Аллама Мұхаммад Икбал (1877-1938)


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Патшалық болса да, республика болса да,

Дінсіз саясат тиранияға алып келеді

Мұхаммад Икбал

Аллама Мұхаммад Икбал (1877-1938) - ақын, философ, Пәкістанның рухани әкесі және құрылуына үлкен септігін тигізген ғұлама, Британдық Үндістанның қоғам қайраткері.

Икбал 1877 жылы 9 қарашада Сиалкот қаласында дүниеге келді. Алғашқы білімін туған қаласында алды. 1892 жылы гуджараттық дәрігердің қызы Карим-Бибіге үйленді.

1895 жылы Лахор қаласындағы үкіметтік колледжге түсіп, философияны, араб және ағылшын әдебиеттерін оқи бастады. 1899 жылы магистратураны аяқтап, Англия мен Германияда оқуын жалғастырды.

1930 жылы Икбал тәуелсіз мұсылман елін құру туралы ойды ресми түрде қолдады.

Өзінің арманы болған тәуелсіз Пәкістанды көре алмай, 1938 жылы 21 сәуірде Лахор қаласында қайтыс болды. Оны Лахор қаласының жаңында жерледі және де оның мавзолейіне күніне мыңдаған адамдар барады.

Бірлік- мұсылмандардың маңызды күші, бірақ бірлікке жету жолында ішкі және сыртқы қиындықтар бар. Икбал мұсылмандардың бөлінуіне әкелетін факторларды екі топқа бөлді:

  • Ішкі факторлар
  • Сыртқы факторлар

Ішкі факторларға империализмді, неонационализмді және де экономикалық бағыныштылықты жатқызды. Ал сыртқы факторларға мұсылмандардың өз тамырларынан алыстатылуы, батыс оқу орындарының түлектерін, ислам мәдениетін білмеуі т. б. жатқызды.

Аллама Икбал бірлік пен тең құқылықты мұсылман қоғамының ажырамас бөлігі деп санады. Оның ойынша, егер де біз демократия ұғымына дұрыс сипаттама беріп, дұрыс ойланатын болсақ онда сол қоғамға сай өмір сүруге болады. Икбал бірлікті бір Аллаға сыйынумен байланыстырды.

Мұхаммед Икбал бірлікті екі түрлі жолмен жүзеге асыруға болады деп көрсетті:

  1. Ислам мемлекеттері мен билеушілерінің интеграциясы.
  2. Халықтың толық ақпараттандырылуы.

Бірлікке жетуге болатын тағы да 3 тәсілді атап өтті:

  1. Ислам мемлекеттерінің бір орталыққа бағындырылып бір биліктің болуы.
  2. Ислам мемлекеттерінен тұратын Ислам федерациясын құру
  3. Байланыс жасап, келісімшарттарға отырып мәдени, экономикалық саяси байланыстарды дамыту.

Не үшін оның есімі әлі күнге дейін Пәкістанада ұмытылмаған? Неліктен оның айтқан ойлары дүние жүзіне әйгілі?

Мұхаммад Икбал шығыс ойлары мен мәдениетінің бай мұрасын бойына сіңірген тұлға. Қызығатын білім салалары: дінтану, философия, өнер, саясаттану, экономика болды.

Икбал өзінің прозалары мен әдеби еңбектерінде Батыс елдеріне моральдың, діннің, цивилизацияның қаншалықты маңызды екенін атап өткен. Тек діннің көмегімен ғана мемлекет алдыға қарай жылжитындығын, дамитынын айтып кеткен.

Мұхаммад Икбал: "Китаб-ут Тауасин" атты шығармасымен Халлаж Мухаммед Икбалдың,

"Жауиднама" атты еңбегіне әсер етіп, бұл айрықша мына тақырыптарда байқалады:

- "Мен" түсінігі; азап пен күрес түсінігі;

- Қарсы шығу түсінігі;

- Ибіліс туралы түсінік;

- Мухаммед пайғамбардың тұлғасы мен маңына қатысты;

Қожа Ахмет Иасауи "Диуани Хикметінде" Халлажды өзіне үлгі, пір етеді. Оның даналығымен жүру керектігін әрбір сопыға міндеттейді. Халлаждың ықпалы мәселесі өте терең зерттеуді керек етеді. КИТАБ-УТ ТАУАСИН

1. Тауасин сөзі тасин сөзінің көпше түрі. Тасин Құранда үш сүренің (Шуара, Нәмл, Қаса) басындағы әріптердің алғашқы екеуін (та және син) оқыған кезде пайда болған сөз. Мистикалық құпия тақырыптарды білдіру үшін таңдалғандығы анық.

