалық негіздері
Лексика - семантикалық, фонетикалық - орфограммалық және грамматикалық варианттардың ерекшеліктерін саралап көрсету, нормадан ауытқу немесе сай келу заңдылықтарын талдау және варианттарды кодификациялаудың теориялық негіздерін іздестіру
Қазақ орыс ғалымдары – ахмет байтұрсынұлы туралы
Пәндер