Жеке тұлға туралы ақпарат



1. Жеке адам туралы жалпы түсінік.
2. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы мен бағыттылығы.
3. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен әлеуметтенуі.
4. Индивид, субъект, жеке адам, даралық түсініктерінің ара қатынасы..
5. Адамдардың өзара әрекеті мен қарым.қатынасының әлеуметтік психологиялық заңдылықтары.
Адам — бұл, бір жағынан, биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары ұйымдасқан жануар ретінде адамға денесімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ерекше дамыған ми сияқты дене ерекшеліктері тән.
Екінші жағынан, адам-қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық, дене құрлымын өзгертіп және өзіне бағындырды. Адам туралы айтқанда, психология және философия ғылымдары "жеке тұлға" ұғымымен түсіндіреді.
Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағында қолданылады. Жеке тұлға — бұл сол адам, бірақ тек ғана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынастардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады.
Психологияда "адам" және "жеке тұлға" ұғымдарымен қатар "даралық" ұғымы да қолданылады. Әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын ерекшелігі бар, сондықтан да тіптен екі бірдей жеке тұлға болмайды және болуы да мүмкін емес.
Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешелігі айтылады.
Жеке тұлға-тек тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика және т.б. сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны.
Жеке адам - қоғамдық дамудың қайраткері, қоғамда белгілі жағдайда тұратын саналы индивид және белгілі қоғамдық ролді атқарады.
Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн: Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
1. Жеке адам туралы жалпы түсінік.
2. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы мен бағыттылығы.
3. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен әлеуметтенуі.
4. Индивид, субъект, жеке адам, даралық түсініктерінің ара қатынасы..
5. Адамдардың өзара әрекеті мен қарым-қатынасының әлеуметтік
психологиялық заңдылықтары.

1. Жеке тұлға туралы жалпы түсінік
Адам — бұл, бір жағынан, биологиялық құбылыс, санасы бар жануар,
қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары
ұйымдасқан жануар ретінде адамға денесімен тік жүру, дүниені тану және
өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ерекше дамыған ми сияқты дене
ерекшеліктері тән.
Екінші жағынан, адам-қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі
қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық,
дене құрлымын өзгертіп және өзіне бағындырды. Адам туралы айтқанда,
психология және философия ғылымдары "жеке тұлға" ұғымымен түсіндіреді.
Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағында қолданылады. Жеке тұлға — бұл
сол адам, бірақ тек ғана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде
қарастырылады. Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын
ескермей, адамды қоғамдық қатынастардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді
қайраткері ретінде қарастырады.
Психологияда "адам" және "жеке тұлға" ұғымдарымен қатар "даралық"
ұғымы да қолданылады. Әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі
жағдайларының өзіндік қайталанбайтын ерекшелігі бар, сондықтан да тіптен
екі бірдей жеке тұлға болмайды және болуы да мүмкін емес.
Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің
қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешелігі айтылады.
Жеке тұлға-тек тарих, философия, социология, этика, эстетика,
психология, педагогика және т.б. сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу
нысаны.
Жеке адам - қоғамдық дамудың қайраткері, қоғамда белгілі жағдайда
тұратын саналы индивид және белгілі қоғамдық ролді атқарады.
Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн: Біріншіден, жеке
тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің
өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы
тұрақтылығы анық байқалады.
Екіншіден, бұл-жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық
үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз
байланысы мен өзара тәуелділігі. Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді,
әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. Мәселен, табандылық мақсатқа
жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, жоғары
моралдік сезімдермен, дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды
мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға "жеке бөліктерге"
бөлініп қалыптаспайды, тәрбиеленбейді, әр уақытта да жеке тұлға тұтас,
бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді.
Үшіншіден, бұл - жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені
өзгертуге, түрлендіруге бағытталған көптеген және жан-жақты іс-әрекетте
бейнеленеді.
Психологияның басқа ғылымдардан ерекшелігі (философия, этика, заң
ғылымдары және т.б) жеке тұлғаның рухани бейнесін, оның қылықтары мен мінез-
құлқын зерттейді. Психология ең алдымен жеке тұлғаның себептерін, сезімін,
қажеттілігін, қызығуын зерттейді. Психология іс-әрекетті ойдағыдай
орындаудың психологиялық алғышарттарын және темпераменті мен мінез-құлқының
психологиялык ерекшеліктерін қарастырады. Сонымен қатар психология жеке
тұлғаның қалыптасу және даму үрдісін зерттейді.
2. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы
Кез-келген құбылыс сияқты жеке тұлғаның психикалық өмірі белгілі
құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты
және жеке тұлғаның өзіне тән құрылымға белгілеуге болады. Жеке тұлғаның
құрылымының бірінші бөлігі оның бағыттылығын сипаттайды немесе адамның
шындық дүниеге тандамалы қатынасы. Бағыттылық әртүрлі қасиеттердің өзара
байланысты қажеттіліктер мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік
ұстанымдардың жүйесін қамтиды.
Ондай жағдайда бағыттылық бөліктерінің бірі үстемдік етеді және басты
мәнге, ие болады, сол уақытта басқалары тірек қызметін атқарады. Үстемдік
ететін бағыттылық жеке тұлғаның бүкіл психикалық қызметін анықтайды.
Мәселен, танымдық қажеттіліктің үстемдік етуі соған сәйкес еріктік және
эмоциялық көңіл-күйдің көтерілуіне алып келеді, ол өз кезегімен
интеллектуалдық іс-әрекеттің белсенділігін арттырады. Бір уақытта табиғи
қажеттіліктер біршама тежеліп, күнделікті тіршілік күйді кейінге, екінші
кезекке ығыстырады.
Жеке тұлға өзінің айналысқан қызығуының мақсаттылығын негіздей
бастайды, оған ерекше қоғамдық және жеке мән береді.
Жеке тұлғаның психологиялық құрылымының екінші бөлігі жеке тұлғаның
мүмкіншілігін айқындайды және белгілі бір іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз
ету үшін қабілеттіктерді қамтиды. Қабілеттіліктер өзара байланысты және бір-
бірімен өзара әрекет етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіктердің бірі үстемдік
етеді, жетекшілік етеді, басқалары оған бағынады. Мәселен, А.С.Пушкинде
ақындық өнер үстемдік етті, бірақ ол өзін тарихшы және талантты суретші
ретінде де таныта білді. Сол сияқты М.Ю. Лермонтов туралы да айтуға
болады. Қабілеттіктердің арақатынасының сипатына бағыттылықтың
құрылымы әсер етеді. Өз кезегімен қабілеттіктерді даралау
жеке тұлғаның шындыққа қатынасының таңдамалығына әсер етеді,
Жеке тұлғаның құрылымының үшінші бөлігі мінез болып табылады немесе
әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық стилі. Мінез күрделі синтетикалық
құрылым, адамның рухани өмірінде мазмұн мен түр бірлігінде аңғарылады.
Мінез жеке тұлғаны тұтас көрсете алмағанмен, бірақ оның қасиеттерінің,
бағыттылығы мен ерік-жігерінің, интеллектуалдық және эмоциялық сапаларының,
темпераментте байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін
білдіреді.
Мінез жүйесінде сонымен қатар басты қасиеттерді бөліп көрсетуге
болады. Оларға ең алдымен — моралдік, екіншіден — ерік-жігер сапалары
жатады, олар белгілі мінез-құлық стилін және практикалық міндеттерді шешу
тәсілін қамтамасыз етеді. Сондықтан да моралдік — ерік-жігер сапаларын
мінездің негізін құрайды деп айта аламыз.
Төртінші бөлігі басқару жүйесі болып табылады, көп жағдайда "мен"
деген ұғымды білдіреді. "Мен" — жеке тұлғаның өзіндік сапа құрылымы, ол
өзін-өзі реттеп отыруды іске асырады: іс-әрекетті күшейту немесе бәсеңсіту,
өзін-өзі бақылау және іс-әрекет пен қылықты басқару, іс-әрекетті жоспарлап
отыру, сонымен, өзін-өзі басқару жеке тұлғаның мақсаты ұйымдасқан өмірі мен
қызметінде ерекше маңызы зор. Жеке тұлғаның құрылымы егер психикалық
үрдістер мен қалыпты алып тастағанда толық болмай шығар еді.
Психикалық үрдістер — психикалық кұбылыстардың әртүрлі түрлерінде
шындықты динамикалық тұрғыда бейнелеу. Психикалық үрдістер жеке тұлғаның
шындықпен байланысын қамтамасыз етеді. Олар арқылы жеке тұлғаның қасиеттері
қалыптасады. Ұйымдасқан қасиеттер өз кезегімен үрдістің жүруіне әсер етеді.
Мәселен, түйсіктер үрдісінде нақтылы сенсорлық қасиеттер және одан әрі
түйсіктердің сандық, сапалық сипатын анықтайтын жеке тұлғаның тұтас
сенсорлық құрылымы қалыптасады. Теориялық және практикалық міндеттерді шешу
үрдісінде жеке тұлғаның ерік-жігер құрылымы қалыптасады.
Жеке тұлғаның ұйымдасқан бағыттылығы қабылдаудың және оған байланысты
эмоциялық реакцияның таңдауына әкеледі.
Психикалық үрдістердің негізінде психикалық қасиеттер ұйымдасады.
Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері бұл индивидке тән психикалық іс-әрекет
пен мінез-құлықтың белгілі сандық-сапалық деңгейін қамтамасыз ететін
тұрақты құрылым.
Психикалық үрдістердің жүру сипаты, қасиеттердің көрінуі жеке
тұлғаның психикалық белсенділігінің жағдайына байланысты.
Психикалық қалып дегеніміз жеке тұлғаның көтеріңкі немесе түсіңкі
белсенділігі түрінде көрінетін психологиялық іс-әрекеттің тұрақты деңгейін
айтады. Кез-келген оқиғаны бейнелеу - күрделі құбылыс. Ол өз құрамына
біршама үрдістерді кіргізеді: түйсіну мен қабылдау, қайта жаңғыру, ойлау,
сезім және т.б. қоғамдық және жеке мәні бар ықпал мен ой түйінін түсіну,
соған сәйкес сезім туғызады, оның сипатына қарай жеке тұлғаның жалпы
белсенділік деңгейін төмендетеді немесе арттырады. Психикалық іс-әрекеттің
қалыптасқан деңгейі белгілі бір уақытқа жалғасуы сақталады.
Барлық кейінгі психикалық белсенділігі пайда болған жағдайға сәйкес
жүріп отырады.
Психикалық қалып сыртқы және ішкі жағдайлардың себептеріне байланысты,
бірақ оның динамикасы мен сипаты жеке тұлғаның қасиетіне байланысты.
Мәселен, жүйке қызметі ынжық типтегі адамдарда психикалық қалпы қозғалғыш
типтегі адамдармен салыстырғанда тұрақты келеді. Кейбір адамдардың атына
жасалған сын-ескертпелер олардың күш-жігерін жұмылдырады, сын-
ескертпелерден қорытынды шығаруға ұмтылады, ал осындай сын-ескертпелер
кейбіреулердің белсенділігін әлсіретеді, депрессивтік психикалық жағдайдың
пайда болуына алып келеді Осындай жағдай мінез-құлқының жағымсыз
қасиеттеріне (өркөкірек, өзімшіл, өзін басқадан жоғары ұстайтын) ерік-
жігері әлсіз, сезімнің ерекшелігіне байланысты.
Демек, жеке тұлғаның психикалык құрылымы өте күрделі, жан-жақты және
сан-қырлы. Оның барлық компоненттері өзара байланысты және өзара тәуелді.
Жеке тұлғаның дамуымен оның құрылымы да өзгеріп отырады. Сонымен қатар
әрбір жеке тұлғаның құрылымы салыстырмалы түрде тұрақты. Әрбір адам
тұрақтылық пен өзгермеліктің бірлігі, тек қана сондай құрылым адамға өзімен
өзі болуға, икемділік көрсетуге, өмір салтын сол жағдайларына сай жүргізуге
көмектеседі.

3. Жеке тұлғаның бағыттылығы
Жеке тұлғаның негізгі сипаты оның бағыттылығы болып табылады.
Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға
ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам
іс-әрекетте басшылыққа алады.
Белсенділік — жеке тұлғаның басты жалпы қасиеті, ол іс-әрекетте,
қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде байқалады. Адамды белгілі бір
жағдайда әрекет етуге, алдына, мақсат қоюға және оны орындауға итермелейтін
не? Осындай итермелейтін себепке қажеттілік жатады. Қажеттілік адам
тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бір нәрсенің жетіспеуі, белгілі бір
нәрсеге қанағаттанбау тұрғысында іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі
қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады.
Адам қажеттілігі әртүрлі. Ең алдымен адамның өмір сүруін тікелей
қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап өтуге болады: тамаққа,
ұйқыға, киімге, суықтан және ыстықтан сақтау құралы ретінде тұрғын үйге
қажеттілік. Бұл негізінен биологиялық қажеттіліктер, сонымен қатар олар
жануарлардың қажеттіліктерінен түбірлі айырмашылықтары бар. Оның ішінде,
біз оны қанағаттандырудың әлеуметтік сипаты туралы айтып отырмыз.
Адамда табиғи қажеттіліктермен қатар таза адами, рухани немесе
әлеуметтік қажеттіліктер болады. Басқа адамдармен сөздік қарым-қатынас
қажеттілігі, еңбекке деген қажеттілік, мәдени қажеттіліктер (кітап және
үнқағаз оқу, радио, теледидар тындау, музыка тыңдау, киноға және театрға
бару) болады.
Адам қажеттілігі — адамзат қоғамының қоғамдық-тарихи дамуының жемісі.
Осы даму үрдісінде адамдардың табиғи және рухани қажеттіліктері пайда
болды, өзгерістерге ұшырады және күрделене түсті.
Жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі, оның қажеттілігі болып
табылады. Тек қана қажеттілік адамды белгілі бағытта әрекет етуге
итермелейді.
Қажеттілік — бұл өмір сүрудің нақты жағдайларына тәуелділігін
білдіретін жеке тұлғаның қалпы. Қажеттілік — жеке тұлғаның белсенділігінің
қайнар көзі қажеттілік жалпы түрде байқалады.
Адамның нақты қылығы, ісі, белгілі іс-әрекеті туралы айтқанымызда,
түрткілері (мотивтері) немесе нақтылы қылығы, іс-әрекетті итермелейтін
себептері туралы деп түсінеміз.
Түрткілер — қажеттіліктің нақты көрінуі.
Түрткілер (мотивтер) — бұл қажеттіліктерді қанағаттандырумен
байланысты іс-әрекетке итермелеу. Егер де қажеттілік адам белсенділігінің
барлық түрлерінің мәнін, қызметін құрайтын болса, ал түрткілер бұл
қажеттіліктің нақты көрінуі болып табылады.
Адамның мінез-құлқын қарастыра отырып, оның қылығын талдай келіп, оның
түрткілерін дұрыс түсіну қажет. Түрткілер бір-бірінен онда іске асатын
қажеттіліктердің түріне, аумағына, іс-әрекеттің мазмұнына (еңбек әрекетінің
түрткілері, оқу әрекетің түрткілері) байланысты ерекшеленеді.
Түрткілер мақсатты (саналы) және мақсатсыз (санасыз) болып бөлінеді.
Ғылыми психология осы түрткілердің бір-бірімен жеке тұлға дамуының қоғамдық-
тарихи жағдайы бір-бірімен байланысты екендігін атап көрсетеді.
Адамның танымдық қажеттіліктерінің көрінісі қызығу деп аталады. Қызығу
— бұл адамның белгілі бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке, жағымды
эмоциялық қатынасқа байланысты белсенді танымдық бағыттылығы. Қызығудың
мәні орасан зор: білімді меңгеруге, ой-өрісін кеңейтуге, адамды терең
білімді меңгеруде оның белсенді жолдары мен тәсілдерін іздестіруге,
қиындықтар мен кедергілерді жоюға итермелейді.
Қызығулар өзінің мазмұны, ауқымы, тереңдігі, тұрақтылығы және
тиімділігі бойынша сипатталады.
Мазмұны жағынан қызығулар бағытталған нысанына қарай анықталады
(техникаға, химияға, спортқа, өнерге, суретке, шахматқа т.б. қызығу).
Мазмұны жағынан әртүрлі қызығулар қоғамдық мәніне қарай: біреулері, егер де
қоғамдық және жеке мүдделер дұрыс ұштасқанда жағымды бағаланады, басқалары
жағымсыз бағаланады (өздерінің ұсақ сезімдік қажеттіліктерін
қанағаттаңдыруға байланысты).
Жан-жаңты, ауқымды және тар қызығулар болып бөлінеді. Жеке тұлғаны жан-
жақты дамыту үлкен ауқымды және жан-жақты қызығуды қажет етеді. Қызығудың
тарлығы адамда бір немесе екі шектеулі және тұйықталған қызығу ғана болады.
Терең қызығу нысанды, оның барлық бөліктерін жеткілікті зерттеу
қажеттілігі болып табылады. Ол атүсті, жеңіл-желпі қызығуға қарсы
бағытталады, адам құбылыстарды атүсті қарастырады, зерттеу нысанын терең
пайымдамайды.
Тұрақты қызығулар (олар ұзақ сақталады, адамның өмірі мен іс-
әрекетінде мәнді рөл атқарады, жеке тұлғаның салыстырмалы түрде бекітілген
ерекшеліктері болып табылады) және тұрақсыз қызығулар салыстырмалы түрде
кысқа мерзімді құбылыстар сипатында және тез пайда болады, тез сөніп
қалады.
Адам тұрақсыз қызығулармен жеңіл әуестенеді және тез суып қалады.
Тиімді қызығулар дегеніміз адамның өмірі мен қызметіне терең ықпал
ететін, белгілі бағытта біржүйелі және мақсатты іс-әрекетке, белсенді және
ынталы ізденістер көздерін қанағатандыруға итермелейтін қызығуды айтады.
Бейжай қызығулар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғаудың жалпы сипаттамасы
Ақпарат құралдарының жасөспірімді тәрбиелеуге ықпал ету мүмкіндіктері
Психологиядағы қарым - қатынас
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Жеке тұлға психологиясы
Материалдық емес игіліктер және жеке мүліктік емес құқықтар
Қарым-қатынастың бала дамуындағы орны жайлы
Ақпарат тарихы және анықтамасы
Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде
Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Пәндер