2. Осы алғашқы тасинде Халлаж Мұхаммед (с. а. с) пайғамбардың ұлылығы мен Халлаж доктринасының негізгі идеясы болып табылатын Нур-и Мұхаммед (Мұхаммедтің нұры) түсінігін беруге тырысқан. Сол себепті осы тасинге есім ретінде шамшырақ деген мағынаны білдіретін "Сиряж" сөзін таңдаған. Бұл "тасин" сөзін қолданудағы басты мақсат Хз. Мұхаммед пайғамбар.

«Забур-я Аджам» еңбегінде Икбал былай деп айтқан: Тек өткенді есте сақтаған кезде ғана жақсы осы шақ пен кемелденген келешекті құруға болады.

Сикхиялық көтерілісті бастаған басшыларды ағылшындарға ұстап берген адамдарды және де солардың кесірінен Британдықтарға колония болдық деп айыптайды.

Икбалдың ағылшын тілінде жазылған «Исламдағы религиялық ойлардың қайта өрлеуі» деген еңбегіңде жаңа замандағы ислам діні туралы жазылған.

Икбал Англияда оқыған кезінде Бүкілүнділік мұсылмандық лигаға кіріп, сол кезден бастап оның Британдық Үндістанда жеке тәуелсіз ислам мемлекетін құру туралы ойлары пайда бола бастады. Сол кезден бастап ол саясатқа араласа бастады.

Атақты теоретик А. К. Брохи Икбалдың шығармашылығы туралы былай деген екен: « Икбал- сөзсіз ұлы философ және ақын, оның шығ армаларында әрдайым шабыт пен қуаныш орын алады. Оның ислам діні туралы айтқан ойлары керемет. »

Икбал Батыста діннің жойылып, материализм болғанына қатаң сын айтты.

« Мен Кембриджде оқып жатқан жастарға бірнеше ақыл айтқым келеді . . . Мен сендерден атеизм мен материализмге қарсы іс-шара қарастыруларынды сұраймын. Европаның жасаған ең қатаң қателігі- ол мемлекеттен шіркеуді бөлектеуі. Бұл европалық мәдениетті рухани дүниеден алыстатты. Мен жиырма бес жыл бұрын осы қателіктер туралы айтып өткем. Бұл 1907 жылы болған етін . . . Алты жеті жыл өткеннен кейін менің айтқандарым орындала бастады. Менің айтып өткенімдей шіркеуді мемлекеттен бөлгендерінің себебінен 1914 жылғы Европалық соғыс орын алды. »

1930 жылы Аллахабадта өткен мұсылмандар конференциясында Икбал мұсылман мемлекетін құру туралы өз ойын айтты: «Мен мұсылман мемлекетінің құрамында Панджаб, Синд, Балочистан, солтүстік-батыс елдерін көргім келеді. Осындай мемлекетті құру ддамудың жалғыз ғана жолы»

1931 жылы қыркүйекте Англияда өткен конференцияда тағы бір рет мүмкіндік берілді.

Икбал Пәкістанның тәуелсіз ел болғанын көрген жоқ бірақ та өлер алдында Мұсылмандар Лигасын құрып, оның басшысы қылып Мұхаммед Али Джинды қойып, мұсылмандарды осы жолға шақырды.

Сонымен 1947 жылы 14 тамызда дүние жүзі картасында жаңа мұсылман мемлекеті пайда болды. Мемлекетті Пәкістан деп атады, аудармасы « Таза, пәк мемлекет», « Таза Ислам мемлекеті».

Мемлекет құрылғаннан кейін, Мұхаммед Әли Джин былай деді: « Икбал біздің жаңымызда жоқ, бірақ егер ол тірі болса, біз оның арманын орындағанымызды естіп қуанушы еді. »

Пәкістанда Икбалды білмейтін адам жоқ, қазіргі таңға дейін оның жазған шығармаларынан Пәкістан жұрты тәлім-тәрбие алады.

