ҚР-дағы салықтық әкімшіліктендіру саласы: проблемалары, даму перспективалары



Салық әкімшілігін жүргізу салық қызметі органдарының салық бақылауын жүзеге асыруы, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушілерге (салық агенттеріне) және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Салықтық бақылау
1. Салықтық бақылау – Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық қызметі органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау.
2. Салықтық бақылау:
1) салықтық тексеру нысанында;
2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚР-дағы салықтық әкімшіліктендіру саласы: проблемалары, даму перспективалары
Салық әкімшілігін жүргізу
Салық әкімшілігін жүргізу салық қызметі органдарының салық бақылауын жүзеге асыруы, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушілерге (салық агенттеріне) және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Салықтық бақылау
1. Салықтық бақылау - Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық қызметі органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау.
2. Салықтық бақылау:
1) салықтық тексеру нысанында;
2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
3. Салықтық бақылаудың осы нысандары шеңберінде:
1) салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;
2) бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуына бақылау;
3) акцизделетін тауарларға бақылау;
4) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;
5) мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына бақылау;
6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функция-ларды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысаны шеңберінде:
1) салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;
2) салықтық нысандарды қабылдау;
3) камералдық бақылау;
4) ірі салық төлеушілердің мониториигі;
5) салықтық зерттеп-қарау жүзеге асыры-лады.
5. Салықтық тексеруді жүргізудің жалпы тәртібі Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Рес-публикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі мен мер-зімінің ерекшеліктері осы Кодексте ай-қындалады.
7. Уәкілетті орган Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтаның нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.
8. Кеден органдары осы Кодекске және Қазақстан Респуб - ли - касының кеден заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде Қазақстан Рес - публикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуімен бай - ланысты салықтық бақылауды жүзеге асырады, мерзімінде орын - далмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және төленуге тиісті салықтар бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

Салық құпиясы
1. Мына мәліметтерді:
1) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) төлеген (аударған) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы туралы;
2) салық төлеушіге есептелген салық сомасынан есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығы сомасының асып кетуін бюджеттен қайтару сомасы туралы;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің сомасы туралы;
4) әрекетсіз салық төлеушілер және соттың заңды күшіне енген үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар деп танылған салық төлеушілер туралы;
5) салық төлеушінің таратылуымен (қызметін тоқтатуымен) байланысты құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш беруі туралы;
6) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) есептелген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы;
7) осы Кодекстің 197-бабына сәйкес қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы немесе тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес салық төлеуші ретінде тіркеудің бар (жоқ) екендігі туралы;
8) салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай тіркеу деректері:
сәйкестендіру нөмірі;
жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы;
салық төлеушіні (салық агентін) тіркеу есебіне қою күні, тіркеу есебінен шығару күні, тіркеу есебінен шығару себебі;
қызметті тоқтата тұруының басталған және аяқталған күні;
салық төлеушінің резиденттігі туралы;
9) салықтық тексеру жоспары туралы мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді, басқа тұлғаға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатынсыз бере алмайды.
3. Салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан мынадай жағдайларда:
1) салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған тұлғалардың осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін, салық агентінің міндеттерін орындауы туралы сауал салу бойынша, олардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде заң бойынша қудалау мақсатында құқық қорғау органдарына;
2) салық төлеушінің салықтық міндеттемесін, осы Кодексте белгіленген тәртіппен салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша салық агентінің міндеттерін айқындау немесе салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілік туралы істерді қарау барысында соттарға;
3) сот санкциясымен, ал заңды күшіне енген сот актілерінің негізінде жазылған атқару құжаттары бойынша соттың санкциясынсыз атқару құжаттарын орындау барысында оның Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде сот орындаушысына береді.
Осындай мәліметтерді беру тәртібін атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп уәкілетті орган белгілейді;
4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға береді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган салық құпиясы болып табылатын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды тұлғалардың тізбесін бекітеді;
5) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға береді.
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;
6) салық тексеруін жүргізуге маман ретінде тартылған тұлғаға;
7) Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға береді;
8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салық есептілігін қамтитын мәліметтер бөлігінде береді.
4. Осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы
Қазақстан Республикасындағы басқарудың билік түрлері және қызметтері
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қазіргі жағдайы
Корпоративтік табыс салығы: алыну механизмі және жетілдіру мәселелері жөнінде
Салықтық әкімшіліктендіру жүйесін талдау
Жергілікті бюджетті басқару тиімділігін арттыру жолдары
Салық жүйесі
Салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру
Қазақстан Республикасының арнайы салық режимдері
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесiнің жалпы сипаттамасы
Пәндер