XX ғасырдағы мұсылман елдерінің философиясын атағанда, ең алдымен Мұхаммад Икбал ауызға ілігеді. « Персиядағы метафизиканың дамуы» зорастризмді, оның философиялық, космологиялық ілімдерін пайымдауға арналған жанның мәні туралы Икбалдың айтқан ойларының мәні зор. Ол жан үш бөлікті модельден тұрады деп есептейді: ақыл, жүрек және рух. Жүрек танымның ең жоғарғы құралы ретінде саналады, ол ақыл мен рухты байланыстырады.

Икбалдың Мани мен Маздак туралы айтқан ойлары ерекше. Мани жарық принциптеріне он идеяны, ал қараңғы принциптеріне бес идеяны жатқызады. Маздак болса, осы принциптерді қолдай отырып, Құдай- жаратушы еске сақтау, даму, түсіну қабілеттерімен айырықшаланады дейді. Бұл қабілеттер жеке адамның қасиеттері көрінеді.

Икбал өзінің «Персиялық дуализм» деген еңбегінде бірнеше нақты тұжырымдар жасайды. Парсылардың исламға дейінгі ойлары бірқалыпты, үзіліссіз дамыған. Екіншіден, дүниедегі өмір сүрушілердің бірлік принципі - оның нағыз философиялық негізі. Үшіншіден, универсумның монистік принциптік қозғалу басы зорастризм жақтастарының сұхбаттасынан нәр алады. Төртіншіден, исламға дейінгі парсы ойында пантеистік бағыттар болмаған.

Көне философия ислам тарихындағы ұлы мәдени күш бола тұрса да, грек философиясы мұсылман ойшылдарының дүниетанымын кеңейтсе де, жалпы алғанда, олардың Құран туралы түсініктерін көлегейледі, бұрынғы зерттеушілер құранды грек философиясының негізінде оқыды. Құран рухани мәні жағынан антиклассикалық деп түсіну үшін де оларға 200 жыл керек болды. Икбалға еуропоцентризм ұнамады. Ол оған арабтардың Жерорта маңы елдерін жаулап алуын қарсы қойды. Осының негізінде Еуропалық өркениет дамыған, бірақ қазіргі кезде ол өзінің жасампаздық күшінен айырылды. Икбал Еуропада болған кезінде өзін нағыз мұсылман сезінгенін, ал өз діндестерінің бөлінгендерінен қатты күйзеліске ұшырадым деп жазды.

Икбалдың дүниетанымы қалыптасуында бұрынғы мұсылман ойшылдарының, әсіресе ортағасырлық сопышылдық қалдырған мұра басты орында тұрды. Ол Джамал ал-Дин Румиді(1207-1273) өзінің рухани ұстазы ретінде санады. Икбалдың философиялық жүйесі оның үнді қалаларында 1928-29 жылдары оқылған дәрістер циклы және « Исламдағы діни ойлардың құрылымы» деген атпен шыққан жеке кітабының негізінде жазылған. Өз жүйесінде Икбал мынандай үш идеялық тұғырнаманы келтіреді:

  1. Исламның басқа діни жүйелерінен жорамалдық басымдылығын
  2. Мұсылман ойын соңғы бес ғасырда мойындады
  3. Ислам «құрылымын» сенім рационализациясы бағытында міндетті түрде « ғылым мен сенімнің үйлесіміне» жеткенге дейін тарату керек.

«Дін дегеніміз өте маңызды мәселе, ол тек бір ғана ой, бір ғана іс-әрекект емес, ол адам болмысының көрінісі. Сондықтан философия дінге баға береді, оның бейнелі жиынтығы процесінің негізі боларлықтай күші барын мойындау керек», - дейді Икбал.

Адамдардың алдында тұрған жалғыз жол- құрмет сақтау, тббірақ қазіргі білімдерге тәуелсіз көзқарас білдіре отырып, ислам ілімін осы білімдер қатарында ұғыну керек. Тіпті бұл, осы кезге дейінгі ғалымдардың көзқарасына қарсы болған күнде де, ақиқаттың мистикалық танымынан бас тартқандығы Икбалдың толыққанды философиялық идеяларының мәресі болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Абдух ілімінің негізгі көзқарастарын ашып талдап көрсету
«Араб-исламдық» философиясының пайда болуы
Ислам дініндегі мәзһабтардың тағдыр түсінігі
Ортағасырдағы түркі мұсылмандық дүниетанымының қалыптасуы
Құраниттер
Ежелгі Үнді әдебиеті
Ислам экономикасының негізін және ерекшеліктерін зерттеу
Мухаммад ибн Әли ибн
Ибн Сина және оның еңбектері
Пәкістан тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz